БІЗДІҢ ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Аудандық «Нұр  Отан» партиясы филиалы ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімге негізделген маңызды кәсіби стандарт» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Консенсус» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Азаматтық бақылау» жобасы аясында өткен жиынға мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ заңгерлері мен дербес бөлім қызметкерлері қатысты. Жиынды жоба жетекшісі Сыргүл Молдраймова ашып, жүргізіп отырды.

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу ж!нінде бірқатар батыл әрекеттер жасалып жатқаны белгілі. Міне, осы бағыт аясында қылмыстың алдын алу жөніндегі заңдылықтар жетілдіріліп, оған жаңа нормалар қосылуда. Бұл нормаларда сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілік арттырылған. 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы қабылданды. Аталған құжат 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, сондай-ақ, Елбасы Н.Назарбаев айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 13-ші қадамын жүзеге асыруға бағытталған. Осы заң аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Қабланбек Балатайұлы баяндама оқып, жаңа заңға түсіндірмелер берді.Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Патима Махан-бет «Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі» тақырыбында баяндама жасады. «Партия жанынан «Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» жөнінде 7 адамнан тұратын қоғамдық кеңес жұмыс жасауда. Кеңес отырысы тоқсанына бір рет өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша ауқымды шаралар атқарып келеді», – деді Патима Шәймерденқызы.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық қа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Ел болып еңсемізді көтергенімізге, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылғанымызға жи-ырма бес жыл уақыт өтті. Kүткенімізге көз салсақ, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әртүрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек

ДIНТАНУШЫЛАР НЕ ДЕЙДI?

Қазіргі таңда дін тақырыбы кезекті мәселе болып отыр. Әсіресе, түрлі ағымдардың жетегінде кетпес үшін жастарға ислам дінінің қағидаттарын кеңінен насихаттап, дұрыс бағытты көрсету қажет.

Осы мақсатта кент орталығында орналасқан №252 мектеп-гимназиясының мәжіліс залында аудандық ішкі саясат білімі мен «Сұңқар» әлеуметтік қамқорлық орталығы» қоғамдық қоры бірлесе отырып, «Қоғамдық діни тұрақтылықты қамтамасыз ету» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Семинарға аудан тұрғындары, дін саласының мамандары мен жастар қатысты. Шара барысында аудандық «Оқшы ата» мешітінің бас имамы Р.Ахметов хабарлама жасап, ислам дінінің құндылықтарын тілге тиек етті. Бас имам адамгершілік пен имандылықты әңгімеге арқау етіп, ислам бейбіт өмірге жол салатын дін екенін айтып ойын түйіндеді. Сонан соң мінберге көтерілген облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы, теолог Қ.Кеңесбеков діни экстремизм жайына тоқталды. Ол ата-бабамыз ұстанып келе жатқан асыл дініміз ислам бізді тура жолға бастайтынын негіз етіп, қоғамға үрей туғызып, зорлық-зомбылық арқылы негізсіз қан төгу, исламға жат қылық екендігін айтып, мың жарым жылға жуық ұстанып келе жатқан асыл дінімізді салт-дәстүрмен байланыстырып, ойын сабақтады.

Жалпы ұлттың үш ұстыны дін, діл, тіл. Осы үш ұстанның бірiгуі арқылы халықтың өміршеңдiгi артады. Жаратушы адам баласын арнайы, мақсатты түрде ұлттар мен ұлыстарға бөлген. Түсінгендер үшін мұнда үлкен ғибрат бар екендігін айтады ислам. Ал, бүгінгі таңда осынау үш ұстынды жан-жаққа тарқатып келетін дүмшелердің тірлігі жаратылыс заңдылығына кереғар келіп жатқан жоқ па?..

Семинарға қатысушылар дін саласының маманда-рына өздерін толғандырып жүрген осындай сұрақтар қойып, көңіл көншітерлік жауаптарын алды.

БЖЗҚ қайтыс болған туыстардың жеке зейнетақы шотының болуын не болмауын тексеруді өтінеді

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (БЖЗҚ) БЖЗҚ-да қайтыс болған салымшылардың зейнетақы жинақтары бар 1998 жылдан бері ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) бар екенін хабарлайды.  Осыған орай жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе БЖЗҚ-ға жерлеуді жүзеге асыруға біржолғы төлем алуға не мұрагерлік бойынша зейнетақы жинақтарын төлеуге бұрын өтініш бермеген отбасы мүшелерінің не қайтыс болған салымшыларды жерлеуді жүзеге асырған тұлғалардың қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру және ЖЗШ болса,жерлеуді жүзеге асыруға/мұрагерлік бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру мақсатында БЖЗҚ өңірлік бөлімшелеріне келуін өтінеміз.  Қайтыс болған салымшыда ЖЗШ болуын не болмауын тексеру үшін мұрагердің немесе жерлеуді жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатты және салымшының қайтыс болғаны туралы куәлікті алып келу қажет. Жерлеуді жүзеге асыруға немесе мұрегерлік бойынша зейнетақы жинақтарын төлеуді рәсімдеуге қажет құжаттар тізімін қор сайтының(www.enpf.kz) «Қызметтер»-«Алушыларға» «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі»- «Алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер» бөлімінен алуға болады.  Мәліметтер үшін БЖЗҚ-дан жерлеуді жүзеге асыруға төлемнің республикалық бюджет туралы заңды тиісті  қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 52,4 еселенген мөлшері шегінде, бірақ ЖЗШ-дағы қаражаттан аспайтын мөлшерде бір рет төленетіндігін хабарлаймыз. Ағымдағы жылы 1 АЕК-2 121 теңге. Біржолғы жерлеуге төлем жасалған соң зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз болған жағдайда, бұл қалдық аталған төлем сомасына қосылады.

Байланыс орталығы 14-18

(Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін)

www.enpf.kz

«Үш тілді білу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2016 жылдың 13 қыркүйегінде«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы - «Халыққа қызмет көрсету  орталығы департаментінің  Шиелі аудандық бөлімінде «Үш тілді білу – заман талабы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Көрменің мақсаты – әлемдік дамудың талабына сай бәсекеге қаблетті ұлт болуды мақсат еткен жастардың бойын-да патриотизм мен шығармашылық қабілетін қалыптастыруға ықпал ететін әдебиеттерді тұтынушыға насихаттау болып табылады. Үштұғырлы тіл – дамыған мемлекет құрудың алғышарттарының бірі, ол өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея екені белгілі. «Тілдердің үштұғырлығы», дәлірек айтқанда, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін Қазақстан азаматтарының бірдей меңгеруін меңзегенмен, көздеген мақсаты - мемлекеттік қазақ тілінің халықаралық қатынастағы орыс, ағылшын тілдерімен тең қолданылатын биікке жеткізу, қазақ тілін әлемдік тілдер қатарына қосу үшін нақты ұмтылыс жасау. Қандай мемлекет болмасын, мән беріп, ұлықтайтын тілі – мемлекеттік тіл. Қысқасы, үш тұғырлы тіл мәдениетін қалыптастыру әрбір қазақ үшін бүгінгі өзекті тақырып болып отыр. Қазақстан азаматтары-ның парызы - «өзге тілдің бәрін меңгеру, мемлекеттік тілді құрметтеу» деп білеміз.       

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы - «Халыққақызмет көрсету  орталығы» департаментінің Шиелі аудандықбөлімі

 

 

 

ҚР Президенті «Павлодар мемлекеттік университетінің Стартап академиясы» ЖШС-да болды

Мемлекет басшысына студенттердің іске асырылған, қазір өнім бере бастаған бизнес жобалары туралы баяндалды. Сондай-ақ Елбасыға Павлодар мемлекеттік университетінің оқу үдерісіне «кәсіпкерлік арқылы оқыту» жөніндегі жаңа қағидаттың енгізіліп жатқаны жөнінде айтылды. Оның аясында оқу орнының барлық студенті кәсіпкерлік пен көшбасшылық курстарынан өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев студенттер ұсынған бизнес жобалардың әлеуетінің жоғарылығы мен жасампаздығын атап өтті. «Қазіргі уақытта мемлекет бизнестің дамуы үшін барлық қажетті жағдайды жасап отыр. Әлемнің көптеген елінде жастардың студенттік кезеңде өзінің стартап-жобаларын бастап, жоғары оқу орнын бітіргенде бірталай жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін тәжірибелер бар. Мұндай жағдайлар еліміздің өзге өңірлерінің жоғары оқу орындарының студенттері үшін де жасалуға тиіс», – деді Қазақстан Президенті. Студенттер мен оқытушылар Елбасыға зор денсаулық тілеп, жас ұрпақты жетілдіру мәселесіне деген қамқор көзқарасы, жанашырлығы үшін алғыс білдірді. *** Халықаралық Стартап академиясы 2030 жылға дейінгі өңірді дамыту стратегиясына сәйкес С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында ашылған. Білім беру мекемесінің қызметі студенттік және оқытушылық кәсіпкерлікті ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми және зерттеушілік жобаларды коммерцияландыруға бағытталған. Қазіргі уақытта академия таяу және алыс шет елдердегі бизнес өкілдерімен іскерлік байланысты жолға қойды.

24.kz

Павлодарда Ертіс арқылы өтетін көпір Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне аталады

«Тәуелсіздік жылдарында 100 жылға татитын жетістікке қол жеткіздік». Елбасы Павлодар өңірінде көпір құрылысын жүргізушілермен кездесуінде осылай деді. Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көлік өткеліне барған Мемлекет басшысын құрылысты жүргізген мердігер компания өкілдері қарсы алды. Бірегей нысанның құрылысы Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келді. Сондықтан көпшіліктің «ғасыр жобасын «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» құрметіне атасақ» деген ұсынысы Президент тарапынан қолдау тапты. «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан көлік өткелінің құрылысы 97%-ға аяқталған. Орта Азия бойынша теңдесі жоқ алып нысанды тұрғызуға 1500 тонна бетон тірегі, 150 мың текше метр бетон жұмсалды. 45 метрлік аркасы сәулетімен көз тартады. Көпірдің салтанатты ашылуы желтоқсан айына жоспарланып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Мынау Тәуелсіздіктің 25 жылдығына келе жатырмыз. Ойлап қарасақ, кеше ғана еді, зымырап 25 жыл өтті. 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктеріміз 100 жылдыққа татиды. Бұл деген елдің мүмкіншілігі. Қазақстанның болашағы деген сөз. Әр уақытта жолымыз болсын. Серік Төлебаев, «Каздорстрой» ЖШС бас директоры: - Үлкен осындай мегажобалар Қазақстанда жылда салынбайды. Бұл енді 50 жылда, 100 жылда бір салынатын жобалар. Соның ішінде 25 жылға бітіп тұрған осындай көпірлерді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына атаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені бұл халықтың ниеті. Өзіміздің Елбасы қабылдап, жақсы баға беріп жатыр.
24.kz

Түркия EXPO-2017 көрмесіндегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда

Бүгін Астанада «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Түрік Республикасының экономика министрі, Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонмезбен кездесуі өтті. Кездесу барысында Ахметжан Есімов көрмеге дайындық бойынша жұмыс туралы түрік делегациясын хабардар етті. Ол бүгінгі күні 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өз қатысуын растағандығын және қазанда қатысушы елдер одан арғы жұмыс үшін өз павильондарын алуына болатындығын атап өтті. Өз кезегінде Тарык Сонмез Түркияның Ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасымен жұмыс туралы хабардар етіп, оның жуырда ұсынылатындығын растады. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

24.kz

Елбасы: Павлодар облысы еліміздің дамуына үлкен үлес қосып келе жатыр

Павлодарға жұмыс сапары барысында Елбасы өңірдің белсенділерімен де кездесті. Басқосуға өз ісінің кәсіпқой маманына айналған әртүрлі қызметтегі азаматтар келді. Мемлекет басшысы жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, еліміздің елеулі жетістіктерін атап өтті. Бірлік пен жасампаздықтың 25 жылында еліміз әлем жұртшылығына танылып, әлеуметтік-экономикалық және мәдени әлеуетіміздің артуына септігін тигізген ауқымды нәтижелерге қол жеткізді. Оған осы уақыт аралығында іске асқан мемлекеттік бағдарламалардың нәтижелері дәлел. Ел дамуындағы оң көрсеткіштердің артуына Павлодар өңірінің үлесі аз емес. Еліміздің ірі экономикалық аймағы болып табылатын өңірдегі 888 өнеркәсіпте 77 мыңға жуық адам еңбек етеді. Қазақстанда өндірілетін электр энегриясының 40%-ы осы облысқа тиесілі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Павлодар облысы еліміздегі индустриясы қарқынды дамыған ірі өндірістің орталығы екені белгілі. Барлық электроэнергияның 40%-ы осы жерден шығады. Әсіресе, 25 жыл Тәуелсіздік жылдарында бұл өңірде үлкен өзгерістер болды. Еліміздің дамуына сіздердің өлке үлкен үлес қосып келе жатыр. Оның үстіне еліміз Кереку деп аталатын өңірде Жаяу мұса, Мәжһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт сияқты еліміздің ұлы тұлғалары шыққан киелі топырақ. Академиктер атамекені атанатын Қаныш Сатпаев бастаған ғұламалардың елі. Иса Байзақов, Шәкен Айманов сияқты өнер тарландары шыққан жер. Сондықтан қадірлі, қасиетті ел деп есептеймін. Бір сөзбен айтқанда, тарихы да бай, тағылымы да мол мақтаулы мекен. Кездесу барысында Павлодар облысының әкімі облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай және оны дамыту перспективалары туралы баяндады.

24.kz

 

Б.Сағынтаев құрылыс индустриясындағы қазақстандық қамтуды арттыруды тапсырды

Премьер-Министр Мемлекет басшысының «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасын құру жөніндегі тапсырмасын тиімді және сапалы атқарудың маңыздылығын атап өтті. Осыған қатысты Ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевқа тапсырма берді.

«Мен ұлттық экономика министріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша нарық мүшелерінің және қызығушылық танытқан барлық тараптармен талқылау және кеңес беру тұтас алгоритмін құруды тапсырамын. Бізге жұмыс барысында кездесетін барлық мәселелерді ескеріп, жаңа әдістерін анықтау қажет. 2017 жылы жаңа бағдарламаның жаңа форматында жұмыс істеуіміз керек», – деп Б.Сағынтаев осы бағытқа байланысты жаңа жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Сонымен қатар, Премьер-Министр құрылыс нысандарын салу барысында қазақстандық материалдардың үлесін арттырудағы маңызын атап өтті.

«Тағы бір маңызды мәселелердің бірі – құрылыс жұмыстары кезінде отандық өнімдерді пайдалану. Бүгінде олардың үлесі 58%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті 80%-ға дейін арттыру аса маңызды болып есептеледі. Тұрғын үй бағдарламасы операторларын құрылыс жұмыстарын жүргізетіндермен бірге осы мәселені бақылауда ұстау қажет. Сондай-ақ, құрылыс индустрия кәсіпорындары баға тұрғысынан да, сапалық жағынан да бәсекеге қабілетті болуы қажет», – деді Б.Сағынтаев.

 

primeminister.kz 

Астанада ұсақ бұзақылық жасаған 3792 адам тіркелді

Елордада ұсақ бұзақылыққа нөлдік төзімділік таныту саясаты белсенді жүзеге асырылып келеді. Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, қала көшелерінде тәртіп бұзған 3792 адам анықталды, соның ішінде 415-і қамауға алынды, 3377-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Сонымен қатар, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, рұқсат етілмеген жерлерде темекі шегу, абаттандыру ережелерін бұзу және т.б. бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі кезде тыныштықты бұзған 6510 адам тіркелді, спирттік ішімдіктер ішкен 15300 астам адам, темекі шеккен 13200 жуық адам жауапкершілікке тартылды. 17200 астаналық абаттандыру ережесін бұзған. Жыл басынан бері 62 мыңнан артық ұсақ бұзақылық анықталған. Жергілікті полиция қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарын құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздікке қатысты әрқашан да нөлдік төзімділік қағидатын ұстануға шақырады, деп жазады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
24.kz

KASE қорытындысы: $1 = 337,16 теңге

Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында доллар бағамы 337,16 теңге болды. 

24.kz

Ә.Бөкейхановтың мерейтойы туған жерінде тойлануда

Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы Қарағанды облысында тойлануда. Бүкіл әлемдік дара тұлғаның мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде атап өтіледі. Осыдан 150 жыл бұрын қоғам қайраткері Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарасты «Жекежал» қыстауында өмірге келген. Дәл осы қыстаудың маңайына Алаш қайраткерінің ескерткіші қойылды. Мерейтойға орай облыс көлемінде түрлі шаралар ұйымдастырылып, Алаш ардақтысынан қалған тарихи жәдігерлер мұражайға тапсырылды. Әлихан Бөкейханов – қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Қазақтың тұңғыш Премьер-министрі, қазақ елінің егемендігі үшін аянбай күрескен, мемлекеттіліктің ірге тасын қалаған. 1937 жылы саяси репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілді. Алаш қайраткерінің 150 жылдық мерейтойына орай туған ауылындағы мектептің алдына да мүсіні қойылды. Оның ашылу салтанатына Әлихан Бөкейхановтың ұрпақтары мен бір топ ғалымдар қатысты. Дихан Қамзабекұлы, филология ғылымдарының докторы: - Соңғы жылдардағы ең көп қойылған аттардың бірі Әлихан екен, сол Әлихандар үлкейіп, атымды неге Әлихан қойған деп дара тұлғаның тарихын біліп, үлкен азаматтық істер жасайды деп ойлаймын. Әлихан елін қаншалықты сүйді, сол балаларға жұғысты болып, түсіне білсе деп ойлаймыз. Болашақта саяси тұлға жайлы 15 томдық кітап шығады. Оның екі томы жарық көрді. Оларды кітапханалардан табуға болады. Айтулы шарада Әлихан Бөкейхановтың ас ішкен табағы мен ел аралаған арбасы жергілікті мұражайға тапсырылды. Тұңғышбай Мұқанов, өлкетанушы: - Мынау Жетімшоқы деген жерде Әлекеңнің ұрпағы Борымхан деген кісінің балаларының қолында кезінде Әлекеңдер пайдаланған атадан балаға жеткен арабша жазылған құран кітап сақтаулы тұр. Кітапты мұражайға тапсырған жоқ. Өздерінің ата-бабаларынан қалған тарихи жәдігер санағандықтан болар. Дегенмен уақыт өте келе музейге тапсырады деген ойдамыз. Жақын арада Қарағанды қаласының көшесі мен облыс орталығындағы аудандардың біріне Әлихан Бөкейхановтың есімі беріледі. Еңселі ескерткіші де қойылады.  Авторлары: Айнұр Абдиева, Василий Савкин, Сайлау Игликов

24.kz

«Нұр Отан» партиясында өзіндік «ақыл-ой фабрикасы» іске қосылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының өзіндік «ақыл-ой фабрикасы» жұмысын бастады. Әлемдік тәжірибені негізге ала отыра, түйіткілдердің түйінін тарқатуға бағытталған саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы жұртшылыққа жан-жақты таныстырылды. Жаһандағы жағымсыз жайттардың алдын алып, түрлі бағытта талдау жүргізуге бейімделген орталықта 30-дан астам сарапшы жұмыс істейді. Демек бұдан былай мемлекеттік және саяси бағдарламалардың жүзеге асуымен қатар партиялық жүйенің дамуы мен өңірдегі ахуалдар жіті қадағаланып отырмақ. Ол үшін түрлі ғылым докторлары тынымсыз тер төгуге дайын. Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары: - Біз әлемнің дамыған елдеріндегі ең жетекші партияларының аналитикалық құрылымдарын саралай келіп, сіздердің назарларыңызға жаңа орталықтың ашылғанын қуанышпен хабарлаймыз. Бұл орталық Елбасымыз ұсынған қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси, стратегиялық бағытын жүзеге асыруды талдамалық жағынан қамтамасыз ететін болады. Ресми деректерге сүйенсек, бүгінде әлем елдерінде 6 жарым мыңнан аса осы тақылеттес талдау орталықтары бар. Мұнай бағасынан бастап әлеуметтік мәселеге дейін қамтылатын орталыққа шетелден білім алған жастар жаппай тартылған. Рахман Алшанов, ЖОО қауымдастығының президенті: - Қазір қарасаңыздар, ғаламтор бар, жастардың барлығы білікті. Білмейтін жері жоқ. Соның ішінде келіп, жастар не ойлап отыр, зейнеткерлердің жағдайы қалай екен. Ауылда қалай екен. Оны қарап отырып, кабинетте шеше алмайсың. Оған арнайы зерттеу орындары керек. Партияның жұмысын соған байланыстыру керек. Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері: - Америка не болады, ертең Еуропа не болады. Ол бұрын айдаладағы нәрсе болып есептелетін. Қазір тікелей бізге қатысы бар. Сол себепті бұл орталыққа шетелден оқып келген жастарды тарту дұрыс деп есептеймін. Бұрынғы әдіспен жұмыс істеу өте қиын.

Дереккөз:24.kz

Оралда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен ашылды

Оралда қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмысын бастады. Ол қаладан шығарылған көң-қоқыстарды төгетін орында орналасқан. Арнайы алаңға жиналатын қоқыс автоматты түрде жұмыс істейтін екі конвейер желісіне жіберіледі. Сол жерде жұмысшылар заттарды сұрыптап, арнайы қаптамаларға салып тұрады. Осы арқылы қалдықтардың 60 пайызын қайта кәдеге жаратуға мүмкіндік туады. Кешен өндірістік қуатына толықтай көшкен кезде жылына 100 мың тоннадай қалдық сұрыпталмақ. Бекболат Жұматаев, эколог: - Жерге орналастырылған қалдықтар, әрине, керісінше әсерін әкеледі. Өйткені мына полигондағы әйнектер өрт тудырады күннің сәулесімен. 2015 жылы полигонға 54 мың тоннадай қалдықтар қабылданды. Биыл 43 мың тонна қабылданды. Оны әкеліп тек полигонға көміліп жатыр. Ерік Машбаев, Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенінің басшысы: - Бұған дейін полигонды ұстап тұру үшін жергілікті бюджеттен жылына 60 миллион теңге қаржы бөлініп келді. Әкімдіктің шешімімен бұл жер бізге сенімгерлік басқару құқығымен берілді. Соған сәйкес, енді бұл жұмыстарға тек қана өз қаржымызды жұмсап жатырмыз. Мына кешен қағаз, полиэтилен, металл, әйнек және пластик бұйымдарын сұрыптауға мүмкіндік береді. Кейін оны қайта өңдеуге маманданған кәсіпорындарға жібереміз.

24.kz

KASE қорытындысы: 1 доллар = 337,56 теңге

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 337 теңге 38 тиынды құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 337 теңге 56 тиынды құрады.

24.kz

Айова штатында су басу қаупі күшейіп тұр

Айова штатындағы Сидар-Рапидс қаласының тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр. Себебі соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдан маңайдағы өзендер арнасынан асқан. Қазір тұрғындардың үйін су басу қаупі күшейіп тұр. Мұндай жауын аймақта соңғы рет 2008 жылы болған. Ол кезде 1,5 мыңға жуық үй су астында қалыпты. Бұл жолы сондай шығын болмас үшін жергілікті билік қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Аймақта мектептер жабылып, тұрғындардың тұрмыстық заттарын көшірісуге және бөгеттерді көтеруге жүзден астам ерікті тартылған.

24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1122
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада6757
Осы айдаОсы айда61275
БарлығыБарлығы567680
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.139.134
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі