Құрметті аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы! мен Көкшоқы м.а. көп қабатты тұрғын үйде турамын. Басты мәселем жеке пәтерімді табиғи газға қосу мүмкін болмай тұр, неге қосуға рұқсат жок алде орталық жылу жүйесі қосылады ма? қашан?
Саламатсыздар ма? Біз Шиелі ауданы, Қарғалы ауылының тұрғынымыз. Біздің ауылда болып заң бұзушылықты қарауларыңызды өтінеміз. Нақтырақ айтатын болсақ кәсіпкер Дүйсебаева Ақбөпе жайында. Ол біздің ауылда : жеке бала-бақша есепшісі,почта меңгерушісі,жеке дүкен иесі,мектепте кəсіпкер және "Бүлдіршін"шағын орталығында кəсіпкер болып жұмыс жасайды. Біздің "Бүлдіршін"шағын орталығында берілетін тамақтың сапасыздығы,сасыған ет жəне баланың денсаулығына зиянды "юпи " сынды заттардың берілуі. Алдыңғы жолы берілген шырынының астында құрттар жүр. Ол жайында директорға шағымданған едік. Келесі күні кəсіпкер Дүйсебаева Ақбөпе біздің шағын орталыққа келіп"балаларыңа қаласам тамақ беремін,қаламасам бермеймін. Керек десеңдер балаларыңды тартып алып сендерді жұмыссыз қалдырамын",деп қорқытып кетті. Бұл жерде "балаларыңды тартып аламын"дегені:өзі жақында жеке бала-бақша ашқан соған қарай аламын дегені. Балабақшасында бізде яғни "Бүлдіршін" шағын орталығында тамақтанып,келіп жүрген балалардың атынан жолдама алып, өз тізіміне қосып қойған. Біз білім бөліміне,ауданға,пенполицияға шағымдандық. Алайда еш нәтиже болмады. Біз шырылдағаннан кейін бір күні қаржы бөлімінен тексеру келді. Тексеру келетін күні ол бала-бақшасына мектеп алды даярлық тобының жəне туыстарының балаларын əкеліп жатқызып қойған. Оны қаржы бөлімінен келген адам ажырата алмай кеткен еді. Бірақ бұданда еш нəтиже шықпады. Тіпті бала-бақшасының тізіміне басқа ауылдың балалары жəне ажырасқан отбасының балаларын қосып қойған. Кəсіпкер бұнымен де шектеліп қалмай ауылда жұмыссыз жүрген адамдарды өз бала-бақшасында жұмыс жасайды деп тіркеп,сол адамның атынан айлық алып отыр екен. Осы адамның кəсіпкерліктен кетуін талап етіп,қанша жерге барсақта барлық жерде жемқорлықтың күші басым түсіп, біздің арызымыз қараусыз қалып жатыр. Наурыз айының 24-жұлдызында біз жұмысқа барсақ, таңертеңгі 9:30дың тамағы жоқ екен. Аспазшыдан барып себебін сұраған едік. Кəсіпкердің азық-түлікті бермегендігін алға тартты. Келіп əдіскерімізге тамақтың жоқтығын айттық. Əдіскеріміз осы мәселе жөнінде директорға кірсе, алдында кəсіпкер отыр екен. Ол тағы да директордың көзінше :"сендерге тамақ енді жоқ" деп жауап қайтарыпты. Соның артынша шағын орталыққа директор келіп:" сендер бір ставка болып құтырайын депсіңдер, жазған арыздарың түкке тұрғысыз. Ештеңе де шықпады"деп директорда жиналыс жасап,осындай сөздер айтты. Осы кəсіпкердің Дүйсебаева Ақбөпенің істеген іс-əрекеттеріне жəне сыбайласы мектеп директорыӨмірəлиев Асылханға заңды түрде шара қолдануларыңызды сұраймыз. Осы уақытқа дейін қанша жерге шағымдансақта кəсіпкердің қолының ұзындығы мен жемқорлықтың басымдығынан арыздарымыз қаралмады. Сол себепті сіздерге шағымданып отырмыз. Осы істі заң жүзінде қолға алуларыңызды сұраймыз.
Добрый день, уважаемый Кайратбек Аубакирович! Обращаюсь к Вам со следующим вопросом. Дело в том, что около года назад назад, на улице Жалела Конаева пос. Шиели, проводились работы по укладке газопоровода вдоль асфальтовой дороги улицы. По окончанию работ, асфальт дороги с каждой стороны был загрязнен слоем земли в несколько сантиметров, оставшейся после засыпки траншей. От первоначальной ширины дороги осталось незагрязненной около 50-60% дороги, со стороны подрядной организации никаких мер по приведению асфальта в исходное чистое состояние не принято. Летом 2015г. я звонил в Акимат поселка, мне сообщили, что разберутся в этом вопросе, однако никаких мер предпринято не было. В 2016 году проводились работы по бетонированию канала (канал Шиели), который проходит параллельно улице. В ходе этих работ, грузовые автомашины, регулярно передвигавшиеся по улице, нанесли колесами грунт и грязи и еще больше загрязнили дорогу, сейчас проезжая часть загрязнена полностью. А ведь асфальт проложили всего несколько лет назад (в 2012-2013 г.), и сегодня он абсолютно полностью находится под слоем грязи. Считаю, что при выполнении такого рода работ порядная организация должна обеспечить незагрязнение проезжей части дорог и близлежащей территории. А в случае если это произошло, подрядная организация, производящая работы, должна обеспечить уборку загрязненных участков. Пройдя ссылке ниже можно просмотреть фотографии, на них можно увидеть текущее состояние дороги (январь 2017г.) и её состояние в июле 2014 г. - https://drive.google.com/drive/folders/0B4ca7QUY6unLdFZkdkMzNU5JN3M?usp=sharing Учитывая вышесказанное, прошу Вас разобраться в данном вопросе и принять соответствующие меры по приведению дороги в надлежащее состояние.
Құрметті Қайратбек Əубәкірұлы! Шиелі ауданы Асан ата көшесіне жол және жарық жаңартылды,сізге шексіз рахметімді айтамын. Бірақ сол жарық бөрене қою кезінде ауыз су келетін құбырды тесіп алған сол су сыртқа осы күнге дейін ағып жатыр,үйлердің ортасы көлшікке айналды. Үйіміз ден лай су ағып жатыр. Сол мәселеге байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.
Құрметті аудан әкімі мен қызылорда шиелі ауданы қарғалы ауылының тумасымын, менің сізге айтар сұрағым қарғалы ауылына қатынайтын автобустың жол ақысының жылда жүргізушілердің көтеруіне қатысты болып отыр, қазіргі құны 180тг, қыста көпірді алып тастағанда 250 тг дейін барады, онсызда әлеуметтік жағдайы төмен, жұмыссыз отқан отбасылыар қаншама, есесіне ауылда көп балалы отбасылар өте көп, шалғай жатқан ауыл болғаныдықтан әбден назардан тыс қалған, оқушылрдың жол ақысының өзі 80тг, бару қайтуына не бәрі 20 л бензин кететін жердің жол ақысын жүргізушілер өз қалауынша қойып, халық келіспесе жүрмей қойып білгендерін жасап отыр деседе болады, қарны тоқ, айсайын айлық алған жұмысы бар адамдар үшін 180 тг ақша болып көрінбеуі мүмкін, алайда, ауыл тұрғындарының жағдайымен таныссаңыздар түсінерсіздер деп ойлаймын, онсызда зорға күнін көріп отырған халық жол құны бару қайтуының өзі 500 тг жақындағансоң ауылдың өз еркімен еселеп баға қоятын қымбат дүкендерінен керегін алып қарызға батып, шарасыз күйде өмір сүруде, қалалық жерлерде 10 тг жол ақысы қымбаттаса жаңалықтан хабарланып, әкімшіліктің бақылауында болады, ал еліміздің халық санын көбейтіп отырған батыр аналарымыз бар осындай ауылдардыкы еселеп көбейседе ешкім елемейді? неге....
Здравствуйте! Уважаемый Кайратбек Аубакирович, Я сноха женщины, которая проживает Районе Шииели, РУ6, ГРП 23, 30/1. Это женщина воспитывает 3-х детей одна по сей день получала алименты от мужа, уже как три месяца не получает ни копейки. Живут очень бедно нет у них продуктов, угля, дровь. Сама женщина больная и старший сын больной (психический). Эти люди нуждается помощи от социальных работников. Работать ее никто не берет на работу потому, что у нее нет деньег. Прошу Вас оказать содействие для получение алименты. Если можно помощи от социальных структур. Спасибо!
Құрметті аудан әкімі ! Шиеліде неге көмір жоқ ? Мынау тұрған Жаңақорған ауданында көмір тоннасы 11,000 - 12,000 теңгеден сатылуда . Ал бізде көмір тоннасы 18,000 теңгеден . Арадағы алыпсатарлар неге бағаны шарықтатып жіберді . Неге уәкілетті органдар көмір сататын кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізбейді ? Неге қадағалау жоқ ? Пенсиясы күнкөріс денгейіне жетпейтін , аз қамтылған отбасылары , адамдар не істеу керек ? Шиеліде неге үкімет жоқ ? Құрмет атағына лайық ол . Жаңақорған аудан әкімі !!! Азық-түлік бізге қарағанда тым арзан Жаңақорғанда .
Қайратбек мырзаға ! Жөлек ауылының ауыз су жағдайы мазалайды. Қазір ауыз су екі күнде бір ағады 2 сағат ғана. ауылда алты көше болса, соның үшеуінде ғана су ағады. Ауылдың әкімі кісіні алып келіп не техникасы не адамы жоқ. Ауыз су мәселесіне көмек беруіңізді сұраймын. Ауылдың әкімінен қайран жоқ сияқты.
Құрметті аудан әкімі Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы ! Мен еліміздегі «Кіші және орта бизнесті қолдау» бағдарламасы бойынша, ақпан айында жылыжай салу мақсатында қаржылай көмек сұрап аудан әкімі орынбасарының қабылдауында болдым. Мені кәсіпкерлікті қолдау палатасына жіберді, ол жерде көмек беруге уәде етіп, қолдау көрсеттіп, керекті құжаттарды дайындауға тапсырма берді. Мен сұраған барлық құжаттарды дайындап облыстық кәсіпкерлікті қолдау палатасына тапсырдым.Бүгінгі күні маған «Сенің кепілдікке қоятын үйін бар, басқа банктен кредит алсын» деп отказ беріпті. Сондағы Елбасымыздың кәсіпкерліктті қолдау жөніндегі тапсырмасын бос сөз болғаны ма!!! Осыған сіз не деп жауап бере аласыз. Алдын ала рахмет!
Аудан әкіміне! Жөлекте еге барма жоқпа? Ауылдағы әкімгершілікті бұзып жатыр.Қой дейтін адам жоқ. Далада отырадыма? Ұлы соғысының тақтасын жаңартуға екі өзбек алып келіп жартысынан тастап кетті. Аяғын клубпен мектептің адамдары бітірді. Бөлінген ақшадан пайда көрмей ақ қойса болмай ма? Байгеқұм,Ортақшыл, Балаби ардагерлер тақтасын көрсеңіз қандай керемет.Бізге ауылда тұратын, ауылға жаны ашитын азамат керек. Ауылда әкімде, учасковый да жоқ. Жөлек ауылының тұрғындары.

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін136
КешеКеше1702
Осы аптадаОсы аптада6921
Осы айдаОсы айда46145
БарлығыБарлығы442303
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.125.164
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі