Транспорт

    1. Автомобиль жолдары жайлы:

    Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық, 80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде екі қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарың   124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

    2017 жылға  аудандық бюджеттен Майлытоғай, Бәйгеқұм, Қарғалы, Бидайкөл  ауылдық округтерінің 4,66 шм  ішкі көшелерін жәй және орташа жөндеуге 47 961,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары осы жылдың сууір айында өткізіледі.

    2017 жылға  өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен Бестам,Байсын, Жахаев, Балаби, Тартоғай,  Енбекші, Сұлутөбе, Тәжібаев, Алғабас, Керделі, Ботабай , Ақмая  ауылдары шағын спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 38 052,0 мың теңге, Қодаманов ауылының С.Сейфулин   0,7 шм, Есенов  1,0 шм, Тартоғай ауылының С.Ершохай 1,1 шм  ішкі көшелерін жаяу жүргінші жолдарын салуға  26 335,0 қаржы бөлініп бөлінді.

    Аудандық бюджеттен 2017 жылға Сырдария өзеніндегі қалқымалы өткел  мен екі қалқымалы көпірді, аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының 103 шақырымын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 31453,0 мын теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Шиелі жолшы »ЖШС мекемесі  2017 жылдың 3 айында 1 956,2 мың тенге игерді.

    2. 2Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы:  Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7058,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Осы қаржыға Шиелі кентіндегі 11  (дана) бағдаршамдарды күнтізбелік жыл бойы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарына, 40 дана жаңа жол белгілері орнатуға, 4 дана  жасанды жол кедергісін қою, 8,8 шақырым жол жолақтары көктем, жаз айларында 2 реттен сызу жұмыстары жүргізіледі

     Мемлекеттік сатып алу жеңімпазы «Бағдаршам - Сервис »ЖШС мекемесі  2017 жылдың 3 айында 26,0 мың тенге игерді .

     3. Жолаушылар тасымалы   жайлы:  Ауданда 2017 жылы жолаушылар тасымалымен халыққа қызмет көрсетіп отырған 1  ЖШС, 6 жеке кәсіпкер бар. Жолаушылар тасымалы 27 аудандық,  3 қалааралық, 1 ауданаралық  бағытта жүргізіледі. Оларда 100-ден аса жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер бар. Аудан бойынша барлық елді мекендер толық қоғамдық көлікпен қамтамасыз  етілген. Халыққа аудан орталығынан талапқа сай жабдықталған 1 автостанция қызмет көрсетеді. Сонымен қатар транзиттік маршрут ретінде аудан арқылы Шымкент, Алматы бағыттарына автобустар қатынайды. Барлық бағыттарда автокөлік құралдарының рейс алдында техникалық тексеруден және жүргізушілерді рейс алдында медециналық тексеруден өткізіледі. Қалааралық бағытардың барлығы толық билеттендіру жүйесіне көшкен.  Ауданда жол жүру үшін жолаушылардың ұзақ пайдаланатын жол жүру билеттерін дайындайтын мекеменің болмауы себебінен жолаушыларды билеттендіру жұмысы алдағы уақытта орындалады.

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 12:41

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1662
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2980
Осы айдаОсы айда44265
БарлығыБарлығы492230
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі