АРДАГЕР АРДАҚТАЛДЫ

Ардагерлердің өнегесі мен өмірлік  тәжірибесінен, жеке тұлғалық адами қасиеттерінен сабақ алу бүгінгі ұрпақ үшін баға жетпес қазына саналады. Атқарған адал еңбегі үшін халқының қадір-қасиетіне бөленген ақ самайлы ардагерлерімізді құрметтеп, кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге етудің, дәріптеудің ауданымызда қалыптасқан игі дәстүрі бар.

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді  ардақтайық» жобасы аясында еңбек және жалғыз басты ардагерлеріне тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. Көкшоқы мөлтек ауданының тұрғыны, аудандық ветстанциясы мекемесінде ветеринар-дәрігер қызметінде үзбей 40 жыл еңбек еткен Ким Генадий Дмитриевич бүгінде торқалы тоқсан жасқа толып отыр. Ауылшаруашылығын дамыту үшін ветеринария саласына зор үлес қосқан Г.Ким 1926 жылдың 22 тамызында дүниеге келген. Бір жерде табан аудармай, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген ветдәрігер мал шаруашылығында кез келген жұқпалы дертті емдей білді. Адамзат баласы арман еткен биік белес, толағай табыстарға қол жеткізген ардагер жұмысына адал, тиянақты, өз саласының майталманы болды. Ардагерді мерейлі жасымен құттықтауға  «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ф.Маханбет және ветеринария бөлімінің бастығы Б.Сахов, аумақтық инспекция басшысы Б.Дәуренбеков, ардагер Ж.Шағыров барып, Г.Дмитриевичтің шаңырағында болды, ардагерге құрмет көрсетті. Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын таба берсін. Ардагерлерімізді ардақтап, оларды қашанда қамқорлық аясынан тыс қалдырмау, мемлекет басшысының сөзімен айтқанда, «Біз бен сіздің па-расатты парызымыз әрі қастерлі міндетіміз».

ТЕМІРЖОЛҒА ТЕМІР ТӘРТІП

Теміржол бойындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және теміржол қауіпсіздігін сақтау, салынған әкімшілік айыппұлдардың өндірілуін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 15-24 тамызы аралығында республиканың барлық аумағында «Борышкер» жедел-іздестіру іс-шарасы ұйымдастырылуда

Аталған шара Шиелі станциясының желілік полиция бөлімшесі тарапынан да жалғасын тауып, профилактикалық бағытта келім-кетім жолаушыларға тиісті құқықтық кеңестер беру жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, ортақ пайдалану орындарын ластау, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктер ішу, кейбір қоғамдық орындарда темекі шегуге салынған тыйымды бұзу,көпшіліктің мазасын алу сияқты ұсақ бұзақылық, құқық бұзушылық бойынша қатаң қадағалау жұмысы жүргізіліп, айыптылар жауапқа тартылуда.

Мәселен жыл басынан бері осы бағытта теміржол бойында 370 әкімшілік шара көріліп, 404 мың 477 теңге айыппұл салынған. Оның ішінде бүгінгі таңға дейін 268 мың 732 теңге өндіріліп, ол қаржы қазынаға құйылған. Жалпы аудан көлеміндегі теміржол бойында орын алатын құқық бұзушылықтардың ең көп орын алатын жері Шиелі кентінің теміржол вокзалы аумағы болып есептеледі. Бұның ішінде азаматтардың теміржол желісін рұқсат етілмеген жерден кесіп өту фактісі бірінші орында тұр. Тұрғындар салынған аспалы кһпірден асып өтуді қиын көріп ерініп, жүргелі тұрған вагондардың астынан өту, келе жатқан пойыздың алдын кесу сияқты аяғы апатты жағдайға ұрындыратын және өз өмірлеріне қауіп туғызатын қадамдарға барып жатады. Осы орайда, теміржолға қашанда темір тәртіп керек екендігін назарда ұстау қажет. Ол үшін осындай келеңсіздіктердің алдын алу, ұсақ құқық бұзушылықтарды болдыр-мау мақсатында жедел-іздестіру және профилактикалық бағыттағы жұмыстардың жиі ұйымдастырылып тұруы бүгінгі күннің талабы деп білеміз.

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНIҢ АУҚЫМДЫ МІНДЕТІ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНIҢ АУҚЫМДЫ МІНДЕТІ

Қазiр әлемдiк деңгейде ақпараттық технологиялар адамзаттың даму процестерiнiң локомотивiне айналып отыр. Сондықтан Үкiмет тарапынан ақпараттандыруды дамыту бойынша тиiстi нормативтiк-құқықтық актiлер жасалынып, жүзеге асуда. Мәселен, «Ақпараттандыру туралы», «Ақпаратқа қол жеткiзу туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпаратты Қазақстан – 2020», «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттiк бағдарламалары, «Ашық Үкiмет» жобасы жоғарыдағы сөзiмiздi қуаттай алады.

Осы тақырып аясында аудан әкімінің орынбасары Б.Смағұловтың төрағалығымен семинар кеңес өткізілді. Семинарға кент және ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары қатысты. Қызылорда мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің облыстық орталығы КММ директоры Сейілхан Тойбазаров ауданымызға келіп, ақпараттық жүйенің тиімді тұстарына тоқталды.

Аймақтың ірі құрылыс нысандары мен әлеуметтік-экономикалық және басқа да салалары бойынша барлық мәліметті бір жүйеден бақылап отыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасалған. Осы жүйені әрі қарай дамыту үшін аудандарға арнайы электрондық карта әзірленген. Жалпы, құрылған жүйе мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайтуға, инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамытуға, жер телімдерінің ретсіз игерілуін болдырмауға, телекоммуникация, су, жылу, кәріз, газ, электр жүйелері, жер телімдері мен тұрғын үйлер, сондай-ақ шағын және орта бизнес құрылымдары туралы деректердің бір ақпараттық жүйеде қалыптасуына мүмкіндік береді.

Семинарда ауданымыздың базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі турасында кеңінен сөз қозғалды. Мемлекеттік қала құрылысы мен аудандық мекен жай тіркелімі ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік қала құрылысы ақпараттық жүйесін өзектендіру бағытында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жылжымайтын мүлік нысандарын нақтылау, реттік нөмерлерін тәртіпке келтіру жұмыстарын ретке келтіру мәселесі де айтылды.

Елді мекендердің даму жағдайы ту-ралы ақпарат ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болу керек. Біздің міндетіміз – ақпараттың халық үшін ашық және қолжетімді болуын қамтамасыз ету, – деген аудан әкімінің орынбасары Б.Смағұлов барлық ауыл әкімдеріне тамыз айының соңына дейін аталған жүйе бойынша жұмыстарды ретке келтіріп, аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің мамандарына жүйенің үздіксіз жұмыс жасауын және деректерді дер кезінде өзектендіріп, қамтамасыз етуді тапсырды.

 

 

 

 

 

 

«Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 2 балаға көмек көрсетілді

Елбасының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын үрдіске айналып отырған «Мектепке жол» акциясына орай,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда  облысы бойынша  филиалы - «Халыққа қызмет көрсету  орталығының» Шиелі аудандық бөлімі тарапынан ауданымыздың тұрмысы төмен және көп балалы екі отбасының, атап айтқанда, Ізтаевтар мен Османовтардың балаларына көмек көрсетілді.

Акцияның өткізілу себебі - мейірімділік пен қайырымдылықты, адамдардың бір-біріне деген риясыз көңілін, болашағымыз балаларға деген шынайы қамқорлықты танытатын ізгі шара екендігін білдіреді және де көптеген жеткін­шек­ке шапағат нұрын себуде. Бұл - бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасын тауып  отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасыларға қол ұшын беруге әрқашанда дайынбыз. Акция аясында оқушылар оқу­ға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қам­тылып келеді.

Бала- егеменді еліміздің болашағы. «Бар жақсылық балаларға!» дегендей, балалар үшін бар жақсылығын аямайтын жандар көптеп табылады деп сенеміз.

 

«Халыққа қызмет көрсету  орталығының» Шиелі аудандық бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАЛЫЛЫҒЫМЕН ОЗЫҚ ТҰРАДЫ

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды  ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің  ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін  емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай  мемлекеттік қызметшіден басталады.

Ел Президентінің жыл сайынғы  Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. Сенбі күні осы мақсатта білім саласының «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында семинар кеңес өткізілді. Жиынға аудандық білім бөлімінің бастығы Н.Жақыпов, мектеп директорлары мен орынбасарлары, жалпы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің мамандары түгел қатысты.

Семинарды аудан әкімі аппаратының басшысы Ғ.Күлбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиынға арнайы келген облыс әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің бас инспекторы Жанбота Жұмабаева, облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу және мектеп бөлімінің инспекторы Мөлдір Жәукеева қатысты.

Аудан бойынша 2016 жылдың 7 айында көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 66364. Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы 6588 қызмет көрсетілген. Электрондық түрде «электронды үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2879. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде 49677 қызмет көрсетілген. Осы көрсетілген қызметтердің білім саласы бойынша 23 қызметі яғни 25 пайызы көрсетіледі екен. Осы мақсатта мемлекеттік қызметтер бойынша кемшіліктерді болдырмау мақсатында облыстан келген тиісті мамандардың хабарламасы тыңдалып, ақыл-кеңестер ұсынылды. Мамандар жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, семинарда түйіні көп сұрақтардың жауабы шешілді.

МЫҚТЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

Қазақ елi алдағы желтоқсан айында тәуелсiздiк алғанына ширек ғасыр толатын ұлы мерекенi атап өтуге қызу дайындық үстiнде. Қазiрдiң өзiнде ауданымызда өтiп жатқан көптеген iс-шаралар осы айтулы той құрметiне арналып келедi

Соның бір парасы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған аудандық спартакиада. Спорттың 7 түрінен жарысқа барлық ауылдық округтерден 1000-ға жуық  спортшылар қатысты. Жарыс қорытындысымен қол күрестен жүлделі І орын Талаптан ауылының командасына бұйырды. ІІ орын Жуантөбе, ІІІ орынға Шиелі кенті тұрақтады. Асық ату ойыны бойынша І орын Қарғалы ауылы, ІІ орын Бестам ауылы, ІІІ орынға Тартоғай ауылының командасы жетті. Қол добынан Шиелі кентінің спортшыларының бағы жанып, жүлделі  І орынды жеңсе, ІІ орын Бестам командасына, ІІІ орынды Талаптан командасы қанжығасына байлады. Гір көтеру сынында тағы да Талаптан ауылының спортшылары жеңіске жетті. ІІ орынды Қоғалы, ІІІ орынды Ортақшыл ауылының командасы өзара бөлісті. Арқан тартыстан Телікөл ауылына І орын, Жөлек ауылына ІІ орын, Талаптан ауылының командаларына ІІІ орын берілді. Эстафетада Бестам ауылының спортшылары топ жарса, ІІ орын Жуантөбе командасына бұйырды. Жүлделі ІІІ орынды Керделі ауылының командалары жеңіп алды. Жарыстың соңғы түрі аударыспақ ойынында Керделі І орын, Жаңатұрмыс ІІ орын, Жуантөбе ІІІ орынға тұрақтады. Жалпы қорытынды есебімен І орынға Талаптан командасы жеңіске жетіп, ІІ орын Бестам спортшыларына бұйырса, ІІІ орынды Телікөл командасы еншіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы алғыс хат пен сыйлықтар тапсырылды.

ЖАС ҒАЛЫМДАР АЛЬЯНСЫ МҰҒАЛІМДЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше А.С.Пушкин атындағы №46 мектеп-лицейінде «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен кездесу өтті. Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің мамандары, мектеп мұғалімдері қатысты.

Кездесу барысында облыстық «Жас ғалымдар альянсы» қоғамдық бірлестігінің президенті Ғани Байұлов, бірлестік мүшелері Ерлан Алтаев, Нұрбол Аппазов қатысушыларға ғылыммен айналысудың жолдарын түсіндіріп, әдістемелік нұсқаулар жасады. Ғани Бекқожаұлы аудандық ішкі саясат б­ліміне ғылыммен айналысатын жастар үшін «Жас ғалымдар орталығын» ұйымдастыруды ұсынды. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты –ғылыми жобамен айналысатын жастардың әлеуетін к­өтеру, ғылыми ізденіс әдістерін үйрете отырып, жеке тұлғаларды тәрбиелеу жолын көрсету. Жиын барысында мектеп мұғалімдері ­өз ойларын ортаға салып, кө­кейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

 

 

 

ТҰЛҒА ТУРАЛЫ ТҰЩЫМДЫ ДЕРЕКТЕР

Биылғы мешін жылын даңқты диқан екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, дала академигі “Ыбырай Жақаев жылы” десек те болады. Себебі, ақ күріштің атасы биыл 125 жасқа толады.

* Диқан ата еңбегін дәріптей отырып, оның басқа да қырының ұрпаққа үлгі тұстарын айта өткіміз келеді. Зер салып, назар аударыңыздар.

* Биыл Ы.Жақаевтың бірінші рет күріш звеносын басқарғанына – 80 жыл толады.

* Даңқты диқанның мемлекеттік сыйлыққа ие болғанына – 70 жыл.

* Қазақ жазушысы Сәбит Мұқановтың диқан үйінде болып “Сырдария” романын жазғанына – 65 жыл. Бұл романның басты кейіпкері диқанның  прототипі болатын.

* Ақ күріштің атасының “Дала академигі” атанғанына – 60 жыл.

* Елдің ең іргелі футбол командасына Ы.Жақаевтың “Қайрат” есімін қойғанына – 60 жыл.

* “Қызылту” колхозына Ы.Жақаев есімінің берілгеніне – 35 жыл.

* Диқан бабаның дүниеден озғанына – 35 жыл толады.

* Ы.Жақаев бабамыз – қоғам қайраткері Д.Қонаев, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ж.Қуанышбаев, Кеңес Одағының батырлары  ұшқыш-космонавт Г.Титов пен генерал Г.Ковтунов, т.б. ақын-жазушы, қоғам қайраткерлерімен бірге болуы өз алдына үлкен әңгіме арқауы. Диқан мерейтойын жоғары дәрежеде өткізуге баршамыз болып үлес қосайық

 

Дереккөз: Шиелі аудандық "Өскен- өңір" газеті

 

 

 

 

Ақпараттық хабарлама!

2016 жылдың «22 » тамыздағы жер учаскелеріне меншік және жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізіледі. 

р/с

Орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Жалпы көлемі, га

Оның ішінде

Жер учаскесіне уақытша өтеулі

жер пайдалану құқығы

Кадастрлық құны

Бірінші қадамдағы

сатылу бағасы

Төленуге тиіс жарнапұл мөлшері.

жайылым

басқа алқаптар

 

 

 

 

1

Майлытоғай ауылдық округі, «Бозарық» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

500,0

495,0

5,0

10 жыл мерзімге

 

136000

149600

6800

2

Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

1000,0

990,0

10,0

10 жыл мерзімге

151200

166320

8316

3

Бәйгеқұм  ауылдық округі, айналымнан шыққан МААЕ

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

87,0

87,0

0,0

10 жыл мерзімге

84181

92599

4630

4

Бәйгеқұм  ауылдық округі, айналымнан шыққан МААЕ

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

95792

105372

5269

5

Бәйгеқұм  ауылдық округі, айналымнан шыққан МААЕ

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

310,0

296,0

14,0

10 жыл мерзімге

146652

161317

8066

Аукцион ағылшын тәртібімен өтеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар қажет:

1)       Аукционға қатысу үшін өтінім;

2)       Жеке басын куәландыратын құжат;

3)       Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжаты. (депозиттік шот KZ620705034632506006, СТН 330800212048, БСН 060240011766, БИК KKMFKZ2A)

4)        Кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі;

5)       Заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлігінің және жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Тапсырыстарды қабылдау осы ақпарат ресми жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.

Тапсырыстарды қабылдау Шиелі кенті, И. Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» коммуналдық ММ-де жүргізіледі. Аукцион өткізілетін орын: Шиелі кенті, И. Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында, «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ-нің мәжіліс залында, 22 тамыз 2016 жыл  сағ 11:00 де.

Қосымша ақпаратты 35-5-02 телефонына хабарласу арқылы алуға болады.

 

 

 

 

 

Хабарлама

Қызылорда облысында Жер кодексін түсіндіретін Call-орталық ашылып, жұмысын бастады.

Call-орталықтың негізгі мақсаты- облыс тұрғындарына жер заңнамалары ережелерін түсіндіріп, жедел ақпарат беру.

400-200 қала тұрғындары, аудан тұрғындары үшін 8 724-2-400-200 байланыс телефонына қоңырау шалу арқылы тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарға толық жауап алады.

«Шұғыл желі» күн сайын таңғы сағат 8:00 ден бастап, 20:00 ге дейін қызмет етеді. Сонымен қатар, бірыңғай 1434 Жер реформасы жөніндегі республикалық Call-орталығы және www.jerturaly.kz сайты жұмыс істеп тұр. 

 

 

 

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында орналасқан «Иіркөл» кенішіне апаратын технологиялық жол бойында орналасқан К-9 каналы арқылы автомобиль көпірі құрылысы жөнінде құрылыс жобасы үшін қоғамдық тыңдаулар хаттамасы

Өткізілген күні: 20.07.2016 ж., уақыты 16:00 

Өткізілген орыны: Қызылорда  облысы, Шиелі ауданы, Жана-Тұрмыс ауылдық округі

Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырушы:  Семізбай ЖШС-гі 

Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілді: «Өскен өңір» 29.06.2016ж. №50 (8401) газетінде және аудан әкімінің арнайы сайтында хабарландыру.

Қатысқандар:

  1. Шиелі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысы Д.С. Аман.
  2. Жанатұрмыс  а/о әкімі М. Қазыбай.
  3.  «Қызылорда облысы бойынша экология департаменті»  өкілі Б. Сарсенбаев.
  4. «Семізбай-U» ЖШС бөлім бастығы Б.С.Кнатов.
  5. «Иіркөл» кешенінің бас инженері Жапбасбаев М.Б.
  6. «Иіркөл» кешенінің қызметкерлері: осы хаттаманың 1 қосымшасына сәйкес
  7. Жергілікті тұрғындар: осы хаттаманың 1 қосымшасына сәйкес 

Сөз сөйлегендер : 

20.07.16 жылы 16 сағат 00 минутта Қызылорда  облысы, Шиелі ауданында  орналасқан «Иіркөл» кенішіне апаратын технологиялық жол бойында орналасқан К-9 каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі  құрылысы жөнінде құрылыс жобасы жұмыстық жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды «Иіркөл» кешенінің құрылыс инженері Е.Б. Кулмагамбетов ашты.

Өз сөзінде ол қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабының 30-тармағы мен 57-бабына және «Қоғамдық тыңдауларды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 26 наурыз айындығы  № 50Ө бұйрығына сәйкес өткізілетінін атап өтті. «Семізбай-U» ЖШС, Шиелі ауданында орналасқан Иіркөл» кенішіне апаратын технологиялық жол бойында орналасқан К-9 каналы арқылы өтетін автомобиль көпірі  құрылысының құрылыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды қткізуді, алдын ала  жергілікті атқару органымен,  қоғамдық тыңдаулар өткізу  орынымен және уақытымен келісілді, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы БАҚ-та хабарландыру жариялады.

Ары қарай қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау, күн тәртібін, жиналыс жұмысының регламентін бекіту ұсынылды.

Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібінде: 

  1. Қоғамдық тыңдаулардың төрағасы мен хатшысын сайлау.
  2. Жобаны талқылау:
  • Қызылорда  облысы, Шиелі ауданында  орналасқан «Иіркөл» кенішіне апаратын технологиялық жол бойында орналасқан К-9 каналы арқылы  автомобиль көпірі  құрылысының қоршаған ортаға әсерін бағалау.
  1.   Талқылау, сұрақтар мен жауаптар, ұсыныстар мен ескертулерді баяндау. 

Бірінші сұрақ бойынша келесі кандидатуралар ұсынылды: 

  • Қоғамдық тыңдаулар төрағасының лауазымына – Жаңатұрмыс а/о әкімі М.Қазыбай.
  • Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан «Қарсы емес».
  • Қоғамдық тыңдаулар хатшысы  лауазымына – «Иіркөл» кенішінің құрылыс инженері Е.Б. Кулмагамбетов.
  • Ашық дауыс беру нәтижелері – бірауыздан «Қарсы емес».             

  Екінші сұрақ бойынша сөз сөйлегендер: 

  1. «Семізбай-U» ЖШС-нің ЕҚ, РҚ және ҚОҚ бөлім басшысы Б.С. Қнатов өз сөзінде өңірде болып жатқан әлеуметтік мәселелердің шешімі жөнінде және компания тарапынан бюджетке аударылып жатқан салықтар жайлы баяндап өтті. Қазіргі таңда пайдаланып отырған ескі көпір заманауи құрылыс талаптарына, жол қозғалысы қауіпсіздігі мен көпір имараттарын функционалды пайдалану талаптарына сәйкес келмейтіндігін атап өтті. Жаңа көпір салудағы мақсат көлік саласындағы инфраструктураны дамытып жоғары деңгейге көтеру, көліктік қызмет көрсету сапасын арттыру, жол-көлік оқиғасы мен көлік қатынасының қоршаған ортаға келтірер кері әсерінің деңгейін төмендету.
  2. Жобаның бас инженері Д. Шимановский жобадағы көпірдің конструкциялық шешімдерімен таныстыра келе қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тоқталып өтті.
  • техникалық шешімдер мен құрылыс жүргізу нормаларын сақтау
  • құрылыс алаңдарын таза және қалыпты жағдайда ұстау
  • ашылған жер қабатын суландырып отыру
  • құнарлы жер қабатын сылып алып жинау, құрылыс аяқталған соң қайтадан қалпына келтіру
  • жер жұмыстарын шаңды басып отырып орындау (жер қабатын сулап отыру)
  • тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарда уақытша сақтап, мерзімінде тұрмыстық қалдықтарды жою полигонына тапсыру жұмыстары жоспарланған.  (сөйлегендер тізбесі, олардың баяндамалары мен сөздерінің  мәтіндері болған кезде  баяндама мен сөздерінің тақырыбы және жалпы мәні, хаттамаға қосымша ретінде тіркеу). 

Үшінші сұрақ бойынша: 

Ауыл тұргындары Шығанбаев Т., Махашев Ы. жобада жаяу жүргіншілер мен көпір арқылы мал айдау қалай көзделгені, жаңа көпір құрылысы кезінде жол қозғалысы қалай қарастырылғандығы  жайлы сұрақ қойды. Ауыл тұрғындарының сұрағына жобаның бас инженері Д. Шимановский жауап берді. Өз сөзінде жаяу жүрушілер мен мал айдауға арналған тортуардың қрастырылғандығын, жаңа көпір ескі көпірдің жанынан соғылатынын және де құрылыс жүріп жатқан кезде жол көлік қозғалысы ескі көпір арқылы ұйымдастырылатынын айтты. Жаңа көпірдің құрылысы аяқталған соң ескі көпір бұзылатын болады. 

Қоғамдық тыңдауға қатысушылар жиналыстың күн тәртібімен бекітілген жоба құжаттарын мақұлдады: 

  • Қызылорда  облысы, Шиелі ауданында  орналасқан «Иіркөл» кенішіне апаратын технологиялық жол бойында орналасқан К-9 каналы арқылы  автомобиль көпірі  құрылысы жөнінде құрылыс жобасының ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерін бағалау) және де өңір тұрғындарына құрылыс жобасының маңызы зор екендігін, құрылыс салу барысында қоршаған ортаға экологиялық қауіптің жоқтығы айтылып өтті. 

 «Семізбай-U» ЖШС қоғам өкілдерінің құрылыс жобасына, ескертпелер мен ұсыныстарының қабылдануы мен тіркелуіне қол жеткізуді қамтамасыз етуді міндетіне алды.

(сұрақтар мен жауаптарды, ұсыныстар мен ескертулерді  тұлғаларды және оны ұсынған мекемелерді немесе мақсаттық топтарды  көрсетумен баяндау; көлемді жазбаша ұсыныстар мен ескертулерді ұсынған кезде оларды хаттамаға қосымша ретінде қосу).

Талқыға салу нәтижесі бойынша негізгі қортындылар: 

Ұсыныстар, ескертулер, сондай-ақ келіспеушіліктер болған жоқ. (тіркеуді және ол қалай ескерілетінін талап ететін ұсыныстар мен ескертулердің болуы (болмауы),  түбегейлі келіспеушіліктердің болуы (болмауы) және қоғамдық пікірді есепке алу бойынша келешекте жұмыс қалай ұйымдастырылады). 

Күн тәртібі тәмамдалды, жиналыс жабық  деп саналсын.

Жабылу уақыты: 16:40 

 

Қоғамдық тыңдаулар төрағасы                                   ________________ 

Қоғамдық тыңдаулар хатшысы                               __________________

 

 

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ БОЛАШАҚ БАҒДАРЫ

Шілденің 26-шы жұлдызында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Діни сауаттылық және ақпараттық түсіндіру топтарының міндеттері» такқырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды

Жиынның басты мақсаты – соңғы уақытта елімізде орын алған террорлық әрекеттер жайлы тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру болып табылады. Шараға аудан әкімдігі жанындағы діни саладағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері мен ауылдық округ әкімдері жиналды. Облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерт-теу орталығы мекемесі мамандарының қатысуымен өткен шара аясында аталмыш орталықтың директоры Б.Камалов, бөлім меңгерушісі Б.Убаев және С.Памбетов баяндама жасады. Семинар соңында, қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, көкейлерінде жүрген сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптарын алды. Ұйымдастырушылар дінге қатысты қандайда бір сұрақтар болса, 40-11-31 нөміріне қоңырау шалуға болатындығын жеткізді. Сонымен қатар, ақпараттық түсіндірме тобының аудандық өкілдеріне орталықпен әзірленген әдістемелік, нұсқамалық кітапшалар таратылды. Шара соңы аудандағы ҚМДБ филиалдарының діни қызметкерлерін «Рухани құндылықтарды түсіндірудегі діни қызметкерлердің рөлі» тақырыбындағы оқыту семинарына ұласты

 

 

 

Елбасы ресми сапармен Сербия Республикасына барды

Мемлекет басшысы Белград қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев Сербия Президенті Томислав Николичпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою көзделген. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Сербияның Премьер-Министрі Александр Вучичпен, Сербия Патриархы Иринеймен кездесуі, сондай-ақ Белград қаласында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін ашу салтанатты рәсіміне қатысуы жоспарланып отыр.

24.kz

 

Елбасы Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Варшавадағы мемлекеттік сапары аясында Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан мен Польша іскер топтарының 400-ден астам өкілінің қатысуымен өткен форум барысында инвестиция және сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастық аясын кеңейту жолдары қарастырылды. Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстанның Польшаны Еуропалық Одақтағы сенімді саяси және экономикалық серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті. «Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 2015 жыл қорытындысы бойынша 1,1 млрд болды, бұл қазіргі әлеуетімізді толық көрсете алмайды. Қазақстанның Польшаға экспортында энергия ресурстары, шикізат және химия, көмір өнеркәсібі, қара металлургия, астық пен мақта, басқа да ауыл шаруашылығы өнімдері басым. Польшадан Қазақстанға жеткізілетін негізгі импорт түрлері – электрлік-тұрмыстық құрылғылар мен жабдықтар, химия өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік тауарлары, жиһаз. Қазір Қазақстанда Польша азаматтарының қатысумен 100-ден астам кәсіпорын жұмыс жүргізуде. Бірқатар поляк кәсіпорындары фармацевтика және құрылыс сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыруда. Тағы да ондаған поляк компаниялары бізбен ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін білемін. Бүгінде Қазақстанда поляк компанияларының қатысуымен құны 100 млн доллар болатын 3 жоба жүзеге асырылып жатыр»,-деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстанды поляктардың шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесі қызықтыратынын айтты. «Біз мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып санатын шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсетудеміз. Кәсіпкерлерге көмектесу үшін бизнеске қолайлы жағдайлар туғызуға бағытталған ұлттық бағдарламалар жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлерге атаулы көмек көрсететін «Даму» атты кәсіпкерлікті дамытудың арнаулы қоры жұмыс істейді. Бізді сіздердің агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, көлік және логистика, энергетика, фармацевтика салаларындағы тәжірибелеріңіз қызықтырады. Мен екі елдің бизнес өкілдерін қызықтыруы мүмкін бірнеше саланы ғана атап өттім. Бұл ретте Польша үкіметі қабылдаған Перспективалы нарықтарды игерудің 2013-2016 жылдарға арналған бағдарламасының әлеуетін белсендірек пайдалану қажет. Онда Қазақстан Бразилия, Канада, Түркия және Алжирмен бірге перспективалы бес экономикалық нарықтың бірі ретінде көрсетілген. Бұдан бөлек, Польшада біздің елмен бірқатар саладағы ынтымақтастық туралы арнаулы бағдарламалар жүзеге асырылуда», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті биыл жыл соңында Брюссельде өтетін ЕАЭО мен Еуропалық Одақ арасындағы конференцияны еске сала отырып, интеграциялық бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықты жолға қою қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялық тартымдылықтың жаңа деңгейіне көтерілу үшін Қазақстанда қандай жұмыстар жасалып жатқанына, оның ішінде Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі ұлт жоспары – 100 нақты қадам және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шараларға тоқталды. Елбасы екі елдің көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан, Польша және Ресей арасында көлік саласындағы үшжақты келісімді пысықтау және Кавказ транзиттік дәлізін пайдалану жөнінде бастама көтерді. Соңында Мемлекет басшысы бизнес-форум екі ел бизнесінің өзара тиімді серіктестігі үшін жаңа перспективаларға жол ашады деп үміттенетін жеткізді және поляк іскер топтары өкілдерін еліміздегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына белсене атсалысуға шақырды.


24.kz

 

Мемлекет басшысы Польша Премьер-Министрі Беата Шидломен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды қамтитын негізгі бағыттары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде екі ел ұстанымының ортақтығы Қазақстан-Польша диалогын жүйелі түрде өрбіту үшін қолайлы негіз болатынын атап өтті. Б.Шидло Астанамен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Польшаның Орталық Азиядағы сыртқы саяси бағдарының басымдығы бар бағыты екенін айтты.


24.kz

Қызылорда облысында 27 тонна балық заңсыз сақталған

Қызылорда облысының Қазалы ауданында тұратын кәсіпкер 27 тоннадан астам балықты заңсыз сақтап келген. Аудан прокурорлары анықтағандай, азамат өнімді ветеринарлық құжатсыз қабылдап алыпты. Сот қаулысымен заңсыз тауар толық тәркіленіп, уәкілетті орган арқылы саудаға шығарылды. Сөйтіп, бюджетке бір жарым миллион теңге түсті. Жалпы, қазір ауданда балық өңдеп, оны сақтаумен 10 шақты кәсіпкер айналысады. Құзырлы орган өкілдері олардың барлығына санитарлық талаптардың қатаң сақталу керектігін ұдайы ескертіп отырады. Ғалым Едігеев, Қазалы ауданының прокуроры: - ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес РТС мекемесіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Қазіргі таңда кәсіпкер өзі ісін заңдастырып, қоймасын тиісті санитарлық және ветеринарлық талаптарға сәйкестендірді.

24.kz

Елбасы мемлекеттік сапармен Польшаға барды

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Варшаваға барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Польша Республикасының Президенті А.Дудамен кездесуі және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізуі көзделген. Оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы қарастырылған.

Дереккөз:24.kz

 

Рио-2016: Қазақстан жалпымедальдық есепте 22-орынға орналасты

Отандастарымыздың арасынан ең соңғы болып жарыс жолына марафоншы Михаил Красилов шықты. Ол 50 шақырымды 2 сағат 26 минут 11 секундта бағындырып, 101-сатыға орналасты. Рио Олимпиадасының қорытындысы бойынша ұлттық құраманың қоржынында 17 медаль бар. Ол дзюдо, жүзу, бокс, күрес және ауыр атлетикадан алған 3 алтын, 5 күміс, 9 қола. Бұл нәтижемен Қазақстан жалпымедальдық есепте 22-орынға орналасты. Тізімнің топ басында 121 медальмен АҚШ тұр. Алпауыт елдің еншісінде 46 алтын бар. Ұлыбритания 27 алтын иеленген. Үздік үштікті Қытай спортшылары түйіндеді.


24.kz

 

 

Сыр күрішшілері «Алтын сападан» үмітті

Сыр маржаны «Алтын сапаға» лайықты. Қызылорда облысының күрішшілері отандық нарықпен қатар жаһандық сауда-саттық аренасына шығуда маңызды көрсеткіш саналатын жобаға қатысып жатыр. Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» серіктестігі өнім қауіпсіздігі мен озық менеджмент жүйелерін енгізген кәсіпорын. Егінмен қатар мал шаруашылығын өркендетіп отырған кәсіпкерлік құрылымы әлеуметтік жауапкершілікке де аса мән береді. 1999 жылы 350 гектар жерге күріш егіп, 35 адаммен шаруасын бастаған серіктестіктің қазір 4500 гектардай егіс алқабы бар. Жылына 5-6 мың тонна Сыр маржанын көршілес мемлекеттерге экспорттайды. Өткен жылдан бастап тұқым шаруашылығы мәртебесін алып, аймақ диқандарын сапалы күріш тұқымымен қамтып келеді. Мінажадин Өтеев, «Сыр маржаны» ЖШС директоры: - Мамандар айтуы бойынша 52-нің үстінде өнім аламыз деп отырмыз. Ол дегеніміз біз облысқа мың тонна тұқым сата аламыз деген сөз. Облыс тұқымының 20%-ы қызыл дән болып кетті. Ал біздегі жасалып жатқан тұқым ішіндегі қызыл дәні 3%-дан аспайды. Бізден өнім алып жатқан Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдері біздің өнімнің сапалылығын айтып, қайта-қайта жақсы астықтар сұрап жатыр. «Сыр маржаны» серіктестігі күрішті Оңтүстік Корея технологиясы бойынша өңдейді. Зауытта дәнді дақыл қабылданып, өңделіп, крахмал мен басқа да пайдалы заттарды бойында сақтай отырып, ақтаудың барлық кезеңінен өткізіледі. Данияр Сүйлібаев, жұмысшы: - Ауысымда 18 адам бар. Тәулігіне біз 18 тонна күріш шығарамыз. Қыста тоқтамайды маусымында күзге дейін жалғастырамыз, ары қарай салыға дейін кете береміз. Қазір мен осы Қазалыға көшіп келдім. Сыр маржанында 1 жылдай болды істегеніме. Серіктестік 2015 жылдың желтоқсан айында 500 басқа арналған мал бордақылау алаңын ашты. Жемделіп, тыңайған ірі қаралар қазір Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен аудан көлемінде жоғары сұранысқа ие. Шаруасына шыр біткен кәсіпкер енді консервідегі бұқтырылған ет, шұжық, сүбе шығару комбинатын іске қосуды жоспарлап жүр. Мінажадин Өтеев, «Сыр маржаны» ЖШС директоры: - «ҚР үздік тауары» номинациясын алғаннан кейін қазір біздің өнімімізге сұраныс көбейе бастады. Егер де осы «Алтын сапаны» алып, ары қарай жұмыс істейтін болсақ, жауапкершілік күшейеді, сондай-ақ өнім сапасын жақсартамыз деп отырмыз. Еңбектің шамын жаққан серіктестік Ақтан Батыр, Жанқожа батыр, Өркендеу елді мекендерін түлетуге қыруар қаржы жұмсап келеді. Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде күріш өндіруші мекеменің есебінен аталған ауылдардың көркіне көз тояды.


Дереккөз:.24.kz

 

 

Рио-де-Жанейродағы XXXI Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды

Олимпиада алауы сөнді. Риодағы әлемдік спорт додасы өз мәресіне жетті. Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах XXXI Жазғы Олимпиада ойындарын ресми түрде жабық деп жариялады. Атақты «Маракана» стадионында төртжылдықтың басты додасының жабылу рәсімі өтті. Алдымен Бразилияның гимні ойнап, әр елдің спортшылары алаңда сап түзеді. Қазақстан туын Олипиаданың ашылу салтанатында ұстаған таэквондошы Руслан Жапаров көтеріп шықты. Стадионда сондай-ақ ойындардың соңғы марапаттаулары жалғасып, марафоншыларға жүлделері табысталды. Екі жетіге жалғасып, төрткүл дүниенің назарын аударған бұл додада 205 елдің кіл мықтылары сынға түсті. Қазақстандық спортшылар да атойлап шығып ел мерейін асырды. Осы салтанатта сонымен қатар келесі ойындарды өткізу құқығын тапсыру рәсімі болды. Бұл Олимпиада 2020 жылы Токиодо өтеді. Томас Бах, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті: - Бразилиялықтарға үлкен алғысымды білдіремін. Олимпиада ойындары бірліктің белгісіндей. Бұл жаққа қонақ болып келіп, енді дос болып қайтып барамын. Біздің жадымызда бұл күндер мәңгіге қалады. Енді Риода өзіме жүктелген міндетті орындауым керек. XXXI Жазғы Олимпиада ойындарын жабық деп жариялаймын. Дәстүр бойынша әлемнің барлық жастарын төрт жылдан кейін Токиаға XXXII Олимпиада ойындарын тойлауға шақырамын!


Дереккөз: 24.kz

 

Ақмола облысында дәрігерлер тапшы

Ақмола облысында дәрігерлер жетіспейді. Бүгінде аймақтың емдеу мекемелері акушер-гинеколог, анестезиолог, психиатр және онколог секілді 150-ден астам медицина маманына мұқтаж болып отыр. Жыл сайын медициналық оқу орындарына облыстан арнайы грант бөлінгенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін толық шешілмей келеді. Ал өңірде дәл қазір аллерголог мүлдем жоқ. Осы уақытқа дейін халықты емдеп келген жалғыз маман былтырдан бастап бала күтіміне байланысты демалысқа шыққан. Онсыз да жаз шыға, аллергия мазалайтын ақмолалықтар енді одан сайын қиналып жүрген жайы бар. Дегенмен жауапты мамандар бұл проблеманы алдағы уақытта шешеміздейді. Сергей Киласев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары: - Дегенмен біздің науқастар қараусыз қалмайды. Оларға қазір басқа дәрігерлер мүмкіндігінше көмек көрсетуде. Мысалы, аллергия поллиноз болса, онда мұнымен лор-дәрігерлер айналысады. Ал теріге байланысты аллергия болса, оларды дерматологқа жібереміз. Ал диагнозы тіпті анықталмаған жағдайда квотамен Астана қаласындағы республикалық диагностикалық орталыққа жөнелтеміз. Қазір тағы бір дәрігерді аллерголог мамандығына қайта оқыту мәселесін қарастырудамыз.


Дереккөз: 24.kz 

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлыққа өзгеріс енгізілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.   «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы № 248 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 27, 150-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтағы «2016» деген цифрлар «2021» деген цифрларға ауыстырылсын.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қазақстан Республикасының   Президенті                                        Н. Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 18 тамыз  № 308


Дереккөз: 24.kz

 

 

Кәрім Мәсімов Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі боксшы Әділбек Ниязымбетов пен балуан қыз Гүзел Манюрованың Рио Олимпиадасының күміс жүлдегерлері атануымен құттықтады.  Сондай-ақ балуанымыз Екатерина Ларионованы Олимпиадада ұтып алған қола медалімен құттықтады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министр К.Мәсімов өзінің Twitter парақшасында жазды. 


Дереккөз:24.kz

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды

Рио-де-Жанейро Олимпиадасында ел қоржынына 13-медальды боксшымыз Әділбек Ниязымбетов салды. 81 келі салмақтың серкесі XXXI ойындардың күміс медалін иеленіп, қатарынан екінші мәрте Олимпиада жүлдегері атанды. Әділбек Ниязымбетов Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Лондондағы жетістігін қайталаған жерлесіміз финалда әлемнің үш дүркін чемпионы кубалық Хулио Сезар Ла Крузден ұпай санымен жеңілді. Әділбек жекпе-жекті ширақ бастады. Бірден шабуылға шыққан Ниязымбетов қарсыласын бұрыштан-бұрышқа қуды. Тіпті, екінші раундта қазақстандық боксшы Ла Круздың мысын басқандай болған. Алайда төрешілер басқаша шешім шығарды. Үш раунд бойы кубалық боксшыны аңдыған жерлесіміз күміс медальды қанағат тұтты. Маңғыстаулық былғары қолғап шебері финалдан кейін көз жасын тия алмай, өкініштен өзегі өртеніп тұрғанын жасырмады. Әділбек Ниязымбетов, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері: - Қолымнан келгенше бәрін істедім, енді бұл бірінші рет емес, екінші рет алып отырмын. Алланың жазған шығар. Енді өзім де сездім. Қазір демалып болғаннан соң айтпасам, толқып отырмын. Өкіндім, қатты өкіндім, өкінішімді баса алмайтын шығармын деп ойлаймын. Мырзағали Айтжанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері: - Әділбек өте жақсы өнер көрсетті. Әлемнің үш дүркін чемпионымен қалай ойнайсың, барлық тапсырманы орындады. Қуалады, кейбір жерде тигізді. Былайша айтқанда, бүкіл залдың өзіңіз көрдіңіз ғой, біздің еліміздің жанкүйерлерінен бөлек бүкіл әлем Қазақстанды қолдап жатыр. Құр қашқаннан басқа ештеңе істеген жоқ Ла Круз. Бүгін Әділбек азғантай болса да жеңді. Әділбектің финалда жеңілмегенін аса ауыр салмақтағы Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазір кәсіпқой бокста атой салып жүрген британиялық боксшы Энтони Джошуа да айтады. Риоға боксшылардың өнерін тамашалау үшін арнайы келген ол қазақ жігіттерінің шаршы алаңдағы өнерін жоғары бағалады. Энтони Джошуа, Лондон Олимпиадасының чемпионы: - Бұл екі мықты боксшының кездесуі болды. Екеуі де тең дәрежеде жұдырықтасты. Сондықтан жеңімпазды анықтау қиын. Жалпы қазақ жігіттері Олимпиада ойындарында тамаша бокс көрсетіп жүр. Жаттықтырушыларыңыз спортшыларды өте мықты дайындықпен әкеліпті. Қазақ боксшыларында дәл қазір бір алтын, екі күміс медаль бар. Бүгін шаршы алаңға Дариға Шәкімова мен Иван Дычко шығады. Дариға жартылай финалда америкалық Клара Шилдспен қолғап түйістірсе, Дычко финалдық жолдаманы британиялық Жое Джойспен сарапқа салады.


дереккөз:24.kz

 

KASE қорытындысы: 1 доллар = 340,09 теңге

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 339теңге 67 тиынды құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 340 теңге 09 тиынды құрады.

Дереккөз:24.kz

Елбасы Н.Назарбаев бірнеше мемлекетке ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті 22 тамыз – 5 қыркүйек аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады. Бұл  туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 22-23 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы көзделген. 23-24 тамызда Қазақстан Президенті ресми сапармен Сербия Республикасына барып, онда Президент Томислав Николичпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайтын болады. Нұрсұлтан Назарбаев 1-5 қыркүйек аралығында ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады. Сапар барысында Мемлекет басшы ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Бейжің ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Саммит аясында делегациялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өтпек.

Дереккөз:24.kz

 

Елбасы Данияр Елеусіновті Рио Олимпиадасындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан Президенті Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланысты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Нұрсұлтан Назарбаев Д.Елеусіновті бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Жылдар бойы тынымсыз төгілген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәтижесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.


Дереккөз:24.kz

 

Данияр Елеусінов – Рио Олимпиадасының чемпионы

Рио-де-Жанейро Олимпиадасынан қуанышты хабар жетті. 69 келі салмақта сайысқа түскен Данияр Елеусінов Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовтан басым түскен жерлесіміз ел қоржынына үшінші алтынды салды. Бокста 69 келі салмақ қазақтың салмағы екенін Данияр Елеусінов тағы бір мәрте дәлелдеді. Ермахан, Бақтияр, Бақыт, Серіктер салған сара жол Даниярдың есімімен жалғасын тапты. Дәл осы шаршы алаңда өзбекстандық Шахрам Гиясовтан басым түскен Елеусінов бокста сонау 1996 жылы Атланта Олимпиадасынан бастау алған жеңісті дәстүрді жалғастырып әкетті. Рио шаршы алаңынан түсе сала, су жаңа Олимпиада чемпионын алғашқы болып, «Хабар» агенттігінің тілшілері құттықтады. Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы: - Көңіл күй өте керемет. Еліміздің үмітін ақтағаныма өте қуаныштымын. Бапкерлерімізге рақмет. Бас бапкерге, көмектескен аға жаттықтырушыларға, әкеме рақмет. Даниярдан жеңілген Шахрам Гиясов финалға дейін Олимпиада мен әлем чемпиондарын жолда қалдырып, алтыннан дәмелі екендігін дәлелдеді. Алайда Даниярдың да тек Олимпиада алтыны үшін келгені белгілі. Алғашқы екі раундта ұпай санын молайтып, қарымта соққыларымен өзбек жігітін әбігерге салған Елеусінов тамаша кездесуді өз пайдасына шешуге ұмтылды. Соңғы кезеңде өзбек боксшысы арадағы есеп айырмасын қысқартуға тырысты. Бірақ бұл сында Даниярдың мысы басым екені анық сезілді. Ұлттық құрама капитаны осы биікке қазылардың кесірінен жете алмай кеткен команда үшін де барын салды. Данияр Елеусінов, Олимпиада чемпионы: - Кішкентай кезден армандап жүрген арманым. Лондон Олимпиадасына бардым. Ол жерде бағымды сынап көрдім. Бірақ жеңіске жете алмадым. Бірақ құдай солай жазып тұр. Келесі Олимпиадада төрт жылдан кейін еңбек етіп, Олимпиада чемпионы атануым маңдайыма жазып тұр. Даниярдың жеңісті жолын бүгін түнде шаршы алаңға шығатын Әділбек Ниязымбетов жалғастырады деген үміттеміз. 81 келі салмақта сынға түсетін жерлесіміз финалда Кубалық Хулио Ла Крузбен олимпиада алтынын сарапқа салады.  Авторлары: Қанат Базылхан, Ерсін Мұханбеталин Видео: http://khabar.kz/olympics/kz/news/item/61726-daniyar-eleusinov-zhe-isimdi-aza-eline-arnajmyn


Источник: 24.kz

KASE қорытындысы: $1 = 341,20 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы және күндізгі сессияларының қорытындысында доллар бағамы 341,20 теңге болды.


Дереккөз: 24.kz

 

Тегін оқуға түсе алмай қалған «Алтын белгі» иегерлеріне мүмкіндік берілді

Мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерлерін тегін оқыту мүмкіндіктері талқыланды. Бұл игі бастаманы оншақты қазақстандық ЖОО ректорлары қолдап, бүгін олардың бөлгелі отырған гранттық орындар саны да белгілі болды. ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның мұндай бастаманы қолдап, қоғамға, жұмыс берушілер мен түлектерге көрсеткен әлеуметтік жауапкершілік үлгісі үшін алғысын білдірді. Айта кеткен жөн, биыл мемлекеттік білім гранттарын ала алмай қалған 45 «Алтын белгі» иегерінің 19-ы экономикалық, 8-і халықаралық қатынастар, 14-і заңгерлік, 4-уі аударма ісі мамандықтарын таңдаған.


Дереккөз:/24.kz

 

Әлемдегі алғашқы кванттық жер серігі ұшырылды

Қытайда әлемдегі ең алғашқы кванттық жер серігі сәтті ұшырылды. Осылайша жергілікті ғалымдар үзуге болмайтын байланыс түрін жасауға жақындап келеді. Жоба авторларының айтуынша, жер серігінен шыққан белгіні бақылауда ұстау мүлде мүмкін емес. Алдағы 3 айда жер серігі орбитада сынақтан өткізіледі. Қытай оның көмегімен Бейжің мен Шанхай арасындағы ұзындығы 2 мың метрден асатын кванттық коммуникациялық желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Әрі қарай Еуропамен байланыс орнайды. Оны хакерлер мүлде анықтай алмайды. Бұл жоба 2011 жылы қолға алынған болатын. Жаңа жер серігі ежелгі Қытай философы Мо-Цзыдың атымен аталады.

Дереккөз: 24.kz

 

Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко жүлдеге жақындады

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының ақтық сынына жолдама алды. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко да кем дегенде қола медальға жақындады.Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына жолдама алды. 81 келі салмақта сынға түсетін Маңғыстаулық боксшы төрт жыл бұрынғы Лондон олимпиадасындағы жетістігін қайталады. Жартылай финалда Британиялық Джошуа Буатсимен қолғап түйістірген Ниязымбетов қарсыласынан ұпай санымен басым түсті. Әділбек бұл жекпе-жекті тактикалық тұрғыда өте сауатты өткізіп, бапкерлер тапсырмасын тиянақты орындады. Бірден ара қашықтықты ұстап, британиялық боксшыны қарсы соққымен тұқыртып алды. Буатсидің жұдырығы көбінесе ауа қармады. Айта кеткен жөн, олимпиада алдында біздің құрама Ирландияда британиялық боксшылармен біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізген еді. Сол кезде Джошуаны әбден танып-білдім,- дейді Әділбек. Әділбек Ниязымбетов, боксшы: - Осы Олимпиада ойындарының алдында әдейі балалармен спарринг өткізіп жаттыққанбыз. Сол кездегі көрген қарсыластарым, енді міне жартылай финалда кездесіп тұр. Кубалық боксшы сол баяғы бір тактикасы бар. Енді оны алдау керек, шапшаң қимылдау керек. Мырзағали Айтжанов, Ұлттық құраманың бас бапкері: - Буатси Джошуа өте мықты боксшы. Алдында біраз қарсыластарын керек болса, өзбекстандық Расуловтың өзін үш рет накдаунға жіберді. Ал онымен біз біріккен жаттығуда кездескенбіз. Спарринг ойнағанбыз. Сол кезде осал тұсын көріп алғанбыз. Сол себепті біз Әділбеккетек аяқпен қимылдап, ауаны қарматып, күшін кетіруді тапсырдық. Тапсырманы толық орындап шықты. Әділбек Ниязымбетов финалда әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Кубалық Хулио Ла Крузбен олимпиада алтынын сарапқа салады. Төрт жыл бұрынғы жетістігін қайталаған боксшының бірі - Иван Дычко. Аса ауыр салмақтағы былғары қолғап шебері ширек финалда Нигериялық алыптың осал тұсын тапты. Үш төреші де Қазақстандық боксшының жеңісіне күмән келтірмеді. Иван Дычко жартылай финалда британиялық Жое Джойспен шаршы алаңға шығады. Иван Дычко, боксшы: - Жекпе-жек толықтай көңілімнен шықты деп айта алмаймын. Бірінші раундта ұпай жинау керек болды. Ал қарсыласымның соққылары да ауыр. Өзі осал боксшы емес. Ал жартылай финалда одан да шебер боксшыға қарсы шығамын. Рио Олимпиадасында Қазақстанның төрт боксшысы жүлдегерлер қатарында. Кеше Левит күміс медальға иелік етсе, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко да жүлдеге жақындады. Бүгін шаршы алаңға Данияр Елеусінов шығады. 69 келі салмақтағы жерлесіміз олимпиада алтынын өзбек Шахрам Гиясовпен сарапқа салады. Авторлары: Қанат Базылхан, Ерсін Мұханбеталин. ВИДЕО:http://khabar.kz/olympics/kz/news/item/61693-dilbek-niyazymbetov-pen-ivan-dychko-zh-ldege-zha-yndady


Дереккөз: 24.kz

Кенесеры хан мен Кейкі батырдың бас сүйектері елімізге қайтарылуы мүмкін

Кенесеры хан мен Кейкі батырдың бас сүйектері елімізге қайтарылуы мүмкін. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов, Сочи қаласында Ресей Премьер-министрі Дмитрий Медведевпен екіжақты кездесу өткізіп, осы мәселені көтерді. Қазақтар үшін аса маңызды тарихи тұлғаларды елге әкеліп жерлеу, көпшіліктің тілегі екенін айтқан Үкімет басшысы, бұл мәселені шешуді сұрады. Сондай-ақ, кездесуде қос мемлекет транс-шекаралық өзендерді тереңдетумен бірлесіп айналысатын болып келісті. Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-Министрі: - Бізде бір маңызды мәселе бар. Біздің ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының сүйектерін елге қайтару мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын. Олардың денелерін Ресей Ғылым академиясының Петр Біріншінің атындағы Антропология және этнография мұражайында жатыр. Мүмкіндік болса, олардың мәйітін Қазақстанға қайтарып, еліміздің топырағына жерлесек деген ниетіміз бар. Бұл қазақ халқы үшін өте маңызды әрі ерекше қолқамыз. Дмитрий Медведев, РФ Премьер-Министрі: - Еш күмәніңіз болмасын. Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтаймын. Содан соң Премьер-министр Кәрім Мәсімов Сочи қаласында Еуразиялық Үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты. Жиында Қазақстан, Ресей, Беларусия, Армения және Қырғыз елінің Үкімет басшылары экономикалық интеграцияның маңызды мәселелерін талқылап жатыр. Кеңес барысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің Кеден кодексін қабылдаудың соңғы мерзімі туралы шешім қабылдануы тиіс. Сонымен қатар, тараптар одақ аумағындағы тауарлардың тасымалдануы, дәрі- дәрмектің айналымын бақылау сынды мәселелерді пысықтайды. Бұдан бөлек, Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуына байланысты одақ аумағындағы тауар айналымына қатысты жайттар да қаралады.


Дереккөз:/24.kz

 

Мұнай бағасы 4,6 пайызға қымбаттады

Мұнай бағасы шамамен 5 пайызға қымбаттап, соңғы бір ай ішінде ең жоғарғы өсім көрсетіп отыр. Brent маркалы қара алтынның бір баррелі 46 доллардан асса, WTI-дің бір баррелі 43,5 долларға сатылып жатыр. Оған Сауд Арабиясы энергетика министрінің мәлімдемесі түрткі болған. Бұған дейін Халид әл-Фалих қара алтын нарығындағы жағдайды тұрақтыру жөніндегі шараларды талқылауға дайын екенін жеткізген. Бұл мәселе енді Алжирда қыркүйектің аяғында өтетін халықаралық энергетикалық форумда көтерілуі тиіс. Сарапшылар алдағы уақытта шикізат құны ауытқуы мүмкін деп топшылап отыр. Алайда Сауд Арабиясы қара алтын өндіру көлемін қысқартпаса, бағалардың құлдырауы ғажап емес деген пікір де айтылуда.


Дереккөз:24.kz

Таиландтың курортты қаласында екі жарылыс болды

Таиландтың Хуахин курортты қаласында екі жарылыс болды. Салдарынан кем дегенде 11 адам жарақат алған. Олардың арасында шетелдік туристер де болуы мүмкін, деп жазады ТАСС.

Дереккөз: 24.kz.

Дмитрий Баландиннің жеңісі әлемдік БАҚ назарында

Қазақстандық Дмитрий Баландиннің жеңісі мұхиттың арғы бетіндегі Америка ақпарат құралдарының да жаңалығына айналды. «Лос-Анджелес Таймс» басылымы Баландинді Қазақстан тарихында суға жүзуден алғашқы чемпион ретінде таныған. Дегенмен отандасымыздың бұған дейін 2014 жылы Азиада мен 2015 жылғы Универсиадада жеңімпаз атанғанын назардан тыс қалдырмаған. Ал жүзу спортына бағытталған «Свим-Свом» сайты Қазақстанның олимпиадада өзге спорт түрлерінен жетістікке жеткенімен, жүзу спортынан алғаш рет көк туы көкте желбіреп, әнұраны тұңғыш шырқалғанын жазыпты.

Дереккөз: 24.kz

 

Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Кәрім Мәсімовтің жұмыс сапары бағдарламасында аймақтың еңбек ұжымдарымен және қоғам өкілдерімен кездесуі, инфрақұрылымдық нысандарды, АӨК кәсіпорындарын аралауы көзделген. Премьер-министр «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» автожолдарын қайта жөндеу барысын бағалайтын болады. Сондай-ақ, Кәрім Мәсімов Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарының жай-күйі туралы кеңес өткізеді. Сонымен қатар, Премьер-министр АӨК өкілдерімен тамақ өңдеу өнеркәсібінің өзекті бағыттарын талқылап, «Кублей» консервілерін шығаратын кәсіпорынға барады. 


Дереккөз:  24.kz/

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының жеңімпаздары Нижат Рахимов пен Дмитрий Баландинге құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын күресте мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық»,- делінген Нижат Рахимовқа арналған жеделхатта.  «Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдесіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады»- делінген Дмитрий Баландинге арналған жеделхатта. Қазақстан Президенті спортшыға келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.


Дереккөз: 24.kz

 

 

Олимпиада-2016: Қазақстан медаль ұту есебінде 11-орынға орналасты

Рио-де-Жанейрода Олимпиадаға қатысып жатқан Қазақстан құрамасы медаль ұту бойынша есепте 11-орынға жоғарылады. Себебі сайыстың бесінші күні қазақстандық спортшылар бірден екі алтын және бір күміс медальмен қанжығасын майлады. Жалпы қазір Қазақстан құрамасының олимпиялық қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 3 қола алқа бар, деп хабарлайды Vesti.kz. Естеріңізге сала етсек, зілтемірші қызымыз Жазира Жаппарқұл күмістен алқа тақса, жүзу спортынан алға суырылып шыққан Дмитрий Баландин мен зілтемірші Нижат Рахимовтар алтын медальді еншіледі.

Дереккөз: 24.kz

Ақтауда пара алған екі лауазымды тұлға ұсталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды екі қызметкерін ұстады. Олар алдын ала сөз байласып, 300 мың теңге және Жаңаөзен-Ақтау тас жолында қара металл тасымалы кезінде жәрдем бергені үшін жеке тұлғадан материалдық құндылық түрінде пара алған. Қазір екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде.


24.kz

 

Кәрім Мәсімов Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында ортақ хэштегті іске қосты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында арнайы хэштегті іске қосты. «Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында #Тәуелсіздікке25жыл хэштегін іске қосамын. Барлық жетістіктерімізді осы хэштегпен таныстыруды ұсынамын», - деп жазады К.Мәсімов.


Дереккөз: 24.kz

 

Карина Горичева Қазақстан қоржынына қола медаль салды

Зілтемірші қыздар арасындағы сайыста қазақстандық Карина Горичева қола медальге қол жеткізді. Олимпиада ойындарының төртінші жарыс күні ауыр атлеттерде рекордтар жауған күн болды. Бүгін 63 келідегі әйелдер арасындағы сайыста қазақстандық Карина Горичева қола медальге ие болып, еншімізге төртінші медальді салды. Жалпы, қытай мен кәріс спортшылары арасындағы бәсекеде үш бірдей Олимпиада рекорды жаңарып, бір мәрте әлем рекорды қайта өзгерді. Карина Горичева,олимпиаданың қола жүлдегері: - Мен бүгінгі көтерген нәтижелеріме риза емеспін. Алайда бұл қола медаль – мен үшін ең қымбат жүлде. Аздап қобалжыдым, еліміз алдындағы жауапкершілік жүгін сезіндік. Көрермендер көп екен, солардың айқайы да кедергі келтіріп, өз мүмкіндігімді толық пайдалануға кері әсерін тигізді. Олимпиада чемпионы атанған Қытай қызы Дэн Вэй серпе көтеруде 147 келіні бағындырып, әлемдегі өзіне тиесілі рекордтың қаймағын бұзды. Қоссайыста 262 келіні бағындырған ол олимпиада және әлемдік рекордтың су жаңа иегері атанды. Естеріңізге сала кетейік, қоссайыстағы олимпиада рекорды жерлесіміз Майя Манезаға тиесілі болатын. Карина жұлқа көтеруде 111 келіні бағындырса, серпе көтеруде 132 келімен олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Жалпы бүгін Каринаны қолдауға олимпиада ойындарының чемпионы Серік Сәпиевтің өзі арнайы келіпті. Серік Сәпиев, Лондон Олимпиадасының чемпионы: - Мен осы Риоға біздің спортшыларды қолдауға келдім. Өздеріңіз көргендей, біздің спортшылар медаль алып жатыр. Жақсы өнер көрсетіп жатыр. Бүгін Карина Горичева жақсы өнер көрсетті, қола медаль алды. Құттықтаймын. Біздің спортшыларымызға сәттілік тілеймін. Ауыр атлеттер аренасы қазақ спортшыларына құт болып тұр. Енді жарыс жолына Жазира Жаппарқұл мен Ниджат Рахимов шығады. Авторлары: Қанат Базылхан, Мейрамбек Ахмаханов Видео: http://khabar.kz/olympics/kz/news/item/61284-auyr-atlet-karina-goricheva-ola-zh-ldeger


Дереккөз: 24.kz

 

2016 жылғы білім гранттарын алған түлектердің тізімі жарияланды

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Биыл жалпы 31702 грант бөлінген. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12593 грант бөлінсе, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5000 грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлініп отыр. Грант иегерлерінің толық тізімін мына сілтеме арқылы жүктеп ала аласыз: https://egemen.kz/2016/08/10/55329


Дереккөз: 24.kz

 

Елбасы Пәкістан Президенті М.Хусейнге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Пәкістан Президенті М.Хусейнге Кветта қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Жеделхатта Мемлекет басшысы Кветта қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген. «Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіп-қатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

24.kz

 

Кәрім Мәсімов зілтемірші Фархад Харкиді Олимпиадада қола алуымен құттықтады

Қазақстандық зілтемірші 62 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, 305 келі көтерді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл – Рио-де-Жанейродағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы үшінші медаль. Күміс және қола медальдарды дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алған болатын.


24.kz

Рио Олимпиадасы: боксшылар жекпе-жектерін жеңіспен бастады

Бүгін Рио төрінде шаршы алаңға көтерілген үш боксшымыз да жеңіске жетіп, медальға бір табан жақындай түсті. Бірінші болып ең жеңіл салмақта жұдырықтасқан Біржан Жақыповтың жолы болды. Артынша 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы мен 91 келідегі Василий Левит те қарсыластарына есе жібермеді. Бокстан 49 келі салмақта ел намысын қорғаған Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады. Екінші айналымында намибиялық Маттиас Хамуньелмен қолғап түйістірген отандасымыз үш раундта да қарсыласынан басым түсті. 32жастағы қазақстандық боксшы үшін бұл – үшінші Олимпиада. Құрамадағы ең тәжірибелі шебер енді ширек финалда өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездеседі. Біржан Жақыпов, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі: - Мен үшін қиын болды. Ойламаған жерден жақсы атака жасады. Аллаға шүкір жеңіске жеттік. Сондай-ақ 75 келіге дейінгі салмақта үкілеген үмітіміз Жәнібек Әлімханұлы да Рио төрінде шаршы алаңның көрігін қыздырды. Британдық Энтони Фаулермен жұдырықтасқан қазақстандық былғары қолғап шебері алғашқы раундтан-ақ жекпе-жек тізгінін уысынан шығарған жоқ. Тіпті екінші раундта Жәнібектің жойқын соққысына төтеп бере алмаған британдық нокдаунға түсті. Олимпиадаға өзінің нағыз спорттық бабында келген жерлесіміз енді ширек финалда алжирлық Ильяс Аббади мен конголық Мпи Нгамиссенгуе жұбының жеңімпазымен қолғап түйістіреді. Жәнібек Әлімханұлы, бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі: - Қарсыласым – 2013 жылы әлем чемпионатыныңжартылай финалына дейін жеткен боксшы. Еуропада финалға дейін жеткен. Енді ағайларымның айтқанын істеп, осындай жетістікке жетіп отырмыз. 91 келіде жұдырықтасқан Василий Левит те бабында екен. Қытайлық Фэнкаем Юемді ауыр соққының астына алған отандасымыз Аспанасты елінің өкілін екінші раунда сұлатып түсірді. Спортшының денсаулығын ойлаған бапкерлер кездесуді жалғастырудан бас тарттып, Василий техникалық нокаутпен келесі кезеңге шықты.


24.kz

 

 

Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 25-орында келеді

Олимпиада ойындарының жалпымедальдық көрсеткішіне келер болсақ, 5 алтын, 7 күміс және 7 қола еншілеген АҚШ көш бастап келеді. Екінші орында – Қытай. Оларда 13 медаль бар – 5 алтын, 3 күміс және 5 қола. Австралия спортшылары 4 алтын және 3 қола жүлдені еншіледі. 3 алтын, 4 күміс және екі қоланы қанжығасына байлаған Италия құрамасы да алдыңғы қатарда келеді. Ал бүгін қоржынға тағы бір қола салған Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 25-орында.


24.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Анкараға келді

Мемлекет басшысы Анкараға келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Елбасы мұнда Түркия Президенті Р.Ердоғанмен келіссөздер өткізеді.

24.kz

 

Мысырда экстремистік ұйым басшысының көзі жойылды

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде біздің «Астанаға» қарсы шаршы алаңға шығуы мүмкін қарсыластар анықталды. Қазақстандық команда бұл раундта осыған дейін жеребе бойынша анықталған төмендегі командалардың кез келген біреуімен ойнауы мүмкін: «Шахтер» (Украина), «Олимпиакос» (Грекия), «Андерлехт» (Бельгия), АЗ (Нидерланд), «Фенербахче» (Түркия), «Спарта» (Чехия), ПАОК (Грекия), «Генк» (Бельгия), БАТЭ (Беларусь), «Сент-Этьен» (Франция), «Гент» (Бельгия), «Краснодар» (Ресей), «Рапид» (Австрия), «Слован» (Чехия), «Марибор» (Словения), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Аустрия» (Австрия), «Вест Хэм» (Англия), «Карабах» («Әзірбайжан), «Сассуоло» (Италия), «Мидтъюлланн» (Дания), «Панатинаикос» (Грекия).  Естеріңізге сала кетсек, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тастау бүгін УЕФА-ның Ньон (Швейцария) қаласындағы кеңсесінде Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

24.kz

«Астананың» Еуропа Лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде біздің «Астанаға» қарсы шаршы алаңға шығуы мүмкін қарсыластар анықталды. Қазақстандық команда бұл раундта осыған дейін жеребе бойынша анықталған төмендегі командалардың кез келген біреуімен ойнауы мүмкін: «Шахтер» (Украина), «Олимпиакос» (Грекия), «Андерлехт» (Бельгия), АЗ (Нидерланд), «Фенербахче» (Түркия), «Спарта» (Чехия), ПАОК (Грекия), «Генк» (Бельгия), БАТЭ (Беларусь), «Сент-Этьен» (Франция), «Гент» (Бельгия), «Краснодар» (Ресей), «Рапид» (Австрия), «Слован» (Чехия), «Марибор» (Словения), «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль), «Аустрия» (Австрия), «Вест Хэм» (Англия), «Карабах» («Әзірбайжан), «Сассуоло» (Италия), «Мидтъюлланн» (Дания), «Панатинаикос» (Грекия).  Естеріңізге сала кетсек, Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тастау бүгін УЕФА-ның Ньон (Швейцария) қаласындағы кеңсесінде Астана уақыты бойынша 19:00-де басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.


24.kz

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапармен барады

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы шаралардың аңдатпасы.  Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапары болады, оның аясында Анкарада Қазақстан Президентінің Түркия Президенті Р.Ердоғанмен екіжақты кездесуі, сондай-ақ кеңейтілген құрамдағы келсісөздері өтеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 


24.kz

Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

Жас келсе, іске! Астанада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Сан түрлі мамандықтан өз қызметін табуды көздеп келген жастардың қарасы көп болды. Осымен сегізінші мәрте ұйымдастырылған бастаманың арқасында қанша адам жұмысқа орналасты? Бұл жәрмеңкенің ерекшелігі неде? Талшын Тұрарбек – күні кеше университетті тәмамдаған түлек. Астанаға Семейден арманның жетегінде жеткен. Жұмыс тәжірибесі болмағанымен, кез келген қызметті алып кетем деген сенімі нық. Сондықтан бүгінгі жәрмеңкеден жұмыс тауып, бір салаға кірпіш болып қалануды қалайды. Талшын Тұрарбек: - Мұндай жәрмеңкеде жоғары білімді, жаңадан жұмыс іздеп жүрген студенттерге не болмаса жаңадан бітірген жастарға мүмкіндік жақсы жасалған. Себебі жұмыс іздеп жүрген жастар қайдан не іздерлерін білмегендіктен, барлығы бар. Түйіндемеңізді әкелесіз де, барлық сұрақтарға жауап бересіз. Талшын секілді үмітін үкілеп, табалдырықты имене аттаған жастардың қарасы көп. Көбінің көзінен толқу байқалады. Сондықтан сұхбат алдында арнайы психологтар келушілермен әңгімелесіп, жұмыс берушінің алдында өзін қалай ұстау керек екендігін үйретеді. Айқын Дүйсембаев, «Қасиет» психология орталығының жетекшісі: - Ұзақ уақыт бойына жұмыссыз жүрген адамдарға психологиялық қолдау қажет. Егер адам бір жылдай қызметке орналаса алмай жүрсе, күйзеліске ұшырайды. Біз сондай қатардағы адамдарға көмек қолын созып, жұмыс табуына септесу үшін келдік. Жыл басынан бері 4350 адам қызметке кіріскен. Жұмыспен қамту орталығына биыл 8 мыңға жуық тұрғыннан өтініш түскен. Ал бүгінгі жәрмеңкеге 50-ден астам мекеме өкілі келді. Талапқа сай іріктелген үміткерлер алдағы уақытта жұмысын бастайды. Олжас Омар, қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры: -Жұмыссыздық деңгейі азайып жатыр. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша бізде 4,7 пайыз болды. Ал 2014 жылы 5,1 пайыз болған. 0,4 пайызға төмендетті. Жалпы еліміздегіжұмыссыздық бойынша ең төменгі көрсеткіш Астанада. Жыл аяғына дейін мұндай жәрмеңкенің төртеуі өтеді деп жоспарланып отыр. Екі қолға бір күрек іздегендер үшін бертінде мынадай қосымша шықты. Енді ұялы телефон арқылы үйден шықпай-ақ бос жұмыс орнын іздеп, тест тапсырып, қай мамандыққа сай екеніңізді білуге болады. Ұйымдастырушыларосылайша жұмыссыздық деңгейін барынша азайтуды көздеп отыр.


Дереккөз: 24.kz

«Селтик» - «Астана». Есеп: 2:1

«Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының үшінші айналымында Шотландия чемпионы «Селтик» командасымен қарымта кездесу өткізді. Есеп - 2:1. Елордалық команда Шотландияға 21 ойыншысы бар құрамамен аттанған еді. Айта кеткен жөн, бірінші ойын 27 шілдеде Астанада өтті. Командалар 1:1 есебімен тең нәтиже көрсеткен болатын.

Дереккөз: 24.kz

 

 

Алматыда егеуқұйрықтан 16 адам инфекция жұқтырған

Алматыда 48 адамды егеуқұйрық тістеп, 16-сы инфекция жұқтырды. Дәрігерге дереу жеткізілген азаматтар құтырма ауруынан аман қалған. Кеміргіштер былтыр да 74 адамның өміріне қауіп төндірген еді. 48 жыл пошташы қызметін атқарған Сара Қонысбаева Алматыда хат тасып жүріп, егеуқұйрықтың сан түрін көрген. Зейнеткер кеміргіштердің ошағына айналған жерлерді де жақсы біледі. Сара Қонысбаева, қала тұрғыны: - Көк базар бар ғой біздің, сол жерде киоскілердің маңы жиналмайтын. Қазір кішкене тазалайтын болды. Бұрын ол жерде тышқандар жүгіріп жүретін. Егеуқұйрық жыл басынан бері Алматыда 48 адамды тістеп жарақаттаған. Салдарынан 16 азамат инфекция жұқтырды. Ауру таратушы қаптесерлер тұқымдасымен күресуге шамамен 40 млн теңге бөлінген. Бұл қаржыға қаладағы 38 мың гектар жер тазартылады. Сондай-ақ, жаз соңына дейін 70 мыңға жуық жер үй тұрғындарына тегін улы дәрі таратылады. Нұрлан Райымқұлов, қалалық дезинфекция орталығының бөлім меңгерушісі: - Жалпы дератизация жер үйлерде жасалады, күл-қоқыс жерлерде жасалады, сосын арықтың іштеріне де жасалады. Мамандардың айтуынша, бір егеуқұйрықтан жылына 1200-ге дейін тұқым тарайды, олар шамамен 3-4 жыл өмір сүреді. Егеуқұйрықтардың нақты қаншасы қалада өріп жүргенін айту мүмкін емес. Жылдар бойы жалғасып келе жатқан кеміргіштер проблемасымен билік тек у қосылған дәрі арқылы күресуде.

Дереккөз 24.kz

 

 

Елбасы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесуде Ұлттық банк қызметі аясында атқарылған жұмыс барысы және ақша-несиелік саясаттың басым бағыттары туралы баяндалды. Сондай-ақ еліміздің қаржы нарығындағы ахуал мен жыл басынан бергі инфляция өсімі 5,2 пайызға тұрақталғаны айтылды. Елбасы жағдайды саралай келе Ұлттық Банк тарапынан теңге бағамына қатысты жағдайды түсіндіру жұмысын жалғастыруды жүктеді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Решение о введении свободно плавающего обменного курса было правильным. Однако сейчас произошел определенный всплеск и следует разъяснить людям его причины. Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы: - Биылғы алғашқы алты айда мұнай бағасы барреліне 27-ден 52 долларға қымбаттады, алайда шілдеде 52-ден 42 долларға, яғни 15%-ға арзандады. Барлық шикізат экспорттайтын дамушы елдерде осындай жағдай орын алды. Олардың ұлттық валюталары Қазақстандағы сияқты бекіп, кейіннен 2-3% төмендеді. Шілдеде теңге шартты түрде 4,2% әлсіреді, бұл қалыпты өзгеріс деп санаймыз. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Алдағы уақытта бағам қандай да бір жағдайларға байланысты өзгереді деп күтілмейді. Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы елдегі инфляциялық үдерістерді ұстап тұруға бағытталған жұмыстарды баяндады. Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы: - Мемлекет басшысы валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды. Айырбас бағамына қатысты еш өзгеріс орын алмайды. Инфляция деңгейі қалыпты. Банк жүйесінде де жағдай басты назарымызда. Сондықтан Елбасы нақты тапсырмалар берді. Үкімет көздеген 6-8% инфляциялық дәлізге қол жеткіземіз деген сенім бар.

24.kz

KASE қорытындысы: 1 доллар = 354,01 теңге

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 354 теңге 03 тиынды құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 354 теңге 01 тиынды құрады.


24.kz

 

 

 

Қазақстан Климат жөнінен Париж келісіміне қол қойды

Нью-Йоркте ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Климаттың өзгеруі жөнінен Париж келісіміне Қазақстанның атынан қол қойды. Климаттың жаһандық өзгеруі мәселесін шешу тұрақты дамуды қамтамасыз ету, кедейлікті жою, әлемдегі барлық елдердің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына қол жеткізудің басты шарттарының бірінің болып табылады. Париж келісіміне қол қою әлемдік қауымдастықтың қоршаған ортаның құлдырауын тоқтату жолында жасаған байсалды қадамы болды.  Қазақстан тек ұлттық емес, аймақтық деңгейде де экологиялық мәселелердің шешілуіне қомақты үлес қосатын ел ретінде бұл тарихи келісімнің іске асырылуына ерекше маңыз бөледі. «Болашақ энергиясы» ұранымен өткелі отырған және өткізілуі барысында қоршаған ортаны қорғау проблемалары басты назарда болатын «ЭКСПО-2017» көрмесі үшін Париж келісімінің орны бір бөлек.  Сондай-ақ Е.Ыдырысов БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен екі жақты кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан мен БҰҰ-ның ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегі талқыланды. Мұнымен қоса, еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жж. мүшелік ету басымдықтары туралы сөз қозғалды.  Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Балалар және қарулы шиеленістер» тақырыбында өткізген ашық дебаттарында сөз сөйледі. Министр Қазақстанның осы бір халықаралық өзекті мәселе бойынша басты көзқарасын жиналғандарға білдіріп, оны шешу үшін еліміздің қосып отырған үлесі туралы әңгімелеп берді. Атап айтсақ, қазақ елінің білім беру бағдарламалары, мектептер мен ауруханалар құрылысын қоса алғандағы, Ауғанстанға көрсетіп отырған қайырымдылық көмегі туралы баяндады.


24.kz

 

С.Сәпиев пен қарағандылық спортшылар 17 тонналық ұшақты сүйреді

Серік Сәпиев бастаған қарағандылық спортшылар салмағы 17 тонналық Ан-26 жолаушылар ұшағын сүйреді. Бұл флешмоб Рио-де-Жанейроға аттанған Қазақстан құрама командасын қолдау мақсатында ұйымдастырылды. «Шахтер» стадионынан бастау алған автожарыс әуежайда ерекше шарамен жалғасты. Акцияға 100-ге жуық адам атсалысты. Олардың қатарында Афины ойындарының қола жүлдегерлері, боксшы Серік Елеуов пен онсайысшы Дмитрий Карпов, сондай-ақ «Шахтер» мен «Сарыарқа» клубтарының спортшылары да бар. Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері: - Тәуелсіздіктің арқасында Олимпиада ойындарында еліміздің атынан өнер көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Барлық спортшыларға сәттілік тілейміз. Қазақстан туын көкке көтеріп, жүлделі орындардан көрінеді деп сенеміз.


24.kz

 

«Хабар» агенттігінің тілшілері Риодан эксклюзивті сұхбаттар мен жедел ақпарат таратуға дайын

«Хабар» агенттігінің тілшілері Рио-де-Жанейроға жол тартты. Бірер сағаттан кейін олар төрт жылдың басты додасы Олимпиада өтетін Бразилия жеріне табан тірейді. Үлкен үміт арқалап кеткен журналистер эксклюзивті сұхбаттар мен атлеттердің Риодағы өмірінен жан-жақты әрі жедел ақпарат таратуға дайын. «Хабар» агенттігінің белді спорт журналисі Қанат Базылхан – Дэвис Кубогы, Сочи Олимпиадасы сынды әлемдік спорт додаларынан ақпар таратқан маман. 2008 жылдан бері қаламды серік еткен ол жазғы ойындар спортшылармен қатар экранның арғы жағындағы тілшілерге де сындарлы сәт екендігін жақсы түсінеді. Қанат Базылхан, журналист: - Соңғы ең ірі жарысым – осы Сочи Олимпиадасынан кейін қысқы паралимпиада. Осыдан екі жыл бұрын өткен. Сол кезде мен өзім біраз тәжірибе жинап, осы кешенді жарыстардың қалай өтетіндігі жайлы, ол жерде журналистер қалай жұмыс істейтіндігі жайлы аздаған ақпарат алып, тәжірибе жинағандығым бар. Сол тәжірибемді осы Риода көрсетемін деген ойдамын. Жауапты сапар алдында соңғы дайындығын пысықтап жатқан Марат Тоқмағамбет те Олимпиада ойындары сынды ауқымды шараға тұңғыш рет бармақ. Алайда тәжірибелі тілші қобалжып отырған жоқ. Бастысы қалың көрерменге байрақты бәсекенің басы қасында жүріп, сапалы әрі жоғары деңгейде қызмет жасауға дайын. Марат Тоқмағамбет, журналист: - Бізді үлкен сынақ күтіп тұр. Кей күндері тіпті 24 сағат жұмыс істеуге тура келеді. Басты мақсат – сол жерде болып жатқан керемет әсерді толықтай көрерменге жеткізе білу. Жарқын жеңістер мен ащы жеңілістер, қуаныш пен өкініш. Осының барлығын көрерменге көркемдеп жеткізу телеоператордың шеберлігіне тікелей байланысты. Камерасын сайлап, құралдарын дайындап жатқан Мейрамбек Ақмаханов жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін жасырмайды. Мейрамбек Ақмаханов телеоператор: - Мына біздің Рио Олимпиадасына аттанып жатқан сапарымыздың жауапкершілігі мол. Бір жағынан бұл маған оператор ретінде өте үлкен мәртебе. Өйткені менің көзіммен біздің халқымыз осы елді көреді. Осы елде болып жатқан жаңалықтарды паш етеміз. Бірнеше сағаттан кейін «Хабар» агенттігінің түсіру тобы Риоға табан тірейді. Бразилиядағы тілшілер Олимпиада басталғанша «24 KZ» пен «Хабар» арнасынан күнделіктер, жаңалықтар және арнайы хабарлар дайындайды. Бұл материалдарды тек эфирге ғана емес, сонымен қатар Olympic.khabar.kz интернет сайтында табуға да болады. Бұл сайт 24 сағат жұмыс істеп, Олипиадаға байланысты ең соңғы ақпаратты ұсынады.

24.kz

Сырбойылық шаруалар асылтұқымды мал өсіруге ден қоя бастады

Қазақы қойдың өсімі мен өтімі жақсы. Сыр өңірінде асылтұқымды қой шаруашылығымен айналысып, 4 жылда уақ малды 200 бастан 11 мыңға жеткізген шопандар шоғыры бар. Соның бірі – Жаңақорған ауданындағы «Көбелдес» шаруа қожалығы. Қаратау бөктеріне қой өргізген малшылар өңірде алғаш болып қолдан ұрықтандыру әдісін қолданды. 4 жыл бұрын қожалық Павлодар облысынан асылтұқымды қошқарлардың алғашқы легін алдырған. Қоңдануы тез қойлардың әрқайсысының салмағы 120-130 келі тартады. Қазір шопандар өнімдерін облыс аумағынан бөлек көрші Оңтүстік Қазақстан өңіріне де өткізіп жүр. Жалпы аудандағы 198 шаруашылықтың алтауы асылтұқымды мал өсірумен айналысады.  Нышан Молдашев, шаруа: - Бір қойдың тұқымы 200 қойға дейін жетеді. 200 қойға жетеді деген сөз – 600 келі салмақ қосады. Бір қошқардың өзінің пайдасы.


24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 = 351,59 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 351,59 теңге болды.

24.kz

«Астана» футболшылары Глазгоға аттанып кетті

«Астана» футболшылары бүгін таңертең Шотландияның Глазгосына аттанып кетті. Онда олар жергілікті «Селтикпен» Чемпиондар лигасының електік кезеңіндегі үшінші раунды аясында жауапты кездесу өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлайды. Елорда командасының құрамы мынадай: қақпашылар: Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен; қорғаушылар: Игорь Шитов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Марин Аничич, Біржан Күлбеков; жартылай қорғаушылар: Абай Жүнісов, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Асқат Тағыберген, Агим Ибраими, Серікжан Мұжықов, Геворг Наджарян, Азат Нұрғалиев; шабуылшылар: Патрик Твумаси, Джордже Деспотович пен Джуниор Кабананга. Глазгоға дейін жерлестерімізге 8-9 сағат ұшуға тура келеді.  Естеріңізге сала кетейік, Астанадағы алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған. 


24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін816
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1787
Осы айдаОсы айда41011
БарлығыБарлығы437169
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі