КӨЛ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАСЫ

Аудан жастарының бастамасымен құрылған «Жасыл ел» студенттік жасағы Бәйгеқұм ауылындағы «Ханқожа» көлінде болып, санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш акцияға «Жастар ресурстық орталығы» КММ Шиелі аудандық бөлімшесі, аудандық ішкі саясат, Бәйгеқұм ауылдық округ әкімі, «Жасыл ел» басшылары қатысып, жастарға бағыт бағдар берді.

«Ақ бұлақ» республикалық акция аясында өткізілген тазалық жұмыстары барысында жасақ сарбаздары көл жағасын қамыс пен қоғалардан, түрлі қатты қоқыс заттардан тазартты. Жастардың бастама көрсеткен игі істері алдағы уақытта жалғасын табады деп сенеміз

 

 

 

 

 

 

ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ САУЛЫҒЫ – ЕЛДІҢ БАЙЛЫҒЫ

Қазіргі кезде  еліміздің бірнеше аймағында сібір жарасы ауруы тіркеліп отыр. Осы орайда аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын болып өтті. Келелі кеңеске дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен ветеринар мамандар қатысты.

Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров ашып, жүргізіп отырды. Шарада облыстық ветеринария басқармасының басшысы Е.Әпетов, облыстық ветеринария инспекциясының басшысы Ж.Сәрсенбаев сөз алып, сібір жарасына қатысты соңғы мәліметтерге тоқталып өтті. Жиын барысында айтылған деректерге сүйенсек, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында сібір жарасы ауруы тіркелген. Атал-мыш аурудың кесірінен өкінішке орай кісі өлімі де орын алған. Тіпті, бірнеше адам жұмыстан босатылып, қылмыстық іс қозғалған. Облысымызда осындай жағдай орын алмас үшін мал дәрігерлерінің жауапкершілігін арттыру қажет. Ветеринарлық пункт мамандары өз функцияларының құзыреті шеңберінде жауапты екендіктерін сезінулері тиіс. Сойылатын әрбір мал ветеринардың тексерілуінен өткені дұрыс. Мал сою алаңдарында аттестатталған ветеринар мамандары болуы керек.Шиелі – облысымыздың ең үлкен аудандарының бірі. Тоғыз жолдың торабында тұрғаннан соң мал базарға да сырттан әкелінетін малдардың болатынын жоққа шығара алмаймыз. Осындай кезде тасымалданатын малдардың ілеспе құжаттарының дұрыстығына мән берген жөн. Егер ілеспе құжаттары дұрыс болмаса мал келген жеріне қайтарылуы керек. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін вакцина егу жұмыстарының уақытылы жүргізілгені абзал.Жиында осы сынды әңгімелер айтылып, ет өнімдерімен айналысатын мекемелерде, шұжық өндіретін цехтарда, балабақшаларда, мейрамханалар мен басқа да көпшілік тамақтанатын жерлерде барынша сақтықты қамтамасыз ету керектігі ескертілді.

 

 

 

ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ҚАРАЛДЫ

Өткен сәрсенбінің сәтті күні аудандық сотта сот төрелігін жүзеге асыру жұмысының қорытындысы жайлы баспасөз конференциясы болып өтті. Отырысқа сот төрағасы М.Еркінбеков, судьялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада сөз алған сот төрағасы М.Еркінбеков аудандық соттың 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмыстарын әңгімелей отырып, статистикалық деректерге, азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің сотқа түсу деңгейіне кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, сот төрағасы жылдан жылға халықтың сотқа деген сенімі артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Бұдан әрі сот төрағасы істерді медиация әдісін қолданып қарауда аудандық соттың жұмыс сапасы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда едәуір жақсарғанын атап көрсетті. Бұл тұрғыда, медиация әдісін насихаттаудағы жұмыстың нәтижесі бар екенін, халық медиация тәртібімен татуласудың тиімділігін ұғына бастағаны осыған бірден бір дәлелі екенін айтып өтті.

 

 

 

ЗІЛТЕМІРШІЛЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ

 

 

 

Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында ел чемпионаты 30 маусым мен 7 шілде аралығында болып өтті. Бұл жарысқа ауданымыздан да бірқатар спортшылар қатысқан болатын. Байрақты додада қатысқан 46 кг салмақта Мәди Пернебекұлы ІІ орын, 50 кг салмақта Алмат Асанханұлы ІІ орын, 69 кг салмақта Шахизат Әбдіраманов ІІІ орынды, Бектай Асылжан 69 кг салмақта ІІ орынды иеленді. Қыздар арасындағы бәсекеде 48 кг салмақта Арайлым Ниязбайқызы қос сайыс нәтижесінде 120 келі салмақты бағындырып, спорт шебері атанды.

 

 

 

КӘСІПКЕРЛЕР КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА ПАЛАТАСЫНДА ПРОКУРОР КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Бүгінгі таңда шағын және орта бизнеспен айналысушыларға мемлекетіміз қолдау  көрсетіп, өз ісін ашамын дегендерге мүмкіндігінше жағдай жасап отыр. Бұл ретте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау да басты назарға алынған.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ.Жақсылықов «Кәсіпкерлікті қолдау және қорғау саласындағы мәселелер» тақырыбындағы облыстық форумда палатада прокурор кабинеті ашылғанын айтып өтті. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсетудің қолайлы әрі жаңашыл жолы екені сөзсіз.Облыстық кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2014 жылы облыстық прокуратура мен кәсіпкерлер палатасының арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Меморандум аясында табиғи монополиялар субъектілерінің, сонымен қатар құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мен басқа да жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жоспарлы, сондай-ақ, палатаға келіп түскен өтініштер бойынша жоспардан тыс барлығы 20-дан аса бірлескен тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде 200-ден аса кәсіпкердің құқықтары қайта қалпына келтіріліп, прокуратураның ұсынысымен 20-ға жуық лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Жедел әрекет ету нәтижесінде облыстық прокуратурамен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз тексеру фактілері бойынша 30-дан аса мемлекеттік бақылау-қадағалау органдарының жоспарланған тексерулерінің күші жойылған.Осылайша, палатаның қызметі барысында кәсіпкерлерден келіп түскен 400-ге жуық өтініштердің 60-тан аса пайызы прокуратура органдарының араласуымен оң шешімін тапқан.

 

 

 

 

 

 

САПАЛЫ БІЛІМ – САПАЛЫ БІЛІМ – ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ КЕПІЛІ

 

Бүгінде «Серпін-2050» жастардың қызығушылығын тудырып, дүйім жұртшылықтан қолдау тауып отырған әлеуметтік жобалардың бірі екені белгілі.  Аталмыш жоба Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында көзделген басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді.

Биыл осымен үшінші мәрте «Серпін-2050» арқылы жастар оқуға түсу үшін құжаттарын тапсырады. Жобаға Мұрат Әбенов жетекшілік жасап келеді. Жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру мақсатында аудан орталығындағы «Салтанат сарайында» жиын өткізілді.

Шараны аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, жүргізіп отырды. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру штабының мүшесі Б.Жүсіпбекова ата-аналар мен оқушыларға бағдарлама жайлы кеңінен мәлімет берді. Сондай-ақ, оқу орындарының өкілдері сөз сөйлеп, талапкерлерді оқуға шақырды.Жиын барысында «Серпін-2050» жобасы арқылы талапкерлерді қабыл дайтын 30-дан аса арнаулы және жоғарғы оқу орындары жайлы айтылып, көпшілікке олардың оқытушылық құрамы мен оқу-базалық жағдайы таныстырылды. Сонымен бірге, оқу орындарында қарастырылған жағдай негізге алынып, әскери кафедра, арнайы кітапханалармен және жатақханалармен қамтамасыз етілгендігі сөз болды. «Серпін-2050» арқылы оқуға түскен балаға бірінші кезекте жағдай жасалатыны тілге тиек етілді. Өз кезегінде ата-аналар мен оқуға түсуге ниет білдірген жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, көңіл көншітерлік жауаптарын алды.

 

 

 

АЛТЫННАН АЛҚА ТАҒЫНҒАН, АНАЛАР АЛҒЫС ЖАМЫЛҒАН

Елорда күні мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиын өткізіліп, бірқатар көпбалалы аналарға алтын және күміс алқалар табыс етілді.

Шараны жүргізіп отырған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев жұртшылықты бас қаламыздың 18 жылдығымен құттықтап, көпбалалы аналарға алғыс айтып, құрмет көрсетті.

– Ақын да, батыр да, ғалым да анадан туады. «Бір қолымен бесікті екінші қолымен әлемді тербететін» аналар қашанда елдің бірлігі мен берекесін сақтап, ынтымақтың ұйтқысы болып келеді. Аналарға қандай құрмет көрсетсек те артықтық етпейді. Сіздердің дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз, – деп аудан әкімі жылы лебізін білдірді.

Кездесуге арнайы шақырылған С.Мырзабекова, А.Мұсабекова, Ж.Қаратаева, Л.Ілиясова, Г.Жолымбетова сынды аналарға алтыннан алқа тағылды. Сондай-ақ, Д.Әділбекова, М.Махбертова, Б.Махатова, А.Мансурова, Т.Байрамова секілді аналар күміс алқамен марапатталды.Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің т!рағасы С.Оразымбетов пен аудандық мәслихат хатшысы 2.Оразбекұлы аналарды алған марапаттарымен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді.

 

 

 

 

 

 

Хабарландыру !

Қазақстан Републикасы Экологиялық кодексінің 57-2 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына сәйкес    2016 жылдың   20 шілде сағат 16-00, Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Жана-Тұрмыс ауылдық округ әкімі ғимаратында   «Иіркөл» кенішінің технологиялық жолында К-9 каналы арқылы автомобиль көпір құрылысы» жұмыс жобасының құрамындағы «Қоршаған ортаға әсерін бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді.

Жобаның материалдарына тапсырыс беруші – «Семізбай-U» ЖШС,

Бас жобалаушы – «ПК Мостпроект» ЖШС,

Қазақстан Републикасы Экологиялық кодексінің 57-2 бабының 3 тармағына сәйкес   жобалық құжаттармен келесі мекен-жай бойынша танысуға болады:

Шиелі ауданы, Иіркөл кеніші

Барлық қызығушылық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыныз: 8-7172-55-14-69 іш.тел: 11630,

Ескертулер мен ұсыныстарды мына электрондық мекен-жайға жіберуге болады: gmoks@semyzbay-u.kazatomprom.kz

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шиелі тас» ЖШС мекемесі құрылыс құм ондейтін Енбекші кен орынын талдау туралы Қызылорда облысы Шиелі ауданында қоғамдық тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Тыңдау 2016 жылы шілде айының 29 куні сағат 10:00 де Шиелі кенті, Есабыз,2 көшесінде өтеді. Таныстырылым ушін матералдар as-project@inbox.ru электр.поштасында жетімді.Анықтама телефоны: 87243244815

 

 

 

Елбасы қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі. Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді. Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі. Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы. Осы мызғымас құндылықтарымыздың арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз. Қастерлі Қазақстан жерінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өркениеттер үндестігіне сүбелі үлес болып қосылуда. Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі. Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін. Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін! Ораза айт мерекесі құтты болсын!


24.kz

Ұлттық жоспарының 84-ші қадамының орындалуы

Шиелі аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі, «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 84-ші қадамының орындалуы бойынша төмендегіні мәлімдейді.

84- қадамның  20 тарауы бойынша  «Өрлеу» бағдарламасы аясында жыл басынан бері ауылдық округтері мен  кент орталығында жұмыспен қамту орталығы мамандары мен  ауыл округ мамандары және ассистенттер мен консультанттың қатысуымен халықпен кездесулер  өткізілді. Соның нәтижесінде  394  азаматпен әңгімелесу жүргізілген.

2016 жылы  9 сәуірде аудандық «Өскен өңір» газетінің №28 санында «Өрлеу бағдарламасының өңіріміздегі жайы» атты мақала жарияланды.  Аудан әкімінің сайтында 2 рет  «Өрлеу» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар жайлы  мәлімет жарияланды.   

84- қадамның 22 тарауы бойынша  атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген 1 отбасына 2016 жылдың 1 шілдесіне 32,6 мың теңге тағайындалып, төленді.  

2016 жылдың 1 шілдесіне 32 отбасы «Өрлеу» бағдарламасына енгізіліп, оның 208 адамына 3846,3 мың теңге шартты ақшалай көмек тағайындалған.  Оның ішінде Республикалық бюджеттен 2959,7 мың теңге, жергілікті бюджеттен 886,6 мың теңге. Тағайындалған шартты ақшалай көмектен 2576,1 мың теңгесі төленді, оның ішінде Республикалық бюджеттен 1881,0 мың теңге, жергілікті бюджеттен 695,1 мың теңге. Шартты ақшалай көмектің орташа мөлшері 3082 теңгені құрады.     

Өрлеу жобасына қатысушы 32 отбасындағы  жұмысқа жарамды 43 азамат жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

  Атап айтқанда, 19 адам тұрақты жұмысқа, 19 адам  ақылы қоғамдық жұмысқа,  5 адам  әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылды.

Жұмыстар жалғастырылуда.

 

 

 

ПАТРИОТТЫҚ ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕРДІ ТАРТУ ЕТТІ

Еңбекші ауылындағы мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен даңқты диқан Ы.Жақаевтың 125 жылдық мерейтойына орай “Сәлем саған туған ел!” тақырыбында патриоттық әндер орындаушыларының ән байқауы болып, оған аудан көлеміндегі 17 ауылдан 17 үміткер қатысты.

Бұл байқау ойда болған отанға, елге деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға, баулуға сөйтіп отансүйгіштік дәнін себуге бағытталып, байқау көрермен көңілінен шыға білді. Адам жанына құдіретті күш, шабыт беретін патриоттық әндер Қаратау етегіндегі Еңбекші ауылының сахнасында еркін қалықтады. Байқау қорытындысымен бас жүлдені Ботабай ауылының әншісі Өмірсерік Бектұрғанов жеңіп алды. Бірінші орынға Тартоғай ауылының үміткері Ақерке Олжабаева көтерілсе, екінші жүлдеге Алғабастан келген әнші Нұрбек Шәріпов ие болды. Осы ауылдың үміткерлері үнемі байқауларға қатысып, жүлделерді тұрақты жеңіп алып жүр. Ал, үшінші орынға Төңкерістен келген жас әнші Олжас Қуандықов, Жақаев ауылынан Нұрлыбек Мырзалиев көтерілді. Еңбекші ауылының әкімі Б.Омаров жеңімпаздарды құттықтап, байқау соңынан қатысушылар алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Тау халықтары таралғы тартуға риза.

 

 

 

Шиелі ауданы бойынша мүлікті жария ету жөнінде атқарылып жатқан шаралар

Елімізде мүлікті жария ету мерзімі 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

2015 жылдың 13 қарашасы күні Мемлекет басшысы “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рахымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңына қол қойды.

Облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлымен бекітілген  мүлікті жария етуге қатысты рақымшылық жасау туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік органдардың БАҚ-тарға шығу кестесін орындау мақсатында мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі аудандық комиссия төрағасымен іс-шара бекітіліп, мүлікті жария етуді насихаттау бойынша аудандық баспасөз басылымдарында арнайы ашылған айдарда мақалалар жарияланып келеді.

Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі аудандық комиссияға 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап, бүгінгі күнге дейін есептіліктердің қорытындысымен Шиелі ауданы бойынша мүлікті жария етуге келіп түскен өтініштердің барлық саны – 231 (оның ішінде жылжымайтын мүліктер – 245). Келген өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 1037,0 млн теңгені құрайды. 227 өтініш бойынша жалпы құны 928,0 млн теңгені құрайтын 239 жылжымайтын мүлік жария етілді.

 

Шиелі аудандық қаржы бөлімінің бас маманы  М.Жолдасбеков

Елордада экстремистік деп танылған діни әдебиеттер анықталды

Астанада бірнеше діни басылым экстремистік деп танылды. Сот шешімі бойынша, «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы» атты бірқатар кітаптарды енді ел аумағына кіргізуге және таратуға тиым салынады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, бұл басылымдар еліміздегі жеке баспаларда шығарылған. Елімізде таратылатын кез-келген діни әдебиет арнайы сараптамадан өтеді. Мазмұны сараланып, бағыты анықталады. Жыл басынан бері мамандар күдік туыдырған 6 басылымға зерттеу жүргізді. Нәтижесінде бұл кітаптар экстремистік деп танылды. Бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданының әкімдігі түрлі дін ағымдары өкілдерінің басын қосып, "жарамсыз" деп танылған басылымдардың тізімімен таныстырды. Галина Новикова, Астана қаласы бойынша дін мәселелерін зерттеу орталығының өкілі: - Бұл жеке баспаларда шығарылған кітаптар. Біреуі 2006 жылы, екіншісі 2007 жылы, кейбірі тіпті 1988 жылы шығарылған, кейін қайта басылған. Яғни, бұл басылымдар елімізде діни әдебиеттерге сараптама жүргізуді міндеттейтін заң шығарылғанға дейін басылып шыққан. Бұған дейін тексерілмеуінің себебі де осы. Жеке кітапханаңызда, «Лайықты жауаптар», «Орталық Азия мен Қазақстанның масихшілік тарихы», «Орталық азия мен Қазақстандағы христиан дінінің тарихы» атты кітаптар болса, тезірек көзін құртуға тырысыңыз. Мамандар осылай деп кеңес береді. Өйткені, заңда көрсетілгендей тиым салынған басылымдарды ел аумағына кіргізіп таратқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тергеу нәтижесінде анықталғандай, бұл басылымдар жеке баспаларда шығарылған. Сондықтан нақты тиражы белгісіз. Ал Астанада тәркіленген кітаптардың барлығы жойылды.


24.kz

Елордада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Бүгін «Жастар» сарайында сауда және экономика саласына арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған шара Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Шара барысында 40-тан астам жұмыс беруші сауда және экономика салаларындағы бос жұмыс орындарын ұсынды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің мақсаты жоғары және орта оқу орындары түлектерінің арасында жұмыссыздықты азайту болып табылады. Шара сауда және экономика саласындағы жас мамандарға жұмысқа орналасуға көмектеседі. «Бұл жастар үшін осы саладағы бос орындар туралы мәлімет алудың мүмкіндігі болып табылады. Сондай-ақ, ол өз орнын таба алмай жүрген, қандай да болмасын бір себептермен мансап құра алмағандар және түлектер мен студенттер сияқты жұмыс іздеушілер үшін де тиімді», - дейді Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлау бөлімінің басшысы. Еске салайық, «Астана жастары» ресурстық орталығы елордада мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін құрылған. Орталық тегін құқықтық көмек көрсетеді, волонтерлік қозғалыс пен аула клубтарын дамытумен айналысады, сондай-ақ жұмыспен қамтуға және кәсіби бағдарлауға көмектеседі.


24.kz

 

 

Қазақстанда геоақпараттық жүйе құрылады

Елімізде ұлттық геоақпараттық жүйе құру жоспарлануда. Егер бастама сәтті жүзеге асса, мемлекеттік қызметтің тағы бір түрін автоматтандыруға мүмкіндік бар. Яғни қазір жер телімін тіркеу үшін топографиялық сурет шығарып, оны бірнеше жерге растату қажет. Ал жаңа жүйе іске қосылған жағдайда, бұл қызметті онлайн-режимде жылдам толтыруға болады. Оның барлығы спутниктік бақылау арқылы жүзеге асады.   Қуат Сағадиев, жоба менеджері: - Үйде отырып-ақ электрондық карта арқылы аумақтардың спутниктік кескінін алуға болады. Бұл жай ғана Google Maps емес, мұнда әр ғимарат пен салынып жатқан құрылыстардың жобалары туралы да нақты ақпарат алуға мүмкіндік бар. Алайда жаңа жоба нақты қашан іске қосылатыны белгісіз. Бір анығы, тың жүйе мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі арқылы жүзеге асуы тиіс. Бүгінде бұл саланы жетік меңгерген кореялықтар өз білгендерімен бөлісуде. Бұл ел осы жобаны әлем бойынша тұңғыш болып енгізген.


24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 = 352,01 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 352,01 теңге болды.  


24.kz

Берлин университетінің ауруханасында атыс болды

Белгісіз біреу дәрігерге оқ жаудырып, кейін өзін-өзі өлтірген. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлайды. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз. Атыс болған жерге шұғыл түрде полиция жетіп, тергеу ісіне кірісті.


24.kz

Елбасы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңына қол қойды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды  Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


24.kz

Астанада бос жұмыс орындарын іздеуге арналған мобильді қосымша іске қосылды

Енді жұмысты үйден шықпай-ақ, ұялы телефон арқылы іздеуге болады. Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» екі қолға бір күрек таппай жүргендерге «CZ Астана» атты мобильді қосымшаны іске қосқанын хабарлайды. Бұл мобильді ақпарат орталығы барлық елордалық жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге ақысыз қызмет етеді. Мұнда бос жұмыс орындарын іздеп қана қоймай, кәсіби бағдарлауға қатысты сынақтан өтіп, жоспарланған жәрмеңкелер мен даярлық курстары туралы мәлімет жинақталған. Мұнымен қоса, түйіндемені қалай жазу керек, әңгімелесу кезіндегі сұрақтарға қалай жауап берген дұрыс және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері секілді пайдалы ақпарат та кез келген мобильді қосымша қолданушысына қолжетімді болмақ. Ермек Оспанов, «Астана қаласы жұмыспен қамту орталығы» ММ жетекшісі: - Бұл қосымшаның авторы кезінде өзі жұмыс іздеп, бізге келген азамат. Бұл мәселемен жақсы таныс адам. Бүгінгі таңда Астанада 3 500 бос жұмыс орны бар. Бұл тізім апта сайын жаңартылып отырады. Мәліметтер базасын да дәл осындай уақытта жаңартып отырамыз деп ойлаймын. 


24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: 1$ = 347,86 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 347,86 теңгеге жетті.


24.kz

Елбасы қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Сұлтан Жиенбаевпен кездесті

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу барысында С.Жиенбаевқа қоғамдық және этносаралық келісімді орнықтыруға, ел халқының бірлігін нығайтуға қосқан айрықша үлесі үшін Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын табыс етті. Қазақстан Президенті С.Жиенбаевқа әскери ерлігі мен елдің дамуы жолындағы аянбай еткен еңбегі үшін алғыс айтып, алған марапатымен құттықтады. – Сіз өткен ғасырдың қиын кезеңдерінің куәсі болдыңыз. Ұлы Отан соғысын бастан аяғына дейін өткердіңіз, одан кейін Қазақстан экономикасын өркендету жолында қызмет еттіңіз. Тәуелсіздік жылдарында елімізге баға жетпес қолдау көрсеттіңіз. Өткен өміріңізді айта отырып, жастарды тәрбиелеп келесіз. Бұл туралы баршамызға аян, аз айтылып, аз жазылған жоқ. Бүгінде Сіздің биік азаматтық қасиеттеріңіз барша Қазақстанның құрметі мен қошеметіне лайық, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысының ардагеріне зор денсаулық пен бақыт тіледі. С.Жиенбаев республиканың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Президентінің жеке еңбегіне тоқталды және өз қызметін жоғары бағалағаны үшін алғыс айтты.


24.kz

Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбекті қабылдады

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президентінің Алматыдағы резиденциясында өткен кездесу барысында Б.Байбек Елбасына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны, маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, құрылыс жұмыстары мен әлеуметтік маңызды нысандарды ашу ісін кестеге сәйкес жүргізу қажеттігіне назар аударды. Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға сапалы дайындалып, өткізудің маңыздылығын атап өтті. – Алматы – еліміздегі ең ірі қала. Республика бойынша атқарылатын барлық жұмыс оның дамуына әсер етеді әрі тұрғындарына көрініп тұрады. Биыл қаланың 1000 жылдығы мерекеленеді, келесі жылы – Қысқы Универсиада-2017 өткізіледі. Бұлар – ірі мемлекеттік іс-шаралар. Оларды іске асыру үшін орасан жұмыс атқару қажет. Сондай-ақ қаланың күзгі-қысқы кезеңіне дайындықты бүгіннен бастау керек. Өткен кездесуде мен бірқатар тапсырма берген болатынмын, олардың мүлтіксіз орындалуын бақылау қажет, – деді Мемлекет басшысы. Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевтың бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. – Қазіргі кезде қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар көлемі 45%-ға өсті. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру аясында 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуға қаражат бөлінді. Бұдан бөлек, мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту жөнінде бизнеспен тығыз жұмыс жүргізілуде. Бүгінде жалпы құны 40 млрд теңгені құрайтын меморандумдарға қол қойылды. Соның аясында бірнеше әлеуметтік нысан ашу жоспарланып отыр, – деді Алматы қаласының әкімі.


24.kz

Қазақстандық боксшылар Сербиядан 10 алтын медальмен оралды

Қазақстандық жас боксшылар Сербияда өткен халықаралық Golden Glove of Vojvodina жарысынан 10 алтын медальмен оралды. Бұл көрсеткіш командамыздың жалпы есепте топ жаруына себеп болды. Аталған аламанға 10 елдің боксшылары қатысқан болатын. Жерлестеріміз арасында алтын медаль алғандар: Евгений Павлов (49 кг), Оразбек Асылқұлов (52 кг), Әл-Мұхамед Махмұт (56 кг), Санатәлі Толтаев (60 кг), Садриддин Ахмедов (69 кг), Нұрлан Сабыров (81 кг) пен Мұхамеджан Тайбағар (91 кг). Ал қыздар арасында Ақниет Әбдіқожа (54 кг), Владислава Кухта (60 кг) мен Надира Маратова (+81 кг) үздік шықты. Жастар құрамасының аға бапкері Ғалымбек Кенжебаев шәкірттерінің өнеріне көңілі толғандығын жеткізді, деп хабарлайды ҚБФ баспасөз қызметі. 


24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: 1$ = 343,72 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында доллар бағамы 343,72 теңгеге жетті.  


24.kz

Сұлтан Жиенбаевқа Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоғамдық және этносаралық келiсiмдi орнықтыруға, Қазақстан халқының бiрлiгiн нығайтуға қосқан ерекше үлесi үшiн  қоғам қайраткері Сұлтан Сүлейменұлы Жиенбаевқа 2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілсін. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті                                                                             Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 21 шілде

24.kz

 

 

Мемлекет басшысы Премьер-министрмен кездесу өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында К.Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. - Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек, – деді Қазақстан Президенті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ, Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. – Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


24.kz/

Астана әуежайында жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

Airport Management Group басқарушы компанияcының шешімімен «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқармасының төрағасы болып Паоло Ричиотти тағайындалды. Италия азаматы Паоло Ричиотти өз еңбек жолын 1974 жылы Nigeria Airways Ltd авиакомпаниясында (Рим қаласы, Италия) бастады. Азаматтық авиация саласында жұмыс істеген Паоло Ричиотти қатардағы менеджерден бастап, Cathay Pacific Airways, SEA Aaerporti Milano, SEA Handling Spa, Astra Air Charter және басқа әлемге танымал әуе компанияларының басшысына дейін кәсіби қалыптасудың барлық кезеңдерінен өткен халықаралық дәрежедегі жоғары білікті маман екенін көрсетті. Паоло Ричиотти ауқымды бизнес жобаларға қатысты әуежайларды басқарушы ретінде ғана емес, сонымен қатар әлем порттары үшін қызметті жеткізуші ретінде авиациялық индустрияның барлық қыр-сырын біледі. Жұмыс барысында кешендік және мультимәдени ортада ірі адами ресурстарды басқара алды, авиациялық қызмет нарығын зерттеген, авиациялық қауіпсіздік пен ұшулар қауіпсіздігінің деңгейін ұлғайтуға көңіл бөле отырып, тиімді басқаруды және компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жедел ресурстарды жоспарлаған. 2012-2015 жылдар аралығында Air Astana әуе компаниясында (Қазақстан) жер үстінде қызмет көрсету жөніндегі директор болып жұмыс істеді. Airport Management Group басқарушы компаниясы: «Паоло Ричиоттидің кәсіпқойлығы мен Airport Management Group компаниясының үздік тәжірибелерін, стандарттарын және технологияларын енгізуі, трафикті ұлғайтуы, сервисті жақсартуы және ұшулар қауіпсіздігінің стандарттарымен қамтамасыз ету бойынша мақсаттары елорда әуежайын Еуразияның жетекші әуежайы ретінде қалыптастыратына сенім артамыз», - деп атап өтті.


24.kz

Қарағанды облысында алты айда 206 жемқор ұсталған

Қарағанды облысында ағымдағы жылдың алты айында жемқорлық бабы бойынша 206 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, оның 25-і сотталды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бес пайызға артқан. Бұл туралы Қарағандыда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс жөніндегі облыстардағы кеңес мүшелерінің республикалық семинар-кеңесінде айтылды. Жең ұшынан жалғасқан қылмысты азайту үшін күш біріктіріп, біртұтас мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру керек. Бұл тұста «Нұр Отан» партиясының 2025-ші жылға дейінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасының маңызы зор,- дейді жиынға қатысушылар. Сондай-ақ өзгелерге сабақ болу үшін әрбір істі ашық және жария түрде қарау керектігі айтылды. Оралбай Әбдікәрімов, сыбайлас жемқорлықпен күрес республикалық қоғамдық кеңес төрағасының бірінші орынбасары: - Қазір нақты жұмыс істеу керек, қылмыс ашылып жатса, соларға баға беру керек, олардың атын атау керек, неге бұлай болды, неге жанындағы партия мүшелері бұл мәселені көтермеді, неге оны кезінде тоқтатпады, осы сұрақтарға жауап берсе, мәселені шешуге болады. Бізге ашықтық керек, жариялық керек осы жұмыста. 


24.kz

 

Ф.Жақыпова ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Фәтима Надырқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды; Болатбек Серікбайұлы Әбдірәсілов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды.


24.kz

Қызылорда облысындағы ауыл әкімі пара алу үстінде ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі хабарлайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын Сырдария ауданы Бесарық аумағының әкімі Қ.Смағұловты қылмыс үстінде ұстады. Қ.Смағұловтың ҚР заңнамасында бекітілген ережелерді сақтамай, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін жеке тұлғадан 200 мың теңге сомасында пайдакүнемдік ниетпен пара алғандығы анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


24.kz

 

 

Түркияда 3 ай мерзімге төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өткен ұлттық қауіпсіздік кеңесі мен үкімет отырысында мәлім болды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл қадам демократияға, құқық пен бостандыққа қайшы келмейді. Керісінше, құндылықтарды қорғап, одан әрі нығайта түседі. Арнамыздың Түркиядағы тілшісі Ержан Жүністің хабарлауынша, Анадолы жерінде төтенше жағдай алғаш рет жарияланып жатқан жоқ. Соңғы рет 1987 жылы енгізілген ерекше тәртіп 15 жылды қамтыған екен. Еске саламыз, шілденің 15-і күні бір топ бүлікші әскери төңкеріс ұйымдастырып, үкіметті күшпен басып алмақ болды. Алайда ел ішінде дүрбелең туғызбақ болғандардың арам ойы іске аспады. Қазір түрік билігі отанға опасыздық жасағандар мен олардың сыбайластарын әшкерелеп жатыр. Қазірге дейін атышулы іске қатысы бар деген күдікпен қарулы күштердің 100-ден астам генералы мен адмиралы құрықталып, 50 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды. Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: - Түркияда әскери төңкеріс жасау әрекетіне байланысты конституцияның 120-бабына сәйкес үш айлық мерзімге төтенше жағдай жариялау жөнінде шешім қабылдадық. Мақсатымыз – құқықтық мемлекет пен демократия құндылықтарына және азаматтарымыздың бостандығына қарсы қауіп-қатерді жою үшін белсенді әрекет ету. Бүлікшілерге табанды түрде қарсылық көрсеткен түрік халқы 5 күннен бері орталық алаңдарда демократия жеңісін тойлауда. Ел ертеңіне еміренген жұрт ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шешімін түн ауғанша далада тапжылмай күтті. Исмаил Жаножак, жергілікті тұрғын: - Егер президентіміз Режеп Тайып Ердоған ел ішінде төтенше жағдай жариялауды құп көрсе, бұл шешімді біз де қос қолдап қоштаймыз. Оның басшылығымен барлық сын-қатерлерден қаймықпай өтетінімізге сенімдімін. Түркия қалыпты тіршілігіне көше бастады. Ал кешкісін алаңдарға жиылып, демократия үшін күресімізді жалғастыра береміз. Режеп Камбур, жергілікті тұрғын: - Үкімет тарапынан қажетті қадамдар жасалды. Мемлекетімізге сенеміз, сол үшін біз жан-жаққа тарқамай, алаңда жиналып тұрмыз. Өйткені бірлік пен ынтымақтың арқасында ғана қиындықтар еңсерілмек.


24.kz

 

«Астана» «Жальгирис» футбол клубын 2:1 есебімен ұтты

Елордалық «Астана» футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңін бағындырды. Бүгін «Астана-Аренада» «Астана» литвалық «Жальгирис» футбол клубын 2:1 есебімен тізе бүктіріп, келесі сынға аяқ басты. Екі голды Марин Аничич салды. Айта кеткен жөн, қос футбол клуб арасындағы алғашқы ойын өткен аптада Литва астанасында өтіп, 0:0 есебі тіркелген еді. Енді жерлестеріміздің үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы бүгін түнде анықталады. Сондай-ақ ол шотландиялық «Селтик» командасы болуы мүмкін.


24.kz

 

Қаза тапқан полицейлерді ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті

18 шілде күні атыс кезінде қайтыс болған полиция қызметкерлері бүгін жер қойнына тапсырылды. 42 жастағы Аян Ғалиев пен отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановпен қоштасу рәсімі Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өтті. Марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салуға әріптестері, жақын достары жиналды. Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің рухына тағзым етуге өзге де адамдар келіп, өздерінің азаматтық борышын білдірді. Ішкі істер органы қызметкерлерінің әр күні, әр сағаты болжаусыз. 42 жастағы Аян Ғалиев Мемлекеттік кіріс департаментінің алдында қандықол қылмыскерді 4 жерінен жаралап, өзі қайтыс болған. Ал отставкадағы полиция подполковнигі Ғани Нұримановтың зейнетке шыққанына сегіз-ақ ай болса да, ол қылмыскерді ұстауға көмектескен. Марқұмдар Алматының Кеңсай зиратына жерленді. Бауыржан Байбек, қала әкімі: - Әрқайсысының артында жұбайлары мен ұл-қыздары, ата-аналары, қол жетпеген мақсат, орындалмаған арман қалды. Еркебай Мантаев, Ғани Нұримановтың ағасы: - Арыстай азамат. Отбасындағы адал ұл. Бүгін арамыздан бақилық сапарға аттанып бара жатыр. Әпкемнің бір тал ұлы жас кезінен өте дарынды, мектепте тәрбиелі. Көз алдымызда оқу бітірді. Зейнетке шықса да осы халық үшін, халықтың амандығы үшін қаза тапты. Бақилық болды.


24.kz

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев А.Мұхамедиұлын қабылдады

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды. Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды. А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


24.kz

Н.Назарбаев А.Мырзахметовпен кездесу өткізді

Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен кездесті.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын арттырудың маңыздылығына тоқталды. А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


24.kz

Алматыда теракт жасаған адамның пәтеріне тінту жүргізілді

Алматыда теракт жасаған Руслан Күлікбаев жалдап тұрған пәтер анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізу шараларына байланысты полиция пәтерге тінту жүргізді. Себебі бұл пәтерде азаматтар өмірі үшін қауіп тудыратын заттар болуы мүмкін еді, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі. Тексеру шаралары барысында барысында қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ету үшін көп пәтерлі үйдің тұрғындары эвакуацияланып, үй тұрған жер қоршауға алынды. Жедел іздестіру жұмыстары барысында пәтерден қауіпті зат табылған жоқ.   Атап өтейік, Күлікбаевқа қатысты ҚР ҚК 99-б. 2-б, 269-б 2-б, 380-б 2-б, 255-б 4-б, 291-б 1-б, 200-б 4-б бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күлікбаевқа қатысты деректер Алматы қаласы Алмалы ауданы ІІБ және Алматы қаласы ҰҚКД Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізімінде тіркелді.

24.kz

Алматы ауруханаларында атыс кезінде жараланған 6 адам емделіп жатыр

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлайды. 18 шілдеде қалада болған атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда. Жедел көмек ауруханасында 4 адам, оның ішінде 3 адам жан сақтау бөлімінде, 1 адам хирургиялық бөлімде ем алуда. Орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқан 2 адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген. Жедел көмек көрсету ауруханасына жатқызылған 5 адамның біреуі бүгін 13 сағат 45 минутта қайтыс болды. А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған пациент тергеу изоляторына ауыстырылды.


24.kz

Түркияда төңкеріске қатысты тергеу өтіп жатыр

Түркияда әскери төңкеріс әрекетіне қатысы бар деген күдікпен құрықталған жоғары лауазымды әскери шенділердің саны 112-ге жетті. Елдің Бас прокуратурасы 27 генерал мен адмиралды қамауға алу жөнінде шешім қабылдады. Олардың арасында Түркиядағы әскери бүліктің көсемі деп танылған Әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Акын Өз-түрік және Қарулы күштері Бас штабының барлау мен кадр бөлімінің төрағалары құрлық теңіз бен, әуе күштерінің жоғары лауазымды тұлғалары бар. Олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жіберілді,- деп хабарлайды арнамыздың Түркиядағы меншікті тілшісі Ержан Жүніс. Айта кеткен жөн, тергеу барысында Акын Өз-түрік билікті күшпен басып алу әрекетіне қатысын теріске шығарып, өзіне таққан айыпты мойындаған жоқ. 43 жылын әскери салаға арнаған Армия генералы 30-шы тамызда зейнеткерлікке шығуы тиіс болатын.

24.kz

Батыс Қазақстанда 2278 отбасына жер телімі беріледі

Батыс Қазақстан облысында кезекте тұрған 2 мың 278 отбасыға жер телімі биыл берілетін болды. Бұл мақсатқа үкімет қорынан қосымша 1,2 млрд теңге тартылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы инженерлік-коммуникациялық жүйелерді тартуға жұмсалмақ. Ақ Жайық өңірі бойынша тұрғындарға жер телімі ең көп берілетін аудан - Бөрілі екен. Онда биыл 1 623 адам жеке үй салатын жер алады. Ал облыс орталығының іргесіндегі Зелёнов ауданында жыл соңына дейін кезекте тұрған азаматтарға 360 жер телімі үлестірілуі тиіс. Ол жерлер аудан орталығы Пререметный мен Володар және Белес ауылдарынан әзірленіп жатыр. Қайрат Төлегенов, Зеленов аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы: - «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша ауданға 250 млн ақша бөлінді. Ол деген электр желілері және сумен қамтамасыз ету жөнінде. Володар ауылынан 200 адамдайға беріледі. Переметный ауылынан 200, соның 100 учаскесін беріп бастаймыз құрылыс аяқталғаннан кейін. Сонымен қатар Белес ауылында жоспар дайын.


24.kz

АҚШ-тағы қала 350 мың долларға саудаға шығарылды

Ғаламторда Джеймс Джонсон атты адам Кэбин-Крик (Cabin Creek) қаласын 350 мың долларға сатып алуды ұсынады. Джонсон өзін «осы қаланың иесімін» деп атаған. Егер шаһарды сата қалған жағдайда, ол ақшаны қалтаға басып, әлем аралауға шықпақшы екен.  Айта кету керек, Кэбин-Крикте өткен ғасырдың 70-жылдары қатарынан бірнеше рет кісі өлтіру болып, бұдан соң қала қаңырап, бос қалған еді. Қазір бұл жерде ешкім тұрмайды. Бірақ, мұндағы ғимараттар жақсы күйде сақталып қалыпты. Атап айтсақ, Кэбин-Крикте дүкендер, дәмханалар бар. Тіпті мұндағы үйлерде тұруға да болады. Жалпы Джеймс Джонсон қаланы аттракционға айналдырмақ болған, бірақ оның сәті түспепті. Енді Денвер қаласынан 45  минутта орналасқан қалашық өзінің жаңа иесін күтуде, деп жазады Domain.


24.kz

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізіп жатыр

Ақорданың Twitter-дегі ресми парақшасы хабарлайды. Мемлекет басшысы Алматыдағы оқиғаға байланысты Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп жатыр.

24.kz

Алматы қаласында террорлық қауіптіліктің «қызыл» деңгейі жарияланды

ҚР Антитеррорлық орталығы Алматы қаласының аумағында террорлық қауіптіліктің «қызыл» деңгейін жариялады. Оған белгісіз біреудің Алмалы АІІБ мен ҰҚК департаменті ғимаратында атыс ашқаны себеп болған, деп хабарлайды knb.kz. Террорлық қауіптіліктің «қызыл» деңгейі белгіленген кезде (террористік қауіптіліктің «сары» және «қызғылт сары» деңгейі енгізілген кезде қабылданатын шаралармен қатар): • тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын төтенше режимге көшіру; • терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі енгізілген жағдайда жекелеген жергілікті жер учаскелерінен және объектілерден көшірілген адамдарды уақытша орналастыру пункттерін құру, терроризм актісінен (актілерінен) зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыру пункттерін қауіпсіз аймақтарда құру, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін мүлікті (азық-түлік, киім және басқа да мүлік) жеткізуді ұйымдастыру; • адамдарды құтқару, қараусыз қалған мүлікті күзету бойынша жедел шаралар қолдану, құтқару қызметтерінің және құралымдарының үздіксіз жұмыс істеуіне жәрдемдесу. Террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» және «қызыл» деңгейлерінде республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы басшысының шешімі бойынша «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 15-1-бабында көзделген шаралар қолданылуы мүмкін.


Источник: 24.kz

Алматы қаласында антитеррорлық операция басталды

Бүгін Алматы қаласының аумағында антитеррорлық операцияның өткізіліп жатқандығы туралы жарияланды. Осыған байланысты тұрғындарға үйлерінен шықпау, халықтың көп жиналатын орындарына бармау туралы ескерту жасалды. Күдік тудырған адамдар туралы бірден құқық қорғау органдарына хабарлау ескертілді. Жағдайдың өзгеруі туралы халыққа қосымша ақпарат берілетін болады, деп хабарлады Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі. 


24.kz

 

Түркиядағы қақтығыстардан 290 адам қаза тапқан

Түркиядағы қақтығыстар салдарынан 290 адам қаза тапқан. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрлігі өзінің ресми сайтында хабарлады. Көз жұмғандардан бөлек, 1,4 мың адам жарақаттанған. «Өкінішке орай, біздің 190 азамат көз жұмып, 1,4 мың адам жарақаттанды»- делінген хабарламада. Айта кеткен жөн, министрліктің мәлімдеуі бойынша, қаза тапқан тағы 100 адам қақтығыстардың ұйымдастырушылары болған. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қақтығыстар кезінде қамауға алынған адамдар саны 6 мыңға дейін жеткені белгілі болды.


24.kz

 

Бурабай курорттық аймағы ЕХРО көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын

Бурабай демалыс аймағының инфрақұрылымы дамытылады. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев көрікті Көкшеге арнайы барып тілшілерге берген сұхбатында айтты. Алдағы уақытта Астана мен Көкшетау арасындағы тасжолдың жиегі жасыл желекпен көмкеріліп, қос шаһардың маңайы орман алқабына айналмақ. Ал Бурабайдың саф ауасы мен мөлдір суын қорғау үшін тазарту тоғаны мен жылу электр орталығы салынады. Жалпы курорттық аймақ келер жылғы ЕХРО көрмесінің қонақтарын қабылдауға дайын. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - В связи с тем, что теперь столица рядом, есть отличная дорога автобан, спокойно люди сюда приезжают, отдыхают, и надо создавать больше возможностей. Я хочу обратиться к нашим бизнесменам, которым должны создаваться условия, чтобы строить современные хорошие комплексы. Здесь можно отдыхать не только летом, Боровое прекрасно и зимой, я лично более 25 лет посещаю этот регион и не перестаю восхищаться. Көкше төрінде Мемлекет басшысы берген сұхбаттың толық нұсқасын бүгін кешкі сағат 21:30-да біздің арнамыздан көре аласыздар.


24.kz

Елбасы Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

 

Мемлекет басшысы Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландқа Ницца қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Жеделхатта Қазақстан Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ француз халқына көңіл айтты. Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

24.kz

Кәрім Мәсімов Франция Премьер-министріне көңіл айтты

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ницца қаласында болған террорлық шабуылға байланысты Франция Премьер-министрі Мануэль Вальске көңіл айтты.

24.kz

Ниццадағы террорлық шабуылдан кемінде 77 адам қаза тапқан

Францияның оңтүстік-шығысындағы Ницца қаласында террорлық шабуыл болып, соңғы мәліметтерге қарағанда 77 адам ажал құшты. Бұл туралы префектура басшысы мәлімдеген. Мәліметтерге қарағанда, жүк көлігі топ адамды қағып, артынан жарылыс даусы естілген.


24.kz

 

 

ҰОК Бейжің Олимпиадасындағы 6 қазақстандықтың сынамасы күдік тудырғанын растайды

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың «Б» допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің хабарлауынша, «А» допинг сынамалары қайта тексеруден өткізілген спортшылардың арасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшылардың алты сынамасы күдік тудырғанын мәлімдейді. Қазіргі таңда «Б» допинг сынамалары Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр. Шілденің 18-26 аралығында Лозанна (Швейцария) қаласында ҚР ҰОК өкілдерінің қатысуымен «Б» допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтеді. Қазір Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес аталған процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды. Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады.


24.kz

Қазақстан FIFA рейтингінде 15 сатыға жоғарылады (фото)

Халықаралық футбол федерациясы әлемдегі ұлттық құрама командалардың алдыңғы қатарлы жүздігін анықтап, рейтинг жариялады. Рейтингке сәйкес, Қазақстан жинаған ұпайлары бойынша бірден 15 сатыға жоғарылап, 97-орынға табан тірепті. Алдыңғы көрсеткіш 112-орын болған екен. Айта кету керек, алғашқы ондықты Аргентина бастап тұр.   Дереккөз: FIFA 


24.kz/

Н.Назарбаев выразил признательность Д.Кэмерону за вклад во всестороннее укрепление связей между Астаной и Лондоном

Пресс-служба Акорды информирует. Президент Казахстана направил телеграмму Дэвиду Кэмерону в связи с завершением его деятельности на посту Премьер-Министра Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии. Глава государства выразил признательность Дэвиду Кэмерону за большой вклад во всестороннее укрепление связей между Астаной и Лондоном. Также Президент Казахстана пригласил Д.Кэмерона в качестве почетного гостя на международную выставку EXPO, которая пройдет в 2017 году в столице нашей республики. В завершение Нурсултан Назарбаев пожелал экс-Премьер-министру здоровья и благополучия. 


24.kz

 

 

Кәрім Мәсімов Еуропа және Азия елдерінің саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді

Кәрім Мәсімов Еуропа және Азия елдерінің саммитіне қатысу үшін Моңғолияға келді. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлайды. Қазақстанның Премьер-Министрі сапар барысында қазақ диаспорасымен кездесіп, мұражай және драма театрларына бармақ. Сондай-ақ, Өлгей қаласындағы орта мектеппен танысады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, Кәрім Мәсімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Өлгей қаласында бірнеше кездесулер өткізеді. Айта кеткен жөн, Өлгей қаласы орналасқан облыс халқының басым бөлігін қазақ диаспорасы құрайды. Мұнда барлығы 90 мың адам тұрса, оның 88,7%-ы қазақтар. Жалпы Азия елдерінің саммиті ресми емес, аймақаралық диалогтік үдеріс болып табылады Онда саясат, қауіпсіздік, қаржы-экономикалық және әлеуметтік-мәдени салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Қазіргі кезде саммит құрамына 53 мемлекет кіреді.


24.kz

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 49%-ға өскен

Шағын және орта бизнеске несие бөлу соңғы бес айдың ішінде 49%- ға өскен. Мұндай ақпаратты Ranking.kz талдау қызметі таратып отыр. Соған сүйеніп айтар болсақ, жылдың басынан бері жеке кәсібін дөңгелетемін дегендерге 466 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Әсіресе қысқа мерзімге қаржыландырылған жобалардың арасында өсім байқалады. Кәсіпкерлер бұл бағытта 336 млрд теңге көлемінде қаражат алған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға көп. Несие алушылардың қатарында Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері бар. Аталған аймақтар жалпы ұлттық деңгейдің 84 пайызына тең.


24.kz

 

Қызылорда, Жамбыл және Қостанай облысында жемқорлықпен айналысқан бірқатар лауазымды тұлға ұсталды

Қазақстан Республикасының Жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөнінен ұлттық бюросы хабарлайды. Қызылорда қаласы «Қазпочта» АҚ-ның Сырдария ауданындағы почта байланысы бөлімшесінің басшысы Ж.Әлібаев жеке тұлғаны почта бөлімшесінің меңгерушісі етіп тағайындау үшін одан 50 мың теңге пара алған жерінен ұсталды.    Ұлттық бюроның Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы Әділет департаменті сот актілерін орындау аймақтық бөлімінің басшысы аға сот орындаушысы А.Аманғазиев пен сот орындаушысы Н.Үсіпжановты ұстады. А.Аманғазиев пен Н.Үсіпжанов жеке тұлғаның қарыз сомасын азайту үшін одан 30 мың теңге пара алған. Сондай-ақ Қостанай облысы Рудный қаласы «Салық төлеушілер ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» МКБ бөлімінің басшысы М.Бекмағамбетов ұсталды. М.Бекмағамбетов «ВАБ-2016» ЖШС директоры А.Барановадан ҚҚС жөнінен тіркеуге тұруды кедергісіз және жедел жүргізу үшін 100 мың теңге пара алған.  Қазіргі уақытта ұсталғандардың барлығы уақытша қамау абақтысына жабылып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.


24.kz

Н.Назарбаев Италия Республикасының Министрлер Кеңесінің төрағасы Маттео Ренциге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Министрлер Кеңесінің төрағасы Маттео Ренциге Бари провинциясында болған пойыздар апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.   Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті жолаушылар пойыздарының соқтығысуы салдарынан ондаған италиялық азамат опат болғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Нұрсұлтан Назарбаев ауыр қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

24.kz

 

Кәрім Мәсімов Италия халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

Премьер-Министр Казахстана выразил глубокие соболезнования и слова поддержки Маттео Ренци и семьям погибших при столкновении поездов в Италии. Сообщение Премьер-Министр опубликовал на своей официальной странице в Twitter.  Напомним, накануне два поезда столкнулись на юге Италии. Инцидент произошёл между населёнными пунктами Андрия и Корато. В результате столкновения три вагона были полностью разрушены. Погибли, по последним данным, 27 человек. 


24.kz

Еліміздің Бас прокуратурасы бос жұмыс орындарына байқау жариялады

Бұл туралы мекеме өкілдері арнайы брифинг кезінде хабарлады. Құқық органдарында еңбек етуге ниеттілер бүгіннен бастап өздерінің өтініштерін жібере алады. Кейін барлық үміткерлердің заң білімі мен психофизикалық дайындығы тексеріледі. Қазір прокуратурада 180 бос орын бар. Олардың тізімі осы жылдың 1 тамызында жарияланады. Ведомство қызметкерлерінің хабарлауынша, байқау әділ өткізіледі. Іріктеу комиссиясының мүшелеріне қай кандидаттың құжаттарын қарап жатқаны беймәлім болмақ. Ғабит Әбдіхалықов, ҚР Бас прокуратурасы кадр жұмысы департаментінің аға прокуроры: - Қазіргі таңда жаңа тәсілдер 4 тапсырманы өту кезінде тапсырады. Олардың нәтижесін тәуелсіз сарапшылар қарайды. Жауаптардың барлығы құпияланады. Кандидат оны қандай сарапшы тексеріп жатқанын, ал сарапшы қай кандидатты тексеріп жатқанын білмейді.


24.kz

К.Мәсімов Моңғолияның жаңа Премьер-министрін қызметіне тағайындалуымен құттықтады

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Моңғолияның жаңа Премьер-министрі Ж.Эрдэнэбатты қызметіне тағайындалуымен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter аккаунтында жариялады. «@J_Erdenebat мырзаны Моңғолия Премьер-министрі қызметіне кірісумен шын жүректен құттықтаймын», делінген хабарламада. 8 шілде күні 70 депутаттың 68-і Эрдэнэбаттың кандидатурасын қолдап дауыс берген болатын. «Монцамэ» ақпараттық агенттігінің мәліметі бойынша Эрдэнэбаттың мамандығы экономист. 1998 жылы Моңғолияның білікті бухгалтерлер курсын тәмамдаса, 2004 жылы Моңғолияның Басқару академиясын, 2005 жылы Моңғолия мемлекеттік ауыл шаруашылығы университетін аяқтаған.


24.kz

Елбасы заңға қол қойды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналасының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.

24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 = 338,01 теңге

Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясында долар бағамы 338,01 теңге болды.


24.kz

Сыр өңірінде алма бақтары пайда болады

Қызылорда облысында жеміс-жидек өсіріп, нарыққа шығару ісі қарқын алмақ. Жақын болашақта Сыр өңірінде ондаған гектарға жайқалған алма бақтары пайда болады. «Сырбойы Бизнес Форум» аясында осыған қатысты келісімдер жасалды. Шара шеңберінде 70 компанияның, шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау институттары мен екінші деңгейлі банктердің қатысуымен көрме ұйымдастырылады. Дағдарыстың қиын кезеңінде өндірістік әлеуетті арттырудың оңтайлы жолдарын тауып, алға ұмтылу қажет. Осы ретте кәсіпкерлерге отандық бизнесті дамыту мен жаңа кәсіп ашуға қажетті ақпарат пен байланыстың толық спектрі ұсынылды. «Аймақаралық ынтымақтастық» пен Ресей, Қытай, Иран елдерінің нарығына шығу мүмкіндіктері жайлы пайдалы кеңестер берілді. Негізінен бүгінде өтімді тауар ауыл шаруашылығы өнімдері болып саналады. Сондықтан агрожобалар іркілмей жүзеге асырылады.   Ғалым Әміреев, облыс әкімінің орынбасары: - Осы жылы күзде егеміз алманы. Мен білетін 3 компания осы жылы жұмысын бастап, жерін дайындап жатыр қазір. Шиелі, Жаңақорған аудандары мен осы қала айналасында. Сондықтан осылармен бүгін келіссөз жүргіземіз. Ғалымбек Жақсылықов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры: - Бизнес форумы төңірегінде жергілікті кәсіпкерлер қатысуда. Сонымен қатар басқа Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кәсіпкерлері қатысуда. Бір-бірімен танысып, әрі қарай жоспар-жобаларын бірге іске асыруы мүмкін әбден. Осындай қарым-қатынасқа бизнес форумы атсалысады.


24.kz

 

 

Әлемдік мұнай бағасы арзандады

Мұнай бағасы тағы арзандады. Brent маркалы қара алтынның бір баррелінің құны 47 доллардан төмендеген. Ал WTI-дің бір баррелі 45,18 долларға сатылып жатыр. Бұл жағдайға америкалық Baker Hughes компаниясының есеп беруі әсер еткен. Құжатқа сәйкес АҚШ-та тағы 10 ұңғыма іске қосылыпты. Осылайша, елде жұмыс істеп тұрған бұл нысандардың саны 350-ден асып кеткен екен. Жалпы мұнай бағасы осымен бірнеше күн бойы арзандап келеді. Сарапшылардың айтуынша, оған бірнеше себеп бар. Мысалы Канададан шикізаттың жеткізілуі қайта жанданған. Бұған дейін орман өрті кесірінен ол тоқтап қалған болатын. Сондай-ақ ливиялық қара алтынның тасымалы да тұрақтанып келеді.


24.kz

 

Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі аймақтарды аралауды жалғастыруда. Бүгін ҚР Үкіметі басшысы Солтүстік Қазақстан облысына келді. Кәрім Мәсімов солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, машина жасау техникасы өндірісімен танысады, сондай-ақ астықты аймақта АӨК дамыту бойынша кеңес өткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар, Премьер-Министр Петропавлдағы жаңа спорт сарайында  спортшылармен кездеседі.


24.kz

 

 

KASE-тің таңғы сессиясы: 1 доллар - 337 теңге 63 тиын

Назарларыңызға бүгінгі күннің валюта теңгерімін ұсынамыз. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 337 теңге 63 тиын.


24.kz

Ақтөбеде дәрі шығаратын цех ашылды

Ақтөбедегі фармацевтика зауытында жаңа цех іске қосылды. Онда капсула түріндегі дәрі-дәрмек дайындалады. 2012-ші жылы ашылғын зауыт бұған дейін мия тамыры шәрбаты мен пер-туссин шырынын шығарып келген еді. Жылына 300-400 құты сұйық дәрі ішкі нарыққа шығарылады. Жобаға «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы қаржылай қолдау көрсетілген. Енді жаңа цехта дәрінің 4 түрі дайындалады. Өндіріс толық қуатта жұмыс істесе, жылына 3 млн капсула шығара алады. Халықаралық стандартқа сай өнім дайындайтын желі Үндістаннан әкелінген. Зауытта арнаулы білімі бар 50-ден астам кәсіпқой маман еңбек етеді. Гүлнәр Иманалина, зауыт өкілі: - Біздің басқа зауыттардан ерекшелігіміз дәрі-дәрмек бағасы төмен. Сапа жағынан да бәсекеге төтеп бере аламыз. Әлемдік стандарттарға сәйкес дайындаймыз. Болашақта желіні кеңейтіп, өнім түрін көбейтеміз. Жақында қатты таблетка түріндегі дәрілер шығарылатын болады. 
24.kz

Мұнай бағасы қайта көтеріле бастады

Мұнай құны 5%-ға құлдырағаннан кейін қайта көтеріле бастады. Бағаның арзандауына АҚШ-тан келген мәлімет түрткі болған. Өйткені елдегі қара алтын қоры көп мөлшерге азая қоймаған. Осылайша, Brent маркалы шикізаттың бір баррелі 46,64 долларға жетсе, WTI-дің бір баррелі 45,4 долларға сатылып жатыр. Трейдерлер алдағы уақытта да мұнай бағасының қырық құбылуы ғажап емес деп топшылап отыр. Оған Азия мен Солтүстік Америка нарығындағы қара алтынның көптігі себеп болса керек. Оның үстіне сарапшылар мамырда Нигерияда содырлар жасаған шабуылдан кейін жағдай ушығып, оқыс оқиға қайталануы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Өйткені сол кездері жарылыс салдарынан шикізат тасымалы біраз бөгеліп қалған болатын.


24.kz

 

Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі

Елорда әкімі Әсет Исекешев ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның орындалу барысымен танысты. Қала басшысы жаңа тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген жер учаскелерін аралады, ескі және апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жыл соңына дейін баспаналы болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. Қаланың бір бөлігін қалпына келтірудің пилоттық жобасымен тұрғын үйлер салу, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қаладағы «ескі орамдарды» қалпына келтіру қарастырылған. Осылайша, елорда тұрғындары ақысыз негізде жаңа пәтерлерге (ауданы ескі үйдің ауданымен бірдей) ие болады, қала абаттандырылып жатыр, бұл ретте инвестициялар қаражаттың қайтарымдылығы қағидатымен жеке инвестордан тартылатындықтан жаңа тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаржысы жұмсалмайды. «Жоба жақсы. Енді нысандарды тапсыруды созбай, барлық мерзімдер мен кестелерді сақтау керек. Көшіп келетін отбасылар үшін инфрақұрылымның болуын қарастыру қажет, пайдалануға берілетін баспаналарда міндетті түрде балабақшалар мен спорт алаңдары болуы тиіс» - деді Әсет Исекешев. Жобаның бірінші кезеңінде үш жылдың ішінде 13 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 234 мың шаршы м. 28 тұрғын үй тапсырылды. Аталған жоба аясында ескі және апатты жағдайдағы 1476 тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылар жаңа баспанаға ие болды. Жоба жүзеге асырылған жылдары Астанада 90 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы да 27 үй бұзылады. Биыл 601 отбасы баспаналы болады. 2017 жылы 111 бұзылған ескі үйде тұрған 1872 отбасы ақысыз негізде жаңа пәтерлерге ие болады. «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны жүзеге асырмас бұрын 2013 жылы қаланың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, ведомствоаралық комиссиямен тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты жағдайда және бұзуға жатады деп танылған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған тұрғын үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 1940-1970 жж салынған 228 баспана енді, олар 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаның бірінші кезеңінде үлестіріледі. Ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаның екінші кезеңі 2018-2020 жж. жүзеге асырылады. Қазіргі кезде тұрғын үйлердің тізімі жасалып, 11 жоба әзірленіп, жетеуі дайындық үстінде. Жобаланып жатқан тұрғын үйлердің жалпы ауданы – 366,5 мың шаршы метр.


24.kz

 

ҚР Президенті ТМД-да бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі туралы келісімді ратификациялады

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысы «Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.


24.kz

 

 

Депутаттар Маңғыстау облысындағы бірнеше нысанның құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге іссапары жалғасуда. Маңғыстау облысына ат басын тіреген халық қалаулылары Сәкен Өтебаев пен Тарас Хитуов Жетібай ауылындағы жаңа балабақшаның құрылысымен танысты. Мектепке дейінгі білім мен тәрбие беретін мекеме «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынуда. Нысан 280 балаға лайықталған. Балабақша құрылысы өткен жылдың жазында басталды. Кесте бойынша биыл күзде қолданысқа берілуі тиіс. Қазынадан 453 млн теңге бөлінген. Депутаттар құрылыстың сапасына оң бағасын берді. Ал халық қалаулыларының аймаққа сапары жергілікті жұртшылықпен кездесіп, басқа да әлеуметтік орындарды аралаумен жалғасады. Сәкен Өтебаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Менің ойымша, «Нұрлы жол» бағдарламасы барлық талаптарға сай келеді. Дегенмен, біздің міндетіміз – оның орындалу барысын қадағалау және «Нұр Отан» партиясы арқылы бақылау. Халыққа бұл жобалардың тиімділігін түсіндіру. Тарас Хитуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Экономикалық реформалар және жергілікті даму комитеті «Нұрлы жол» бағдарламасымен айналысады. Біз аталған бағдарлама арқылы салынған нысандарды қараймыз. Мәселен Жетібайға дейінгі жолдың құрылысын өз көзіммен көріп келдім. Бұл өте үлкен жоба. Шетпе-Жетібай-Ақтау тасжолы келесі жылдың аяғында аяқталуы тиіс.


24.kz

Байқоңырдан «Союз-ФГ» зымыран-тасығышы ұшырылды

Ол халықаралық ғарыш стансасына жаңа сериялы «Союз МС» кемесін алып шығуы тиіс. Бұл аппарат қозғалыс және навигацияны басқарудың жетілдірілген жүйесімен жабдықталған. Сондай-ақ күн батареялары электр энергиясын көбірек өндіре алады. Енді зымыран-тасығыш 2 күннен кейін жаңа экипаж мүшелерін Халықаралық ғарыш стансасына алып шығуы тиіс. Оның түйісуі 9 шілдеде Астана уақытымен сағат 10:12-ге жоспарланып отыр.


24.kz

 

 

К.Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды. Жұмыс сапарының бағдарламасы Байқоңыр қаласында басталады, онда Кәрім Мәсімов көп бейінді қалалық аурухананың жұмысымен танысып, өңірдегі әлеуметтік саланы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту туралы есептерді тыңдайды.


24.kz

 

К.Мәсімов Байқоңыр қаласының әлеуметтік нысандарын аралады

ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлайды. Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Байқоңыр қаласының әлеуметтік нысандарын аралады. «Медицина мен білім беру саласы Байқоңырда қазақстандық стандартқа ауысты», – деп жазды ҚР Премьер-министрі өзінің Twitter-дегі аккаунтында. Алдымен Кәрім Мәсімов Байқоңыр қаласындағы №277 орта мектепте болды. Онда облыс басшылығы Премьер-министрге облыстың білім беру саласының жағдайы жайлы, оның ішінде Байқоңыр қаласындағы 6 мектептің қазақстандық оқыту стандартына көшуі туралы айтып берді. Айтып өтер болсақ, қалада 14 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оның ішінде алтауы қазақ тілінде оқытады. Барлық 14 мектепте 8789 оқушы білім алады. Оқыту ҚР және РФ стандарттары бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ Байқоңырда 14 балабақша жұмыс жасайды, оның ішінде біреуі – ҚР стандарттары бойынша, онда 2789 бала тәрбиеленеді. Сонымен қатар Үкімет басшысы Байқоңырдағы перзентханада болды. Медициналық мекеменің жұмысы туралы Кәрім Мәсімовке денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы баяндады. А.Цой атап өткендей, арнайы емдеу мекемесі бір ауысымда 100 келушіге есептелген консультативтік-диагностикалық емханасы бар 120 төсек-орындық көпбейінді қалалық аурухана болып табылады. Сонымен қатар перзентхананың білікті мамандары Байқоңыр қаласының тұрғындарына ғана емес, Төретам және Ақай ауылдарының тұрғындарына да стационарлық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді.


24.kz

 

«Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалі өтті

Тілі бөлек, тілегі бір ұлттар. Елордада осымен ІХ рет «Астана-Арқау» түркі музыкасы фестивалі өтті. Қала күніне орайластырылған шара 20-дан астам елдің өнерлі өкілдерін жинады. Ал қашқайлықтар, құмықтар мен қырым татарлары бұл мейрамға алғаш рет қатысып отыр. «Астана-Арқау» – түркі халықтарының тамыры тереңде жатқан дәстүрлі музыкасын дамытатын, мәдени байланыс орнататын игі бастама. Басты мақсаты – түрік мәдениетін жаңғырту, ұлттық дәстүрді насихаттау, халық бірлігін нығайту. Фестивальді тамашалауға жиылған жұртшылық әр ұлттың саф өнерімен етене танысса, өнерпаздар өзара тәжірибе алмасты. Ықылас Нұрғали, ұйымдастырушы: - Көптеген түркітілдес елдердің жаңа ұлттық, дәстүрлі музыкасын алып келеді. Жырларын, күйлерін аспаптық шығармаларын. Қазақтың да ән-күйлерін орындап келетін халықтарымыз бар. Бірігіп ойнайтындары да бар.


24.kz

Астана күніне арналған мерекелік шаралар отшашумен қорытындыланады

Астана күніне арналған мерекелік шаралар дәстүрге сай 6 шілде күні қас қарайған шақта отшашумен қорытындыланады. Биыл да бұл үрдіс жалғасын тапты. Қазір Есіл өзенінің жағасында мерекелік отшашу басталды. Мұндағы отшашу көлемі жағынан ең үлкені деп есептеледі. Себебі, ол 10 минутқа созылады, әрі 15 мың рет дүркіреп атылады. Отшашуды елорданың барлық бөлігінен тамашалауға болады. Себебі, қала бойынша 5 жерде, нақтырақ айтқанда, Есіл өзенінің жағалауы мен Ақбұлақ шағынауданында, «Хан Шатыр» сауда-саттық және ойын-сауық орталығының жанындағы алаңда және Абылайхан даңғылы мен Пушкин көшесі қиылысындағы саябақта, теміржол вокзалының маңындағы «Жас батыр» стадионында өтіп жатыр.


24.kz

 

Астана күнін атап өту аясында ЕХРО-2017 бірқатар промо-шара өткізуді қолға алды

Шілденің 5-інен бастап Future Point инновациялық фестиваль аясында Нұржол бойында ақпараттық павильонын орнатты. Бұл интерактивті жоғары технологиялы құрылым келесі жылы болатын көрменің жасампаз идеялары мен озық технологияларын көпшілікке ұсынуда. Павильонда ЕХРО-2017 туралы айтылатын интерактивті стендтер, бұған дейін Бүкіләлемдік ЕХРО өткізілген мемлекеттер мен олардың жетістіктері қамтылған ақпараттық стеллалар бар. Бренд-зонада қызықты байқаулар мен танымдық викториналар өткізілуде. Әрі онда кезкелген адам «Астана ЕХРО-2017» көрмесіне билет сатып ала алады. Сонымен қатар, ақпараттық павильон Астана қонақтары мен тұрғындарына «Қосымша ақиқат», «Интерактивті еден», «Футуристік аттракцион», «Интерактивті кітап», «Қозғалыс энергиясы» сынды заманауи диалогтық технологияларды ұсынып отыр. Ашық павильондардың бірінде тақырыптық шеберлік сағаттары мен балалар мен жасөспірімдерге арналған дәрістер оқылуда. Шілденің 5-і мен 6-сы аралығы «Астана ЕХРО-2017» өкілдері жыл сайын ұйымдастырылатын «Астана шаттық» шығармашылық автокеруеніне қатысады. Олар отандық эстрада жұлдыздары, би ұжымдарымен бірге «Пригородный» (5 шілде күні сағат 16:00), «Заречный» (5 шілде күні сағат 19:00), «Үркер» (6 шілде сағат 16:00), «Көктал» (6 шілде сағат 19:00) аудандарының тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын болады. Көрме промоутерлері көпшілікке ЕХРО-2017 мақсат-міндеттерін түсіндіріп, «Болашақ энергиясы» жобасының негізгі түйінін, жалпы ЕХРО көрмелерінің тарихын айтатын болады. Әр жарты сағат бойы мини-викториналар, сондай-ақ ЕХРО-2017 маскоттарымен (талисмандарымен) фотосессия өткізіледі, деп хабарлайды «Астана ЕХРО-2017» АҚ баспасөз қызметі.


24.kz

Алматы аса маңызды халықаралық шараға дайындалып жатыр

Алматы алдағы дамуын айқындайтын аса маңызды халықаралық шараға дайындалып жатыр. Жетінші шілдеде «Алматы – өмір сүру мен бизнес үшін қолайлы қала» атты халықаралық бизнес-форум өтеді. Оған еліміз бен әлемнің жетекші елдерінен 300 делегат қатысады. Онда талқыға салынатын өзекті мәселелер жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кездесуде хабарланды. Форум аясында халықаралық  бағдарламалардың тұсауы кесіледі. Бірі «Start up Қазақстан», екіншісі «Такси-сервис Uber». Сонымен қатар қала тұрғындары «Алатау» инновациялық технологиялық паркіндегі Алматының болашақ дамуы мен сәулеттік келбетіне арналған 3D форматтағы көрмені тамашалай алады. Ал қаланың дамуына арналған алғашқы іріктеу жобасы аяқталды. Отандық ғалымдар ірі мегаполистің көлік кептелісі, экология, архитектура мен адам капиталына қатысты түйткілдерді шешетін жобалар жасады. Сондай 52 жобаны енді халықаралық мамандар қарап шықпақ. Алмас Мәдиев, Алматы қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: - Биыл біз «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 84 млн теңге қаражат алғанбыз. Бүгінгі таңда бірінші кезең аяқталды. 15 жоба мақұлданды. Қазіргі таңда 43 млн теңге игерілді. Жылдың аяғына дейін тағы да 15 жобаны мақұлдауға жоспарлап отырмыз.


24.kz

Елбасы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде Рио-Де-Жанейродағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшыларға еліміздің ерекше үміт артатынын атап өтті. «Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастарымызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердің жеңістеріңе сеніп, Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы қазіргі кезде республикамыз Тәуелсіздік тарихындағы ең мықты спорттық әлеуетке ие екеніне тоқталып өтті. «Олимпиада алдындағы ресми ойындардың қорытындылары Азия және әлем чемпионаттарында сүбелі нәтижелер көрсетіп жүрген қазақстандықтардың жаңа саңлақ буынын тәрбиелеп шығара алғанымызды байқатты. Жалпы, Қазақстан ұлттық құрамасы Рио-Де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиаданың басталуына дайын болды. Бүгінде біздің спортшылар 38 олимпиадалық спорт түрінің 26-сы бойынша 100-ден астам лицензия ұтып алды. Мұның өзі жақсы жетістік», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы елімізде әрдайым спортқа ерекше мән беріліп келе жатқанына назар аударды. «Соңғы үш жылдың өзінде олимпиадалық резервті кешенді түрде дайындау үшін халықаралық деңгейдегі спорт нысандары салынды. Олар – АИБА Дүниежүзілік бокс академиясы, Алматыда Дзюдо академиясы, Таразда «Тараз-Арена» стадионы. Сонымен қатар Қарағандыда «Қарағанды-Арена» мұз сарайы мен Астанада жүзу кешені бар көп функционалды мұз сарайы іске қосылды. Бұдан бөлек болашақ олимпиадашыларды Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы Жеңіл атлетика орталығы мен Алматыдағы Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы даярлауда», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев паралимпиада қозғалысының дамуына да мемлекеттің жүйелі қолдау көрсете отырып, спортпен шұғылдануға ниетті барша азаматтар үшін жағдай туғызып отырғанын айтты. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті үш жыл бойы «Қазспорт» бірінші спорт телеарнасы табысты жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. «Эфирдің жартысынан көбін қазақстандық спортшылардың қатысуымен өтіп жатқан халықаралық және ұлттық жарыстардың көрсетілімі құрайды. Телеарна рейтингісінің жоғарылығы оның қазақстандықтар арасындағы зор танымалдылығын көрсетеді. Спортпен шұғылдану арқылы жеңіске ұмтылыс, күш-қайрат, алға қойған мақсатқа жетуге талпыныс сияқты маңызды қасиеттер жетіледі. Спорт дегеніміз – денсаулық, рухтың күштілігі, отансүйгіштік. Мен жастарымызды дене шынықтырумен және спортпен көбірек шұғылдануға шақырамын», - деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік жылдарында ең айтулы халықаралық жарыстарда өз елінің туын мақтанышпен алып жүрген дарынды спортшылар шоғыры тәрбиеленгенін атап өтті. «Тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық спорт тарихына Олимпиада ойындарының 17 чемпионының есімі алтын әріптермен жазылды. Біз азаматтарымызды патриоттыққа, саламатты өмір салтына тәрбиелеуде олимпиадашыларымыздың еңбегі қаншалықты зор екенін білеміз. Бүгінде сіздердің алдарыңызда өздеріңіздің спорттық нәтижелеріңіз арқылы бүкіл әлемге Қазақстан спортының әлеуетін тағы да дәлелдеу міндеті тұр. Сіздер жалпыкомандалық есепте барынша жоғары орын иелену үшін ұмтылуға тиіссіздер. Сіздерге олимпиадалық жарысқа сапалы дайындалу үшін қажетті барлық жағдай жасалды», - деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Қазақстанның Олимпиадалық құрамасы мүшелерін бар күш-жігерлерін жұмсауға, биік нәтиже мен спорттық бәсекеге ұмтылуға шақырды. Қазақстанның спорт делегациясы өкілдері өз сөздерінде дене шынықтыру мен спортты дамыту мәселелеріне мемлекет ұдайы назар аударып келе жатқанын айта келіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ тілегі мен қолдауы үшін алғыстарын айтты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Олимпиадалық құраманың ту ұстаушысы Р.Жапаровқа мемлекеттік туды тапсырды.

24.kz

KASE қорытындысы: 1 доллар = 337 теңге 39 тиын

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 337 теңге 26 тиынды құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 337 теңге 39 тиынды құрады.


24.kz

Елбасы Астана күніне арналған мерекелік шараларға бастау берді

Еңселі елордамыз – жаңғырған, жаңарған Қазақстанның символы. Қазақстанды кемел болашаққа жетелейтін бас қала – әр қазақстандықтың мақтанышы. Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттік туды көтеру рәсімі аясында осылай деп, мерейлі мереке қарсаңында Астананың миллионыншы тұрғыны дүниеге келгенін айтты. Елбасы Тәуелсіздігіміздің таңы атқан 25 жыл ішінде көкте желбіреген көк байрағымыз мерейімізді асырып, рухымызды биіктететін киелі рәмізімізге айналғанын жеткізді. Жылдағы дәстүрге сай «Атамекен» кешеніне жиналған жұрт 111 метр биіктікте қалықтаған көк байрағымызға тамсанып, Мемлекет басшысының ілтипатына бөленді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қымбатты астаналықтар, құрметті елорданың қонақтары! Мемлекеттік ту қашанда ерекше маңызды оқиғаларға көтеріледі. Біздің – байрағымыз ерлік пен елдіктің рухтық нышаны, бірлігіміздің бірегей символы. Біз үшін ол – әлемдегі ең асқақ, ең әдемі, ең құдіретті ту. Біз тәуелсіздік жылдарында туымызды тік ұстап, алға басып келеміз. Еліміз тыныш, еңсеміз биік болып, биыл қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен бірге Астана 18 кәмелетке келіп отыр. Бүгінгі елордамыз – жаңғырған, жаңарған Қазақстанның символы. Бүгін Астана күні қарсаңында тағы бір үлкен оқиға болып отыр. Бүгін бірінші аналар босанатын ауруханада дүниеге бір миллионыншы Астананың азаматы дүниеге келді. Ол бізді миллион тұрғыны бар қалалардың қатарына қосты. Құтты болсын бәрімізге! Нұрсұлтан Назарбаев осы бір айтулы шара барысында білім нәрімен сусындап шыққан курсанттарға лейтенант шендерін табыстап, сарбаздардың жұмысына сәттілік тіледі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысынан шен алған әскери институт түлектері ел сенімін абыроймен ақтауға ант берді. 


24.kz

 

Астана күніне арналған мерекелік шаралар басталды

Астана күніне арналған мерекелік шаралар басталды. Бүгін Мемлекеттік туды көкке көтеру рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылмақ. «Рәміздер» алаңына жиналған барша жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі. Еліміздегі ең мерейлі мерекенің бірі – Астана күнін тойлау игі дәстүрге айналды. Мейрамның ыстық лебі бұдан 1 ай бұрын сезілгенімен, қала күнін ресми түрде атап өту бүгіннен басталады. Әдеттегідей Көк байрақты көкке көтеру рәсімі дәл осы «Атамекен» кешенінде өтеді. Бұл жолы да елорданың кез келген бұрышынан көрінетін биіктігі 111 метрлік, өлшемі 15-те 30 метрді құрайтын еліміздегі ең үлкен Ту бірер сәттен соң салтанатты түрде желбірейтін болады. Шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады деп күтілуде. Жоспар бойынша еліміздің Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы мемлекеттік рәміз астында жоғарғы әскери оқу орындарын бітірген үздік түлектерге әскери шен табыс етеді. Ал Қала күні биыл да барынша сән-салтанатымен тойланып жатыр. Таң атқаннан кеш батқанға дейін түрліше бағдарламалар өткізіліп, бұқараны шаттыққа бөлеуде. Ең қызықты шараларды біздің арна тілшілері өздеріңізге тікелей эфирде хабарлайтын болады. Мәселен, бүгін сағат 13:00-де ArtFest заманауи өнер шарасынан, cағат 17:00-де «Серпер» халық аспаптары фестивалінен тікелей эфирде ақпарат таратылады. Ал 20:00 мен 21:30-да «Астана самалы» үрмелі оркестрі мен таңғажайып мюзиклді тарту жасаймыз. Айта кетейік, биыл елордамыздың қаланғанына 18 жыл. Ендеше, еңсесін тіктеген жас қаламыз, шуақты еліміз, қуатты тәуелсіздігіміз тұрақты болғай!


24.kz

Ыстамбұлдағы лаңкестік оқиға құрбандарының саны 45 адамға жетті

Ыстамбұлдың Ататүрік әуежайындағы жанкештілер жасаған шабуылдан қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Бұл туралы түркиялық БАҚ хабарлады. Сенбі күні 4 жастағы иордандық бүлдіршін ауыр жарақатынан ауруханада жан тапсырды. Қазір ауруханада 50 кісі ем алуда, олардың 20-сының жағдайы әлі де ауыр.


24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1642
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2960
Осы айдаОсы айда44245
БарлығыБарлығы492210
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі