Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін еліміздің шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Кездесуге белгілі жазушылар Бексұлтан Нұржекеев, Дулат Исабеков және Смағұл Елубаев қатысты. Елбасы ел-жұрт пен бүкіл қоғам өмірінде өнердің, шығармашылықтың маңызды орын алатынын айта келіп, шығармашылық зиялы қауым өкілдеріне сәттілік тіледі, сондай-ақ оларға ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Әңгіме барысында ел өмірінің мәдени-гуманитарлық саласымен қатар, қоғамдық-саяси саладағы кең ауқымды мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, латын әліпбиіне көшу, демографиялық ахуал, көші-қон саясаты, үш тілде білім беру жүйесін енгізу, тағы да басқа мәселелер қамтылды.

Қазақстан Президенті өзінің таяуда жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының кейбір бағыты мен басымдықтарына тоқталды.

Тәуелсіздік жылдарында іске асырылған ірі шығармашылық жобалардың маңызды мәселелері талқыланды. Мәселен, Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер мен нысандарды қалпына келтіруге септігін тигізген «Мәдени мұра» бағдарламасы, сондай-ақ әлемнің жетекші архивтерінен еліміздің тарихына қатысты құжаттарды жүйелі түрде жинақтап, талдау жүргізуге мүмкіндік берген «Халық тарих толқынында» бағдарламасы әңгімеге арқау болды.

Нұрсұлтан Назарбаев туған жерге деген сүйіспеншіліктен бастау алатын патриотизм тақырыбын жандандыру қажеттігіне назар аударды.

Соңында Мемлекет басшысы рухани жаңғыру жөніндегі қазақстандықтар алдында тұрған міндеттердің маңызы зор екеніне тоқталып, елді дамыту үшін оларды жүзеге асырудың өзектілігін атап өтті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Елбасының шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуінен арнайы шығарылымды «Хабар 24» арнасынан бүгін сағат 21.30-да көре аласыздар.

дереккөз: 24.kz


Басқа да жаңалықтар:

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1588
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7223
Осы айдаОсы айда61741
БарлығыБарлығы568146
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі