ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. «Біз түрікмен халқын бағалаймыз және біз үшін ең жақын көрші, әріптес әрі бауырлас ел деп санаймыз. Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде бір-бірімізге өзара түсіністікпен қарап келеміз, осы күнге дейін біздің елдер арасында ешқандай шешілмеген мәселелер болған емес. Сыртқы саясатта әріптестік жасап, халықаралық деңгейде Түрікменстанның бастамаларын қолдап келеміз. Түрікменстан болса, біздің бастамаларымызға қолдау көрсетуде», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстаннан Түрікменстан арқылы Иранға апаратын теміржол құрылысы Қазақстан мен Түрікменстанның бірлескен ірі жобаларының біріне айналғанын да атап өтті.

«Қазір бұл Жібек жолы бағдары, ол жайында 15 мамырда Пекинде өтетін «Бір белдеу – бір жол» атты үлкен форумда сөз қозғалмақ, ол ең маңызды бағдарлардың бірі ретінде қарастырылмақ және біздің міндетіміз – оны ауқымды етіп толтыру, бұл негізгі сәттердің бірі ғана, барлық қалған мәселелер бойынша құжаттар әзірленіп, оларға біз, үкімет, бизнес саласы қол қою үстінде. Әлемдік экономика мен саясаттағы осынау күрделі кезеңде Сіздің сапарыңызды екіжақты қарым-қатынастар үшін аса маңызды ету қажет», - деді Н. Назарбаев.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 12 ақпанда Гурбангулы Бердымұхамедов үшінші мерзімге республика президенті болып қайта сайланған болатын. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Г. Бердымұхамедовты Түрікменстан Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Қазақстанға сапармен шақырды. Биыл елдер дипломатиялық қарым-қатынастар орнауының 25 жылдығын атап өтуде.

дереккөз:24.kz


Басқа да жаңалықтар:

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін141
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6926
Осы айдаОсы айда46150
БарлығыБарлығы442308
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі