Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі

Аудандық  дене  шынықтыру  және  спорт  бөлімі

  •  Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Абай көшесі, №28;
  • Тел/факс: 8 (72432)4-31-64;
  • Электрондық пошта:  E-mail: snkola snieli @mail.ru

«Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы: 

Сапарбай Нарман Құлақметұлы 1981 жылы 13 қаңтарда Қызылорда облысы Шиелі ауданы,Еңбекші ауылында  дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1997 жылдары Қазақ Мемлекеттік дене тәрбиелеу институтына түсіп  2001жылы Қазақ Мемлекеттік спорт және туризм академиясында грек- күресі жаттықтырушысы және дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2001-2002 жылдары Қазақстан Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.

Еңбек жолын 2002-2005 жылдар аралығында Шиелі аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде грек –рим күрес жаттықтырушысы  болып бастаған.

2005-2007 жылдар аралығында Алматы қаласындағы №26 мектепте дене шынықтыру пән мұғалімі болып қызметін атқарған.

2008-2012 жылдары Шиелі ауданы,Еңбекші аулындағы №159 «Еңбекші » қазақ орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2008-2010 жылдары аралығында Шиелі аудандық балалармен жасөспірімдер спорт мектебінде грек –рим күрес жаттықтырушысы қызметін атқарған.

2012 жылдың 17 қаңтарынан бастап аудандық  дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызыметін атқарып келеді.

Отбасылы.

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Сапарбай Нариман Құлақметұлы

Басшы

4-31-64

2

Иманбердиева  Айгүл

Бас маман

4-31-64

«Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

  1. Жалпы ережелер

              1. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдықмемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

              2. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдықмемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы  Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

              3. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  мынадай ведомствосы бар:

              1) «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Шиелі спорт клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

              4. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

              5. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық, органдарында шоттары болады.

              6. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

              7. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

              8. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінен мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  басшысының  бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

              9. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

              10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120600, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Абай көшесі, №28.

«Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен белгіленген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

              11. Мемлекеттік органның толық атауы: «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

              12. Осы Ереже «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  құрылтай құжаты болып табылады.          

              13. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетен жүзеге асырылады.

              14. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   кәсіпкерлік субьектілерімен «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық  қатынастарға түсуге тыйым салынады.

              Егер «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

              15. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді.

              16. Міндеттері:

              1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау;

              2) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

              3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру;

              4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту;

              5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

              17. Функциялары:

              1) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

              2) аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлерi бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткiзедi;

              3) спорт түрлерi бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi;

              4) аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

              5) аудан аумағында аудандық дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

              6) спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді;

              7) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді;

              8) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтiзбесін iске асырады;

              9) аудан аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

              10) аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

              11) аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

              12) ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

              13) дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

              14) аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

              15) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

              18. Құқықтары мен міндеттері:

              1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

              құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

              қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

              2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

              жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

              заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

              қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

              қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті. 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

 19. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  басшылықты «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

20. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

           21. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

2) «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

3) «Шиелі  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде айқындайды;

4) «Шиелі  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін, «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекеменің директорын заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

7) «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

            22. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

             «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

            23. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

              24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шағаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру

және тарату 

             25. «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

             

 

Шиелі ауданында бұқаралық спортты және дене шынықтыру мен жоғарғы спорт шеберлігін  дамыту  бойынша

АҚПАРАТ

Бұқаралық спорт

Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 26,1% пайызды құрады.  Аудан  бойынша шұғылданушылар саны – 21391 адам.

2009 жылдан бастап облыста бұқаралық спортты дамыту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы спорт нұсқаушыларын қаржыландыру тәжірибесі енгізілген болатын. Осы орайда, облыстық бюджеттен осы жылы 12, млн.543 мың теңге бөлініп қазіргі уақытта өз жұмыстарын жасауда.

 Нәтижесінде жалпы білім беру және спорт мектептерінің спорт залдарында оқу үдерісінен тыс уақытта елді мекен тұрғындары бекітілген спорт нұсқаушылары арқылы дене шынықтыру және спортпен шұғылдануда.

Қазіргі таңда ауданда 39 нұсқаушы 22 елді мекенде және кент орталығында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар санын ұлғайтуда.

Ұлттық спорт

Ұлттық және спорт түрлерін насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 3 айында 36 аудандық, 4 облыстық, іс-шара өткізілген.

Оның ішінде көкпардан,тоғызқұмалақтан облыстық жарыс, қазақ күресінен, бокстан, отбасылық жарыстар өткізілді. 

Мүгедектер спорты

Ауданда  мүгедектер спорт түрлері бойынша 4 секцияда 52 спортшы шұғылданады.

2016 жылдың 12 айында аудан бойынша мүгедек спортшылар арасында 11 іс-шара өткізіліп, оған 84 адам қатысты. Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спратакиадада аудан спортшылары жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Жоғарғы спорт шеберлігі

2016 жылдың  12 айында  аудан спортшылары  облыстық жарыстардан 56 алтын,   45 күміс, 71 қола алса, республикалық жарыстардан  14 алтын, 26 күміс, 43 қола, азия біріншілігінен  1 қола,   әлем біріншілігінен 1 күміс,  1 қола  медалдар иеленген. Ұлттық құрама мүшелігіне барлығы – 4 спортшы енген.

Есепті кезеңде 4 спорт шебері, 18 - спорт шеберіне үміткер, 11 - І раязрядты спортшылар дайындалған. 

Ересектер арасында Ресей мемлекеті,Татарстан Республикасында өткен әлем біріншілігінде белбеу күресінен Рантаев Райымбек күміс жүлдегер атанса, ұлттық жекпе –жектен 4 спортшы Алматы қаласында өткен азия біріншілігінде жеңімпаз,жүлдегерлер қатарынан көрінді. Алмалы елді мекеніндегі ескі ғимаратты ыңғайластырылған спорт зал етіп аудандық бюджет ес ебінен қомақты қаржы бөлініп ел игілігіне берілді. Сонымен қатар Бала би елді мекеніндегі балалармен жасөспірімдер спорт мектебінің теңгеріміне ГАЗЕЛ автокөлігі, күрес, таеквондо кілемдері алынып жас жеткіншектердің жаттығыуына жағдай жасалынды.

Алда атқарылатын міндеттер:

2017 жылы бұқаралық спорттың дамуын одан әрі қарай жандандыру, сәуір айында Қазақ күресінен өтетін жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігін өз деңгейінде ұйымдастырып өткізу.

Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жайлы жалпы мәлімет 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 желтоқсандағы №1294 «Жергілікті атқарушы органдардың штаттық санының лимитін және жергілікті мемлекеттік басқару үлгі құрылымын бекітудің кейбір мәселелері туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудан әкімиятының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы «Ауданның басқару құрылымы туралы» №1230 қаулысына сәйкес «Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі» 2006 жылы 1 қаңтарынан бастап құрылды. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесі халықтың дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдануы, ауданда дене шынықтыру және спорт бұқаралығын дамыту саясатын жүзеге асыруға уәкілдік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады. Бөлімді 2013 жылдың 17 қаңтарынан бөлім басшының міндетін атқарушы болып Нариман Сапарбай басқарады. Бөлімде бас маман, жетекші маман және 6 техникалық персоналдар жұмыс атқарады.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін805
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1776
Осы айдаОсы айда41000
БарлығыБарлығы437158
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі