2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,57 трлн. теңге болды. 2016 жылдың басынан бастап зейнетақы жинақтары 737,4 млрд. теңгеге көбейді.  

2016 жылы 10 ай ішінде түскен зейнетақы жарналарының сомасы шамамен 566 млрд. теңге болды. Бұл ретте, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызы қайтару жүзеге асырылуда.  2016 жылы 10 ай ішінде мұндай қайтарымдардың жалпы сомасы шамамен 146 млрд. теңге болды.   

2016 жылы 10 айы бойы салымшылардың ЖЗШ-сына есептелген инвестициялық табыстың таза сомасы 457,7 млрд. теңге болды.

2016 жылғы 1 қаңтар – 31 қазан аралығындағы кезеңде БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік 6,2% құнсыздану кезінде 7,7% болды.

БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2016 жылы 10 айы бойы  142,6 млрд. теңгені, оның ішінде сақтандыру ұйымына аударымдар 16,9 млрд. теңгені құрады.

Шарттардың барлық түрлері бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,07 млн. бірлік, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен  9,62 млн. бірлік болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 415 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 39 мың болды.

Бүгінде салымшы (алушы) өзінің ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның дербес қызмет көрсететін 232 орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kzсайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,6 млн. астам адам электрондық хабарлау тәсілін таңдаған. 212 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзінді көшірме алады, ал 2,4 млн. адам сайт немесе түрлі операциялық жүйелерде қызмет ететін смартфондар мен планшеттер үшін «ENPF» ұялы қосымшасынан ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Ұялы қосымша шыққан кезден бастап оны жүктеу 408 мыңға жетті. Оның ішінде  Android платформасындағы қосымша 331,8 мың рет, iOS - 70 мың рет, Windows Phone – 6,2 мың рет жүктелген. 

2015 жылғы ақпанда Электрондық үкімет арқылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі  туралы (инвестициялық табыс ескерілген) ақпарат беру» қызметі қолданысқа енгізілген кезден бастап 2016 жылғы 1 қарашада салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 338 мың үзінді көшірме берілді. Салыстыру үшін портал арқылы жыл басында 125 мың үзінді көшірме берілген болатын.   

«БЖЗҚ» АҚ» 2013 тамызда 22 тамызда  «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды.  Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» ММ арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.  «БЖЗҚ» АҚ-ның мемлекеттік акциялар пакеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруында тұр. БЖЗҚ зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ  www.enpf.kz).

                        

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында жиналыс өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары мен бөлім басшылары, ауыл әкімдері мен мектеп директорлары түгелдей қатысты. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша аудан басшысының орынбасарлары баяндама жасады.

Əуелі аудан əкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров əлеуметтік орындарды газдандыру, №244 мектепті жөндеу, Қоғалы ауылындағы жол жөндеу жұмыстары, шаруашылықтарды ірілендіру, инфрақұрылым мəселесі бойынша  атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, жексенбідегі қардың толассыз жауғанынан кентте жəне бірнеше ауылдарда коммуналдық қызметтердің істен шығып қалғаны жайында ба-яндады. Бір күннің өзінде қалың жауған қардың əсерінен көптеген жұмыстар тоқтап қалды. Жол көктайғақ, үзіліссіз жауған қар көшедегі электр желілеріне əсер етіп, жарық жиі сөніп қалып, жылу іркілген. Осыны негізге алған аудан басшысы тиісті мамандарға əр мекемеде штаб құрылып, кезекшілік ұйымдастырылуы тиіс екенін атап өтті. Табиғаттың əсерінен жұмысын тоқтатқан нысандарға шұғыл бригада барып, ол жұмыстарды ретке келтіргенін баяндаған Т.Жағыпбаровқа басты міндет қыс мезгілінде коммуналдық қызметтің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуді тапсырды. 

Одан соң аудан əкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов ауданның бюджетіндегі игерілген қаржы қазіргі таңда 78 пайызға орындалып отырғанын баяндады. Ең басты республикалық бюджет, одан соң облыстық бюджет назарға алынсын деген аудан басшысы бөлінген қаржыны жыл соңына дейін 100 пайызға игеруді тапсырды.  Білім, денсаулық, спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудан əкімінің орынбасары А.Есмаханов баяндай келе, «Алда еліміз үшін айтулы мереке– тəуелсіздіктің 25 жылдығын тойламақпыз, осынау мерейлі мерекенің жоғары деңгейде аталып өтілуіне барлығымыз бір кісідей атсалысып, тəуелсіздік  ең басты құндылығымыз екенін, оның қадірін үлкен де кіші де түсіну керек деген ойын білдірді. Жиын соңында аудан əкімі Қ.Сəрсенбаев Шиелі туралы деректі фильм түсіріліп жатқанын, бұйыртса, ұлық мереке– тəуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында деректі фильм ұлттық телеарнадан көрсетілетінін айтып, бұл дайында-лып жатқан фильм– тарих, ауданымыздың үлкен жетістігі екенін қуанышпен жеткізді. Айта кету керек, аталған деректі фильмді халықаралық«Түркі əлемі» киностудиясының басшысы Доқтырхан Советханұлының жетекшілігімен жыл басынан бері ауданымызда түсіріліп жатыр.

БЖЗҚ туралы 5 сауал

Оқырмандарымыздың сауалдарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары жауап берді.

- Менің қызым келісім-шарт бойынша шетелде жұмыс істейтіндіктен зейнетақы қорына аударым жасамайды. Айтыңызшы, біз оның орнына БЖЗҚ-дағы оның шотына ақша аудара аламыз ба? Ол үшін не істеу керек және аударымдар қандай валютамен қабылданады?

- Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде жұмыс істей отырып, Сіздің қызыңыздың міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға мүмкіндігі бар екенін айта кету керек.

Сонымен қатар Сіз қызыңыздың болашақ қамын жасай аласыз және үшінші тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналары туралы шарт жасай аласыз не қызыңыздың өзі осындай шартты өз пайдасына жасай алады. Мұндай тәсіл өте ыңғайлы, өйткені жарналардың кезеңділігін және мөлшерін адам өзі белгілей алады. Айтып өткеніміздей, ерікті жарналарды өз туыстарының және жақындарының пайдасына аударуға болады. БЖЗҚ сайтында орналастырылған зейнетақы калкуляторы келешектегі зейнетақының болжалды мөлшерін есептеуге көмектеседі және тұрақты аударылатын ең аз ерікті жарналардың өзі зейнетақы жинағыңызды айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретінін көрнекті түрде көрсетеді.  Оларды теңгемен салу керек.

- Жақында зейнетке шығамын, шотыма 2,5 миллионға жуық теңге жинап үлгердім. Айтыңызшы, мен құрметті демалысқа шыға салысымен барлық соманы бірден ала аламын ба немесе оны бөліп-бөліп бере ме? Неге? Егер барлық соманы алатын болсам, қанша пайыз жоғалтамын? БЖЗҚ осындай қызмет үшін сыйақы алады деп естідім.

- Тиісті қаржы жылына (2016 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен ең төменгі зейнетақы мөлшері – 25 824 теңге) белгіленген ең төменгі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болған жағдайда ғана барлық зейнетақы жинағын алуға болады. Яғни, қазіргі сәтте бұл сома - 774 720 теңге (30-ды 25 824 теңгеге көбейту). Демек, зейнетақы жинақтарыңыздың қалдығын ескерсек, сіз барлық соманы бірден ала алмайсыз. Сіз жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болатын зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын белгіленген кесте бойынша алуға құқылысыз. Осылайша, сіздің жеке зейнетақы шотыңыздағы жинақ шамамен үш жыл ішінде төленетін болады. Мұндай тәртіп БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен құралған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен белгіленген. Қағида ҚР Үкіметінің 02.10.2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген.

Сіздің сұрағыңыздың екінші бөлігіне келер болсақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің 160-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері – төлем көзіне жеке табыс салығы (ЖТС) салынатын табыс. Осыған орай кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алушыдан міндетті түрде Салық кодексінде көзделген түзетулер мен салықтық шегерімдер ескеріле отырып 10 пайыз мөлшерінде ЖТС ұсталады. Салық салынбайтын зейнетақы төлемдерінің сомасы ағымдағы қаржы жылына белгіленген ең төменгі еңбекақының 12 еселенген мөлшеріне тең. Бұл ретте зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ өтініште көрсетілген алушының банк шотына аударады. Оларды айырбастау және шетелдік банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына аудару қызметтерін қоспағанда, зейнетақы жинақтарын аударуға, есепке жазуға және төлеуге байланысты банк қызметтерінің ақысы БЖЗҚ-ның меншікті қаражаты есебінен төленеді.

- Келесі жылы зейнетке шығамын және менің жинақтарым қалай қорғалған, оларға дағдарыстық үдерістер, құнсыздану және басқалар әсер етті ме деп жиі ойлай бастадым?

- Азаматтардың зейнетақы жинақтарын қорғау және оларды индекстеу тетігі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында  тұжырымдалған. Зейнетақы жинақтарын Қазақстан экономикасындағы құнсыздану деңгейін ескере отырып сақтау жауапкершілігін мемлекет өз мойнына алды. Заңның 5-бабына сай мемлекет алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық алған сәттегі құнсыздану деңгейін ескере отырып, нақты салынған жарналар мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Бұл бап зейнетақы жинақтары бойынша жинақталған табыстылық деңгейі жинақталған құнсыздану деңгейінен төмен болған жағдайда қолданылып жүр және қолданылады. Төлемге құқығы бар азаматтар мемлекеттік бюджеттен тиісті өтемақы алады. Жинақтарды сақтау бойынша мемлекеттің осындай тікелей жауапкершілігі әлемнің еш жерінде жоқ екенін айта кету керк.

- Мен қоныс аударып едім, енді жаңа мекенжайыма БЖЗҚ-дан шотымның жай-күйі туралы деректері бар хаттар келмейтін болды. Айтыңызшы, бұл ақпаратты білудің басқа жолдары бар ма?

- БЖЗҚ-ға өзіңіздің жаңа мекенжайыңызды хабарлауыңыз қажет еді, оны хабарламағандықтан, сіз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйі туралы жыл сайынғы үзінді көшірмені алмайсыз. Сондықтан БЖЗҚ бөлімшесіне бір рет келіп, не өз деректемелеріңізге түзетулер енгізіңіз, не ең дұрысы, хабарлау тәсілін өзгертіңіз.

Бүгінде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше арнасы бар. Сіз салымшы ретінде өзіңізге қолайлысын таңдай аласыз. Бұл – жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште немесе жеке келісімде көрсетілген салымшының электрондық мекенжайына хабарлама жіберу. Ақпарат алудың ең жедел тәсілі – www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі арқылы алу. Электрондық цифрлық қолтаңбаңыз болса немесе логин мен парольді тіркесеңіз, сіз үйден немесе кеңседен шықпай-ақ өз шотыңызды тексеріп, жұмыс берушіден түскен түсімді бақылай аласыз. Біздің мамандар смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Жинақтар туралы ақпаратты egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы алу мүмкіндігі бар. Қызмет «Азаматтар» санатының «Әлеуметтік қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» бөлімінде. Оны алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталына тіркелу қажет. Сізге ақпаратты БЖЗҚ мамандарының бергенін қаласаңыз, сіз үшін республика аумағында 232 дербес қызмет көрсету орталығы ашылған. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтініште көрсетілген мекенжайға пошта арқылы хабарлау тәсілі әлі де қолданылады.

2016 жылғы 1 қазанда 2,5 миллионға жуық адам немесе әрбір төртінші салымшы зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілі ретінде электрондық хабарлау тәсілін таңдады. Оның 214 мыңнан астамы үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,3 миллион адамның сайт арқылы немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Жыл басынан бері ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 245 мыңнан астамға артқан және 2016 жылғы 1 қазанда жүктеп алу 357,9 мыңға жетті.

- 2018 жылдан бастап зейнеткерлердің зейнетақысына өтіл үшін үстеме қояды деп естідім. Бұл шын мәнінде солай ма? Егер солай болса, оны алу үшін өтіл қандай болу керек?

- 2018 жылдың шілде айынан бастап базалық зейнетақы төлемін есептеу тетігі өзгеретін болады. Қазіргі уақытта ол барлық алушыға бірдей төленеді және 11 965 теңге. 2018 жылдан бастап оның мөлшері әр түрлі болады: өтілі он және одан кем болғанда немесе ол болмаған жағдайда – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы. Әрбір келесі толық жылға базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2 пайызға өсетін болады. Яғни, өтілі 20 жыл болғанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызын құрайтын болады, 30 жыл – 90 пайыз, ал 35 және одан көп жылдық өтіл кезінде – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызы.Өтіл ескерілген зейнетақы тағайындауға қатысты толық ақпарат алу үшін «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясына» бара аласыз, Астанада 8 (7172) 75-37-10 телефонына, Алматыда 8 (727) 331-21-13 телефонына немесе 1411 нөміріне (Қазақстан аумағында қоңырау шалу тегін) хабарласа аласыз.

Мемлекеттік тіл-жасампаз тіл

      Биылғы жылдың ең басты тарихи оқиғасының бірі- ел тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы болып отыр. Осы  тәуелсіз республикамыздың мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Әрбір елін, халқын, тілін, ұлтын сүйген азамат өз ана тілі-қазақ тілін құрметтесе, оны дәріптеп, қадіріне жете білсе, тіл байлығын игерсе, онда тіліміздің өлмегені, мәртебесінің биіктегені, дәрежесінің көтерілгені. Ана тілімізді құрметтегеніміз-елімізді, жерімізді  құрметтегеніміз. Қазақ тіліміз- жасампаз тіл, Мәңгілік елдің-мәңгілік тілі.

Мемлекеттік тіл-қазақ тілі тек адамдар арасындағы қарым-қатынас тілі ғана емес, ол қоғамымыздың барлық саласындағы қолданыстағы тіл, мемлекеттік басқару, іс-қағаздарын жүргізу, оларды рәсімдеу тілі болғандықтан, мемлекеттік қызметшілер мен  мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлері мемлекеттік тілді  меңгеріп,  оның қолдану аясының кеңеюіне, одан әрі дамуына үлес қосулары қажет. Осы себепті,  қызметкерлердің қазақ тілін меңгеру деңгейін  анықтау мақсатында Шиелі кенті орталығында Казтест жүйесі бойынша өткізілген диагностикалық тестілеуге Шиелі аудандық бөлімінің де қызметкерлері қатысып,  өз білім дәрежесін көрсетті.

Бөлімде  сондай-ақ, жергілікті  атқарушы орган  қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамыту, оның беделін, мәдениетін жоғарыға  көтеру мақсатында  семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.

Ата Заңымызбен айқындалып, Тәуелсіз елімізде мемлекеттік мәртебеге ие болған мемлекеттік тіліміз-қазақ тілінің жасампаздығын арттыру, мәңгілік еліміздің  мәңгілік ұлт тілінің мәртебесін көтеру, дамыту, оған салғырт қарамау- біздің басты  міндетіміз болып қала бермек.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша  филиалы-«Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің Шиелі аудандық бөлімі

ТӨТЕНШЕ ЖАЙҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қарашаның 17-сі күні ауданның төтенше жағдайларға дайындығын пысықтау мақсатында арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

«Қыс-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасына аудан əкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров жетекшілік жасады. Берілген дабыл бойынша аудан əкімдігінің мəжіліс залында барлық арнайы құрылымдардың жетекшілері бас қосты.  Мұнан соң«Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы яғни, кенттің теріскей бөлігіндегі алаңда саптық қарау жүргізіліп, төтенше жағдайларды жоюға қатыстырылатын құрылымдардың техникалары мен құрал-жабдықтарының дайындығы пысықталды. Аудан əкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Р.Сариев саптағы техника мен жабдықтарды аралап көріп, құрылымдардың басшыларымен қысқы кезеңде осы бөлімшелердің алдында тұрған міндеттері жайында əңгімелесті. Бұл күнгі оқу-жаттығуға жалпы саны 161 адам мен 45 техниканы құрайтын 17 құрылым жұмылдырылды. Осы күні №219 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте«Кіші жылу бу қазандығындағы аварияларды жою» атты тақырыпта тактикалық жаттығулар өтті.

 Оқу-жаттығу мұнан əрі«Шиелі-Тайқоңыр» тас жолы бойында орын тепкен пунктте жалғасымын тапты. 

Бұл іс-шараның мақсаты– басқару органдарының, авариялық-құтқару қызметтері күштері мен құралдарының, тіршілікпен қамтамасыз ету нысандарының жəне қысқы жағдайдағы іс-қимылға тұрғындарды құлақтандыру жүйесінің дайындықтарын тексеру болып табылады.

Көпшіліктің назарына!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы 2016 жылдың 23 қарашасында сағат 16.00-18.00-ге дейін 

«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалы ғимаратының 1-ші қабатындағы нөмірсіз кабинетінде жеке және заңды тұлғаларды қабылдайтынын хабарлаймыз.

ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

Қызылорда қаласындағы №7 Қызылорда индустриалды-техникалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары арасында «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты  VII облыстық еңбек форумы болып өтті.

Дәстүрге айналған форумға облыстағы барлық колледждер қатысқан болатын. Форум қорытындысы бойынша«Техникалық және кәсіптік білім беретін үздік ұйым-2016» байқауында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі жүлделі ІІ орынды иеленіп, аудан мәртебесін тағы бір мәрте асқақтатып қойды. Сондай-ақ, индустриалды-аграрлық колледждің ұстазы Дариға Серікбаева Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадивтің Құрмет гармотасымен марапатталды.

Құрметті Майлытоғай ауылының тұрғындары! (2)

2016 жылдың 9 қарашасында сағат  11.00-де «Майлытоғай» ауылдық клубында Майлытоғай ауылындағы көшеге атау беру туралы қоғамдық жиын өткізілді. Қоғамдық жиналысқа 54 адам қатысты.

Жиналысқа қатысушылардың келісімімен Майлытоғай ауылындағы көшеге соғыс ардагері, Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Маханов Ыбырайхан есімін беру туралы облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс беруге қаулы етілді.

Қазіргі уақытта облыстық ономастикалық комиссияға ұсыныс беруге құжаттар әзірленуде.  

«ҮЗДІК БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫ» АНЫҚТАЛДЫ

Бастауыш партияұйымдарының бастыбағыттарының бірі – «Нұр Отан» партиясының қолға алған іргеліжобалары мен бағдарламаларынпартиялық-ұйымдастырушылықжәне ақпараттық бағыттанасихаттау, партияныңидеологиялық қызметінжетілдіру болып табылады.

Қызылорда облыстық «Нұр Отан»  партиясы филиалының мәжіліс залында«Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқауы өткізілген болатын. Байқау III кезеңнен тұрды. Үздік бастауыш партия ұйымы республикалық байқау барысында«Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты«Аудандық аурухана» бас тауыш партия ұйымы екінші кезеңнен сүрінбей өтіп, жүлделіI орынға ие болды. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Шиелі аудандық филиалына қарасты «Аудандық аурухана» бастауыш партия ұйымында679 мүшесі бар. Қазбек Шәукебаев жетекшілік ететін партия ұйымы Астанада өтетін байқаудың III  кезеңіне жолдама алды.  Енді «Аудандық аурухана» БПҰ Астана қаласында өтетін республикалық байқауда бақ сынамақ.

БЕЛДЕСКЕНДІ АЛЫП ҰРҒАН РАЙЫМБЕК!

Ресей Федерациясының Татарстан  республикасында белбеу күресінен өткен әлем біріншілігінде 62 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Райымбек Рантаев күміс жүлдемен оралды. Әлем алдында қазақ елінің абыройын асқақтатқан палуанды аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ә.Оспанов бастаған азаматтар мен шиелілік жастар салтанатты түрде күтіп алды

Алмасбек Әбілқасымұлы палуанды жеңісімен құттықтап, «Райымбек батырдай қайсар, рухты бол» – деп, сәттілік тіледі. Вокзал маңына жиналған жастар «Райымбек чемпион» деп ұрандатты.  Тәуелсіз елдің Райымбек батыры жерлестеріне ризашылығын білдіріп, келесі жылы бірінші орынды жеңіп алуға уәде берді. Сөзі нық, нағыз қазақ жігітіне тән ерлік көрсеткен палуанымызды барша шиеліліктердің атынан жеңісімен құттықтаймыз. Жарайсың, алға, Райымбек!

ТІЛ САҚШЫЛАРЫ ШИЕЛІДЕ БАС ҚОСТЫ

Өткен аптада халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі  Шиелі аудандық филиалы мен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын біріктіретін тіл» тақырыбында облыстық семинар-кеңесі өтті. Шараға «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Сәдуақас Аңсат пен аталмыш қоғамның әр ауданнан арнайы шақырылған филиал төрағалары қатысты.

Семинарға келген делегациялар сапарларын аудандық әуез мектебінің жұмысымен танысудан бастады. Мұндағылар«Ұлылықты үйлестірген ұлы тіл» тақырыбындағы мәнді де мағыналы шарасымен тілсақшыларына өңірдегі мемлекеттік тілдің өрісті дамып жатқандығы жайлы ақпарат ұсынды. Содан соң, меймандар №46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейіндегі бастауыш ұйымының іс-қағаздарын көріп, «Ана тілім– мақтанышым» атты концертін тамашалады. Концерттен кейін №6 кен басқармасы «Айналайын»  балабақшасында болып, «Өз тілінде өспеген бала– ана сүтін татпаған жетіммен тең» тақырыбындағы іс-шарасына қатысты. Келесі кезекте Шиелі индустриалды-аграрлы колледжіндегі бастауыш қазақ тілі ұйымының жұмысымен танысып, «Мәңгілік елдің– мәңгілік тілі» атты шараның құтты қонағы болды. Түс ауа семинардың пленарлық жиыны«Салтанат сарайында» өтті.  Бұл жердегі шараны аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов ашып, кіріспе сөз сөйледі. Жиын барысында«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі аудандық филиалының төрағасы Өркен Исмаил ана тіліміздің беделін арттыру жолдары және «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымдарының алдағы міндеттері жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, «Нұр Отан»  партиясы аудандық филиалының қызметкерлері сөз сөйлеп, №244  Ы.Жақаев атындағы мектептің 7 сынып оқушысы Шұғыла Төребек Марфуға Айтқожинаның «Ана тілім»  әнін орындады. Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Батырбаев ой-пікірін айтып, ауданға «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігіне төраға болып Өркен Әзімханұлы тағайындалғалы бері өңірде бірқатар толымды жұмыстар жүргізіліп, мемлекеттік тілдің мәртебесін сақтау бағытында қоғамдық рейдтердің ұйымдастырылып жатқандығын айтып, төрағаның бастамасымен жергілікті және облыстық БАҚ-да оқыған адамға ой саларлық мәнді де мағыналы мақалалар жарияланып, көпшіліктің көкейінде жүрген мәселелердің көтеріліп жатқандығын айтты.

Семинар-кеңесте С.Аңсатов және аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов қорытынды сөздерін сөйлеп, баспасөзде мақала жазып, қоғамдық рейдтерге белсене қатысып жүрген аудандағы бірқатар тіл жана-шырларын марапаттады.

АЛДАҒЫ ҚЫС ҚАТАЛ БОЛМАҚ

 Алдағы 2017 жылдың қысы едәуір суық болады деген болжам бар. Қаңтар айы сарышұнақ аязымен тосын мінез танытады. Қаңтарда Солтүстік мұзды мұхитынан енетін суық ауа массаларына байланысты еліміздің басым бөлігінде температуралық фон орташа көп жылдық көрсеткіштен 1 градусқа төмен болады”, – дейді мамандар.

Мамандардың сөзіне сенсек, ақпанда әдеттегіден суық болады деп болжанып отыр, тек Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында мөлшер шамасында қалыптаспақ.Алдын ала болжам бойынша 2017 жылдың көктемі орташа көпжылдық мерзімде(наурыз) күтілуде. Қыстың қаһары қатты болмақ, ендеше, осы бастан қысқа әзірлік жасап, отын-көмірлеріңізді жинап, ең бастысы үйлеріңізге газ кіргізіп, көгілдір отынның көмегіне жүгінуді ұмытпаңыздар.

ЖҮЛДЕЛЕР НАҒЫЗ МЫҚТЫЛАРҒА БҰЙЫРДЫ

Жуырда аудандық спорт мектебінде қазақ күресінен2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында самбо күресінен спорт шебері Мәлік Теміровті еске алуға арналған ашық турнир өткізілді.Облыстық деңгейде өткізілген турнирге кіл мықтылар жиналды. Дарынды спортшылардың басын қосқан сайыста 10 салмақ дәрежесі бойынша жүлделер сарапқа салынды. Тартысты белдесулер нәтижесінде Ә.Жақсыбаев(Қызылорда), А.Ерлепесов(Байқоңыр), Б.Жарылқасынов(Шиелі),А.Өмірәлі(Жаңақорған), Н.Тоқбаев(Шиелі),  Ж.Әлмахан(Қызылорда),  Б.Бегалы(Сырдария), Р.Абдулла(Шиелі), С.Серіков (Сырдария), Ә.Ыдырысов(Шиелі) сынды өрендер өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды. Жеңіске жеткен спортшыларға арнайы диплом, медаль және бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Елбасы «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойды

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары негізінде әзірленген «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: 24.kz

Б.Сағынтаев жыл соңына дейін АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысында Министрлер кабинетіне 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы бойынша әзірлік жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Премьер-Министр бағдарлама жобасы түрлі алаңдарда, соның ішінде аймақтарда, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Алқасы аясында және ҚР Мәжілісінде талқыланғанын атап өтті. Сонымен қатар, Үкіметтің жыл соңына дейін оны мүдделі тараптармен тағы да талқылап, бекітуге уақыты бар. «Айтылған ескертулер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, бағдарлама жобасын мақұлдауды және жыл соңына дейін мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен, бизнес қауымдастықтармен келісілген соң бекітуге шығаруды ұсынамын. Келесі жылы жаңа бағдарлама бойынша жұмыс істеуді бастауымыз керек», - деді Б.Сағынтаев. Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған АӨК-ті дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс. Ақпарат көзі: primeminister.kz

Дереккөз: 24.kz

ҚР Үкіметі отырысында таяу 5 жылға арналған АӨК-ті дамыту жаңа мемлекеттік бағдарламасы қаралып жатыр

Б.Сағынтаевтың министрлер кабинеті агроөнеркәсіп кешенін әрі қарай жетілдірудің негізгі мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын анықтады. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бағдарламаның негізгі мақсаты өндірісті нарықтарда сұранысқа ие, АӨК-тің бәсекеге қабілетті өнімімен қамтамасыз ету екенін айтты. Аталған мақсатты іс жүзіне асыруға бірқатар міндет қойылды, соның ішінде, 500 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермер шаруашылығы үшін ауыл шаруашылығы кооперациясын құру, мал шаруашылығы тиімділігін 40%-ға, өсімдік шаруашылығы тиімділігін 30%-ға арттыру, қайта өңдеу үлесін және кәсіпорындар жүктемесін 1,3 есеге ұлғайту. Бұдан өзге, ведомство отандық органикалық өнім брендін алға жылжытумен және агротехнологиялар трансфертінің тиімді жүйесін қалыптастырумен айналысады. Сондай-ақ, министрліктің жоспарында мемлекеттік реттеуді жетілдіру, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірушілерін барынша қамту арқылы мемлекеттік қолдаудың тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру жұмыстары бар. Еске салсақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша аграрлық секторды жедел дамыту міндеті алға қойылғаны белгілі. Осыған байланысты ҚР Үкіметі 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын әзірледі. Соның нәтижесінде таяу 5 жылдың ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу экономиканы әртараптандыру мен өсімнің негізгі драйвері болуы тиіс. Ақпарат көзі: primeminister.kz 

24.kz

Ақордада 9 мемлекеттің елшісі Мемлекеттік хатшыға сенім грамоталарын табыстады

Бүгін Ақордада 9 мемлекеттің Төтенше және өкілетті елшісі Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықоваға сенім грамоталарын табыстады. Олардың арасында Буркина-Фасо, Люксембург, Жаңа Зеленадия, Молдова, Исландия, Черногория, Парагвай, Судан, Руанда елдерінің өкілдері бар. Салтанатты рәсім барысында Гүлшара Әбдіқалықова шетел дипломаттарын жауапты миссиясының басталуымен құттықтап, бұл кездесудің Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өткізіліп жатқандығын айрықша атап өтті. Мемлекеттік хатшы тараптар арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығаятынына сенім білдірді. Сондай-ақ барлық елшілерді EXPO-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Сигридур Берглинд Асгейрсдоттир, Қазақстандағы Исландия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі: -  Қазақстан мен Исландия арасында ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік көп. Туризм мен әуе көлігі салаларында келісімдер жасасуға болады. EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы бізді бей-жай қалдырмайды. Өйткені біздің елде баламалы энергия көздері кеңінен қолданылады. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Ф.Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасының халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастроға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.   «Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достық пейілдегі Куба Республикасының халқына көңіл айтты.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Н.Назарбаевтың Bloomberg News ақпарат агенттігіне берген сұхбаты

Мемлекет басшысы нарықтың кәсіби қатысушыларын іскерлік сипатындағы ақпаратпен қамтамасыз етушілер арасындағы үздіктердің бірі болып саналатын Bloomberg News ақпарат агенттігі өкілдерімен әңгімелесті. Сұхбат барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына қатысты сауалдарға жауап беріп, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығының перспективалары, жаһандық экономиканың, терроризммен күрестің маңызды аспектілері, сондай-ақ шет елдермен өзара іс-қимылды нығайту жөнінде айтты.

Источник:24.kz

Н.Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Кездесу барысында Елбасы мемлекет құрудың бастапқы кезеңінен бергі даму жолында «Нұр Отан» партиясының атқарған рөлі мен еңбегіне тоқталды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне партияның белсене атсалысып келе жатқанын, оның халық алдындағы беделінің және этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесінің зор екенін атап өтті.  М.Құл-Мұхаммед Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын бақылау жөніндегі жұмысы туралы да баяндады. Қазақстан Президенті кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр мәртебесі туралы келісімді ратификациялады

Мемлекет басшысы «1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Дереккөз: 24.kz

Елбасының Астана атауын өзгерту мәселесіне қатысты пікірі

Мемлекет басшысы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның қызметіне қатысты кеңесте Астана атауын өзгертуге қатысты пікірін білдірді.

Толығырақ: 24.kz сайтында

Елбасының төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі ресми парақшасы хабарлайды.

Дереккөз: 24.kz

Түркияның Адана провинциясы әкімшілігінің алдында жарылыс болды

Түркияның Адана провинциясының әкімшілік кеңсесінің алдында жарылыс болды. Салдарынан 2 адам ажал құшып, 16-сы жарақат алған. Арасында ауыр халде жатқандар бар. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қастандық ғимарат алдындағы ашық тұраққа қойылған автокөлікте іске қосылған. Провинция губернаторы Махмут Демирташтың айтуынша, қастандықты әйел адам жасаған болуы мүмкін.

Дереккөз: 24.kz

Депутаттар Үкімет ұсынған 7 заң жобасын қарауға кірісті

Дәл қазір Парламент Мәжілісінің депутаттары тағы бір маңызды отырысқа қатысып, Үкімет ұсынған заң жобаларын қарауға кірісті. Яғни Төменгі палата өкілдері 7 бірдей құжатты егжей-тегжейлі електен өткізіп жатыр. Естеріңізде болса, Мәжіліс депутаттары әлгінде ғана Парламенттің бірлескен отырысынан шыққан еді. Енді олар Үкімет ұсынған жаңа құжаттарды талқылауға кірісті. Жиынның басталғанына аз ғана уақыт болғанымен, депутаттар 3 бірдей мәселені қозғап үлгерді. Олардың ішінде бұған дейін Мәжілісте және Сенатта қаралған заң жобалары бар. Бұл заң жобаларына өткенде ғана Сенат бірқатар түзету енгізген еді. Мәселен, 2017-2019 жылға арналған республикалық бюджет жобасына 30-ға тарта түзету енгізген еді. Бұл өзгерістерді Төменгі Палата депутаттары қайта қарап, өз ұсыныстарын беруде. Айта кету керек, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің заң жобасына сәйкес Алматы қаласының бюджеттік алып-қоюлары 2 млн теңгеге жуық азайтылатын болды.Одан бөлек республикалық бюджеттің шығыс бөлігіндегі 26 млн теңгені қайта бөлу ұсынылды. Осы сияқты өзгерістерді халық қалаулылары талқылап жатыр. Мәжілістің жалпы отырысында 2 негізгі мәселе қаралайын деп отыр. Олардың екеуі де еліміздің ұлттық қауіпсіздік саласына қатысты. Депутаттар ҚР ҰҚК ұсынған заң жобасын қарап жатыр. Баяндамашының сөзіне сенсек, ол заң жобасы еліміздің ұлттық қауіпсіздік саласын жан-жақты бекемдеуге бағытатталған. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы БҰҰ-ның Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы лауазымына тағайындалған Антониу Гутерришпен кездесті. Елбасы Гутерришті БҰҰ-ның Бас хатшысы қызметіне сайлануымен құттықтап, өз лебізін білдірді. Кездесу барысында тараптар біздің республиканың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшелігі аясындағы Қазақстан мен БҰҰ арасындағы табысты ынтымақтастықтың жалғаса беретініне сенімді екендіктерін жеткізді. Гутерриш БҰҰ Қазақстан мен өзара тиімді іс-қимылы одан ары жалғастыруға мүдделі екендігін тілге тиек етті. Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев А.Гутерришті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті: - Поздравляю вас с избранием на этот важнейший пост. Вам приходится работать в очень непростое время, вы это знаете, поэтому вы можете полностью рассчитывать на поддержку Казахстана в своей работе. Мы будем вместе с вами работать, как это делали всегда. У ООН и Казахстана всегда были самые доверительные отношения. С большим удовольствием мы принимаем вас здесь. Антониу Гутерриш, БҰҰ Бас хатшысы: - Құрметті Президент мырза, сіз менің бұған дейінгі БҰҰ жоғарғы комиссары лауазымында болған тұста да ыстық ықылас танытып, ерекше ілтипат көрсеттіңіз. Мен сіздің маған деген көзқарасыңызды және Қазақстан үкіметінің бізге деген ұстанымын жіті сезіндім. Бас хатшы ретінде алдағы уақытта мен Қазақстанға жиі келемін деген ойдамын. 

Дереккөз: 24.kz

Депутат Елбасы есімін елорданың және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынды

Мәжіліс пен Сенат депутаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларация қабылдады. Тарихи тағлымы мол құжат Парламент палатасының бірлескен отырысында мақұлданды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин егемендігіміз еңсесін тіктегелі қол жеткізген жетістіктердің барлығы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екенін жеткізді. Бұл ретте сүттей ұйып отырған ұлт пен ұлыс Қазақстан Президентіне қашанда қолдау көрсетеді. Сол себепті Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында тарихи құжатты қайта пысықтаудың маңызы зор. Декларацияны Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов таныстырды. Оның айтуынша, құжатта 25 жылда бағындырған белестеріміз барынша сипатталған. Депутат сондай-ақ Астанада,Тәуелсіз Қазақстан монументі бой көтерілсін деген ұсынысын айтты. Қуаныш Сұлтанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Тәуелсіздіктің ұлы жолы мәңгі болуы тиіс. Жоғарыдағы жарияланғандарды ескере отырып, елордада «Тәуелсіз Қазақстан» монументін тұрғызу қажет. Ел Конституциясында тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың біздің мемлекетімізді құрудағы бірегей еңбегін атап көрсетілген. Елбасының есімін елорданың және еліміздің басқа да маңызды нысандарында көрсетуді ұсынамыз. 

Дереккөз: 24.kz

Депутаттар ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияны қабылдады

Мәжіліс пен Сенат депутаттары Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған декларацияны қабылдады. Тарихи тағлымы мол құжат Парламент палатасының бірлескен отырысында мақұлданды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин егемендігіміз еңсесін тіктегелі қол жеткізген жетістіктердің барлығы еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі екенін жеткізді. Бұл ретте сүттей ұйып отырған ұлт пен ұлыс Қазақстан Президентіне қашанда қолдау көрсетеді. Сол себепті Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында тарихи құжатты қайта пысықтаудың маңызы зор. Декларацияны Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов таныстырды. Оның айтуынша, құжатта 25 жылда бағындырған белестеріміз барынша сипатталған. Депутат сондай-ақ Астанада Тәуелсіз Қазақстан монументі бой көтерілсін деген ұсынысын айтты. 

Дереккөз: 24.kz

Универсиада: атлеттер ауылы спортшыларды қабылдауға дайын

Универсиада ойындарының басталуына 68 күн қалды. Атлеттер ауылы әлемнің 55 елінен келетін спортшыларды қабылдауға сақадай сай отыр. Қалашықтағы құрылыс жұмыстары 2014 жылдың желтоқсан айында басталып, осы жылдың тамызында аяқталған. Мұнда спортшыларға керектінің бәрі бар. Бір мезетте 5 мың адамды қабылдайтын атлеттер үйінде 1 кісілік орыннан бастап 3 кісілік жылы әрі ыңғайлы жатын орын қарастырылған. Сондай-ақ әлемнің әр бұрышынан келген шетелдік меймандар қазақ елінің ұлттық аспаптарымен және ән-күйімен де таныса алады. Атлеттер ауылында ашылған мұражайда Әміре Қашаубаев пен Жүсіпбек Елебековтердің домбырасын, Шашубай Қошқарбайұлының сырнайы мен Сматай Үмбетовтің қылқобыздарын және өзге де классиктеріміздің аспаптарын көруге болады. Ал жақын күндері спортшылар қалашығында діни және мәдени орталықтар мен сән салондары ресми түрде ашылады. Сәнім Шәріпова, Универсиада дирекциясы, Атлеттер ауылы департаментінің жетекшісі: - Спортшылар қалашығында 1748 пәтер бар. Өздеріңіз көріп отырсыздар, барлық жатын бөлмелер дайын. Жылу берілді. Жуынатын және төсек орындардың барлығы сапалы құрылыс материалдарымен жасалған. 55 елден 3 жарым мыңдай үміткер келеді деп күтіп отырмыз. Бұл – Универсиада тарихындағы рекорттық көрсеткіш. 

Дереккөз: 24.kz

ҰБТ жаңа форматы түлектердің білім деңгейін нақтырақ анықтауға жол ашады

Үкіметте Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырыста ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҰБТ-ның жаңа форматының ерекшеліктері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі. Е.Сағадиевтің айтуынша, министрлік қорытынды аттестациялауды бөлу жұмыстарын жүргізген. Енді түлектер мектепті бітіру сынағын және ЖОО-ға қабылдау емтиханы ретінде ҰБТ тапсырады. Мектептегі қорытынды аттестация 5 пәннен тұрады, оның 4-еуі – міндетті, 1 пән - таңдау бойынша. ҰБТ ЖОО-ға қабылдау емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде сақталады, бірақ оның форматы өзгереді. Бұрын 5 пәннен 125 сұрақ беріліп, оның ішінен 4 пән бойынша 100 сұрақ есептелетін. Ал 2017 жылғы ҰБТ форматында 120 сұрақ қарастырылып, барлығы есептеледі. Кейбір сұрақтардың жауабына 2 балл берілетіндіктен, ең жоғарғы көрсеткіш – 140 балға тең. Сауалдар 5 пәннен қойылады, олардың 3-еуі – міндетті, 2-еуі талапкер жоспарлаған ЖОО-дағы мамандыққа байланысты бейіндік пән болады. Тестілеу уақыты да өзгермейді – 3 сағат 30 минут. Өту балы да өзгерген жоқ - 50 балл. 2017 жылы ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, сондай-ақ түлектерге оны 2017 жылдың тамызы мен 2018 жылдың қаңтарында қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі.

Дереккөз: 24.kz

Б.Сағынтаев аймақ әкімдеріне халықты уақытында жылумен қамтамасыз етуді тапсырды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында аймақ әкімдеріне халықты жылумен қамтамасыз ету барысын өз бақылауларына алуды, қатаң бақылауды тапсырды. Премьер-министр жылу маусымына дайындық мәселесі бұған дейін Үкімет отырыстарында бірнеше мәрте көтерілгенін, аймақ әкімдері қысқа толық дайын екендіктері туралы баяндағанын атап өтті.  Алайда ағымдағы жылдың қараша айында аяз шектен тыс күшейіп кетті. Соның салдарынан бірқатар аймақта жылыту пештері істен шығып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу жетпей қалды. Өз сөздерінде Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының әкімдері және Алматы қаласының әкімі халықты жылумен қамту, апаттық жағдайларды жою шаралары туралы баяндады. Б.Сағынтаев биылғы жылы қыстың аязды және қарлы болуына байланысты көмір қорын қадағалап, бірінші кезекте тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету мәселесін атап айтты.

Дереккөз: 24.kz

Үкімет отырысында ҰБТ-ны өткізу форматын жетілдіру мәселелері талқыға түсті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтіп жатыр. Күн тәртібінде – ҰБТ өткізу форматын жетілдіру мәселелері. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көре аласыздар. Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Пікір қалдырыңыз

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Чехия Республикасының сыртқы істер министрін қабылдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралегті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы елдегі 3400 судьяның алдындағы басты міндетті атады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Чехия Республикасының сыртқы істер министрі Любомир Заоралегті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаев: 25 жыл бұрын нағыз құқықтық сот жүйесі болған жоқ

«Сот жүйесі түзелмей, ешбір реформаны толық орындадық деп айта алмаймыз». Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордада бас қосқан судьялардың VII съезінде осылай деп мәлімдеді. Алқалы жиында сөз сөйлеген Президент өткенге көз жүгіртіп, ширек ғасыр бұрын нағыз құқықтық сот жүйесі болмағандығын айтты.  Ал 25 жылда сот билігі аяғына тұрды. Қазіргі таңда Қазақстан ең үздік шетел тәжірибесі мен әлемдік стандарттарды игеріп, соттың сапалы жаңа келбетін қалыптастырып келеді. Енді елде жұмыс істейтін 2 жарым мыңнан астам судья халықтың сотқа деген сенімін арттыру қажет», - деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Біздің реформалардың алғашқы күндерінен бастап мен айтып келе жатырмын, экономикада алға жылжу бар. Жағдайды елдердің барлығы басқа түсінеді. Халықтың жағдайын өзгерттік. Әлеуметтік салада болсын. Көп өзгерістер жасадық. Бірақ сот жүйесі, құқық қорғау органдары түзелмей, біз еш уақытта реформаны орындадық деп айта алмаймыз. Сондықтан бірінші күннен бастап сот жүйесінің жұмысына мемлекет, мен болып әдейі көңіл бөліп келеміз. Бес реформанының екіншісі осы сот жүйесіне арналған. Оны да айтасыңдар. Бірақ ең негізгі мәселе – ол Қазақстан халқының сотқа деген қарым-қатынасы қандай? Көңілі көншіді ме? Барлық мәселелермен сотқа бара ма, жоқ әлі күнге дейін Президентке хат жаза ма? Мәселе сонда. Біз реформа жасаймыз. Біз өйттік-бүйттік деп отырмыз. Ең бірінші мәселе – халық сотқа сену керек. Халық сотқа бару керек. Баяғыда секілді обкомға бару, райкомға бару, бастықтарға жазу әлі күнге дейін тоқтаған жоқ. Осы мәселеге көңіл бөлу керек. Құқық қорғау органдары мен соттардың заңдылығына қатысты былтыр Президент Әкімшілігіне ел азаматтарынан шамамен 10 мың шағым түскен. Ал биыл мұндай арыздардың саны жеті мыңдай. Мемлекет басшысын құқықбұзушылыққа жол беру фактілері алаңдатып отыр. Осы жылдың өзінде 32 судья тәртіптік кеңесте жазаға тартылса, тағы екеуі қызметінен босатылды. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев сотқа қысым жасауды тыю қажеттігін де айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Поэтому принципиально важно, с одной стороны, не допускать судебных ошибок, а с другой стороны, исключить вмешательство любых должностных лиц в отправление правосудия. Следует пресекать факты манипулирования общественным мнением в целях давления на суд в интересах отдельных лиц. Если такие попытки будут, они есть, я о них знаю, их надо обнародовать, противопоставлять такой практике. Кто по своей воле, возможности, связям, деньгами вмешивается в суд, его надо показывать всему Казахстану: «Вот этот человек  хочет повлиять на суд». Иначе мы их не отвадим.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен судьялардың VII съезіне арналған арнайы шығарылымды бүгін біздің арнамыздан сағат 21:40-та көре аласыздар.

Дереккөз: http://24.kz/

Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен VII судьялар съезі өтіп жатыр

Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен судьялардың VII съезі басталды. Алқалы жиынға еліміздің барлық өңірінен 600 делегат жиналды. Олардың арасында тек судьялар ғана емес, Парламент депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, халықаралық, сондай-ақ қоғамдық ұйым өкілдері бар. Бұл шарада әдеттегідей сот жүйесін одан әрі дамытудың жай-жапсары талқыланады. Сонымен қатар судьялардың жаңа этикалық кодексі қабылданады деп жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл құжатты әзірлеу кезінде тек заңгерлердің ғана емес, халықтан түскен өтініштер де ескерілген. Айта кеткен жөн, бұған дейін судьялардың білімін тексеретін жаңа жүйе енгізілген болатын. Оған сәйкес бұдан былай олар психологиялық тестілеу мен жалғанды әшкерелейтін құрал арқылы сынақтан өтеді.
Дереккөз:24.kz

А.Есімов: ЕХРО-2017 көрмесінің құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр

Елбасы «АСТАНА ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасын да қабылдады. Кездесу барысында Ахметжан Есімов халықаралық шараға дайындық жөнінде айтты. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүріп жатыр дей келе, алғашқы нысандар тапсыруға дайын екенін жеткізді. Соның ішінде аумағы 285 мың шаршы метрлік халықаралық павильондар да бар. Қазірдің өзінде Франция, Германия, Қытай мен Монако және Мажарстан елдеріне павильондар берілді. Ал, шара қатысушылары тұратын 1374 пәтер дайын. Бұл ретте Елбасы көрмеге еріктілерді дайындап, мәдени шараларға өткізуге қызу дайындық жүргізу керектігіне мән берді. Ал, Ахметжан Есімов «Қазір 3 мың ерікті дайын. Алдағы уақытта бұл іске тағы 1 жарым мың адамды жұмылдыру жоспарланып отыр», - деді.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Қиын экономикалық жағдайға қарамастан мемлекет 400 млрд-тан астам ақша бөліп, осындай үлкен шараны дүниежүзінің алдында өткізейін деп жатыр. Сондықтан қалған жарты жылдан астам уақыт бар. 7-8 ай. Барлығын жасап, абыроймен өткізуіміз керек. Ғимараттардың барлығы көрмеден кейін пайдалану мәселесін, қала және Үкіметпен бірлесіп шешулерің керек. Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы: - Қазір ұлттық павильон бітіп қалды. Осы жылдың аяғына дейін оны бітіреміз. Ішін тақырыпқа сәйкес толтыру – үлкен мәселе. Сонымен қазір айналысып жатырмыз. Және тақырыптық 2 үлкен павильон бар. Онда қазір Корея фирмасымен жұмыс жасап жатырмыз. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Б.Байбекті қабылдады

Кездесуде Б.Байбек Мемлекет басшысына 2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы туралы баяндады. Алматы қаласының әкімі универсиаданы өткізуге дайындықтың кестеге сәйкес жүріп жатқанын айтты. Сондай-ақ, Б.Байбек Қазақстан Президентіне алдағы универсиадаға әлемнің 57 елінің өкілдері қатысуға ниет білдіргенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, Халықаралық студенттік спорт федерациясы Универсиада-2017 студенттік ойындар тарихындағы ең ірі жарыс болуға тиіс деп болжап отыр. Бұдан бөлек, Б.Байбек Нұрсұлтан Назарбаевты Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы барысынан хабардар етті. Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша, қаланың өңірлік жалпы өнім көлемі 2,8%-ға артқан, шағын және орта бизнесті несиелеу 35%-ға өсіп, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған, сондай-ақ қаланың шағын және орта бизнес субъектілері өнімінің көлемі 30%-ға артқан. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

24.kz

Теракт әрекеттері туралы хабарлағандар сыйақы алады

Бұдан былай лаңкестік әрекетке әзірлік жөнінде хабар берген адамға сыйақы төленеді. Оның көлемі – кемінде 750 айлық есептік көрсеткіш. Үкіметтің дәл осыған қатысты қаулысы бүгін «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Құжатқа сәйкес, аталған сыйақы адам өміріне қауіп төндіретін жарылыс өрт немесе басқа да қаскөйлік әрекет туралы дереу ақпарат жеткізгендерге беріледі. Ал терроризмнің аса қатерлі түрін жоспарлап, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірмек болғандардың жолын кесуге көмектескендер мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақша алады. Бұл қаржы мемлекеттік қазынадан бөлінеді және ақпарат иесіне күдіктіге қатысты сот шешімі шыққан соң беріледі.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Румен Радевтің Болгария Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Болгария халықтарының игілігі жолындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Румен Радевқа зор денсаулық, қызметіне табыс, ал достас болгар халқына бірлік пен бақ-береке тіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дереккөз:24.kz

Елбасы Сербия Премьер-министрін қабылдады

Сербия, Қазақстанмен байланысты бекемдеуге мүдделі. Бұл туралы Сербияның Премьер-министрі Александр Вучич Елбасымен өткізген екіжақты кездесу барысында мәлімдеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы келісілген уағдаластықтардың іске асу барысын пысықтап, бүгінде  алыс-беріс барысын ауыз толтырып айтуға келмейтінін жеткізді. Қазақстан Президенті Сербия компанияларын «Нұрлы жол» индустриалды-инновациялық бағдарламаларға атсалысуға шақырды. Ал Сербия Премьер-министрі болса, Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғысын білдіріп, Қазақстанның даму тәжірибесі Сербия үшін өте маңызды екеніндігін жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Ваш приезд очень важен, чтобы закрепить те договоренности, которые у нас были. Мы говорили о том, что Сербия для Казахстана очень важный партнер в Европе, но экономические отношения пока еще очень слабые. Зафиксировано здесь 24 сербских предприятия, из них работает 15. Сегодня Вы увидите, строительная  компания работала в метро в Алмате, строительство офисов, сегодня вы увидите банк, который он построил. То есть есть возможность продолжать наше прежде всего экономическое сотрудничество. Александр Вучич, Сербия Премьер-министрі: - Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы. Ең әуелі Сізге қонақжайлық танытып, ыстық ықылас білдіргендеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Астананы көргенде біз өз-өзімізге сенбедік. Бұл таза Сіздің еңбегіңіз. Қазақстан мен Сербия ынтымақтастығы бекемделіп, алыс-беріс жандана түсуде. Біз қашанда Сіздің ұстанымыңызды қолдаймыз.

Дереккөз: 24.kz

Астанада Н.Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мың теңгелік банкнот таныстырылды

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақша шығарылады. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының елге сіңірген еңбегін ескере келе осындай шешім қабылданған. Ұлттық банк Төрағасы Данияр Ақышев Астанада өткен конференцияда осылай деді. Таралымы 100 мың даналық жаңа купюрада Президенттің суретімен қатар Астананың бойтұмары саналатын «Бәйтерек» және елорданың көріністері бейнеленген. Ынтымағы жарасқан көпұлтты xалқымыздың ортақ шаңырағы ретінде Қазақстанның картасы да бар. Ал банкноттың екінші бетінде қазақ елі монументіндегі Самұрық құс бейнеленген. Бұл ақшамен есеп айырысуға болады. Сонымен қатар ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 5 мың теңгелік 100 дана тиын ақша да шығарылады. Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: - 1993 жылы 15 қарашада жас Қазақстанның өз валютасы теңге айналымға енгізіліп, үлкен тарихи қадам жасалынды. Ол экономика тоқырап, өндірістер жабылған, тіпті қарапайым адамдардың жалақасына дейін сыртқы факторларға тәуелді болған аса күрделі кезең еді. Елбасы Н.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында еліміз заман сынынан сүрінбей өтті. Ал төл теңгеміз тәуелсіздіктің айшықты символдарының біріне айналды. 

Дереккөз: 24.kz

Бүгін – Ұлттық валюта күні

Дәл осы күні 1993 жылы төл теңгеміз айналымға енді. 1990 жылдардың басында қазақ экономикасы тұралап тұрған кезде елге қаржылық реформа қажет болатын. Жағдайды тұрақтандыру үшін Қазақстан ұлттық валютасын енгізді. Бұл болашақты айқындаудағы маңызды шешімдердің бірі еді. Елімізде банкнот басатын фабрика болмағандықтан, алғашқы теңгені Англияда басып шығару туралы шешім қабылданды.

Дереккөз: 24.kz

Абзал Әжіғалиев АҚШ-тағы Әлем кубогында шорт-тректен «алтын» ұтып алды

Қазақстандық спортшы Абзал Әжіғалиев Солт-Лейк Ситиде өтіп жатқан Әлем кубогының екінші кезеңінде 500 метр арақашықтықта өнер көрсетіп, алтын медальмен қанжығасын майлады. Бұл туралы американдық The Salt Lake City Tribune хабарлайды. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Абзал Әжіғалиев 2017 жылғы Универсиадаға қатысудан үміткерлер тізіміне енді. Аударған: Г.Абилова

Дереккөз:24.kz

Молдовадағы президенттік сайлауда Додон жеңіске жетті

Молдовадағы президент сайлауында Социалистер партиясының серкесі Игорь Додон жеңіске жетті. Оның жинаған дауысы 52%-дан асқан. Ал қарсыласы «Іс-әрекет және ынтымақтастық» партиясының көшбасшысы, еуроинтеграцияны жақтайтын Майя Санду дауыстың 47,6%-ын еншіледі. Жалпы азаматтардың сайлауға қатысу көрсеткіші 53%-ды құраған. Елдің Орталық сайлау комиссиясы шетелдегі дауыс беру кезінде бірқатар заңбұзушылықтың болғанын айтады. Болонья, Париж, Лондон, Мәскеу мен Бухаресте бюллетеньдер сайлау учаскелері жабылғанға дейін бітіп қалған. Осының салдарынан жүздеген адам дауыс бере алмапты. Майя Санду, «Іс-әрекет және ынтымақтастық» партиясының көшбасшысы: - Адамдар бюллетень алмай, заң бұзылған әр жағдайды тексеруге уәде беремін. Оларға сіздердің дауыстарыңызды ұрлауға жол бермейміз. Игорь Додон, Молдованың сайланған президенті: - Сайлау аяқталды. Адамдар дауыстарын берді. Енді жағдайды несіне ушықтырамыз. Қос үміткердің мақсаты – қоғамдағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету. Сондықтан бәсекелесіме айтарым: біз нәтижеге қарамастан, халықты тыныштықты сақтауға шақыруымыз керек. Арандатушылық әрекетпен қоғамды дүрліктірудің қажеті жоқ.

Дереккөз: 24.kz

Премьер-министр ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ықпалды шараларға көшуді тапсырды

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Премьер-министрдің ресми сайты жазды. Б.Сағынтаев ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, алайда жоспарланған іс-шаралардың барлығы бірдей орындалмағанын атап өтті. ҚР Премьер-министрі ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке ветеринарлық қызметтердің жұмысын бақылауды күшейтуді және мал қорымдары мен сібір жарасымен ауырған малдардың қорымдарын Мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ Премьер-министр жоспарланған мерзімге дейін Қазақстанның 5 облысының вакциналаумен аусылдан азат аймақ мәртебесін алуы үшін жұмыс жүргізуді тапсырды.

Дереккөз: 24.kz

Үкімет отырысында елдегі ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланып жатыр

Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері, инвестициялар тарту, сонымен қатар Универсиада-2017-ге дайындық барысы талқыланады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және Facebook-тегі ҚР Премьер-министрі сайты парақшасынан көре аласыздар. Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. Брифингті мына сілтеме арқылы көре аласыздар: http://24.kz/kz/live-24-kz

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Оңтүстік Кореяға жасаған сапарын қорытындылады

Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасына сапарын қорытындылап, отандық журналистерге сұxбат берді. Келіссөздер жемісті деуге негіз бар. Ел президенті Пак Кын Хемен уағдаластықтар жасалып, стратегиялық ынтымақтастық нығая түсті. Корея үшін Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық мәнін айқындайтын мәлімдемеге қол қойылды. Бұл елдің іскерлерімен де әріптестіктің аясы кеңеюде. Президент ең ірі инвестициялық жоба Балқаш электр станциясы екенін айтты. Құны 3 млрд долларды құрайды. Бұдан бөлек корейлік компаниялар мұнай және газ өңдеу, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Ең ірі корей компанияларымен кездестік. Олар – көптеген елде істейтін трансұлттық компаниялар. Барлығының да Қазақстана жұмыс істейтін ынтасы зор. Біз соны пайдалануымыз керек. Екіжақты бизнес форумның аясында 1,5 млрд долларға жақын келісім жасалды. Біздің қол қойған ресми құжаттардың да жалпы көлемі 1,2 млрд доллардан артық. Қазіргі жағдай бұл бізге өте қажет. Ең үлкен жұмыстың бірі – «Балқаш ГЭС». Бізге өте қажет. Алматы облысында ең ірі өндіріс болады. Соның жұмысын бастау жөнінде келістік. Естеріңізге сала кетейік, Президент Оңтүстік Кореяға Жапониядан соң барған еді. Онда да жұмыс кестесі тығыз болды. «Елімнің алдындағы жауапкершілік жоғары болғандықтан, қарқынды жұмыс шаршатпайды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Это моя работа, поэтому я от этого не устаю, от работы, от ответственности, которая на мне есть перед страной, перед народом. Другое дело — выбивают из колеи часовые пояса. Я заметил, что нам лучше ехать на восток, легче, чем на запад потом возвращаться. Конечно, устаешь, не высыпаешься. Я эти дни сплю 3-4 часа максимум, ну не получается, хоть и ложишься, все равно не спишь. Месяц назад, когда объявили, что я лечусь от простудного заболевания, я читал тысячи пожеланий мне здоровья, сочувствия казахстанцев, это было приятно. Пользуясь случаем, хочу всех поблагодарить, каждого за то, что писали на сайтах, в Интернете, блогеры писали. Большое спасибо всем за такое сочувствие и пожелания.

Источник: 24.kz

Мемлекет басшысы Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Корея Республикасының бұрынғы президенті Ли Мен Бакпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан мен Корея қарым-қатынасын дамыту мәселелерін талқылап, оның жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Корея Республикасының іскер топ өкілдерімен кездесу өткізді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сапар аясында Корея Республикасының іскер топ өкілдерімен кездесті. Елдің жетекші компания басшылары бас қосқан жиында бірегей ұсыныстар айтылды. Қазақстан Президенті еліміз үшін Корея сенімді серіктес, стратегиялық әріптес екенін тілге тиек етті. «Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардан бері осы елден тартылған инвестиция көлемі 9 млрд долларға жуықтады», - деп атап өтті Елбасы. Бүгінде елімізде Оңтүстік Корея капиталымен бірлескен 465 кәсіпорын жұмыс істейді. Тек соңғы 3 жылдың ішінде  құны 160 млн долларға жеткен 14 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Мемлекет басшысы сондай-ақ екіжақты әріптестік аясын кеңейту мақсатында елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформаларға да тоқталды. Инвестициялық ахуалды жақсартып, бизнес жүргізуді мейілінше қолайлы ету мақсатында қолға алынған индустриалды-инновациялық бағдарламаны сөз етті. Инвесторлар үшін салықтық жеңілдіктердің барын, шағын және орта бизнесті қолдауды көздейтін арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс істеп жатқанын айтты. Мұнымен қоса Президент, корейлік бизнесмендерді еліміздегі арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды. 

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кездесті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты Корея Республикасының президенті Пак Кын Хе ерекше қошеметпен қарсы алып, ыстық ықылас танытты. Салтанатты шара барысында еліміздің Әнұраны шырқалып, сарбаздар сап түзеді. Ресми шарадан кейін екі ел басшысы Президент резиденциясына бет алды. Кеңейтілген құрамда кездескен қос елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастық, сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық және ғылыми-техникалық салаларды талқылады. Тараптар сондай-ақ  халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қаузап, алыс-беріс барыс-келіс қатынасын жаңа көкжиекке шығаруды уағдаласты. Корей тарапы көлік-транзиттік әлеуетімізге ерекше қызығушылық танытты. Елбасы бұл ретте Қытайдағы Ляньюнган-Қазақстан портының құрылысы аяқталғанын жеткізіп, бизнеске белсенді кірісудің жаңа тетіктері пайда болғанын алға тартты. Ал Оңтүстік Корея президенті: «Қазақстан басшысының ел егемендігінің 25 жылдығы қарсаңында Кореяға жасаған бұл сапары біз үшін үлкен мәртебе», - деп атап өтті. Кездесу аясында бірқатар құжатқа қол қойылды.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Сеулдегі Отан үшін құрбан болғандар монументіне барды

Мемлекет басшысы Отан үшін құрбан болғандар монументіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысып, бір минут үнсіздікпен боздақтар рухына тағзым етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.  

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды. Қазақстан Президентінің ұшағы шетелдік мемлекет басшыларын қабылдау салтанаты өтетін Соннам әскери әуе базасына қонды, деп хабарлайды Оңтүстік Кореядағы меншікті тілшісі Владислав Цой. Қазақстан Президентін Корея Республикасының Сыртқы істер вице-министрі Лим Сун Нам және өзге ресми тұлғалар қарсы алды. Айта кетейік, Қазақстан Президентінің Корея Республикасындағы мемлекеттік сапары 9 қарашадан 11 қарашаға дейін жоспарланған. Сеул қаласында Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хемен және іскер топтар өкілдерімен кездесу өтеді деп жоспарлануда.

Дереккөз: 24.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа «Хиросима қаласының айрықша құрметті азаматы» арнайы атағы берілд

Мемлекет басшысы бұл марапатқа ризашылығын білдіріп, мұны Қазақстан мен Жапонияның антиядролық қозғалыстағы ниеттестігінің белгісі деп атады. Президент атом бомбасынан құрбан болған ондаған мың адамның рухына тағзым ету үшін Хиросимаға арнайы келгенін айтты. Әлем көшбасшыларын ядролық сынақтардан бас тартуға атом қасіретінің қайталануына жол бермеуге шақырды. Нұрсұлтан Назарбаев Семей полигонында 40 жыл бойы үздіксіз жүргізілген ядролық сынақтар қазақ жеріне және халық денсаулығына орасан залал келтіргенін де еске салды. Алдағы уақытта мұндай қасіретке жол бермес үшін бар күш-жігерді жұмсауға шақырды. Бұл ретте Мемлекет басшысы Премьер-министр Синдзо Абэмен келіссөз жүргізу барысында жаппай қырып-жою қаруы қауіпінен ада әлем қалыптастыру жөніндегі іс-қимылды жалғастыру үшін екі ел бірлескен уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты. Ал қала мэрі Кадзуми Мацуи Елбасының ядролық қарусыз әлем үшін күрестегі сіңірген еңбегін жоғары бағалағандықтан, айрықша құрметті азамат атағы берілгенін жеткізді. Хиросимаға келгені үшін барша тұрғындар атынан алғыс білдірді. 

Дереккөз: 24.kz

Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланды

АҚШ-та өткен президенттік сайлауда Республикалық партияның өкілі, миллиардер және саясаткер Дональд Трамп жеңіске жетті, деп хабарлайды AP. Экзит-пол нәтижесі бойынша медиамагнат Дональд Трамп жеңіске жетті. Ол сайлау алқасынан 276 адамның даусын жинап, Хиллари Клинтон болса, 218 дауысқа ие болды.  Жалпы Құрама Штаттар үшін маңызды осы саяси шара барысында Дональд Трамп АҚШ-тың президенті болудан үміткер болған бақталасы, экс-мемлекеттік хатшы Клинтонмен болған тегеурінді тартыста алға суырылып шығып, жеңісті жұлып алды, деп жазды бірқатар беделді БАҚ. Естеріңізге сала кетсек, Дональд Трамп 2016 жылғы 16 маусымда АҚШ президенттігіне өзінің кандидатурасын ұсынған болатын. 

Дереккөз: 24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалды саябағында болды

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапары аясында Хиросимада 1945 жылы атом бомбасынан құрбан болғандарды еске алуға арналған Кенотаф ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар Бейбітшілік мемориалды музейін аралап, жәдігерлерін көріп шықты. Мемлекет басшысы мұражайдың құрметті қонақтарына арналған кітапқа естелік жазба қалдырды. Айта кетейік, Кенотаф ескерткіші 1945 жылы атом бомбасынан толықтай жойылып кеткен бұрынғы Накадзима аумағындағы Бейбітшілік мемориалды саябағында орналасқан. 

Дереккөз: 24.kz

 

Елбасы Боао азиялық форумының басқарма төрағасымен кездесті

Елбасы  Боао азиялық форумының басқарма төрағасы, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Ясуо Фукудамен кездесті.  Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев еліміз Боао азиялық форумына белсенді түрде қатысып келе жатқанын атап өтті. Боао мен Астана экономикалық форумдары ұйымдастырушыларының өзара ықпалдастығын нығайту қажеттігіне назар аударды. Сондай-ақ Президент Жапонияға жасаған ресми сапары аясында ұйымдастырылған бірқатар кездесу сәтті өткенін жеткізді. Ал Ясуо Фукуда Мемлекет басшысының жапон парламенті мінберінен сөйлеген сөзін қатысушылар жақсы қабылдап, Премьер-министрмен өткізген келіссөздер, екі елдің нақты келісімге келуімен аяқталды деді. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Жапония Парламентінің алдында сөз сөйледі

Елбасы Жапония Парламентінің алдында сөз сөйледі. Бұған дейін посткеңестік мемлекеттер көшбасшыларының бірде-біреуіне мұндай құрмет көрсетілмеген. Депутаттар Қазақстанды Орталық Азия елдеріне үлгі екендігін айрықша атап өтті. Кездесуге келгендер Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беріп, екі елдің қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірді. Ал Мемлекет басшысы жапон парламентшілерін ядролық қарудан бас тартып, оны таратпау ісіне атсалысуға шақырды. Бұл ретте Президент «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігінің аясында Қазақстан мен Жапония бірлесіп жұмыс атқару керек», - деді.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Сегодня риск ядерного оружия велик. Угроза терроризма, беспрецедентный кризис доверия. Сегодня как никогда необходимо политическую волю повернуть вспять этим негативным тенденциям. Нам хорошо известны предложения Японии. Ваша позиция близка нам. Сегодня начало времени для трансфорация в организации по безопасности.

Источник: 24.kz

Елбасы Жапонияның іскер топтар өкілдерімен кездесті

Егемен еліміз еңсесін тіктегелі Жапониядан тартылған жалпы инвестиция көлемі 10 млрд долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің іскер топ өкілдерімен кездесу кезінде мәлімдеді. Қазақстан Президенті бүгінде Жапонияның 50-ден астам кәсіпорны елімізде табысты еңбек етіп, кәсіптен нәсіп тауып отырғанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда инвесторлар үшін барлық жағдай жасалғанын айта келе, алыс-беріс пен барыс-келісті одан әрі арттыра түсуге шақырды. Дүниежүзілік банк рейтингісінде Қазақстанның 35-орынға тұрақтауы  елімізде оңтайлы бизнес климат қалыптасқанына айғақ болары анық. Осы орайда Елбасы индустриалды аймақтарда арнайы жобаларды игеруге ниетті жапондық компанияларға барынша жағдай жасалатынын айтты.

Дереккөз: 24.kz

Н.Назарбаевқа «Токай» университетінің Құрметті докторы атағы берілді

Елбасы Токиодағы «Токай» университетінің құрметті докторы атағына ие болды. Бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың білім саласына қосқан ерен еңбегі деп білді профессорлар. Және алдағы уақытта қазақстандық университеттермен тығыз байланыс орнатуға ниетті екенін жеткізді. Жапониядағы ең даңқты университеттің бірі – «Токай». Іргесі 1942 жылы қаланған. Сол уақыттан бері білім ордасы ақылы асқан білімгерлерді дайындап шықты. Олар биік белестер мен асқар асуларды бағындырып, білім ордасының абыройын асқақтата түсті. Қазіргі уақытта оқу орнының АҚШ, Дания, Австрия, Оңтүстік Корея және Таиландта өкілдіктері бар. Және Қазақстандағы Назарбаев Университетімен тығыз байланыс орнатқан. Ямада Киеси, «Токай» университетінің ректоры: - Назарбаев Университеті ашылған тұста біз академикалық байланыс ортаттық. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары «Токай» университетіне келіп тәжірибе алмасып, үздік оқытушылардан дәріс тыңдады. Сіздердің елдеріңізде де технология саласына ден қойылып отыр. Бізде де бұл сала жанданып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта да қатынасты мықтайтынымызға сенемін. Бұл байланыс ел Президентінің еңбегі деп біледі мұндағы профессорлар. Елбасының елдегі білім саласына бөлген көңілін ерекше құрметтейді. Сол себепті бүгін «Токай» университетінің ректоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты техника ғылымдарының докторы құрмет белгісімен марапаттады. Техника ғылымдарының докторы атағы осы уақытқа дейін білім саласына ерекше көңіл бөлген 6 саясаткерге тапсырылды. 1978 жылы Болгария Премьер-министрі Живков, 1980 жылы Фиджи Премьер-министрі Мара, 1997-де Таиланд ханшайымы Сирикит, 2007 жылы Таиланд Премьер-министрі Чуланонт, 2009-да Ресей Федерациясының Премьер-министрі Путин және бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нагдартталды. Университет басшылығы әуелден инженерлік ғылым, физика, химия, ақпараттық технология, медицина, робототехника және нанотехнология бағыттарына басымдық берген. Біліммен қатар тәжірибені ұштастыру үшін мұнда ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді. Қысқаша айтқанда, ізденуге бар мүмкіндік қаралған. Мұны «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуға түскен Алпамыс Асылбек айтты. Алдағы уақытта іргелі екі оқу ордасы Назарбаев және «Токай» университетінің әріптестігі нығая береді. Университеттің ұжымымен кездескен ел Президенті осылай деді. Және берілген құрметке өзінің және халықтың атынан алғыс айтты. Алдағы жылы университеттің іргесі қаланғанына 75 жыл толатынын ескеріп, келе жатқан мерейлі мерекелерімен құттықтады.    Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Жапония императоры Акихитомен кездесті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Дереккөз :24.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға ресми сапармен барды

Қазақстан Президенті Токио қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сапар аясында Жапонияның императоры Акихитомен кездесу өтіп, Премьер-Министр С.Абэмен келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жапонияның Парламентінде және «Токай» университетінде сөз сөйлеп, іскер топтар өкілдерімен кездеседі деп жоспарлануда.  

Дереккөз: 24.kz

Елбасының Жапонияға ресми сапары 9 қарашаға дейін жалғасады

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Жапонияға барады. Сапар аясында Елбасы император Акихитомен, Премьер-министр Синдзо Абэмен және іскер топ өкілдерімен кездеседі. Қос тарап әсіресе экономикалық қатынасты нығайтуға мүдделі. Осы уақытқа дейін бірталай бірлескен жоба іске асты. Жапон кәсіпкерлері еліміздің өндіріс саласына инвестиция салды. Осы сапар аясында да екі жаққа тиімді келісімдер жасалады деп күтілуде. Қазақ елінің көшбасшысын жапон халқы қатты құрметтейді. Өйткені Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ-ның жиынында және халықаралық кеңестерде айтқан ұсыныстарын үнемі құп көреді мұндағы ел. Әсіресе Елбасының әлемді ядролық қарудан бас туртуға шақырғаны бұл жұрттың жүрегіне жылы қабылданды. Себебі екі елдің бұл бағытта үні бір. Мұны ресми сапар алдында Жапонияның ұлттық телеарнасына берген сұхбатында Елбасы ерекше атап өтті. Атом бомбасы Хиросима, Нагасаки және Семейді сыпырып өтіп, халық қара жамылды. Мики Ваджима, Тәуелсіз елдер экономикасы институтының директоры: - Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанда көптеген ядролық сынақ жүрді және миллиондаған адам зардап шекті. Бұл қиындық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында артта қалды. Қазақстан басшысы Семей полигонын жауып, көп елге үлгі көрсетті. Бұл қадамды біз жоғары бағалап, тарихи шешім деп қабылдаймыз. Әлемді бейбіт өмірге үндеген Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын жапон сарапшылары жақсы біледі. Орта Азиядағы және көрші елдердің алауыздығын азайту үшін жасаған арағайындығын үлгі көреді. Сонымен бірге Біріккен ұлттар ұйымының Қауіпсіздік кеңісінің тұрақты емес мүшесі ретінде бізден жаңа бастамаларды күтеді. Нобуясу Абэ, Жапония атом энергиясы комиссиясының комиссары: - Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесіне мүше болғаны өте маңызды болды. Өйткені Қазақстан енді Орта Азияның қауіпсіздімен қатар әлемдік қақтығыстардың болмауына күш салады. Осы уақытқа дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың араласуымен бірқатар ел бір-біріне қабақ шытуын доғарды. Президенттің осы жұмысын оң көріп, үлгі аламыз. Тұрақтылықты тұғыр қылған Қазақстан мен Жапония экономикалық қатынасты мықтауға бейіл. Қос тарап осы уақытқа дейін бірлескен жобаларды іске асырды. Инфрақұрылым және өндіріс саласына жапон бизнесмендері инвестиция салды. Бұл байланысты олар одан ары нығайтқысы келеді. Президенттің ресми сапары аясында бірлескен келісімдер жасауға әзір. Мики Ваджима, Тәуелсіз елдер экономикасы институтының директоры: - Премьер-министр Сидзо Абэның саясаты аясында Қазақстанмен қатынасты нығайтуға үлкен көңіл бөлініп отыр. Біз ауыл шаруашылығы, медицина және инфрақұрылым салаларында әріптестікті дамытқымыз келеді. Әлем елдері экономикасының адымы қысқарған тұста Қазақстан әлеуетін әлсірткен жоқ. Қара алтынға қарап отырмай, жаңа қадам жасады. Мұны да жапон экономистері жақсы түсінеді. Және бұл істің болашағы баянды болып, ел жағдайының жақсаруына әкеледі дейді. Тетсуджи Танака, Орталық Азия және Кавказ елдері институтының директоры: - Қазақстан экономиикасының әуелгі қадамы – шағын және орта бизнесті дамыту. Әрине бұл жұмысты мен жөн деп санаймын. Өйткені жаңа технологияны енгізу арқылы кәсіпті өркендетсе, экономиканың дамуына негіз болады. Сәйкесінше ілгерілеу жеделдеп, экспорттық қарқын өседі. Иә, расында Қазақстанда қазір шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар бар. Олар сәтті жүзеге асып жатыр. Осыны ескерген шетелдік инвесторлар біздің елде іс қылуға ынтық. Олар кәсіп ашамын десе, инфрақұрылым жасалып, салық саясаты жеңілдетілген. Осындай ақпараттар Президент сапары аясында жапон бизнесмендеріне кеңінен таныстырылады. Авторлары: Сәкен Сейітханұлы, Еділ Ермекбаев, Дулат Ентебеков

Дереккөз: 24.kz

Жапон халқы Елбасының сұхбатын қызу талқылап жатыр

Жапон халқы Қазақстан президентінің 6-9 қарашада күншығыс еліне жасайтын ресми сапарын күтіп отыр. Жергілікті ақпарат құралдары Нұрсұлтан Назарбаевтың жақында NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясы мен «Киодо Цусин» ақпарат агенттігіне берген сұхбатындағы келелі мәселелерді кеңінен талқылап жатыр. Әсіресе жапондар Елбасының Хиросимадан әлемге жолдайтын арнайы үндеуіне үлкен қызығушылық танытты. Бұл туралы NHK телерадио хабарлар тарату корпорациясының сайтында жарияланды. Онда қазақ басшысының барлық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл және жаппай қырып-жоятын қарудан толығымен бас тарту туралы бастамаларына басымдық берілген. Жапон жұртшылығының Елбасы үндеуін асыға күтетіндей жөні бар. Бұл ел ядролық қарудың зардабын тартқан халық екені тарихтан белгілі. Еске сала кетсек, 1945 жылдың 6 тамызында АҚШ-тың қарулы күштері алдымен Хиросимаға, кейін Нагасакиге атом бомбаларын тастап, салдарынан 200 мыңдай адам қаза тауып немесе із-түссіз жоғалған еді. 160 мың тұрғынға радиоактивті сәуле өтіп жарақат алды. 

Дереккөз: 24.kz

Қазақстан Президенті Сербия Республикасының Президенті Т.Николичпен телефон арқылы сөйлесті

Әңгіме барысында тараптар өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Белградқа 2016 жылғы 23-25 тамыздағы ресми сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылуы барысын талқылады. Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Сербияның достық қарым-қатынасын одан әрі нығайту бағытында бірлесіп, белсене жұмыс жүргізуге әзір екендігін айтты. Мемлекет басшысы ынтымақтастықты жан-жақты нығайту үшін Сербия Премьер-министрі А.Вучичтің Қазақстанға биылғы қараша айындағы сапарының маңыздылығын атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Сербия тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Дереккөз: 24.kz

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады

Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаевпен телефон арқылы сөйлесті. Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан президенттері алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде 2017 жылдың бірінші тоқсанында Түркітілдес мемлекеттер кеңесінің кезекті саммитін өткізу жайын қарастырды.  Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Дереккөз: 24.kz

Мемлекет басшысы Словакияның Сыртқы істер министрі М.Лайчакты қабылдады

Елбасы Словакияның Сыртқы және Еуропалық істері министрін қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан ары нығайту мәселесі қаралды. Саяси және экономикалық әріптестікті дамыту жайы сөз болды. Мемлекет басшысы ағымдағы жылы Словакия Еуропалық одаққа төрағалық ететінін айта келе, бұл мемлекеттің қарқынды дамып жатқанының айқын көрінісі деді. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның еуропалық одақпен жан-жақты экономикалық байланысына да көңіл бөліп, біздегі сауда айналымының шамамен тең жартысы осы одаққа тиесілі екендігін сөз етті. Еуроодақпен әріптестік жөніндегі құжатты ратификациялауға қолдау білдіргені үшін Мирослав Лайчакқа алғыс білдірді. Президент Қазақстанда экономиканы әртараптандыру мен жекешелендіру шарасы, индустриалды-инновациялық бағдарлама іске асырылып жатқанын жеткізді. Бұл ретте Словакияның Сыртқы және еуропалық істері министрі өзімен бірге бизнес делегацияның ерте келгенін айтып, Словакия кәсіпкерлері қазақстандық әріптестерімен кездесіп жатқанын тілге тиек етті. «Ондағы басты мақсат – екіжақты тауар айналымын арттыру», - деді. Сондай-ақ мәртебелі мейман еліміздің аймақтағы шиеленіскен жайттарды реттеудегі үлесін айрықша атап өтті. Мирослав Лайчак, Словакияның Сыртқы және Еуропалық істері министрі: - Құрметті Президент, сізбен кездесуге мүмкіндік бергеніңіз үшін алғысым шексіз. Словакия мемлекеті басшысының сізге ыстық сәлемдемесін жеткізгім келеді. Сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Елдегі тұрақтылықтың арқасында экономикалық және әлеуметтік даму бойынша Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекетке айналды. Бұл сөзсіз сіздің орасан зор еңбегініздің жемісі. Біз қазақ елімен ынтымақтастықты одан ары дамытқымыз келеді.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянді қабылдады

Елімізге Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцян ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды әуежайда Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бастаған Үкімет мүшелері айрықша сән-салтанатпен қарсы алды. Қытай – Қазақстанның сенімді серіктесі, стратегиялық әріптесі. Бұл елмен өткен әр кездесу келешегімізді кемелдендіре түсетіні анық. Бұл туралы бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянді қабылдау барысында мәлімдеді. Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығы мен қатар сауда экономикалық, инвестициялық, көлік транзиті тәрізді өзекті салалар сараланды. Қазақстан Президенті екі ел арасындағы алыс-беріс қарқыны бәсеңдеп қалғанын айтты. Бұл ретте Ли Кэцян мырза Қазақстан мен Қытай халқы арасындағы байланысты бекемдеу жолында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екенін атап өтіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Я считаю, что наши отношения – это образцовая модель во взаимоотношении между нашими странами. Вы в Казахстане были 2 года назад, и тогда вы предложили программу нашего экономического сотрудничества. И с тех пор мы продвинулись, много сделали. Сейчас идет осуществление тех программ, о которых мы договорились. Я был в Ханчжоу недавно. Провел подробные переговоры с Председателем Си Цзиньпином. Пригласил его на «ЭКСПО-2017» в следующем году. Он совпадает с проведением ШОС, где Казахстан является председателем,  и с официальным визитом Председателя к нам. Ли Кэцян, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері: - Мен сізбен кезекті рет Қазақстанда кездесіп тұрғаныма өте қуаныштымын және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің сізге ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Біздің стратегиялық әріптестігіміз жыл санап нығайып, саясатымыздағы сенім аясы кеңеюде. Қытайдың белгілі компаниялары Қазақстанмен етене араласуға қызығушылық білдіруде. Елбасы емен жарқын өткен кездесу барысында «Нұрлы жол» мен «Жаңа Жібек жолы» бағдарламалары екі елдің стратегиялық ынтымақтастығын нығайтуға бірегей мүмкіндіктер беріп отырғанын айтты.  Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - 2 сентября в Ханчжоу мы провели переговоры с Председателем Си Цзиньпином и договорились об этом. Думаю, это очень важно и поддержка казахстанской «Нұрлы жол», строительства автомобильных и железнодорожных дорог до Каспийского моря на юг через Иран до Персидского залива. Мы Великий Шелковый путь поддерживаем и продолжаем. С этой стороны автомобильная дорога дошла до России и дальше пойдет в Европу. И то, что контейнеры с порта Ляньюньгань в Тихом океане ходят через нас. Каждый год увеличивается очень быстро, проходит за 14 суток. Тогда как морским путем он идет 45 суток. Это все  за короткое время мы с вами осуществили.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Түркия Президенті Р.Т.Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

Елбасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Р.Т.Ердоғанды Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтап, бауырлас түрік халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ бірқатар өңірлік және халықаралық өзекті мәселені талқылады.
 
Толығырак :24.kz сайтында

дереккөз:24.kz

Ұлттық банк 1000 теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады

Ұлттық Банк 1000 теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық банк төрағасының Қазақстан теңгесі банкноттарында қолтаңбасының қойылуы туралы талаптың 2016 жылдан бастап алып тасталғанын еске салады. Қазіргі уақытта айналыста Ұлттық банк төрағасының қолтаңбасы қойылған, сол сияқты қолтаңбасы қойылмаған номиналы 1000 теңгелік банкноттар бар, қалған бөлігінде олар бірдей болып табылады. Бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға міндетті», - делінген ақпараттық хабарламада.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басқарма төрағасын қабылдады

Кездесуде А.Жұмағалиев Мемлекет басшысына ұлттық атом компаниясының 2016 жылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады. Қазақстан Президенті бұл сала өнімінің әлемдік нарықтағы үлесі жоғары екенін атап өтті. – Біздің міндетіміз – толық ядролық отын циклінің барлық үдерісіне қатысуға мүмкіндік алу. Бұл салада басқа елдермен өзара ынтымақтастықтың деңгейін арттыру керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ Мемлекет басшысы профильді емес активтерден арылу және трансформациялау бағдарламасын іске асыру мәселелеріне назар аударды. Ұлттық атом компаниясы басқармасының төрағасы Елбасыға Үлбі металлургия зауытының аумағында зауыт салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесінің аяқталғаны және қажетті жабдық өндірудің басталғаны туралы баяндады. Бұған қоса, А.Жұмағалиев шетелдік серіктестермен арада биыл жасалған келісімдер және бекітілген келісімшарттар туралы, сондай-ақ компания құрамынан профильді емес 26 активтің шығарылатыны туралы хабардар етті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Дереккөз: 24.kz

Елбасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетовті қабылдады

Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдап, осы күнге дейін не тыңдырылғанын тыңдады, алда қандай мәселелерге басымдық беру керектігін айтты. Атап айтсақ, Елбасы келер жылы заңдық базаны толық қалыптастыруды тапсырды. Мұнымен қоса, қаржы орталығына қабылданатын қызметкерлерді қабылдауда қаржылық қызмет көрсететін үздік халықаралық компаниялардың тәжірибесіне сүйену қажеттігін айтты. Өйткені, ел экономикасына қомақты үлес қосатын, Қазақстандағы ең үздік қаржылық жүйе құруға сеп болатын орталыққа көз тігіп отырғандар аз емес. Қайрат Келімбетов бұл тапсырма уақытылы орындалатынына сендірді. Қаржы орталығының тұсаукесері 2018 жылдың қаңтарына жоспарланған, ал қатысушыларды тіркеу келер жылдан басталады, - дейді орталық басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - Превратить наш ЭКСПО в финансовый центр международный, который будет вносить вклад в экономику и создаст лучшую финансовую систему в Казахстане. Все финансовые центры придут к нам. В следующем году должна сформироваться законодательная база, правовая и должны работать. Қайрат Келімбетов, «Астана» ХҚО басқарушысы:   - Сіздің шетелдік сапараларыңыз барысында қол жеткізген уағдаластықтарыңыз орталық жұмысына қарқын беріп жүргенін ерекше атағым келеді. Әсіресе «10 триллион» клуб өкілдерімен болған кездесу нәтижелі болды. «Астана» қаржы орталығын құру идеясына халықаралық инвестициялық орта оң көзқарас танытып, үлкен қолдау білдіруде.  

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Б.Сұлтанов Қазақстан Президентіне Қаржы министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен 2016 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылуы туралы баяндады.  Елбасы бюджет үдерістерінің тиімділігін одан әрі арттыруға, бюджетті қалыптастыру барысында экономиканың өсіміне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларға негізделген ұтымды тәсілдердің қолданылуына баса назар аударды. Сондай-ақ Қазақстан Президенті жекешелендірудің екінші кезеңін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды. «Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардың меншігіне беру ісінің мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұдан бөлек Мемлекет басшысы мүлікті заңдастыру жөніндегі науқанның соңғы кезеңіне қатысты міндеттер қойды. Мәселен, Қазақстан Президенті бұл науқанды жүргізу барысында қалыптастырылған жариялылық жағдайын атап өтіп, оның ел экономикасы үшін нәтижелілігін айтты. «Мүлікті заңдастыру салық есебінен бюджетті толықтырып, одан әрі экономикаға пайдасын тигізетін активтерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл – салық жүйесінің басты міндеттерінің бірі», - деді Елбасы. Қаржы министрі тиімді экономикалық саясат пен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнамаларға өзгерістер енгізу, салық пен кедендік басқаруды жетілдіру есебінен бюджет кірісінің тұрақтануы және биыл оның 7,4%-ға өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді. Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: 24.kz

Елімізде алдағы 10 күнде жанармай бағасы тұрақтайды

Алдағы 10 күнде жанармай бағасы тұрақтайды. Үкімет отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай деді. Айта кетейік, соңғы он бес күнде еліміздің бірқатар аймағында АИ-92 маркалы жанармай бағасы 130-137 теңгеге дейін көтерілген болатын. Құзырлы орган өкілдері бұл жағдайды Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланыстырған болатын. Энергетика министрінің айтуынша, зауыт қарашаның 12-інде іске қосылуы тиіс. Мұнымен қоса 20 күн бұрын Павлодардағы мұнай өңдеу зауытындағы техникалық ақау өндірісті тоқтатып, бензин бағасының қымбаттауына әкеп соқты. Тиісті құрылғы бір-екі күнде жөнделеді. Бұл өз кезегінде, жанармайдың нарыққа жеткізілу көлемін ұлғайтпақ. Есесіне баға да қалыпқа келеді, дейді министр. Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі: - Қазірдін өзінде импорттан көбірек келіп жатыр. Ресейде бензин бізге қарағанда қымбаттау, сонымен Қазақстанның бензині және Ресей бензинінің нарықтағы үлестері өзгеріп жатыр. Егер көбірек өңдесек, 10 күннен кейін баға орнына келеді немесе өсімді тоқтатамыз.

Дереккөз: 24.kz

Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына Қазақстанның БҰҰ ҚК мүшелігіне дайындығы туралы есеп берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Кездесуде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына 2017 жылғы қаңтарда басталатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады. Елбасы сыртқы саяси қызметті атқару кезінде республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін атап өтті. «Елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін елшілеріміз 25 жылда қол жеткізген жетістіктерімізді, соның ішінде Қазақстанның республикадан тыс жерлердегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне қосқан үлесін шетелдік қоғамдастыққа көрсетуге тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге Мемлекет басшысы елімізге шетелдік ресми делегациялардың келуінің маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардың басымдығы бар бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтың айрықша сенімінің көрінісі болып саналатынын жеткізді. Сыртқы істер министрі Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметке дайындық белсенді түрде жүргізіліп, тұрақты комитеттерге басшылық жасау міндеттерінің бөлініп беріліп жатқанын мәлімдеді. Бұдан бөлек Е.Ыдырысов республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аса мәртебелі меймандар қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан Президентін алдағы халықаралық іс-шаралар, соның ішінде басым бөлігі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге байланысты болатын шаралар туралы хабардар етті. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Дереккөз: 24.kz

Елбасы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы әріптестік туралы Заңды ратификациялады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Дереккөз: 24.kz

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1580
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7215
Осы айдаОсы айда61733
БарлығыБарлығы568138
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі