2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады.

2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгені құрады. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 156,1 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,8 млрд. теңге.

2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн. бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлікті құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kzсайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,77 миллионнан аса адамхабарлаудың электрондық тәсілін таңдады. 208 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,57 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған  «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Ұялы қосымша шыққан сәттен бастап оны жүктеу саны 461,3 мыңға жетті. Оның ішінде қолданушылар Android платформасындағы қосымшаны 377,4 мың рет жүктеп алған, iOS – 77,3 мың, Windows Phone - 6,6 мың.

2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 желтоқсанда электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сынан  346 мың үзінді көшірме берілген.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

ЕРЖАН «СЫРДЫҢ СЕРІСІ»

Ел тәуел­сіздігі­нің 25 жылдығына орай облыстық жастар ресурстық орталығы мен «Қазақстан-Қызылорда» телеарна­сының ұйымдасты­руы­мен «Сыр серілері» тележобасы өткізілген болатын. 

Шамамен 4 айға созылған сайыс қатысушылар үшін оңайға түспеді. Тіпті, бірінен-бірі асып түсетін 25 жігіт 25 шарт бойынша сынға түсіп, өздерінің мықтылықтарын танытты.
Аталмыш сайыста Шие­лі ауданының намысын қорғаған Алғабас ауылының тумасы Ержан Шайрақов бас жүлдені қанжығасына байлап, жеңімпаз атанды. Шиелінің мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатқан Ержанның тақымына тұлпар байлап, «Абзал және К» ЖШС 250 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берді. Сонымен қатар, кеудесіне Бауыржан Момышұлы атындағы медаль тағылды.
Өңкей сайдың тасындай кіл мықтылардың арасынан озып шығып,Сыр серісі атанған Е.Шайрақовты аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қабылдап, жеңісімен құттықтап, алдағы істеріне сәттілік тіледі.

ЖАЙДАРМАНШЫЛАР ЖАРАДЫ

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жас мемлекеттік қызметшілер арасында тұңғыш рет қазақша көңілді тапқырлар арасында «I LOVE KZ» тақырыбында сайыс ұйымдастырылған
болатын.

Аталмыш сайысқа облыс бойынша 10 команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жас мемлекеттік қызметшілерден құралған шиелілік «Шиелі 88» командасы саясат, мемлекеттік қызмет жайлы әзілдерімен көрермендерді күлкіге батырды. Командалар екі кезең бойынша сынға түсті. «Сәлемдесу» және «Үй тапсырмасы» жайлы ойын өрнегін көрсетіп, қағытпа қалжыңмен көпшілікті көңілді еткен жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыс нәтижесінде бірінші орынды «Шиелі 88» тобы иеленсе, екінші орынды сырдариялық, үшінші орындарды Қызылорда мен жалағаштық құрама командалары өзара бөлісті.
Өнер додасынан топ жарған Шиелінің жайдарман командасын аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады.

2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгені құрады. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 156,1 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,8 млрд. теңге.

2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн. бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлікті құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kzсайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,77 миллионнан аса адамхабарлаудың электрондық тәсілін таңдады. 208 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,57 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған  «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Ұялы қосымша шыққан сәттен бастап оны жүктеу саны 461,3 мыңға жетті. Оның ішінде қолданушылар Android платформасындағы қосымшаны 377,4 мың рет жүктеп алған, iOS – 77,3 мың, Windows Phone - 6,6 мың.

2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 желтоқсанда электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сынан  346 мың үзінді көшірме берілген.  

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

Шиелі ауданының индустриялық аймаққа инвесторлар тарту мүмкіншілігі туралы хабарландыру

Ауданда шағын кәсіпкерлік мен өнеркәсіпті дамыту мақсатында «Индустриалды аймақ» ретінде Шиелі кентінің шығыс аймағынан 50 га жер телімі белгіленіп инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 216,8 млн теңге қаржы бөлініп, инфрақұрылым жүргізілді.

Атап айтқанда: электр желісі 6,3 шақырым, көше жарығы, КТПН 400 2 дана, 2,3 шақырым су құбырлары, 2,5 шақырым асфальтталған автокөлік жолы салынды. Аймақта  1 шаршы метр жер телімін сатып алу құны 115 теңге, жалдау құны 0,96 теңгені құрайды.

Бүгінде бұл аймаққа жобалық құны  612 млн теңгенің «Мия Шиелі» ЖШС-нің мия тамырын өңдеу зауыты орналасып, іске қосылды және силикат кірпіш өндіру зауыты, асфальт-бетон өндіру зауыттарына жалпы 16 га жер телімдері беріліп, қалған 34 га жер телімдері өндірістік мақсатқа ұсынуға дайын. Сонымен қатар аймақта алдағы уақытта кірпіш, әк, асфальт зауыттарын, пенаблок және құрылыс материалдарын дайындау цехтарын ашу жоспарлануда.

Осыған орай, ауданымызда өз кәсібін ашып, кәсіпкерлігін дамытамын деуші кәсіпкерлер келіңіздер, мемлекеттік қолдаудың мүмкіншілігін пайдаланыңыздар.

ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА

ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерекесіне орай аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев соғыс ардагерлері С.Байжанов пен В.Кривенконың үйлерінде болып, еліміздің ұлы мерекесі – тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Соғыс ардагерлері– халқымыздың ең қымбат  асыл қазынасы. Қан майданда елін, жерін қорғаған батыр ардагерлерімізге қандай құрмет көрсетсек те жарасымды. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан ардагерлерімізге аудан басшысы арнайы барып,  облыс әкімі Қ.Көшербаевтың құттықтау хатын жолдап, сый-сияпат табыстады.

Мобильдік кеңсе және ұялы қосымша туралы

  1. Бұрын үзінді көшірмені пошта арқылы алып тұрдым. Басқа жаққа көшіп кеткелі үзінді көшірме алмадым. Енді жинақтарым туралы ақпаратты қалай аламын? БЖЗҚ кеңсесіне қайта-қайта бара бермес үшін не істеуім керек?

Сіз БЖЗҚ-ға жаңа мекенжайыңыз туралы хабарламағансыз, сондықтан өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайын берілетін үзінді көшірмені ала алмадыңыз. Енді Сізге БЖЗҚ кеңсесіне бір рет келіп, өз деректемелеріңізді түзетуге не хабарлау тәсілін өзгертуге кеңес береміз.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлама алудың бірнеше жолдары бар. Сіз салымшы ретінде өзіңіз үшін ең ыңғайлы тәсілін таңдап ала аласыз. Яғни, бұл салымшының жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште не жеке келісімде көрсетілген электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жылдам тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы ақпарат алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен пароліңізді тіркей отырып, Сіз үйіңізден не кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түсетін түсімдерді бақылай аласыз. Сондай-ақ мамандарымыз смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалана аласыз. Өз жинақтарыңыз туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы да алуға мүмкіндігіңіз бар. Қызмет «Азаматтар» санатындағы «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдарының «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде қолжетімді. Оны алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба керек және электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. 

БЖЗҚ мамандарынан өздері келіп ақпарат алғысы келетін адамдар үшін республикамыздың барлық жерлерінде 232 қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұрынғыдай зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарлама жіберу тәсілі әлі күнге қолданылып келеді.

  1. БЖЗҚ бөлімшесіне келуге мүмкіндігім болмаса не істеймін? Мен мүгедекпін, БЖЗҚ-да жинақтарым бар, зейнетақыны қалай ресімдеуге болады?

БЖЗҚ-да қызметтердің қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында былтырғы жылдан бері салымшыларға (алушыларға) барып қызмет көрсететін жобасы қолданысқа енгізілген. Бұл жоба БЖЗҚ бастамасы және өз салымшыларына (алушыларына) жаңа мүмкіндіктер береді. Жобаның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсету, мүгедектерге ақпараттық кеңес беру арқылы көмек беру, сондай-ақ салымшыларға (алушыларға) БЖЗҚ кеңселерінен тыс жерлерде зейнетақы қызметтерін тиімді көрсету. Басқа сөзбен айтқанда, қандай да бір себептермен, мысалы денсаулығына байланысты БЖЗҚ-ға келе алмайтын адамдарға Қор қызметкерлері өздері барып қызмет көрсетеді.

БЖЗҚ-ға мүмкіндігі шектеулі салымшылар (алушылар) жөніндегі мәліметтер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясының (ӘТВЕО) деректері негізінде БЖЗҚ мен ӘТВЕО арасында жасалған ақпарат алмасу туралы шарт аясында беріледі. Сондай-ақ, БЖЗҚ 2015 жылғы шілдедегі жағдай бойынша ӘТВЕО деректерінің негізінде төлемдер алуға құқылы, бірақ Қорға келіп өтініш білдірмеген халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімін алды.   

Бұған қоса, таяу арада БЖЗҚ-ның 1418 Байланыс орталығы немесе www.enpf.kz сайты арқылы мүмкіндігі шектеулі салымшыларға (алушыларға), режимдік және ерекше күзетілетін объектілердегі адамдарға барып қызмет көрсету үшін өтініштер қабылдау қызметін ендіру жоспарланып отыр.

  1. Зейнеткер зайыбымның қайтыс болуына байланысты оның жинақтарын шешіп алуыма бола ма? Оның рәсімі және мерзімі  қандай?

Міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтарын заңнамада белгіленген тәртіппен мұраға алуға болады әрі олар өсиет бойынша да, Заң бойынша да мұраға қалдырылады.

Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алу үшін мұрагер өзі не пошта байланысы арқылы не сенім білдірілген тұлғасы арқылы БЖЗҚ-ның кез-келген кеңсесіне барып өтініш жасайды. Өтінішпен бірге құжаттардың түпнұсқаларын және/немесе олардың нотариат куәландырған көшірмелерін береді. Құжаттардың тізімін қордың www.enpf.kz  сайтының «Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін ресімдеу тәртібі» - «Алушының қайтыс болуына байланысты төлемдер» бөлімінен қарай аласыз. Заңда мұраға қалдырушы қайтыс болған соң мұрагерге мұраны алу үшін алты ай уақыт белгіленгенін ескергеніңіз жөн. Мерзімін өткізіп алған жағдайда, оны сот арқылы қалпына келтіруге болады.  

Мұрагерлік құқықты ресімдеген соң және БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын төлеу үшін қажетті құжаттарды ұсынғаннан кейін мұрагерлерге зейнетақы жинақтары олар зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініште көрсеткен банк шотына аударылады. 

БЖЗҚ-ға құжаттар қабылданған не келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мұрагерлерге зейнетақы төлемдері жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға БЖЗҚ-дан республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4-еселенген мөлшері шегінде, бірақ жеке зейнетақы шотындағы қаражаттан асырмай жерлеуге арналған біржолғы төлем жасалатынына Сіздің назарыңызды аударамыз.  

Біржолғы төлем жасалғаннан кейін алушының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы  республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраған жағдайда осы қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлем сомасына қосылады.

  1. Зейнетақы қаражаты қайда инвестицияланады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңына сәйкес «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Осыған байланысты, 2013 жылғы 26 тамызда Ұлттық Банк пен БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы шарт жасасты. ҚРҰБ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясына (ҚРҰБ Басқармасының 2016 жылғы 18 наурыздағы №86 қаулысымен бекітілген) сәйкес зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер шығарады.  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.  

Бүгінгі таңда зейнетақы активтері мемлекеттік бағалы қағаздарға, квазимемлекеттік сектордың «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ және олардың еншілес компаниялары: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ секілді т.б. компаниялардың қағаздарына, инвестицияланады, екінші деңгейдегі банктердің конкурстық негізде ашылған депозиттеріне (осы инвестициялардың елеулі бөлігінің ерекше сипаты бар және олар шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелеуге арналған), сондай-ақ сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына орналастырылады. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайтында (Қор туралы – Инвестициялық қызмет – Зейнетақы активтерінің и нвестициялық порфелінің құрылымы) үздіксіз жарияланып тұрады.  

  1. Зейнетақы аннуитеті дегеніміз не?

Зейнетақы аннуитеті (лат. тілінен алғанда  annuus — жыл сайынғы) – БЖЗҚ-дан төленетін төлемдердің баламасы болып келетін жинақтарды алу тәсілі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңы БЖЗҚ салымшыларына әйелдер 50 жасқа, ерлер 55 жасқа толғанда жинақтары жеткілікті болған жағдайда зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, өмір бойғы сақтандыру төлемдері туралы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасауға мүмкіндік береді. 2018 жылдың қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетақы аннуитеті шартын жасауға құқылы болатын жасы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін 55 жасқа толғанға дейін жыл сайын жарты жылға біртіндеп көтерілетін болады. 

Зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жинақтардың жеткілікті мөлшерін сақтандыру ұйымы есептейді. Бұл ретте Заң ережелеріне сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін айлық төлем мөлшері зейнетақы аннуитеті шарты жасалған күні қолданылған ең төмен зейнетақы көлемінен аз болуы мүмкін.

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «2016-2018 жылдарға арналған Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына сәйкес 25 824 теңге көлемінде ең төмен зейнетақы мөлшері белгіленді. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен зейнетақы мөлшері 28 148 теңге болады. 2016 жылы зейнетақы аннуитетінің болжалды ең төменгі құны 50 жастағы әйелдер үшін  8,6 млн. теңге, ерлер үшін 6,1 млн. теңге болды.

Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болған жағдайда ерікті жарналар есебінен құралған жинақтар пайдаланылады.

Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау немесе кейіннен зейнет жасына толған кезде БЖЗҚ-дан кесте бойынша алу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын сақтау – салымшының өз қалауы, саналы түрдегі таңдауы. Зейнетақы жинақтарының тағдыры туралы шешім қабылдай отырып, зейнетақы аннуитеті шартын мұқият оқып, ондағы біржолғы төлем, жылдық төлемдер мөлшері, кепілдік мерзімі және т.б. секілді бөлімдеріне назар аударған жөн. 

БЖЗҚ Байланыс орталығы 14-18

(Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін)

www.enpf.kz

Зейнетақы 5%-ға көбейеді

2018 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының қосымша 5%-ын белгілеу есебінен жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесін (ШЖЖ) енгізу қарастырылды. Анықтамасының өзі анықтап тұрғандай, бұл салымдарды жұмыс беруші енгізеді, сондықтан олар азаматтардың меншігі болмайды және мұраға қалдырылмайды.     

Осыған байланысты соңғы кездері халық арасында түсінбеушілік, одан қала сенімсіздік орын алуда. Оның себебі де бар. Жұмыс істейтін азаматтардың көпшілігі  10% міндетті зейнетақы жарналары болғандықтан, ЖМЗЖ-ның не үшін енгізілетінін білмей дал болуда. Олардың көпшілігінде жаңа өзгерістердің енгізілуіне орай жұмыс берушілер де жалақыны дәл сол 5%-ға азайтуы мүмкін деген үрей бар. 

Халықтың бұлай үрейленуі еліміздегі азаматтардың қаржылық сауаттылығының әлі де болса төмен деңгейде болуына байланысты. Ақпараттың қолжетімділігіне қарамастан, елімізде салымшылардың инвестициялық табысын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) алып отыр деп ойлайтын адамдар да кездеседі. Мұндай жаңсақ пікір қасақана ниеттен емес, зейнетақы мен қаржы жүйесінің жұмысын түсінбегендіктен туындап отыр. 

Енді ШЖЖ енгізу мәселесін барынша қарапайым тілмен түсінідіріп көрейік. Бүгінгі таңда зейнетақы үш бөліктен тұрады, олар – базалық, ортақ және жинақтаушы.

Базалық  – ең төменгі күнкөріс деңгейінің (ЕТК) 50%-ы. 2016 жылы ЕТК-нің жартысы 11 429 теңгеге тең болды. Зейнетақының бұл бөлігі еңбек өтіліне қарамастан зейнеткерлердің барлығына мемлекеттік қазынадан төленеді.

Ортақ. Бұл зейнетақыны 1998 жылға дейін аз дегенде жарты жыл еңбек өтілі болған адамдар алады (оған ЖОО-да оқыған кезең де кіреді). Яғни зейнетақының бұл бөлігін 1979-1980 жылдары туылған азаматтар соңғы рет алатын болады. Зейнетақының бұл бөлігі де бюджеттен беріледі.

Енді жинақтаушы зейнетақы бөлігіне тоқталайық. Бұл әлдеқайда жеңіл. Жинақтаушы жүйе дегеніміз салымшының өзі аударатын жинақ бөлігі, басқа сөзбен айтқанда 1998 жылдан бастап жалақыдан жеке зейнетақы шотына аударылып отыратын, дәулетті кәрілікті қамтамасыз етуге арналған 10% зейнетақы.   

Бұдан «зейнетақы бір нәрседен болса да жиналуда, онда ШЖЖ не үшін енгізу керек?» – деген сұрақ туындайды.

Мұның сырын анықтау үшін ортақ зейнетақыға оралайық. Сонау Кеңес одағы кезінде бір зейнеткер үшін төрт адам жұмыс істеген. Төрт еңбеккер тиісті салығын төлеп отырса, бір адам құрметті демалысының рахатын көріп отырған. Алайда, үкімет құлап, дағдарыс орын алған кезде халықтың жұмыс істейтін бөлігі айтарлықтай қысқарды, ал бұл мемлекет қазынасындағы түсімге де әсерін тигізді. 1998 жылға қарай бір зейнеткерге 1,8 жұмыскерден келіп отырды.      

Бұған қоса, сұрапыл соғыстан кейінгі 50-60 жылдары бала туу өте жоғары деңгейді көрсеткен болса, 90-шы жылдары бала туу деңгейі өте төмен көрсеткішке жеткен. Осыған орай, бүгінгі жұмыс істейтін жастар (25-30 жас) зейнеткерлерді (65-75 жас) толық көлемде қамтамасыз ете алмайды, себебі жұмыс істейтін халық саны кеңес заманымен салыстырғанда екі есеге азайған. Бірақ бүгінде бір зейнеткерге шаққанда жұмыс істейтін әрі зейнетақы жарналарын үздіксіз аударатын адамдар саны 90-жылдардың аяғына қарағанда біраз болса да көбейген - 2,2. Осы деректерді және 1998 жылға дейінгі еңбек өтілінің барған сайын азайып келе жатқанын ескере келіп, ортақ зейнетақы бөлігін біртіндеп ауыстыру қажеттілігінің туындағанын көреміз.      

Қазақстан халқының белгілі бір бөлігінің БЖЗҚ-ның үлгілі салымшылары емес екенін ұмытпаған жөн, олар зейнетақыны өте сирек аударады немесе мүлде аудармайды. БЖЗҚ-дағы 10 миллион шоттың ішіндегі БЖЗҚ-ға үздіксіз жарналар аударатын салымшылар саны 6,4 миллион адамды немесе халықтың жұмыс істейтін бөлігінің 75%-ын құрайды. Қалған белсенді, бірақ жарна аудармайтын тұрғындар да (ал ол 3,5 миллионнан асады) зейнет жасына толғаннан кейін «лайықты» зейнетақысын алғысы келеді.

 

Сондықтан жан-жақты есептеп, халықаралық тәжірибені игергеннен кейін ғана заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Оның ішінде базалық зейнетақы да бар. 2018 жылдан бастап 10 жыл және одан аз өтілі болған немесе өтілі мүлдем болмаған жағдайда зейнетақы мөлшері ЕТК-ның  50%-на тең болады. Ол әрбір келесі толық жыл үшін 2%-ға ұлғайып отырады. Яғни 20 жылдық өтіл болғанда, базалық зейнетақы 70%, 30 жыл болғанда - 90%, ал өтіл 35 жыл және одан да көп болғанда 100%  ЕТК-ны құрайтын болады. Бұған қоса өтіл еңбек кітапшасындағы жазбалармен ғана емес, БЖЗҚ-ға тұрақты аударылған зейнетақы жарналарымен де расталуы тиіс.

Зейнетақының жалпы сомасына жұмыс беруші есебінен төленетін жарналар да қосылуы тиіс. Жұмыс берушінің жаңа 5% міндетті зейнетақы жарналарының басты артықшылығы мынада: жұмыс беруші осы жарналарды аударатын зейнеткер (5 және одан да көп өтілі болғанда) өзінің шартты зейнетақы шотындағы қаражаты таусылса да, осы құрамдауыштағы зейнетақыны өмір бойы алатын болады. Жинақтар мұраға қалдырылмайтын болғандықтан, жүйеден кеткен (қайтыс болған/басқа жаққа кеткен)  адамдардың жинақтары басқа пулға қатысушылардың шоттарына бөлінеді. 

ШЖЖ үлгісі эксперимент үшін жасалған жаңа үлгі емес. Бұл Швеция, Норвегия, Латвия секілді және т.б. батыс елдерінде толыққанды жұмыс істеп келе жатқан зейнетақы үлгісі. 

Зейнетақы жүйесі үздіксіз дамып отырады. Қазақстанның зейнетақы үлгісінде үш тараптың: мемлекеттің, жұмыс беруші мен салымшының қатысуы және олардың мүдделі болуы көзделген. Мемлекет зейнетақының базалық деңгейіне, зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдігіне және БЖЗҚ-ның қызметіне жауап береді. Жұмыс берушіге және бәрімізге міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы әрі толық аудару мен қызметкердің шартты-жинақтаушы шоттарын толықтыру жауапкершілігі жүктелген. Өйткені бұл –  БІЗДІҢ болашағымыз.     

Ақпараттық хабарлама!

2016 жылдың « 26    » желтоқсандағы жер учаскелеріне жалдау құқығын сату жөнінде аукцион өткізіледі.

р/с

Орналасқан жері

Нысаналы мақсаты

Жалпы көлемі, га

Оның ішінде

Жер учаскесіне уақытша өтеулі

жер пайдалану құқығы

Кадастрлық немесе жалдау құны

Бірінші қадамдағы

сатылу бағасы

Төленуге тиіс жарнапұл мөлшері.

жайылым

басқа алқаптар

       

1

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, «Бұға» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

300,0

296,0

4,0

10 жыл мерзімге

84720-00

93192-00

4660

2

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Майшы» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

300,0

296,0

4,0

10 жыл мерзімге

84720-00

93192-00

4660

3

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылдық округі, «Сарысу» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

300,0

296,0

4,0

10 жыл мерзімге

84720-00

93192-00

4660

4

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, «Жылқыбаз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

28240-00

31064-00

1550

5

Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылдық округі, «Дөкербай» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

200,0

198,0

2,0

10 жыл мерзімге

43520-00

47872-00

2394

6

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Ғанибаз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

80640-00

88704-00

4435

7

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Ғанибаз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

80640-00

88704-00

4435

8

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Қосқұдық» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

22560-00

24816-00

1240

9

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Садудың магазині» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

200,0

198,0

2,0

10 жыл мерзімге

45120-00

49632-00

2480

10

Шиелі ауданы, Телікөл ауылдық округі, «Жылқыбаз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

28240-00

31064-00

1550

11

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, «Қауыс» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

90,0

90,0

0,0

10 жыл мерзімге

41976-00

46174-00

2310

12

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Қосүйенкі» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

50,0

50,0

0,0

10 жыл мерзімге

12900-00

14190-00

710

13

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, «Маторсуат» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

200,0

196,0

4,0

10 жыл мерзімге

125452-00

137997-00

6900

14

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, «Маторсуат» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

50,0

50,0

0,0

10 жыл мерзімге

31600-00

34760-00

1738

15

Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, «Үштал» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

35917-00

39509-00

1975

16

Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, «Үштал» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

35917-00

39509-00

1975

17

Шиелі ауданы, Иіркөл ауылдық округі, «Үштал» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

150,0

146,0

4,0

10 жыл мерзімге

53684-00

59053-00

2953

18

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, «Нұржан баз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

60,0

60,0

0,0

10 жыл мерзімге

21768-00

23944-00

1197

19

Шиелі ауданы, Гигант ауылдық округі, «Нұржан баз» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

50,0

50,0

0,0

10 жыл мерзімге

18140-00

19954-00

997

20

Шиелі ауданы Ортақшыл ауылдық округі, «Қожатоғай» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

130,0

127,0

3,0

10 жыл мерзімге

46800-00

51480-00

2574

21

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, «Әлімбай» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

560,0

554,0

6,0

10 жыл мерзімге

202079-00

222287-00

11114

22

Шиелі ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, «Әлімбай» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

100,0

98,0

2,0

10 жыл мерзімге

35917-00

39508-00

1975

23

Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округі, «Сауысқандық» өңірі

Шаруа қожалығын жүргізу үшін

1800,0

1750,0

50,0

10 жыл мерзімге

522720

574992

28749

Аукцион ағылшын тәртібімен өтеді.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар қажет:

  1. Аукционға қатысу үшін өтінім;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат;
  3. Кепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжаты. (депозиттік шот KZ620705034632506006, СТН 330800212048, БСН 060240011766, БИК KKMFKZ2A) Кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі;
  4. Заңды тұлғаның тіркелгені туралы куәлігінің және жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі.

Тапсырыстарды қабылдау осы ақпарат ресми жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде қабылданады.

Тапсырыстарды қабылдау Шиелі кенті, И. Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында «Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімі»  КММ-де жүргізіледі. Аукцион өткізілетін орын: Шиелі кенті, И. Әбдікәрімов көшесі №11 мекен-жайында, сағ 11:00 де. 

МАРАПАТ ТӨРІНДЕ – АУДАННЫҢ БАС ПОЛИЦЕЙІ

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай республика көлемінде көптеген шаралар өткізілуде. Тіпті, «25 жұлдызды күн» айдарымен еліміздің түкпір-түкпірінде тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміз бен алған асу-ларымыз екшеленіп, жұртшылыққа кеңінен  насихатталып жатыр.

Осы іспеттес шараларда жасаған жұмыстарының жемісін көріп, елдің алғысына бөленіп, марапат төрінен көрініп жүргендер де жеткілікті.  Солардың бірі– Шиелі аудандық ішкі істер бөлімініңбастығы, полиция подполковнигі  Тоқтыбаев Серік Əбдімəуленұлы. Күнді түнге, түнді күнге жалғап, таңның атысы, күннің батысы демей жұмыс жасайтын тəртіп сақшыларының қоғам қауіпсіздігі үшін орасан-зор атқарып жатқан жұмыстары бар. Ел өміріндегі түрлі келеңсіз жағдайларға бас-көз болып, қылмыскерлермен күрес жүргізетін полиция қызметкерлері қашанда халықтың қорғаны болып келген. Осындай бастамаларға жол сала жұмыс жасаған ауданның бас полицейі  С.Тоқтыбаев «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» деген ішкі істер министрлігінің арнайы медалімен марапатталды. Марапат биігінен көрініп жатқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы С.Əбдімəуленұлына құтты болсын айтып, бұдан да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Тестілеу залының Сұлтан Бейбарыс көшесі №1 құрылыс мекен-жайы бойынша облыстық мекемелер үйіне (облыс әкімдігі) көшірілгенін хабарлайды.

Осыған байланысты, мемлекеттік қызметке орналасуға үміткерлерге ҚР заңнамаларын білуге арналған тестілеу рәсімдері облыс әкімдігі ғимаратында өткізіледі.

Б.Сағынтаев қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтарды жылумен қамтуды ерекше бақылауға алуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысында жылу маусымының үзіліссіз өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ мереке күндері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Отырыс барысында Премьер-Министр азаматтарды жылумен қамту және апаттық жағдайларды болдырмау бойынша баяндамаларды тыңдады. Б.Сағынтаев өңір әкімдері жылу маусымын өткізуге тікелей жауапты екендігін атап өтті. Осыған байланысты Премьер-Министр ҚР Энергетика министрлігіне ЖЭС-тердегі, қазандықтар мен жанармай құю бекеттеріндегі отын қорын бақылауда ұстауды тапсырды. Өңірлердің әкімдеріне жылумен қамтуды үнемі бақылап отыруды жүктеді. Сонымен қатар, Премьер-Министр мереке күндері Ішкі істер министрлігіне күшейтілген қызмет режиміне көшуді тапсырды. Жаңажылдық шаралар өткізілетін орындарда өрт қауіпсіздігі мен қоғамдық қауіпсіздікті бақылауда ұстауды, автокөліктердің жолдардағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту қажет екендігін айтты. Тапсырмалардың орындалуын қадағалауды Премьер-Министр өзінің орынбасары Асқар Маминге жүктеді. Ақпарат көзі: primeminister.kz 

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

Естелік суретке түсіп, бір жиынды қортындылаған көшбасшылар дөңгелек үстел басына қайта оралды. Бұл жолғы басқосуға Тәжікстан президенті қосылды. Əңгіме экономикадан қауіпсіздікке ауысты. Бұл – Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының отырысы. Аймақтың тыныштығына алаңдаған алтылық лаңкестік және экстремистік қауіп-қатерлерге қарсы тұру, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрес тақырыптарын қаузады. Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: - Жаһандағы бүгінгі жағдайды бәріміз білеміз. Шиеленістер азаяр емес. Таяу Шығыстағы, нақтырақ айтқанда Сириядағы проблемалардың шешімі табылып жатқан жоқ. Мұның бәрі бізді алаңдатып отыр. Сондықтан бүгін кездесіп, осы мәселелерді талқылауға мүмкіндік жасалғанына мен қуаныштымын.

Дереккөз: 24.kz

Үкімет отырысында Заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қарастырылып жатыр

ҚР Үкіметі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырыс барысында заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарын қарастыруда. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жылға арналған жоспары Парламентке 26 заң жобасын әзірлеу мен енгізуді қарастырды. Дегенмен, жыл барысында қосымша түзетулер мен олар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттігіне байланысты бірқатар заң жобалары алынып тасталды. Сонымен бірге, олардың 7 заң жобасы 2017 жылға арналған жоспарда жандандырылды. ҚР Әділет министрі М.Бекетаев қазіргі таңда Парламентке 28 заң жобасын әзірлеп, енгізуді көздейтін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының жобасы әзірленгенін айтып өтті. Айта кету керек, заң жобаларын әзірлеуге Мемлекет басшысы мен Үкімет басшылығының тапсырмалары, сонымен қатар құқықтық мониторинг қорытындысы негіз болып табылады.  Ақпарат көзі: primeminister.kz 

Дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес төрағалығын Қырғызстанға табыстады

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік кодексі қабылданды. Үш жыл бой мыңдаған сарапшының талқысынан өткен құжатты одаққа мүше бес елдің басшылары мақұлдады. Енді экономикалық одаққа қатысушы елдердің кəсіпкерлері үшін тауар тасымалы жеңілдеп, кедендік рəсімдеулер оңтайландырылады. Қысқа қайырсақ, арада енді кем дегенде дорба жүреді. Санкт-Петербургте өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында тағы қандай ұсыныстар айтылып, нендей шешімдер шығарылды? Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жасаған жұмыс сапары аясында бүгін Владимир Путинмен кездесті. Ресей Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Константиновский сарайында әуелі екеуара жолығып, күн тәртібіндегі өзекті де өткір мәселелерді саралады. Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты бекемдеп, алыс-беріс пен барыс-келістің көкжиегін арттыру мақсатында өзара пікір алмасты. Елбасы Астана Сириядағы қақтығысушы тараптар арасындағы келіссөздерді өткізуге бейтарап алаң ұсынуға дайын екенін жеткізді. Естеріңізде болса, бұған дейін Ресей мен Түркия көшбасшылары пікірталас алаңын қазақ жерінде өткізуге мүдделі екендіктерін білдірген болатын. Владимир Путинмен кездесуі барысында Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы қолдайтынын тағы бір мəрте тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев Сириядағы қақтығысты бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерді біздің ел әрдайым қолдап келе жатқанына тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:  - Огромную нагрузку оказывает на вас, на Россию, работа в Сирии. Это, я считаю, для всего человечества, для всех людей планеты делается. И там уже проглядывается решение вопроса. По вашему предложению Казахстан готов принять все стороны для переговоров в Астане. Мы вчера говорили с вами с Эрдоганом, Рухани был с визитом в Казахстане. Они все согласны. Создадим все условия, чтобы они поработали и встретились. Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті: - Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Сізді Қазақстанның 25 жылдық Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Сіздің сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан бірегей жетістіктерге жетті. Қазақстан дамудың даңғыл жолындағы ел деп айтсақ артық емес. Сіздердің елдеріңіздің интеграциялық үрдіске қосып отырған үлесі зор. Біз Сізге шексіз алғысымызды білдіре отыра, бүгінгі кездесулер нәтижелі болады деген ойдамыз. Президенттердің сұхбатынан кейін, қос елдің делегаттары бірнеше құжаттарға қол қойды. Атап айтсақ, Байқоңыр кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасы мен 1995 жылдағы желтоқсандағы екі ел арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі мен ондағы атқарушы үкімет органда­рын құрудың тәртібі мен келісіміне өзгеріс енгізу туралы құжаттарды бекітті. 90-нан аса адам қаза тапқан ұшақ апатынан кейін Ресей халқы бұл күндері қара жамылды. Тулар төмен түсірілген. Санкт-Петербургтің көгі де ерекше түнеріп тұр. Елдегі ойын-сауық шаралары кейінге шегерілгенімен, ресми кездесулер жоспарлы түрде өтуде. Солардың бірі – Жоғары Еуразиялық кеңес отырысы. Ағымдағы жылда атқарылған шаруаны қорытындылау мақсатында одақ құрамындағы елдер басшылары мына Ельцин атындағы Президент кітапханасында бас қосты. Кестеге сәйкес шағын құрамдағы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті бастамас бұрын тараптар дәстүрден жаңылмай, әуелі естелік суретке түсті. Бұл Жоғары Еуразиялық экономикалық отырыстың биылдыққа осымен екінші мəрте кездесуі. Шарапаты мол шарада тек Беларусь Республикасының президенті ғана төбе көрсетпеді. Тараптар осындай құраммен мамыр айында Астанада Ақордада дəл осындай дөңгелек үстел басында жүздескен болатын. Соңғы басқосудан кейін əлемде талай жайттар белең алды, экономикалық дағдарыс альянс құрамындағы əр елдің есігін қақты. Сондықтан президенттердің бір жылда бірнеше мəрте жүздесуінің себебі жоқ емес. Осы орайда ұйымға төрағалық еткен Қазақстан Президенті атқарылған істерді пысықтап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев Экономикалық одақ құрылған екі жылдың ішінде толайым табыстарға қол жеткізілгенін жеткізді. Алғашында үш елден құралған интеграциялық ұйымның құрамы тағы екі мемлекетпен толықты. Демек бірлестікке мүдделілік артып келеді. Нәтижесінде Вьетнаммен еркін сауда аймағы құрылды. Бүгінде Қытай, Үндістан, Израиль, Мысыр, Иран, Камбоджа секілді елдермен ынтымақтасу мәселелері қарастырылып жатыр. Жібек жолын жаңғырту үрдісі де жан-жақты жүзеге асуда. Алайда əлі де шешімін таппаған мəселелер аз емес. Оларды саралап, сараптап, барлығына тиімді шешім қабылдау маңызды. Сондықтан одақ аясында дағдарысқа қарсы кеңес құрылған жөн. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев əріптестеріне осындай ұсыныс жасады. Оның қажеттілігін де жетесіне жеткізіп, түсіндіріп берді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республи­касының Президенті: - Особая роль по решению проблемных вопросов, прежде всего, должна отводиться Евразийской экономической комиссии. Сегодня важно заглянуть за горизонт кризиса, вырабатывать системные и долгосрочные решения, позволяющие выстроить дальнейшую стратегию развития ЕАЭС. В связи с этим необходимо создать антикризисный совет. Если главы государств это поддержат, предлагаю поручить комиссии совместно с нашими правительствами рассмотреть данный вопрос и принять соответствующее решение. Бұл жолғы Санкт-Петербургтегі жиынның мұраты бөлек. Төрт елдің басшылары үш жылдан бері түзілген, əбден сүзгіден өткен Еуразиялық одақтың кедендік кодексі туралы келісімшарт құжатына қол қойды. Бұл құжат күшіне енге­нге дейін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қатынастар Кеден Одағының кедендік кодексімен рәсімделіп келген еді. Жаңа кодекс келер жылдың шілде айынан бастап қолданысқа енеді. Құжатқа кедендік рəсімдеулерді оңтайландыру, бизнестің мемлекеттік органдармен қарым-қатынасын мейлінше ыңғайлы ететін алгоритмдер енгізілген. Тигран Саркисян, Еуразиялық экономикалық  комиссия алқасының төрағасы: - Төрт елдің басшылары кедендік кодекске қажетті құжатқа қол қойды. Бұл құжат қай елдің де болсын бизнесі үшін өте маңызды. Үрдіс қағазбастылықтан арылуға оң ықпалын тигізіп, сөзсіз кедендік қызметті жеңілдетеді. Және бір терезе қағидасы жүзеге асатын болады. Төрт елдің президенттері аталған құжатты Беларусь тарапына ұсынуды тапсырды. Беларусьтік әріптестер қол қойғаннан кейін құжат толық күшіне енеді. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесті қорытындылай келе, Нұ­рсұлтан Назарбаев төрағалықты айыр қалпақты қырғыз ағайындарына табыс етіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Естелік суретке түсіп, бір жиынды ақтаған көшбасшылар дөңгелек үстел басына қайта оралды. Бұл жолғы басқосуға Тәжікстан президенті қосылды. Əңгіме ауаны экономикадан қауіпсіздікке ауысты. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы отырысы. Аймақтың тыныштығына алаңдаған алтылық лаңкестік және экстремистік қауіп-қатерлерге қарсы тұру, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрес тақырыптарын қаузады. Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті - Біз әлемнің әр елінде болып жатқан түрлі жағдайлар туралы құлағдармыз. Проблемаға толы қақтығыстар мен белең алып жатқан елдердің саны азайып отырған жоқ. Ал бұрынғы кикілжіңдер өкінішке орай ойдағыдай шешімін таппай отыр. Оған Ауғанстан мен Таяу Шығыс, Сириядағы ахуал дәлел. Мұның барлығы әрине, бізді алаңдатады. Осы мәселелерді сіздермен бірлесе шешуге мүмкіндік алғаныма мен өте қуаныштымын. Түрлі тақырыпты талқылаған тараптар күн тәртібінде көтерілген түйткілдердің түйінін тарқатып, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының келесі отырысын сәуір айында өткізуге уағдаласты. Авторлары: Елдар Бақпаев, Өмірбек Ізімов, Жанұзақ Боранбаев, Хасен Омарқұлов, Алмас Омарғалиев 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хасан Руханимен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Иран президенті Хасан Руханимен кездесті. Қазақстан үшін Иран мұсылман әлеміндегі ең маңызды әріптес әрі Каспий жағалауындағы тату көрші мемлекет. Бұл туралы бүгін Ақордада Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Руханимен кеңейтілген құрамда кездескен елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Бұл биылдың өзінде, қос мемлекет басшысының екінші рет басқосуы. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде, Иранның Қазақстан тәуелсіздігін алғаш болып құттықтаған мұсылман ел екенін атап өтіп, оны ешқашан ұмытпайтынын алға тартты. Сондай-ақ, Хасан Руханидің ядролық мәселелерді шешуге бағытында атқарған еңбегін жоғары бағалады. Жалпы Иранда экономикалық бұғаулар алынған бір жылдың ішінде, қаржылық әлеуетін жақсартып алды. Соның арқасында, сәуір айында еліміз осы мемлекетпен жалпы сомасы 1 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімге қол қойды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Біз үшін сіз жүргізіп отырған саясат бүкіл Каспий төңірегіндегі елдер үшін пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Біз биылғы жылдың сәуір айында Тегеранда өткізген келіссөздерімізді, бүгінгі келуіңіз жалғасады деп санаймын. Өте көп пайдалы болады деп санаймын. Сол мен жасаған сапардан кейінгі нәтиже шеңберінде жалпы сомасы 1 млрд доллардан асатын келісімге қол қойылған. Сапарыңызға оң болсын деп тілеймін. Сіздің делегацияның Қазақстандағы сапарыңызда қойылған барлық мәселелерді шешуге дайынбыз. Өз кезегінде Хасан Рухани де Қазақстан-Иран қарым-қатынасына тұсау болған кейбір кедергілердің жойылатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, арадағы достық байланысты жан-жақты жалғастыру қажеттігін тілге тиек етті. Оған қоса, Нұрсұлтан Назарбаевтың Иран мен "үлкен алтылық" арасындағы ядролық келісімге қосқан үлесін ерекше атап өтті. Хасан Рухани, Иран Ислам Республикасының Президенті: - Бейбіт атом саласындағы Иран мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық үшін сізге шынайы алғысымды білдіремін. Сіз әр уақытта халықаралық аренада, ұйымдарда және өңірлік деңгейде Иранға қолдау білдіріп келесіз. Біздің қарым-қатынасымыздың дамуына бөгет болатын кейбір кедергілердің жойылатындығына сенім артамыз.

Дереккөз: 24.kz

Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым мүшелері ұсталды

Ел аумағында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экстремистерге қарсы арнайы операциялары жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни экстремистік ұйымының 16 мүшесі ұсталды. Олар «діни алауыздықты қоздырды» және «тыйым салынған ұйымдардың іс-әрекетіне қатысты» деген күдік бар. Жедел іс-шаралар бір мезгілде Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Алматы қаласында жүріп жатыр. Айта кеткен жөн, экстремистік ұйым мүшелері «сенбеушілік үшін айыптау» немесе «такфир» деп аталатын ұстанымды насихаттайды. «Әл-Каида», «ДАИШ» және басқа да бірқатар террористік ұйымдар да осы идеологияны ұстанатыны белгілі. «Ат-Такфир уаль-Хиджра» жолын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы террористердің іс-әрекеттерін қолдайды және еліміздің конституциялық заңдары мен зайырлы басқару түрін мойындамайды. Аталған ұйым 2014 жылы сот шешімімен экстремистік деп танылып, Қазақстанда оның әрекетіне тыйым салынған. Ол АҚШ, Ресей, Қытай,, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және өзге де елдердің террористік ұйымдар тізімінде тұр. Мақсатбек Қайырғалиев, «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы: - Ата-бабамыз қабылдаған сунниттік исламның ханафи мәзһабының үлгісін бұлар теріске шығарып, өздерінің идеяларын қабылдамаған адамды бірден такфирге шығарады. Такфир дегеніміз – ол кісі дінде жоқ. Яғни, дінде жоқ деген кісі оның малын да, жанын да, өздеріне қалай ыңғайы келеді, солай алып ала аламыз, кез-келген уақытта, кез-келген жерде. Сондай-ақ билік тек қана өз қолында болып, Қазақстанның Ата заңында қабылдаған зайырлық қоғам деген нәрсенің түсінігін мүлде қабылдамайды.

Дереккөз: 24.kz

25 елді жүріп өткен велосаяхатшылар елге оралды

Қазақстандық велосаяхатшылар Талғат Жұмабеков пен Асқар Сызбаев 9 905 шақырымға созылған сапардан оралды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған велосаяхатта жігіттер Еуропаның 25 елінде болып, егемендік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін дәріптеді. 24 тамызда Атыраудан кәрі құрлыққа велосипедпен сапар шеккен әуесқой велоспортшылар үш жарым айға созылған саяхатты 10 желтоқсанда Барселонада аяқтады. Осы аралықта еліміздегі бірлік пен келісімді насихаттаған жерлестеріміз Қазақстанның интеграция туралы ұстанымын паш етіп, Еуразия жүрегіндегі еліміздің кешегі келбеті мен кемел келешегі жөнінде баяндады. Талғат Жұмабеков, велосаяхатшы: - Біздің велосаяхат әлі жалғасады. Жер шарындағы 140-тан астам елді аралап шығуға бел будық. Бірінші кезең аяқталды. Енді Америка мен Африканы және Азия құрлығына сапар шегуді жоспарлап отырмыз. Қазақстанның тыныштықты қалайтын бейбіт ел екенін әлем халқы білсе дейміз.

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысының қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі 20 пайызға артады. Осылайша, бұл өсім 2 миллионнан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты. Сонымен қатар Елбасы Үкіметке 2017 жылдың 1 шілдесінен бала туылғанда берілетін жәрдемақыны 20 пайызға көбейтуді тапсырды. Президент біздегі бала туу деңгейі жоғары екенін, өсім 55 пайызға жеткенін де атап өтті. Айта кетейік, бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайындағы шараға ел дамуына елеулі үлесін қосып, қоғамдық өмірге белсене қатысқан азаматтар жиналды. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған ширек ғасыр аралығында асқан асу мен бағындырған белестерді шолып өтті. 25 жылда дала мен қаланы қатар гүлдендірген қуатты мемлекетке, салиқалы саясатын жүргізген ұлағатты ұлтқа, шекарамызды шегендеген мығым елге айналғанымызға тоқталды. Қазақстан әлем үшін тұрақты мемлекет. Сондықтан болар бүгінге дейін 265 млрд доллар инвестиция құйылған. Әлеуметтің әлеуеті артты. Осыдан 20 жыл бұрын елдегі кедейлік деңгейі 36 пайыз болса, қазір бұл көрсеткіш 12 есеге азайған. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет дамуына үлесін қосқан барлық отандасқа ыстық ықыласын білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Тұғыры мығым, мәртебесі биік тәуелсіз Қазақстанды біз бәріміз бірге жасадық. Бүкіл қазақстандықтар болып, әрине, оның ішінде сіздер де барсыздар. Мен бүгінгі мерейлі сәтте ел дамуына үлесін қосқан әр отандасыма айрықша ықыласымды білдіремін. Киелі осы ұлы мемлекет құруда, елді біріктіруге жасаған жұмыс шаруамызда Алатаудың баурайындағы азаттықтың алтын бесігі Алматы бар. Жағасын қарт Каспий толқындары сүйген мұнайлы өлке атыраулық және маңғыстаулық ағайын. Кеншілер мекені қарағандылықтар, байтақ даланың қос жұлдызы сұлу Көкше мен Баянауыл өңірлерінің және шұрайлы Шымкенттің тұрғындары толассыз тер төкті. Жер жәннаты жетісулықтар мен Ақ Жайық ару мекен батысқазақстандық бауырлар, асты мен үсті байлыққа толы кенді Алтай өңірі, талай тарихтың куәсі Жамбыл тұрғындары ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Сіздердің әрқайсыларыңыз еңбектеріңіз тәуелсіздіктің тұғырын нығайту жолында маған ересен күш, қуат берді. Елбасы осы 25 жылдағы басты жетістік ретінде Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырып, Әнұранымызды әлем көгінде әуелетіп, төл теңгемізді енгізгенімізді айрықша атап өтті. 1500 жыл бұрын күлтегін тұсында жазылған «Мәңгілік ел» ұғымын жалпыұлттық идеяға айналдыруымыздың маңызын тарқатты. Сонымен қатар, қазақ тілінің дамуына тоқталды. Ана тілі мен ұлттық мәдениетіміздің жаһандық-гуманитарлық кеңістікке еркін енуін қамтамасыз ете алғанымызды айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қазақтың тілі өздеріңіз де көріп, естідіңіздер БҰҰ Бас ассамблеясының төрінен естілді. Ол ғарыштан да естілді, ол бүгінде интернеттің де тілі. Отандық ақпарат құралдарының басым көпшілігі қазақша шығады. Естеріңізде болса бір кезде Алматыда бір ғана қазақ мектебі бар еді Тәуелсіздікке дейін. Өткен 25 жылда қазақ тілінде білім беретін 1000-нан астам мектеп ашылды. Біздің тілде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Мажарстан, Польша, Әзірбайжан, Армения сияқты елдердің белді университеттерінде оқытылады. Бүгінгі таңда мектеп оқушыларының үштен екісінің астамы, студенттердің 60 пайызы мемлекеттік тілде білім алып жатыр.

Дереккөз: 24.kz

Шавкат Мирзиёев Елбасын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Президенті Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, халқымыздың одан әрі өсіп-өркендеуіне тілектестік білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кірісуімен құттықтады. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылап, Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығын жандандырудың маңыздылығын атап өтті.   Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды. 
Дереккөз: 24.kz

Елбасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай амнистия туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай амнистия туралы» Заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  

Дереккөз: 24.kz

KASE қорытындысы: 1 доллар = 330,24 теңге

Қор биржасындағы күндізгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бір доллардың құны 330 теңге 59 тиынды құрады. Ал таңғы және күндізгі сессиялардың қорытындысы бойынша 330,24 теңгені құрады.

Дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев: Тәуелсіздік – кез келген елдің баға жетпейтін ең қастерлі құндылығы

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен елге еңбегі сіңген бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына сүбелі үлес қосқандар арасында бизнес, білім, денсаулық сақтау және өндіріс саласының өкілдері мен әскерилер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым мен мәдениет қайраткерлері бар. Мәселен, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Серік Ақшолақов пен Қостанай облысындағы «Қарасу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Алмат Тұрсыновқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Үшінші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденіне өнеркәсіп пен құрылыста және ауыл шаруашылығында еңбек етіп жүрген 72 жұмысшы ие болды. Мәдениет пен ғылымда және әлеуметтік саладағы белсенділігі үшін 53 адам «Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi» атағын алды. Ал Құрмет грамотасымен 539 адам марапатталды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қадірлі қауым, отандастар! Баршаңызды алда келе жатқан сәулелі мерекеміз – Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қазақ елінің жаһанға танылған барлық игілігіміздің бастауы болған ең ұлық, басты мерекеміз. Сіздер осындай айтулы күннің қарсаңында жоғарғы марапат мәртебесіне жетіп отырсыздар. Бұл жеке азаматтарымыз арқылы барша халқымыздың істеген ерен еңбегіне деген баға болады. Кез келген ел-жұрттан ерен өнерімен, мәйекті мәдениетімен ерекшеленеді. Бұл ретте талантты туынды тұтас ұлттың рухани қазынасын байыта түседі. Ардақты ағайын, тәуелсіздік кез келген елдің баға жетпейтін ең қастерлі құндылығы болып саналады. Біз азаттықтың арқасында айымыз оңынан туып, төрткүл дүниеге түгел танылған халықпыз. Ширек ғасырда ел есінде қалатын ұланғайыр істер атқардық. Осы жылдардағы барлық жетістік әрбір қазақстандықтың ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Источник:24.kz

Елбасы Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында ел дамуына үлес қосқан азаматтардың бір тобын марапаттады

Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқарма төрағасы С.Қ.Ақшолақовқа және Қостанай облысының «ТПК «Қарасу» ЖШС бас директоры А.Ж.Тұрсыновқа берілді. «Отан» орденімен Астана қаласы «Стройконструкция» АҚ президенті В.Д.Буллер, І дәрежелі «Барыс» орденімен - Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Р.Жақсыбеков және Жоғарғы соттың Төрағасы Қ.Ә.Мәми, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК нұсқаушы-спортшысы З.Р.Габидуллина, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ президентінің кеңесшісі Ф.Х.Галимов, «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы» РҚБ президенті М.Жұрынов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы К.Қ.Мәсімов, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі М.М.Тәжин, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының институт директоры З.Л.Федотова, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен - журналист, қоғам қайраткері А.Бекбосын, Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Ә.Бекназаров, «Базис» холдинг компаниясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы А.Я.Белович, композитор А.Қоразбаев, Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Н.А.Коржова, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары М.А.Құл-Мұхаммед, Оңтүстік Қазақстан облысы «САУТС ОЙЛ» ЖШС президенті С.Сейтжанов, Ақмола облысы «Агрофирма «TNK» ЖШС бас директоры Б.Т.Уәлиев, академик Т.Шарманов, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү.Б.Шаяхметова және басқалар марапатталады. Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында «Тұран» университетінің ректоры Р.А.Алшанов, актер Д.Т.Ахимов, «Ұлттық өнер» ЖШС директоры Т.Н.Бурмистрова, «Қазақстан Алюминийі» АҚ президенті А.Б.Есенжолов, жазушы Қ.Жиенбай, «Камерата Казахстана» классикалық музыка ансамблі» РМКК директоры Г.К.Мырзабекова, Маңғыстау облысы «Сенек» ЖШС директоры Қ.Наурызмағанбетов, «Еуразиялық құқық қорғау орталығы» ҚҚ президенті Е.Н.Нұрғалиева, Солтүстік Қазақстан облысы «Тайынша-Астық» ЖШС бас директоры А.Б.Рафальский, Сәулетшілер одағының президенті А.И.Рүстембеков, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртістері Қ.Тастанбеков пен Т.Тасыбекова, ақын С.Тұрғынбекұлы бар. ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Вайнах» Қарағанды облысының чешен-ингуш этномәдени бірлестігі» ҚБ төрағасы У.Х.Джанаев, Астана қаласы «Жастар театры» МКҚК көркемдік жетекшісі Н.Жақыпбай, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» РҚБ президенті Б.Т.Жұмағұлов, «Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» РМК профессоры Н.Ә.Каюпова, «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК директоры Л.А.Ни, «С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК профессоры К.С.Ормантаев, әнші Р.Қ.Рымбаева, жазушы Р.Сейсенбаев, Моңғолияның «Жерлестер» қазақ қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары С.Тәукейұлы және басқалар ие болды. «Құрмет» орденімен марапатталғандар қатарында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМК профессоры Қ.Алпысбаев, жазушы Ж.Ахмадиев, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы «№19 жалпы орта білім беру мектебі» ММ директоры Ә.С.Ахмерова, режиссер Р.Ж.Әбдірашов, Алматы қаласы «аймақтық диагностикалық орталық» РМК рентгенолог-дәрігері М.С.Байжанов, «Ертіс су жолдары кәсіпорны» РМҚК «Малайсары Тархан» кемесінің кезекті капитан-механигі А.Н.Бедрин, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М.С.Бекбосынова, «Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі» МКҚК директоры К.Ш.Ботабаев, Алматы облысы «Дәулет Бекет» ЖШС бас директоры С.Ә.Дәулетов, Атырау облысы Елтай ауылдық округінің әкімі Е.Ж.Дүйшім, Батыс Қазақстан облысы «Киргенев» ШҚ басшысы Қ.Е.Киргенев, Ақтөбе қаласы «Облыстық Достық Үйі» МКҚК «Достық сазы» халықтық фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі Б.Ж.Зейнелов, шахматшы Д.Р.Сәдуақасова, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б.Солтыбаев бар. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа материалдық өндіріс салаларының 72 жұмысшысы мен еңбеккері «Еңбек Даңқы» орденінің иегерлері атанды. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 53 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен 539 адам наградталды. Әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің бір тобы І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен, І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Ерлігі үшін» және «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды. Наградталғандардың тізімі жергілікті баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы мұнай-газ саласының үздіктерін марапаттады

Елбасы еліне еңбегі сіңген, мұнай-газ саласында көш бастап жүрген үздіктерді марапаттады. Атап айтсақ, PSA жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Кенжебек Ыбырашев үшінші дәрежелі «Барыс» орденінің, «Қазмұнайгаз» барлау өндіру акционерлік қоғамының бас директоры Құрманғазы Есқазиев «Құрмет» орденінің иегері атанса, бірқатар компания басшыларының да еңбегі еленді. Сонымен қатар Президент үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыстап, жұмыстарына табыс тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Инженелер бар, шетелдік біздің достарымыз бар. Тағы да тәуелсіздіктің мерекесімен құттықтап, жүзіміз жарқын болсын, әр уақытта еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Дереккөз:24.kz

Елбасы халықаралық мұнай-газ компанияларының басшыларымен кездесті

«ExxonMobil» компаниясының президенті Д.Вудс, «Total E&P» компаниясының президенті А.Брейяк, «Royal Dutch Shell» компаниясының бас атқарушы директоры Б.ван Берден және «Eni» компаниясының барлау және өндіру жөніндегі бас директоры А.Велла қатысқан кездесуде Қазақстанның мұнай-газ саласындағы әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы барлық мәселелерді, соның ішінде экологиялық түйткілдерді шешу үшін бірлесе күш жұмсаудың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан Үкіметі мен Шетелдік инвесторлар кеңесі ынтымақтастығымыздың аясын кеңейтуге қатысты барлық мәселені қарастыруға дайын», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. «ExxonMobil», «Total E&P», «Royal Dutch Shell» және «Eni» компанияларының басшылары республикамызда қолайлы инвестициялық жағдай жасалғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, Тәуелсіздігіміздің мерейтойымен құттықтады. Соңында Мемлекет басшысы бірлескен жобаларды жүзеге асырушыларға  табыс тілеп, өзара тиімді ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенім білдірді.

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы мұнай саласының өкілдерімен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына жұмыс сапарымен барды. Президент мұнай саласының өкілдерімен кездесіп, өңір басшысы Нұрлан Ноғаев аймақтың экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы есеп берді. Облыста 1991 жылы 3 млн теңге инвестиция құйылған болса, биыл бұл көрсеткіш 1 трлн 646 млрд теңгеге жеткен. Басқосуда телекөпір ұйымдастырылып, Президент бірқатар ірі нысанның жұмысымен танысты. Солардың бірі – Қашаған кен орны. Жыл соңына дейін мұнда 1 млн тонна мұнай өндірілмек. Сонымен қатар, «Болашақ» зауыты байланысқа шығып, жұмыс барысы туралы баяндады. «ҚазТрансОйл» МПС 663-шақырымдағы нысанын Елбасы телекөпір арқылы іске қосып, қызметтеріне сәттілік тіледі.   Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Мұнайлы жерден алу бар, шығару бар. Оны экспортқа шығаратын құбырлар, бәрі қолдарында. Қазір желдің өтіне қарамай жұмыс істеп жатырсыңдар, табысты болыңдар! Бұл деген еліміздің 25 жылдығына әкелген өте үлкен сыйлық болып саналады. Елдің бәрін қуантады.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Қашаған кен орнындағы «Д» аралының жұмысымен танысты

Елбасы Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралы – теңіз операциялары орталығының жұмысымен танысты. Бұл Қашағандағы мұнай өндіру және газды жер қабатына қайта айдауға арналған негізгі технологиялық кешен. Теңіз құрылысын салуға 13 млн тонна тау жынысы мен 12 млн әктас қолданылған. Қазіргі уақытта кен орнында тәулігіне 100-120 мың баррелль мұнай өндіріледі. Кездесу барысында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысына бертінде жұмысын бастаған Қашаған кен орны туралы баяндады. Жыл аяғына дейін мұнда 1 млн тонна мұнай, 680 млн текше метр газ өндіру жоспарланғанын жеткізді. Елбасы мұнайлы өлкенің ел экономикасына қосып келе жатқан сүбелі үлесін атап өтті. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан мұнайдың ең үлкен қоры бар 12 мемлекеттің қатарына кіргеніне тоқталды. Қашаған кен орнының ашылуы соңғы 50 жылдағы дүниежүзілік энергетиканың ең елеулі оқиғасы. Нұрсұлтан Назарбаев бүгін бұл жаңалықты ресми түрде жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Бұл өте үлкен оқиға. Кейінгі кезде бұндай ашылмаған. Қашаған Қазақстан халқына, атыраулықтарға, барлығымызға үлкен қуаныш. Еліміздің дәрежесін де, жағдайын да көтереді деп есептейміз. Қазір әрине, мұнай мен газдың бағасы төмендеп тұр. Дегенмен, болашақта талай онжылдықтар алдымызда. Мұнай да керек болады, газ да керек болады, бағасы да көтеріледі. Жағдай болады. Бұл өте қуанышты. Осы қуанышпен барлықтарыңызды құттықтаймын!

Дереккөз: 24.kz

«28 панфиловшы» фильмі прокатта көшбасшылар қатарында

Қазақстан мен Ресей бірлесіп өндірген «28 панфиловшы» фильмі прокатта көшбасшылар қатарында тұр. Қазақстан аумағында бірінші аптадағы есеп бойынша 30 миллионнан астам қаржы жинады. Қысқа мерзімнің ішінде мол қаржы жинауына қарағанда көрермендер арасында танымал болып отыр. Көрермендер қызығушылының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтілуде, деп хабарлайды  Ш.Айманов атындағы «ҚАЗАҚФИЛЬМ» АҚ баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы түсірген. Айта кеткен жөн, генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Қаржыны жинауға 35 мыңнан астам адам қатысып, 34,7 миллион рубль жиналған. Сондықтан да фильм «халықтық кино» аталып отыр. Фильмге жұмсалған қаражат 150 миллион рубльді құрайды. Ресейлік «Кинозалдардағы көрсетілімдер туралы мағлұматты беретін Федералды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» ақпараты бойынша 30 қарашаға «28 панфиловшы» фильмінің Ресейдегі көрсеткіші 209,8 млн рубльді құрап, 878944 көрермен көрген. Осылайша, соғыс тақырыбына Қазақстан мен Ресей елдері бірлесе түсірген фильмнің прокаттағы бірінші аптада жинаған сомасы оған жұмсалған қаржыдан асып түсті. «28 панфиловшы» – 1941 жылы Алматыда жасақталған генерал Панфиловтың 316-атқыштар дивизиясының ерлігіне арналған алғашқы бірлескен жоба. «28 панфиловшы» – 1941жылдың қарашасында Волоколамск тас жолында неміс әскеріне төтеп берген Панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің жасаған ерлігі бейнеленген көркем фильм. Фильм Советтік әскери кинопевестердің эстетикасын ұстана отырып түсірілген. Бұл туынды рухы биік қарапайым әскерге арналған ескерткіш. Фильмнің көркемдік формасы В.Высоцкийдің әндерімен әуендес, С.Гудзенконың өлеңдеріне жақын, сондай-ақ П.Кривоноговтың суреттері мен Е.Вучетичтің статуяларына ұқсас келеді. Фильмдегі оқиға 1941 жылдың күзінде болған. Жазбаша дерек бойынша 1941 жылдың 16 қарашасында генерал И.В.Панфилов қолбасшылық еткен 316-шы атқыштар дивизиясының 28 сарбазы Дубосеково разъезін қорғап, Мәскеуге бет алған немістің танк батальонын тоқтатады. Сюжет толығымен кеңес сарбаздарының ерлігіне арналған. Туындының түсірілімі екі мемлекеттің аумағында жүргізілді. Қысқы көріністер Санкт-Петербург пен Иваново төңірегінде түсірілген. Соңғы кадрларда Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ көрсетіледі.

Источник: 24.kz

Елімізде алкоголі аз ішімдік өнімдерін жарнамалауға рұқсат етілуі мүмкін

Елімізде алкоголі аз ішімдік өнімдерін жарнамалауға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Дереккөз: 24.kz

50 бүлдіршін мен 15 әйел содырлардан азат болды

Ливияның Сирт қаласындағы Аль-Джиза ауданында бекінген лаңкестерден соңғы 4 күн ішінде 50 бала мен 15 әйел босатылды. Олардың барлығы жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізіліп медициналық көмек көрсетілген. Айта кетейік, АҚШ әуе күштерінің қолдауымен Ливия әскері Сирт шаһарын содырлардан азат ету операциясын алты айдан бері жалғастырып келеді. Жерорта теңізінің жағалауына бекінген лаңкестер өздерімен бірге бірнеше отбасыны кепілдікке алып кеткен. Бұл билік әскерінің ол аймаққа толассыз оқ жаудыруына тоқтау болып отыр. Мұхаммед Әл-Джезри, Ливия әскерінің өкілі: - Бүлдіршіндерді құтқару кезінде бірнеше жауынгеріміз мерт болып, тағы бірнешеуі жарақат алды. Олар балалардың жанын аман сақтап, өздерін құрбан етті. Бұл – әскерилер үшін абыройлы міндет. Көп ұзамай Әл-Джиза ауданын да содырлардан азат етеміз деп сенемін.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинді қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесуде Байқоңыр ғарыш айлағын одан әрі дамыту, сондай-ақ қорғаныс және қару-жарақ мәселелері жөнінде Қазақстан мен Ресей үкіметтері жүргізіп жатқан жұмыстар барысы қарастырылды.  – Біз қорғаныс өнеркәсібі саласында бірлескен кәсіпорындар құру мәселесін бұған дейін де талқыладық. Осы мақсатпен біздің елде жеке министрлік құрылды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысына Ресей Үкіметінің вице-премьері болашақта бірлесе жүзеге асырылатын «Бәйтерек» жобасының техникалық жағы туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. – Бұл жоба мүлде жаңа зымыран-ғарыш техникасын жасауға және зымыран жөнелту кешенін жаңғыртуға бағытталған. Жоба жөнінде қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел басшылары тарапынан ресми рәсімделген жағдайда Байқоңыр қаласы мен жөнелту кешенін дамытудың жарқын перспективасына жол ашылады, – деді Д.Рогозин. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасында экономиканың басқа салалары бойынша да ілгерілеушіліктер бар екенін атап өтті. 

Дереккөз:24.kz

Еліміздегі 30 мың жазасын өтеушіге рақымшылық жасалуы мүмкін

Елімізде қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылған 30 мың жазасын өтеушіге рақымшылық жасалады. Ізгілендіру шарасы бүгін Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобында қаралған жаңа заң жобасы аясында жүзеге асуы мүмкін. Бас прокурордың орынбасары Иоганн Меркельдің айтуынша, рақымшылыққа нақты қандай бап бойынша қылмыс жасағандар ілігетіні белгісіз. Бір анығы, қоғамға едәуір қауіп төндіретін жазасын өтеушілер бостандыққа шығарылмайды. Айта кеткен жөн, заң жобасы тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай қолға алынып отыр. Сөйтіп, рақымшылық шарасы ел тарихында осымен 9-шы рет қолданылуы ықтимал. Иоганн Меркель, ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары: - Қазір Қазақстандағы түрмелерде қамауға алындарды есептегенде, 36 мың адам отыр. Солардың шамамен 1800-i бостандыққа шығуы мүмкін. Бұлардан бөлек, шартты түрде жазаға кесiлген, айыппұл арқалаған және қоғамдық жұмысқа тартылған өзге де жазасын өтеушілер бар. Соған сәйкес, 30 мың адамға рақымшылық жасалады. Заң жобасы халық қалаулылары, құқық қорғаушы орган өкілдері және заңгерлердің қызу талқысынан өтіп, палата қарауына ұсынылады. Қазір оған қатысты ұсыныс-пікірлер тыңдалып жатыр. Сондай-ақ, бостандыққа шыққан адамдарды қоғамға бейімдеу жұмысын жетілдіру көзделіп отыр. Нұрлан Дулатбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Әрине, террористік акті немесе үлкен қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды. Педофилдерге мысалы. Ал енді экономикалық немесе жасөспірімге қабылдаймыз. Оған мемлекет және оларды акті жасағаннан кейін қарау жұмыстарын, рецидиві болмауына мемлекеттік органдар қарап отыр.

Дереккөз: 24.kz

Елордада Мемлекет басшысының штандарты көтерілді

Тұңғыш Президент күнін атап өту әдеттегідей Ақордадан басталды. Ресми шараның негізгі бөлігін бастау Мемлекеттік күзет қызметінің мойнында. Сондықтан таңдаулы сарбаздар сап түзеп, алдымен Мемлекет басшысының байрағы көкке көтерілді. Сөйтіп әнұранның әуенімен ту тұғырына қонып, соңы әскери шеруге ұласты.  Елдар Бақпаев, тілші: - Бағаналы орда, бас ордаға аттап басу әр адамның арманы. Бүгінгі мереке күні біз көрермендерімізге осындай мүмкіндік ұсынамыз. Ақорданы аралап, атаулы күнге дайындық барысын көрсетеміз. Өйткені Тұңғыш Президент күнін атап өту осы Ақордадан басталады. Ендеше бас ғимараттың ерекшелігіне рет-ретімен тоқталайын. Бұл – салтанатты рәсімдер залы. Шаршы метрі шамамен 3 бөлмелі 17 пәтердің ауданына пара-пар. Бас орданың басшысы құрметті қонақтарын осы төрге шығарады. Келушілерді сәбиін құшақтаған ана мен жауынгер бейнесі қарсы алады. Мұның да мән-мағынасы тереңде. Бұл ұлт үшін алтын құрсақты ана мен еліне қорған болар азаматтан асқан қазынаның жоқтығын аңғартады. Айналаның бәрі мәрмәр таспен әрленген. Салмағы 3 тоннадан асатын аспалы шам да Ақорданың көркін аша түскендей. Бұл залда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 100-ден астам өзге елдің Президенттерін қабылдап, түрлі деңгейдегі кездесулер өткізген. Бұл салтанатты рәсімдер залында өнер көрсету тек Президент оркестріне ғана бұйырған. Өз ісінің шеберлері болса да, музыканттар əр шараға тыңғылықты дайындалады. Қайта-қайта аспаптарын тексеріп, орындайтын шығармаларын пысықтайды. Бүгін де солай. Өйткені көрермендері түрлі елдің президенттері мен лауазымды тұлғалары, ал қатысатын іс-шаралары қашан да мемлекет үшін маңызды. Құрмет қарауылының сарбаздары да соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Бұлар Қазақстан әскерінің элитасы саналады. Ақорда осы азаматтарға аманатталған. Президенттің қатысуымен өтетін барлық салтанатты рәсімдерде сап түзейді, шет мемлекеттердің бірінші тұлғаларын күтіп алады. Бірер уақыттан кейін жігіттердің жүзіндегі бұл күлкі сап тыйылады. Екі-үш сағат тапжылмай аяғынан тік тұру екінің бірінің қолынан келмейді. Бірақ ең қиыны ол емес. Бұл сарбаздар үш-төрт айдың ішінде сүңгі пышақпен орындалатын барлық қауіпті трюктарды меңгереді. Арқалаған міндеттері жеңіл емес, жүктелген талап та жоғары. Көру қабілеті жетік, бойы мен дене салмағының ара қатынасы қалыпты, бетінде ешқандай тыртық белгілері болмауы, өзі де, туысқандары да істі болмауы, денсаулығы мықты, түр-тұлғасы келіскен, бойы ұзын, білімі жоғары болуы шарт. Бетінде тыртығы, өмірбаянында міні болмауы керек. Өздері былай тұрсын, туысқандарының арасында заңға қайшы келгендер болса іріктеуден өтпейді. Бір сөзбен айтқанда, тырнағының ұшына дейін мінсіз жігіттер ғана қарауыл сарбазы атана алады. Ақорданың алдында Айбын Президенттік полкінің сардарлары сап түзеді. Шарадан шашау шығармай өткізуге бүгінгі ауа райы да септігін тигізіп тұрғандай. Бойында қайраты, жүзінде айбаты бар әскерилер міндетті мінсіз атқарды. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы, генерал-лейтенат Күреңбековке баяндама жасады. Осылай əуелеген əнұран үнімен Мемлекет басшысының байрағы да тұғырына қонды. Демек қос тудың көкте желбіреуі Тұңғыш Президент күнін ресми түрде тойлауға пәрмен берілгенін айғақтайды. Авторлары: Елдар Бақпаев, Жандос Битабаров ПТКК

Дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев: Білімді жастар – мемлекеттің басты қазынасы

Астанада Елбасының қатысуымен Қазақстан жастарының форумы өтті. Айта кетейік, аталған шара екі жылда бір рет өткізіліп отырады. Шараға Қазақстанның түкпір-түкпірінен мыңдаған адам қатысады. Елбасы өз сөзін Қазақстан дамуы басталған тұстағы қиыншылықтарды еске алудан бастады.

Дереккөз: 24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін816
КешеКеше1326
Осы аптадаОсы аптада1787
Осы айдаОсы айда41011
БарлығыБарлығы437169
Сіздің IP адресіңіз: 54.144.60.73
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі