Шиелі АІІБ-нің көші-қон полиция бөлімшесімен 2017 жылдың 3 айындағы атқарылған жұмыстары жайлы

Шиелі АІІБ-нің көші-қон полиция бөлімшесімен 2017 жылдың 3-айында атқарылған жұмыстары жайлы

АНЫҚТАМА

 

             Аудан көлемінде қылмыстың алдын алу, оперативтік жағдайды жақсарту мақсатында, заңсыз келген және тұрып жатқан шетел азаматтарын, заңсыз  жолмен жалданып жұмыс істейтіндерді, шетел жұмысшы күшін заңсыз пайдаланушыларды, террористік және экстремистік ұйымдардың мүшелерін, заңсыз миграциялық, контрабандалық, іздеуде жүрген шетел азаматтарын анықтау мақсатында Шиелі АІІБ-нің көші-қон полициясы  қызметкерлерімен 2017-жылдың 3-айында біршама жұмыстар атқарылды.

Аудан көлеміне  алыс және ТМД  елдерінен жеке істерімен 389-адам уақытша тіркеуге алынды.

Талдау жасайтын болсақ  Өзбекстан Республикасынан келген-361, Ресей Федерациясынан-13, Қырғызстан Республикасынан-8, Грузия Республикасынан-1, Азербайжан Республикасынан-4, Қытай Халық Республикасынан-2 азаматтар уақытша тіркеуге алынды.

Шиелі АІІБ-нің КҚПБ-мен жалпы 80-әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың ішінде ҚР-ның азаматтарымен 50-әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, 30-шетел азаматына әкімшілік құқық бұзғаны үшін  шаралар қолданылды.

Нақтылып айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабының 1-бөлігі «ҚР-да тіркеусіз не жеке басты куәландыратын құжатсыз тұру және жеке куәлігінің мерзімі өткен немесе жарамсыз болған» құжаттар бойынша  Қазақстан Республикасының 21-азаматына хаттама толтырылып «ескерту» жасалынды. Аталған баптың 2-бөлігі бойынша ҚР-ның 25-азаматына хаттама толтырылып, жалпы 198537,5  /бір жүз толқсан сегіз мың бес жүз отыз жеті /-теңге бес тиын айыппұл салынып, толық өндірілді.

ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 1-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының 29-азаматына хаттама толтырылып «ескерту» жасалса, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 2-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының 1-азаматына хаттама толтырылып, аудандық соттың шешімімен әкімшілік қамаққа алынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының 4-азаматына хаттама толтырылып, 68070 /алпыс сегіз мың жетпіс/ теңге айыппұл салынды.

Еңбек күшіне шетел азаматтарына рұқсаттар беру, ұзарту, қайтарып алу мақсатында жалпы саны-12 шетел азаматтары еңбек күшіне рұқсат алды. Олардың ішінде 1-айға 1 шетел азаматы сомасы-4538 теңге, 2-айға 7 шетел азаматтары сомасы 63532 теңгені құраса, 3-айға 4 шетел азаматтары сомасы 54456 теңгені құрап отыр. Жалпы сомасы- 122 526 теңге. 

Мемлекеттік борышкерлермен нәпаха төлеуден жалтарушылар бойынша ашылған іздестіру істерінен 2016 жылдан қалдықта қалып 2017 жылға өткен іздестіру ісі жоқ. Жыл басынан мемлекеттік борышкерлер бойынша 1-іздестіру ісі және нәпаха төлеуден жалтарушылар бойынша 2-іздестіру ісі арналып, қазіргі таңда барлық іздеудегілердің мекен-жайлары анықталып өндірістен қысқартылды.

          

Шиелі АІІБ-нің КҚПБ-нің бастығы

полиция капитаны:                                                        Ғ.Оңғарбаев.       

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 04:20

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1126
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6761
Осы айдаОсы айда61279
БарлығыБарлығы567684
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі