Аудандық ішкі саясат бөлімі

«Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы 

 

  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №6 «а».
  • Тел./факс: 8-724-32-4-45-24;
  • E-mail:shieli-ovp@mail.ru

Негізгі міндеттер:

1. Ауданның қоғамдық-саяси жағдайларына сараптама мен мониторинг жүргізу,қоғамдық-саяси және діни бірлестіктермен, кәсіподақ ұйымдарымен, саяси партиялармен бірлесе іс-қимылдар жүргізу, қоғамдық байланыстар, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу. Аудан әкімін және әкімиятын ақпараттық-талдау жұмысымен қамтамасыз ету, аудандық бөлімдер мен мекемелердің, кент, ауылдық округтері әкімдерінің ішкі саясат жөніндегі қызметін үйлестіреді. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру. Қазақстан – 2030 стратегиясын жергілікті жерлерде жүргізілуін насихаттау іс-шаралары жұмыстарына кететін шығындары жайлы аудандық бюджет құруда ұсыныстар беру. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді, жастар саясатын жүзеге асырудағы аумақтық бағдарламаларды қаржыландыруды іске асыру.

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Әбдіқадыров Бағдат Нәжмедденұлы

Бөлім басшысы

4-45-24

2

Шәкіртаев Балдаурен Тұрсынбайұлы

Бас маман

4-18-41

3

Назарбаева Гүлшат Әліпбекқызы

Жетекші маман

4-18-41

4

 

Дінтанушы

4-18-41

5

 

Әдістемеші

4-18-41

6

 

Тіркеуші

4-18-41

Шиелі ауданы әкімдігінің

2012 жылғы «27» қараша

№2150 қаулысымен бекітілген 

 

 «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің ережесі 

1. Жалпы ережелер 

1. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында аудан аумағында ішкі саясат жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыру басшылығын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомствосы бар:

1) «Өскен өңір» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 120700, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 6 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері 

14. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Ұлттың тұрақты дамуына, мемлекеттілікті нығайту және Қазақстанның бәсекеге айрықша қабілетті елдердің қатарына енуге, азаматтардың өміршеңдікке қалыптасуына бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді, нәтижелі жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) Қоғамдық байланыстар, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу ;

2) Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру.

16. Функциялары:

1) «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- ауданның қоғамдық-саяси жағдайларына сараптама мен мониторинг жүргізу;

- қоғамдық-саяси және діни бірлестіктер мен кәсіподақ ұйымдары мен саяси партияларымен бірлесе іс-қимылдар жүргізу;

- аудан әкімін ақпараттық-талдау жұмысымен қамтамасыз ету;

- аудандық бөлімдер мен мекемелердің, кент, ауылдық округтері әкімдерінің ішкі саясат жөніндегі қызметін үйлестіреді;

- Қазақстан-2030 стратегиясының жергілікті жерлерде жүргізілуін насихаттау іс-шаралары жұмыстарына кетететін шығындары жайлы аудандық бюджет құруда ұсыныстар беру;

- ішкі саясатты жүзеге асыру үшін нормативті-құқықтық актілерді дайындау жұмыстарына қатысады;

- аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді, жастар саясатын және үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырудағы аумақтық бағдарламаларды қаржыландыра алады.

2) «Өскен өңір» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің функциялары:

- Республиканың, облыстың және ауданның әлеуметтік –экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени-рухани өміріндегі оқиғалары туралы, оқырмандарды қызықтаратын басқа да ақпараттардан тұратын өзекті, шынайы және толық мәліметпен қамтылған қоғамдық-саяси баспа басылымын дайындап, шығару;

- Республикада, облыста және ауданда жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформалардың мәнін түсіндіру;

- Аудандық «Өскен өңір» газеті басылымын сату, жаздыру, жеткізу және мерзімінде тарату;

- Газет бетінде ақылы материалдар мен беттер ұйымдастыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

- Ішкі саясат бағдарламалары бойынша қызмет түрлерін, тауарларды, жұмыс түрлерін мемлекеттік сатып алуға ұйымдастырушы болады;

- Бөлім қызметін жүргізу үшін қажетті мәліметтер хабарламаларды заңнамада көрсетілген уақытында мемлекеттік органдардан, мекемелер мен ұйымдардан сұрастырады және алады;

- Ішкі саясат іс-шаралары мен жұмысын жүргізуге келісім-шарттар жасасады;

- Өз қызметі жайлы ақпарат тарата алады;

- Өз құзыреті шегінде мемлекеттік басқарушы органдардың қарауына мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар бере алады;

- Қолданыстағы заңнамамен берілген басқа да құқықтарды пайдалана алады;

- Бөлім ішкі саясат саласында өз құзыреті шегінде аудандық бөлімдер мен дербес бөлімдердің жұмысын үйлестіре алады. Осы мақсаттарда бөлім аудан әкімдігін ақпараттандыруға, жинақтап, қорыту үшін олардан деректер мен ақпараттар сұрауға және алуға құқылы.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

18. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын (бөлім бастығын) Шиелі ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары (штат бірлігінде қаралмаған) болады.

21. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әріде – бөлім) бірінші басшысының өкілеттігі:

- бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, уәкілетті органға (заңдарда белгіленген жағдайларды қоспағанда) тікелей бағынады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады;

- бірыңғай басшылық принциптерінде қызмет атқарады және Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес бөлімнің қызметі мәселелерін дербес шешеді;

- Бөлімнің қызметін белгіленген тәртіппен:

1) бөлім атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;

2) барлық ұйымдарда бөлімнің мүдделерін білдіреді;

3) бөлімнің мүлкіне, ақшалай қаражатына иелік етеді және олардың сақталуына жауап береді;

4) шарттар жасасады;

5) сенімхаттар береді;

6) бөлімнің іс-шаралар, тағылымдар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкрлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

7) банктік шоттар ашады;

8) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді,

9) бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

10) мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және заңдылық шеңберінде тәртіптік жаза белгілейді;

11) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігінің шеңберін белгілейді;

12) өзіне заңдармен белгіленіп, осы Ережеде және уәкілетті орган жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

13) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

14) «Өскен өңір» газетінің редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әріде – Серіктестік) директорын конкурстық комиссия ұсынысына сәйкес тағайындайды және жұмыстан босатады;

15) Серіктестік директорының ұсынысына сәйкес Серіктестік директорының орынбасарын тағайындайды және жұмыстан босатады;

16) Серіктестіктің есептік жоспарларын бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi 

24. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып 
алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк республикалық/коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

27. «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1106
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6741
Осы айдаОсы айда61259
БарлығыБарлығы567664
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі