Шиелі ауданы бойынша діни ахуал және терроризмнің алдын алу жұмыстары

Шиелі ауданында 2017  жылдың  І тоқсаны бойыншадіниахуал және терроризмнің алдыналу жұмыстары

Қазіргі таңда Шиелі ауданында 32 діни бірлестік қызмет атқарады. Оның ішінде ислам бағытындағы 31 мешіт және пресвитериандық «Шиелі» шіркеуі жұмыс жасауда. Ислам бағытындағы мешіттердің 3-і кентімізде,
28 ауылдық округтерде орналасқан.

Аудан әкімдігі жанындағы «Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің» 2017 жылға арналған жұмыс жоспары және «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу» мақсатында ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру тобының
2017 жылға арналған іс- шаралар жоспарлары бекітілді.

Қазіргі таңда, тұрғындардың, әсіресе жастардың арасында діни экстремизм және терроризмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мақсатында tauhid.kz ислами ағартушылық порталы жұмыс жасауда.

Дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру, тұрақтылықты нығайту және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан көлемінде 2017 жылдың І тоқсаны бойынша өткізілген іс шаралар саны - 49 болса, оның ішінде 44 кездесу, 1 дөңгелек үстел, 4 акция өткізіліп, барлығы 2685 адам қамтылды.

Діни экстремизмнің алдын-алу, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру мен дәстүрлі дініміздің ұлттық құндылықтарын түсіндіру мақсатында ағымдағы жылдың 10-13 қаңтар күндері «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің студенті Садуов Шыңғысхан Жапарханұлының қатысуымен мектептерде «Отанды сүю иманнан», «Иманды жас ел болашағы», «Ата-анаға құрмет» тақырыптарында кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 11 қаңтар күні №48 мектеп-лицейінің акт залында «Діни экстремизм және діни толеранттылық: қоғамдық сананы дұрыс бағыттау тетіктері» атты тақырыпта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәні мұғалімдері, оқушылар парламентінің төрағалары, «Жас ұлан» ұйымының көшбасшылары арасында аудандық ішкі саясат бөлімі, дін мәселелерін зерттеу орталығының Шиелі аудандық бөлімшесінің теолог мамандарының қатысуымен жиын өткізілді. 

2017 жылдың 12 қаңтар күні аудандық мәдениет үйінде «Салауат саған-Мұхаммед» атты Мәуліт мерекесіне орай, рухани кеш өткізілді.

2017 жылдың ақпан, наурыз айларында жастар арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы иммунитетті қалыптастыруда аудан мектептерінің
9, 10, 11 сынып оқушыларына «Дәстүрлі емес жат ағымдар: олардың теріс идеологиясы» тақырыбында өткізілетін ақпараттық түсіндірме жұмыстарының жоспарына сәйкес, аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелерінің, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлерінің, орталық «Оқшы ата» мешітінің бас имамының және наиб имамының, Шиелі АІІБ-нің Жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмаған істері жөніндегі және әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторларының қатысуларымен аудандағы барлық мектептерде кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алуда ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, тағатты діни сананы қалыптастырумақсатында«Дәстүрлі емес діни бағыттардың қоғамға қатері» тақырыбында орталық базарда, автовокзалдарда, теміржол вокзалында, такси тұрақтарында акциялар ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта жұмыстар жүргізіліп, өз жалғасын табады. 

Last modified on Сейсенбі, 04 Сәуір 2017 10:44

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін773
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада7558
Осы айдаОсы айда46782
БарлығыБарлығы442940
Сіздің IP адресіңіз: 54.225.9.188
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі