Аудандық қаржы бөлімі

Шиелі аудандық  қаржы бөлімі

 

 

  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы Шиелі кенті, С.Сейфуллин көшесі, №69/1;
  • Тел/факс: 8 (72432)4-12-13,  4-28-58, 4-35-79 4-16-12  4-28-52;
  • Электрондық пошта:  E-mail:shieli_fin@mail.ru

 «Шиелі аудандық  қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

 

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы 1981 жылы 28 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі кентінде туылған. Ұлтты қазақ. 1998 жылы Шиелі кентіндегі №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектепті бітіріп, 1998 жылы Қызылорда “Сейхұн” институтына түсіп, 2002 жылы Қызылорда “Сейхұн” Академиясын экономист-финансист мамандығын толық бітіріп шыққан. 2002-2003 жылдары Астана қаласының №5570 әскери бөлімінде әскери борышын борышын өтеген. 2005- 2007 жылдары Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005-2006 жылдары Шиелі аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде нұсқаушы болып бастаған.

2006-2007 жылдары Шиелі аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман.

2007-2013 жылдары осы бөлімде бас маман – бас есепші.

2013 жылдың 2 тамызынан аудан әкімінің №247-Ө өкімімен Шиелі аудандық қаржы бөлімінің басшысының қызметіне тағайындалып, бүгінгі күнге дейін қызмет жасап келеді.

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

1. Бөлім жұмысына басшылық жасау, қаржы мен мемлекеттік коммуналдық меншікті және жекешелендіруді басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау, аудан бюджетінің атқарылуын іске асыру және талдау жасау, аудан бюджетінің атқарылуы жөніндегі есебін заңдылықпен белгіленген мерзімде уәкілетті органдарға тапсыру, түсімдер мен қаржыландарудың жиынтық жоспарын, міндеттемелері мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекіту мен өзгерістер мен толықтырулар енгізу, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне, олардың ведомствалық бағыныстағы міндеттемелерді қабылдауына рұқсаттар беру, өз құзіретінің шегінде коммуналдық меншікке иелік жасау, пайдалану, билік ету, жекешелендіру бағдарламаларын іске асыру. Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасын аударуға және акционерлік қоғамдардың акцияларының мемлекеттік пакеттерде дивидентерді есептеудің дұрыстығына, олардың аудандық бюджетке уақытылы аударылуына мониторинг жасау. Коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі есебін жинау, және мониторингін жүргізу.

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

 

Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы

Басшы

4-12-13

2

Казиева Ильмира Есенжоловна

Сектор меңгерушісі

4-28-58

3

Мейірбек Жолдасбеков

Бас маман-бас есепші

4-35-79

4

Накипова Гулнар Палжігітқызы

Бас маман

4-16-12

5

Нұртаев Абдигали Бойрабаевич

Бас маман

4-16-12

 

       
     

4-16-12

 

  1. Жалпы ережелер 

 1.     «Шиелі аудандық қаржы бөлімі» (бұдан әрі-бөлім) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, бюджеттің атқарылуы функциясын  жүзеге асыратын жергілікті бюджеттердің атқарылу есебін және бюджеттік есебін, коммуналдық меншікті басқаруды жүргізетін Шиелі ауданының әкімдігі уәкілдік берген атқарушы орган болып табылады.

 2.     Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің аудан әкімдігінің және әкімнің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 3.     Бөлім заңды тұлға, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны мемлекеттік мекеме болып табылады

Бөлім мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөр мен мөртаңбаларға, белгіленген үлгідегі бланкілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттарға ие.

4. Бөлім азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.

Бөлімнің, егер оның заңдарға сәйкес  уәкілдігі болса, азаматтық-құқықтық 

  қатынастарда мемлекеттің атынан тарап болып шығуға құқығы бар.      

5.Бөлім өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіпке сәйкес бұйрық түріндегі актілер шығарады. 

6. Бөлімнің шекті штат санын Шиелі ауданының әкімдігі бекітеді.

7. Бөлімнің мекен-жайы: индексі 120700 Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы,    Шиелі ауданы, С.Сейфуллин көшесі №69/1.

8.Бөлімнің толық атауы :

мемлекеттік тілде: «Шиелі аудандық қаржы  бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждения «Шиелийский районный финансовый отдел».

  1. Бөлім құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады. Бөлімнің құрылтай құжаттары-оны құру жөніндегі акті және осы Ереже. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді құрылтайшы жүзеге асырады.
  2. Бөлім қызметін қаржыландыру тек аудандық бюджеттен жүзеге асырылады. Қызметкердің жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспайтын екі демалыс күні бар 5 күндік жұмыс күні болып белгіленеді.
  3. Бөлімге өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

12.Егер бөлімге заң актілерімен кіріс әкелетін іс-шараларды жүргізу құқы берілген болса, онда ондай іс-шарадан алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне бағытталады. 

2. Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері және  құқықтары

 13. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады :

1)Қаржы мен мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару саласында  мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындауға қатысу;

2)аудан бюджетінің атқарылуын іске асыру және талдау жасау, аудан бюджетінің  атқарылуы жөніндегі есебін заңдылықпен белгіленген мерзімде уәкілетті органдарга тапсыру;

3)түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер мен төлемдер    бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекіту және өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

4)   Сыбайлас жемқорлық көріністерімен күресу, олардың орын алуына жол бермеу;

5) аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

6) аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жекешелендіру жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алады;

7) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру жөнінде аудан әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

8) “Мемлекеттік сатып алу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді  баспа  басылымын айқындау жөнінде конкурс өткізеді;

9) аудандық  коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға береді;

10) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

11) ауданның жергілікті атқарушы органы құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

12) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

13) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

14) аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына не акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге беру туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізеді;

15) аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

16) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін  есепке  алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

17) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылау-ды жүзеге асырады;

18) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

19) өзіне  Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

14. Бөлімнің негізгі міндеттері:

1)      Ауданның әлеуметтік – экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыруға қатысу;

2)      мемлекеттік ақша-несие саясаты мен өзара қарым-қатынаста мемлекеттік салық-бюджет және инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу;

3)      аудандық бюджетті қалыптастыруға қатысу және оның атқару процесін жетілдіру;

4)      аудандық бюджеттің атқарылуы және оған талдау жасау;

5)      аудандағы жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, әзірлеуге және коммуналдық меншіктегі мүлікті басқарудың тиімділігін арттыруға, коммуналдық меншік саласында мемлекет мүддесін қорғауға қатысу;

6)      объектілерді сатуды ұйымдастыру, коммуналдық меншікті сату, сатып алу келісім шарттарының талаптарының сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;

7)      коммуналдық меншікті тиімді және мақсатты пайдаланылуына бақылаудың жиынтық есебін және мониторингін жүргізу;

8)      мемлекеттік сатып алу жөніндегі есебін жинау және мониторингін жүргізу;

9)      заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

15. Бөлімнің негізгі міндеттерді іске асыру және функцияларын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен:

1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржыландыру жоспарларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;

3) мыналарға:

-аудандық бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауына;

-бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне бақылауды жүзеге асыруға;

4) құпиялық режимнің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттердің атқару мәселелеріне қатысты құжаттамамен кедергісіз танысуға;

5) бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларды бюджет қаражатын қайтарып алуға және қаржыландыруды тоқтатуға;

6)   коммуналдық меншікті жекешелендіру бағдарламаларын іске асыруға және заңдарға сәйкес коммуналдық меншікті сату жөніндегі сауда – саттықтарды өткізуге;

7) коммуналдық меншік объектілерін сату немесе кепілге беру, жалға, сенімгерлік басқаруға беру кезінде заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасауға және өзара міндеттемелердің талаптары мен сипаттарын айқындауға;

8) өз құзіретінің шегінде акциялары мен үлестері коммуналдық меншіктегі  акционерлік қоғамдар мен шарушылық серіктестердің басқару органдарының қарауына олардың лауазымды тұлғаларының кондидаттураларын енгізуге;

9) өз құзіретінің шегінде коммуналдық меншіктегі жекешелендірілетін объектілерді сату алдындағы дайындауға, сауда саттықты ұйымдастыру мен өткізуге, жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүргізуге, шарттық негізде сарапшы және кеңесші ретінде заңды және жеке тұлғаларды таратуға арналған шығыстарды қаржыландыру үшін қаражат пайдалануға;

10) анықталған тәртіп бұзушылықты жою, келтірген залалды өтеу жөніндегі заңнамада көзделген шараларды қолдануға; анықталған тәртіп бұзу, коммуналдық меншікті талан-таражға салу және өзге де құқық бұзу фактілері бойынша материалды тергеу органдарына жолдауға;

11) заңнамамен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардың тиісті бухгалтерлік және өзге де қаржылық құжаттамаларын және материалдық құндылықтарының іс жүзінде бар болуын тексеруге, сондай-ақ олардың лауазымды тұлғаларынан және басқа қызметкерлерінен тексерістер мен тексерулер жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша жазбаша түсініктер алуға;

12)  белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы және коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалардан қажетті  және өзге де құжаттарды, сондай-ақ коммуналдық меншікті пайдалануға байланысты мәселелер жөнінде ақпараттар сұрауға және алуға;

13) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғалардан жүргізілген мемлекеттік сатып алулар жөнінде ақпарат сұрау және алу, оның ішінде мемлекеттік сыртқы зайымдар және гранттар қаржылары есебінен жүргізілгендері туралы, әкеліп берушілер туралы мәліметтер, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім шарттарында көзделген міндеттерін орындамаған немесе өз  дәрежесінде орындамағандары туралы;

14) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Бөлімнің мүлкі

16. Бөлімнің жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкі бар.

Бөлімнің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен құралады және негізгі қорлар мен айналым қаражатының, сондай-ақ құны бөлім баланысында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

17. Бөлімге берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

18. Бөлім өзіне бекітілген мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

4. Бухгалтерлік құжаттама, есеп саясаты

19. Мемлекеттік мекеме есепті ұйымдастырады, жедел бухгалтерлік есепті, статистикалық есепті, бухгалтерлік  және статистикалық есеп берулерді жүргізеді, олардың дұрыстығын және тиісті органдарға тапсырылуын  қамтамасыз етеді.

20. Бухгалтерлік құжаттама бастапқы құжаттарды,  бухгалтерлік есеп тіркелімдерін, қаржылық есептілікті және есеп саясатын қамтиды.

Бухгалтерлк жазбалар бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.

21. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» №234 Заңының талаптарына сәйкес жүргізіледі. Есеп беру және бақылау Қазақстан Республикасының заңдары мен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

5. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

22. Бөлімді аудан әкімі Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық басқарады.

Бөлім бастығының өз орынбасары болады, оны бастық заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен бостады.

23. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, бөлімге жүктелген  міндеттердің  орындалуына және өзінің функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауапты.

24. Осы мақсатта бөлім бастығы заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзіреті шегінде:

1) Өзінің орынбасарының және бөлімнің құрылымдық бөлімшелерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) өз құзыреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;

3) бөлім актілеріне қол қояды;

4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады,

5) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қолданады;

6) бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасаған әрбір фактісі бойынша дербес жауаптылықта болады;

7) Өз құзыреті шегінде гендерлік теңдік стратегиясын іске асырады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

6. Бөлімді қайта құру мен тарату

25. Бөлімнің қайта құрылуы мен жойылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

26. Жойылған бөлімнің мүлкі заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша қайта бөлінеді. 

«Шиелі аудандық қаржы  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы

Бөлім бастығы жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі күндері сағат 15-00 ден 17-00 ге дейін қабылдайды.

Аудандық қаржы бөлімі  1928 жылы құрылған.

Аудандық қаржы бөлімі жайлы жалпы мәлімет

       Шиелі аудандық қаржы бөлімінің тарихы 1928 жылдан басталды

       Ұлы Отан соғысынан кейін Мәлік Қаюпов, 1968-1973 жылдары Мінуар Зекеев, 1973-1978 жылдары Константин Пак, 1978-1998 жылдары Райымбек Нұртазаев, 1998-2006 жылдары Дүйсенов Еламан аудандық қаржы бөлімін басқарды, Тұңғышбай Жетпісбай 2006-2013 жылдары басқарды  және қазіргі таңда 2013 жылдың тамыз айынан бері Төлегенов Ағыбай Рүстемұлы басқарып келеді.

       Сонымен қатар қаржы бөлімінің  нығаюына ауданымыздың абзал азаматтары Н.Қалеекев, Ш.Сүгірәлиев, М.Сыздықов, А.Гельм, Т.Курьерова, Б.Шамшиева және басқа да көптеген азаматтар үлесін қосқан.

     Алғашқы еңбек жолдарын  аудандық қаржы бөлімінен бастап, қазір шаруашылықтың түрлі салаларында қызметте жүрген Д.Бабашев, Т.Тұматаев, Т.Шығанбаев, С.Ким, А.Ким, Н.Ким, Е,Паришкуро, Ә.Рахметов, М.Шохановтардың есімін мақтанышпен айтуға болады.

     Қазіргі қоғам, жоғары кәсіптілік, біліктілікті ғана емес сонымен қатар жауапкершілік сезімді, саналы орындаушы кадрларды қажет етеді.

      Дәл осы тұрғыдан көрініп жүрген аудандық қаржы бөлімінің бүгінгі қызметкерлері И.Қазиева, А.Төлегенов, Г.Нақыпова,  Ә.Нұртаев, М.Жолдасбеков сияқты мамандар жемісті еңбек етіп жүр.   

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1595
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7230
Осы айдаОсы айда61748
БарлығыБарлығы568153
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі