Ветеринария

Шиелі ауданы бойынша 2017 жылдың 1 тоқсанында атқарылған ветеринариялық

іс-шаралар туралы мәлімет.

Аудан көлеменде «Эпизоотияға қарсы шаралар» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 96 млн  680 мың тенге қаржы бөлініп, 2017 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 26 млн 421 мың теңгесі, яғни 27%  игерілді. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде бекітілген тізім бойынша жұқпалы ауруларға қарсы алдын ала егу мен қан үлгілерін тексерудің жұмыстары 30% орындалды, Барлығы 1 бас МІҚ малы бруцеллез ауруына оң нәтиже беріп, ветеринарлық санитарлық талаптарға сай сойылды.

Сонымен қатар, жұқпалы ауруларға малдардың 23601 қан үлгілері тексерілді. Республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға 12 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы  213950  бас ауыл шаруашылығы малдарына вакцина егілді.

Иесіз қаңғыбас ит, мысықтарды жоюға аудандық бюджеттен бөлінген 2 млн 966 мың тенге қаралған. Жыл басынан осы күнге дейін  341  бас егесіз қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, инсениратор пештерде өртеліп жойылды. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін жалғасады.

Аудан бойынша 1 мал базары, орталық базарда 4 ет сату павильоны, 3 мал сою алаңы, 2 типтік жобадағы мал қорымы (Гигант, Талаптан) жұмыс істеп тұр. Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарына, орталық базардағы ет сату повильондарына, мал өнімдерін сататын сауда нүктелеріне, және 2 жердегі тері қабылдау пункттеріне ветеринариялық бақылау жүргізілуде. Жыл басынан бері 250 бас мүйізді ірі қара, 16 бас жылқы, 230 бас уақ мал, 2- бас түйе 2000 кг балық  сараптамадан өткізілген. Ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру және олардан алынатын өнімдерді өндіру, сою, өткізу, сақтау, сату мен айналысатын  15  шаруа қожалық пен жеке кәсіпкерлерге   ҚР «Ветеринария туралы» Заңында белгіленген тәртіптер мен ҚР АШМ-де бекіткен бұйрықтардың талаптарына сәйкес ветеринариялық-санитариялық қортынды мен есептік нөмірлер берілді.                                                

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары бойынша қазіргі таңда   83 бас МІҚ, 329 бас уақ мал, 12 бас түйе, , 100 шошқа малдары бірдейленіп, компьютерлік базаға енгізілді.

Облыс әкімінің 2016 жылғы 05 мамыр күнгі  №282-ө өкімімен бекітілген  «Ауылшаруашылығы жануарларының ұрлығының  алдын алу жол картасы іс – шара жоспарына» сәйкес, барлық елді мекендерде, шаруа қожалықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, апта сайын мал қозғалысына жергілікті полиция қызметкерлері мен бөлім қызметкерлері арнайы  жоспарға сәйкес рейдтік жұмыстары жасалуда.

Аудан көлемінде тіркелген 5 (бес) – «Сібір жарасы» ошақтары нақтыланып, паспортталды. 2015 жылы аудандық бюджеттен 1 млн 410 мың теңге қаражат бөлініп, барлығы қоршалып, арнайы белгілер қойылды. Бұл ошақтар аудандық ветеринария бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне алынып, бақылауда ұсталуда. «Казгеодезия» АҚ мамандары келіп «Сібір жарасы» ошақтарын топографиялық картаға түсіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жұмыстарға бөлінген 765 мың қаражат игеріліп топографиялық картасы мен тиісті құжаттары жасалынды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы «Аса қауіпті  инфекциялық  аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы №136 бұйрығының І бөлімі 2 тармағын және 4 тармақтың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларын, 6,7,10,12,13 тармақтарына сәйкес Бидайкөл, Шиелі кенті, Ы.Жахаев ауылында орналасқан «Сібір жарасы» ошақтары қоршалып, бетондалды. Бұл жұмыстар кәсіпкерлердің қолдауымен іске асырылды.

Осы бұйрықтың негізінде аудан көлеміндегі қалған 2(екі) «Сібір жарасы» ошағы атап айтқанда, Еңбекші ауылдық округіндегі «Дәуітбай сазы» мен «Ақмылтық» жайлауларындағы ошақтарды қоршап, бетондауға  жоба сметалық құжаттар (ЖСҚ) жасалынып, құрлыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге 12 385,0 мың теңге қаражатты ауданның шұғыл шығындарынан бөлуге ұсыныс хат жолданды.

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 09:11

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1109
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6744
Осы айдаОсы айда61262
БарлығыБарлығы567667
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі