ЖОЛДАР ЖАҢАРЫП, ЖАҒДАЙ ЖАҚСАРМАҚ

Бейсенбіде Шиеліге республикалық ақпараттық түсіндірме тобына жетекшілік жасап, ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне қарасты көлік комитетінің төрағасы Асаубаев Әсет Асанұлы келді.

Айта кету керек, Әсет Асанұлы өзіне бекітілген жұмысшы тобымен бұған дейін бірқатар облыстарда болып, халықпен жүзбе-жүз кездесіп, пікір алмасқан болатын. Өз кезегінде Шиеліге арнайы
атбасын бұрған жұмысшы тобы «Арман» мәдениет үйінде аудан халқымен кездесу өткізіп, Елбасы Жолдауынан туындаған тапсырмаларды, басқа да мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысы мен алдағы жоспарлары жайлы әңгімелеп берді.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров, жергілікті мәслихат хат­шы­сы Ә.Оразбекұлы жетекшілік етіп, бірқатар сала басшылары мен тұрғындар қатысты.
Көлік комитетінің төрағасы Елбасының «Нұрлы жол», «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» Жолдауларында жүктелген тапсырмаларды еңсеру бағытында ауқымды жұмыстар жасалып, ғасырға бергісіз тірліктердің тындырылғанын жеткізді. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауға сәйкес еліміз алдына үлкен мақсаттар қойып отырғандығын, оның ішінде ауыл халқы үшін ең қуанышты жаңалық аграрлық салаға айтарлықтай көңіл бөлінгендігін, атап айтқанда, Қазақстан алдағы уақытта өзін әлемдегі алдыңғы қатарлы, озық технологиялы, жетекші аграрлық державаға айналуды мақсат еткендігін, ол үшін
коопе­ративтер санын арттыру, бизнеске несиелендіруді оңтайландыру, суармалы алқаптардың көлемін ұлғайту, көлік және транзиттік әлеуетті арттыру үшін тиісті жұмыс тетіктері іске қосыла бастағанын сөз етті. Әсет Асанұлы өзі жетекшілік ететін сала бойынша да жағымды жаңалықтарымен жұртшылықты қуантты. Республикадағы барлық жолдарға, олардың ахуалына, жөндеу жұмыстарына қандай көлемде қаражат жұмсалып, алда тағы қандай міндеттер белгіленгендігін бүкпесіз баяндап берді.
Комитет төрағасының сөз түйінінен түсінгеніміздей, Қазақстан соңғы жылдары транзиттік әлеуеті артқан алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кірген. Атап айтқанда, автомобиль және теміржол желісіне қойылатын әлемдік талапқа сәйкес біз бұған дейін жаһандық рейтингте 88-ші орында тұрсақ, соңғы 4-5 жылда 16 мемлекеттен оза шауып, 72-ші орынға өтіппіз.
2020 жылға қарай әлемдегі үздік 40 мемлекеттің қатарынан табылуға қауқарымыз бар көрінеді. Ол үшін биылдан бастап дамудың тың тетіктері іске қосылыпты. Мәселен, биыл, 4,6 мың шаршы шақырым жол қайта жаңғыртудан өтпек, 8 мың шақырым жол салынбақшы екен. Бір Қызылорда облысының өзіне 2017 жылы жолдарды қайта салу, жаңғырту мақсатында 8,2 миллиард теңге бөлініпті. Басқа да миллиардтаған теңгелер өзге облыстардың еншісіне бұйырып, қызу тірліктер басталғалы тұр екен. Осы жолдарды жөндеу жұмыстарының өзіне биыл 100 мың адам еңбекке жұмылдырылмақ.
Шиеліге келіп, халықпен жүздескен комитет төрағасына аудандық «Өскен өңір» газеті тарапынан біз де келесі сұрағымызды қойып өттік. Яғни: – «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының сапасы сыр бере бастағандай. Шиелі-Қызылорда арасындағы бірқатар учаскелерде жолдағы асфальттар толқынданып, ойылып кеткен. Жолдың бұзылған жерлері қайта жөнделеді ме? Алғашқыда осы жол салынып жатқанда стандартқа сәйкес екі қапталы қоршалады делінген болатын. Дегенмен, ол әзірге орындалмады. Осының әсерінен жолға сиырлар, жылқылар шығып кетіп, жол-көлік оқиғалары орын алып, кісі өліміне апарып соғуда. Жолдың қос қапталын қоршау қашан жүргізілмек? – деген сұраққа Әсет Асанұлы төмендегіше жауабын берді. – Біз жолдардың сапасы сыр бере бастағанын білеміз. Бұл жөнінде «ҚазАвтожол» АҚ мен келісіп отырмыз. Алдағы уақытта қосымша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Ал, екі қапталын қоршау жұмыстарын жүргізу үшін, аталған автожолды «Астана-Бурабай» бағытындағыдай ақылы жол етуіміз керек. Ол жолда жүру үшін жеңіл автокөлікке 1 шақырымына 1 теңгеден тариф белгіленеді. Жол ақысынан түскен қаржыға біз аталған жұмыстарды үйлестіретін боламыз. Айта кету керек, бұл жол ақылы болған кезде келесідей жеңілдіктер міндетті түрде қарастырылатын болады. Яғни, облыс аумағында тіркелген көліктер сол аймаққа тиесілі жолда ақысыз жүреді. Ал, басқа облыстың шекарасына өткенде жол тарифі іске қосылып, ақы төлеу міндеттелмекші. Түйін. Мәселен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы ақылы болған кезде Қызылорда облысы аумағындағы 800 шақырым жолда қызылордалық көліктер үшін ақы талап етілмейді. Арал мен Жаңақорған аралығында ақысыз жүйткуге құқыңыз бар. Ал, шетелдік және басқа облыстар үшін жол тарифін өтеу міндеттелмек. Сіз де басқа облыстың шекарасына өтсеңіз жолға ақы төлейтін боласыз.

Бұл әзірге жоба жүзінде.
Бұдан кейін жергілікті мәслихат хатшысы Ә.Оразбекұлы бүгінгі таңда бізді орталық Қазақстан аймағымен байланыстыратын ең төте және маңызды жолды салу өзекті мәселе болып отыр. Халық үшін бұл жолды салу аса қажет. Жезқазған-Қызылорда аралығындағы жолды қайта салу қашан жүзеге аспақ? – деді. Бұған комитет төрағасы ол жолды салу жоспарда бар екендігін, республикалық бюджеттен 2019 жылға тиісті қаражаты қаралып қойғандығын білдірді. Дегенмен, көлік комитеті тиісті ұсыныстарын беріп, жоспарды 2018 жылға өзгерткенін айтты. Келесі жылы Қызылорда-Жезқазған аралығында автожол қайта салынатынын айтты.
Осыдан кейін, аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров келесідей маңызды ұсыныстарын жеткізді. Яғни, бүгінгі таңда жолдың Шиеліге қарасты жерлерінен «Қазатомпром» АҚ-на қарасты қауіпті жүк тиелген ауыр көліктер жүретінін. Бұл көліктер Шиелінің Төңкеріс-Еңбекші аралығындағы бұрылыстардан айналып, жүк тасып жатқанын. Қауіпті жүк тиелген ауыр машиналар ерсілі-қарсылы жүйіткіген жеңіл көліктер үшін қауіпті екендігін, сондықтан жолдың үстінен немесе астынан өткел салу маңыздылығын қозғады. Бұдан бөлек, бұрынғы «Самара-Шымкент» жолының үстіндегі яғни, Нартай ауылына кіреберіс жолдағы көпір су өткізбей, айналаны ыза басып жатқандығын, ол көпірді қайта салу үлкен қаражатты қажет ететіндігін, осыған комитет тарапынан көмек берілсе деген өтінішін айтты. Сонымен қатар, бүгінде Шиелі-Қызылорда аралығында жеке азаматтардың Хундай, Газель, Спринтер секілді екі есікті көліктері жолаушы тасымалдау қызметін жүргізіп жатқанын. Жолаушы тасымалдайтын көліктерге қойылған талап негізінде 4 есікті болуы қажет. Осыған байланысты ҚР-ның қолданыстағы Заңына тиісті талаптар енгізілсе деген ұсынысын білдірді.
Комитет төрғасы ұсынылған мәселелердің расында өзекті екендігін айтты. Төңкеріс-Еңбекші бағытындағы айналма жолдардан қауіпті жүк тасымалы жүріп жатқандығынан хабары бар екендігін білдірді. Бұл бойынша «Қазатомпром» АҚ мен тиісті келісімдер жасалғанын жеткізді. Нартай ауылына кіреберіс көпір­дің құжаты әзірленіп, тиісті жоба-сметасы ұсынылса, қажетті көмек жасауға ықпал ететіндігін білдір­ді. Ал, жолаушы тасымалдау мәселесіне байланысты республика көлемінде тиісті талаптарды сақтау үшін көлік инспекциясы, ішкі істер министрілігімен бірігіп, тиісті заңнама тұжырымдамасын әзірлегендігін, алдағы уақытта бұл тұжырымдама заң шығарушы органға ұсынылатынын жеткізді.
Республикалық ақпараттық түсіндірме тобымен өткізілген шарадан мол мәлімет алып, еліміздің таяу болашақтағы даму жоспарымен таныстық. Жолдар жаңарып, транзиттік әлеуетіміз артып, баяғы Жібек жолының даңқын қайта жаңғырту бағытында белсенділік танытып жатқан еліміздің бағыты әбден дұрыс. Тоғыз жолдың торабына айналған Қазақстан таяу болашақта әлемдік экономиканың күре тамыры болып саналатын сауда айналымына қажетті транзиттік хаб ретінде өзіндік салмағын арттырып, төрткүлге түгел танылып жатса, одан біздің ауданның да өз игілігін көрмек.

2017 жылғы 1 ақпандағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,71 трлн. теңге болды.

2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 421,25 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,99 мың бірлік болды.

2017 жылғы қаңтарда түсімдердің жалпы сомасы 61,2 млрд. теңге болды. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 0,4 млрд. теңге болды.  

2017 жылдың басынан бастап салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 10,79 млрд. теңге болды.

2017 жылғы қаңтарда БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерінің сомасы 43,14 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2,09 млрд. теңге болды.

Салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы (оның ішінде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

3 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. Мәселен, 202 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірмелер алады, ал 2,8 миллион адам сайт немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады. 2017 жылғы қаңтарда соңғылардың қатарына хабарлау тәсілін өзгерту туралы қосымша келісімге қол қойған 134 110 салымшы (алушы) қосылды.   

Ұялы қосымшаны жүктеп алу саны бір ай ішінде 65,4 мыңға дерлік көбейіп, жүктеу саны 575,1 мың болды. 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткіштің 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.  

2017 жылғы 1 ақпанда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 367 мың үзінді көшірме берілген.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзі келіп, не болмаса 1418 тегін нөміріне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтік желілер, «кері байланыс» нысаны және Қордың корпоративтік сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзін қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

 

БЖЗҚ әрбір салымшының (алушысының) қамын ойлап, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және ақпарат берудің қосымша ыңғайлы жолдарын жасауға күш салуда. БЖЗҚ-ның салымшылармен қарым-қатынас орнату тәсілдерінің бірі – салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін «Мобильдік кеңсе» жобасы. Осы жобаның аясында барлық өңірде БЖЗҚ мамандарынан өздері барып қызмет көрсететін топтар құрылды. Қор қызметкерлері салымшы (алушы) үшін ыңғайлы кеңес беру уақытын және орнын белгілейді, мүмкіндігі шектеулі жандарға БЖЗҚ деректер базасына енгізу және Қор филиалдарының қызметкерлермен жұмыс бөлімі қызметкерлерінің оларға қызмет көрсетуі үшін қажетті құжаттар топтамасын жинап, Қорға жеткізуге көмектеседі.

2017 жылғы қаңтарда Қор қызметкерлері төлемдер алуға құқылы, бірақ БЖЗҚ-ға келіп өтініш жасамаған І, ІІ топтардағы мүгедек (мүгедектігі мерзімсіз белгіленген) 1 554 алушымен байланысқа шықты. Олар бойынша 3 248 операция жасалды. Сондай-ақ, осы кезеңде мобильдік агент жиынтығын (ноутбук, модем, МФУ) пайдалана отырып, барып қызмет көрсету бойынша 466 іс-шара қолға алынып, 13 089 операция жасалды.     

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

ЖҮЙРІК БОЛСАҢ ЕСЕПКЕ, ЕСЕҢ КЕТПЕС ЕШКІМГЕ

Соңғы кездері білім саласында жаңалығы мол реформалар жүріп жатыр. Елбасы Жолдауында да бұл салаға арнайы тоқталып, көптеген іргелі істерді атқаруға жол ашатын тапсырмалар жүктеді. Білім саласындағы өзекті мәселенің бірі – ментальды арифметика. Ауданымызда өткен жылдан бастап «Ментальды арифметика» мектебі ашылған болатын.

Бүгінгі таңда осы мектепте 40-қа жуық бала білім алуда. Ментальды арифметика 6-16 жастағы балалардың қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамытатын әдістеме. Осы әдістеменің көмегімен бала күрделі арифметикалық амалдарды калькулятордың көмегінсіз бірнеше секундта ойда есептеп шығара алады. Ментальды арифметиканы меңгерген бала миының екі жарты шары бірдей жұмыс істейді, яғни, логикасы мен ұшқыр қиялы бір уақытта дамиды.
Жуырда Астана қаласында ментальды арифметикадан ІV республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданы Нобель мектебінің директоры Әлімжан Пазылов ұйымдастырды. Әр облыстан 600-ден аса оқушылар қатысқан білім жарысына біздің ауданымыздан 3 оқушы барып қайтты. Олардың ішінде Ақшолпан Нұрмағанбетова жетекшілік жасайтын №219 мектептің оқушысы Нұршапағат Көшерова жүлделі 1 орынды жеңіп алса, №244 мектептің оқушысы Кәусар Асылханқызы 3 орынды місе тұтты. Жеңімпаз оқушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз. Сондай-ақ, ауданымызда соңғы уақытта білім саласында ілгерілеушілік пен ізденімпаздылық байқалады. Десек те, аудан оқушылары бұл жетістікке тоқмейілсімей, әлі де білім саласында бағындырар белестерін тоқтатпай, жалынды жігерімен, дарындылығымен алға ұмтылуы керек.

ЖАСТАРҒА ЖЕҢІЛДІКТЕР КӨП

Кеше аудандық «Салтанат сарайында» «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауын аудан жастарына түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өтті. 

Кездесуге облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан Меңлібаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жасұлан Алдабергенов, «Нұр Отан» партиясы жанындағы облыстық «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Аблай Сабанбаев қатысып, сөз сөйледі. Аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов жүргізген кездесуде жастарға қатысты келелі мәселелер көтеріліп, өз кәсібін өркендетемін дегендер үшін мамандар түрлі бағыт-бағдар ұсынып кеңес берді. Сондай-ақ, Жолдауда айтылған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту турасында сөз қозғалып, мемлекеттің 16 миллионға дейін несие бергелі отырғанын, оның халық әлеуетін көтеріп, елде жұмыссыздардың саны азаюына едәуір септігі тиетінін атап өтті. Жолдауда жастарға айтылған кәсіптік білім алу, айти технологияға ден қою, ұлттық тәрбие, тіл, дін барлығы кездесуде кеңінен түсіндіріліп, жиналған халыққа ұғынықты етіп жеткізілді. «Қазақстанның 30 елдің қатарына жуық арада кіруі үшін бірінші кезекте білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі мемлекетіміздің басты бағыты. Сол себепті баламыздың қай салада болсын бірінші болуын осы бас­тан қолға алуымыз керек», – деді А.Есмаханов. Кездесу соңында, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Жібек Баймұратова баяндама жасап, жиналған халық көкейдегі сұрақтарына жеткілікті жауаптарын алды.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы ақпарат

Жер реформасы бойынша Комиссияның жер заңнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заңнамалық реттеу мақсатында, Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2.  Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектеу (ең жоғары) мөлшерін белгілеу;

3. Шекара маңындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудің талаптарын қатаңдату;

4. Халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маңындағы жайылымдардың алаңдарын анықтау.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудің бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердің және Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.

Конкурстың жеңімпазын анықтайтын конкурстық комиссияның құрамына қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерінің жалпы санының  50 % астамын құрайды.

Берілетін жерлердің ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заң жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудың алғашқы 5 жылында – жыл сайын,келесі кезеңдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде – әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерінің үлкен мөлшерін  «бір қолға» беруге жол бермеу мақсатында, заң жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және  әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.

Бұдан басқа, Заң жобасымен Мемлекеттік шекараның  шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және шетелдіктердің қатысуы бар заңды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардың жетіспеу проблемасын шешу үшін заң жобасымен елді мекендер маңында тұрғындардың жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заң жобасымен жер комиссисының статусын анықтау, жер учаскесінің бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерінің нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексінің нормаларын жетілдіру қарастырылады.

 Жоғарыда аталған нормаларды қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды және ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалануға жол ашатын болады. 

ШИЕЛІЛІК ОҚУШЫЛАР ЖАРАП ТҰР

Апта басында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев білім, спорт салалары бойынша облыстық, республикалық байқауларда жүлдемен оралған оқушыларды қабылдады.

Бірінші болып әкімнің қабылдауында облыстық пәндік олимпиаданың жүлделі орындарын иеленген 11 оқушы болды. Бұл оқушылардың жеткен жетістіктерінің нәтижесінде ауданымыз олимпиада көрсеткіштерінен 78,5 пайызбен облыс бойынша бірінші орынға шықты. Аудан басшысы жеңімпаздарды құттықтап, болашақ ел басқаратын жастарға ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, наурыз айында Ақтау қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алған Елена Пак пен Аида Мұхамедалиеваға сәттілік тіледі.
Одан соң Қ.Сәрсенбаев қазақ күресінен 2000-2001 жылғы азаматтар арасындағы республикалық чемпионатта 46 келі салмақта сынға түсіп алтын медальды иеленген Жандос Әбубәкірді қабылдады. Қазіргі уақытта Жандос қытайда өтетін Азия біріншілігіне дайындық үстінде.

ШИЕЛІЛІК ЖЕТКІНШЕКТЕР ТАҒЫ ДА БИІКТЕН КӨРІНДІ

Елбасымыз «Мәңгілік ел» идеясын ұсынғалы бері егемендігімізді еңселі, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету мақсатында көптеген шаралар атқарылуда. Осы орайда Қызылорда қаласында «ЭКСПО тарихы» тақырыбында оқушылар арасында облыстық сайыс өткізілді.

Қызылорда облысының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» патриоттық актісін ілгерілету аясында өткізілген шараға 9-10 сынып оқушыларынан жасақталған 11 топ қатысты. Аталмыш байқауға қатысқан №46 мектептің оқушылары «Егемен елдің ертеңі» аталымы бойынша марапатталып, шиелілік оқушылардың қашанда биікте болатынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Топты жасақтап, сайысқа дайындаған аты аталған мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлнәр Әбдіхалықова екенін айта кеткен жөн.

БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенін еске саламыз) электрондық хабарлау тәсілін таңдаған, олардың ішінде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтік сайты немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жетті.    

2017 жылғы 1 қаңтарда «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгізілген сәттен бастап электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.

Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілдерінің мынадай түрлерінің біреуін таңдайды:

- БЖЗҚ-ға өзі келіп өтініш жасайды;

- электрондық пошта арқылы;

- электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тіркелген логинін және парольді пайдалана отырып, БЖЗҚ сайты арқылы электрондық хабарлау тәсілін;

- пошта байланысының қызметі арқылы.

Электрондық хабарлау тәсілінің өте ыңғайлы екендігіне баса назар аударамыз. Себебі әрбір салымшы (алушы) өз жинақтары туралы ақпаратты дәл осы жерде және осы уақытта алады, тек online болса болғаны.

Электрондық хабарлау тәсілін таңдаған БЖЗҚ салымшы (алушы) өз зейнетақысын бақылауға, есептеуге және жоспарлауға мүмкіндік беретін серпінді әрі заманауи құралдарға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар планетамыздың жасыл қорына қомақты үлесін қосады.   

А4 форматында 11 500 парақ шығару үшін бір ағаш кесіледі. Біз жылына үзінді көшірмелер салынған 2,2 миллион конверт жібереміз, яғни ол үшін 380-ге жуық ағашты пайдаланамыз.

Дәл осы кезде, электрондық поштасына үзінді көшірме алатын 206 349 салымшы жылына 36 ағашты сақтап қалады екен. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы электрондық хабарлау тәсілін таңдаған 2,6 миллион адам жылына 450-ден астам ағашты сақтап қалады.   

Анықтама:

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

ОБЛЫСТЫҢ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ КАРТАСЫ АЯСЫНДА 27 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСҚАН

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халықпен есепті кездесуінде осы мәліметтерді атап өтті.

Аймақ басшысының сөзіне сүйенсек, облыстың индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 27 жобаның бүгінде 21-де өнім өндірілуде екен. Жаңа кәсіпорындарда бүгінгі күні мыңнан аса адамның еңбек етіп жатқанын атап өту керек. Бұның жақсы көрсеткіш екенін аймақ басшысы тілге тиек етті. Сондай-ақ,  жобаларды жүзеге асыру туралы шешім қабылдар кезеңде барлық тәуекелді ескеру қиын екендігін айтып,  Карта шеңберінде жүзеге асырылған 6 жоба бойынша оларды жоспарлы қуатына жеткізу үшін дербес  жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

– Мысалы, біз Жалағаштағы мия тамырын өңдеу жобасы бойынша инвесторды алмастырдық. Жаңа инвестор жаңа қондырғыларды алып келді. Біз зауытқа шикізатпен көмектестік. Нәтижесінде 2017 жылдың қаңтарында алғашқы 20 тонна өнімді экспортқа (ҚХР) жібердік, – деп мәлімдеді облыс әкімі.

Кәсіпкерлерге көрсетілетін қысым азаяды

 

Бизнесті қайта реттеу бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан көрсетілетін қысымды төмендетеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Ғалия Жолдыбаева мәлім етті.

Ол Мемлекет басшысының бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шараларды әзірлеу міндетін анықтағанын және бақылау-қадағалау функцияларының санына ауқымды тексеру жүргізуді тапсырғанын еске салды.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін Кәсіпкерлік кодекске, салалық заңдарға қайталанатын бақылау және қадағалау салаларын алып тастау және тексеру жүргізудің жалпы тәртібіне жатпайтын салаларды ауыстыру бойынша түзетулер әзірленетін болады», – деп мәлімдеді Ғ.Жолдыбаева.

Оның айтуынша, ревизия кәсіпкерлік субъектілеріне бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан қысымды азайтуға мүмкіндік береді, мемлекеттік бақылау мен қадағалау заңнамасын жетілдіруді қамтамасыз етеді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы құрамдағыштарды алып тастауға жәрдемдеседі, сондай-ақ елде кәсіпкерліктің дамуына жаңа серпін береді.

Сонымен қатар, бизнесті қорғау және қолданыстағы әкімшілік кедергілерді жою мақсатында министрлік мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне тұрақты негізде тексерулер жүргізеді. Олар бизнеске ең көп қысым көрсететін субъектілерге бағытталған.

«2016 жылғы тексеру нәтижелері мемлекеттік органдардың бизнесті қолдау бағдарламаларын іске асыру кезінде, сондай-ақ бизнес субъектілерінің қызметін реттеу кезінде олардың құқықтары мен заңды мүдделерін өрескел бұзғандығын көрсеткен. 2016 жыл бойынша мемлекеттік мекемелердің басшыларына қатысты 4,8 млн. теңге сомасына 46 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған (бүгінгі күні 38 хаттама бойынша соттармен 4 млн. теңге сомасына айыппұл ретінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылар шығарылды), 40-тан астам лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған», – деп атап өтті департамент директоры.

Астана агломерациясын дамытуға арналды

Астана агломерациясын дамытуға арналды

Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы мен оның агломерациясының тұрақты дамуы жөніндегі кеңестің қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Брифингке «Қалалық шешімдер бюросы» ақпаратты-талдамалық орталығының директоры Дәурен Қайсаров, Астана әкімшілігі жанындағы «Elorda Aqparat» ЖШС медиа холдингінің бас директоры Қайсар Жұмабайұлы, кеңес хатшылығының басшысы, Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Ақмарал Байтемірова мен  кеңес хатшысы Алмасбек Жанәбілов қатысып, жаңадан құрылған кеңестің қызметі мен міндеті туралы кеңірек айтып берді.

Д.Қайсаровтың айтуынша, кеңестің басты міндеті – қала мен оның агломерациясын тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру,  елордадағы қызметтер алдында тұрған кешенді мәселелердің шешімін іздеу, қаланың экономикалық әлеуетін және инвестициялық қызығушылығын дамыту мен жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге қолдау көрсету.

         –«Тұрақты даму» ұғымының  өзі бес бағытта жұмыс істейді, – деді ол әрі қарай, – Оған экономикалық, экологиялық тұрақтылық, тұрақты инфрақұрылым, энергетика және инновация, әлеуметтік тұрақтылық, бәсекеге қабілеттілік және стратегиялық тұрақтылық сияұқты бағытта кіреді. Жақында қала әкімінің төрағалығымен кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Оның құрамына осы мәселелермен айналысып жүрген 63 сарапшы мүше болды. Жиында қаланы дамытуға арналған көтпеген мәселелер қаралды.

Брифингте Астана қаласы әкімінің кеңесшісі кеңес алдағы уақытта да қаланың агломерациясын дамытатын қозғаушы күш болып, халықтың көптеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуге атсалысатын органға айналатынын атап өтті.   Оның айтуынша, қазір қаланың сәулеті мен дәулеті жыл сайын дамып жатқанымен шешілмеген көптеген проблемалар бар. Соның ішінде бала-бақша мен мектептерде орындардың жетіспеушілігі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, адамның денсаулығын сақтау  сияқты мәселелер күн тәртібінен түспей отыр.

 – Жақында қала әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кеңестің алғашқы отырысында Астананы 2020 жылға дейінге даму Стратегиясы жарияланды. Сонда әлеуметтік маңызы зор 15 жобаны іске асыру туралы шешім қабылданды. Бұл жобалардың көбісі әлеуметтік проблемалар,ға арналған. Сондықтан «жұмыла көтерген жүке жеңіл» дегендей, алдағы кезде қоғам белсенділерімен, өз ісмін жақсы білетін сарапшыларымен бірге жұмыс істесек қаланы жан-жақты дамытуға толық мүмкіндігіміз бар, – деді ол.

Ал «Elorda Aqparat» ЖШС медиа холдингінің бас директоры Қайсар Жұмабайұлы жиында өзі жетекшілік ететін мекеменің қызметін таныстырып, болашақта ақпарат саласы бойынша Астанананың дамуына қолда бар мүмкіндікті жасайтынын айтты. 

 

ОБЛЫСТЫҢ БАС АҚЫНЫ 80 ЖАСТА

Сыр өңірі — талант пен өнерге бай өлке. Ел арасында «жыр елі» аталып кеткен мекеннен талай шайыр, жыр дүлдүлдері түлеп ұшты. Сондай Сыр елінің мақтанышына айналған ақын – Махамбетқали Тұрсанов.

Бүгін Бәйгеқұм ауылында облыстың бас ақыны, көптеген шығармашылық еңбектердің авторы Махамбетқали Тұрсановтың 80 жасқа толу мерейтойына арналған «Сымбатты сырдың жүйрігі, Махамбетқалиі халықтың» атты кездесу кеші өтті. Ондаған жыр-дастан, кітаптарымен оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленіп жүрген жерлес ақынды ауыл тұрғындары, әсіресе, мектеп оқушылары мерекедегідей әсем безендірілген клубта бауырмалдық ыстық жүректерімен, гүл шоқтарымен қуана қарсы алды. Салтанатты кешке аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қатысып, ақынды мерейтойымен құттықтап, иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

1937 жылы 1 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданыМұстафа Шоқай ауылында туылған.  М.Тұрсанов мәдениет саласында  көп жылдар бойы еңбек етіп, әсіресе, облыста айтыс өнерінің дамуына, баба мұрасын ұрпақтардың жалғастыруына мол үлес қосқан. 1974 жылдан Шиелі ауданы Бәйгеқұм бекетінде кәсіптік техникалық училищеде, кеңшарларда сан салалы қызметтер атқарған. 1986 жылдан зейнетке шыққанша аудандық мәдениет бөлімінде еңбек еткен.  1979, 1980, 1982, 1985, 1987, 1988, 1990 жылдары Қызылорда қаласында өткен дәстүрлі облыстық ақындар айтысының жүлдегері. Ол 1983 жылы Талдықорған, 1984 жылы Алматы, 1986 жылы Орал, 1987 жылы Павлодар, 1990 жылы Қазақстан Республикасының 70 жылдығына арналған Алматыда өткен айтыстарға қатысып, І дәрежелі дипломдармен марапатталған.

Ақынның мерейтойына оның шәкірттері Кенжебай Жүсіп, Рахматулла Жолтаев, Талғат Күзембаев, Ержан Әміровтер арнайы қатысып, ұстаздарына деген жылы лебіздерін білдіріп, арнау өлең оқыды. Сондай-ақ кеште Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры, аудандық мәслихат депутаты М.Дүйсенов құттықтау сөз сөйлеп, шынайы ықыласын білдірді. Кеш  керемет әсерлі мазмұнды өтіп, көрермен шынайы демалып қалды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 6-3/597 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, суармалы су беру бойынша көрсетілетін қызметтерге субсидия алу үшін өтінімдерді қабылдау туралы хабарлайды.

  1. Субсидия алуға өтінімдер ағымдағы жылдың 20 мамырынан басталады.
  2. Субсидия алуға өтінімдер ауыл шаруашылығы басқармасына әр айдың 5 мен 25 аралығында жолданады. Өтінімдерге су берушілермен суармалы суды беру жөніндегі қызмет көрсету актісі қоса жалғанады.
  3. Субсидия алуға өтінімдер ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін қабылданады.
  4. Субсидия алуға өтінімдер 12003, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 1, Облыстық мекемелер үйі, Ауыл шаруашылығы басқармасы, 2 қабат мекен-жайы бойынша қабылданады.

Байланыс телефондары: 60-54-42, факс: 60-54-42, n.zhumabekov@korda.gov.kz

Шиелі ауданының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2017 жылы Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына берілетін субсидиялар ( минеральды тыңайтқышқа, гербицидке, басым дақылдарға, тұқымға, жылыжайға) жөнінде хабарлама

Шиелі ауданының Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2017 жылы Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына  берілетін субсидиялар ( минеральды тыңайтқышқа, гербицидке, басым дақылдарға, тұқымға,  жылыжайға) жөнінде

хабарлама

        Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабының 3 тармағын  басшылыққа ала отырып:       

-         Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

«Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»  № 4 – 4 /305 бұйрығын  басшылыққа ала отырып, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минеральды тыңайтқышқа Мемлекет тарапынан субсидияланытын минеральды тыңайтқышқа  құжат қабылдау , Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі: 

  1. -30.09 2017 жылдың  аралығы.

     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің  «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында  ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң,  биоагенттердiң (энтомофагтардың) жән  биопрепараттардың құын субсидиялау»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 15-1/522 бұйрығынбасшылыққа ала отырып, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне  Мемлекет тарапынан субсидияланытын гербицидке  құжат қабылдау , Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:  01.06 -30.09 2017 жылдың  аралығы.

  -  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Басым дақылдар өндiрудi  субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы  мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай  материалдарының және көктемгi егiс пен  егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін  қажеттi басқа да тауарлық-материалдық  құндылықтардың құнын субсидиялау»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/423 бұйрығынбасшылыққа ала отырып, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минеральды тыңайтқышқа Мемлекет тарапынан субсидияланытын  басым дақылдарға   құжат қабылдау , Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:    05.06 -10.12. 2017 жылдың  аралығы.

         -  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау»  Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығын. басшылыққа ала отырып, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минеральды тыңайтқышқа Мемлекет тарапынан субсидияланытын минеральды тыңайтқышқа  құжат қабылдау , Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:  05.06 -10.12. 2017 жылдың  аралығы.

         -  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  «Ауыл шаруашылығы дақылдарын  қорғалған топырақта өңдеп өсіру» 2015 жылғы 24 тамыздағы № 226 қаулысын

басшылыққа ала отырып, «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне минеральды тыңайтқышқа Мемлекет тарапынан субсидияланытын минеральды тыңайтқышқа  құжат қабылдау , Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:  01.03 - 25.12. 2017 жылдың  аралығы.

  Байланыс телефоны: 4-21-50

 мекен жайы: Рысқұлов көшесі 6А

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 700 қаулысы басшылыққа алынып субсидия алушылардың өтінімдерін қабылдау басталғандығы жөнінде хабарлайды.

Мекен-жайы: Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі, 6а. Тел: 4-33-63.

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы «26» қаңтардағы №700 қаулысымен бекітілген

Субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер

Субсидиялау бағыттары

1 бірлікке арналған субсидия нормативтері, теңге

Мал шаруашылығы

1.

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

4000

Етті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу     

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған ірі қара малдың аналық басы

18000

2)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

20000

2.

Асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малды сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

154000

3.

Сиыр еті өндірісінің құнын арзандату

1)

1- деңгей

300

2)

3-деңгей

100

Сүтті бағыттағы мал шаруашылығы

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

асыл тұқымды ірі қара малдың аналық басы

20000

2.

Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу

1)

отандық асыл тұқымды ірі қара мал

154000

3.

Сүт өндірісінің құнын арзандату

1)

1- деңгей

37

Қой шаруашылығы

1

Шаруа (фермерлік), жеке қосалқы шаруашылықтарда және өндірістік кооперативтерде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1000

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

1)

тұқымдық түрлендірумен қамтылған қойлардың аналық басы

1500

2)

асыл тұқымдық зауыттар мен шаруашылықтардағы асыл тұқымды қойлардың аналық басы

1500

3.

Асыл тұқымды еркек тоқтылар мен тұсақтарды сатып алу

8000

4.

Қой еті (қозы еті) өндірісінің құнын арзандату

1)

1-деңгей

200

2)

2-деңгей

100

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқыларды сатып алу

40000

2.

Жылқы еті өндірісінің құнын арзандату

92

Түйе шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды түйелер сатып алу

37000

2.

Түйе еті өндірісінің құнын арзандату

90

БЖЗҚ

Зейнет жасына келіп қалған адамдар мен зейнетке шығып қойған зейнеткерлерді зейнетақы есебіндегі жыл сайынғы өзгерістер толғандыратыны сөзсіз. Сіз үшін бұл қиын ба? Біз сізге осы мәселенің шешімін табуға көмектесеміз. Сол үшін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу мен алу тәртібіне қатысты ең өзекті сауалдарға берілетін жауаптарды Сіздің назарыңызға ұсынамыз. 

Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне кімнің құқығы бар?

Белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МКЗЖ) есебіненБЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдеріне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- 63 жасқа толған ерлердің, 58 жасқа толған әйелдердің (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда); 

 - егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердің құқығы бар.

Зейнет жасына толғанда және бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу үшін қандай құжаттар керек?

Жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған немесе бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген кезде зейнетақы төлемдерін алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті ресімдеу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барып, өтініш жасай алады.Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтерді алып келеді. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.   

Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш берілгеннен кейін БЖЗҚ қанша уақыт ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады?

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетін құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы қалай есептеледі?

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілгенБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларынасәйкес кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқанзейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледі және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төмен зейнетақы мөлшері28 148 теңге болды, соған сәйкес зейнетақы төлемдерінің сомасы  844 440 теңгені құрайды(30*28 148);

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілгенЗейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіндісі ретінде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы – ерлерде 8,067 млн. теңгеден артық болған, ал 58 жастағы алушы – әйелдерде 8,963 млн. теңгеден артық болған жағдайда осы есеп қолданылады. 

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болса (2017 жылы - 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса (2017 жылы – 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бірге төленеді.

БЖЗҚ белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық мөлшерін жыл сайын өз бетінше Қағида ережелерін ескере отырып, қайта есептейді.

Зейнетақы төлемдері қандай валютамен жасалады?

БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерін:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында екінші деңгейдегі банктерде/банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезінде тек ұлттық валютамен;
  2. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аудару кезінде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублімен аударады.

Зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?

Зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық салынатын табысқа жатады (ҚР Салық кодексінің 160-бабы). Зейнетақы төлемдеріне ҚР Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салық шегерімдерінің сомасы ескеріле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Мысал ретінде ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшеріндегі кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерін қарастырып көрейік  (30*28 148 = 844 440 теңге).

Кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушы – зейнет жасына толған резидент тұлғалар – БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан салық шегерімдеріне құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 170-бабы). Демек, ЖТС салық шегерімдері қолданыла отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының  сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшеріне тең. 2017 жылы бұл көрсеткіш – 24 459 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома – 293 508 теңге (12*24 459). 550 932 теңге (844 440 - 293 508) сомасына ЖТС салынады.  ЖТС мөлшері – 55 093,20 теңге (844 440 - 293 508) * 10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 - 55 093,20) мөлшеріндегі сома аударылады.

Бұдан басқа, салық жеңілдіктері қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшін ағымдағы қаржы жылына белгіленгенең төмен жалақының 75 еселенген мөлшері шегінде ЖТС-қа түзету көзделген (75*24 459 = 1 834 425 теңге).

Мұндай тұлғаларға:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;
  • I, II, III топтардағы мүгедектер;
  • мүгедек бала;
  • «мүгедек бала» санатындағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
  • «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына, оның ата-анасының бірі, қорғаншысы, қамқоршысы;
  • асырап алған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуі жатады.

ҮНДЕУ – ЕЛ ҮНІ

«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Мейірім» бастауыш партия ұйымында Елбасының халыққа үндеуін талқылауға арналған жиын өтті.  

Басқосуға «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиа­лы төрағасының бірін­ші орын­басары П.Маханбет, ақпа­рат­тық-насихаттық топ мүше­сі Ә.Ноғайбаев, «Мейірім» БПҰ-ның төрағасы Г.Бердиева мен мекеме ұжымы қатысты. П.Шаймерденқызы Мемлекет басшысының рес­пуб­ликалық телеарналардан елдің мүддесі мен заманның талабына сай келетін билік тармақтарын қайта бөліп, жауапкершілікті арттыру жөнінде жариялаған үндеуіне тоқталды.
– Елбасы өз үндеуiнде айтылған мемлекеттiк басқаруды кезең-кезеңмен iске асыру, қуатты мемлекет құру идеясы «100 нақты қадам» ұлт жоспарындағы бес институционалдық реформада атап өткен болатын. Ендi әлеуметтiк-экономика саласындағы жауапкершiлiк Үкiмет пен Парламентке жүктеледi. Шындығында, бұл – дұрыс қадам. Билiк өкiлеттiгiн бөлу ашық мемлекет құруды көздей­дi, – дедi П.Маханбет. Одан соң сөз алған Ә.Ноғайбаев Үкімет пен Парламенттің жауапкершілігін арттырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша мән берген Президенттің үндеуін демократия жемісі деп бағалады. Жиын барысында қатысушылар тарапынан көптеген пікірлер ортаға салынды. Жалпы, Елбасы үндеуі елдің дамуына тың серпіліс беретініне сенім мол.

ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН

Ақпан айының алғашқы күні «Салтанат сарайында» аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Шиелі халқының алдында өткен жылы атқарған жұмыстарының есебін берді. Есепті кездесуге облыс әкімінің орынбасары Е.Ким, мәслихат депутаттары және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері, сондай-ақ, аудан жұртшылығы қатысты. 

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев алдымен Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуіне кеңінен тоқталып өтті. Сонан соң 2016 жылы әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытында жасалған жұмыстарды баяндап шықты.

Аудан басшысының хабарламасына сүйенсек, өткен жылға арналған аудандық бюджет әуелгіде 10 млрд. 532 млн. теңге көлемінде бекітілген екен. Дегенмен, жыл көлемінде бюджетті арттыру бағытындағы нәтижелі жұмыстардың арқасында аудандық бюджет жыл қорытындысымен несиелерді қоса есептегенде 14 млрд. 948 млн. теңгеге жеткен. Өнеркәсіп орындарында да табысты жұмыстар атқарылған. Кәсіпкерлік саласында да ілгерілеушілік бар. Өткен жылы ауданымызда шағын кәсіпкерліктің 4265 субъектісі тіркелген. Бұл салада 7269 адамның жұмыс жасайтындығын айта кеткен жөн. Ауданда 7 мыңдай адамға тұрғын үй салуға жер беру мәселесі 5-6 жылдан бері шешілмегендіктен өткен жылы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен инженерлік-инфрақұрылым құрылысын салуға ЖСҚ әзірленіп, тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер тапсырылған болатын. Нәтижесінде, ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 6 елді мекенге 2,9 млрд. теңге бөлініп, Шиелі кентіндегі Ақорда, Бәйтерек, Береке, Шұғыла мөлтек аудандарында, Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Бидайкөл, Ы.Жақаев және Алғабас елді мекендерінде 69 шақырым ауызсу құбыры, 73 шақырым тастақты жол, 141 шақырым электр желісі жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, балық және құс шаруашылығын дамытуға да ден қойылған. Егіс көлемі де едәуір артқан. Сыр өңірінің негізгі дақылы саналатын күріш аудан бойынша 11150 гектарға егіліпті. Соның әр гектарынан 59,2 центнерден өнім алынып, аудан қамбасына Сыр салысының 66008 тоннасы жиналды. Мал басында да, құс санында да өсім бар.
Осы негізде хабарлама жасаған аудан әкімі Қ.Әубәкірұлы Шиелінің күннен-күнге жаңарып, жасарып келе жетқанын тілге тиек етті. Расымен де көшелер жөнделіп, жарықтандыру мәселесі де шешімін тапқан. Білім мен мәдениетте де, спортта да ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жеткілікті. Мектептер мен мәдениет үйлері қайта соғылып, бірқатары күрделі жөндеуден өткізілді. Төңкеріс, Ақмая, Еңбекші ауылдарында амбулаториялық емхана соғылды. Бизнестің тізгінін ұстап, өз ісін ашып кәсіппен айналысатындардың да қатары көбейіп келеді.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Е.Ким сөз сөйлеп, Шиеліде толағай табыстарға бастайтын тірліктердің атқарылып жатқанын айтып өтті. Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауына тоқталып, алдағы тұрған міндеттерді саралады.
Өткен жылғы атқарылған шаруаларға аудан халқы да разы. Оны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Оразымбетов, ақмаялық ардагер К.Палмағанбетов, мәслихат депутаты А.Әбдіқадырова, кент тұрғыны В.Кияева, аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ә.Мұратұлы сынды көпшіліктің атынан сөз сөйлеп, оңтайлы бағасын бергендердің жылы лебізінен ұғындық. Жалпы, бұған дейінгі 22 ауылдық округ пен кент орталығында жұрт алдында атқарған жұмыстарының есебін берген аудан әкіміне халық ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырған еді. Бұл жолы да солай болды. Елдің алғысын арқалағанның болашағы жарқын болары сөзсіз.

ИРАНДЫҚ ДЕЛЕГАТТАР ШИЕЛІГЕ КЕЛДІ

Бүгін Шиеліге Иран Ислам Респубикасы Мазандаран провинциясы губернаторының орынбасары Алиреза Юнеси бастаған бірнеше басқарма басшылары мен кәсіпкерлерден құралған делегация іс сапармен келді. Айта кету керек бұған дейін бірнеше уақыт бұрын екі елдің басышылары кездесіп, Иран-Қазақстан экономикалық әріптестігін ілгерілету бойынша бірқатар келісімдерге қол қойған болатын. Осының нәтижесінде Ирандық компаниялардың жетекшілері мен жауапты басқарма басшыларынан құралған бизнес құрылымдарынан жасақталған делегация Қазақстанға оның ішінде Қызылорда облысына ат басын бұрып отыр.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға ауыл әкімдері, ауыл шаруашылық құрылымдары мен бөлім басшылары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Кездесудің басты мақсаты Қызылорда-Мазандаран арасындағы байланысты нығайту, аймақтан екі тарапқа тиімді өндіріс орындарын ашып, инвестиция салып, бірігіп жұмыс жасау болды.

Жиын барысында бірінші болып сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев қонақтарға Шиелінің экономикалық әлеуетін, халқының шұғылданатын кәсібін, табиғатын, Шиелінің ерекшелігін айтты. Атап айтқанда аудан ауылшаруашылық, кәсіпкерлік салаларында жемісті жұмыстар жасап жатқанын баяндады. Шиеліде 80 мыңның үстінде халық тұратындығын, 3,5 млн га жуық жері бар екендігін, 28 мың га егістік алқабында күріш,бидай, малазғындық жем-шөп, бақшалық дақылдар егілетіндігін жеткізді.

Мал және құс өсіріп, өнімін өндіру, сату, ірілі ұсақты зауыттар салынып жұмыс жасап жатқанын тілге тиек етті. Сонымен қатар егер ирандық кәсіпкерлер ауылшаруашылығына қызығушылық танытып, инвестиция салғысы келсе, Шиеліден жер және еңбек ресурсы молынан табылатындығын айтты. Осы мақсатта ауылшаруашылығын бірлесе игеру үшін   көлемі 22 мың га аймақты құрайтын егіс алқабын қайта қолданысқа енгізіп, инвестиция салуды ұсынды. Бұл жерлер бір кездері сурамалы егістік болып, бертінірек қолданыстан шығып тұрғанын, егер тиісті каналдарды қайта қазып, қашыртқылар, жолдар салып, егін егілсе, мол өнім алуға болатындығын айтты. Аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Шиелінің тек аграрлық секторда ғана емес басқада өндіріс саласында қарқынды дамып жатқандығын, Қытайлық кәсіпкерлермен бірлескен «DanAke» корпарациясы жылына 1 млн тонна цемент өндіретін зауыт құрылысын жүргізіп жатқандығын, облыс әкімдігінің Ұлыбританияға жасаған сапарының нәтижесінде Қаратауда ағылшындармен біріккен әлемге әйгілі ванади өндіру зауыты салынып, өнімі экспортқа шығарылғанын айтты.

Бұдан бөлек Шиелілік диқандар жылына мыңдаған тонна бақшалық өнімдер өндіріп, табиғаты қатал солтүстік облыстарға саудаға шығаратынын егер ирандық кәсіпкерлер қызығушылық танытса, Шиеліге осы бақшалық өнімдерді ұзақ мерзімге сақтайтын қоймалар салуға болатынын   және бұған дейін бірқатар уақыт жұмыс жасап соңғы кездері тоқтап тұрған қамыстан тақтай шығаратын зауытты екі жақты бірлесіп, оның жұмысын жүргізу мүмкіндігіде бар екендігін назарларына салды.

Бұдан кейін сөз алған Мазандаран провинциясы губернаторының саяси қауіпсіздік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Алиреза Юнеси бұл ұсыныстарды қуана қабылдайтынын, барлық жобалар жазбаша негізде әзірленіп, өздеріне ұсынылу қажеттігін сұрады. Аудан басшысына алдағы уақытта тиісті делегаттар жасақтап, Иран Ислам Республикасының Мазандаран провинциясына келуді ұсынды. Сол жақта екі жақты келісімге келіп, мемлекет басшылары жасасқан шартты ілгерілетіп, бірігіп, кәсіпкерлік саланы жандандыруға жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

Алиреза Юнесидің айтуынша Мазандаран Ирандағы ең алдыңғы қатардағы губерниялардың бірі. Каспи теңізімен 400 шақырым жағалауы бар. Кеме тоқтайтын 3 ірі айлақтары яғни порттары жұмыс жасайды. Ауа-райы қоңыр салқын. Дегенмен аграрлық салаға да қолайлы. 3 миллионан астам халқы бар. Мазандаранға 22 қала, 56 аудан, 3 мыңнан астам ауылдық округ қарайды. Өткен жылы 1 миллионан астам турист қабылдапты. Губернатордың орынбасары қазақтармен ежелден етене жақын, көрші орналасқандықтан мәдени-рухани, сауда саттық байланысы дамығанын бүгінде сол үрдістің қайта жандана бастағанына қуанатындығын білдірді.

А.Юнеси өз сөзінде «Сіздер не қажет екенін айтсаңыздар біз бірігіп жұмыс жасауға дайынбыз», – деп әріптестікке ықыласты екендіктерін жеткізді. Ия, тарихтың қойнауына көз жүгіртсек сонау есте жоқ ескі замандардан ирандықтар мен тұрандықтар аралас-құралас болғанын білеміз. Қазақтың халық ауыз әдебиетінде бірде қызылбастар енді бірде парсылар аталып келген иран халқымен рухани-мәдени-экономикалық тұрғыда сабақтасқан өміріміз кешегі кезеңге дейін мықтап сақталған болатын. Тіпті өзіміздің Сырбойылық яғни, қармақшылық шайыр Тұрмағанбет Ізтілеуов 1936 жылдары осы ирандықтардың арғы атасы атақты Әбілқасым Фердаусидің 40 мың жолдық   «Шахнамасын» қазақ тіліне аударып,екі елді мәдени-рухани тұрғыда жақындата түскені де өз алдына бөлек әңгіме. Бүгінгі байланыс, бүгінгі әріптестік иран-тұран ұрпақтарының мың жылдық рухани байланысын одан әрі нығайтып, тереңдете түседі деген сенімдеміз.

Ирандық делегация құрамында Мазандаран провинциясы әкімдігінің инвестиция тарту және қолдау басқармасы басшысының орынбасары С.Р. Бахши, Сари қаласының губернаторы М.Х. Задеган, ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Д.Х. Пур, балық шаруашылығы басқармасының басшысы Х.Б. Ростами,   Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Э. Ноурузи және бірқатар компаниялардың басшылары мен кәсіпкерлер болды.

2017 жылғы 1 қаңтардағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

2017 жылғы 1 қаңтардағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан – 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,69 трлн. теңгені құрады.  

2017 жылғы 1 қаңтарда шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,58 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 420 мың бірлік, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың бірлік болды. Зейнетақы жинақтарының негізгі үлесі міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтардан тұрады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарымен бірге ЖЗШ-ның жалпы саны бойынша бірінші орында Алматы (1 680 135 ЖЗШ), екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы (956 737 ЖЗШ), үшінші орында Қарағанды облысы (823 897 ЖЗШ) тұр.

Зейнетақы активтері бойынша кірістілік 2016 жылғы 12 ай ішінде 7,95% болды. Зейнетақы активтері бойынша кірістіліктің қаржы нарығындағы ахуалға және ҚР Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының құнына байланысты екенін айта кету керек.

Инвестициялық қоржынның құрылымы туралы толық ақпарат пен инвестициялық қызметке шолу Қордың  http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/dbb/dbbb912ab96bd9190aaa36a88d5f4df9.pdf.

ресми сайтында жүйелі түрде орналастырылып тұрады.

2016 жылғы желтоқсан-қаңтар айларында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 169,69 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар – 22,69 млрд. теңге болды. Салыстырып қарасақ, 2015 жылғы сома 141,12 млрд. теңге және тиісінше 24,23 млрд. теңге болды.  

Бүгінгі күні салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, БЖЗҚ сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,8 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдады. Мәселен, 206 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,6 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Бір жыл ішінде ұялы қосымшадан жүктеп алу саны 398 мыңға жуық көбейіп, 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеп алу саны 509,7 мың болды.

2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табыс ескерілген) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі іске қосылған сәттен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.

БЖЗҚ міндеттерінің бірі – қор салымшылары мен алушылары үшін сапалы кеңес беру қызметтерін көрсету және ақпараттық арналарды дамыту. Мәселен 2016 жылы түрлі байланыс арналары арқылы Қорға азаматтардан 169 159 өтініш келіп түсті, оның ішінде: 113 111 қоңырау Байланыс орталығы арқылы келіп түсті, 6 877 өтініш кері байланыс нысаны арқылы және 28 455 өтініш Қор сайтындағы онлайн чат арқылы, 1 277 өтініш әлеуметтік желілер арқылы келіп түсті, 10 765 және 8 674 өтініш «пікірлер мен ұсыныстар кітабында» қалдырылып, тиісінше қағаз жеткізгішпен келіп түсті. 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ КӨТЕРЕДІ

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев ауыл-аймақ, кент тұрғындарына дәстүрлі есеп беруінен соң, аудандық қоғамдық кеңес мүшелеріне жыл көлемінде атқарған жұмыстары жөнінде баяндама жасады.Бұл күнгі жиынға қоғамдық кеңес мүшелерінің барлығы қатысып, аудан басшысының жұмысына оң баға берді. Сонымен қатар, осы жиында қосымша үш мәселе қаралды.

Аудан әкімінің есебінен соң, қоғамдық кеңес алдында аудандық мәслихат хатшысы Ә.Оразбекұлы жыл көлемінде атқарған жұмыстарының есебін берді. «Аудандық мәслихат депутаттары ең өзекті деген мәселелерді тұрақты комиссияларда талқылап, ауданның тыныс-тіршілігін өз көздерімен көріп, тұрғындармен кездесулер өткізіп, сессия материалдарын әзірлеуде рейдтерге шығуды үрдіске айналдырған», – деді мәслихат хатшысы. Өткен жылы мәслихат депутаттары кент және 4 ауылдық округтің әкімдерін сайлаған. Ендігі жерде «100 нақты қадам – ұлт жоспары» аясында жергілікті ауыл әкімдерінің өз бюджеті қалыптасатын болады. Биыл жергілікті өзін-өзі басқаруға облыстық бюджеттен 66 млн. теңге бөлінген. Үстіміздегі жылдан бастап салықтың 6 түрі, барлық салық төлемдерінің 17 түрі ауыл әкімдіктеріне берілетін болады. Ол өз сөзінде аудандық мәслихат депутаттары аптаның жұма күндері «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында қоғамдық қабылдаулар өткізіп тұратынын айтты. 

Елбасы Ресей Президентімен кездесу өткізді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті. Алатау бөктеріндегі басқосуға екі жақты ынтымақтастық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер арқау болған. Елбасы өз сөзінде Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының ерекше екендігін атап өтіп, өзара сенімділіктің жоғары деңгейде қалыптасқанын тілге тиек етті. Мысал ретінде, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы мен еліміздегі 7 мыңға тарта бірлескен кәсіпорын қызметін алға тартты. «Оның үстіне, екі ел әлемдік ахуалдарға қатысты біркелкі мақсат-мүддені ұстанады» - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Ал Владимир Путин өз кезегінде Сирия мәселесін реттеуге арналған Астана процесінің нәтижелі өткені үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің мүшесі ретінде ғаламдық проблемаларды шешуге атсалысады деген сенімін жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Во исполнение базового договора о дружбе и сотрудничестве, мы за 25 лет, я считаю, построили образцовые отношения, которые должны быть между дружественными соседями и государствами. Тем более в этом году 25 лет дипломатических отношений. Соответствующие ведомства это отмечают, нужно приветствовать это. И важная веха нашего сотрудничества. Сегодня 7 тысяч российских предприятий имеют компании в Казахстане, создают огромное перерабатывающих предприятий. Ваш осенний визит и проведение огромного бизнес-форума. Сначала в Санкт-Петербурге, потом у нас позволили подписать 41 контракт на 3 миллиарда долларов.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

- Қазақстанмен экономикалық тұрғыда сенімді серіктеспіз. Оны өзіңіз де білесіз. Алайда, соңғы кезде екі жақты экономикалық көрсеткіштеріміз төмендей бастады. Бұған валюталық айырмашылықтар мен тауарлар бағасының құбылуы әсер еткен. Дегенмен, арадағы алыс-берістің көлемі өзгерген жоқ. Алдағы уақытта оны одан әрі арттырып, тұрақты деңгейге жеткізуіміз керек. Ол үшін қажетті жағдай жасалған. Еуразиялық банк та тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл қаржы институты қазірдің өзінде, Қазақстандағы бірнеше миллиард доллардың жобасын мақұлдады.

дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев пен В.Путин Астана процесінің нəтижелерін талқылайды

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездеседі. Тараптар əдеттегідей елордада емес, Алматыда жүздеспек. Мəртебелі мейманды қарсы алу үшін Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерімен бірге Алматыға барды. Бұл күндері Ресей Президенті Орталық Азия аймағын аралауды жоспарлап отыр. Турне аясында Путин Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдеріне аялдап, жоғары деңгейлі келіссөздер өткізбек. Сапарға себеп – Ресейдің Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым қатынас орнатқанына 25 жыл толуы. Путин ат басын алдымен қазақ жеріне бұрды. Əзірге белгілісі, біраздан соң екі ел басшылары кездесіп, екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен серіктестік аясын кеңейту мүмкіндіктерін, Еуразиялық интеграцияның болашағын талқыламақ. Бұдан бөлек, күн тәртібі бойынша президенттер халықаралық өзекті жағдайларды қаузамақ. Əсіресе келіссөздер барысында екі ел лидерлері Сирия дағдарысын реттеу мəселесіне басымдық бермек. Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қаңтар айында Астанада Сирия жанжалын реттеу жөніндегі халықаралық кездесу өткен болатын. Астана процесіне барлық тараптар қатысты. Болжам бойынша екі ел басшысы бүгін сол келіссөздердің нəтижелерін сөз етпек. Ресейлік баспасөз құралдары Путиннің бұл сапарын соңғы жылдары Орта Азия аймағына жасаған ең ауқымды турне деп баға береді. Айта кетейік, бұл Назарбаев пен Путиннің биыл алғаш рет кездесуі. Түс ауа Владимир Путиннің ұшағы Душанбеге жол тартады.

дереккөз: 24.kz

ҚР Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі 1 ай бойы қызу талқыланды

Жұртшылық арасында конституциялық реформа қызу талқыға түскелі 1 ай болды. Осы уақыт аралығында заңгерлер мен сарапшылар, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері, одан өзге әртүрлі сала өкілдері мен қарапайым халық та мәні зор мәселені терең саралады. Арнайы жұмыс тобы құрылды. Осылайша Конституцияға енгізілуі тиіс өзгерістер жан-жақты елеп-екшелді. Ақорда 25 қаңтар. 2017 жыл. Елбасы Қазақстан халқына күтпеген жерден үндеу жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Құрметті, қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді.

Президент өзіне тиесілі 40-тан аса құзыретті Парламент пен Үкіметке бөліп беруді жарияламас бұрын ағымдағы жылдың 11 қаңтарында арнайы жұмыс тобын құрды. Тек білікті мамандардан тұратын топ қолданыстағы заңнамаларға жіті талдау жасады. Арада шамамен 2 апта өткен соң Ақордада жиын өтіп, реформа мәселесі тағы бір мәрте пысықталды. Әрине, бұл бір күнде қабылданған шешім емес. 25 жылда еліміз дами түсті. Енді заман көшінен қалмай, жаһандық сын-қатерлерге төтеп беруіміз керек. Ол үшін конституциялық реформаға өзгерістер енгізіп, атқарушы биліктің жауапкершілігін күшейту маңызды.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл, біріншіден, Парламентке үлкен жүк жүктейді. Екіншіден, Үкіметке көптеген мәселені өз дәрежесінде шешіп, жауапкершілікті мойынға алуға тура келеді. Үкімет мүшелерінің бекітілуі, олардың қаралып келісуі сияқты осындай мәселелердің барлығын Елбасы Парламент пен Үкіметке жүктеп отыр. Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Үкіметтің жауапкершілігін көтеру керек. Біздің де жауапкершілігімізді көтеру керек. Сондықтан да бір-бірімізге қарап, заңның сапасын және оны орындау сапасын көтеруіміз керек. Менің ойымша, Конституцияға ұсынылып жатқан өзгерістер өте қажет.

Конституциялық реформаны депутаттар бірауыздан қолдады. Себебі қабылданған заңның іс жүзінде сапалы орындалуы тікелей атқарушы билікке байланысты. «Алайда жіберілген олқылықтарға қатысты сын-ескертпелер көбіне депутаттарға айтылып жатады», - дейді халық қалаулылары. Енді Конституцияға тиісті өзгертулер енгізілсе, Үкімет құрамын жасақтау ісіне тікелей Парламент араласады. Егер қандайда бір министрге немесе Үкімет басшысына депутаттардың көңілі толмаса, қызметтен босатуға қауқарлы әрі бұл шара қоғамның белсенділігін арттыра түспек. Жұртшылық атқарылған жұмыс жайында Парламенттен есеп сұрай алады.

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Ақ жол» партиясы конституциялық реформаны екі қолмен қолдайтынын біз ресми түрде айттық. Арнайы үндеу қабылдадық. Біздің ойымызша, қазіргі кезде Парламенттің функцияларын кеңейту, Үкіметтің өкілеттілігін күшейту – заманның талабы.

Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Егер Парламентке өкілеттіліктер көп артылатын болса, шығарылған заң жобаларының барлығы халыққа арналған болғандықтан, олар жауапкершілікпен қарайтын болады. Жұмабек Бұсырманов, заң ғылымдарының докторы: - Президент ұсынған конституциялық реформада «Парламент сайлауында жеңген партия Үкіметтің жасақталуына ықпал етеді» делінген. Демек, ол саяси партия елдің экономикалық реформасына жауапты болады. Сондықтан Мәжілістің мойнына үлкен жауапкершілік артылатыны хақ. Егер реформаға өзгерістер енгізілсе, Үкімет атқарған жұмысы жайында тек Президенттің ғана емес, Парламенттің алдында да есеп береді. Мемлекет басшысының құзыреті азайғанымен, бұрынғыша ішкі және сыртқы саясатты іске асырып, ұлттық қауіпсіздікке жауап береді.

Виктор Малиновский, ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі:

- Елбасы Премьер-министрдің ұсынысына қарамай, 4 министрді өзі тағайындайтын. Олар - Қорғаныс, Сыртқы істер, Ішкі істер және Әділет министрлері. Енді соңғы екі министрді тағайындау өкілеттігі Үкіметке беріледі. Сондай-ақ Министрлер кабинеті мемлекеттік бағдарламаларды өзі бекітетін болады. Ал Парламенттің құзырына аудан, ауыл әкімдерін белгілеу өкілеттігі кірмек. Сонымен қатар бұдан былай Президент Үкімет басшысы мен қос палатаның төрағаларымен ақылдаспай, мәслихаттарды тарата алмайды. Халық арасында Конституцияның 26-бабына өзгерістер енгізу мәселесі де қызу талқыланды. Жұртшылық «ҚР азаматы» сөзін «әркім» деп ауыстырылуына алаңдаушылық білдірді. Бұқара бұл түзетулер енгізілсе, жер ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейді ме деп қауіптенді. Бұл мәселе жөнінде Конституцияны бүге-шігесіне дейін білетін заңгерден сұрап көрдік.

Марат Бәшімов аталған түзетулердің жерге қатысты тұсы кодекспен реттеледі деп отыр. Марат Бәшімов, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшысы:

- Басқа мемлекеттердің Конституцияларын қарасаңыздар, барлық жерде әркім деп жазылып тұр. Қазақстан азаматтары Түркия, Испания басқа жерде болсын мүлікті алып жатады. Еліміздегі конституциялық реформаны шетелдік белді саясаткерлер де жақсы біледі. Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер министрі Джек Стро Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін посткеңестік мемлекеттердің барлығында басқару жүйесі бірдей болғаны заман талабы дейді. Ал енді жаңа өзгерістерге бет бұратын уақыт жетті деп санайды.

Джек Стро, Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі (2001-2006 ж): - Президент Назарбаев ұсынып отырған Қазақстандағы институционалдық құрылымының өзгерісі, билік тармақтарының бөлінісі өте маңызды. Бұл ұсыныстардың жүзеге асырылатындығы да өте қуантады. Президенттің қозғап отырған және тиімді үкіметтің басты сипаты саналатын сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес мәселесіне келер болсақ, ол тек жемқорлықпен күреске ғана емес, оның себептеріне де мән беріп отырғанын ерекше атап өткім келеді.

Конституциялық реформа бойынша құрылған жұмыс тобына 1 ай ішінде 3 мыңдай өтініш келіп түсті. Онда Парламент пен Үкіметтің рөлін және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметі мен сот жүйесін жетілдіру, меншік құқығы мәселелері қамтылған. Енді жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақтай отырып, заңнаманы жетілдіреді. Содан кейін құжат Президенттің қарауына жолданады. Айта кетейік, Елбасы Үкіметке бұл ұсыныстарды Парламенттің ағымдағы сессиясы аяқталғанға дейін енгізуді тапсырды. Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

дереккөз: 24.kz

Конституциялық реформа бойынша құрылған жұмыс тобына 3 мыңдай өтініш келіп түсті

Ақордада Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Осы аптада «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бүкілхалықтық талқылау мерзімі аяқталады. Мемлекет басшысы бастамашылық жасаған конституциялық реформаға қоғамдағы қызығушылықтың деңгейі жоғары болғаны отырыс барысында аталып өтті. Жұмыс тобының атына Парламенттің рөлін, Үкіметтің және жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту, құқық қорғау қызметін және сот жүйесін жетілдіру жөнінде, сондай-ақ меншік құқығы мәселелері бойынша үш мыңдай өтініш келіп түсті. Бұл ұсыныстар Мемлекет басшысының конституциялық өкілеттіктеріне де, ел заңдары арқылы белгіленген өкілеттіктерге де қатысты. Жұмыс тобының мүшелері келіп түскен барлық ұсыныстарды жинақтап, қорытып, мұқият қарастыру үстінде. Бұл жұмысқа отандық және шетелдік сарапшылар, тиісті мемлекеттік органдар қатысуда. «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасы бүкілхалықтық талқылау қорытындылары бойынша жетілдіріліп, Мемлекет басшысына ұсынылатын болады, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

Дереккөз: 24.kz

Қазақстан қоржынына Азиаданың бесінші алтын медалі түсті

Әйелдер арасында фристайлдан қазақстандық спортшы Юлия Галышева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында алтын медаль алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Ал ерлер арасында фристайлшы Дмитрий Рейхерд қола медаль жеңіп алды. Рейхерд 24 ақпанда өткен жұп могул жарысында үшінші орын алды. Сондай-ақ, бүгін ерлер арасында із қуу жарысында қазақстандық Ян Савицкий күміс жүлде алған болатын. Ал із қуу жарысында Галина Вишневская алтын медальға ие болды.

дереккөз: 24.kz

Азиада-2017: Галина Вишневская қатарынан екінші алтын медальға ие болды

Саппорода өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарының алтыншы жарыс күнінде қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская тағы бір алтын медаль жеңіп алды. Ал бұдан сәл бұрын Шығыстан шықан біздің үздіктің бірі Ян Савицкий екінші орынды еншілеп, күміс медальді иеленген болатын. Әттеген-айы сол, шаңғы жарысынан еліміздің әйелдер құрамасы үздік үштікке сынық сүйем жетпей қалып, мәреге төртінші болып келді. Ұлы даламызды ұлықтап жүрген жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

дереккөз: 24.kz

Азиада-2017: Вишневская қоржынымызға үшінші алтынды салды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азиада ойындарынан сүйінші хабар! Спортшыларымыз Қазақстан қоржынына 2 алтын, 2 күміс медаль салды. Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринттік жарыстан отандасымыз Ян Савицкий мәреге бірінші болып келсе, екінші орын тағы бір жерлесіміз Василий Подкорытовқа бұйырды. Сонымен қатар 7,5 шақырымдық спринтте Галина Вишневская топ жарса, Алина Райкова қола жүлдеге қол созды. Ал шаңғышы Елена Коломина классикалық стильде 5 шақырым қашықтықтағы жарыста күміс жүлде иеленді.

дереккөз: 24.kz

Елбасы: Қазақстанның жетістігі жаһандық ғылыми кеңістікте де өз орнын айшықтауы тиіс

Қазақстандық ғылымның атқа қонып, көкпар тартатын уақыты жетті. Заман көшіне ілесу үшін инновация мен озық технологияларға ден қою қажет. Отандық ғылымның қарашаңырағы Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған мәжілісте Мемлекет басшысы осылай деді. Бұл ретте билікпен бірге бизнестің қолдауы қажет-ақ. Президент кәсіпкерлерді ғалымдарды демеп, қаржыларын инновацияға салуға шақырды. «Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз...» деген Абайдың сөзі XXI ғасырда да өзектілігін жойған емес, жоймайды да. Бүгінгі тілмен айтсақ, ел өркендесін десеңіз, ғылымның өрісін кеңейту шарт. Ал бұл дегеніміз, инновация мен ғылымға негізделген өндіріс құру. Еліміз ұстанған саясаттың үш діңгегі білім-ғылым-инновация деп айқындалуы да сондықтан. Осы үш бағытты біріктіру Ұлттық ғылым академиясына жүктелген міндет. Академия Қазақстан ғылымын серпінді дамытуға жәрдемдесетін нағыз қажырлы ұйымға айналды деп айтуға толық негіз бар. Бүгінгі атаулы күнде қазақстандық ғалымдарды құттықтауға Мемлекет басшысының арнайы келуі де сол беделдің бір белгісі. Елбасымен бірге бұл залда оннан аса елден келген ғылымның қаймақтары жиналған. Президент ат терлетіп келген шетелдік меймандарға алғыс айтып, отандық ғылымның жай-жапсарын баяндады. Ширек ғасыр ішінде еліміздегі ғылыми ұйымдар екі есеге көбейіп олардың саны 300 ден асқан. Елбасы бұл ретте ғылымды қаржыландыруға соңғы 3 жылда 100 млрд теңге бөлінгенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Баршаңызды отандық ғылымның қасиетті ордасы – Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Қазақстан ғылымының қарашаңырағы ең күрделі кезеңде құрылған еді. Ол аз ғана уақытта еліміздің ғылыми жүрегіне айналып, ғалымдардың әлеуетін ұйыстыра білді. Ғылымның негізгі бағыттарын айқындап, олардың дамуына тың қарқын берді.Тәуелсіздік жылдарында Ұлттық ғылым академиясы алдыңғы буынның абыройлы ісін лайықты жалғастыра білді. Қазақ ғылымы дамудың жаңа белесіне көтерілді. Қазақстан ғылым саласы бойынша ТМД елдері ішінде көш басында келеді, еліміздің ғылыми әлеуеті басқа елдерге қарағанда кем емес, жаңалықтарымыз да бар. Қазақстанның қарыштап дамудағы басты мақсаты – өркениеті өрге озған отыз елмен иық тірестіру. Осы орайда отандық ғылым ордасына зор үміт артылады. Межеге жету жолында Президент биылғы жолдауында ғылымға тікелей қатысы бар 5 басымдықты айқындап, айшықтап бергені белгілі. Нұрсұлтан Назарбаев бұл басқосуда да XXI ғасыр ғылым мен білімнің дәуірі екенін тағы бір еске салды. Оған бар-жоғы 15 жылдағы технологиялық өзгерістердің әлемді төртінші өнеркәсіптік революцияға аяқ бастырғаны дәлел. Президент ғалымдарымызға жетістікке жету жолында тұралап қалуға болмайтындығын атап, бағыт-бағдарды айқындап берді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Сондықтан ғалымдарымыз да жаңа көкжиектерге көз тігіп, зерттелмеген кеңістіктерді игеруі тиіс. Жаңа ғасырмен бірге гендік инженерия, био, нано, IT-технологиялар, заттану мен жаңа материалдар шығару болашақ ғылымының негізгі трендтеріне айналатыны анық. Мен Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Біз әлемдегі бар озық технологияларды өзімізге бейімдеп жаппай енгізуіміз керек. Ол үшін көптеген ғылыми ізденістер талап етіледі. Ғалымдарымыз осы іске белсенді атсалысуы қажет. Сондықтан дәуір сұраныстарына сай олар өз дүниетанымы мен ғылыми көзқарастарын қайта қарауы керек. Біз өнеркәсіптегі ғылымның қажеттілігін ескере отырып, гуманитарлық салаларды да ұмытпауымыз қажет. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде ғылым академиясы салалық және өңірлік бөлімшелері бар ірі зияткерлік орталыққа айналғанын айтып, оның ерекшелігіне тоқталды. Мәселен еліміздің Ұлттық ғылым академиясы Франция, АҚШ және басқа да елдердегі ғылым академиялары сияқты ғылым үшін жат нәрсемен шұғылданбайды. Яғни әкімшілендірумен айналыспайды. Осы орайда ғылым саласын орталықтандыру да еш оң нәтиже бермейтіндігі тілге тиек етілді. Сонымен қатар ғылымды орталықсыздандырғанымен, әлі де инновациялық жетістіктеріміз жеткіліксіз екенін қаперге салды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Мы децентрализовали науку. Большую часть передали в ВУЗы, но они все еще не стали инновационными центрами.Опытно-конструкторские разработки составляют у нас менее четверти от всех научных работ. Казахстанские ученые активно патентуют свои результаты. Однако подавляющее большинство патентов не востребовано. Финансирование науки осуществляется в основном за счет государства. Практически не привлекаются заказы реального сектора. При этом, в научных работах нередко содержится плагиат. Считаю, что пришло время кардинально изменить подходы по развитию отечественной науки. Кез-келген өндірістің тірегі – ғылым. Ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтар, тың идеялар отандық өндірісті ғаламдық экономиканың көшінен қалдырмайды. Кәсіпкерлер инновация мен ғылымға бет бұруға дағдылану заман талабы екенін терең түсінуі қажет. Жаңалыққа ұмтылудың ел экономикасын дамытуда шешуші мәселе екенін Елбасы тағы да кәсіпкерлердің есіне салды. Ғылымға жеке инвестицияларды тартуды тапсырды. Отандық ғылымды дамытуда биліктің ғана емес, бизнестің де қолдауы қажет болып тұр. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Например, в Сингапуре есть правило: Правительство выделяет ученому ровно столько же денег, сколько он смог привлечь от бизнеса. Здесь надо Правительству помогать. Только таким способом можно повысить долю внедряемых патентов и разработок, и существенно увеличить поток частных инвестиций в науку. Инициатором прикладных разработок, прежде всего, должен быть реальный сектор. Перед нами стоит задача по импортозамещению и развитию экспортного производства. То есть когда академик, ученый работает над конкретным делом, не просто бумагу пишет, статьи и защищает диссертации. Қазақстанның жетістігі жаһандық ғылыми кеңістікте де өз орнын айшықтауы тиіс. Ол үшін ғылыми мақалалар ағылшын тілдерінде жарық көріп, электронды нұсқалары қолжетімді боулы шарт. Сол кезде ғана білім мен ғылымның көші ілкімді ілгерлемек. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Также нужно решить вопрос участия Академии наук на договорной основе в проведении конкурсов и присуждении именных премий в области науки. МОН, совместно с академией и вузами, необходимо продвигать свои научные знания в международные рейтинговые базы. Нужно не менее половины научных статей публиковать на английском языке. Они должны быть доступны в электронном формате и включены в мировые базы данных. Это нужно для вхождения в глобальное научное пространство. Нужно тесно сотрудничать с мировыми научными сообществами.  Жиында сөз алған мәртебелі меймандардың бірі инновацияның игілігін игілігін көру үшін белгілі бір жүйе керектігін айтып, Елбасы бастамаларын толықтай қолдайтындығын жеткізді. Владимир Фортов, Ресей Федерациясы Ұлттық ғылым академиясының президенті: - Серпіліс жасап дамып кеткен мемлекеттерде инновациялық жүйе бар. Ондай елдердің экономикасының 80%-ы жеке бизнестің үлесінде, қалған 20-сы ғана мемлекеттікі. Ал біздің елдерде керісінше. Бизнес ынталандырылмаған. Сондықтан меніңше, инновациялық жүйе құру керек. Түбі барлық мемлекеттер бірігіп, бір жүйемен жұмыс жасауы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ ғылым академиясы жанынан әдеп жөніндегі алқалы орган құруды ұсынды. Ол Ғалым кодексін және Жарияланымдар әдебі жөніндегі кодексті әзірлеуге бағытталмақ. Елбасы Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына арналған мерейтойлық салтанатты сессиядан кейін Гуманитарлық ғылымдар саласына арналған көрмені тамашалап, ғалымдармен емен-жарқын сөйлесті. Ал шарапаты мол шараға қатысқан мамандар Президенттің тың технолгияларға басымдық берген тетіктері өте орынды екенін алға тартты. Әнуарбек Сұлтанғазин, «Ғылым Қоры» АҚ президенті:   - Тағы бір көтерілген мәселе ол енді қаржыландыру. Негізі былтыр біз осы тағайындалған келісім-шартқа келген жобаларға 1 млрд қаражат бөлдік, бізді қуантатын жайт, сол 1 млрд-қа біздің кәсіпкерлер 107 млн өздерінің қаражаттарын қосты. Ал енді мына былтыр тағайындалған 31 жобаның бағасы 5-7 млрд болса, оған 400 млн астам қажаратын өзіміздің кәсіпкерлер салып отыр. Ол енді 8% болып отыр.  Әли Әбішев, Атырау мұнай және газ институтының ректоры: - Қазіргі уақытта ғылымның рөлі жоғары. Себебі өндірістің дамуы, барлық салалардың дамуы ғылыми зерттеулерге байланысты. Қаржыландыру мәселелрі ол тек қана Үкімет тарапынан емес, әрбір оқу орны өз бағытынан ізденістерге қаражат жасап, осы ғылыми орталықтарды дамыту керек. Ол тек қана мемлекеттік қаржыландыру болмай, оған өндірісті тарту, мемлекеттік-жекеменшік жобаларды көтеру керек. Елбасы жүктеген міндет мінсіз орындалса, өскелең ұрпақ озық технологиялар мен ғылымның білгірі атанған, жаһандық деңгейдегі кәсіби маман атанары сөзсіз. Авторлары: Елдар Бақпаев, Антон Болтрушевич, Жұмағали Біргебаев

дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Ғалымдар кодексін құруды ұсынды

Әлемнің озық ғылыми орталықтарында тәжірибе жинау үшін қазақстандық ғалымдарға қосымша гранттар бөлінбек. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығына орай өткен салтанатты сессияда Білім және ғылым министрлігіне маңызды міндет жүктеп, бірқатар тапсырма берді. Бұдан бөлек Президент Қазақстанды зерттеу үшін Орталық Азия елдерінің жас ғалымдарына да грант беруді тапсырды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ғалымдар кодексін құруды ұсынды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Также нужно решить вопрос участия Академии наук на договорной основе в проведении конкурсов и присуждении именных премий в области науки. МОН, совместно с академией и вузами, необходимо продвигать свои научные знания в международные рейтинговые базы. Нужно не менее половины научных статей публиковать на английском языке. Они должны быть доступны в электронном формате и включены в мировые базы данных. Это нужно для вхождения в глобальное научное пространство. Нужно тесно сотрудничать с мировыми научными сообществами.

дереккөз: 24.kz

Елбасы: Біз әлемдегі барлық озық технологияларды бейімдеп, жаппай енгізуіміз керек

Соңғы 15 жылда болған серпінді технологиялық өзгерістер әлемді төртінші өнеркәсіптік индустрияға аяқ бастырды. Сондықтан қазақстандық ғалымдар жаңа көкжиекке көз тігіп, зерттелмеген кеңістікті игеруі тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық академиктер бас қосқан жиында осылай деді. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Ұлттық Ғылым Академиясының 70 жылдығына орай салтанатты сессия өтті. Онда отандық ғылымның бүгінгі жай-күйі жіті талқыланды.

Тәуелсіздігіміздің ширек ғасыры ішінде елімізде ғылыми ұйымдар екі есе көбейіп, олардың саны 300-ден асты. Соңғы 3 жылда бұл салаға 100 млрд теңге бөлінді. Президент әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу жолында ғалымдарға зор үміт артылып отырғанын айтты. Себебі бүгінгі экономиканың дамуы білім мен ғылымға тікелей байланысты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Жаңа ғасырмен бірге гендік инженерия, био, нано, айти технологиялық заттану мен жаңа материалдар шығару болашақ ғылымның негізгі трендтеріне айналатыны анық. Біз бұның бірен-саранымен шұғылданып жүрміз. Бірақ көптен айналысқан жоқпыз. Біз үшін - бұл жаңа сала, жаңа істейтін жұмыс. Мен Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын әзірлеуді тапсырдым. Біз әлемдегі барлық озық технологияларды бейімдеп, жаппай енгізуіміз керек. Мен ылғи кездескенде академиктерге айтып жүретінмін. Дүниеде болмағанды ашу деген ол дұрыс қой. Өте үлкен ғанибет болар еді. Ол нағыз революция болар еді. Бірақ дүниедегі бар нәрселерді Қазақстанға әкеліп бейімдеу – ол да ғылым. Онымен де шұғылдануымыз керек. Мұның барлығы көптеген ғылыми ізденісті талап етеді. Ғалымдарымыз осы іске белсенді атсалысуы қажет.

Дереккөз:24.kz

Елбасы төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Елбасы Жамбыл облысында қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жауынгерлердің туған-туыстарына халқымыздың және жеке өзінің атынан көңіл айтты. Мемлекет басшысы олардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін айрықша атап өтті. Үкіметтік комиссия болған жайды анықтайтынын айта келе, алдағы уақытта мұндай жантүршігерлік оқиға қайталанбас үшін тиісті шара қолға алынатынын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 17 ақпан күні Жамбыл облысында қайғылы оқиға болды. Қар көшкіні салдарынан әскери даярлық жүргізіп жатқан 7 жауынгер қаза тапты. Жауынгерлік борыштарын ақтау кезінде қазаға ұшыраған әскери қызметкерлердің ата-аналары мен туған-туыстарына өзімнің және қазақстандықтардың атынан көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенімізді білдіремін. Сіздердің ұлдарыңыз әскери борышын абыроймен өтеген, нағыз отаншыл еліміздің азаматтары болды. Менің тапсырмам бойынша үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр және ол комиссия жағдайдың мән-жайын қарайтын болады және Қорғаныс министрлігі керек уақытында тиісті көмектерді ата-аналарына жеткізетін болады.

Көңіл айтудан басталған Қауіпсіздік кеңесінің отырысында 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясы қорытындыланды. Сондай-ақ әскери-техникалық саясат пен «Экспо-2017» халықаралық көрмесі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары талқыланды. Президент жаһанға қауіп төндіріп тұрған әлемдік экстремизм мен терроризмге қарсы тұру басты міндет екенін атап өтті. Бұл ретте ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма жүктеді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Благодаря усилиям компетентных государственных органов в Казахстане обеспечены внешняя безопасность и внутриполитическая стабильность. Несмотря на кризисные явления в мировой экономике и трудности в отечественной экономике, макроэкономические показатели удалось удержать на приемлемом уровне. Проведенный анализ внутренних, региональных и глобальных процессов позволил выявить наиболее вероятные риски, вызовы национальной безопасности на предстоящий период. В настоящее время в стране обсуждаются цели и задачи, обозначенные в Послании народу Казахстана, предложенные политические и конституционные реформы, которые в целом находят поддержку среди населения республики.

Дереккөз: 24.kz

Азиада-2017: Ринат Мухин Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Саппорода өтіп жатқан қысқы Азия ойындарының үшінші жарыс күнін қазақ спортшылары сәтті бастады. Шаңғышы Ринат Мухин он бес шақырымдық бәсекеде чемпион атанды. Ринаттың уақыт көрсеткіші 41 минут 25,3 секунд. Одан кейінгі орындарда жапон спортшылары тұр. Төртінші – Сергей Черепанов. Бесінші және алтыншы орындарды тиісінше Николай Чеботько мен Ердос Ахмадиев иеленді. Ал Елена Коломина екінші медалін ұтып алды. Елена он шақырымға созылған сында қола медальге қол жеткізді. Ал керлингтен еліміздің ерлер құрамасы Жапониядан ұтылып қалды. Есеп – 4:13.

дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Беларусь Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті. Əңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко екіжақты ынтымақтастықтың мейлінше өзекті тақырыптарын талқылады. Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі қызметі мен оның бұдан əрі дамуының мəселелері жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары алдағы кездесулердің кестесін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Беларусь Президентін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне жəне Астанадағы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына шақырды, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

дереккөз: 24.kz

Жамбыл облысында қар көшкінінен 7 сарбаз қаза тапты

Жамбыл облысының Көксай шатқалында көшкен қар астында қалған 10 сарбаз құтқарылды. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, жалпы 20-дан астам арнайы жасақ сарбазы қарға көміліп қалған. Қазір олардың жетеуінің мәйіті табылды. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көксай шатқалында кенеттен қар көшіп, 20-дан астам сарбазды қар басып қалғанын хабарлаған едік. Айта кету керек, Көксай шатқалы Тараз қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан.

Дереккөз:24.kz

Қазақстан әлемдегі ТОП-50 экономикалық еркін елдер қатарына қосылды

Америкалық «Мұра қоры» зерттеу орталығы (The Heritage Foundation) экономикалық еркіндіктің халықаралық рейтингісінің деректерін жаңартты. Рейтинг қорытындысы бойынша Қазақстан өз позициясын бірден бірнеше пунктке жақсартып, рейтингте 42-орынға ие болды. Сондай-ақ Ресей мен Беларусьтен озып, алға шықты. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Еліміз 100-ден 69 балл жинады (елдің экономикалық еркіндігінің максималды рейтингісі). Өткен жылмен салыстырғанда экономикалық еркіндік көрсеткіші бірден 5,4 пунктке жақсарды. Сөйтіп, Қазақстан рейтингте өзінің 42-орнын Ямайка және Перумен бөлісті. Бір жыл бұрын Қазақстан небәрі 69-орында болған. Бүгінде отандық экономикадағы жетістіктердің арқасында Қазақстан Польша, Румыния, Бельгия, Түркия секілді елдерден де жоғары көрсеткішке жетті. Рейтингте бәрінен жақын тұрғаны  – 45-орындағы Польша. Рейтингті құрушылар елдердің экономикаларын он өлшем бойынша бағалайды, олар: меншік құқығының кепілдігі, сыбайлас жемқорлықтан қорғау, бюджеттік шығындардың тиімділігі мен айқындығы, сауда еркіндігі, еңбек нарығының икемділігі. Талдаушылар еңбек нарығының икемділігі мен қаржылық тәуелсіздіктен өзге барлық дерлік рейтинг бойынша оң баға берді. Сарапшылар өсімнің себебін Қазақстанның соңғы он жылда экономика икемділігі мен ашықтығының саясатынан едәуір пайда тапқанымен түсіндіреді. Сонымен қатар, мемлекет маңызды өнеркәсіптік кәсіпорындарда, әсіресе энергетикалық секторда өз үлесін сақтауды жалғастырды. Қолайлы реформалардың мысалы ретінде банктің жекешеленуі, бәсекеге қабілетті салық мөлшерлемелерін енгізу, сонымен қатар сауда режимін жаңғыртуды атауға болады. Бұдан өзге, талдаушылар Қазақстанның экономикалық еркіндікті одан әрі дамыту мақсатында бірқатар шараларды қабылдағанын мәлімдейді. «Энергетикалық емес секторды кеңейту шараларына қарамастан, ортақ нормативтік база бәсекеге қабілеттілікті арттыру мақсатында барынша қолайлы болуы керек», - деп тұжырымдады Heritage Foundation. Салыстырар болсақ, Беларусь 104-орынды иеленді. Сарапшылар елдің қайта реттеуде аз жетістікке жеткенін айтты, бірақ барынша либералдық экономикалық саясатқа өткен қаржы жылында маңыз берліген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің бизнеске араласуы мен бақылауы экономика дамуын тежеп отыр.

дереккөз:24.kz

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевты қабылдады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады. Мемлекет басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағамдап, болашаққа деген бағыт-бағдарын айқындады. Әсіресе, шағын және орта бизнес пен мектеп, балабақша мәселесіне айрықша тоқталды. Өндірісті өркендету жайын да кеңінен сөз етті. Сонымен қатар сапасы сын көтермейтін автокөлік жолдарын ретке келтіріп, тұрғындарды алаңдатқан түйткілдерге баса көңіл бөлу керектігін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Ақтөбе облысы өндірісті өлкенің біреуі. Халқын көбейтеміз деп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ облыстың экономикаға қосатын бөлігі азайып келе жатыр. Оның неге байланысты екенін қарау керек. Жалпы енді Қазақстанның экономикасы тез өсіп келе жатыр. Сендер өспей жатыр десек, бір басқа. Басқа қандай өңдейтін өндіріс дамуы бар. 115% болды. Барлық көрсеткіштеріміз былтырғыдан жоғары. Шағын және орта бизнесті 50%-ға дейін облыстарға да жатады. Облыста да солай болу керек. Сондықтан қалай боп жатыр. Қазір бізде 30%. Балабақшаларды салу да өсіп келе жатыр. 36 мың бала кезекте тұр. Апатты мектептер бар әлі. 3 ауысымды мектептер бар. Соларды жолға қою керек. Келесі жолы бәрін бітіреміз. Облыстың ішіндегі автожолдардың сапасы онша емес. Соларды керек нәрселер ғой. Осы нәрселерге көңіл бөл. Өз кезегінде Бердібек Сапарбаев былтырғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 2015 жылмен салыстырғанда едәуір жоғарылағанын атап өтті. Ал мемлекеттік бағдарламалар арқылы 16 мың жұмыс орны ашылған. Дегенмен, Президент бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жалғастырып, әлеуметтің әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды. Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі: - Жалпы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер 2015 жылмен салыстырғанда жоғары. Ең негізгісі дағдарысқа қарамастан, жұмыссыздар санының өсуіне жол берген жоқпыз. Еңбекақыдан, жәрдемақыдан, зейнетақыдан қарыз жоқ. Мемлекет басшысының тапсырмалары, бағдарламалар дер кезінде орындалып жатыр. Берілген қаржы толығымен игерілді. Жалпы саяси-әлеуметтік жағдай тыныш.

дереккөз: 24.kz

Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі жоғары деңгейдегі отырыс 16 ақпанға ауыстырылды

Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі жоғары деңгейдегі отырыстың басталуы 16 ақпанға Астана уақытымен сағат 12:00-ге ауыстырылды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

дереккөз:24.kz

Елбасы зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ мемлекет, қоғам қайраткерлері және зиялы қауым өкілдерімен емен-жарқын кездесу өткізді. Бұл басқосуға еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, Елбасының алдында ерен еңбегімен ерекшеленгендер шақырылған. Президент ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктер мен жаһанды жайлаған жағымсыз жайттарға тойтарыс беру жайында әңгімелесті. Басты мақсат – дағдарыста даурықпай, дамыған 30 елдің қатарынан табылу. Президент экономика, әлеуметтік және конституциялық реформаларға да жеке тоқталып, алдағы атқарылар істерді саралады. Елбасы қойған ендігі меже «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілікті арттыру» болмақ. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Тәуелсіздіктің 25 жылдығын өткіздік. Қас-қағым заманда зырылдап өтіп кетті уақыт. Ойлап отырсаң. Кеше ғана тәуелсіздік жарияладық, мінекей , 25 жылдың ішінде бірталай заман өтті. Елдің басынан өтті. Сол кезде жанымда болдыңыздар. Бірге болдыңыздар. Қызметтес болдық. Қызметті аяқтап, демалысқа шыққандар бар арасында. Замандаспыз. Елге бәріміз тілектеспіз. Енді бір межеден өттік, бір төбеге шықтық деп айтуға болады. Елімізді белгілі қылдық. Экономикасын көтердік. Қазақстанымызды сыйлы мемлекет ретінде таныта білдік. Қазіргі істейтін шаруамыз бұрынғыдан басқаша, оңай емес.

дереккөз: 24.kz

Елбасы Гурбангулы Бердімұхамедовті Түрікменстан Президенті болып сайлануымен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті болып сайланған Гурбангулы Бердімұхамедовті жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан құттықтады. «Саяси науқан нәтижесі сіздің жүргізіп отырған саясатыңыз бен әлеуметтік-экономикалық ахуалға қосқа зор үлесіңізді айғақтады», - делінген Мемлекет басшысы жолдаған жеделхатта. Сондай-ақ арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты ерекше атап өткен елбасы Түрікменстан басшысын Қазақстанға шақырды.

дереккөз:24.kz

Қуандық Бишімбаев зауыт құрылысы есебінен 1 млрд теңгені жымқырған

Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысы есебінен 1 млрд теңге жымқырған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы мәлімдеді. Бишімбаев «Бәйтерек» холдингін басқарған кезде Orda Glass және «Шымкентхиммонтаж» компаниялары арқылы қомақты ақшаны ұрлау бойынша қылмыстық жоспар түзген. Бұл қаржыны Металл құрастырмаларын жасау зауытының атына аударып, ақшаны осы компаниядан алып отырған. Бұрынғы министрдің жеке өзі туысы арқылы 2 млн долларды қолды еткен. Бұл қылмысқа аталған ұйымдардың басшылары Ибрашев, Исабек және Қожабаевтың да қатысы бар.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы «Қыз Жібек» операсын тамашалады

Елбасы «Қыз Жібек» операсының премьерасын тамашалады. Жаңаша жарық көрген көрнекті шығарманың қоюшы режиссері – белоруссиялық Михаил Панджавидзе. Ал опера либреттосын лиро-эпостық поэма желісімен жазушы әрі көрнекті драматург Ғабит Мүсіреповтің жазғаны белгілі. Қойылымға жаңа аранжировка жасалған. Ал, кейбір тұстары дайындық кезінде толықтырылды. Жалпы, қойылымды сомдауға 300-ге жуық әртіс қатысып, оларға 350-ден астам арнайы костюм тігілді.  Айта кетейік, Жібек рөлін Назым Сағынтай, Жаннат Бақтай мен Салтанат Ахметова орындаса, Төлеген партиясын Медет Шотабаев, Мейір Бәйнешов пен Жан Тәпин сомдайды.

дереккөз:24.kz/

Н.Назарбаев экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңеске төрағалық етті

Кеңеске Премьер-Министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты. Жиын барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған экономиканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды. Сондай-ақ, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды. Қазақстан Президенті кеңес қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

дереккөз: 24.kz

Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтт

Бүгін Президент Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбековтің жетекшілігімен Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті. Жиынға қатысқандар еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бүкілхалықтық талқылаудың аралық қорытындысын талқылады. Ел азаматтары заң жобасы аясындағы өзгерістерді толық қолдап отыр. Әділбек Жақсыбеков, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, Жұмыс тобының жетекшісі: - Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасының бүкілхалықтық талқылауға түскеніне екі апта уақыт өтті. Өздеріңіз көріп отырғандай, қоғам реформаға ерекше қызығушылық танытып, өзгерістерді толықтай қолдап отыр. Біздің жұмыс тобының мүшелері әр азаматтың ұсынысын талдап, жеке-дара талқылауда. Оған әртүрлі саланың мамандары мен сарапшылар жұмылдырылды. Бұл ретте бүкілхалықтық талдауға Конституциялық реформаның тек жобасы ғана ұсынылғанын ескеру шарт. Ол осы ұсыныстардың нәтижесі бойынша өзгеруі мүмкін. Жұмыс тобының мүшелері халықтан Парламенттің рөлін, Үкімет пен жергілікті билік органдарының жауапкершілігін күшейту және сот жүйесінің мәселелелі бойынша 500-ден аса ұсыныс келіп түскенін жеткізді. Төлеш Қаудыров, ҚГЗУ азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры: - Осы екі аптаның ішінде 500-дей ұсыныс келді жан-жақтан. Осы реформа екі жолмен жүріп жатыр, бірінші – Конституцияны өзгерту, екінші – заңнамаларды өзгертіп, Президентке тиесілі құзіреттерін Парламент пен Үкіметке беру. Енді бүгін санап көрсек, 39 өзінің құзіретінде болатын мүмкіншіліктерін Парламент пен Үкіметке беріп жатыр. Бұл өте үлкен жұмыс. Екінші жолы – Конституцияға өзгеріс енгізу. Ең бірінші Парламент пен Үкіметтің құзіреті күшейеді. Президентке тек қана ірі, өзіне лайықты мүмкіншіліктер, құқықтар қалады. Бүкіл сұрақтар қызығушылық тудырды. Бұдан басқа, қызығушылық тудыратын тағы 26-бап, Конституцияның 26-бабы. Ол бап туралы неше түрлі ұсыныстар енгізілді. Міндетті түрде ұсыныстар ескеріледі. Өмірәлі Жалаири, Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры: - Өйткені, 26-бапта, білесіз ғой, меншік туралы айтылған. Қазір әркім өзінің заңды меншіктеріне мемлекет кепілдік береді делінген. Сол себептен, оны кейбіреулер жермен байланыстырып отыр. Бірақ оның жерге қатысы жоқ. Жер туралы біздің Конституцияның 6-бабында айтылған. Жер тек қана мемлекеттік меншікте болады делінген. Кейін жобаны қабылдағаннан кейін, басқа да конституциялық заңдарға, басқа заңдарға өзгерістер болып, сонда барлық көтерілген Конституцияға енгізілген баптар нақтыланады. Парламент туралы конституциялық заңда, Үкімет, Жоғарғы сот туралы заңдар бар. Соларда осылар толық айтылады.

дереккөз: 24.kz

Үкімет үйінде Елбасының Жолдауын іске асыру жөнінде баспасөз конференциясы өтті

Үкімет үйінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева және Алматыдағы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары сөз сөйледі. Ақпарат көзі: primeminister.kz 

дереккөз:24.kz

Елбасы Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының Президенті                                                                                Н.Назарбаев    

Астана, Ақорда,

2017 жылғы 6 ақпан

дереккөз: 24.kz

Елбасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевті қабылдады

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Сағадиев Президентке министрліктің 2016 жылдағы жұмысының қорытындысы бойынша есеп берді. Нұрсұлтан Назарбаев алдағы реформалар мен Жолдауда көрсетілген басты міндеттерді іске асыруда еліміздің білім жүйесі мен ғылымның маңыздылығын ерекше атап өтті. - Біз отандық және шетелдік озық оқу орындарында кадрлар дайындадық. Енді үш тілді оқыту жүйесі мен сандық білім беруге көшіп жатырмыз. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің алдында саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар міндет тұр, - деді Мемлекет басшысы. Ал Ерлан Сағадиев министрлік базалық оқулықтарды дайындап, бес күндік білім беруге әзірленіп жатқанын атап өтті.  Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар тапсырма берді. 

дереккөз:24.kz

Мемлекет басшысы Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Бас прокурор Жақып Асановты қабылдады. Кездесуде қадағалаушы органның өткен жылы атқарған жұмыстары баяндалып, алдағы іс-жоспары айқындалды. Президент құқық қорғау саласындағы реформаларды одан әрі нәтижелі жүзеге асыруды тапсырды. Сондай-ақ, заңбұзушылықтардың санын жасырмай, барлығын біркелкі тіркеп тұруды ескертті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Осы жылдардың ішінде біз реформалар жасап келе жатырмыз. Экономикалық табыстарымыз бар деп айтып келе жатырмыз. Бірақ ылғи қалып келе жатқан құқық қорғау мәселесі. Соны айтып та келе жатырмыз, жасап та келе жатырмыз. Заңды да өзгертіп жатырмыз. Егер биыл қылмыс былтырғыдан көп тіркелсе, ол үшін құқық қорғау органдарын жазалайтын. Соны жасыратын тіркеуде. Содан кейін өтірік мағлұмат беретін. Қазір жасыратын ештеңесі жоқ. Ол үшін енді жазаламаймыз ешкімді. Барлық қылмыс тіркелуі керек. Тоқтамай биыл, ендігі жылы, бес жыл тергеу жүре беруі керек. Содан кейін бес реформада, «100 нақты қадамда» нақты жазылған. Прокуратура жағынан соның нақты орындалуын қадағалап, заң жүзінде қарап отыру керек. Жолдауда, Үкіметтің отырысында айтылған әңгімелердің барлығы соған байланысты. Қанша біз жақсы жасаймыз десек те, Салық кодексінде неше түрлі заңдар бар. «100 нақты қадамды», бес реформаны нақты орындасақ, жеңеміз деп ойлаймын, Жоғарғы сот жағынан, прокуратура жағынан. Екінші мәселе – ол конституциялық реформа ішіндегі өзгерістер. Қарау керек, тағы нені ескеру керек оның ішінде. Полиция жағынан бірнеше шешім қабылданды. Ол орындалып жатыр ма, орындалмай жатыр ма. Істейтін жұмыс көп. Прокуратура – ең жоғары бақылау мекемесі. Конституция, заңды, Президенттің Жарлықтарын орындауға алып келетін орган. Жақып Асанов, ҚР Бас прокуроры: - Кез келген қылмысты интернет арқылы бүкіл ел болып талқылап жатады. Жалпы бұл деген жақсы. Өйткені, құқық қорғау органдары, біз аяғымызды тартып, жұмысты істеуге мәжбүр боламыз. Қоғам бізден талап етеді. Бұрынғыдай жасыру жоқ. Бұрын статистиканы бұрмалау үшін, әрі кетсе, қызметкер сөгіс алатын. Бүгінгі күні ауыр, аса ауыр қылмыс жасаса, ол үшін сотталады. Бас прокурор Жақып Асанов бизнес қауымдастықты алаңдатқан кедергілерді азайту, Жолдауда көзделген мақсат-міндеттерді орындау және қылмыстық процестерді электрондық нұсқаға көшіру үшін тиісті жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Чехия Парламенті Депутаттар палатасының төрағасымен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекпен кездесті. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы парламентаралық кооперациясының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат саласындағы қарым-қатынасын одан әрі дамытуға Қазақстанның әзір екенін жеткізді. – Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Чех Республикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Республикасының Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оның ЕХРО-2017 көрмесінің ашылуына келуін күтеміз, - деді Қазақстан Президенті. Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы 25 жыл ішінде қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қазақстан халқы тарихының бірегей сипатына тоқталып өтті. Соңында Я.Гамачек Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап, жас мемлекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз: 24.kz

Астанада Сириядағы ахуалды реттеу мәселелері талқыланып жатыр

Сириядағы жағдайды реттеу үшін Ресей, Түркия, Иран елінің сарапшылары Астанада бас қосты. Кездесуге БҰҰ-ның өкілі де қатысып жатыр. Сондай-ақ тұңғыш рет Иордания мемлекеті де өз адамын жібереді деп күтілуде. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жиын барысында Астана процесі кезінде қол жеткізген келісімге сәйкес оқ атуды тоқтатуды қадағалайтын 3 жақты жүйе құру мәселесі жан-жақты талқыланады.

Дереккөз: 24.kz

Универсиада-2017: Қазақстан құрамасының қоржынында 23 медаль бар

Алатау баурайында Универсиада жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Жетінші күннің қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шығып, топ жарған спортшыларға құрмет көрсетілді. Жеңіс тұғырына көтерілген жеңімпаздардың арасында еліміздің мақтаныштары да бар. Бүгін отандастарымыз биатлон мен шорт-тректен сәтті өнер көрсетті. Галина Вишневская, Дарья Усанова, Василий Подкорытов пен Антон Пантов аралас эстафетада қоржынға күміс салды. Ал Нұрберген Жұмағазиев шорт-тректен қола еншіледі. Осылайша, Қазақстан құрамасында 23 медаль бар. Оның 10-ы алтын, үшеуі күміс тағы 10-ы қола. Жалпы есепте әзірге Ресей көш бастап тұр. Қазақстан құрамасы екінші келеді.

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің жұмысына сын-ескертпе айтты

Былтыр 1 пайызға өскен еліміздің Жалпы ішкі өнімі биыл бұдан екі есе артуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Әсіресе тау-кен металлургиялық кешен, азық-түлік өндірісі, машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік-логистикалық салаларында айтарлықтай өсім байқалады. Айта кетейік, еліміз алтын валюталық резервтерін жұмсауды тоқтатқан. Себебі теңге бағамы орнығып, қыркүйектен бері Ұлттық банк интервенция жүргізбей келеді. Сол арқылы алтын валюталық резервтері мен Ұлттық қордың валюталық активтері 92 миллиард долларға жуықтады. Бұған қоса, былтыр инфляция деңгейі 8,5 пайызға теңесті. Ал жұмыссыздық 5 пайызға пара-пар. «Бұл ретте, жастар арасында екі қолға бір күрек таба алмау көрсеткіші азайып келеді», - дейді жауапты сала өкілдері. Дегенмен, Мемлекет басшысы Министрлер кабинетінің жұмысына біраз сын-ескертпе айтты. Әсіресе жекешелендіру науқанының нәтижесіне көңілі толмайтынын алға тартып, мемлекеттік мекемелердің барлығын бірдей сатудың қажеті жоқтығын жеткізді.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қай саланы біз мемлекеттің қолында қалдыруымыз керек? Табиғи монополист дейміз, анау дейміз, бар ма сондай? Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі: - Нақты тізімі бар. Былтыр жаңа заңнама бойынша барлық органдармен тиісті жұмысты өткіздік. Бүгінде 7 мыңнан 6 мыңға дейін қысқартылатын. Оның 400-і тізімде бар. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Сағынтаевқа айтатыным – мынаның бәрін басқару үшін мемлекеттің қолында жүйе болу керек. Кейбірін ұстап отыруымыз керек. Барлығын таратып жіберуіміз керек деген жоқ. Негізгі мәселелер магистральды теміржол, магистральды электр торабы, ал аграрлық, әлеуметтік туралы ол басқа мәселе. Экономиканың қанша пайызын ұстап, мемлекеттің қолындағы басқару жүйесін шығарып алмау керектігін қарау керек.

Дереккөз: 24.kz/

Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады

Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Оның барысында Қазақстанның 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары қарастырылуда. Өз сөзінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларға сәйкес, Үкіметтің арнайы отырысы өткізілгенін мәлімдеді, оның барысында экономикалық өсімнің жаңа моделін құру үшін нақты шаралар жоспары айқындалды. Сонымен қатар, Үкімет Конституциялық реформаны жүзеге асыруды бастады. Осыған орай мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілеттіліктерді бөлу бойынша сәйкес заң жобасы әзірленуде. «Әлем экономикасындағы күрделі жағдайларға қарамастан, өткен жылды біз оң нәтижелермен аяқтадық, ЖІӨ өсімі 1% құрады. Оған бірінші кезекте Сіздің дағдарысқа қарсы тиісті бағдарламаларды қабылдау жөніндегі тапсырмаңыздың арқасында қол жеткіздік. Жалпы, Үкімет экономикалық өсім мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған барлық тапсырмаларыңызды орындады», - деді Б. Сағынтаев. Сонымен қатар, Б. Сағынтаев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған тапсырмаларды мүлтіксіз орындау биылғы жылы Үкіметтің негізгі міндеті болып табылатынын атап өтті.

Дереккөз: 24.kz

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынында 8 алтын бар

Алматыда өтіп жатқан Универсиадада қоржынымызға қос бірдей алтын түсті. Соның бірін фристайлшы Дмитрий Рейхерд әкелді. Тағы бір қазақстандық спортшы Павел Колмаков қола жүлдегер атанды. Ал Юлия Галышева екінші алтын медальді қанжығасына байлады. Фристайлдың могул деп аталатын түрінен Юлия Галышева жұптасып сынға түскен болатын. Ол ресейлік Елизавета Безгодованы 17:8 есебімен жеңді. Осылайша Қазақстан қоржынында 8 алтын бар.
Дереккөз: 24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1656
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2974
Осы айдаОсы айда44259
БарлығыБарлығы492224
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі