«100 нақты қадам» іс-шаралары орындалуы

Іс-шара

атауы

Орындалу мерзімі

Орындалуы туралы ақпарат

12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ.

 Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

 

Мемлекеттік қызметкерлердің және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында жергілікті баспа беттеріне мақалалар жариялауды ұйымдастыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның басым бағыттары мен міндеттері бойынша қоғамдық пікір қалыптастырушылардың мекеме басшыларының, мәслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар ұйымдары жетекшілері, кәсіпкерлердің, еңбек адамдарының лебіздері аудандық, облыстық басылымдарға жарияланды.

         Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында «Өскен өңір» газетінде мақалаларп жарияланып келеді.

 

Мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытында аудан әкімдігінің ресми сайтына және әлеуметтік желілерге арнайы ақпарат енгізіп отыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

         Қазіргі таңда Шиелі ауданы әкімдігінің ресми www.shieli.gov.kz веб ресурсында «Мемлекеттік қызметтің имиджі» тарауы жұмыс жасауда. Аталмыш тарауда мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру бойынша ақпараттар орналастырылған

13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

 

Мемлекеттік қызметтің жаңа «ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне» сәйкес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бағытында семинарларын өткізу

Ақпан айында

2016 жыл

          ҚР Мемлекеттік Қызмет істері Министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен  2 рет семинар-кеңес, 2 рет жеке қабылдау жүргізілді.  

          2016 жылғы 15 қаңтарда Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты барлық мемлекеттік қызметшілерге «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру мақсатында «дөңгелек үстел» өткізіліп, өзгерістерге сәйкес, 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»№410-V Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің

2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұсыныс пікірлер айтылып, талқыланды. 

          Шиелі ауданы әкімдігі бойынша барлық мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тәртіпті нығайту мен Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» №416-V Заңын, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410-V Заңын қатаң сақтауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы  29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін» орындау жөнінде қатаң тапсырмалар беріліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» мәтінін аудан әкімдігіне және жергілікті мемлекеттік мекемелердегі көпшілікке қол жетімді орындарға орналастыру

Ақпан айында

2016 жыл

         «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің» мәтініаудан әкімдігіне және жергілікті мемлекеттік мекемелердегі көпшілікке қол жетімді орындарға толығымен орналастырылды

 

Сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын болдырмау және алдын алу мақсатында оқу семинарларын өткізу

2016 жылдың

I  жарты жылдығында

          Мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексінің талаптарын жете меңгеру үшін  түрлі форматтағы оқулар өткізу мәселесі бойынша,  2016 жылдың 15 қаңтар күні  «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» мемлекеттік қызметтің жаңа моделін таныстыру» тақырыбында дөнгелек стол ұйымдастырылып өткізілді.

 

Аудан әкімдігінде және барлық мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік ғимараттың ішкі, сыртқы көріністеріне бейне бақылау орнату

Жыл көлемінде

         Аудандық бюджеттен 2 млн. 700 мың теңге бөлінді, маусым айында мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

 

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында өткізілген шаралар туралы аудан әкімдігінің ресми сайтына және әлеуметтік желілерге арнайы ақпарат енгізіп отыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған шаралардың ақпараттандыру жұмыстарын жалғастыру, бұл ретте мекемелердің интернет-ресурсында арнайы тараулардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету қарастырылған.

Осы мақсатта, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау және мемлекеттік органдарда атқарылған жұмыстар жөнінде есепті жария ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайтында (shieli.gov.kz) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» бөлімі тұрақты түрде жұмыс істейді.

30-қадам. Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру.

 

Облыстық, аудандық және Қызылорда қаласы деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІН құру.

Қаңтар 2016 жыл

          Шиелі ауданында жергілікті полиция қызметі құрылып 2016 жылдың 15 қаңтарында облыс әкімінің өкімімен полиция мойоры Төлеуов Досбол Қыдырұлы басшысы болып  тағайындалды. Бүгінгі таңда жергілікті полиция қызметінде 63 қызметкер жұмыс жасауда

 

Жергілікті полиция қызметі басшыларының атқарылған жұмыстарына жайлы есебін тыңдап және жұмысына баға беру

2016 жылдың

I және II жарты жылдығы

          Аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы  Төлеуов Досбол Қыдырұлының 2016 жылдың I жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстары жайлы есебі ағымдағы жылдың шілде айын жоспарлануда

 

Жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторларының жұмысына баға беру мақсатында халық алдында есеп беру кездесулерін ұйымдастыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          Аудандық жергілікті полиция қызметі құрамындағы 30 инспектордың тоқсанына
1 реттен есепті мерзімде 60 рет халық алдында есеп беру кездесулері өткізілді. Учаскелік инспекторлардың халық алдындағы есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан қанағаттанарлық деген баға берілді.

46-қадам. Рұқсат алуды оңтайландыру. ҚҰРЫЛЫСҚА РҰҚСАТ АЛУДЫҢ ҮШ САТЫЛЫ («30-20-10») қағидаты енгізіледі

48-қадам. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫН АНЫҚТАУДЫҢ РЕСУРСТЫҚ ӘДІСІН ЕНГІЗУ

 

Құрылысқа рұқсат алудың үш сатылы («30-20-10») қағидатын енгізу.

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға), жалпы 31-дана шешім берілді

          Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ) және техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың бүкіл нормативтік ұзақтығының мерзімі шегінде қолданылуда.

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама берілді

 

Құрылыстардың сметалық құнын анықтау барысында ресурыстық әдісті енгізуді іске асыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          Құрылыстың сметалық құны бұрындары (Руководящие документы системы Республики Казахстан) РДС РК 8.02-03-2002 бойынша анықталып келсе, қазіргі таңда қолданысқа (Нормы затрат труда на проектные работы Республики Казахстан)НЗТП РК 8.03-01-2016 енгізілген. Қазақстан Республикасында құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі Мемлекеттік нормативті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Төрағасының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 399-НҚ бұйрығы қолданысқа енгізілді.

54-қадам. КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ҮШІН БИЗНЕС-ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫН НЫҒАЙТУ.

 

Аудандағы шағын және орта бизнестің дамуы жолындағы әкімгершілік кедергілерді азайтуға тиісті шаралар қабылдау

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

           Аудандық деңгейде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Шиелі филиалымен  бірлесіп тұрақты жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күнге кәсіпкерлер тарапынан әкімшілік кедергілер бойынша ұсыныстар келген жоқ.

55-қадам. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ШЫҒУЫ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ ТАУАРЛАРЫ ҮШІН ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНЕ ЕҢ КЕМІНДЕ 10 ТРАНСҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯНЫ ТАРТУ.

56-қадам. Экономиканың басым секторларында «зәкірлік инвесторлармен» – халықаралық стратегиялық серіктестермен  бірлескен кәсіпорындар құру.

 

Шиелі ауданында цемент зауытының құрылысын жүргізу

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          «DANEKE Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 29 млрд.340,6 млн теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасы. Жылдық қуаттылығы 1 млн. тонна цемент өндіру. Жаңа жұмыс орнымен 259 адам қамтамасыз етілу жоспарлануда. Іске асырылу мерзімі 2015-2018 жылдар. Шиелі кентінің шығыс бөлігінен 46 га жер телімі (сауда-саттықсыз) табысталды.Ауданымызға Қытай мемлекетінен «GEZNOVA GRUP CO.LTD» компаниясының бас директоры іс-сапармен келіп, аудан басшылығымен және тиісті мекеме басшыларымен кездесу өткізілді. Зауыт жұмысшыларына жатақхана ғимаратын салу үшін 4 га жер телімі табысталды, зауыттың құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың сәуір айында бастау жоспарланған.

62-қадам. Экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНДАР» БЕЛСЕНДІЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ.

 

«Ұлттық чемпиондар» белсендігін жүзеге асыру мақсатында экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көш басшы компанияларын қолдау шараларын үйлестіру

Ақпан

2016 жыл

        «Ұлттық чемпиондар» жобасына аудан бойынша «КНК Кемикал» ЖШС-і өтінімі облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасына жолданды. Қазіргі таңға «Бәйтерек» Ұлттық акционерлік қорының қарауында.

79-қадам. Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу.

 

Білім беру жүйесінде - жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу мақсатында оқулықтар мен оқу әдістемелік көмектер көрсету

Қаңтар-Тамыз

2016 жыл

        Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің сандық- сапалық құрамы анықталып, кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілуде. 1 сыныптан ағылшын тілі пәні барлық мектептерде енгізіліп, жүргізілуде. Мектеп – лицей, мектеп – гимназияда 3,5 сағат үйірменің 3 сағаты ағылшын тілін меңгеруге арналып отыр. MAСMILLAN баспасынан шыққан оқулықтар мен жұмыс дәптерлері қолданылуда. №45 мектеп – гимназияда «Ерте жастан ағылшын тілін оқыту» эксперименті ұйымдастырылып, 2 сыныптан ағылшын тілін оқыту жұмысы, АҚШ – тан еріктілер алдыру үрдісі болған. Оның алғашқы түлектері 2013-2014 оқу жылы мектеп бітірді.  Ауданда ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің бірлестігі құрылып, жұмыс жасауда. Ағылшын тілді мамандардың  шет елдерде кәсіби біліктілігін арттыруға жұмыс жасалуда.
2012-2013 оқу жылында 1 оқушы АҚШ – та білім алып келсе, 2015-2016 оқу жылында 1 оқушы ағылшын тілінен Республикалық олимпиадаға қатысып, сертификат иеленді. Инновациялық білім беру ұйымдарын шетелдік маманмен қамтуға сұраныс берілді.

84-қадам. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ. Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.

 

Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға берілетін «Өрлеу» жобасының талаптары туралы халыққа түсіндірме мақалаларын жариялау

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

        «Өрлеу» бағдарламасының талаптары туралы бөлімнің 8 ассистенті мен
1 консультанты  12 ауылдық округте  халық арасында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күнге 159 азаматпен әңгімелесу жүргізіліп, құжаттар толтырылды.

 

Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілуін ұйымдастыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

           2015 жылы   атаулы әлеуметтік көмек төленген  24 отбасының 140 адамының ішінен 
2016 жылдың 1 тоқсанында 9 отбасының 
50 адамы «Өрлеу» бағдарламасына қатыстырылды. Ал өтініш берген 1 отбасына 32,6 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.  2015 жылдың осы мезгілімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны  8 отбасының 49 мүшесіне  немесе  329,0 мың теңгеге азайған.

 

Жергіліті өкілетті органмен бекітілетін «Атаулы әлеуметтік көмекке зәру азаматтардың тізбесін нақтылау, мөлшерін белгілеу» Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныстар беру

Қаңтар 2016 жыл

          Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген                          1 отбасына 2016 жылдың 1 тоқсанына                  32,7 мың теңге тағайындалып, төленді. 
2016 жылдың 2 тоқсанына атаулы әлеуметтік көмекке өтініш бергендер болған жоқ.

       «Өрлеу» бағдарламасы аясында                2016 жылдың 17 маусымына 32 отбасының
208 адамына 3846,3 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалды.  Оның ішінде Республикалық бюджеттен 2959,7 мың теңге, жергілікті бюджеттен 886,6мың теңге. Осы қаржыдан бүгінгі күнге  барлығы 2576,1 мың теңге төленді, оның ішінде Республикалық бюджеттен 1881,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 695,1 мың теңге.

         Өрлеу жобасына қатысушы
32 отбасындағы жұмысқа жарамды                                43 азаматтың 19-і тұрақты жұмысқа,                  19-ы ақылы қоғамдық жұмысқа, 5-і әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды.

87-қадам. Азаматтық біртектілікті нығайтудың «МЕНІҢ ЕЛІМ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру, оның аясында технологиялық жобалар серияларын іске асыру

 

Азаматтық тектіліктің нығайтудың «Менім елім» ұлттық жобасын әзірлеу барысында «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру үшін қажетті мәліметті ұсыну

Наурыз  2016 жыл

         Азаматтық тектіліктің нығайтудың «Менім елім» ұлттық жобасын әзірлеу барысында «Қазақстан энциклопедиясы» кең көлемді интернет жобасын құру үшін облыстық мәдениет және мұрағаттар басқармасына 2016 жылғы
31 наурыздағы №471 ұсыныс хат жолданды

88-қадам. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, ол «НҰРЛЫ ЖОЛ» инфрақұрылымдық даму, ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУДЫҢ екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қазақстандықтардың (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ЕҢБЕК ҚОҒАМЫ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУГЕ, индустрияландырудың және «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттауға бағытталады.

 

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, индусриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген Шиелі ауданының (біздің заманымыздың батырларының) табыстарының дербес тарихын ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдылығын насихаттау

2016 жылдың

I және II жарты жылдығы

         Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму, индустриаландырудың екінші бесжылдығы бағдарламаларын, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік саясаттың арқасында еңбек, кәсіпкерлік, ғылым мен білім және басқа да кәсіптік қызметтерде жоғары нәтижелерге қол жеткізген аудан азаматтарын аудан азаматтары туралы танымдық материалдар жергілікті басылымдарда жарық көруде.

Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясат талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымалдығын насихаттау мақсатында арнайы медиа жоспар аясында жыл басынан бері жергілікті басылым беттерінде жеті мақала жарыққа шықты.

90-қадам. Бес институттық реформаны, сондай-ақ, БАҚ-тағы, интернеттегі, бұқаралық ақпараттың жаңа буындарындағы, сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қазақстандық біртектілік идеяларын жүзеге асыруды АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТУ ЖӘНЕ ІЛГЕРІЛЕТУ.

 

Бес институттық реформаны және қазақстандық бір тектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспарын бекіту

Қаңтар-Желтоқсан

2016 жыл

         Бес институттық реформаны және қазақстандық бір тектілік идеяларын жүзеге асыруды ақпараттық сүйемелдеу мақсатында  аудандық медиа жоспар әзірленіп, бекітілді. Бекітілген медиа жоспар аясында жыл басынан бері отыз, ал бүгінгі күнге дейін екі жүзеге жуық мақалалар жарыққа шықты.

91-қадам. Мониторингтің, бағалау мен бақылаудың стандартталған және азайтылған ресімдері аясында МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДАН НАҚТЫ НӘТИЖЕЛЕР БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУҒА КӨШУ.

92-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЫҚШАМ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ.

 

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасының түпкілікті нәтижеге жетуін бақылау және жыл қорытындысымен мониторинг жүргізу. Сонымен қатар, 2016 жылғы облыстық меморандумда қарастырылған жергілікті атқарушы орган басшыларының жауапкершілігін арттыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламсы негізінде
2016 жылға облыстық деңгейде жасалынған
11 индикатордың аудандық деңгейге қатысты
9 индикатордың орындалуы жөнінде ақпарат айма-ай облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынылып отыр. 

 

Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасының негізгі индикаторларына, мақсат, міндеттеріне, іс шараларына мониторинг және бағалау жүргізе отырып қайта қалыптастыру

Жыл көлемінде

          Қызылорда облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын негізгізінде салалық басқармалармен келісім алынып Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға арналған  даму бағдарламасы Шиелі ауданы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №48/4 шешімімен бекітілді.  Бағдарламада 6 бағыт бойынша (экономика, әлеуметтік сала,  қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп, инфрақұрылым, ауылдық аумақтарды дамыту мен экология және жер ресурстары, мемлекеттік қызметтер) 96нәтиже көрсеткіштері қамтылып, орындалуы айма-ай бақылауда. Жыл көлеміндегі мониторинг және бағалау нәтижесімен жылтоқсан айында өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарлануда.

94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу.

96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету.

 

Интернет ресурстарына орналастыру:

Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есепті орналастыру

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

          Қазіргі таңда «Ашық үкіметті» енгізу жұмыстары облыстық деңгейде жүргізіліп жатыр. data.egov.kz ашық деректер порталында «Ашық бюджеттер egov.kz» тарауы іске қосылған. Мұнда облыстық бюджет бойынша барлық ақпарат орналасатын болады. Ашық деректер порталында мәліметтер орналастыру үшін жауапты қызметкерге есептік жазба ашылған. Қазіргі таңда аудан бойынша деректерді енгізу мен өзектендіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу.

97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру.

 

Өңірдің даму бағдарламасы және стратегиялық жоспардың жетістікке жету көрсеткіштері бойынша халық алдында жыл сайынға кездесулерін ұйымдастыру

2016 жылдың

I тоқсаны

          Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарға есеп беру кездесулері 2016 жылдың 14 қаңтары мен 3 ақпан аралығында өткізілді.

Ағымдағы жылы 23 есепті кездесулер өткізіліп, оған 3705 тұрғын қатысқан. Тұрғындар алдындағы есепті кездесулер барысында 73 тұрғын шығып сөз алып, өз ұсыныс-пікірлерін айтып өтті.2016 жылғы Аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесулерінің қорытындысымен ұсыныс пікірлер тізбесі жинақталып, 73 тапсырма нақтыланды.

          Оның ішінде: мал ұрлығы-6, учаскелік полиция инспекторына қызметтік көлік, үй немесе штат бөлу жөнінде-4, учаскелік полиция инспекторының жұмысына қанағаттанбау-2, жұмысқа орналастыру мәселесі-4, шағын несие алу мәселесі-4, денсаулық сақтау сала қызметкерлеріне шағымы-4, қала аралық көлік бағытын өзгерту-1, мал өткелі жайлы-2, каналдар мен қашыртқыларды тазалау-6, ауыз су мен аяқ су мәселесі-5, жер мәселесі-2, жолдарды жөндеу және салу-14, әлеуметтік нысан құрылысы-6, елді мекендерді электр жарығы және байланыстарымен қамтамасыз ету-4, ауылдық округ атауын өзгерту немесе ғимаратқа есім беру туралы-4, басқа да-5 сұрақ көтерілді.

          Өткізілген кездесулер бойынша жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде ақпараттық материалдар жарық көрді.

          Барлық ауылдық округтерде және кент әкімі есебінде тұрғындар арасынан бүгінгі күнге дейін қойылған жәшіктерге сын-пікірлер түскен жоқ.

 

Жергілікті өзін-өзін басқару жүйесінің бірінші кезеңін жүзеге асыру бағытында мемлекеттік органдардың шешім қабылдау барысында азаматтарды кеңінен қатыстыру

2016-2017 жылдың

I және II жарты жылдығының

кейінгі айының

15 жұлдызына

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының
2001 жылғы 23 қаңтардағы  №148 Заңы және «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысы негізінде аудандық мәслихаттың  шешімімен Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысушы азаматтардың саны бекітілді.

Осы шешімге сәйкес, кент және ауылдық округтерде жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін  көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын бекіту үшін 23 рет жиын өткізіліп, 539 азамат  сайланды.

Сайланған азаматтардың қатысуымен
2015 жылы кент және ауылдық округтерде 73 рет қоғамдастық жиналыстары өткізілді. 2016 жылы
1 маусымға кент және ауылдық округ әкімдері қоғамдастық мүшелерімен 23 рет жиын, 76 рет қоғамдастық жиналыстарын өткізді.

98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді.

 

Кент және ауылдық округтерде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін (жер, көлік, мүлік салықтары) енгізу

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына дейін

Шиелі ауданы бойынша кент және ауылдық округтердегі жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруды одан әрі жетілдіру және ұлғайту мақсатында көлік, жер, мүлік салығын төлейтін жеке тұлғалардың, табыс салығын төлейтін кәсіпкерлердің тізімі нақтыланып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарына трансферттер беру қағидаларын бекіту туралы №195 бұйрығына сәйкес,  кент және ауылдық округтер бөлінісінде салық төлеушілер тізбесі аудандық қаржы бөлімінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы №174 бұйрығымен бекітіліп,  Шиелі ауданы әкімдігінің 2015 жыл 31 желтоқсандағы №698 қаулысымен  2016 жылға арналған аудандық бюджеттің шығысында 4 салық түрі  бойынша 54 млн теңгені трансферттер ретінде беру жоспарланды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 35-бабына өзгерістер енгізілуіне сәйкес  қосымша 2 салық түрін алдағы кезде трансферт ретінде беру қарастырылуда.

2016 жылдың 1 маусымына кент және ауылдық округтердің жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақша бақылау шотына 3369 мың теңге түсіп, оның 1492 мың теңгесі игерілді.

99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту.

 

Стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын аудан әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық кеңестерде талқылау

Тоқсан сайын, тоқсаннан кейінгі айдың

15  жұлдызына

Шиелі ауданы бойынша құрылған қоғамдық кеңес қызметіндегі Шиелі ауданында қоғамдық кеңес 2016 жылдың 11 ақпанында аудандық мәслихаттың №50/4 шешімімен құрылған. Құрамында әр саладан қамтылған 15 мүшесі бар.

Қоғамдық кеңес құрамында әр саладан қамтылған 15 мүшесі бар. Құрамына қоғамдық пікір қалыптастырушылар, мекеме басшылары, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар ұйымдарының жетекшілері, кәсіпкерлер мен еңбек адамдары, білім беру мекемелерінің басшылары және мемлекеттік қызметкерлер енгізілген.

Аудан бойынша құрылған қоғамдық кеңес қызметі туралы мақалалары және кеңес төрағасымен мүшелерінің сұхбаттары аудандық «Өскен-өңір» газетіне жарияланып келеді.

         Жалпы, Қоғамдық кеңестер мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру және қоғам мүддесін қорғауға бағытталған азаматтық бастамаларды іске асыру, сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және оларды шешу мақсатында құрылған консультативті-кеңесші орган болып табылады. Бұл жөнінде жергілікті тұрғындарға кеңінен түсіндіріліп, Кеңестің
5 отырысы өткізіліп, отырыстарда ауданға қатысты бірқатарөзекті мәселелер талқыланды.

 

Last modified on Сәрсенбі, 13 Шілде 2016 05:33

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1124
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6759
Осы айдаОсы айда61277
БарлығыБарлығы567682
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі