Ауылшаруашылығы

Егін шаруашылығы бойынша       

2017 жылы  Шиелі аудан бойынша:  Орта мерзімдік даму жоспары бойынша 27 609 гектарға егiн егу межеленуде.Жеке-жеке тоқталатын болсақ, оның ішінде: дәндi дақылдар үлесі -  12 177 га, оның ішінде: күріш -  11 000 га, күздік бидай - 1077 га, жаздық бидай  - 100 га құрайды. Мал азығындық дақылдар - 9 899 га, оның ішінде: жаңа жоңышқа  - 3032 га, ескі жоңышқа  -  6 867 га. Мақсары – 1 205 га. Сондай-ақ картоп – 1 050 га, көкөнiс-  1 285 га,  1 993 га бақша дақылдары  егіледі.

  Тұқым: Аудан бойынша биылғы жылдың егісіне –  3 100 тонна күріш тұқымы құйылып,  тұқым себу кондициясына жеткізілді.  Күріш тұқымын жаңалауда: «Төңкеріс-К» тұқым шаруа қожалығы Рессейден 125 тн элита күріш тұқымын алу  үшін Байқоңырмен жұмыс жасалуда. Сонымен қатар  жаздық бидай  -15 тн, мақсары   - 80,5 тн, жоңышқа   - 12,1 тн  тұқымдары себу кондициясына жеткізіліп егілуде.

  Минеральды тыңайтқыш: Аудан бойынша биылғы жылғы егіске 8 538 тонна    минеральды тыңайтқыш қажет: оның ішінде 5205 тн аммоний сульфатынан алынғаны  4550 тн, сонымен қатар 1667 тн карбомидтен 460 тн, 1429 тн аммофостан 300 тн алды және  9 тн селитра, 228 тн байытылған суперфосфатқа сұраныс жасалды.

Мал шаруашылығы саласы бойынша

Аудан бойынша 2017 жылы 1 қаңтарға төрт түлік мал саны: 48686 бас мүйізді ірі қара, 73120 бас қой мен ешкі, 10897 бас жылқы, 1166 бас түйе, 304 бас шошқа, 17616  бас құс өсірілуде.

Ауданда 8 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысса, оның ішінде 5 қой,   1 ірі қара, 2 түйе шарушылығы. 4 шарушылықтың үкіметтен арнайы статусы бар.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 263 бас сиыр, 9 бас асыл тұқымды бұқа  малын сатып алу жоспарланған. Бүгінгі күнге 240 бас МІҚ малы сатып алынды: оның ішінде 226 бас аналық, 14 бас асыл тұқымды бұқа малы.

«Алтын асық»  бағдарламасы бойынша  125 бас аналық қой, 5 бас қошқар сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге  352 бас қой, оның  ішінде аналық 288 бас, 64 қошқар алынды.

«Құлан»  бағдарламасы бойынша  62 бас аналық жылқы, 5 бас айғыр алу жоспарланды.

Ауданда 13 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. Қызылорда қаласындағы «Асыл Тұқым» ЖШС-мен келісім шартқа отырып шаруашылықтағы малдарды қолдан ұрықтандыру үшін ұрық алып жұмыстары жүргізілуде.

Өңдеу саласы бойынша

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін  барлығы 37 шағын цехтар бар. Оның ішінде: егін шаруашылығы күріш ақтау цехы- 23, нан өнімдерін өндіретін наубайханалар – 8, мақсары майын сығу цехы – 1, ет өңдеу шұжық цехы – 1, мал сою цехы – 3, ауыз су өндіретін-1 цех халыққа қызмет етеді. 

2017 жылдан бастап С.Ермаханов шұбат цехының өндіру көлемін 1 тоннаға ұлғайтты және қаймақ-500кг, Айран-1 т, Йогурт-500 л, Құрт-20 кг.

Аудан бойынша типтік жобадағы 2 мал сою пункті жұмыс істейді. Шиелі кентінде кәсіпкер Ә. Шорабаев атындағы және Иіркөл ауылдық округіне қарасты «Маханбет» шаруа қожалығына қарасты. Сонымен қатар Ақмая ауылдық округінде жеке кәсіпкер Ранов Сәрсенбек типтік жобадағы емес  қолдан жасалған мал сою орнында ірі қара малын сойып жұмыс жүргізеді.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша

2017 жылы 094 республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие мен тұрғын үй алу үшін 80 маманға 272 280,0 мың теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні қаржыны игеру мақсатында жұмыстар атқарылуда.  Қаржы игеру сәуір және қазан айлары аралығында жүреді.

Техникалық инспекция саласы бойынша.

2017 жылдың 1 тоқсанында заңды және жеке тұлғаларға 30 (отыз) дана  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рұқсат құжаттар, ауыл шаруашылығы техникаларын мемлекеттік тіркеу, біріңғай автоматтандырылған жүйе бағдарламаларына уақтылы енгізіліп отырады. Көктемгі егін егу жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығын қадағалау жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады. Мемлекеттен бөлінген жеңілдетілген 2275 тонна жанар-жағар май ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне сұраныстарына қарай егілген егіс көлеміне сәйкес бөлініп қазіргі таңда дала жұмыстарына пайдаланылуда.

Last modified on Сәрсенбі, 12 Сәуір 2017 13:15

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1118
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6753
Осы айдаОсы айда61271
БарлығыБарлығы567676
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі