Аудандық ауылшаруашылығы бөлімі

 «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті,
  • Т.Рысқұлов көшесі, №6 «а»;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-21-50;
  • Электрондық пошта: E-mail:sx shiely@mail.ru
 

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы  бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Мақаш Мұхамедәлі Ұбайдуллаұлы 1 шілде 1957 жылы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1976 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетіне түсіп 1982 жылы  математик мамандығы бойынша бітірген. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

1982-1983 жылдары аудандық информациялық орталығының инженері болып жұмыс атқарған.

1983-1992 жылдары Шиелі ауданы «Ы. Жахаев» колхозында экономист-статист, бас экономист қызметтерін атқарған.

1992-1995 жылдары «Ы. Жахаев» колхозының бас бухгалтері  қызметін атқарған.

1995-2001 жылдары Аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының экономика жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

2001-2003 жылдары Аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2003-2004 жылдары «Шиелі көркейту» МКК мекемесінің бас есепшісі қызметін атқарған.

2004-2005 жылдары «Салықшы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметін атқарған.

2005-2006 жылдары Аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

2006-2007 жылдары «Ақмая» ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

2007-2008 жылдары Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы қызметін атқарған.

2008-2014 жылдары «Иіркөл» ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.

2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Ауыл шаруашылығы саласында халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету,  өндірісті шикізатпен, нарықтық қатынастардың даму жағдайында аграрлық сектордың экспорттық мүмкіндігін арттыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мал және егін шаруашылығында аудан халқын азық-түлік пен өндірісті шикізатпен қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай мемлекеттік және аумақтық саясатын жүргізу, ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің жаңа технологиялары мен озық тәжірибелерін өндіріске ендіруді жүзеге асырады, аудандық аграрлық секторын дамытудың тұжырымдамаларын жасайды, тұқым шаруашылығының дамуына көмек көрсетеді, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің тиімді пайдалануын үйлестіреді, егін шаруашылығында ауыспалы егіс жүйесін сақтау мен оны жақсарту шараларын, сонымен қатар егіншілікті аяқ сумен қамтамасыз ету шараларын жасайды. Мал шығынын болдырмау және жұқпалы аурудан аман сақтау шараларын жүзеге асырады. Агроөнеркәсіптік секторларға инвестиция тарту жөніндегі жобалардың басым бағыттарын анықтайды және жүзеге асырады. 

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрлымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Мақаш Мұхамедәлі Ұбайдуллаұлы

Бөлім басшысы

8(72432)4-21-50

2

Рахметова Маргарита Сарыбайқызы

Сектор меңгерушісі

8(72432)4-10-17

3

Смаилов Думан Шахмарданович

Жетекші маман

8(72432)4-26-06

4

Жұманқұлов Төребек

Бас маман

8(72432)4-33-63

5

Алыбаев Нұрлан Әбдікәрімұлы

Бас маман

8(72432)4-21-27

6

Абдрахимова Раушан Шакенқызы

Жетекші маман

8(72432)4-33-63

 

Шиелі ауданы әкімдігінің

2015 жылғы «15» желтоқсандағы

№ 679 қаулысымен бекітілген

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»

коммунадық мемлекеттік мекемесінің

Ережесі

Жалпы ережелер

1. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

3. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мелекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Рсепубликасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар ҚР елтаңбалы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мелекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады.

8. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов  көшесі №6 А

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

дүйсенбі мен жұма аралағында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;

жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін.         

Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс.

3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

11. Осы Ереже «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мелекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.  «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Агроөнеркәсіптік кешені салаларының бәсекеге қабілеттілігін сапалы жаңа деңгейге жеткізу мен экономикалық өсуге жәрдемдесу мақсатында агроөнеркәсіптік кешені және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттің аграрлақ саясатын іске асыру.

15. Міндеттері:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

2) ауылдық аумақтарды дамыту, егіншілік, тұқым шаруашылығын реттеу;

16. Функциялары:

1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекетік реттеу туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;

2) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекетік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

4) елді мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерін әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді, мал қорымдарын «биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтіп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;

6) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстық жергілікті атқарушы органына (әкімдігіне) беру;

7) тиісті өңірде  азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстық жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) есептілік ұсыну;

8) ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларын қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

9) «Агоөнеркәсәп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

10) жергілікті мелекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.

11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

құзіреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәріппен олар бойынша жауаптар беруге;

жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге; қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын қызметкерлері болады.

21. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:

1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;

3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;

6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;

7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

9) шарттар жасасады;

10) сенімхаттар береді;

11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;

12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басшы өз қызметкерлерінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

Мемлекеттік органның мүлкі

24. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1126
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6761
Осы айдаОсы айда61279
БарлығыБарлығы567684
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі