Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар

 

Шиелі өңірінде дүние есігін ашып, қазақ елінің әдебиеті мен мәдениетіне және экономикалық дамуына үлес қосқан есімдері тарих беттерінде алтын әріппен жазылатын бір туар азаматтар көптеп кездеседі. Соның бірі Шәймерден Бәкірұлы. Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Шәймерден Бәкірұлының туып өскен жері Ботабай елді мекеніндегі №228 орта мектеп ішінен мұражайы ашылды. Ұлықтау шарасына Шәймерден Бәкірұлымен қызметтес болған әріптестері мен үзенгілес достары қатысты. Мұражайдың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Ш. Бәкіровтың өнегелі өмір жолына тоқталып, елге жасаған еңбектерін айтып, жиылған қауымды құттықтады. Шәймерден Бәкірұлы 1930 жылы Тартоғай ауылында дүниеге келіп, ұзақ жылдар бойы бірқатар аудандарды басқарып, жауапты қызметтер атқарған. Өзінің қызмет жолында Сыр өңірінің ауылшаруашылығын дамытуға үлес қосып, егістік жерлерді суландыруға ең қажетті каналдардың қазылуына еңбек етіп,үлес қосқан.


Мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасы Шиелі ауданында тиімді жүзеге асырылуда. Бұл бағытқа аудан әкімдігі жыл өткен сайын қаржыландыру көлемін ұлғайтып, нәтижесінде жастардың патриоттық, рухани сауаттылығын көтеруге бағытталған жұмыстар қарқын алып, көптеп жүргізілуде. Игі шараның бірі бүгін «2019 Ұзынқұдық шекара әскери бөлімінде» өткізілді. Аталған әскери бөлімге мектеп оқушылары мен алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері саяхат жасап, әскери бөлімнің тыныс тіршілігімен танысып, жауынгерлік дайындық жұмыстарының куәсі болды.


Халқымызда жетім-жесірге, тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, сонау атам заманнан қалыптасқан игілікті істердің бірі болып табылған. Бұл үрдіс Шиелі ауданында да жалғасуда. Жалпы ауданы көлемінде бірде бір кіріс көзі жоқ 105 отбасы тіркелген. Көмекке зәру жандарға аудан әкімінің бастамасымен жыл басынан бері көптеген қайырымдылық жұмыстар жүргізіліп, барлығы 4 млн. теңге қаржыға көмек берілген. Бүгін тұрмысы төмен отбасыларды қолдауды жалғастыру мақсатында аудан орталығынан «Әлеуметтік дүкен» ашылды. Аталмыш дүкенге қайырымды жандардың демеушілігімен түскен тұрмыстық заттар мен киім кешек және азық түліктер тұрмысы төмен отбасыларға үйлестірілуде. Сондай-ақ, бүгін әлеуметтік дүкеннің ашылуы барысында 90 отбасыға (әр отбасыға 90 келіден) азық түліктер таратылды.


Жуырда жыл қортындысымен агроөнеркәсіп саласында үздік деп танылған Шиелі ауданы І орынды иеленді. Дән атасы Ыбырай Жақаевтың ізбасалары ала жаздай тер төгіп, гектарынан 59,2 центнерден өнім алды. Барлық егілген 11150 гектар күріштен 59.2 центнерден өнім алынды. Аудан қамбасына Сыр салысының 66008 тоннасы жиналды.Биылғы жылы аудан бойынша 27918 гектарға егін егіліп, өткен жылмен салыстырғанда 1287 гектарға артқан.


Бүгін Шиелі ауданының тумасы драматург, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сұлтанəлі Балғабаевтың 70 жылдық мерейтойы Сыр елінде аталып өткізілді. Алдымен, облыс орталығында "Сұлтанəлі Балғабаев - драматург, жазушы, публицист" атты ғылыми- танымдық конференциясы ұйымдастырылып, Сұлтанәлі Базарбайұлының туып өскен жері Сұлутөбе елді мекенінде өткізілген танымдық кешке ұласты. Кеш барысында аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы сөз алып, Сұлтанəлі ағамызды мерейлі мерекесімен құттықтап, шапан жауып, ат мінгізді.


Соңғы жылдары спорттық балық аулаудан жарыстар өткізу бұқаралық сипат алып, табиғат аясында өтетін сайысқа қатысушылар саны да артып келеді. Жыл басынан бері ауданда жастар мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында балық аулаудан жсайыстар ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі ұйымдастырылған бәсекеге 20 үміткер қатысты. Көл үстінде қаз қатар отырған балықшылар қармақ салып, жекелеген есепте 12 балық ұстаған Дүйсенов Ғалымжан жеңімпаз атанды. Жарыс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табыс етілді.


Ақылына көркі сай, қазақы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтайтын, жүзінде жылуы бар қазақ қызын анықтау мақсатында «Шиелі аруы-2016» байқауы өткізілді. Дәстүрлі түрде өтетін «Шиелі аруы» байқауына әр елді мекеннен екі үміткерден қатысты. Байқауға қатысушылардың тек сырт келбеттері бойынша бақ сынаспай, олардың қабілет-дарыны, тіпті ақыл-парасаттары да есепке алынды. Шара аясында аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов байқауға қатысушы аруларға сәттілік тіледі. Байқау бағдарламасы төрт турдан тұрды: қатысушыларды таныстыру, өз күштерімен ұйымдастырылған көркем концерт, қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарынан сұрақтар қою туры, кешкі көйлектер көрсетілімі. Қазылар алқасының шешімімен «Шиелі аруы» байқауының бас жүлдесін Жанайдарова Алуаға бұйырды.. Бірінші, екінші және үшінші орындар тиісінше Дүйсебаева Аружан, Дүйсенбекқызы Назгүл, Серікбайқызы Ақмаралға бұйырды.


Ы. Жақаевқа 125 жыл Ы. Жақаевтың 125 жылдығына орай «Ақ күріштің атасы» атты танымдық кеш өткізілді. Ұлықтау шарасында сөз алған аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов сөз алып, жиылған қауымға даңқты диқанның өмірі мен еңбегін үлгі қылып, бүгінгі буын өкілдерін бірлікке, ынтымаққа, еңбекке шақырды. Сахна шымылдырығы алдымен диқанның күріш алқабындағы көрінісімен ашылып, ақындар айтысы мен Ы. Жақаевқа арналған өлеңдермен өрнектелді.


Қазақстан жазушылар, журналистер одағының мүшесі, ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының 70 жылдығына орай еске алуға арналған «Отан-деп соқты жүрегі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.Мүшәйра екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушы ақындар Дәулетбек Байдрахмановқа арнау өлең, екінші кезеңде ақынның бір өлеңін жатқа оқыды. Дүбірлі додада өңірімізден жиырмаға жуық ақындары бақ сынасты. Жыр мүшәйрасында сөз алған аудан әкімі Қ. Сәрсенбаев сөз алып Сыр елінің құнарынан өлең боп өркен жайған, қазақтың талантты перзенті боп танылған ақын, журналист Дәулетбек Байдрахманұлының еткен еңбегі мен мағыналы өмірін тілге тиек етіп, еске алуға арналған жыр мүшәйрасына қатысушы ақындарға сәттілік тілеп, ақынның жұбайы Бөкен Әбуқызына шапан жауып, қамзол кигізді. Бас жүлде ақындар арқау еткен тақырып бойынша жүрек жарды арнауы көпшіліктің жүрегіне жол тапқан Қызылорда қаласынан келген ақын Е. Мүхиятдиновке бұйырды. Ал, І орынды Қазалы ауданынан келген Ғ. Кәдірбай, ІІ орын Қ. Көзейбаев, Ғ. Жолтаев, ІІІ орын Б. Жоламан, Г. Оразова иеленді. Сондай-ақ, арнайы сыйлық Н. Бижановқа табысталды. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.


Бүгін Шиелі ауданында «Үлгілі жас отбасылар» байқауы өткізілді.
Отбасы адам баласының діңгегі екені белгілі. Осы бағытта отбасы құндылықтарының болмысы және қоғмдағы рөлі мен алар орнының ерекшеліктері туралы бағыттық жұмыстар атқарылып келуде. Бүгін аудан әкімдігінің қолдауымен өткізілген байқау соның бір дәйегі. Отбасы құндылықтарын ұлықтайтын байқауға 20 жуық жас отбасылар қатысып, бақ сынасты. Өнегелі шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов отбасы қоғамдық құрылымның кіші тобы, алғашқы ұясы, адамның өте маңызды, жауапты жан ұясы екендігін айтып, салт-дәстүрді жаңғыртуды, отбасылық тәрбиенің озық үлгісін көрсетуді көздейтін байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар 5 кезең бойынша ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде ұсынар тәрбиелік мәні зор дәстүрлі өнерлерін ортаға салды. 5 кезеңнен сүрінбей өткен Жүсіповтер отбасы І орынды иеленсе, Ақпановтар отбасы ІІ орын, Әбсұлтановтар отбасы ІІІ орынды иеленді. Жеңімпаз отбасыларға аудан әкімінің дипломы мен ақшалай сыйлықтар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


2016 жылғы 28 қыркүйек күні Шиелі ауданы Төңкеріс елді мекенінде облыстық ішкі саясат басқармасы, "Қызық Орда" шығармашылық топ" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Шиелі аудандық бөлімінің қолдауымен жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, қоғамда тиімді әлеуметтену бағыттарында семинар - тренинг жəне облыстық, жергілікті сала мамандарын тарта отырып қоғамдық қабылдаулар өткізілді2016 жылғы 28 қыркүйек күні Шиелі ауданы Төңкеріс елді мекенінде облыстық ішкі саясат басқармасы, "Қызық Орда" шығармашылық топ" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Шиелі аудандық бөлімінің қолдауымен жастардың көшбасшылық қабілетін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, қоғамда тиімді әлеуметтену бағыттарында семинар - тренинг жəне облыстық, жергілікті сала мамандарын тарта отырып қоғамдық қабылдаулар өткізілді

 

 


Шиелі ауданының қазыналы қарттары көпшілікке саламатты өмір салтын сақтау үлгісін көрсетіп келеді. Мәселен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараларының бірі дойбы ойыны. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы аясында өткізілген аудандық біріншіліке зейнет жасындағы жиырма ардагер бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша І орынды Ә. Тәжібаев ауылының ардагері Нұрмаханов Ахметбек, ІІ орынды Ақмая ауылының ардагері Дәрібаев Сейітқасым, ІІІ орынды Шиелі кентінің ардагері Күлімбет Болат иеленіп, бағалы сыйлықтармен марапатталып, дипломдар табысталды. Ойынға қатысушы барлық ардагерлерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

 

 


Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жастардың азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта бүгін Ел Тәуелсіздігінің 25 жыл мерекесі аясында «Тұғыры биік -Тәуелсіз елдің жастары» атты аудан жастарының дәстүрлі форумы өткізілді. Форум аясында "Жастар және әлеуметтік желілер» және «NEET» санатына жататын жастармен жұмыстақырыптарда секция жұмыстары өткізілді. Айтулы шараға аудан әкімі 
Қ. Сәрсенбаев қатысып, аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясаты бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, форумға қатысушы делегатарды құттықтады. Форум аясында он номинция бойынша бірқатар жастарға аудан әкімінің алғыс хаты мен марапаттары табысталды

 




Бұдан ширек ғасыр бұрын жойқын сынақтарға қарсы шыққан халықтық қозғалыстың арқасында бүгінде еліміз ядролық қарусыз бейбіт өмірдің символына айналды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен тұспа тұс келген Семей полигонының жабылғанынада 25 жыл толып отыр. Бүгін Семей ядролық полигонының жабылуына орай мерекелік шара ұйымдастырылды. Айтулы шара «Тағзым алаңына» гүл шоғын қоюдан басталды. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов сөз алып, құттықтап ядролық полигонда әскери борышын өтеген бірқатар азаматтарға мерекелік медаль тағып, аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті.


Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында ұмыт бола бастаған ұлттық ойын қайта жаңғыртылуда. Жиделі ауылында ұлттық салт-дәстүрді насихаттау, әдет-ғұрыптарды қайта жаңғырту мақсатында алты бақан ойыны өткізілді. «Алты бақан тербелсін Жиделіде» атты ұйымдастырылған шараға 9 ауылдан 30-ға жуық жастар қатысты. Ертедегі ауыл өміріне бас қосқан жастар би билеп, ән салып, әсерлі кештің куәсі болды. Өзінің өнерімен көпшілікті тәнті еткен жүлделілерге сыйлықтар табысталды. Бас жүлде Алғабас ауылы, І орын Төңкеріс, ІІ орын Жиделі, ІІІ орын Жаңатұрмыс, Ә. Тәжібаев ауылдары иеленді.

 

 

 


Биылғы жылдың мерейлі мерекесі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Осы 25 жыл ішінде елімізде ғылым мен техника қарыштап дамып, елдің әлеуетін көтеретін зауыттар мен фабрикалар салынды. Арнайы мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, көптеген ауруханалар мен білім ордалары салынды. Бір ғана Шиелі ауданының өзінде 22 білім ордасы пайдалануға беріліп, көптеген мектептер күрделі жөндеуден өткізілді.

 

 

 


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ауданымызда спорттың 7 түрінен турнир өтті

Шиелі кентінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, кәсіби спортшылар күні қарсаңында спорттың 7 түрінен аудандық турнир өткізілді. Ауқымды шараға аудан көлеміндегі 23 елді мекеннен 1000 жуық спортшы қатысты. Турнирдің ашылу рәсімінде сөз алған аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл меркесіне аясында өткізіліп жатқан турнир қатысушыларын
кәсіби спортшылар күнімен құттықтап, сәттілік тіледі. Турнирге қатысушылар аударыспақ, асық ату, қол добы, арқан тарту, қол күрес, гір тасын көтеру және жүгіру сайыстарынан бақ сынасты.

 


Шиелі ауданында ұлттық ойындар жаңғыртылуда

2016 жылдың 22 сәуір күні сағ. 10:00-де М. Шоқай атындағы орталық алаңда аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қазақтың ұлттық спорт түрлері асық ату және ләңгі тебуден аудандық біріншілік өтті.

Жарысқа аудан әкімінің орынбасары А. Есмаханов, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә. Оспанов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Б. Әбдіқадыров, ауданның білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен оқушылары, кент және ауылдық округ әкімі аппараттары, колледж студенттері қатысты.

Аталған шараның мақсаты – ата-бабамыздан мирас қылып қалдырған салт-дәстүрімізді, ұлттық ойын түрлерін жастар арасында кеңінен насихаттау.

Шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Әбілқасымұлы ашып беріп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Ары қарай сахна төріне индустриалды колледж студенттерінен құралған қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаны» өз нағышына келтіріп биледі. Нартай мектебінің өнерпазы Н. Ақтаевтың орындауында «Нартайдың өсиет термесі» шырқалды.

Жарыстың ережесіне сәйкес қатысушылар сайыс ережесімен танысып, командалар топ-топқа бөлінді. Жарыс соңында үздік шыққан жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.   

 

Last modified on Сейсенбі, 13 Желтоқсан 2016 12:05

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін816
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1787
Осы айдаОсы айда41011
БарлығыБарлығы437169
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі