Әлеуметтік экономикалық көрсеткіштер

Шиелі ауданының 2017 жылдың 3 айында әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы анықтама

         БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ                                                     

         Аудандық бюджеттің кірісі 2017 жылдың 3 айында  болжамдалған 2 млрд. 578 млн. теңгенің орнына 2 млрд 698 млн. теңгеге немесе 104,6 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 371,5 млн. теңгенің орнына 491,1 млн  млн. теңге болып 132,2  пайызға орындалды. 

Есепті мерзім ішінде аудандық бюджет шығысы 2 млрд. 554 млн. теңгеге немесе 98,9пайызға (болжам 2 млрд. 582 млн.  теңге) игерілді.

         ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ  ЖӘНЕ  КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзімге 5млрд. 549 млн. теңгенің өнімін өндірді, тиісті кезеңге 85,8 пайыз .

Оның ішінде тау кен өндірісі 3 млрд. 608 млн. теңге өткен жылға 86,8 пайыз, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 1 млрд. 448 млн. теңге, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексімен 91,4 пайыз,  2017 жылдың 3 айында  ауданда кәсіпкерліктің 4134 субъектісі тіркелді (2016 жылдыың тиісті кезеңіне 102,2 пайыз). Оның ішінде: 290 заңды тұлға (102,1 пайыз), 3334 жеке кәсіпкер (102,4 пайыз), 510 шаруа қожалығы (100,8 пайыз). Кәсіпкерлік субьектілерінде 7352 адам жұмыспен қамтылған (103,0 пайыз). 

2017 жылы индустриялды инновациялық даму бағдарламасы бойынша  Аймақтық үйлестіру кеңесінің қарауына екі жоба ұсынылды.

1) «Аза Макс Строй» ЖШС-ның «Сэндвич-панель және темір-бетон бұйымдарын өндіру» жобасы. Жоба құны  350 млн. теңге. Жоба толық іске қосылғанда жаңадан 24 адам жұмыспен қамтылады.

2) «Таң LTD» ЖШС-ның «Күрішті егу және құрама-жем өндірісін ұйымдастыру» 397,0 млн. теңге. Жоба толықтай іске қосылғанда 60 адам жұмыспен қамтылады. Іске асырылу мерзімі 2017-2021 жылдар.

Өткен жылы аудандық бюджеттен индустриялық аймаққа табиғи газ кіргізу мақсатында жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 2,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Бүгінгі күні индустриялық аймаққа барлық инфрақұрылым жүйелері толық жеткізіліп, 5 жобаға 16,5 гектар жер телімі табысталды.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2017 жылдың 1 сәуіріне ауылшаруашылығы саласы бойынша 1 млрд.    177 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  103,6  пайызға жетті. 

Есепті мерзімге ірі қара  48590 басты, уақ мал 77269 басты, түйе 1249 басты, жылқы 12432 басты, құс 17432 басты құрап, тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі-қара 9,2 пайызға, уақ мал 1,8 пайызға, жылқы 12,8 пайызға, түйе 2,0  пайызға, құс 13,2 пайызға  өсті.

Тірілей салмақта 1092,2 тонна ет, 3472,4 тонна сүт, 159 мың дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102,7 пайызға, сүт 106,1 пайызға, жұмыртқа 105,3 пайызға орындалды.

2017 жылға «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 263 бас сиыр, 9 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса, Осы күнге дейін 249 бас сиыр, 16 бас бұқа алынып,  3 айда жылдық жоспар 94,6 пайызға орындалған.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 62 бас аналық жылқы, 5 бас айғыр алу жоспарланған. Қожалықтар тарапынан сұраныс түспеуде, түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 125 бас аналық қой, 5 бас қошқар сатып алу жоспарланып, Бүгінгі күнге 288 бас қой, 64 бас қошқар сатып   алынып, жылдық жоспар 230,4  пайызға орындалды.

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС

Есепті мерзімге негізгі қорға барлығы 1 млрд. 968 млн. теңге инвестициялық  қаржы салынды, тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,4 есеге артқан. 

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 249,2 млн. теңгеге жетіп, тиісті кезеңге 2,2 есеге жеткен.

Оның ішінде жалпы ауданы 12681 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 152,2 пайыз.   

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Аудан бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны  36811, жұмыспен қамтылғаны 34955адам, соның ішінде жалдамалы қызметкерлер 19925 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылған халық 15030. Статистикалық мәліметтер бойынша аудан бойынша 1856 адам жұмыссыз. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайыз. Есепті айдың соңына ресми тіркелген жұмыссыздардың саны 308 адам  немесе ресми жұмыссыздық деңгейі  0,8  пайыз.  

2017 жылы аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, бүгінге күнге 182 жаңа жұмыс орындары және 152 жеке кәсіпкер тіркеліп, барлығы 334 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 41,7 пайызға орындалды.

2017 жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына 709 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді. Оның ішінде 35 мүгедек. Жұмыс іздеуші азаматтардың 395-і, яғни 55,7 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқан мүгедектер саны-7адам.

602 жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, аудандық бюджеттен 35 388 мың теңге қаржы бөлінді.Осы мерзімге 185 азамат (8 азамат мүгедек) ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.

«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» 3 рет өткізіліп, 35 жұмыс берушілер қатысып, 104 бос жұмыс орындарын ұсынды. Нәтижесінде 

84 адам тұрақты жұмыстарға, 1 адам жастар тәжірибесіне, 22 адам ақылы қоғамдық жұмысқа жолданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасына қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бірінші бағытының жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту міндеті аясында 250 азаматты (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, В,С дәрежелі автомобиль жүргізушісі, шаштараз және сәндік косметика, тігінші, кәсіби бала күтуші, электрик, дәнекерлеуші) мамандықтар бойынша қысқа мерзімді оқыту және қайта даярлау жоспарланып, 40 млн 473 мың теңге бөлінді.

  Сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелерін еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету мақсатында 75 азаматты даярлау жоспарланып отыр.

Бағдарламаның жаппай кәсіпкерлікті дамыту екінші бағытының міндеті бойынша ағымдағы жылы 202 азаматты «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарлануда. Аталған жоба бойынша ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап Қызылорда облыстық өңірлік кәсіпкерлік палатасы арқылы 44 азамат «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылуда.

Ауылдағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау міндетіаясында 48 адамды шағын несиелендіру жоспарлануда.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында үстіміздегі жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға республикалық бюджеттен 15 132 мың теңге бөлініп, 20 ұйым, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 60 жұмыссыз (1 мүгедек азамат) азамат жолданды.

Жастар практикасынан өткізуге 34020 мың теңге қаржы бөлініп, 42 мемлекеттік мекеме, ұйым, кәсіпорындарға 63 жұмыссыз жастар (1 мүгедек азамат)  мамандықтары бойынша жастар тәжірибесінен өтуге жолданды.

Ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайлы мәлімет

 
 
   

2016 жыл                        1 сәуірге

2017 жыл                    1 сәуірге

%

 

I

Өнеркәсіп өнімін өндіру, млн. теңге 

5908,1

5549,1

85,8

 

1

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

3486,7

3607,6

86,8

 

1.1.

Металл кендерін өндіру

3439,5

3552,5

86,6

 

1.2.

Кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары

47,1

54,1

106,5

 

1.3.

Кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер

0,0

0,9

   
           

2

Өңдеуші өнеркәсібі, млн. теңге

1919,9

1447,8

91,4

 

2.1.

Етті қайта өңдеу, консервілеу және ет өнімдерін өндіру

52,8

13,3

104,8

 

2.2.

Балықты өңдеу

0,9

0,0

   

2.3.

Жемістерді жөне көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

25,0

0,0

   

2.4.

Сүт өнімдерін өндіру

59,0

63,9

114,5

 

2.5.

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін, крахмалдар және крахмал өнімдерін өндіру

757,0

619,3

100,0

 

2.6.

Нан және ұн өнімдерін өндіру

71,2

88,7

118,3

 

2.7.

Жануарларға арналған дайын азықтарды өндіру

2,3

0,0

   

2.8.

Киім өндіру

2,2

0,0

   

2.9.

Жазылған материалдарды басып шығару және жаңғырту

4,5

15,5

4,3есе

 

2.10.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

821,2

561,3

68,3

 

2.11.

Өзгеде металл емес минералдық өнімдерді өндіру

101,7

37,1

46,4

 

2.12.

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

15,3

14,7

158,0

 
           

3

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

391,8

380,5

73,1

 

3.1.

Электр энергиясын өндіру, беру және бөлу

391,8

281,9

53,3

 

3.2.

Газ тәрізді отынды өндіру және бөлу

0,0

98,6

   

3.3.

Бу беру және ауау баптау жүйелері

0,0

0,0

   

4

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы

109,7

113,3

83,4

 

4.1.

Суды жинау, өңдеу және бөлу

100,7

102,5

83,1

 

4.2.

Кәріз жүйесі

2,8

2,9

107,4

 

4.3.

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, қалдықтарды кәдеге жарату

6,1

7,9

124,6

 
           

II

Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, млн.теңге

1135,8

1176,7

103,6

 
           

1

Мал саны

       

1.1

Ірі қара мал

44509

48590

109,2

 

1.2

Қой-ешкі

75901

77269

101,8

 

1.3

Жылқы

11026

12432

112,8

 

1.4

Түйе

1225

1249

102,0

 

1.5

Құс

15401

17432

113,2

 
           

2

Мал шаруашылығының өнімі

       

2.1

Ет (тірілей салмағымен), тн

1063,6

1092,2

102,7

 

2.2

Сүт, тн

3271,7

3472,4

106,1

 

2.3

Жұмыртқа, мың дана

151,0

159,0

105,3

 
           

III

Құрылыс

       

1.

Жеке тұрғын үй құрылысы,жалпы ауданы, шаршы метр

8330,0

12681,0

152,2

 

2.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі, млн теңге

113,2

249,2

2,2 есе

 

3.

Негізгі капиталға салынған инвестиция, млн теңге

820,3

1968,8

2,4 есе

 
           

IV

Тіркелген шағын кәсіпкерліқ субьектілері, барлығы:

4046

4134

102,2

 

1.

 заңды тұлға

284

290

102,1

 

2.

 шаруа кожалықтары

506

510

100,8

 

3.

 жеке кәсіпкерлер

3256

3334

102,4

 

4.

жұмыс істейтін адам саны

7139

7352

103,0

 
           

V

Жұмыспен қамту

       

1.

хабарласқандар саны

586

709

121,0

 

2.

қоғамдық жұмысқа жолдама алғандар

189

185

97,9

 

3.

жұмысқа орналасқандар

371

395

106,5

 

4.

жұмыссыздык мәртебесін алғандар

681

308

45,2

 

5.

ресми жұмыссыздық деңгейі

1,8

0,8

44,4

 
           

V

Бюджет

Болжам

Нақты

   

1.

Жергілікті бюджет кірісі, мың теңге

2578257,0

2697832,3

104,6

 

2.

Оның ішінде: өз кірістері, мың теңге

371500,0

491075,3

132,2

 

3.

Жергілікті бюджет шығысы, мың теңге

2582132,9

2553529,6

98,9

 
           
Last modified on Сейсенбі, 25 Сәуір 2017 05:39

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1121
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6756
Осы айдаОсы айда61274
БарлығыБарлығы567679
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі