Аудандық білім бөлімі

 Аудандық  білім бөлімі

 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №19;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-14-16;
  • Электрондық пошта:  E-mail:shielyraioo@mail.ru

 

«Шиелі аудандық  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Жақыпов Нұржан Тәліпханұлы 1977 жылы 3 шілдеде Шиелі ауданы Бестам ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1984-1994 жылдары №205 қазақ орта мектебінде орта білім алып шыққан. 1995-1999 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институтын математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1994-1995 жылдары Ленин атындағы ұжымшарда жұмысшы болып бастаған.  

1999-2003 жылдары Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы мектебінде физика пәні мұғалімі.  

2003-2012 жылдары Шиелі кентіндегі №46 А.С.Пушкин атындағы мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.  

2012  -2016 жылдары Бестам ауылдық округінің әкімі қызметі.

2016 жылдын мамыр айынан бастап Шиелі аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.  

Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына жалпы басшылық жасау, ведомствалық бағыныстағы аумақта білім саласында мемлекеттік саясатын жүзеге асыру. Ауданда жалпыға бірдей орта білім беру жұмысын жетілдіру және бала-бақшалардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ықпал ету, білім беру саласында жаңа технологияларды ұдайы енгізіп отыру, ауданда білім саласындағы кадрларды даярлау мен біліктілігін арттыруды жүйелі түрде жүргізу, мектеп бітірушілердің жоғарғы оқу орындарына білім гранты мен несиесі арқылы түсуіне ықпал жасау.

2. Аудандық білім беру мекемелерінің жұмысына басшылық жасау, білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Аудандық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбиелік процестердің білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттарының талаптарына сәйкестендірілуіне бақылау жасау.

3. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

4. Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастырады.

Азаматтарды қабылдауды, олардың ұсыныстарын, арыздары мен шағымдарын қарауды және  олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұйымдастырады.

 

Құрылымы

Ф.И.О.

Занимаемая должность

Рабочий телефон

1

Жақыпов Нұржан Тәліпханұлы

Начальник отдела

4-14-16

2

Баймуратова Жибек Орынбаевна

Заместитель

4-14-24

3

Ергешов Абай Жомартович

Заведующий сектором

4-24-87

4

Биманов Дарын Абдирахманулы

Заведующий сектором

4-32-07

5

Тажибаева Рабига Нарымбайкызы

Главный специалист

4-34-16

6

Бупежанов Талгат Уалиханович

Главный специалист

4-24-87

7

Сыргабаев Канатбек Жолдыбайулы

Главный специалист

4-24-87

8

Ералиева Гүлназ Ералықызы

Бас маман

4-21-80

 

Бөлім бастығы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның жұма күні сағат 09:00-19:00-ге  дейін қабылдайды.

 

Шиелі аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер 

1. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өз саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «№45 « Ақ Орда мектеп - гимназиясы» мемлекеттік мекемесі;

2) «№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

3) «№47 М.В. Ломоносов атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

4) «№48 Ә. Қоңыратбаев атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

5) «№127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

6) «№219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

7) «№244 Ы.Жахаев атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

8) «Г.Н. Ковтунова атындағы №252 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

9) «№40 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

10) «№41 М.Шоқай атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

11) «№49 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

12) «№50 Абай атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

13) «№141 К.Сабиров атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

14) «№142 ХХХ жылдық Қазақстан атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

15) «№148 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

16) «№149 Қызылту» орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

17) «№150 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

18) «№152 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

19) «№153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейі» мемлекеттік мекемесі;

20) «№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

21) «№156 Нартай Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

22) «№157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

23) «№158 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

24) «№159 « Еңбекші қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

25) «№181 жалпы білім беретін қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

26) «№205 қазақ орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

27) «№206 «Жиделіарық орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

28) «№207 « Жаңатұрмыс» орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

29) «№ 214 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

30) «№228 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

31) «№241 Қ.Әбдіқадыров атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

32) «№251 М.Әуезов атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;

33) «№133 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

34) «№154 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

35) «№243 негізгі орталау мектебі» мемлекеттік мекемесі;

36) «№84 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

37) «№151 негізгі мектебі» мемлекеттік мекемесі;

38) «Ақтам» бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі;

39) «Жуантөбе» бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі;

40) «Лесхоз» бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесі;

41) «№4 Шұғыла санаторлық бала бақшасы» мемлекеттік мекемесі.

3. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шиелі ауданы әкімдігімен бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. «Қазақстан Республикасы, 120700, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі 19».

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шиелі аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы:

Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру; білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету; жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу; еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу; өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.

15. Міндеттері:

1) Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның кәсіптік қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім алуына, қажетті жағдайлар туғызу;

2) білім беру ұйымдарының автономдығын, дербестігін кеңейту, демократияландыру және білімді басқаруды орталықсыздандыру;

3) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудіақпараттандыру, халықаралық жаһандық коммуникациялық жүйелерге шығу;

4) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды жүргізу және олардың орта білім алғанға дейінгі оқуын ұйымдастыру;

5) ата-анасыз қалған жасөспірімдерге қамқорлық жасау және қамқорлыққа алуды ұйымдастыру, оларды балалар үйлері мен интернат ұйымдарына орналастыру;

6) аудан мектептерінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оқушылар үшін ыстық және қоғамдық тамақтандыруды қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

7) оқушылар мен тәрбиеленушілер денсаулығын қорғау үшін медициналық мекемелердің қызметін ұйымдастыруға жағдай жасау;

8) аудан көлемінде әдістемелік кабинет арқылы педагог мамандарды қайта даярлауды, олардың біліктіліктерін көтеруді және әдістемелік қамтамасыз етуді жоспарлау және ұйымдастыру;

9) аудан білім ұйымдарының жұмысына тікелей басшылық жасауды жүзеге асыру;


16. Функциялары:

1) «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:

- Білім саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

- өз өкілеттілігі шегінде ауданда мектепке дейінгі, мектеп алды, орта, мектептен тыс қосымша білім беруде, Қазақстан Республикасының заңдарына, білім берудің жалпыға міндетті стандарттарының, оларға берілген лицензияларға сәйкес болуын қадағалау;

- ауданда білім беру ұйымдарының даму бағдарламасын дайындау және білім беруді одан әрі дамытуға сәйкестелген семинарлар және басқа шаралар өткізу;

- жергілікті басқару ұйымдарымен бірлесіп аудан әкімдігінің білім беру саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;

- Облыстық білім департаментіне және аудандық әкімдігінің білім саласының үздік қызметкерлеріне құрметті атақтар беру, Қазақстан Республикасының ордендері, медальдары және басқа марапаттармен марапаттау туралы ұсыныс енгізуге;

- өз құзыреті шегінде меншік нысанына және ведомостволық бағынысына қарамастан ауданның білім беру ұйымдарында оқу- тәрбиелік процестердің білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттарының талаптарына сәйкестендірілуіне мерзімді бақылау жасауды ұйымдастыру және жүргізу;

- білім берудің мемлекеттік басқару жүйесін дамытады және жетілдіреді. Диагностика, талдау және алдын ала болжау негізіне сүйене отырып, құрылымды реттеу жөнінде ұсыныс жасайды. Басқару жүйесінің жағдайы мен лауазымды қызметкердің жұмысын зерттейді. Ауданның білім қызметкерлері мен ведомостволық ұйымдар басшыларының ендірген жаңалықтарын, шығармашылық ізденістерін қолдап отырады. Аудандаға білім мекемелері қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мәселелерімен айналысады;

- ауданда білім беру саласының даму жағдайына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының материалдық - техникалық базасының жағдайына талдау жасайды;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заң талаптарының сақталуын бақылайды;

- педагогикалық қызметкерлерді аттестациядан өткізеді және оларға өз құзыреті шегінде біліктілік разрядтар береді;

- аудан аумағында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Отбасылық тұрпаттағы балалар ауылы мен жастар үйлері», «Неке және отбасы туралы» Заңдары талаптарының сақталуына бақылау жасайды;

- жергілікті басқару органдары мекемелерімен бірлесіп, ақпарат жинауды ұйымдастырады және оларды аудан көлемінде таратады. Ауданда жаңа ақпарат жүйесін құрады. Оның үздіксіз дер кезінде облыстық білім департаменті мен мемлекеттік статистика органдарынажіберілуін қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес білім берудің ведомостволық ұйымдарының қызметін қаржыландыруды іске асырады;

- білім мекемелерінің оқулықтармен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін жүзеге асырады, бағдарламалық - әдістемелік жағының орындалуын бақылайды;

- білім беру нысандарының құрылысын жобалауға және салуға ұсыныс енгізеді, енгізілген ұсыныстарды қарайды, құрылыс жұмыстарына басшылық жасайды;

- ауданның білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңдарының және құқықтық актілерінің сақталуына қатаң бақылау жасайды, қарамағындағы мекемелер мен ұйымдарда құқықтық жұмыстарды жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды;

 

2) ведомстволардың функциялары:

§ Ішкi тәртiп ережелерiн әзiрлеу және бекiту;

§ жұмыстық оқу бағдарламалары мен жұмыстық оқу жоспарларын әзiрлеу және бекiту;

§ егер осы Заңда және қабылдаудың Үлгiлiк ережесiнде өзгеше көзделмесе, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлген лицензияға сәйкес бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң контингентiн қалыптастыру;

§ оқытудың жаңа технологияларын енгiзу;

§ бiлiм алушылардың үлгерiмiн ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестатталуын жүргiзу;

§ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

§ бiлiм беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жарақтандыру мен жабдықтау;

§ бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;

§ білім алушыларға инклюзивті білім беру;

§ мүмкіндігі шектеулі білім алушыларға психологиялық, дәрігерлік кеңес беру, логопедтың, дефектологтың көмегін ұсыну;

§ бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қосымша жеңiлдiк-терматериалдық қамсыздандыру түрлерiнiң уақтылы берiлуiн қамтамасыз ету;

§ денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы мектеп-гимназияға келе алмайтын балалар үшін үйде тегін жеке оқыту ұйымдастыру;

§ қоғамдық өзiн-өзi басқару органдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жәрдемдесу;

§ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлік есепті, статистикалық есепті ұйымдастыру, қаржылық есептiлiктi беруді жүргізу, олардың дұрыстығына жауап беру және тиісті органдарға табыс ету;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік ұйымдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан ақпарат сұрауға;

2) нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысуға, сондай- ақ өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша өз құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер әзірлеуге және бекітуге;

3) ұйымдар құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізуге,

4) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім ұйымдарының мемлекеттік басқару ұйымы болуға;

5)Қазақстан Республикасының заңдарында оған жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

6) жұртшылықпен , басқа мемлекеттік ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс атқаруға;

7) белгіленеген тәртіп бойынша әкімшіліктердің, азаматтардың хаттарын, өтініштерін, арыздарын қарауға. Азаматтардың жеке өтініштері бойынша қабылдау жүргізуге, олардың заңды талаптарын орындауға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен облыстық білім бөлімі басқармасы бастығының келісімімен аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары штаттық бірлігі қаралмаған.

21. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Бөлімнің басқа қызметкерлерінің қызметтік міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) мемлекеттік ұйымдар мен басқа ұйымдардың алдында өз құзыреті шегінде Бөлім мүддесін білдіреді;

3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Заңдарын,Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, жоғары ұйымдардың бұйрықтарын және осы Ережені жүзеге асыру мақсатында барлық білім мекемелері орындауға міндетті бұйрықтар шығарып, шешім қабылдайды. Қажетті жағдайларда басқа бөлімдер мен ведомостволармен бірлескен бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады.

4) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, облыс, аудан әкімиятының келісімімен Бөлімге қарасты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін марапаттайды және оларға әкімшілік жазалар қолданады;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

22. Бірінші басшы өз бағыныстағы қызметкерлердің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім бастығы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Шиелі аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ауданда 41 мектеп (оның 33 орта, 5 негізгі, 3 бастауыш) жұмыс істейді. Олардың 32–і типтік жобада, қалғандары ыңғайластырылған ғимараттарда орналастырылған.                       115 мектепке дейінгі мекеме, 3 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі, Оқушылар үйі және «Сыр ұланы» лагері) бар.

Шиелі аудандық білім бөлімін басқарған азаматтар Н. Еспенбетовтің,- 1939-1945, А. Тұржановтың – 1945-1946, К.Рысдаулетовтің– 1946-19485, А. Бекпенбетовтің– 1948-1953, Есенгелдиев Ертайдың – 1953-1955, Тайманов Дүйсеттің – 1955-1962, 1964-1979. Әйтілеуов Әбсадықтың – 1962-1964, Жағыпар Зермұхамедов 1979-2000,  жасампаз еңбектері мен толағай табыстары кейінгі ұрпақтарға үлгі-өнеге болып келеді.

1936-2016 жылдары аудандық білім бөлімін басқарған азаматтар. 

1. Н. Еспенбетов- 1939-1945

2. А. Тұржанов– 1945-1946

3. К.Рысдаулетов– 1946-19485

4. А. Бекпенбетов– 1948-1953

5.Есенгелдиев Ертай– 1953-1955

6.Тайманов Дүйсет– 1955-1962

7.Әйтілеуов Әбсадық– 1962-1964

8.Тайманов Дүйсет– 1965-1979

9. Зермұхамедов Жағыпар-1979-2000

10. Палымбетова Нәйла-2000-2008

11. Бимағанбетов Арман -2008-2009

12. Сатаев Бегімтай -2009-2010

13. Оңғаров Қалилулла-2010-2011

14. Тәкен Эльмира – 2011-2015

15. Жақыпов Нұржан 2016 жыл 2 маусым

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін806
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1777
Осы айдаОсы айда41001
БарлығыБарлығы437159
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі