Өңірдің инвестициялық мүмкіншіліктері

Ауданда шағын кәсіпкерлік мен өнеркәсіпті дамыту мақсатында «Индустриалды аймақ» ретінде Шиелі кентінің шығыс аймағынан 50 га жер телімі белгіленіп инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 216,8 млн теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым жүргізілді.

Атап айтқанда: электр желісі 6,3 шақырым, көше жарығы, КТПН 400 2 дана, 2,3 шақырым су құбырлары, 2,5 шақырым асфальтталған автокөлік жолы салынды. Аймақта 1 шаршы метр жер телімін сатып алу құны 115 теңге, жалдау құны 0,96 теңгені құрайды.

Бүгінде бұл аймаққа жобалық құны  612 млн теңгенің «Мия Шиелі» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауыты орналасып, іске қосылды. Жалпы 4 жобаға 16 га жер телімдері беріліп, қалған 34 га жер телімдері өндірістік мақсатқа ұсынуға дайын.

Сонымен бірге «Тұлпар 2000» ЖШС-ның жобалық құны 354 млн. теңге құрайтын асфальт өндіру зауытының құрылысына 3 га жер телімі , «Шиелі тас» ЖШС-ның жобалық құны 602 млн. теңге құрайтын силикат кірпіштерін өндіру зауытының құрылысына 3 га жер телімдері,  «Шиелі Жолшы» ЖШС-ның жобалық құны 124,0 млн. теңгені құрайтын темір- бетон бұйымдары шығару зауытына 5 га жер телімі табысталды. 

Last modified on Сәрсенбі, 05 Сәуір 2017 14:32

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1120
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6755
Осы айдаОсы айда61273
БарлығыБарлығы567678
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі