БОРЫШТЫ ӨСІМПҰЛСЫЗ ҚАЙТАР!

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Борышты өсімпұлсыз қайтар!» акциясын өткізеді.

Акцияның мерзімі – 2016 жылғы 1 шілдеден 1қазанға дейін.

Мақсатты топ – қарыз алушылар/ лизинг алушылар – Қоғам алдында 2016 жылғы 1шілдеге мерзімі өткен берешегі бар жеке және заңды тұлғалар.

Акция шеңберіндегі өтеу қарыз алушы/ лизинг алушымен өтелетін қаржыны Қоғамның есептік шотына аудару жолымен өткізілу мүмкін.

Акция өткізудің негізгі талаптатары:

  1. Қарыз алушылар/ лизинг алушылар – Қоғам алдында 2016 жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен берешігі бар заңды тұлғалар, оның ішінде ЖК, ШҚ, ФШ үшін – мерзімі өткен негізгі борыштың сомасы, мерзімі өткен сыйақының сомасы және мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.
  2. Қарыз алушы/ лизинг алушы – Қоғам алдында 2016 жылғы 1 шілдеге мерзімі өткен міндеттемелері бар жеке тұлғалар үшін – мерзімі өткен негізгі борыш сомасы, мерзімі өткен сыйақы сомасы, мерзімі өткен негізгі борышқа есептелген сыйақы сомасы + жеке табыс салығы сомасының 100% өтеген жағдайда өсімпұл шығарып тасталады.

Акцияға қатысу үшін облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Семей қалаларында орналасқан филиалдарына шағымдану қажет.

Анықтамалық ақпарат - 8-8000-80-35-05 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша телефон шалу тегін).

 

 

 

ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАУЫМЫ ҚҰРМЕТТЕЛДІ

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында мерекелік жиын болып өтті. Шараға сала ардагерлері мен облыстық және аудандық басылымдардың журналистері қатысты.

Жиынды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен қаламгерлер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, сарқылмас шабыт пен шығармашылық табыс тіледі.

– Журналистер – билік пен халық арасындағы дәнекер. Тілшілер – қашанда елді ынтымақ пен бірлікке шақыратын, мемлекеттік саясатты насихаттап жарасымды тірліктің ұйытқысы болатын жандар. Осы жолда аянбай еңбек етіп, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Еліміздің гүлденуі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде. Сондай-ақ, сала ардагерлері мен бірқатар журналистерге аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесі т!рағасының орынбасары, Қазақ тілі қоғамының аудандағы т!рағасы Ө.Исмаил, облыстық «Сыр бойы» газетінің Шиелі, Жаңақорған аудандары бойынша меншікті тілшісі Н.Елтай, аудандық «Өскен өңір» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Н.Пірімбет, осы газеттің жауапты хатшысы А.Айып сөз сөйлеп, әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, қазіргі журналистиканың алдында тұрған бірқатар мәселелер қозғалды. Өсіресе, Елбасы жүргізіп отырған саясаттың орындалуын ақпараттандыру барысы негізге алынды. Бұл ретте келелі мәселелерге қалам тартып, халықтың үнін билікке жеткізуде де журналистердің үлкен рөл атқаратындығы айтылды. Аға буын өкілдерінің осындай ақыл-кеңестерін тыңдаған журналистер шабыттарына шабыт қосып тарасты.

 

 

 

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – АРДЫҢ ІСІ

Бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жайлы көп айтылып, көп жазылып жүр. БАҚ құралдарында сыбайлас жемқорлық дерт ретінде айтылып, оған жол бермеу жайы кеңінен қозғалуда.Жемқорлыққа жол берілген жағдайда, қандай деңгейдегі басшы екеніне қарамастан, мейлі, әкім болсын, мейлі министр болсын бәрібір қызметі мен шеніне, атағы мен лауазымына қарамастан қылмысын әшкерелеп, тұтқындап жатқандықтарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көріп, біліп отырмыз. Тіпті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң да күшейтілді. Бұл заң бойынша пара беруші де, алушы да кінәлі болып саналады. Ал, мемлекеттік қызметкерлерге талап мүлде күшейді деуге болады. Себебі, сыбайлас жемқорлық фактілері жайлы мәліметті білген жағдайда бірден тиісті органдарға хабарлауға міндетті болды. Бұл бір жағынан мемлекеттік қызметшінің мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілігін арттырады.

Мемлекетіміз зайырлы демократиялық бағытты ұстанып, дамушы мемлекеттер санатында келе жатыр. Тіпті, саясатын әлем мойындаған, экономикасы тұрақты дамып келе жатқан орта Азиядағы көш басындағы ел десек артық айтқандық болмас. Алайда, сыбайлас жемқорлық әрекеті дендеп бой бермей кетсе, мемлекеттің дамуы тежелетіні белгілі. Сол себепті, сыбайлас жемқорлық мәселесін күн тәртібінен түсіруге болмайды. Ал, оған жол бермеу – бәрінен бұрын, ардың ісі екенін ұмытпағанымыз жөн.

 

 

 

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ КҮМІСПЕН КЕЛДІ

Қызылорда қаласында Қазақстан Респуб-ликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай спорт ардагерлерінің ІV облыстық спарта-киадасы өтт

Спорттың 13 түрі бойынша өткен жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 9 команда, мыңнан аса спортшы қатысты. Стритбол, волейбол, шағын футбол, қол күрес, гір көтеру, қазақ күресі, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, президенттік көпсайыс, жүзу, жеңіл атлетика бойынша спортшылар өз бақтарын сынады. Екі күнге созылған жарыстың қорытындысына келетін болсақ командалық есепте 202 ұпаймен Қызылорда қаласының командасы – бірінші, 143 ұпаймен Шиелі ауданы – екінші, 127 ұпаймен Жаңақорған ауданы – жүлделі үшін ші орындарды иеленді. Ендігі жерде шілде айының 20-23 аралығында Өскемен қаласында спорт ардагерлері арасында өтетін республикалық спартакиадада Қызылорда  облысының  құрама командасында Шиелі ауданынан біршама спортшылары Сыр өңірінің намысын қорғайтын болады.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметші  күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында кәсіби мемлекеттік аппарат құрып, мемлекеттік қызметшілерді жан-жақты қолдау туралы атап көрсетілген болатын. Бұл, Елбасының ынтымақ пен татулықты - ту етіп, Қазақстан халқының ішкі бірлігі мен тиянақты тірлігінің баянды болуына мемлекеттік қызметшілердің ел үшін аянбай қызмет етуі үшін қабылданған шешімі. Қай мемлекетті алсаңыз да, оның өсіп өркендеуіне үлесін қосып, маңдай терін төгіп жүрген мемлекеттік қызметтегі азаматтар. Осы бағытта ауданымыздың өсіп өркендеуіне сүбелі үлес қосып, тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігне байланысты екені де даусыз.

Құрметті әріптестер!

Мемлекеттік қызметшілер жан-жақты, елдің мүддесін бірінші орынға қойып, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы керек. Себебі, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Осынау айтулы мереке аясында, сіздер аудан экономикасын, әлеуетін, тұрмысын, мәдениетін көтеруде, қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыруда халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін жұмсаған күш-жігерлеріңіз, парасаттарыңыз бен еселі еңбектеріңізге аудан жұртшылығы атынан алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еселі еңбектеріңіз әрқашан халықтан қолдау тауып, абыройға бөлене берулеріңізге тілектеспін!

 

 Құрметпен, аудан әкімі Қ.СӘРСЕНБАЕВ.

ҚҰРМЕТТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕН АРДАГЕРЛЕРІ!

Сіздерді бүгінгі кәсіби төл мерекелеріңіз – полиция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел тыныштығын сақтау жолында қиындықтан қатерден қаймықпайтын қоғамдық тәртіптің қырағы сақшылары - полицейлердің еңбегі әрдайым құрмет пен алғысқа лайық. Қазақстан полициясы күні – осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамында «Жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру» туралы атап көрсеткен болатын. Бұл халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына қоғамдық тәртіпті қорғап, тұрмыстық қылмыстармен күресуі үшін үлкен жауапкершілікті жүктейді. өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда екені белгілі.

Полиция қызметкерлері – қоғамдағы бірден бір тыныштық сақшылары. Сондықтан да, оларға артылатын жауапкершілік жүгі жоғары. Тәуелсіздік туын желбіреткен мемлекет үшін ең басты байлық – ел тыныштығы. Онсыз қоғамның бірқалыпты дамуы, экономиканың, мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.

Қажырлы іс қай уақытта да өзінің биік бағамын алары сөзсіз. Ал, ең қымбаты ол – халықтың сенімі, халықтыңалғысы.

Қазақстан полициясы күні қарсаңында қызметтеріңізге тыныштық пен игілік, отбастарыңызға бақыт пен береке, қоғамға бейбіт өмір тілеймін!

Құрметпен, аудан әкімі Қ.СӘРСЕНБАЕВ.

 

 

 

 

БИІКТЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҒЫП САМҒАҢДАР

Тағы бір оқу жылы аяқталып, биік армандарға қол созған мектеп бітіруші түлектер үлкен өмірге қадам басуда. Жалпы, биылғы оқу жылында аудан бойынша 812 оқушы мектеп бітірсе, оның 536-ы ҰБТ-да өз бақтарын сынады. Олардың арасында түрлі деңгейдегі байқаулар және олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мектеп бітірушілердің құрметіне орай салтанатты шара өткізілді.

Аудан орталығындағы «Салтанат сарайында» ұйымдастырылған жиынға мұғалімдер мен ата-аналар және оқушылар қатысты. Жаңа өмірге қанат қаққалы тұрған, мектеп қабырғасына тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан, жүздері бал-бұл жайнаған балғын жастарды аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев құттықтап, сәт сапар тіледі.

– Мектеп бітіру кеші – бұл сіздердің білім ошақтарын тәмамдап, үлкен өмірге қадам басуларыңыз. Қазіргі заманда әр жетістік біліммен ғана келеді. Алдағы асуларда да табыс, сәттілік тілеймін. Армандарыңыз орындала берсін. Ақ жол сіздерге, жас достар, – деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағында биіктен көрінгендер қуанышына, білім саласының ардагерлері мен ата-аналар да ортақтасты. Биыл 19 оқушы «Алтын белгі», 21 оқушы ерекше үлгідегі «Үздік аттестат» иегері атанды. Тест нәтижесі бойынша аудандық орта балл 81,36 пайызды көрсетті.

Жүздерінен бір қуаныш, бір үміт байқалған жастардың бақытты балалық шағы, мектеп қабырғасындағы қызықты сәттері, ұстаздарының ұлағаттары сөздері артта қалды. Жас түлек қызығы мен қуанышы қатар жүретін өмір атты өзеннің ағынына ілесті. Сәт-сапар, жас түлек!

 

 

 

ОРАЛДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Болашақ ұрпағымыз санымен ғана емес, сапасымен де алда болуы керек. Дені сау, келешекке деген көзқарасы түзу азаматтармен ел болашағының жарқын болары анық. Осы орайда, елімізде жасөспірімдердің шынығып шымыр болуына барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, жер-жерлерде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жеткіншектерді жастайынан спортқа баулу баса назарға алынған.

Жуырда Орал қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан республикалық турнир болып өтті. Ауданымыздың атынан бұл жарысқа Смаил Сүндетхан жаттықтыратын бір топ спортшылар қатысып қайтты. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі таеквондошылар арасында болған жарыстан жерлестеріміз оза шауып жүлделі орындармен оралды. Атап айтсақ, 20 келі салмақта Сағынай Кенжебаева 1-орын, 28 келі салмақта Таңсұлу Шералы 3-орын, 30 келі сал мақта Изнаур Хазуев 3-орынды жеңіп алды. Жеңіспен оралған спортшылар аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаевтың қабылдауында болып, аудан басшысының құттықтауын алды. Өз кезегінде Қ.Әубәкірұлы жас жеңімпаздарға спортпен қатар сабақтарын да жақсы оқуды айтып, алдағы уақытта әлем, олимпиада чемпиондары болуларына тілектестігін білдірді. Ауданымыздың абыройын асқақтатып қайтқан бүлдіршіндеріміздің болашақта жеңісті сәттері көп болып, сәттілік өздеріне серік болсын деген ниеттеміз.

 

 

 

БАЛЫҚ ӨСІРЕТІН ЦЕХ АШЫЛДЫ

Бейсенбі күні аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекниязов, БҰҰ даму бағдарламасы биоәртүрлілікті сақтау бағдарламасының жоба менеджері Талғат Кертешов “Сүйіндік” шаруа қожалығында болып, инкубациялық цехтың ашылуына қатысып, көк желегін қиды.

Шиелі ауданы облысымыздағы өндірісі мен ауыл шаруашылығы қатар дамыған, кәсіпкерлік кеңінен қанат жайған өлкелердің бірі. Сырдың негізгі брендіне айналған ақ күріштің өзі 10 мың гектардан аса алқапқа егілді. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында көптеген жұмыстар жасалуда. Тіпті, түрлі деңгейде жұмыс атқару үшін инновациялық бағыттағы жобалар қолға алынуда. Соның бірі ретінде «Сүйіндік» шаруа қожалығындағы жұмыстарды атап өтуге болады.Цехтың ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев кәсіпкерлікті дамыту мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

- Бүгінде Елбасының бастамасымен елімізде қолға алынған кәсіпкерлік бағыттағы түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдаулардың арқасында ел экономикасы қарыштап дамып, халықтың әл-ауқаты нығая түсуде. Орта және шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басымдықты мәселе болып табылады. Мемлекет тарапынан қолға алынған жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып табылады, – деді аудан басшысы өз сөзінде.

Жалпы, ауданымызда балық шаруашылығын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауданда тауарлы балық өндіруге қолайлы 1586 гектар аумақты құрайтын 27 көл бар. Осы көлдерді пайдаланудан өткен жылы аудандық бюджетке 1 млн. 540 мың теңге көлемінде салық түскен. Бұл да болса осы саладағы жұмыстың жетістігі. «Сүйіндік» шаруа қожалығында ашылған инкубациялық балық өсіру цехының жобалық құны 12 млн. теңгені құрайды. Мамандардың пікірінше аталмыш цехта карп, ақ амур секілді балық түрлерінің уылдырықтарынан 10 млн-ға дейін балық өсіруге болады екен.Негізі, «Сүйіндік» шаруа қожалығы конкурс арқылы «Қарақұм», «Домалақ», «Қалғандария-3» секілді көлдерді алып, жұмыс жасауда. Тіпті, тұрғын үй жанынан шабақтарды өсіретін 0.75 гектарды құрайтын жасанды тоған соғылған. Осы кезге дейін грант арқылы қайтарымсыз берілген 3 млн. теңгеге тірі балық шабақтарын тасымалдайтын бір автокөлік, контейнер, кислород, инкубациялық аппарат сынды керекті құрал-жабдықтар алынған. Осының өзінен-ақ ауданымызда балық шаруашылығын дөңгелетіп отырғандығын аңғару қиын емес.Үстіміздегі жылы индустриалды-инновациялық жоба арқылы балық шабақтарын өсіретін питомник цехы соғылып, оған қосымша 20 гектар табиғи тоған салынды. Aріптестік аясында балық өсіру шаруашылығын дамыту мақсатында облыс әкімдігі, Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі, халықаралық Аралды құтқару қоры, Қазақ ғылыми зерттеу институты мен «Сүйіндік» шаруа қожалығының арасында келісімдер жасалған. Шаруа қожалыққа күннен қуат алып, электр энергиясын өндіретін батареялар орнатылған. Көлдерде үйректер мен қаздар жүзіп жүр. Бұл көріністің өзі қараған жанды тәнті етеді.Осындай жұмыстарды жасап жатқан С.Аманжоловқа цехтың ашылуына келген  жұртшылық табыс тілеп тарасты.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтің маңызды басымдықтары түсіндірілді

Кеше ауданымыздағы Жаңатұрмыс, Жақаев елді мекендерінде және аудан әкімдігі мен “Нұр Отан” партиясы аудандық филиал ғимаратының мәжіліс залында тұрғындарға мемлекеттік қызмет туралы мәлімет беру мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің облыс бойынша департаменті басшысы, деп жніндегі кеңестің трағасы Ж.Жылқышиева, аталмыш департаменттің мамандары, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес білім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Жиындарды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов ашып, жүргізіп отырды. 

Кездесулер барысында департамент басшысы Ж.Жылқышиева үстіміздегі жылдың мамыр айында облыстық «Жастар ресурстық орталығында» кездесу өткізіліп, жастар кадрлық резервін жасақтау мақсатында екі жақты меморандумға қол қойылғандығын, осыған сәйкес мекемелерге жұмысқа жолданған жастар тәжірибе алмасып, өзін крсете білсе, сол жерде тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар екендігін айтып тті. Сонымен бірге, қазіргі таңда облысымызда мемлекеттік қызмет бойынша 200-ге тарта бос жұмыс орындары болса, соның 15-і Шиелі ауданында екенін негізге алынды. Кездесуде Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы ктерілген келелі мәселелер мен мемлекеттік қызмет саласындағы соңғы жаңалықтарға тоқталды. Сондай-ақ, аталмыш департаменттің Ә.Жөлекешов, Қ.Абдраманов секілді бас мамандары және Шиелі аудандық кәсіпкерлер палатасының басшысы Р.Нысанханов хабарлама жасап, күн тәртібіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Жалпы, бес бағыттан тұратын 100 қадаммен нақтыланған реформа – жаһандық әрі ішкі сын-қатерлерге жауап беретін, мемлекетімізді дамыған отыз елдің қатарына қосуға бағытталған бағдарлама. Бұл бағдарламаның алғашқы бағыты «Кәсiби мемлекеттiк аппарат құру» деп аталады. Реформаға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке төменгi лауазымдардан бастап тағайындалады. Мемлекеттiк қызметке бiрiншi рет қабылданушылар үшiн мiндеттi түрде үш немесе алты айлық сынақ мерзiмi белгіленіп отыр. Сол арқылы қызметке сәйкестiгi анықталады. Ал, мемлекеттік қызметке орналасу үшін белгілі бір заңнамаларды қамтитын тест тапсыру қажет. Жиын барысында мемлекеттік қызметке байланысты осы секілді пікірлер айтылып, елімізді ркендету үшін сыбайлас  жемқорлыққа жол бермеу қажеттігі тілге тиек етілді. Жемқорлық мәселесіне келгенде мамандар бірінші кезекте ар мен ұятымыздың жоғары тұру қажеттігін негізге алды. Мұндай қылмыспен құрықталған адамның мір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс жасай алмайтыны баса айтылды. Тіпті, өзі тұрмақ ұрпағына да зияны тиетіні ескертілді. Сонымен қатар, тұрғындарға кеңінен мәлімет беру мақсатында кәсіпкерлікке қолайлы мемлекеттік бағдарламаларға түсінік берілді. әсіресе, «Бизнестің жол картасы – 2020», «Сыбаға», «Агробизнес» секілді бағдарламалар кеңінен тарқатылып, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жұмыстар сараланды.

Өңірімізге сапары барысында Жазира Жақсылыққызы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізді. 

Ашық есік күніне келген тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша түрлі сауалдар қойып, көңілге қонымды жауаптарын алды. 

 

 

ЕЛ БОЛЫП ЕЛ БОЛЫП ҰРЛЫҚТЫҢ ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛАЙЫҚ

Дана халқымыз ұрлықтың қаншалықты жа-ман іс екені, оның артының жақсы болмай-тынын қаншама адамға зиянын  игізетінін әлдеқашан білген. Кісінің затын ұрлау арқылы өз абыройыңды ғана жоғалтып қоймай, дүйім жұртыңа сондай-ақ, артыңдағы әулетің мен тәрбиелеп отырған ұрпағыңа өшпес күйе жағасың. «Ұрлық түбі қорлық» деген бабала-рымыз ұрының екі дүниеде де қор болатынын осындай бір ауыз сөзбен жеткізсе керек.

Осыған байланысты кентіміздегі мекемелер үйінде, ауыл шаруашылығы жануарларын ұрлауға қарсы іс-қимыл жол картасын жүзеге асыру ая-сында семинар болып өтті. Жиынға аудан әкімінің  орынбасары Тұрмат Жағыпбаров, аудандық прокуратура, АІІБ, жергілікті полиция қызметі, ветеринария мамандары және кент, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтары төрағалары қатысты. Семинарды аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров ашып беріп, ауданымызда мал ұрлығы қазіргі таңдағы өршіп тұрған өзекті мәселе екендігін атап айтты. Әрі қарай облыстық ветеринариялық бақылау басқармасының басшысы Ерсұлтан Алпетов жалғастырды.

Ерсұлтан Амантайұлы семинарға қатысушыларды Рамазан айымен құттықтап, одан әрі семинардың бас тақырыбына ауысты. Ол еліміздегі мал ұрлау фактілерінің көбейіп кеткенін айтып, оған қарсы тек құзырлы органдар ғана емес жалпы ел болып ұйымдасып тоқтату салуға шақырды. Аудандық ІІБ, жергілікті полиция қызметкерлері, ветеринария мамандары рейдке шығып әр малдың құжаты болу керектігін жіті бақылап, егер малдың қандайда бір құжаты дұрыс болмаса мал иесіне мемлекеттік айыппұл салуды тапсырды. Ұрының сырттан келмейтіні анық. Сондықтан, ауыл әкімдері ақсақалдарымен бірлесіп ұрыларға белгілі-бір шара жасау керектігін сөз етті.

Жиында, мемлекет тарапынан ветеринария мамандарына бар жағдай жасалғанын және малға қатысты ветеринариялық қызметтің барлығы тегін екені айтылды. Тек алдағы уақытта әр малға жеке чип орнатылатынын және оның мал иесінің өз есебінен орнатылу керектігін жеткізіп, халыққа дұрыс түсіндіруді міндеттелді. Бүгін де Сырдария мен Қазалы аудандары малдарын толық чиптандырып үлгергенін айтты. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі мал бағуды жүйелендіру керектігі с!з болды. Өйткені, падаға қосылған малдың тұрғындар үшін қауіпсіз әрі сенімді болары анық. Сондай-ақ, ветеринария мамандарына да тиімді екенін, егер малға екпе жасалатын болса топталған жерінен барлығына бірдей ем жасауға ыңғайлы болатынын айтты. Осы тұрғыда малдарын падаға қосып отырған Ш.Қодаманов пен Н.Бекежанов ауылдарының тұрғындары басқаларға үлгі болып отыр деді басқарма басшысы. Семинар соңында аудан әкімінің орынбасары Тұрмат Жағыпбаров елдегі ветеринариялық саланың атқарып жатқан қызметін айтып, ұрлықтың алдын алуға байланысты ұсыныстарымен бөлісті.

 

 

 

Хабарландыру !

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Жылқышиева Жазира Жақсылыққызы 2016 жылдың 14 маусымында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалының ғимаратында (орналасқан мекен-жайы:Шиелі кенті, Рысқұлов №6а) азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізеді. 

14-24 маусым аралығында аудан орталықтары мен ауылдық округтерде

өткізілетін «Ашық есік күнін» өткізу кестесі

 

Өтетін орны

              Уақыты, шара атауы

Күні

Кездесетін лауазымды тұлға

 

 

 

 

 

Шиелі ауданы

 Жаңатұрмыс ауылы

 

 

 сағат:10.00 –

11.00

Ауыл тұрғындарымен кездесу

14.06.2016 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ж.Жылқышиева

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Ы.Жахаев ауылы

 

 

сағат:12.00 –

13.00

 

Ауыл тұрғындарымен кездесу

 

Шиелі кенті әкімдігі

 

 

сағат:14.30 –

15.30

 

Кент тұрғындарымен кездесу

 Шиелі кенті,

«Нұр Отан» партиясының  ғимараты

 

сағат:16.00 – 18.00

 

 

 

Жеке қабылдау

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңақорған ауданы

Төменарық ауылы

 

сағат: 10.00–

11.00

 

Ауыл тұрғындарымен кездесу

 

 

 

 

 

16.06.2016 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б.Байхожаев

Департамент басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі

 

 

 

Жайылма ауылы

 

 сағат:12.00 –

13.00

 

Ауыл тұрғындарымен кездесу

 

Жаңақорған кенті әкімдігі

 

сағат:14.30 –

15.30

 

Кент тұрғындарымен кездесу

 Жаңақорған кенті,

«Нұр Отан» партиясының  ғимараты

 

сағат: 16.00 -

18.00

 Жеке қабылдау

 

Ж.Жылқышиева

Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

 

 

 

 

 

ЕЛ АУМАҒЫНДА ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІПТІҢ «САРЫ» ТҮСІ ЕНГІЗІЛДІ

Үстіміздегі жылдың 5-6  маусым күндері Ақтөбе облысының аумағында террористерді жою жөнінде антитеррорлық операциялар жүргізілуде

Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, республикалық терроризмге қарсы күрес оперативтік штабының жетекшісі – ҚР ҰҚК трағасы, генерал-лейтенант В.Жұмақанов ҚР Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы бекітілген №611 Жарлығы бойынша халыққа террорлық актілердің қаупін ескерту және ақпараттандыру ережесінің 4-тармағына сәйкес, Алматы, Ақмола, Ақтбе, Аты-рау, ШҚО, БҚО, СҚО, ОҚО, Қарағанды, Қызылорда, Қоста-най, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы мен Астана қалаларында 40 тәулікке дейін террорлық қауіптің «сары» түсі жарияланды.

Осыған байланысты халықты жүргізіліп жатқан мемлекеттік органдардың жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады. 

Иесіз қалған заттарға (смке, қораптар, орамалар, қаптар, чемодандар және т.б.) назар аударуға, әсіресе, сым жалғанған техникалық құрылғыларға көңіл бөліп, көлікте, қоғамдық орындарда күдікті адамдарға назар аудару керектігіне кеңес беріледі.

Күдікті заттарға жақындамай, бейтаныс адамдардан сәлем-сауқат алып, оны сақтауға болмайды. 

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің іс-қимылдарына, құжат тексерулеріне түсіністікпен қарап, мейілінше көмек крсетілуі керек.

Әбігерлікке жол бермей, тек ресми мемлекеттік органдардың мәліметтерін басшылыққа алу қажет

Елбасы «Тұлпар-Тальго» ЖШС-ның жолаушылар вагонын шығаратын зауытында болды

Нұрсұлтан Назарбаев зауыттың индустриялық паркі жұмысымен танысты, сондай-ақ жолаушылар вагонының бірін көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президентіне теміржол машиналарын жасау саласының өсім қарқыны мен жүрдек қозғалысты дамыту бағдарламасы туралы баяндалды. БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Мемлекет басшысы елдің көлік жүйесінің тиімділігін арттыру үшін өндірісті одан әрі ұлғайту қажеттігін айтты. «Бүгін Астанада индустриялық даму бағдарламасын жүзеге асыру кезінде салынған бірқатар нысанда болдым. Құрылысы жөнінде Испания Королі Хуан Карлоспен көп жыл бұрын мен келіскен Тальго вагондарын шығару зауытының өнімдері елімізде кеңінен пайдаланыла бастады.  Біз теміржол саласы үшін электровоздар мен тепловоздар ғана емес, заманауи жүк және жолаушылар вагондарын да жасаймыз. Қазір олар түрлі бағыттарда жолаушы таситын жүрдек пойыздарда пайдаланылады. Жалпы Астананың индустриялық паркі қарқынды дамып келеді. Біз осы технологиялық паркке инвестиция тартып, жобаларды табысты жүзеге асыру үшін жағдай жасап жатырмыз. Соның арқасында қала экономикасы дамып, жыл сайын бюджет түсімдері ұлғайып келеді», -деді Нұрсұлтан Назарбаев. *** Кәсіпорынның өндірістік орынжайларының жалпы аумағы– 31 мың шаршы метр, өндірістік қуаты – жылына 150 вагон. Еуропалық сапа стандарттарына сай озық технологиялар мен материалдарды қолдану пойыздың сағатына 200 шақырымға дейінгі жылдамдықпен жүруін  қамтамасыз етеді. Вагондардың пайдаланылу мерзімі – 40 жыл. 2012-2015 жылдар аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ үшін 436 вагон жасалып, жеткізілді. 2015 жылы шанағының ені кеңейтілген вагондар өндірісі қолға алынды. 2020 жылға дейін осындай сериялы 603 вагон шығару жоспарланған.


24.kz

 

Мемлекет басшысы «GLB» үй құрылысы комбинатында болды

Елбасы нысанды аралау барысында комбинаттың арматура және қалыптау цехтарының жұмысымен танысты, сондай-ақ көрме павильонын қарап шықты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру барысында кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен пайдалану қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті 1200-ге жуық адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отырған комбинаттың әлеуметтік маңызын атап өтті. *** Өндірістік 8 цехтан тұратын «GLB» үй құрылысы комбинаты ірі панельді және каркас-жинақтау құрылысы үшін темір-бетон бұйымдарының барлық түрін шығарады. Жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында іске асырылды. Жалпы аумағы 15 гектарды қамтитын кәсіпорын Германия мен Австрияда шығарылған заманауи жоғары технологиялық құрылғылармен жабдықталған. Комбинаттың жетілдірілген технологиялық үдерісі жылына құрылыс нысандарының 250 мың шаршы метрге дейінгі аумақ өнімділігін қамтамасыз етеді. Өнімді іске асыру көлемі жөнінен жылына 130000 куб метр темір-бетон бұйымдары өндіріледі.


24.kz

 

Елбасы «Астана» көлік-логистика орталығына барды

Мемлекет басшысы орталық жұмысымен танысып, жеңілдетілген кедендік ресімдеу аймағын қарап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті кәсіпорынның еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, елдің индустриялық дамуында көлік-логистика қызметтері нарығы маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Сыртқы экономикалық қызмет өкілдері бұрын құжаттарын үш тәулікте ресімдейтін, ал мұнда ол жеңілдетілген, 1 сағаттан 3 сағатқа дейін ғана уақыт алады. Біз Астанада тауар өңдеу жөнінен Орталық Азия ғана емес, Кавказ бен Сібірді қоса алғанда ең ірі логистикалық хаб салдық. Ол қазірдің өзінде 70 пайыз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Бұл – біздің индустриялық бағдарламамыз бен инфрақұрылымдық дамуымыздағы ауқымды іс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына осы саланы дамытуға ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді. *** Жалпы аумағы 46 гектар болатын жаңа «Астана» көлік-логистика орталығы терминалдық өңдеу инфрақұрылымы бар Қазақстандағы «А» санатындағы ірі орталық болып саналады. Кәсіпорын халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатымен құрылды. Орталықтың қойма кешендері қойма шаруашылығын жүргізудің заманауи талаптарына сай келеді және тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілетін күніне 1000 паллетке дейінгі арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылғылармен жабдықталған. Жобаны іске асыру аясында Астана мен Шымкентте логистикалық орталықтар желісін құрудан басқа, Қорғас, Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында көлік-логистика кешендерін салу және іске қосу көзделген.

24.kz

 

KASE-тің таңғы сессиясы: 1 доллар - 338,51 теңге

Назарларыңызға бүгінгі күннің валюта теңгерімін ұсынамыз. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 338 теңге 51 тиын.


24.kz

Ыстамбұлдағы терактіден кейін полиция күдікті ұйымның шифрланған құжаттарын тәркіледі

Түркияның арнайы қызметі Ыстамбұл әуежайындағы лаңкестік әрекетке байланысты екі үйді тінтті. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тәртіп сақшылары күдікті ұйымның шифрланған құжаттарын тәркілеген. Ал үй иелерінің есімдері мен ұйымның атауы әзірге жарияланған жоқ. Осыған дейін үкімет лаңкестік шабуылды «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» ұйымдастыруы мүмкін деп топшылаған еді. Еске сала кетейік, сейсенбі күні Ататүрік атындағы әуежайдың халықаралық терминалында 3 жарылыс болды. 41 адам қаза тауып, 239-ы жарақат алды. Құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін. Өйткені 40-тан аса адамның хәлі өте ауыр.


24.kz

 

ҰҚК: Қарағанды облысында террорист өз-өзін жарып жіберген

Балқаш қаласы мен Гүлшат елді мекенінде өткен жексенбі күні теракті жасамақ болған бір топ содырдың жолы кесілді. Олар қолдан жасалған жарылғыш заттармен сойқан салуды көздеген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Гүлшаттағы террорист өз-өзін жарып, сол жерде көз жұмды. Одан өзге зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Лаңкестік топтың басқа да мүшелері құрықталды. Олардан жарылғыш зат жасауға арналған құрылғылар, қару мен өзге дәйекті заттар тәркіленді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.


24.kz

 

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында жүр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.


24.kz

 

Елбасы Түркия Президенті Р.Т.Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға 28 маусымда Ыстамбұл әуежайында болған лаңкестік әрекетке қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жеделхатта Ыстамбұл қаласы әуежайындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен. Нұрсұлтан Назарбаев күллі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында террорлық акт жасалғаны ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты. «Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Ыстамбұлдағы жантүршігерлік оқиға қандыбалақ радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.


24.kz

Жарылыстар кезінде Ыстамбұл әуежайында 26 қазақстандық болған

Жарылыстар кезінде Ыстамбұл әуежайында 26 қазақстандық болған. Олар Болгарияға ұшуы тиіс еді. Оқиға орнына жедел жеткен Түркиядағы елшілік өкілдері барлық отандастарымыздың қауіпсіз жерге көшірілгенін айтады. Енді олар жақын уақытта жолға шығуы тиіс. Сонымен қатар дипломаттар барлық ауруханаларға арнайы барып, жарақат алғандар арасында Қазақстан азаматтарының бар-жоғын анықтап жатыр.

24.kz

 

К.Мәсімов Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Түркия халқына көңіл айтты

ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Бинали Йылдырым және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты. Бұл туралы Үкімет басшысы өзінің Твиттер-парақшасында хабарлады. «Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетке байланысты Бинали Йылдырым және қаза тапқандардың отбасыларына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын», - делінген хабарламада.


24.kz

 

 

Елбасы ресми сапармен Сербияға барады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл іссапармен Сербияға барады. Бүгін бұл туралы Қазақстанның Венгрия, Сербия және Македониядағы елшісі Нұрбах Рүстемов мәлімдеді. Бұдан бөлек, осы елдің Премьер-министрі Александр Вучич Астанаға келеді деп күтілуде. Мұның бәрі екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ерекше серпіліс береді, - дейді дипломат. Айту кеткен жөн, Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық байланыс 1996 жылы орнаған. Арадағы барыс-келіс пен алыс-берістің көлемі былтыр 56 млн АҚШ доллары шамасында болды. Нұрбах Рүстемов, ҚР Венгрия, Сербия және Македониядағы Төтенше және Өкілетті елшісі: - Екі ел арасында өзара сенімді қарым-қатынас орнады. Сауда-экономикалық байланысты айтатын болсақ, біз баж салығынсыз сауда-саттықпен айналысып келеміз. Елбасының Сербияға сапары қарсаңында үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу көзделіп отыр. Онда біз іскерлік кеңесті бекітеміз.


24.kz

 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің құрылысы биыл толығымен аяқталады

Бүгін халық алдында есеп берген Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек осындай жағымды жаңалықпен бөлісті. Бүгінгі таңда 200 мың шақырым тас жол төселді. Шымкенттен Ресейге дейінгі, нақтыласақ Орынбор қаласына шығатын аумақ Тараз-Алматы бағыты пайдалануға берілді. Ал Алматы-Қорғас, Шымкент-Ташкент бойынша жол құрылысы әлі жүріп жатыр. Жолдардың жағдайына тоқталған министр ел аумағындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының шамамен 84%-ы жақсы не қанағаттанарлық жағдайда деп сендіреді. 2010 жылдан бері 5 мың шақырым жол жөнделген. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске асуы тиіс инфрақұрылымдық жобалар да басты назарда. Бұл мақсатқа биыл 330 млрд теңге бөлінбек. Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: - Ағымдағы жылы жөнделетін және салынатын жолдардың жалпы ұзындығы 1700 шақырым. Бір жыл ішінде құрылыс жұмыстарына 75 мың адам жұмылдырылады. Бұл тек «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде ғана. Ал жалпы жол құрылысы саласында 100 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2017-2019 жылдар аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары қарқынды жүруі тиіс. Бұл уақыт аралығында 200 мың адам еңбекпен қамтылуы қажет.


24.kz

Түркия президенті Ресеймен байланыс қалпына келетініне сенімді

Түрік елінің мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоғанның Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жолдаған хаты қос елдің ақпарат құралдарында қызу талқыға түсті. Онда Түркия президенті «ұшаққа қатысты оқиға кезінде қаза тапқан ұшқыштың отбасына қайғыра көңіл айтып, кешірім сұраймын» деген болатын. Кеше кешкісін Тайып Ердоған Бештепе сарайында берген ауызашарда екіжақты байланыстарды қайта қалыпқа келтірудің маңыздылығын тағы да тілге тиек етті. Оның айтуынша, Ресеймен арадағы «ұшақ» дағдарысынан туындаған жағымсыз әсерді жою бойынша Түркия тиісті қадамдар жасап келеді. Ал түрік елінің үкімет жетекшісі Бинали Йылдырым алдағы сәрсенбі не бейсенбі күндері екі елдің мемлекет басшылары телефон арқылы сөйлесетінін мәлім етті. Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті: - Ресеймен қарым-қатынасымызды жаңаша жандандыру мақсатында жіберілген хат екі елге бірдей жағымды әсер етеріне сенемін. Путин мырзаға жолдаған хатта орын алған оқиғаға қатысты өкінішімді білдірдім және өңірлік ынтымақтастық бойынша мол мүмкіндіктеріміздің бар екенін есіне салдым. Қос мемлекетке зиянын тигізген бұл оқиғаларды зердеге салып, арақатынасымызды тез арада қалыпқа келтіре алатынымызға сенемін.


24.kz

KASE қорытындысы: $1 = 339,12 теңге

Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында доллар бағамы 339,15 теңгені құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысында доллар 339,12 теңгеге теңесті.


24.kz

 

 

Заңды белшесінен басқан мемлекеттік мекемеге 636 300 теңге айыппұл салынды

Департамент Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қатысты тергеу амалдарын аяқтады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті хабарлайды. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша Департаментімен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-іне тергеу амалдары аяқталды. Тергеу қорытындысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің Алматы облысы бойынша Департамент басшысының қаулысымен «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ «Қаратал мелиорациялық механикаландырылған жасағы» МКҚК мен ҚР «Мемлекеттік мүлік» Заңында көрсетілмеген қызмет түрін жасауға ашық байқау жарияламай тікелей келісім-шартқа отырып, тауар нарығында бәсекелестікке шектеу қойғандықтан мемлекттік органдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттері үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар мекеме басшысына ҚР ӘҚБтК 163-бабы 1-бөліміне сәйкес, 636300 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


24.kz

Лионель Месси Аргентина құрамасынан кететінін мәлімдеді

Футболдан «Барселона» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Америка Кубогының финалында чилиліктерден екінші рет жеңілгеннен кейін бұдан былай ұлттық команда үшін ойынға шықпайтынын мәлімдеді. Бұл туралы 27 маусымда спорт тілшісі Сэм Келли өзінің Twitter парақшасында хабарлады. «Мен бұл шешімді өзім үшін және осыны қалайтын көптеген адамдар үшін қабылдадым. Мұндай қадамға бару оңайға соқпады, алайда мен оны өзгертпеймін», - деді Месси өз сөзінде. 26 маусым күні Чили құрамасы матчтан кейінгі пенальти сериясында аргентиналықтарды екінші рет жеңді. АҚШ-тың Нью-Джерси қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен финал матчының негізгі уақыты мен қосымша таймдары 0:0 есебімен аяқталды. Матчтан кейінгі пенальти чилиліктердің пайдасына 2:4 есебімен аяқталды. Месси мен Лукаса Бильидің әбестіктері аргентиналықтар үшін сәтсіз болды. Шешуші 11 метрлік голды Чили құрамасының футболшысы Франсиско Сильва соқты.


24.kz/

Қазақстан туының суреті WBC белдігінде пайда болады

Қазақстан туының суреті Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) версиясы бойынша әлем чемпионына берілетін белдікте пайда болады. Бұл туралы танымал бокс комментаторы Григорий Стангрит WBC президенті Маурисио Сулейманнан твиттерде сұраған кезде президенттің берген жауабынан белгілі болды. «Қазақтардың ұлттық туының суреті WBC белдігінде пайда бола ма?», - деп сұраған Стангрит. Бұл сауалға Сулейман: «Белдіктің жаңа дизайны бойынша бұл жалаудың суреті болады», - деп жауап берген. Естеріңізге сала кетсек, орташа салмақтағы WBC белдігінің қазіргі иегері - боксшы Геннадий Головкин. Осы жылдың мамыр айында GGG-мен жұдырық түйістіруден бас тартқан мексикалық Сауль «Канело» Альварестен бұл белдік Головкинге өткен болатын. Дереккөз: Маурисио Сулейманның твиттері


24.kz/

Қырғызстан аумағында бірқатар жер сілкінісі тіркелді

«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 27 маусым күні сағат 00:51-де жер сілкінісін тіркеді. Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 518 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3 болса, MPV магнитудасы - 4,4, ал тереңдігі 15 шақырым. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ. Сонымен қатар Алматы уақытымен сағат 02:00-де екінші жер сілкінісі тіркелді. Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 516 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,3 болса, MPV магнитудасы - 4,5 , ал тереңдігі 5 шақырым. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ. Сондай-ақ Алматы уақытымен сағат 03:16-да жерасты дүмпулері тіркелді. Тербеліс эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 508 шақырым жерде Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай шекарасы аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,6 болса, MPV магнитудасы - 4,9, ал тереңдігі 25 шақырым. Сезілгендігі туралы мәліметтер жоқ.


24.kz/

Елбасы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесіне қатысты. Үндістан мен Пәкістанның Шанхай ынтымақтастық ұйымға қосылуы оның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көрсетеді. Бұл туралы ұйымға мүше мемлекет басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Ұйым қатарына жаңа елдердің қосылуы Еуразия аумағының 65%-дан астамын, Жер шары халқының 45%-ын және әлемдік ішкі жалпы өнімнің 19%-дан астамын біріктіретіндігін айтты. Ал алдағы жылдары Иранның қабылдануы да біздің өзара іс-қимылымызды кеңейте түседі, - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Возможное принятие в будущем в ряды ШОС Ирана расширяет возможности нашего взаимодействия. С учетом вступления новых стран-членов ШОС объединит более 60 процентов территории Евразии, 45 процентов населения планеты, свыше 19 процентов мирового ВВП. Еще более года назад я выступил с инициативой создания Объединенного Евразийского экономического пространства. Ключевым элементом здесь является инфраструктурное объединение узловых центров Евразии путем возрождения исторических маршрутов Шелкового пути. Н. Назарбаев: Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құру қажет Сондай-ақ Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еуразиялық транзиттік-көлік хабын құру қажеттігін айтты. Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық одақ пен қытайлық тараптың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын байланыстыру ынтымақтастықтың ауқымды болуына жол ашпақ. Бүгінде Қазақстан экономикалық одақ пен «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын тамаша үйлестіретін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кеткендігін айтты Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Предлагаю сформировать Евразийский транзитно-транспортный хаб, который объединит государства-члены и страны-наблюдатели ШОС. Со своей стороны, Казахстан уже приступил к реализации программы инфраструктурного развития «Нұрлы Жол», которая гармонично дополняет «Экономический пояс Шелкового пути». Представляется своевременным активно задействовать потенциал созданного нами Международного финансового центра «Астана». Он призван стать региональным финансово-инвестиционным хабом с независимой юридической системой и льготным  налоговым режимом. Важно использовать возможности Азиатского банка инфраструктурных инвестиций для стимулирования макроэкономического развития региона. Углубление торгово-экономического и финансово-инвестиционного сотрудничества обеспечит необходимые условия для создания в перспективе зоны свободной торговли в рамках ШОС. ШЫҰ келесі саммиті 2017 жылы Астанада өтеді Келесі саммит 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Яғни алдағы жылы Қазақстан ұйымға төрағалық етеді. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарапы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз, - деді Елбасы.

/24.kz/

 

Елбасы ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді

Ташкентте өтіп жатқан ШЫҰ саммиті алаңдарында Нұрсұлтан Назарбаев Ташкентте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық, инвестициялық, отын-энергетика, транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық саладағы кең ауқымды мәселелер әңгімеге арқау болды. Екі ел көшбасшысы ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын қарастырды. Өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар жайт жөнінде пікір алмасты. Қытай Қазақстанның Астанада «Экспо-2017» көрмесін өткізу жөнінде бастаманы қолдайды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Хочу вам сказать, что все 25 лет нашей независимости, каждый день, каждый год мы укрепляли наше доверие, добрососедство с КНР. И мы всегда будем продолжать этот путь. Потому что это одно из главных направлений нашей политики. Мы соседи, и мы чувствуем огромную поддержку Китая все эти годы, за что я вам благодарен. Пользуясь случаем, хочу поздравить с наступающим 95-летием Компартии Китая, под руководством которой Китай достиг сегодняшних вершин и ставит перед собой задачи вывести Китай в первые ряды самых развитых, великих государств мира. Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы: - Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл. Бұл кезеңде мемлекет Сіздің жетекшілігіңізбен егемендікті нығайтып, шекарасын шегеледі. Әлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егеменді даму мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жетті. Біз Қазақстан халқына, тұрақтылық пен дамуға бағытталған талпынысына әрдайым қолдау көрсетеміз. Кездесуден соң екі мемлекет басшысы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары әуелі шағын құрамда кеңесті. Содан соң отырыс байқаушы мемлекеттердің қатысумен кеңейтілген құрамда өтеді. Бүгін бірнеше құжат қабылданады деп күтілуде. Ұйымның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы, Ташкент деклорациясы бекиді. Бұдан бөлек Үндістан мен Пәкістанды бірлестікке мүше ету бойынша осы екі мемлекеттің міндеттері жөніндегі меморандумға қол қойылмақ.


24.kz

 

Атырауда мұнай өнімдерін шетелге заңсыз сатқан топтың қылмысы әшкереленді

Атырау облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі мұнай өнімдерін заңсыз экспортқа шығарған қылмыстық топтың құйтырқы әрекетін әшкереледі. Мұнай өнімдерін өңдейтін шағын зауыттың басшыларымен өзге де жауапкершілігі шектеулі серіктестің басшылары өзара келісім арқылы жалған құжаттар жасап, контрабандалық жолмен шетелге мұнай өнімдерін сатқан. Ресми құжатта мұнай өнімдерінің қалдығы деп жазған олар сыртқы саудаға таза мұнайды заңсыз пұлдап отырған. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері екі жылдың ішінде астыртын айналым арқылы 3 мың тоннадан астам шикізатты экспорттап үлгерген. Зиян көлемі 256 млн 764 мың теңгеден асады. Қазір мұнай өңдеуші шағын зауыттың директоры қамауға алынып, ұйымдасқан қылмыстық топтың өзге мүшелеріне іздеу жарияланды. Сәкен Жаңбырбаев, салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы:  - Oм Trade Oil мұнай өңдеу зауытының директоры кәсіпкерлік жұмыс жүргізу барысында басқа мекемелерден шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай қабылдап, содан соң оны қайта өңделгені жайында жалған құжаттар жасап, оған тазартылған мұнай өнімдері атауын беріп, Литва, Латвия және Украина мемлекеттеріне сатқан. Қазіргі кезде қылмыстық іс Атырау қалалық сотында қаралуда. Басқа тұлғаларға қатысты іздеу жарияланды.


24.kz/

Еуроодақтан кетуді британдықтардың 60%-ы қолдады

Британ жерінен соңғы ақпарат. CNN арнасының хабарлауынша, Brexit үдерісін қолдап, Корольдік тұрғындарының 60%-ы дауыс беріпті. Бұл 382 дауыс беру учаскесінің жартысынан көбінен алынған мәліметтер нәтижесі болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Еуроодақтан шығуды қолдаушы британдықтардың саны артқанын хабарлаған едік.

24.kz

Тұңғыш Президент кітапханасында Ашық есік күндері өтеді

Шілденің 1-інен бастап Астанадағы Тұңғыш Президент кітапханасында Ашық есік күндері өтеді. 10 күндік шара аясында қазақстандық өнер қайраткерлері шеберлік сабақ ұйымдастырады. Ал Астана күніне орай арнайы бағдарлама әзірленіп, 5 деректі сурет көрмесі көпшілік назарына ұсынылмақ. Онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірбаяны мен елорданың қалыптасу тарихынан сыр шертіледі. Бейсембей Жұмабеков, ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының атқарушы директоры: - Келем деушілерге жақсы жағдай жасаймыз. Осы шараларға қатысқан азаматтарға біздің өзіміздің де сый-сияпатымыз бар. Оның ішінде заманауи көру көзілдірігі, үлкен имидждік заттарымызды тапсырамыз.

24.kz

Елбасының ресейлік телеарнаға берген сұхбаты «24 KZ» арнасының эфирінен көрсетіледі

Санкциялық текетірестерді сейілтіп, жаһанды жайлаған қауіп-қатердің алдын алу қажет. Біз халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселерді ушықтырмай, маңызы зор манифеске басымдық беруіміз қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының тілшісіне берген сұхбатында айтты. Елбасы ресейлік журналист Михаил Гусманмен әңгіме барысында халықаралық процестер, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатына қатысты кең ауқымды мәселелерге қатысты сауалдарға жауап берді. Көптің көкейінде жүрген сұрақтарды қамтыған салиқалы сұхбаттың толық нұсқасын бүгін біздің арнамыздан сағат 21:30-да көре аласыздар. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Сейчас, когда смотришь, между великими державами снизилось доверие, а между ядерными странами тоже снизилось доверие. А в мире сегодня 15 тысяч ядерных боеголовок. Из них 4 тысячи развернутыми стоят. Из этих 15 тысяч примерно 7 тысяч России, 7 тысяч - это Америка, 93% от двух стран. Развернуто это значит стоят готовые 4 тысячи. Когда доверие слабнет, идут цветные революций. Там государство развалено, очаг терроризма. Это распространяется. За прошлый год на вооружение потрачено было во всем мире 1 трлн 700 млрд долларов. По данным Стокгольмского института, погибли 167 тысяч человек. Войны нет, но она идет. И это все заставляет задуматься. В Манифесте «XXI век. Безъядерный мир» даны конкретные алгоритмы шагов, что надо делать, чтобы преодолеть это недоверие.

24.kz

Қазақстан мен Кореяның трансплантология саласындағы серіктестігі дамып келеді

Қазақстандықтарға ағза мүшелерін трансплантациялау үшін шетелге барып, қымбат операция жасатудың қажеті жоқ. Есесіне шетелге тәжірибе жинақтауға дәрігерлердің өздері шығатын болады. Оңтүстік Кореяның жетекші хирург-трансплантологы Кван Вун Лидің айтуынша, қазақстандық ауруханалар қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тек мамандарды оқытып, тәжірибе алмасуды жалғастыру керек. Сонда Қазақстандағы білікті мамандардан ем қабылдау үшін науқастар көрші елдерден өздері келетін болады. Сеул мемлекеттік ауруханасының операция бөлімшесінде бірнеше дәрігер ғана қызмет істейді. Бүгін оның іші шетелдік мамандарға толы. Оның арасында қазақстандық дәрігерлер де бар. Мұнда олар тағылымдамадан өтуде. Дәрігерлер білікті мамандардан ағза мүшелерін алмастыруды үйренеді. Біліктілікті арттыру өз кезегінде отандық дәрігерлердің науқастардың елімізде емделуіне мүмкіндік жасайды. Надияр Мусин, Астана қалалық №1 Қалалық аурухананың шұғыл көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі: - Кореяға келгеніме 1,5 жыл болды. Өзіміздің Қазақстанның тұңғыш Президентінің «Болашақ» бағдарламасына ие болып, осында келдім. Алға қойған мақсатым – осы Кореяда трансплантация бойынша докторлық диссертациямды қорғау, елімізге қайтып, Кореядан алған білімімді Қазақстанда дамыту. Соңғы үш жылда қазақстандық дәрігерлер 600-ге жуық бүйрек, жүрек және бауыр алмастыру сынды операцияларды жасаған. Дегенмен донорлыққа науқастардың туыстары ғана келіп жатады. Ал Оңтүстік Кореяда бауыр алмастыру операцияларының 20%-ы қан тобы сәйкес келмейтін адамдардың ағзалары арқылы жасалады. Сондықтан да трансплантологияның келесі даму сатысы қан тобы сәйкес келмейтін науқастардың ағзасын алмастыру болмақ. Мылтықбай Рысмаханов, Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың трансплантолог дәрігері: - Қазақстанда техникалық жағынан бауыр трансплантациясы бірнеше жылдан бері жасалып жатыр. Бірақ ерекшеліктері бар. Соны үйреніп, жаңа технологияларды осы шетелде мамандандырылған ауруханалардан, клиникалардан Қазақстан елінде науқастарға жоғары мамандырылған көмек беру үшін, трансфер жасау үшін осындамыз. Ли профессор – Оңтүстік Кореядағы үздік хирург-трансплантолог. Оның операция жасау әдістері шетелдерге кеңінен танымал. Профессор қазақстандық ауруханалармен тығыз қарым-қатынаста. Соңғы үш жылда ол елімізге келіп, 35 бауыр алмастыру операциясын жасаған. Кван Вун Ли енді Қазақстанда мамандандырылған гепатология орталығын ашуды жоспарлап отыр. Кван Вун Ли, Сеул Ұлттық университеті ауруханасының профессоры: - Бауыр ауруына байланысты жағдай арнайы орталықтың болғанын қажет етеді. Бірақ бұл мекемеге тек қазақстандық науқастар ғана емес, ТМД құрамындағы Өзбекстан, Қырғызстан сияқты жақын маңдағы елдердің тұрғындарының да орталыққа келіп, емделуіне мүмкіндік пайда болады деп ойлаймын. Бауыр және басқа да ағза мүшелерін алмастыру операциялары Қазақстанда тегін жасалады. Ал Оңтүстік Кореяда бұндай операциялар шетел азаматтары үшін ақылы жасалады. Оның құны 150 мың АҚШ доллар шамасында. Екі елдің дәрігерлері мамандандырылған орталық ашылса, медициналық туризмді дамытуға және мемлекеттің жыл сайын шетелдік қымбат операцияларға жұмсайтын қаражаттарын үнемдеуге септігін тигізеді дейді.

24.kz/

АҚШ-та теракт қаупіне байланысты 50 қабатты ғимараттан жұрт эвакуацияланды

Далластағы Thanksgiving Tower ғимаратында жарылыс болу қаупіне байланысты оның ішіндегі жұрт көшірілді. Полицейлер ғимаратты оқшаулап, айналасындағы көшелерді жауып тастады, деп хабарлайды 8 abc арнасы твиттерде. «Теракт болу қаупі төнді» дегенді естіген жұрт елуінші қабаттан баспалдақпен түсуге мәжбүр болды.    Полиция теракт жасалуы мүмкін екендігі туралы кімнің хабарлағанын айтпай отыр. 8 abc-ден аударған: Г.Абилова


24.kz

IWF Қазақстан құрамасын 2 лицензиядан айырды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасын бір жылға жарысқа қатысу құқығынан айыруы мүмкін.  Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан құрамасынан алдағы Рио Олимпиадасының екі квотасын қайтарып алды. Мұндай шешім ұйымның Тбилисиде өткен атқару кеңесінде қабылданған. Бұған көптен дау туғызған допинг сынамасының түпкі нәтижесі түрткі болып отыр. Қазақстан құрамасымен қатар Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Молдова командалары да екі жолдамадан айырылса, Беларусь, Румыния және Өзбекстан құрамаларынан бір лицензиядан қайтарып алынды. Еске сала кетейік, Риодағы жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 5-21 аралығында өтеді.


24.kz

 

Алматылық оқушылар су тасқыны мен селден қорғайтын құрылғы ойлап тапты

Алматылық оқушылар, алып шаһарды су тасқыны мен селден қорғауға бағытталған жаңа жүйе ойлап тапты. Пайдасы мол, мүмкіндігі зор құрылғы Іле Алатауының беткейіне орнатылады. Соңғы уақытта жауын-шашын шамадан тыс көп болып тұр. Табиғаттың бұл мінезі оқушыларды да толғандыруда. Олар «Қар суы, жауын-шашын мен пайдаланылған суды тазалаудың жергілікті жүйесі» жобасын жасап шықты. Жылу өткізетін талшық енгізілген екі тік түтік тау беткейлеріндегі қарға орналастырылып, күн энергиясы арқылы жылытылады. Дильнура Аюпова, мектеп оқушысы: - Екі түтіктің арасындағы кеңістікке қар түсісімен ол ери бастайды да арнайы құбырлар арқылы жасанды су қоймасына құяды. Бұл сумен жазда бассейндерді толтыруға, егінді суғаруға болады. Жиналған су көміртек пирамидасы арқылы тазартылған. Оқушылардың жобасына сәйкес автокөліктерді жуған суды үш түрлі сүзгінің көмегімен майдан тазартуға болады. Манат Смақова, жоба жетекшісі: - Балалар мұның барлығын ұсақ бөлшектерден құрастырды. Жобаны жасауға үш жыл уақыт кетті. Әр құрылғының бөлшектері мұқият зерттеліп, ғылыми негізде жасалды. Нөсер жауыннан көпір астында жиналған судан көліктер өшіп қалмас үшін шығармашылық топ арық жүйесін қайта жасауды ұсынады. Өзендердің табиғи арнасын сақтай отырып, үйлердің шатырынан бастап жерасты жолдарына дейін су өткізетін құбырлар қою керек, - дейді талапты жастар.

24.kz

 

KASE қорытындысы: $1 = 336,73 теңге

Қазақстан қор биржасының күндізгі сессиясында доллар бағамы 337,01 теңге болды. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысында доллар 336,73 теңгеге теңесті.

24.kz

 

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов өз еркімен отставкаға кетті. Палата депутаттары төрағаның отставкасын қабылдады. «Мен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметіне тағайындалуыма байланысты Мәжіліс төрағасы қызметінен өз еркіммен кетуге отставкамды қабылдауларыңызды сұраймын», - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов. Сонымен қатар, ол осы уақыт аралығында бірге қызмет еткен әріптестеріне ризашылығын жеткізіп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Содан соң депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Парламент Мәжілісінің төрағасын сайлады. Спикерлікке ұсынылған Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын әріптестері бірауыздан қолдап, төраға етіп сайлады. Естеріңізге сала кетейік, кеше Елбасы Парламент Мәжілісінің төрағасы лауазымына Нұрлан Нығматулинның кандидатурасын ұсынған болатын.


24.kz

Cолтүстік Корея екі баллистикалық зымыран ұшырды

Солтүстік Корея бір тәулік ішінде екі баллистикалық зымыранын ұшырды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар орташа қашықтыққа арналған «Мусудан» класты қару болуы мүмкін. Пхеньянның бұл екі әрекеті де сәтсіз аяқталған. Жапон билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын бұзғаны үшін Солтүстік Кореяға наразылық білдіруге дайын екенін жеткізді. Ал, Пентагон зымырандарды сынақтан өткізуді арандатушылық әрекет деп бағалады. Питер Кук, Пентагонның баспасөз хатшысы: - Солтүстік Кореяның кезекті мәрте баллистикалық зымыран ұшыруы бізді алаңдатып отыр. Олар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарарын тікелей бұзып отыр. Біз аймақтағы серіктестерімізбен тығыз байланыста жұмыс істеп, өңірдегі жағдайды жіті бақылауда ұстаймыз.


24.kz

Қытай доңыздың көзін адамға салуды қолға алды

Қытай дәрігерлері доңыз көзінің ақ қабықшасын адамға салу операциясын жүзеге асыра бастады. Биоинженерлік зерттеу нәтижесінде 70 науқастың жанарына нұр біткен. Қазір күрделі операцияны жасайтын кәсіпқой хирургтер саусақпен санарлық. Осыған байланысты қазір білікті мамандар даярланып жатыр. Шэньчжэндегі шошқа фермасы еттен ғана пайда таппайды, жануардың жанарын адамға салумен айналысатын зерттеу орталығына сатады. Әлемдегі соқыр жандардың 5/1-і Қытайда тұрады. Бұл – 8 млн адам көруге зәру деген сөз. Науқастардың басым бөлігі шыршытты қабаттың ауруына шалдығады екен. Олар үшін жалғыз үміт – трансплантация. Шао Чжэнкан, халықаралық көзді қалпына келтіру орталығының бас директоры: - Соңғы 10 жылда біздің компания осы саланы зерттеу мен жаңалық ашуға 1 млрд юань жұмсады. Осы уақыт аралығында біз түрлі жануарларға зерттеу жүргіздік. Сиыр, қой, итке қарағанда доңыздың ақ қабықшасы құрамы жағынан адамдікіне өте жақын болып шықты. Осылайша өткен жылдан бері жаңа тәсілдің арқасында жанары солған жандарда үміт пайда болды. Айлап, тіпті жылдап донор күтетіндер үшін доңыз көзі нағыз көмектің өзі. Юань Цзинь, Чжуншань көз орталығының профессоры: - 2015 жылы ақ қабыршақты салу бойынша 5000 операция жасалған. Яғни жыл бойы 5 мың донор ғана табылған. Ал миллиондаған адам болса сарылып күтіп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, биоинженерлік технологияның арқасында науқас жандарға бір айдың ішінде операция жасалады. Соның бірі – Чжоу Ваньцзо. Өткен жылы сәуірде салынған көз тәуір көре бастаған. Чжоу Ваньцзо, емделуші: - Сол көзім түк көрмейтін, қазір жанарыма сәуле түсті. Бүгінде Қытайда доңыз көзінің шыршытты қабаты салынған 70 адам бар. Әзірге білікті мамандар тапшы. Сондықтан осы салада көз дәрігерлерін қайта даярлау жұмысы қолға алынды. Бұл елдегі 8 млн соқыр жанның барлық үміті соларда.


24.kz

 

Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жеделхатта Карелия Республикасының сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалардың қайғылы қазасы туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді.


24.kz

 

 

Н.Назарбаев: Жасыл аймақтағы орман – елорданың берік қорғаны

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының жасыл аймағын аралап, орман шаруашылығының тыныс-тіршілігімен танысты.

Елбасы жыл сайын маусым-шілде мезгілінде осы орманның ахуалын бағамдап, елорданың жасыл белдеуіндегі жағдайды өз көзімен көріп қайтатын дәстүр қалыптастырған. Міне, биыл да Президент жасыл аймаққа келіп, небары он сегіз жылда бой көтерген орманға оң баға беріп қайтты.

Қазір жасыл аймақта 60-тан астам ағаш сорты бар. Астана қаласының жасыл аймағын құру елорда төңірегінде жабайы жануарлардың дамуына ықпал етті. Жасыл аймақ қызметкерлері жыл сайын 5 мың гектар жерге тал егіп, оны күтіп, осындай орманға айналдырып келеді. «Он сегіз жыл ішінде жасыл белдеудің көлемі Бурабай ұлттық паркінің көлемімен теңесті», - деді Елбасы. Ендігі міндет – осы орманды Бурабай орманына қосу. Елорданың жасыл аймағы Көкшетауға ғана емес, Павлодар, Қарағанды, Қостанай өңірлеріне де бойлайды. Осылайша, Астананың айналасы ну орманға айналмақ.

Бүгінгі күні жасыл аймақты марал, бұлан, елік, суыр, қарсақ, ондатра, қоян және кішкентай тышқандар мекен етеді. Ал құстардан балқарағай торғайы, шіл, сандуғаш, көк қарға, жасымық, шиқылдақ, мәскеу торғайы және қырғауыл бар. Өткен жылы 150 қырғауыл табиғатқа жіберілсе, биыл жасыл аймақ екпелеріндегі жануарлардың қатарын тағы 150 қырғауыл толықтырды. «Бұл орман, біріншіден, Астанадағы ауаның тазалығын қамтып тұр, екіншіден, шаң жібермейді, үшіншіден, желді ұстайтын қорған. «Орманы бардың қорғаны бар» деп қазақ бекер айтпаған. Астана тұрғындары мен жастардың болашағы үшін осындай жағдай жасап жатырмыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Жыл сайын мен осы ормандарды аралап, бақылап отыратынымды өздеріңіз білесіздер. Біз 1998 жылы елорданы дүниежүзіне жарияладық. Содан бері, міне, 18 жыл өтті. 18 жыл деген кәмелетке толған, азамат болған кез деп санауға болады. Бірақ жасөспірім, жаңадан өсіп келе жатқан жаспен бірдей. Он сегіз жыл бұрын қаланың төңірегіне орман егуді тапсырған едім. Жастар көп біле бермейді, біз ол кезді жақсы білеміз, Алматыдан жаңа көшіп келген кезде, қаланы шаң басып кететін. Құбыла соққан жел адамды құлата жаздайтын. Сондықтан орман егуді бастадық. «Астананың төңірегіндегі жер қолайсыз, тас, құм, орман өспейді» деп қарсы тұрғандар көп болды. Мінекей, қазір өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай, Астананың төңірегінде бұрын болмаған 73 мың гектар орман пайда болды. 

24.kz

 

 

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 - 336,69 теңге

Назарларыңызға бүгінгі күннің валюта теңгерімін ұсынамыз.

Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 336 теңге 69 тиын.

24.kz

 

 

Карелия Республикасы мен Мәскеуде аза тұту күні жарияланды

Сямозеро көліндегі апатқа байланысты бүгін Карелия Республикасы мен Мәскеуде аза тұту күні жарияланды. Мұнда 18 маусымда балаларға арналған сауықтыру лагерінің демалушылары бірнеше қайықпен серуенге шығып, апатқа ұшыраған. Дауыл салдарынан 2 су көлігі аударылып, ресми мәлімет бойынша, 14 жеткіншек қаза тапқан. Марқұмдардың барлығы – 12 мен 14 жас аралығындағы мектеп оқушылары. Олар Мәскеу мен Санкт-Петербургтен жазғы демалысқа келген. Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, нұсқаушылардың бірі қамауға алынды. Қайғылы қазаға орай, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі атынан көңіл айту жеделхаты жолданды.


24.kz

 

Индонезияда су тасқынынан көз жұмғандар саны 31 адамға жетті

Индонезияда су тасқынынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетіп, 19 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Бұдан бұрын 24 адамның көз жұмғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сенбіден бастап толассыз жауған жаңбырдан Орталық Ява провинциясында мыңдаған үй су астында қалды. Жергілікті биллік үйсіз-күйсіз қалғандарды уақытқа баспаналарға орналастырып жатыр.


24.kz

Қазақстанда онкологиялық дертке шалдыққандар саны 2 мың адамға артты

Өткен жылы елімізде онкологиялық дертке шалдыққандар саны 2 мың адамға артты. Өлім-жітім бойынша онкологиялық аурулар екінші орында тұр. Бүгін Мәжіліс депутаты Майра Айсина осындай деректерді көлденең тартып, Үкімет басшысына сауал жолдады. Бұл мәселе «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында да көтерілген болатын. Депутаттың айтуынша, қатерлі ісіктердің жаңа түрлерімен сырқаттанушылар көрсеткіші 9,4%-ға өскен. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінің материалдық-техникалық базасы сын көтермейді. Өңірлерде скрининг жүргізу үшін тиісті жабдықтар жоқтың қасы. 18 онкологиялық диспансердің әрбір үшінші ғимараты 1960 жылдары салынып жаңартуды қажет етеді. Ал 2004-2015 жылдар аралығында орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан диспансерлер құрлысына 21 млн теңгеден астам қаражат бөлінген. Алайда бұл қомақты соммаға бақылау болмай, бір құрылыс басталмаған, енді бірі аяқталмаған. Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Туындаған проблемаларды жүйелі түрде шешу бойынша Үкімет шаралар кешенін әзірлеуі қажет деп есептейміз. Атап айтсақ, онкодиспансерлерді модернизациялау, қажетті жапсарлас құрылыстар салу, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде онкологиялық диспансерлер үшін кәсіпкерлерге берілетін ғимараттарға міндетті түрде санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, реабилитациялық орталықтардың, хоспистердің қызметін жетілдіру, онкологиялық диспансерлер мен орталықтардың материалдық-техникалық жағдайын, кадрлармен қамтамасыз етілуін жақсарту шаралары.

24.kz

К.Мәсімов жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына аттанды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ақтөбе облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлайды.  


24.kz

ҰБТ-2016: қайта тапсыруға өтініштер тамыздың 1-8 аралығында қабылданады

Ұлттық бірыңғай тестілеуде қажетті балл жинай алмаған түлектерге қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз конференциясы барысында ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ләззат Бөлебаева мәлімдеді. «Ағымдағы жылы шекті деңгейден өте алмаған түлектер қайта кешенді тестілеуден өтуге құқылы. Аталған тестілеу түріне қатысу үшін өтініштерді қабылдауды ЖОО қабылдау комиссиялары 1-8 тамыз аралығында жүзеге асырады. Тестілеу 19-24 тамыз аралығында өткізіледі», - деді Л.Бөлебаева. 2016 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы жайлы айтар болсақ, ҚР БҒМ мәлімдегендей, биыл республика бойынша орташа көрсеткіш - 81,2 балды құрап отыр. Өткен жылы бұл көрсеткіш 79,4 балл болатын. «Байқағанымыздай, өткен жылмен салыстырғанда 1,8 балға артқанын көріп отырмыз. Бұл мектептердегі білім беру қызметінің және түлектердің жоғары оқу орындарына түсуге ынтасымен байланысты. Ең жоғары 125 балды биыл 19 бала жинады. 2015 жылы 5 мектеп түлегі ғана жинаған болатын. 100 балдан астам жинаған балалар саны 20% немесе 16565 түлек», - деді Л.Бөлебаева. Жалпы оның мәліметінше, ағымдағы жылғы 121 мың бітірушінің ішінде ҰБТ-ға қатысуға 87 мың түлек өтініш берген. Оның ішінде қазақ тілінде – 83330, ал 23984 бала орыс тілінде оқығандар. Тестілеуге 84079 мектеп бітіруші қатысты. «Тестілеу барысында шекті 50 балды 14252 түлек жинай алмады. 52982 баладан тыйым салынған заттар табылды. Жалпы ҰБТ ұйымдасқан деңгейде өтті», - деді Л.Бөлебаева. Оған қоса, «Алтын белгiні» биыл ҰБТ-ға қатысқан 4768 үміткердің 50%-ы растай алды.


24.kz

Астанада атыс болды

Орталық көшелердің қиылысында болған оқиғаны куәгерлердің бірі телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Кейін ақпаратты қалалық Ішкі істер департаменті растады. Тергеу барысында бұл іске қатысты 28 және 32 жастағы екі күдікті анықталды. Олар достарымен бірге Сәтпаев-Момышұлы көшелерінің қиылысында кездесіп, арадағы келіспеушілікті шешпек болған. Сөйтіп алғашқысы травматикалық тапаншадан оқ атады. Ал екіншісі оған жауап ретінде оқу гранатасын лақтырған. Қазір тергеу жұмыстары жалғасуда.


24.kz

Аргентинаның экс-министрі 8,5 млн долларды ғибадатхана аумағына көміп жасырмақ болды

Хосе Лопес экс-президент Кристина Фернандес де Киршнердің кезінде қоғамдық жұмыстар министрі қызметін атқарды. Бұрынғы министр Лопес $8,5 млн ақшаны жергілікті монастырь аумағын қазып, сонда көмуге әрекеттеніп жатқан жерден ұсталды, деп хабарлайды La Nacion. Оқиға кезінде белгісіз біреу полицияға қоңырау шалып, ғибадатхана аумағына бөгде адам кіріп кеткенін хабарлаған.  Жетіп келген тәртіп сақшыларынан аса сескене қоймаған Лопес оларға пара беріп, қомақты қаржыны құтқарып қалмақ болыпты. Бірақ, полицияның бұл айлаға түсе қоймағанын көрген ол, осыншама ақшаны ғибадатханадағы монахтарға сыйлап, жарылқағысы келгенін де айтқан екен. Алайда барлығы 160 бума етіп оралған ақша мемлекет пайдасына тәркіленді.


24.kz

Елбасы Жарлығымен А.И.Мырзахметов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Елбасы Жарлығымен А.И.Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «А.И.Мырзахметовті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Назарбаев  

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 14 маусым                   № 278

24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінде жүз қадамның 23-і толық орындалды

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның осы кезеңге дейінгі жұмысының қорытындыларына арналған кеңес өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кеңеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Б.Майлыбаев, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Бекетаев, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Президентттің көмекшісі Ә.Смайылов, Мемлекеттік қызмет істері министрі Т.Донақов, Инвестиция және даму министрі Ә.Исекешев, Ұлттық экономика министрі Қ.Бишімбаев, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Астана қаласының әкімі Ә.Жақсыбеков қатысты. Кеңес барысында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру, заңның үстемдігін және елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы өткен кезеңде атқарылған жұмыс реформаларды тікелей жүзеге асыру үшін қолайлы ахуал қалыптастырғанын атап өтті. «Біз жариялаған бес институционалдық реформа – жаңа экономикалық жағдайдағы кешенді даму жоспары. Ұлт жоспарын сапалы жүзеге асыру – біздің ең басты міндетіміз. Осы кезең ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Үкімет қажетті заңдар, тиісті нормативтік құқықтық актілер қабылдады, мемлекеттік қызметтің меритократия қағидаттарына негізделген мансаптық моделі енгізілді, сот төрелігінің үшбуынды жүйесіне көшу іске асырылды, Жоғарғы сот жанындағы Халықаралық кеңес жұмысына кірісті, судьяларға қойылатын біліктілік талаптары күшейтілді. Бұдан бөлек, салық және кеден саясатын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде, ауқымды жекешелендіру ісі басталды, елді индустрияландырудың екінші кезеңі жүріп жатыр, әлеуметтік саясат жетілдірілуде, мемлекеттің есептілігі арттырылуда. Жалпы, бүгінде жүз қадамның 23-і толық орындалды», – деді Қазақстан Президенті. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі сәтте жұртышылықпен сауатты жұмыс жүргізу ісін жолға қоюға ерекше көңіл бөлген жөн екенін айтты. «Жаңа заңнамалық актілер қабылдау нәтижесінде  бірқатар кемшіліктер мен олқылықтар анықталып жатыр. Соның айқын мысалы – жер мәселесіне қатысты заң. Сондықтан жүйелі талдау және қабылданып жатқан шараларды жан-жақты талқылау негізінде қателіктермен ұдайы жұмыс жүргізіп отыру қажет. Біз саясатымызды жетілдіру жөнінде алдын ала жүйелі қадамдар жасауға тиіспіз», - деді Мемлекет басшысы. Жиын барысында жұмыс топтарының мүшелері Ұлттық комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндама жасады. Кеңес қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті экономикалық өсімді ынталандыру үшін Үкіметке  2016 жылдың екінші жартысында қосымша 240 млрд теңге бөлуді тапсырды. Мемлекеттік бюджеттен қаражатты үнемдеу есебінен бөлінетін ресурстар шағын және орта бизнесті қолдауға, жеке тұрғын үй құрылысы бағдарламасын несиелеу мен жүзеге асыру ісіне жұмсалады.  Бұдан бөлек, қаржы бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға, соның ішінде ауылдық елді мекендердегі тұрмыс сапасын жақсартуға, Құрық портындағы паром өткелін аяқтауға және елорда әуежайын жаңғыртуға бөлінеді. Бұл шаралар құрылыс саласында 20 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беріп, экономикалық өсім қарқынын жеделдетуге септігін тигізеді. Қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі 2016 жылға жоспарланған экономикалық өсім деңгейіне қосымша 0,4 % болады деп болжануда.


24.kz

Шымкенттік кәсіпкер жібек құртын өсіруді қолға алды

Шымкенттік жеке кәсіпкер Оразкүл Бүкірова жібек құртын өсіруді қолға алды. Іскер әйел осылайша үзіліп қалған үрдісті қайта жандандырмақ. Кезінде Сайрам ауданында табысы көп осы кәсіппен біраз азаматтар айналысып, оны өндіретін орталық болмаған соң іс аяқсыз қалған еді. Жібек жіп иіретін цехы бар әйел енді бұл бастаманы соңына дейін жеткізем деп отыр. Тіпті мата және кілем тоқуды қолға алмақ. Сәтін салса, жібек матадан тігілген сәнді отандық өнімді киетін күн де алыс емес. Қолынан іс келетін кәсіпкер алдымен жібек құрттары жапырағын жейтін тұт ағашын көптеп егіп, арнайы плантация жасапты. Қазірдің өзінде 21 гектар жерге тұқымбақ әзірлеп үлгерген. Көшетті кейін сол жерден алып көбейте бермек әрі облыстың ауа райы да құрттың бұл түрін өсіруге өте қолайлы. Оразкүл Бүкірова, кәсіпкер: - Жібек дүние жүзінде өте қадірленеді, оны білесіздер. Жібектен жасалған маталар, жібектен жасалған бұйымдар көп жерде қолданылады. Ол қорғаныста, медицина саласында жібек талшық қолданылады. 


24.kz

 

Литва EXPO-2017 көрмесіне қатысатынын ресми түрде растады

2016 жылдың 13 маусымында «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Литва Республикасына сапары орын алды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Вильнюс қаласындағы сапар бағдарламасы шеңберінде Литваның Қоршаған ортаны қорғау министрі Кястутис Тречёкаспен, Литваның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуына жауапты ұлттық секция Комиссары Ромас Янкаускаспен және астаналық көрмеге қатысуды жоспарлап отырған сол елдің іскерлік өкілдерімен кездесулер өтті. К.Тречёкас және Р.Янкаускаспен кездесу барысында елдер арасындағы екіжақты өзара әрекеттестіктің перспективалары мен даму бағыттары, Литва үкіметінің және «жасыл» технология саласындағы жергілікті компаниялардың көрмеге қатысу талаптары, сондай-ақ Литваның қайта жаңартылмалы және балама энергия көздері саласындағы жүзеге асырылуы мүмкін жобалары талқыланды. Астана көрмесінің негізгі тақырыбын назарға ала отырып, К.Тречёкас елде атом және көміртегімен жабдықталған литвалық энергетикалық жүйенің баламалы энергия көздеріне ауыстырылуын мақсат тұтатын «Литваның 2050 жылға дейінгі тұрақты энергетикалық тұжырымдамасы» бекітілгендігін мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Р.Жошыбаев және Р.Янкаускас Литва тарапының «ЭКСПО-2017» көрмесіне Қатысуы туралы шартқа қол қойды. Бүгінгі таңда 90 мемлекет және 16 халықаралық ұйым астаналық көрмеге қатысатындықтарын ресми түрде растады.

24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 - 336,68 теңге

Назарларыңызға бүгінгі күннің валюта теңгерімін ұсынамыз. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 331 теңге 80 тиын.

24.kz

Астанада рұқсат құжаттары жоқ коммерциялық нысан бұзылды

Астанада рұқсат құжаттары жоқ тағы бір коммерциялық нысан бұзылып жатыр. Бұл жолы Кубрин көшесіндегі көпқабатты үйге қосарлана сауда-саттық орнының заңсыз салынғаны анықталды. Енді кәсіпкер жалпы аумағы 200 метрлік нысанды бұзып, жеке бизнесін тоқтатуға мәжбүр. Әкімдік оған осыдан біршама уақыт бұрын арнайы хабарлама жіберіп, рұқсат құжаттарын рәсімдеу керектігін ескерткен. Бірақ кәсіпкер «сол маңдағы тұрғындардың шағымын да ескере келе, коммерциялық нысанның жұмысын тоқтатып, оны бұзу дұрыс» деген шешімге келді.   Дәулет Досқұлов, Астана қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары: - Нысан заңсыз салынғандықтан оны бұзу туралы шешім шығарылды. Кәсіпкердің қолында рұқсат құжаттарымен бірге сараптама нәтижесі мен тиісті жобасы да болмай шықты. Біздің сұрауымыз бойынша оның тарапынан ешқандай әрекет жасалмады. Сондықтан нысан бұзылып жатыр.


24.kz/

А.Есімов EXPO-2017 билетін ең алғаш болып сатып алған Астана тұрғынын құттықтады

Бүгін, 10 маусымнан бастап әлем бойынша «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған  көрмесінің билеттері сатылымға шықты. Ең бірінші онлайн сатылымды Астана қаласының 24 жастағы тұрғыны Олжас Оңалов жасады. Ұлттық компанияның басқарушы төрағасы Ахметжан Есімов алғашқы билет иегерін құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, бүгіннен бастап Астанада өтетін EXPO-2017 көрмесіне билеттерді онлайн арқылы сату басталды. Алдағы он күнде билетті 50%, 30 маусымға дейін 30% жеңілдікпен ала аласыз. Ал бірінші қыркүйектен бастап еліміз бойынша арнайы кассалар жұмыс істейді. Сатылым келер жылдың 9 маусымына дейін жалғаспақ. Айта кеткен жөн, халықаралық көрмен Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім балалар мен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндердің тегін тамашалауына мүмкіндік жасалған. Ал зейнеткерлер мен көпбалалы аналар, оқушылар және студенттер билетті арнайы жеңілдікпен ала алады.


24.kz

Елдің тұтастығын сақтауға әр азамат атсалысуы тиіс

Елдің тұтастығын сақтау тек құқық қорғау немесе әскери қызметкерлердің ғана емес, әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы. Сондықтан терроризм атты кесапатқа қоғам болып қарсы тұру керек. Жамбылдық жұрт осындай пікір білдіріп жатыр. Олар ел ішіне іріткі салу әрекеттеріне қатаң тыйым салатын кез жетті деп санайды.  Мейрамбек Төлепберген, қала тұрғыны: - Қай қоғамда болмасын азаматтардың қауіпсіздігі мен елдің ішкі тұрақтылығы ең басты мәселе. Қазір өзінің ұлттық боямасын жоғалтып алған елдер толып жатыр. Құндылықтар дегендер жайына қалды. Сондықтан да мұндай жағдайда елдің ішкі тұрақтылығы мен саяси тұрақтылығы, елдің ұлтаралық бірлігі деген ерекше маңызға ие болады. Данияр Жұмабаев, қала тұрғыны: - Елдің тыныштығын бұзу арқылы халықтың бірлігін, ынтымағын ыдыратады. Сондықтан біз бұл нәрсеге жол бермес үшін Елбасымыздан бастап  барлық ер азамат, сонымен қатар дін қызметкерлерінің барлығы бұл нәрсені сол қылмыскерлердің, дін атын жамылған лаңкестердің іс-әрекетіне біз бірауыздан наразылық білдіреміз. Мұндай жайттар орын алмасын. Әлбетте елімізге ең бастысы бірлік болса, оның арты тыныштыққа ұласады. Оның арты бейбітшілік болады. 

24.kz/

Ақтөбеде төрт террористің көзі жойылды

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. ҚР терроризмге қарсы күрес жедел штабы іздестіру жұмыстары нәтижесінде террористердің Некрасов көшесіндегі тұрғын үйге жасырынғаны анықталды. Операция барысында тұрғын үй қоршауға алынып, маңайдағы халық қауіпсіз жерге көшірілді. ҰҚК мен ІІМ қызметкерлері лаңкестерді қаруды тастап, берілуге шақырғанымен, террористер бұдан үзілді-кесілді бас тартты. Ақыры сол жерде дегенге көнбеген 4 қылмыскердің көзі жойылды.  Осы кезде Мясоедов және Арынов көшелерінің жағынан террористердің сыбайласы полицейлерге қарсы тегіс ұңғымалы мылтықтан оқ жаудырды. Сыбайлас тәртіп сақшысы қайтарып атқан оқтан қаза тапты. Осы атыс кезегінен екі полицей жеңіл жараланды.

24.kz

KASE-тің таңғы сессиясы: $1 - 334,00 теңге

Назарларыңызға бүгінгі күннің валюта теңгерімін ұсынамыз. Қазақстан қор биржасындағы таңғы сауданың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 334 теңге 00 тиын.


24.kz

 

ҰБТ-ның бесінші күні ең жоғарғы межені ешкім бағындыра алмады

Бұл туралы ҚР БҒМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Назарларыңызға 6 маусымда өткен ҰБТ-ның қорытындысын ұсынамыз. ҰБТ 14 тестілеу бөлімшесінде өткізілді. Тестілеуге қатысуға өтініш жазған 6339 түлектің 6153-і қатысты. Олардың 5168-і қазақ, 985-і орыс тілінде сынақ тапсырды. Сынақ барысында 5948 рұқсат етілмеген зат қолданыстан алынды. Орташа балл – 80,1. 2015 жылы 77,4 балл болған. 2015 жылға қарағанда 2,7 балға көтерілді. 50 балл көрсеткішіне 1121 түлек (18,2%) жете алмады. (2015 ж.- 1701 – 21,9 %). 2015 жылдағыдай 125 балды ешкім жинай алмады. 100 балдан жоғары алған түлек саны - 1255 (20,3 %). 2015 жылы 2674 түлек болған. Назар аударыңыз! ҰБТ нәтижесін білу үшін көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет. 


24.kz

Париж маңындағы тұрғын үйден алапат өрт шықты

Сен-Дени қалашығында болған өрт салдарынан 5 адам қаза тапты. Тілсіз жаудың кесірінен 9 адам жараланды. Олардың үшеуі өрт сөндірушілер екендігі анықталды.   Өрт салдарынан ғимараттың жарты бөлігі құлап қалды, деп хабарлайды Radio France. Қазір оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметтері жұмыс жасап жатыр. Қызыл жалынға не себеп болғаны әзірге белгісіз.

24.kz

Ақтөбеде лаңкестікке қарсы іс-қимыл операциясы жалғасуда

Ақтөбеде лаңкестікке қарсы іс-қимыл операциясы әлі де жалғасып жатыр. Ақтөбеде қазір жағдай бірқалыпты. Облыс әкімі үйден алысқа шықпау жөнінде ескерту жасады. Осы жағдайға байланысты ойын-сауық орындары мен ірі сауда нүктелері, балабақша жұмысы тоқтатылған. Қалада қоғамдық көлік бағыттары қалыпқа келтіріліп, жұмыс істеуде. Лаңкестердің тобында 27 адам болған. Ал қашып кеткендері іздестірілуде. Ел әскері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Авторы: Нұргүл Қонақбаева


24.kz

 

 

 

Елбасының БАҚ саласындағы сыйлығы үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімі ұзартылды. Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының БАҚ саласындағы сыйлығы мен грантын беру, сондай-ақ Алғысын жариялау үшін ұсынымдар қабылдау мерзімінің 11 маусымға дейін ұзартылғанын хабарлайды. Ұсыным беру ережесін мына жерден қараңыз.


24.kz

ҰБТ-да 125 балды 11 бітіруші жинады

2-4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 58343 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде – 42186, орыс тілінде – 16157 бітіруші.   Бұл туралы БҒМ баспасөз қызметі хабарлайды. Тестілеу үшінші күні 70 ҰБТӨП-тің базасында өткізілді. Тестілеудің үш күнінде мүмкін болған 125 балды 11 бітіруші жинады. Тестілеудің үш күнінің нәтижесінде тыйым салынған заттарды қолданған және аудиторияда тәртіп бұзғандары үшін 31 бітіруші тестілеуден шығарылды, оның ішінде: - ұялы байланыс телефондарын пайдалану – 13 бітіруші; - емтихан материалдарын бүлдіру – 1 бітіруші; - сұрақ кітапшаларды сыртқа шығару мақсатында оның ішіндегі ішкі беттерін ауыстыру – 17 бітіруші. Тестілеу нәтижесімен келіспеген бітірушілердің келесі күні сағат 14:00-ге дейін әрбір пунктте құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануға құқықтары болады. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны бойынша да, техникалық себептер бойынша да қабылданады. Апелляцияға өтінішті беру барысында бітірушінің әрбір тест тапсырмасы бойынша тестілеу нәтижелерімен келіспейтін негіздемесімен беру керек. Тестілеудің екі күнінде Республикалық апелляциялық комиссияның қарауына барлығы 279 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60 тест тапсырмасы қанағаттандырылды, яғни жалпы қолданған тест тапсырмаларының 0,5%-ын құрайды. Негізінде бұл апелляциялар қазақ тілінен, математика және Қазақстан тарихы пәндерінен болды. Келіп түскен өтініштерді қанағаттандырудың негізгі себебі: әртүрлі авторлардың оқулықтарындағы оқылудың айырмашылығы; техникалық себептер, оның ішінде баспалық қателер. Сонымен қатар, шектік деңгейден өте алмаған бітірушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсуге құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында тамыз айының 1-і мен 8-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 19-ы мен 24-і аралығында өткізіледі.  Назар аударыңыз! ҰБТ нәтижесін білу үшін көрсетілген сілтеме бойынша өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет. 


24.kz

 

 

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды

Бүгін бүкіл мұсылман қауым асыға күткен Рамазан айы басталды. Биыл ол мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша 29 күнге жалғасады. Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Қасиетті Рамазан айында Астанадағы 8 мешітте ауызашар беріледі. Алла үйлерінде бір айы бойы ораза тұтқан 1500-ден астам жамағатқа ифтар ұйымдастырылмақ. Барлық мешіттерде еліміз бен Түркиядан келген қарилар Құранды толық оқып, хатым етеді. Ал Рамазан айы аяқталысымен, 5 шілде күні Ораза айт мерекесі басталады. Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ наиб мүфтиі: - Ораза дегеніміз – тәрбие мектебі. Өйткені адам баласын 30 күн бойы рухани тәрбиелейді. Сабырлыққа, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Ораза айы келісімен адам өзін тек қана ішіп-жеуден емес, кез келген күнәдан, өсек айту, ғайбат айту, балағаттау, қатты сөйлеу секілді күнәлардан тиюі керек.


24.kz

 

 

ҚР ІІМ Ақтөбедегі оқиғаға қатысты жалған видеолар туралы мәлімдеме жасады

ҚР ІІМ Ақтөбегі атысқа қатысты әлеуметтік желілерде тараған видеолар туралы мәлімдеме жасады. «Ақтөбе қаласында мамыр айының басында «Атлас Синема» кинокомпаниясы «Спецназ» және «Арлан» атты сериалдарының түсірілімін бастады. Қала көшелеріндегі түсірілім кезінде арнайы эффектілер қолданған болатын. Бұл ақпарат аймақтық басылымдардың сайттарында, сондай-ақ осы жылдың 4-5 мамырында әлеуметтік желілерге таратылған. Жарнама мақсатында сериал актерлері көшелердегі қаруланған бір топ адам, автомат атыстары сияқты сюжеттік желідегі видеоларды әлеуметтік желілерге салған», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев. Алмас Садубаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі: - Сюжеттік желілердің, сонымен қатар көшедегі қаруланған бір топ адамдардың, автокөліктің қақпақты тесігінен автоматтан оқ жаудырудың бейнероликтері әлеуметтік желілерде актерлермен жарнамалық мақсатта орналастырылған. Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні бәзбіреулер Ақтөбедегі қос қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Облыста антитеррорлық режим жарияланып, арнайы операция нәтижесінде 4 қаскөйдің көзі жойылып, тағы жетеуі қолға түсті. Ал облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын сақтық танытуға шақырған болатын. Осы тақырып бойынша өзге де жаңалықтар: Ақтөбенің қару-жарақ сататын дүкеніне шабуыл жасалды ҚР ІІМ Ақтөбедегі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады Ақтөбеде антитеррорлық режим енгізілді Ел аумағындағы барлық әскери бөлімшелер күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті Антитеррорлық операция нәтижесінде 4 қылмыскердің көзі жойылды Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктерді сақтық танытуға шақырды


24.kz

 

 

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін780
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада7565
Осы айдаОсы айда46789
БарлығыБарлығы442947
Сіздің IP адресіңіз: 54.225.9.188
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі