Шиелі ауданы бойынша кәсіпкерлік саласының дамуы жайлы анықтама

2016 жылдың 9 айында  ауданда шағын кәсіпкерліктің 4337 субъектісі тіркелді. Оның ішінде: 284 заңды тұлға, 3526 жеке кәсіпкер, 527шаруа қожалығы болып табылады.

Индустриялдық - инновациялық дамыту

2016 жылдың1 шілде айына ауданымыздан жобалық құны 374 млн. теңгенің 2 жобасы ұсынылып аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданып, өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді.

Инвестициялық жобалар:

1. 2016 жылдың 22 наурызында іске қосылған жоба жеке кәсіпкер «Ермаханов Сабырдың» бастамасымен 45 млн. теңгенің шұбат өңдеу цехы жобасы қолға алынып, іске қосылды.

2. «KazChinNur» ЖШС-ның (директоры Нишанбаев Шафкат) жобалық құны 150 млн. теңгенің шағылтас және құрылыс бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жобасы. Бүгінгі күнге индустриалды аймақтан 5 га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

3. Шиелі кентінен «Асылхан» шаруа қожалығымен (төрағасы Дүйсебаев Құлмағамбет) жобалық құны 69  млн. теңгенің100 бас мүйізді ірі қараға тауарлы сүт өндіру цехы жобасы. Бүгінгі күнге ғимараты тұрғызылып, шатыры қорасы қораланды.

4.«DANAKE» Корпорациясы» ЖШС-ның (директоры Г.Тұрлыханова)  жобалық құны 29 млрд.340,6 млн. теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасы. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіру. Зауытқа Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 46 га жер телімі (сауда-саттықсыз), жұмысшыларына жатақхана ғимаратын салу үшін 4 га жер телімі табысталды, зауыттың құрылыс жұмыстарына дайындық жүргізілуде.

5. «Бек-транс строй»   ЖШС-ның  (директоры Адырбеков Бексултан Жакыпбекович) жобалық құны 55 млн. теңгені құрайтын  «Құрылыс материалдарын  (шлакоблок, әк тас, полипропиленді қапшық) өндіру» жобасы. Жылдық қуаттылығы: (әк тас- 12 мың тонна, полипропилнди қапшық- 1 млн. шт, шлакоблок-180 мың шт) Бүгінгі күнге 0,4  га жер телімін алу жұмыстары жүргізілуде.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы

2016 жылдың1 шілде айына«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының аясында ауданымыздан 47 млн. 205 мың тенгенің 2 жобасы бағдарлама аясында пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды.

Грантқа 8 жоба ұсынылды.

Оның ішінде 3 жоба 1 млн. 662 мың тенге грант алды. Атап айтсақ: 

1. Дара кәсіпкер Жұматай Қалима Қалмырзақызының «Ұлттық тағамдар өндірісі» 700 мың тенге (талқан, сөк, жент, қауын қақ, қауын құрт) жобасы. (Ортақшыл ауылы)

2.Дара кәсіпкер «Мейрамхан» басшысы Қазыбай Мейрамханның «Құс шаруашылығы жобасы (түйетауық,қаз және үйрек өсіру) 812 мың тенге. (Жаңатұрмыс ауылы)

3. Дара кәсіпкер «Беденқұлова» басшысы Беденқұлова Қаныкүл «Қолөнер бұйымдарын шығару» жобасы  150 мың тенге. (Шиелі кенті)

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 2016 жылдың 6 айында«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІ бағыты аясында аудан бойынша 30 адам 74 200,0 мың теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 56 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

 «Аймақтық инвестициялар орталығы» ЖШС-і: Аймақтық Инвестициялық Орталықтың жанынан құрылған бақылау комисиясына 33 жоба ұсынылып, оның ішінде 12 жоба (82,4 млн теңгені құрайтын) оң нәтижеге ие болып құжаттары әзірленуде.

Шиелі ауданында бизнесті қолдау инфрақұрылымын дамыту мақсатында ауданымызда индустриялық аймақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге аудандық бюджеттен 5,0 млн теңге бөлінген, жобалық сметалық құжаттары (ЖСҚ) жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Индустриялдық аймақтың инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу мақсатында республикалық бюджеттен 217,4 млн теңге бөлінді. Бөлінген қаражат толығымен игеріліп, құрылыс жұмыстары аяқталды.

Шиелі ауданындағы индустриалды аймақ туралы

Бүгінде күнге индустриалды аймаққа «Мия Шиелі» ЖШС-ның бастамасымен жобалық құны 612 млн. теңге құрайтын мия тамырын өңдеу зауытына 5 га жер телімі табысталып, іске қосылды.

 «Тұлпар 2000» ЖШС-ның жобалық құны 354 млн. теңге құрайтын асфальт өндіру зауытының құрылысына 3 га жер телімі, табысталды.

 «Шиелі тас» ЖШС-ның жобалық құны 612 млн. теңге құрайтын силикат кірпіштерін өндіру зауытының құрылысына 3 га жер телімдері табысталды, жер телімдері тегістеліп құрылысқа дайындық жұмыстары және несие алу жұмыстары жүргізілуде.

«Шиелі Жолшы» ЖШС-ның  жобалық құны  124,0 млн. теңге құрайтын темір-бетон өнімдері зауытына индустриалды аймақтан бүгінгі күнге 0,5 га жер телімін алуға  құжаттары рәсімделуде.

«KazChinNur» ЖШС-ның жобалық құны 150 млн. теңгенің темір бетон құрылыс бұйымдарын өндіру зауыты. Бүгінгі күнге индустриалды аймақтан 0,4 га жер телімін алуға құжаттары рәсімделуде.  

Бүгінгі күнге аймаққа «Табиғи тас Қызылорда» ЖШС-ның бастамасымен силикат кірпіш, әк шығару зауытына 20 га жер телімін табыстау жоспарлануда. Бизнес өкілдерін индустриалды аймақ жөнінде хабарландыру мақсатында аудандық «Өскен-өңір газетіне» хабарлама беру, облыстық «Сыр бойы» газетіне хабарлама берілуде.

Ұйымдастырылған шаралар.

Бөлім тарапынан «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС-мен мамыр айында Шиелі кентінде «Шиелі ауданында туризм саласын дамыту» тақырыбында 1 күндік семинар-тренинг өткізіліп, 13 адамға сертификаттар табысталды.

 

 

 

Last modified on Дүйсенбі, 03 Қазан 2016 06:03

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін150
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6935
Осы айдаОсы айда46159
БарлығыБарлығы442317
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі