Мақсатымыз – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының - Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінің қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастырып, құқықтық салауаттылығын арттыру мақсатында осы жылдың 06 наурызы күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының - Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінің ұйымдастыруымен бөлімде «Қоғамды сыбайлас жемқорлықтан қорғайық » атты тақырыпта семинар-сабақ өткізілді. Шараға «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалының кеңесшісі Е.Мұхтаров қатысты.

Іс-шараның мақсаты бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды болдырмау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Елбасы жолдауында айтылғандай жемқорлыққа қарсы жұмыстарды жетілдіріп, керексіз қағазбастылық пен құжат айналымы үрдісін азайту секілді нақты мәселелер талқыланды.   

Осындай шаралардың өткізілуі әрбір мемлекеттік қызметшінің азаматтық жауапкершілігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік берері анық.

«Сенің жемқорлыққа жол жоқ дегенің маңызды» атты тақырыпта семинар-сабақ 

        Ағымдағы жылдың 13-ші наурызында«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының - Қызылорда облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімінде Шиелі аудан прокурорының көмекшісі, 2-ші сыныпты заңгері – С.И.Амиреевтің қатысуымен “Сенің жемқорлыққа жол жоқ дегенің маңызды” тақырыбы бойынша бөлім қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабақ өтті.Семинар сабақ барысында Шиелі аудан прокурорының көмекшісі, 2-ші сыныпты заңгері – С.И.Амиреев “Сенің жемқорлыққа жол жоқ дегенің маңызды” тақырыбында баяндама оқыды.

         Сонымен қатар, іс-шараға қатысушылар бөлімнің 2017 жылға бекітілген “Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында алаяқтық әрекеттер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы бағытындағы” жұмыс жоспарын орындау мақсатында атқарылуға тиісті сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын және оның алдын-алу іс-шараларын талқылады және сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша Елбасымен белгіленген бағыттардың маңыздылығын атап өтті. Құқыққорғау органдарымен өткізілген осындай іс-шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мақсаттарды айқындауға және қоғам қасіретін жоюға өз үлесін тигізеді.

Міндетіміз – сапалы қызмет

         ХҚКО жұмыс дамуының басты бағыты – бюрократизмді, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, «жалғыз терезе» қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету. Мәселен, бұрын жылжымайтын мүлік туралы анықтаманы немесе басқа қызметтерді алу барысында және құжатты белгіленген мерзімінен ерте алу үшін аз-көпті ақша, баж салығы төленетін. Ал қазір, әсіресе қарапайым адамдарға жеңіл болды. Таныстарды да іздеу керек емес, кешегiдей көп уақытыңызды кезекте тұруға жұмсамай, әуре-сарсаңға түспей, бюрократизмге ұрынбай, делдалдарға шығынданбай-ақ мемлекеттiк анықтамаларды үйдегi компьютермен тындыруға болады. Біз бүгін, жемқорлыққа жол бермеу үшін, тура байланыс жасалмау үшін, уәкілетті орган мен клиенттің арасындағы дәнекерміз. Жүйе жылдан-жылға жетілдіріліп келеді. Бұл жүйе өз-өзін ақтады. Жалпы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» комерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы - Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Шиелі аудандық бөлімі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сүйене отырып қызмет көрсете отыра, сыбайлас жемқорлықпен үйлесімді және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы түрде күрес жүр­­гізіп, халыққа ақпараттық кө­мек­­тің көрсетілуін қамтамасыз етуде.

 

ШИЕЛІДЕ ЖЫЛЫНА 3,5 МИЛЛИОН ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ҚҰС ФЕРМАСЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Аталмыш құс фермасы 29 наурыз күнгі сапарында облыс әкімі Қ.Көшербаевқа таныстырылды.

Негізі, өткен жылы «Мөлдір и К» ЖШС құс шаруашылығын дамыту мақсатында  130 млн. теңге қаражатқа құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жұмыртқа бағытындағы құс фермасын іске қосқан болатын. Өңірлік инвестиция арқылы 10 млн. теңге қаражат алынған екен. Қазіргі кезде бұл құс фермасы қажетті құрал-жабдықтармен  қамтамасыз етілген. Мұнда 2016 жылдың желтоқсан айында 12 мың бас жұмыртқа бағытындағы балапандар әкелініп, өсірілуде.  Сондай-ақ, жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады деп күтілуде. Құс фермасында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Атқарып жатқан осы сынды жұмыстарымен таныстырып өткен кәсіпкер Н.Мырзабеков  алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жоспарлап отырғандығын жеткізді.

Наурыз мерекесін думандатып өткіздік

         Қазақ халқының шын мәніндегі жаңа жылы Наурыз мерекесі екені белгілі. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында жер-дүние жасарып, көгеріп сала береді. Күн мен түннің теңескен шағында Самарқандағы көк тастың өзі еритін көрінеді. Қазақ халқы осы бір кезді жаңа жылға, жаңа күнге балап, Ұлыстың ұлы күні деп атайды.Ұлыстың ұлы күні – наурыз мерекесін Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де жоғары деңгейде атап өтті деуге болады.

Наурыздың 22-сі күні жер кадастры,қазынашылық бөлімі, статистика бөлімі және мемлекеттік кірістер басқармасымен бірігіп, орталық алаңға қазақтың киіз үйін тіктік. Маңдайшасына биыл 70 жасқа толып отырған Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, елге белгілі әнші Әлмырза Ноғайбаевтың есімін жазып, суретін іліп қойдық. Әлмырза Ноғайбаевтың ауылы атанған киіз үйге халық көптеп жиылды. Көпшілікке арнап Бәйгеқұм ауылдық округінің әжелер ансамблі мен Әлмырза ағамыздың өзі өнер көрсетіп, әннен шашу шашты. Осы жерде халыққа арналып тағам тартылып, наурыз көже ұсынылды. Келген жұрт рахметтерін айтып, алғыстарын білдірді.Осылайша, наурыз мерекесін елмен бірге думандатып өткіздік.

«Азаматтарға арналған үкімет» мамлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы- «Халыққа қызмет көрсету орталығы » департаментінің Шиелі аудандық бөлімі

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды»

іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі – іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді.  

1.Іс-шараны ұйымдастырушы

1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі –  Министрлік), өңірлік деңгейде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары (бұдан әрі –  Басқармалар) болып табылады.

2. Өңірлік деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқармалар Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады.

3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.

2. Іс-шараларды өткізу тәртібі

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тамыз айына дейінгі  кезеңде Комиссия жүргізеді.

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталғанқоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).

3. Басқармалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.

4. Комиссия әлеум-еттік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

5. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылғанқұжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

6. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізе алады.

7. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

8. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар берілуі мүмкін.

9. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

10. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

11. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың      1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.

12. Ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған барлық сұрақтар бойынша Министрліктің көрсетілген телефондарына: 74-37-26                    (Г.М. Орынтаева), 74-34-73 (Л. Нуриденова, С. Ирахметов ), 74-33-41                             (Р.Ж. Көшкімбекова) және l.nuridenova@mzsr.gov.kz, s.irahmetov@mzsr.gov.kz, r.kohskombekova@mzsr.gov.kzэлектрондық мекенжайларына хабарласуларыңыз қажет. 

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша

Әлеуметтік жобаларды іріктеу бойынша іс-шараға қатысу үшін өтінім

1.

Әлеуметтік жобаның авторы

 

2.

Әлеуметтік жобаның атауы

 

3.

Жобалардың өңірлерде іске асырылған кезеңі

 

4.

Жобаның әлеуметтік маңыздылығы

 

5.

Қысқаша аннотациясы

 

6.

Жобамен қамтылған адамдар санаты және саны

 

7.

Қаржыландыру көздері

(мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, тартылған қаражат)

 

8.

Қол жеткізілген нәтижелер (оңалтудан өткен, жұмысқа орналастырылған, қамтылғандардың және  т.б. саны)

 

9.

Презентациялық материал (жобаның логотипі, слайдтар және DVD форматтағы роликтер)

 

10.

Қосымша ақпарат(телефон, факс, e-mail және т.б.)

 

 

БЖЗҚ

1. Мемлекет зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік бере ала ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 5-бабына сәйкес мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Яғни, зейнетақы жинақтары заң тұрғысында сенімді қорғалған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін инфляцияның деңгейін ескере отырып, орындау Қағидалары бекітілген.

Бұл Қағидалар зейнетақы төлемдерін алушыларға зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу тәртібін айқындайды.

Қағидалардың 2 тармағына сәйкес айырма төлемі - зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем.

Барлық қажетті құжаттар «Азаматтарға арналған үкімет» МК» коммерциялық емес акционерлік қоғамына тапсырылған соң, мамандар жеке зейнетақы шотындағы жинақтар сомасының инфляцияны ескере отырып, келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасымен салыстыру жұмысын жүргізеді.        

Мемлекет зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар тұлғалардың барлығына айырма сомасын төлейді. Зейнеткерлікке шығу негізіне (жасына немесе мүгедектігіне байланысты) байланысты шектеулер қарастырылмаған.  

2. Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы азаматтарға міндетті түрде хабарлау науқаны қаншалықты жиі өткізіледі?

Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы «БЖЗҚ» АҚ салымшылары мен алушыларына міндетті хабарлау науқаны жыл сайын, есептік жылдан кейінгі жылдың басында жүргізіледі.

Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал оны алу тәсілін салымшылар мен алушылар өз еріктерімен таңдайды.   

Үзінді-көшірме салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/анықтау туралы қосымша келісімде көрсетілген мекенжайға, оның ішінде электрондық мекенжайға жіберіледі.   

Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы өткен жылдың 31 желтоқсанына дейін Қорға хабарламаса, онда 2016 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып келеді. Одан басқа, бұл жағдайда БЖЗҚ-ның ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес алдағы жылы үзінді-көшірмені жібермеуге құқығы бар.        

Естеріңізге сала кетелік, салымшы (алушы) белгіленген тәртіпте Қордың өз міндеттемесін орындауға әсер ететін өзгерістер жайында, осындай өзгерістер орын алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарлауға міндетті («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 39-бабының 4 тармағының 1 тармақшасы).

Мұндай өзгерістерге егер тиісті хабарлау тәсілі таңдалған болса, электрондық және пошталық мекенжайлардың өзгергендігі жатады.   

БЖЗҚ ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы не хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы келісімде көрсетілген кезең аяқталғаннан кейінгі айдың бірінші күндегі жағдай бойынша салымшының (алушының) ЖЗШ-ында ақша болмаған немесе хабарлау тәсілі таңдалмаған жағдайда салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат жібермейді.  

2016 жылы шамамен 1,6 млн. салымшы (алушы) үзінді-көшірме ала алмады. Өйткені, олардың ЖЗШ жай-күйі туралы хабарлау тәсілі таңдалмаған. БЖЗҚ мамандары салымшыларды өздерінің жеке деректерін өзгерту және/немесе хабарлау тәсілін таңдау бойынша Қордың дербес қызмет көрсету орталықтарына жүгінуге шақырады.

3. Қордың есептемелері және көрсеткіштері туралы мәліметтерді қайдан алуға болады?

Қор қызметінің маңызды көрсеткіштері ай сайын www.enpf.kz сайтында жарияланып отырады.  

Қазақстан Республикасының ағымдағы зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.  

Ұлттық Банктің инвестициялық қызметінің нәтижесімен Қордың www.enpf.kz сайтынан танысуға болады.

Сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша ақпараттар ай сайын жаңарып отырады. Барлық құжаттар хронологиялық тәртіпте жарияланады және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүктеуге қол жетімді. БЖЗҚ тоқсан сайын пайдалар мен шығындар және бухгалтерлік теңгерім туралы мәліметтер жариялап отырады. Сонымен қатар жыл сайын сыртқы аудитті жүргізу нәтижесі бойынша есептеме жариялайды.

4. БЖЗҚ-ның қандай негізгі міндеттемелері бар?

БЖЗҚ – міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартумен айналысатын жалғыз ұйым және азаматтардың таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналарын да қабылдайды.  

Зейнетақы Қоры салымшылдардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу және зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға міндетті.   

БЖЗҚ-ны құрудың негізгі міндеттері мен мақсаттары:

- салымшылардың зейнетақы шоттарын тиісті есепке алу, салымшылардың табиғи қозғалысына байланысты (шет елге шығу, зейнеткерлік жасқа жету және т. б.) өзгерістерді дер кезінде енгізу және зейнетақы жарналарын жүзеге асыру, зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

- зейнетақы активтерінің инвестициялық табыстылығын қадағалау;
- зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру.

5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, тіпті шетелден хабарласып қажетті ақыл-кеңесті қалай алуға болады?

БЖЗҚ-ның басты міндеттерінің бірі – Қордың салымшылары мен алушыларына сапалы қызмет көрсету және оларға лайықты ақыл-кеңес беру. Бұл үшін біз көптеген ыңғайлы және қарапайым құралдарды жасап қойдық. Қор мамандарынан сапалы кеңес алу үшін, Қазақстан Республикасының азаматтары 1418 тегін қысқа нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығына хабарласулары керек. 

Сондай-ақ біздің www.enpf.kz сайтында «онлайн кеңесші», «онлайн хабарласу» және кері байланыс қызметтері жұмыс істейді. Бұл қызметтер Қазақстан азаматтарына және шетелдік азаматтарға да өте пайдалы. 

«Онлайн кеңесші» қызметі сайттың барлық парақшаларында қолжетімді. Онлайн режімінде қоңырау шалу үшін «электронды қызметтер» бөліміне кіру қажет (стационарлық компьютерлер үшін микрофоны бар гарнитура керек). Қоңырау шалу тегін, алайда ол интернет трафик есебінен жүргізіледі. Бұл ұялы құрылғылар арқылы қоңырау шалғанда қосымша шығынға әкелуі мүмкін.   

Осы бөлімде онлайн форманы пайдалана отырып Қорға өтініш жіберуге болады. Мамандар қысқа мерзімде толыққанды жауаптар әзірлеп, оларды сұрақ қоюшылардың электронды поштасына жібереді.  

ТҮРКІТІЛДЕС ХАЛЫҚТАРДЫҢ ӨНЕР ҰЖЫМЫ ШИЕЛІДЕ

Байкалдан Балқанға, Қашқардан Кипрге дейін созылып жатқан ұлан-байтақ жерді енжайлаған түркітілдес халықтар саны әлемдік статистикалық деректерге сәйкес бүгінде 200 млн-нан асып жығылады Оның құрамында 6 тәуелсіз мемлекет пен 40-тан аса ұлт бар. Осыншама халықтың басын қосып отырған, түркі мәдениеті мен өнерін дамытуға бағытталған бірден-бір халықаралық ұйым – «ТҮРКСОЙ».

Ол 1993 жылы түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасында достық қатынас құрып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету мақсатында Алматы қаласында құрылған. «ТҮРКСОЙ-ға» Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Әзірбайжан және Түркия секілді тәуелсіз алты елмен қатар Ре­сей Федерациясынан Татарстан, Башқұртстан, Алтай, Тыва, Хакасия, Саха-Якутия, сондай-ақ, Молдавияның құрамында жатқан Гагауыз Йері және Солтүстік Кипр Түрік республикасы мүше.

Аталмыш ұйым құрылғаннан бері туысқан мемлекеттер арасында ынтымақтастық артып, мәдени байланыс нығая түсті. Мәселен, Анкарада Абылай хан атындағы ескерткіш бой көтеріп, саябақ жасалды. Сондай-ақ, Түркияның Невшехир қаласында Қазақстан атындағы, Анкара қаласында Абай Құнанбаев атындағы, Қыршехир, Гебзе, Адана сынды қалаларында Дина Нұрпейісова атындағы және Тәттімбет атындағы саябақтар, өткен жылы тәу­ел­сіздігіміздің 25 жылдығы аясында Сүйін­бай Аронұлының ескерткіші ашылды. Бүгінде 

«ТҮРКСОЙ-ды» түркітілдес халықтардың ЮНЕСКО-сы деп те атайды.
Биыл «Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы деп аталуда.

Осыған орай Наурыз мерекесі қарсаңында ауданымызға түркітілдес мемлекеттерден өнер ұжымы келді.

Мәдениет үйінде өткен салтанатты шара барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев пен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұйымның маңыздылығы, жасалып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.

Одан соң көрермендер Өзбекстаннан келген өнерпаздар, «Алтай кай» ансамблі, чувашиялық Вероника Шуркина, Қалмық республикасының еңбек сіңірген әртісі Гилияна Бембеева, қырғызстандық Сайра Момунбаева, Саха-Якутиядан келген Руслан Габишевтің орындауларында жанды дауыста керемет ән тыңдады.

Түркітілдес бауырларымыздың өнерлеріне тәнті болған аудан жұртшылығы көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
«ТҮРКСОЙ-дың» Шиеліге келуінің өзі тегін емес. Оған бүкіл түркі халқына ортақ «Қорқыт ата» жырындағы оғыздардың бас қаласы Бестамның Шиелі жерінде тұрғандығын да қосып қойыңыз.

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

№ исх: 2265   от: 01.03.2017

Жоба

БАҚ тарату үшін және әлеуметтік желілерде, ҚР ДІАҚМ сайтында  орналастыру үшін 

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін – Заң)өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_

2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ,  халықаралық және шет елдік ҮЕҰ  филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті  органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355).

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар,  ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17 бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті  органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекітілген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсцынылады:

- 2017 жылғы 31 наурызға дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда)

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.

ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады. 

ҮЕҰ деректерінің тізілімі http://www.register-ngo.kz сайты күші жойылған.

Осылайша, есепті ақпарат толтырылған кестенің екі нұсқада – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жалпы нысан 3 тараудан тұрады:  Жалпы мәліметтер, Қызмет туралы мәліметтер және Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер.

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар  әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға  жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo сайтында табуға болады.

Нысанды толтыру барысында үкіметтік емес ұйымның басшысына белгілі бір құжаттар тізімі: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректері, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерін (бар болған жағдайда) тіркеу туралы мәлімет, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бекітілген жобалық өтінімдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарттар, гранттық келісімдер және т.б. есептік мерзімі бойынша – 2016 жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (бар болған жағдайда) құқық белгілеуші құжат қажет болады

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтізбелік жыл есептік мерзім болып есептеледі. Тиісті тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгілейді.

Маңызды:үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуыҚазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648  бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті.

Бүгінгі таңда «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталы әзірленді. Қазір портал сынақтық режимде жұмыс істейді. Интернет – порталды жалпыға ортақ қолдануға енгізгеннен кейін ҮЕҰ жыл сайын өз қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың жеке  кабинетіндегі Үлгіге сәйкес жаңартып отырады деп күтілуде.

Қажет ақпаратты алу үшін «жедел желі» телефондарына жүгінуге болады : 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің электрондық мекен-жайына жібере алады: 74-04-28@mail.ru.

Азаматтық қоғам істері комитетінің құрамындағы ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жауапты.

Әкімшілік жауапкершілік:

Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ – ескерту; 2 тармақ – қайталама бұзу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе 3 ай мерзімге уақытша жұмысын тоқтату).

«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ барлық келем деушілерді 2017 жылғы 31 наурызда сағат 10:00-де Ә. Тәжібаев көшесі 26 үй мекенжайында өтетін Ашық есік күніне шақырады.

Сіздің зейнетақыңыздың мөлшері неге байланысты екендігі және зейнет
жасына қалай лайықты қаржы жинау керектігі туралы толығырақ білуге, сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша жеке кеңес алуға мүмкіндігіңіз болады.

ӘЗ-НАУРЫЗҒА ҚЫЗУ ӘЗІРЛІК

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаевтың төрағалы­ғымен жұмыс кеңесі өтіп, онда наурыз мейрамына әзірлік барысы пысықталды. 

Жиын басында Қ.Әубәкірұлы Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне тоқталып, әз-Наурыз ежелден желісі үзілмей жеткен ұлттың ұлық мейрамы екендігін баса айтты.

– Тарихи  тамыры  тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Сондықтан, осынау мейрам ауданымызда кең көлемде әрі жоғары деңгейде өткізілуі қажет,– деді аудан әкімі.

Наурыз мейрамына әзірлік жұмыстары мен мерекелеу тұжырымдамасы жөнінде аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов баяндама жасадыМереке қарсаңында орталық алаңға 12 киіз үй тігіліп, 5 шатыр қойылады, бекітілген жоспар бойынша әр киіз үйге атау беріліп, оның алдында әжелер ансамблі ән салады. Сонымен қатар, қайырымдылық акцияларын өткізу көзделуде.

Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, Наурыз мейрамына дайындалуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

ГҮЛ ЖАУҒАН КҮН

Ақ сүт беріп мәпелеген, өнегелі тәрбиесін берген, мейірімін төгіп өсірген аяулы да ардақты ананың алдындағы перзенттік қарызды өтеуге адамның өмірі де жетпейді екен. Бабаларымыз «анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың» деп айтқан. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербететін аналар қауымы барлық құрмет пен марапатқа лайық. 

Көктемнің шуағымен бірге келетін халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында аудан әкімдігінде жиын өткізілді. Аналарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға зейнеттегі ардагер аналар, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер, бір сөзбен айтқанда барлық саланың нәзік жандылары жиналды.
Шараны аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, аналар қауымын 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл шоқтарын тапсырып, сый-сияпат жасады.
Еркін форматтағы кездесу түрінде өткен жиында Мүкарам қажы, кәсіпкер Тамара Ақмағанбетова және ауданның Бибіпатымасы атанған Ұлман Мәміреева апаларымыз сөз сөйлеп, ер-азаматтардың көрсетіп жатқан құрметтері мен ықылас-ниеттеріне рақметтерін айтып, елдің тыныштығы мен берекесін тілесті. Нартай өнер мектебінің ұстаздары ән шырқап, шараның мәнін әрлей түсті.

МАҚСАТ – ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Жастар мәселесі қай кезде де өзекті, келелі болып келген. Қоғамның ең қозғаушы күші болып табылатын жастарды белсенді өмірге бейімдеу мақсатында түрлі шаралар атқарылып келеді.

Жуырда №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Персоналды басқарудың жаңа механизмдері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Жастардың саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға аудандық оқушылар парламенті және «Жас ұлан» ұйымының жетекшілері қатысты.

Жиында оқушылар парламентінің депутаттары жылдық жоспарға сәйкес бір ай көлемінде атқарған жұмыстарының есебін берді.

Жиын соңында оқушылар өздерінің мәселелерін ортаға ұсынып, ортақ шешім таба білді.

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті ақ жаулықты әжелер, ардақты аналар, аяулы қарындастар!

Сіздерді көктемнің айтулы мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді. Әйелдер қандай кезеңде болсын қоғам жүгін қайыспай көтере білді. Еліміздің қиын-қыстау кезеңінде қазақтың азаматы атқа қонса, шаңырақты шайқалтпау әйел мойнындағы жүк болды. Ерінің айтпақ ойын қабағынан түсінген асыл аналарымыз, тұтас қазақ өткен ауыр жолдардың барлығына төзе білді. Сондықтан, елімізде орнаған бейбіт заманда біздің ең басты байлығымыз – алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі.

Қазіргі таңда әйелдер ел экономикасының дамуы мен өркендеуіне, мемлекет саясатының жүзеге асырылуына елеулі үлес қосумен қатар отбасында, билікте, бизнесте, ғылым мен мәдениетте, кәсіпкерлік пен өндіріс саласында ер азаматтармен қатар жұмыс атқаруда.

Әйелдер ел алдында түрлі саланың қызметкерлері болғанымен, отбасында аяулы ана, асыл жар, шаңырақтың шаттығы, отбасының ұйытқысы.

Құрметті аналар, қарындастар!

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев

 

Зейнетақы капиталын сақтау және көбейту

 

Бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысы болып отыр. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына аударатын жарналары сомасындағы табыс Сіз бен біздің зейнетақымыздың жинақтаушы бөлігін құрайды.

«Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес Ұлттық Банк инвестициялайтын қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына табыс тұрақты түрде түсіп тұрады: күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында қаражаттарға оны тауысқанға дейін, яғни егер адам зейнетке шықса да және оны алып жүрсе де, оның әлі де түртілмеген жинақтарына инвестициялық табыс есептеле береді. Осылайша, егер адам ұзақ уақыт бойы ешқандай аударымдар жасамаған болса, ол бәрібір инвестициялық табыс ала береді.     

БЖЗҚ осыған орай қызықты бір оқиғамен бөлісті: осыдан біраз уақыт бұрын Қордың операциялық залына жас жігіт жаңадан жұмысқа орналасқандықтан өз зейнетақы шартын жаңартуға келген. Ол бұған дейін екі жыл бойы жұмыссыз жүрген екен және сәйкесінше оның шотына жарналар түспеген. Оның өз есептері бойынша оның жеке зейнетақы шотында 600 мыңнан астам теңге болуы керек еді. Алайда үзінді көшірмені алған жас жігіт біршама таңырқау күйде қалды: жұмыссыз жүрген көптеген айлар ішінде оның шотындағы зейнетақы жинақтары 120 мыңға ұлғайған.

Есептелген  инвестициялық табыс туралы ақпаратты бірнеше тәсіл арқылы алуға болады: яғни үзінді көшірмені Қорға келіп өтініш білдіре отырып немесе электрондық не кәдімгі пошта арқылы және сайт не ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады. Сонымен қатар электрондық цифрлық қолтаңба бар болса, электрондық үкімет порталы арқылы да алуға болады.     

Бұл жағдайда математиктердің сөзімен алатын болсақ инвестициялық табыстың мөлшері тұрақты шама емес, ол тек бірнеше ауысымға байланысты болады. Біріншіден, салымшылардың зейнетақы жинақтарына салған бағалы қағаздардың қалай іске асырылғанына байланысты болса, екіншіден, жинақтардың өз мөлшеріне байланысты болады, яғни жинақ неғұрлым көп болса, әрі оны толтыру кезеңділігі тұрақты болса, соғұрлым есептелетін инвестициялық табыс та жоғары болады. 

Жыл басында отандық БАҚ-та кейбір салымшылардың ЖЗШ-сында «инвестициялық табыс» бағанында теріс мәндердің болғаны туралы ақпарат шыққан болатын. БЖЗҚ  инвестициялық табыс қаржы нарығында сатып алынатын қаржы құралдарының нарықтық құнына, шетелдік валюта бағамының құбылмалығына байланысты өзгереді деп хабарлады. Осылайша, инвестициялық табыс шамасы нарықтық жағдайға байланысты ұлғаю жағына, сондай-ақ азаю жағына қарай өзгертілуі мүмкін.   

Мұндай құбылу әдетте қысқа мерзімді кезеңдерде байқалады, әрі ол уақытша болып тұратын жәйт. БЖЗҚ-да шоттарға қызмет көрсетілген уақытта жиналған инвестициялық табыстың көлемі жақсы. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша (жыл басынан бастап) ол 10,79 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтері бойынша инвестициялық портфель осындай тәуекелдерді азайту үшін түрлендірілген, яғни тәуекел мен табыстылықты есепке алғанда түрлі қаржы құралдарының көп мөлшерінен құралған. «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметінің деректері бойынша жыл басында валютаға бөлінген зейнетақы активтері: активтердің 76,98%-ы теңгеге және шамамен 23%-ы шетелдік валютаға үлестірілген. Бірақ бұдан әрі сенімгерлік басқарушы ретінде Ұлттық Банк зейнетақы жинақтары бір ғана валютада тұрмау үшін соңғының үлесін 30%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр.      

Сондай-ақ, кез келген инвестициялық сценарийде зейнетақы төлемдеріне құқық алу кезіндегі инфляция деңгейі ескеріле отырып, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттің кепілдік беретінін еске сала кетейік («Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңның 5-бабы). Басқа сөзбен айтқанда төлем алуға құқығы туындаған кезде әрбір алушыға жинақтаушы зейнеиақы жүйесіндегі бүкіл кезеңіндегі табыстылығы мен инфляция деңгейі есептелетін болады, егер зейнеақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет осы айырманы өтейді.    

Қайта есеп алу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға («Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕАҚ бөлімшесі) барып өтініш және жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесін, салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты, банк шотының нөмірі туралы мәлімет беру керек.

ЕЛБАСЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ 26-БАБЫН ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын өзгеріссіз қалдыруды ұсынды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын бастапқы редакцияда қалдыруды ұсынды», — делінген Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында
Еске салайық, ҚР Конституциясының 26-бабында «Қазақстан азаматтары» деген сөздің орнына «әркім» деген сөзді қою ұсынылған еді.

Қазақстан Гаага конференциясының жарғысын ратификациялауы мүмкін

ліміз халықаралық Гаага конференциясына қосылса, жыл сайын мүшелік жарна ретінде 6 мың 850 еуро төлейді. Бұл қаржы Сыртқы істер министрлігінің бюджеттік бағдарламасына енгізіледі. Бүгін Мәжілісте жаңа заң жобасын таныстырған Әділет министрі Марат Бекетаев осылай деді. Сала басшысынң айтуынша, ұйымға мүшелік ету шетелдегі кез келген қазақстандықтың құқығын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Яғни олардың іскерлік және отбасылық мүддесі бұзылса, дер кезінде құқықтық көмек көрсетіледі.

Айта кетейік, бұл конференция халықаралық заңдарды әзірлеуге тікелей атсалысады. Алдағы уақытта оған қазақстандық дипломаттар да араласуы мүмкін. Сәйкесінше олардың ұстанымы жан-жақты ескерілетін болады.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Бүгінгі таңда бұл ұйымға 81 мемлекет және Еуропалық одақ кіреді. Аталған халықаралық ұйымның мақсаты – халықаралық жеке құқық нормаларын біріздендіру және осы саладағы мемлекеттердің ынтымақтастығына жәрдем көрсету. Гаага конференциясының аясында 39 конвенция жасалынған. Олар азаматтық іс-жүргізу шеңберінде құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Конференция құрамына бірнеше халықаралық кеңес енгізілген. Еліміз әзірге соның екеуіне қатысуды жоспарлап отыр. Мұндағы ең маңызды мәселе шетелдік отбасылар асырап алған қазақстандық балғындарға қатысты болмақ. Яғни халықаралық ұйым қаракөздеріміздің тағдырын бақылап, екі жыл сайын тиісті мәлімет беріп отыруға жауапты болады.

Жәмила Нұрманбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазақстаннан бала асырап алған шетелдік отбасыларға қатысты қоғамда алаңдаушылық туындаған. Енді бұл конференцияны ратификациялау арқылы балғындарымыздың құқығын қалай бақылай аламыз?

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

- Бұл мәселелердің барлығы жан-жақты ескеріледі. Тиісті мәліметті Білім және ғылым министрлігі алып отырады. Сөйтіп, балғындардың болашағын бақылауға зор мүмкіндік беріледі.

дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Дубайда DIFC басшылығымен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығының басшылығымен кездесті. Елбасы мұнда DIFC қызметі және орталықтың бұдан әрі қарай даму перспективасымен толығырақ танысты. Кездесуде Қазақстан Президентіне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылғалы, Дубай қаласының ішкі жалпы өніміне қосқан үлесі 8%-ға жеткені туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында біздің еліміз Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесін зерттеп, пайдаланып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрі тиімді жүргізу мақсатымен бірқатар шаралар іске асырылғанын да айтып өтті. Мемлекет басшысы Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекші қаржы құрылымы ретінде «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту жөніндегі өз ойларын ортаға салды. Келіссөз соңында тараптар екіжақты ынтымақты дамыту мәселелерін саралады.

Дереккөз: 24.kz

«Хабар» агенттігінің құрамындағы жаңа отандық арнаның тұсауы кесілді

«Ел арна» эфирге шықты. Тек көркем және деректі фильмдерді көрсететін жаңа арна өз жұмысын бастап, көрермендерге алғаш болып «Ән аға» кино туындысын ұсынды.

Эфирде – «Ел арна». Елдің арнасы болсын деген ниетпен осындай атаумен жаңа телеарна іске қосылды. Демек мұнда тек Қазақстанда жасалған көркем һәм деректі фильмдер ғана көрсетіледі.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Жаңа телеарна бүтін бір буынға әсер еткен Ш.Айманов, М.Бегалин, Ә.Қарсақбаев, С.Қожықов сияқты майталмандардың туныдыларын бүгінгі ұрпаққа кеңінен насихаттауға тамаша мүмкіндік болмақ. Сонымен қатар біздің мақсатымыз – білім және ғылым, өнер саласына арналған деректі фильмдер мен танымдық бағдарламалдардың көрерменге барынша қолжетімды боулына ықпал ету. Еліміздің ақпараттық кеңістігін өз туындыларымызбен қамту.

Бүгін алғаш болып «Ел арнадан» «Ән аға» фильмі көрерменге жол тартты. Бұл – қазақ вальсінің патшасы Шәмші Қалдаяқов туралы кино. Осындай туындылар енді жаңа арнада тәулік бойы көрсетілмек.

Алмагүл Ахметжанова, «Хабар» Агенттігі» АҚ Төрайымы:

- Жаңа арна «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және «Ғалам ТВ» интернет-порталы арқылы таралады. Жұмыс күндері көркем және деректі фильмдер қатар көрсетілсе, сенбі-жексенбіде отандық телехикаяларды көрерменнің назарына ұсынатын боламыз.

«Ел арна» алтын қорымыздағы «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» секілді классикалық туындылардан бастап жас режиссерлер түсірген телехикаялардың бәрін көрсетпек.

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері:

- Біз қазір түрік, үнді фильмдерін созып, жұртты жалықтырып алды. Өзіміздің де көрсететін құндылықтарымыз бар. Енді осы «Ел арнаның» қадамы құтты болсын! Ғұмыры ұзақ болсын! Халқына жұғымды болсын деп тілеймін. Ал қазірдің өзінде «Отау ТВ» қабылдағыштарының 37-батырмасын бассаңыз, отандық фильмдерді тамашалауға мүмкіндік туады.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Шавкат Мирзиёевпен бірге Астананың көрікті жерлерін аралады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге елорданың басты көрікті жерлерін аралады. Елбасы мемлекеттік сапармен келген үзеңгілесіне «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрын көрсетіп, «Қыз Жібек» операсынының дайындығын таныстырды. Тараптар сондай-ақ әлем елдері мойындаған білім ордасы «Назарбаев Университетінің» алдағы жүйелі жоспарымен, автоматтандырылған өнеркәсіп зертханалары және физика-математикалық зерттеу жобаларының жай-күйімен танысты.

Университетке алғаш рет бас сұққан Мирзиеев білім ордасының құрметті қонақтар кітабына өз қолтаңбасын қалдырды. Сонымен қатар, Қазақстан және Өзбекстан Президенттері «MEGA Silk Way» ойын-сауық орталығын салтанатты түрде ашып, кешенде бой көтерген павильиондарды аралап көрді. Қос ел басшыларын осы орайда Халықаралық Монте-Карло фестивальінің жеңімпаздары акробатикалық шоуларымен тәнті етті. Мемлекет басшылары аялдаған соңғы нысан «Астана Экспо-2017» халықаралық көрмесі. Мұнда көрменің құрылыс қарқыны мен жобасы назарға ұсынылды.

дереккөз :24.kz

Н.Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Келіссөз барысында тараптар күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты дамытудың стратегиялық бағыттарын талқылады. 

– Президент ретіндегі Сіздің алғашқы мемлекеттік сапарыңыз Наурыз мейрамымен және елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толған кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстан Өзбекстан делегациясы сапарының жемісті болуы үшін барлық жағдайды жасауға әзір, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ширек ғасырлық ынтымақтастығымыз аясында түрлі саладағы 100 келісімге қол қойылғанын, соның ең негізгілері – Мәңгілік достық туралы шарт пен Стратегиялық әріптестік туралы шарт екендігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға Өзбекстанның тұңғыш Президенті И.Каримовтың қосқан үлесін ерекше атап өтті.

– Тарихымыздың, тіліміз бен дәстүріміздің ортақтығы, халықтарымыздың көршілестігі қазақ пен өзбектің мәдени-гуманитарлық саладағы өзара тығыз іс-қимылының қалыптасуына алғышарт жасады. Қазақстан мен Өзбекстанда тұратын диаспора өкілдері қарым-қатынасымызға ерекше сипат дарытып отыр. Олар екі ел арасындағы дәнекер болып саналады. Сіздің елмен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға негізделген бағытымыз өзгермейді, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Астана мен Ташкент арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты екіжақты қатынастың өзегі деп бағалады. Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы нарықтық бағаның 9%-ке төмендегеніне қарамастан, елдеріміз арасындағы сауда көлемінің 16%-ке өскеніне тоқталды.

– Бүгінде Қазақстанда өзбек капиталының үлесі бар 800-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Дәл қазір Астанада бизнес-форум өтуде. Оған екі тараптың әрқайсысынан 250 бизнесмен қатысып отыр. Форум қорытындысы бойынша 75 коммерциялық шарттан тұратын құжаттар жиынтығын қабылдау жоспарланған, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы бұған дейін Ш.Мирзиёевпен Самарқандта өткен кездесуден соң өнеркәсіп, бизнес, энергетика, көлік, сондай-ақ ғарыш және туризм салаларындағы екіжақты байланыс айтарлықтай жандана түскенін айтты.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көлік-транзит саласындағы ынтымақтастықтың жандана түскенін, соның ішінде жүрдек пойызға арналған Астана – Ташкент теміржол қатынасы, жаңа әуе жолы және автобус рейстері іске қосылғанын ерекше атап өтті.

Соңында Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Өзбекстанның кең ауқымда қатысуы жөнінде шешім қабылдағаны үшін Ш.Мирзиёевке алғыс білдіріп, бұл Өзбекстан Республикасына өзінің зор жетістіктерін бүкіл әлем алдында паш етуіне мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ш.Мирзиёев мемлекетаралық қарым-қатынастың дамуына негіз болған және өзара сенім мен іскерлік сипатындағы келіссөздер үшін Қазақстан басшылығына алғыс білдірді.

– Бұл сапарды Самарқандта өткен ашық әңгімеміздің жалғасы деп санаймыз. Бүгінгі бизнес-форум өзбек тарапының сауда-экономикалық байланыстарымызды дамытуға деген шын ниетін көрсетеді, – деді Өзбекстан Президенті.

Өзбекстан Республикасының басшысы екі мемлекеттің халқының достығын нығайту ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін атап өтті. Сондай-ақ Ш.Мирзиёев парламентаралық және өңіраралық байланысты жандандырудың маңыздылығына тоқталды.

Кездесу соңында екі елдің басшылары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің кездесу қорытындысы бойынша төмендегідей құжаттарға қол қойылды:

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету және тату көршілікті нығайту туралы бірлескен декларация;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы өңіраралық ынтымақтастық туралы келісім;

– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі стратегия;

– Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

– 2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама; – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2017-2018 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама;

– Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

дереккөз: 24.kz

Елбасы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен екіжақты кездесу өткізд

Соңғы 5 ай көлемінде Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-саттық 30 пайызға ұлғайған. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевпен кездесуінде айтты. Өзбекстан Президенті елімізге алғаш рет мемлекеттік сапармен келіп отыр. Мәртебелі мейманды ресми Ақорда бүгін бар сән-салтанатымен қарсы алды. Салтанатты қарауыл сап түзеп, екі елдің әнұраны кезек-кезек орындалды.

Осыдан соң мемлекет басшылары шағын құрамда кездесіп, бұл сапардың мән-маңызы туралы пікірлесті. «Біз туысқан ел ретінде өзбек халқының, өзбек мемлекетінің өркендеп, өніп, үлкен жетістіктерге жетіп отыруын қалаймыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. «Бүгінгі келіссөздер мен сапарды тарихи оқиғаға балаймын», - деді өз кезегінде Өзбекстан басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Біз туысқан ел ретінде өзбек халқының, өзбек мемлекетінің өркендеп-өніп, үлкен жетістіктерге жетіп отыруын қалаймыз. Сондықтан сіз бизнесмендермен бірге келдіңіз, біздің қабылдайтын, қол қоятын құжаттарымыздың барлығы екі ел арасында жаңа белес, жаңа жол ашады деп санаймын. Осы сіз келген 5 айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 пайызға артты. Көп мәселеге қол жеткіздік. Оны бүгінгі келіссөздерде айтамыз.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Біздің достық қарым-қатынасымыз бен сауда-экономикалық байланысымыз жаңа деңгейге көтерілгенін көріп отырмыз. Бүгінгі форумға Өзбекстаннан келген 250 кәсіпкер қатысады. Осы шараның аясында 1 млрд доллардың келісімшартына қол қоймақ ниетіміз бар. Осы қысқа мерзім ішінде екі елдің аймақтардағы қарым-қатынасын жандандыруға ерекше назар аударылғанын айта кеткім келеді. Осы жұмыстардың барлығы Сіздің әріптес досыңыз Ислам Әбдуғанұлымен бірге қалап кеткен даму жолының жалғасып жатқанын көрсетеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, біз Қазақстанды ең сенімді, ең жақын көрші ел ретінде танимыз. Сондықтан бүгінгі сапарымыз, оның аясында орындалатын келіссөздер тарихи оқиға болып қаларына сенемін.

Бұдан соң жоғары деңгейдегі кездесу Ақордада кең құрамда жалғасты. Мемлекет басшылары бауырлас халықтар арасындағы ынтымақты күшейтіп, сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті. Сауда-саттықты да ұлғайтудың зор мүмкіндігі бар. Соның бір дәлелі – 500 кәсіпкердің басын біріктірген қазақ-өзбек бизнес форумы. Нәтижесінде 75 келісімге қол қойылуы мүмкін. Оның жалпы құны 1 миллиард АҚШ долларына тең. «Бұл – біздің тарихта алғаш рет болатын оқиға» деп бағалады Мемлекет басшысы.

Дәл осы жерде айта кетелік, бүгінде жеке-жеке азат мемлекет құрған қазақ пен өзбек сияқты бауырлас халықтарды тарих, мәдениет, тіл, дін, шекара және ұқсас дәстүр жақындастыра түседі.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Стержнем двусторонних отношений является торговая экономика. Астана и Ташкент занимают место ведущих торговых партнеров друг для друга в Центральной Азии. Несмотря на снижение конъюнктуры рыночных цен в 2016 году на 9%, в физическом выражении наша торговля выросла на 16%. На сегодняшний день в Казахстане около 800 действующих предприятий с участием узбекского капитала. В эти часы в Астане проходит бизнес-форум, где участвуют по 250 из бизнесменов каждой страны. По итогам будет принят пакет коммерческих договоров, как мне сказали, около 75 млн и порядка 90 млн долларов составят эти контракты.

Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының Президенті:

- Біздің елдеріміздің қоры өте бай. Соған сай мүмкіндіктеріміз де көп. Міне, бүгінгі Қазақстанда өтіп жатқан бизнес форум екі елдің сауда-экономикалық тұрғыда ортақ мақсаттары бар екенін дәлелдеп отыр. Біздің алға қойған ниетіміз түзу, болашағамыз зор, мүмкіншілігіміз де жетеді. Осы сапардың аясында өз алдына бөлек меморандумға қол қойылмақ. Осы құжат екі елдің парламенті арасындағы ынтымақтастықты дамудың жаңа кезеңін ашатынына үмітпен қараймыз.

дереккөз:24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетедік БАҚ өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев отандық және шетедік БАҚ өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақораданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереккөз: 24.kz

Сирия оппозициясы Астана процесіне өз өкілдерін жібермеу туралы шешім қабылдаған

Сирия оппозициясы Астана процесіне өз өкілдерін жібермеу туралы шешім қабылдаған. Бұл ақпаратты СІМ-нің ресми өкілі Әнуар Жайнақов телефон арқылы әңгімеде растады. Ал кешегі келіссөздерден кейін Сирия оппозициясының өкілдерін күтіп, Астанада қалған кепіл мемлекеттердің делегаттары өз елдеріне оралды.

Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы ахуалға байланысты наурыздың 14-15 күндері Астанада келіссөздердің 3-раунды өткен болатын.

дереккөз: 24.kz

Сарапшылар: Астана процесі Сирия дағдарысының тігісін жатқызуға өз септігін тигізеді

Астанада Сириядағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезекті отырыста кепіл елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Онда шиеленісіп, ширыққан жағдайдың тігісін жатқызуға Сарыарқа төсіндегі басқосудың ықпал етіп жатқандығы айтылған. Екі күндік келіссөзде оппозиция өкілдері бой көрсетпеді. Бірақ бүгін түнде Астанаға ұшып келуі мүмкін.

Көктемнің шуақты күніндегі бұл кездесуден қатысушылар жылымық лебін күтеді. Сириядағы сойқан жайын талқылауға олар осымен үшінші рет Астанаға оралып отыр. Өз кезегінде елорда бір қазанға бастары сыймаған тараптарға ой алмасып, пікір бөлісетін алаң ұсынып келеді. Қытымыр қаңтардағы кеңес пен аязды ақпандағы жиыннан кейінгі бұл олардың үшінші кездесуі.

Ресей, Иран, Түркия кешеден басталған келіссөздің негізгі қатысушылары. Бірақ ойранның ортасында жүрген қарулы оппозиция өкілдері бұл жолғы басқосуда бой көрсетпеді. Дегенмен, осыған дейінгі келіссөздердің нәтижесі болар, қазір Сирияда зорлық-зомбылық деңгейі төмендеген. Кепіл елдер жиыннан жемісті қорытынды шығару үшін әлі де болсын оппозициямен кездесіп, әңгімелесуге мүдделі. Ресей делегациясының басшысы Сергей Лаврентьев олардың ертең Астанаға ұшып келуі мүмкін екенін жеткізді.

Сергей Лаврентьев, Ресей делегациясының басшысы:

- Астанадағы басқосуға қарулы оппозиция өкілдері қатыспағандығына қарамастан біз олардың өз ұстанымдарын өзгертетіндігіне үміт артамыз. Бізге жеткен ақпарат бойынша, олар Астанаға ертең келуі тиіс. Осыған орай ауқымды кеңес өткізу үшін Ресей, Түркия және Иран делегацияларының бір бөлігін Астанада қалдырамыз.

Екі күндік кездесу қорытындысы бойынша кепіл елдер бірлескен мәлімдеме жасады. Оны Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Қамалдинов оқып берді. Мәлімдемеде Сириядағы ойранды, оқ атуды тоқтату жұмыстары жалғасатыны жазылған. Сонымен қатар Камалдиновтың айтуынша, енді Қазақстан тек келіссөздерге алаң ұсынып қоймай, өз ұсыныстарын айта алады.

Ақылбек Камалдинов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Қазақстан бұл жанжалда бейтарап әрі объективті ара ағайын болып қала береді. Астана Сирия мәселесі бойынша алдағы уақытта да келіссөздер үшін ыңғайлы алаң болады. Алда қиын күндер күтіп тұр. Бірақ біз күшімізді біріктіру арқылы терроризмге төтеп бере аламыз.

Күллі әлем көз тіккен Астана процесі мұнымен аяқталмайды. Енді қатысушылар мамыражай мамырда елордаға оралып, тағы бір мәжіліс құрмақ. Оған дейін Тегеранда сарапшылардың кеңесі сәуір айында өтеді. Жалпы, олардың айтуынша, Астана процесі мәселені түбегейлі шешпегенімен, бұл жағдайдың тігісін жатқызуға өз септігін тигізеді деген сенімдерін білдірді.

Авторлары: Асқарбек Қазанғап, Дәурен Үмбетәлиев

дереккөз: 24.kz

KASE қорытындысы: $1 = 319,2 теңге

Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша, бір АҚШ долларының орташа бағамы – 319 теңге 2 тиын. Сауда-саттық көлемі 135 млн АҚШ долларынан асты.

 24.kz

Алматыда қазақ күресінен Қазақстан чемпионаты өтеді

18-19 наурыз күндері Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан 200-ден аса балуан қатысады. Қатысушылар сапында белгілі балуандар да аз емес. Соның ішінде үш дүркін «Қазақстан Барысы» Бейбіт Ыстыбаев, әлем чемпиондары Мұхит Тұрсынов, Айбек Нұғымаров, Айбол Айтбек және Ғани Сейділдаев, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл, сонымен қатар Руслан Әбдіразақов, Мұрат Кентонов және тағы басқа білекті балуандар бар. Қазақстан чемпионаты ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан қазақ күресі федерациясы және Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен өтеді. Қазақстан чемпионатының бағдарламасы: 18 наурыз 10:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 12:00 Жарыстың салатанатты ашылу рәсімі 16:00 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша ФИНАЛ 19 наурыз 10:00 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг салмақ дәрежелері бойынша іріктеу белдесулері 55 кг, 60 кг, 66 кг және 74 кг және түйе балуан дәрежесінде финал.

24.kz

Ертең Астанада Сирия келіссөздерінің үшінші кезеңі басталады

Ертең Астанада Сирия келіссөздерінің үшінші кезеңі басталады. Ұстанымдары қарама-қайшы тараптардың кезекті кездесуін халықаралық ұйымдар да үлкен үмітпен күтіп отыр. БҰҰ-ның Дүниежүзілік ассоциациялар федерациясы да бейбіт процесті бақыламақ. Қаңтар мен ақпан айларында елордада өткен Сирия мәселесін реттеу келіссөздері Таяу Шығыста соғыс аяқталады деген үмітті оятты.

Бейбітшілік процесіне алғашқы қадам жасалды да. Астанада өткен соңғы отырыстың қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия елдерінің қатысуымен Сириядағы бітімгерлік бойынша мониторингтік топ құру туралы шешім қабылданды. БҰҰ Ассоциациялар федерациясы келіссөздер барысына баса мән беріп, Астананы Сирия дағдарысын шешу үшін таптырмас алаң деп санайды.

Бониан Голмохаммади, БҰҰ Дүниежүзілік ассоциациялар федерациясының бас хатшысы:

- Жалпы Қазақстанның әлемдік қауымдастықта ойып алар орны бөлек. Өйткені ғаламдық саясаттағы маңызды ойыншылармен достық қарым-қатынасын нығайтып келеді. Мәселен, Ресей, АҚШ, Иран және Сирия елдерімен ара-қатынасы жақсы. Бұл – қазақ елі үшін бітімгер болуға зор мүмкіндік. Осылайша елеулі ықпал қалыптасып, Сириядағы алғашқы оң өзгерістерді байқап отырмыз. Кезінде Қауіпсіздік кеңесінің аталған мәселе бойынша шарасыздық танытқанына федерацияның көңілі толмады. Бірақ бүгінде Қазақстанның және Қауіпсіздік кеңесінің кейбір мүшелері арқасында Сирия дағдарысын шешу бағытында игі қадамдар жасалып жатыр. Бұл – тиімді құбылыс.

Дереккөз:24.kz

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

Мемлекет басшысы сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнаманы әрі қарай жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілерін сот жүйесі туралы және «Астана халықаралық қаржы орталығы туралы заңнамадағы өзгерістерге сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: 24.kz

Ауғанстан билігі Ресейден көмек сұрады

Ауғанстан үкіметі мемлекеттің ұлттық экономикасын нығайту үшін Ресей Федерациясынан көмек сұрады.

Атап айтқанда, ел билігі Кеңес үкіметі кезінде салынған 124 нысанды қалпына келтіру жұмыстарымен ресейліктердің айналысқанын жөн санайды. Бұл туралы Мәскеудегі Ауғанстан елшілігінің өкілі мәлімдеді. Айтуынша, бұған дейін Ресей энергетика министрінің орынбасары мен Ауғанстанның Ресейдегі елшісі кездесіп, мәселені талқылаған. Келіссөз барысында ресейлік 30 компанияның Ауғанстан инфрақұрылымын дамыту үшін инвестиция құюға дайын екені айтылған.

дереккөз:24.kz

Конституциялық кеңес Ата Заңға енгізілетін өзгертулерді мақұлдады

Конституцияға енетін өзгерістер туралы заң Конституцияда қамтылған негізгі құндылықтарға толық сай. Бұл туралы бүгін Конституциялық кеңестің нормативтік қаулысын жария еткен кеңес мүшесі Аманжол Нұрмағамбетов мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, еліміздің негізгі құжаты бұл органға Президент шешімі бойынша жолданған еді. 33 түрлі өзгеріс Президенттің кейбір өкілеттіктерін Парламент пен Үкімет еншісіне беруді көздейді. Осы арқылы оларға жүктелетін жауапкершілік еселене түспек. Аманжол Нұрмағамбетов, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі: - Қазақстан Республикасы Конституциясының 74-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік қаулыны қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Шағымдануға жатпайды. Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті ҚР Конституциясының 73-бабының 4-тармағын ескере отырып түпкілікті болып табылады. Ербол Абайдельдинов, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры: - Конституциялық кеңестегі бұл үрдіс елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар үшін өте қажет. Және ол жүйелі жүзеге асып келеді. Егемендік алғалы Ата Заңымызға төртінші рет өзгеріс енгізілмек. Конституция аясындағы бұл бастама бүгінгі қоғамды демократияландыруға бағытталған.

дереккөз: 24.kz

Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» ЖШС-де болды

Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Іс-шара барысында Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды. Бұдан бөлек, Елбасы қаланы дамытуға бағытталған бірқатар жобаның іске асырылу барысымен танысты. Соның қатарында инфрақұрылым және әлеуметтік-мәдени, коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысы бар. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

24.kz

Елбасы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады

Елбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е.Сыдықов Мемлекет басшысын университеттің өткен жылдардағы қызметі мен қазіргі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасы үшін біліктілігі жоғары мамандар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. – Елорданы Астанаға ауыстырғаннан соң қабылданған алғашқы шешімдердің бірі осы оқу орнын құру туралы болды. Республикамыздың бас қаласымен бірге оның атағы мен абырой-беделі артып келеді. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғары оқу орындарының алдыңғы шебінде келеді, – деді Қазақстан Президенті. Ректор бүгінде университетте 17 мыңнан астам студент білім алып жатқанын, оның көбі үш тілді еркін меңгергенін мәлімдеді. Бұл факторлар білім алушылардың академиялық мобильділігіне септігін тигізуде. – Оқу орны өз деңгейін ұдайы арттырып келеді және қазіргі уақытта ол әлемдік рейтингте 345-орынды иеленіп отыр. Университетте жұмыс істейтін шетелдік оқытушылар, сондай-ақ жұмыс берушілер студенттеріміздің дайындығына жоғары баға беруде. Еуразия университеті түлектерінің жұмысқа орналасу критерийі жөнінен республикада алдыңғы орындардың бірін иеленді. Беделді QS World University Rankings халықаралық рейтинг агенттігінің (Ұлыбритания) қорытындысы бойынша, Еуразия ұлттық университеті физика пәнінен әлемнің үздік университеттерінің қатарына қосылды, – деді Е.Сыдықов. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев әйелдер қауымын төл мерекемен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаев әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты дәстүрлі кездесуін өткізді. Мемлекет басшысымен әр салада елеулі еңбек етіп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосқан қыз-келіншектер жүздесті. Олардың қатарында Мәжіліс депутаты, көпбалалы ана, бизнес өкілдері, әскерилер, ғалым, дәрігер, педагог, мәдениет пен спорт майталмандары және журналистер бар.

24.kz

KASE қорытындысы: 1 доллар = 315,16 теңге

Қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша бір доллардың құны 315 теңге 16 тиынды құрады.


Air Astana ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды

Елді алаңдатқан «Air Astana» әуекомпаниясының Boeing-757 ұшағы Алматы әуежайына сәтті қонды. Әуекомпаниясының менеджері Тілек Әбдрахимовтің хабарлауынша, экипаж мүшелері әуеде техникалық себептерге байланысты ұшақтың сол жақ қозғалтқышын сөндіруге мәжбүр болған. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары басталды. Алматы әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанадан аттанған ұшақ сағат 11:00-де қонған. Бортта болған 72 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі дін-аман.

дереккөз: 24.kz

ҚР Қорғаныс министрлігінде Елбасы Жолдауы талқыланды

Қорғаныс министрлігінде ҚР Президентінің Жолдауын түсіндіру жөнінде кеңейтілген кеңес өтті, деп хабарлайдыBNews.kz.

ҚР қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақов Елбасы – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде кеңейтілген кеңес өткізді.

Кеңеске Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының басшылығы, ҚМ мен ҚР ҚК БШ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары қатысты. Бейнебайланыс пішімінде қатысуға Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, ҚР ҚК әскер тектерінің қолбасшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары тартылды.

«Өзінің кезекті Жолдауында Мемлекет басшысы Тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішіндегі негізгі жетістіктерімізді атап өтіп, Қазақстанға әлемдегі жаһандық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін үшінші жаңғырудың басталуы туралы жариялады. Елбасы жоғары орташа әлемдік экономиканың қарқынды өсуі мен 30 озық елдің қатарына тұрақты кіруін қамтамасыз етуге бағытталған оның негізгі басымдықтарын атап өтті», деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Кеңесте Жолдаудың негізгі қағидаларын түсіндіру бойынша баяндамасымен ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов сөз сөйледі.

Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауда белгіленген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, сондай-ақ, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында өткізіліп жатқан реформаларды ескере отырып, Қорғаныс министрі бірқатар бағыттарды айқындады. Олар 2020 жылға дейін Қарулы Күштердің құрылуы мен дамуы: әскерлерді қайта жарақтандыру, «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі «Сандық армия» цифрлық технологияларды, әскери білім мен ғылымды дамытудың маңызды мәселелеріне тікелей қатысты болып келеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік-құқықтық дайындық аясында Қарулы Күштердің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру жүргізілуде. Орындарда әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің депутаттармен, мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда.
  

Ақорда БҰҰ-мен 25 жыл ынтымақтастықтың тарихи фотоларын жариялады

Осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының тең құқылы мүшесі болды. 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясының  тиісті қарары (46/224) қабылданды, деп хабарладыFacebook-тегіпарақшасы.

«Осыған байланысты әр жылда Мемлекет басшысының БҰҰ Бас хатшыларымен кездескен фотоларын ұсынамыз», - деп жазды Ақорданың фейсбуктегі парақшасы.

 

Астана тұрғыны «Хизб-ут-Тахрир» ұйымын құрмақшы болған

Астанада «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымын құрмақшы болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған дейін ақпан айында «Хизб-ут-Тахрир» идеясын насихаттайтын парақшаларды тарату кезінде оның Алматыдағы жақтасы «М.Е.» ұсталған болатын.

«1 наурызда ҰҚК сотқа дейінгі тергеу шеңберінде елордада «Хизб-ут-Тахрир» діни-экстремистік ұйымының бастауыш ұйымын құруға ниеттенген Астана қаласының тұрғыны «А.К.» ұстады»,-делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚР ҰҚК мәліметінше, «Хизб-ут-Тахрир» өзін «әлемдік халифат» құруды көздейтін саяси партия ретінде көрсетеді.

Ол үшін әлемнің түрлі елдерінде діндар адамдар арасынан жақтастар тартумен айналысатын жасырын бастауыш ұйымдар құруда. «Хизб-ут-Тахрир» идеологиясы зайырлы үкіметке қарсы қарулы күреске де рұқсат етеді.  

Аталған ұйым Ресейде, Пәкістанда, көптеген араб мемлекеттерінде, Еуропа, Оңтүстік Шығыс және Орта Азия елдерінде лаңкестік ұйым ретінде заңмен қудаланады.

Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» қызметі 2005 жылдың наурыз айында Астана қаласының сотымен экстремистік деп танылып,  тыйым салынған.

Сол уақыттан бері құқық қорғау және арнайы органдар оның 160 басшысы мен белсенділерін қылмыстық жауапкершілікке тартты.700-ден аса адам экстремистік идеологиядан өз еркімен бас тартты.

Қазақстанда «Хизб-ут-Тахрир» әрекеттерін қайта жандандырудың жекелеген ұмтылыстары әдетте сыртқы насихат ықпалы арқылы көрініс табуда.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1595
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7230
Осы айдаОсы айда61748
БарлығыБарлығы568153
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі