Әлеуметтік қамсыздандыру

Шиелі ауданында 2017 жылдың 01 сәуіріне мүгедектер 2567 оның ішінде I топтағы-191, ІІ топтағы -901,    III топтағы- 943, 16 жасқа дейінгі-532 мүгедек балалар тіркелген.Мүгедектерді оңалтуға, оларға әлеуметтік қолдау көрсетуге облыстық бюджет есебінен таяқтармен, балдақтармен, тифло және сурдоқұралдармен, протезді-ортопедиялық көмек түрлерімен қамтамасыз етілуде. 2017 жылға қимылында қиындығы бар 117 бірінші топтағы   мүгедектер 114 жеке көмекшілермен қамтылса, 18 естуі төмен мүгедектерге 3 ымдау тілі мамандарының қызметтері көрсетілді. 348 мұқтаж мүгедектер міндетті гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілді. Мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 1 сурдо-техникалық құралдар (есту аппараты, ұялы телефон, саңыраулар сағаты, бейнекомпьютер),   11 жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), 5 протез-ортопедиялық құралдар (протездер, таяқ, балдақ, жетек арба таратылды. Үйде оқытылып, тәрбиеленетін 119 мүгедек балаларға 2461,0 мың теңге материалдық көмек төленді. Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін 124 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін 184 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.  Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 30 жіберілсе, оның 20–і мүгедектер. Аудан бойынша  7 мүгедек тұрақты жұмысқа орналастырылды.

 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл ардагерлеріне бір жолғы көмекке  облыстық бюджеттен 670 адамға 45290,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және тылда қажырлы және мінсіз әскери қызметі үшін марапатталған 374 адамға 15019,0 мың теңге қаралып, 41 адамға 2790,2 мың теңге қаржы жаратылды. Сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын және лейкозбен ауыратын 71 адамға облыстық бюджеттен 18864,0 мың теңге қаралып, 81 адамға 4560,7 мың теңге  және лейкозбен ауыратын  4 балаға 207,0 мың теңге материалдық көмек төленді. ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен марапатталған, «Халық Қаһарманы» және ҚР-ның басқа құрметті атағына ие болған 5 азаматқа     259,0 мың теңге бюджетте қаралған.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті  көрсетуге жергілікті бюджеттен 5040,0 мың. теңге қаражат қаралды.. 2017 жылдың 01 сәуіріне атаулы әлеуметтік көмек  2 отбасының 13 мүшесіне 76,48 мың теңге тағайындалып, төленді. 

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы.  2017 жылға аудан бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеуге жергілікті бюджеттен 162534,0 мың теңге қаражат қаралды. 2017 жылдың 01 сәуіріне 1893 отбасына            5813 баласына 41117,6 мың теңге балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.

Тұрғын үй көмегі.  Аудан  бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға  тұрғын үй көмегін көрсетуге 16955,0 мың теңге қаражат қаралды. 2017 жылдың 01 сәуіріне395 отбасына 2167 мүшесіне 6969,1 мың теңге тұрғын үй көмек тағайындалып,төленді.

Last modified on Сейсенбі, 04 Сәуір 2017 03:46

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін143
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6928
Осы айдаОсы айда46152
БарлығыБарлығы442310
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі