Жалпы мәлімет

Шиелі аудандық білім бөлімінің 2017 жылдың І тоқсандық қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының есебі

Аудандағы білім беру жүйесін  жалпы білім беретін 41 мектеп (оның ішінде  жаңа типті 7  мектеп: 2 мектеп-гимназия, 5 мектеп-лицей, 34 жалпы білім беретін мектептер) мен 1 кешкі мектеп, 116 мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдары (оның ішінде, 16 мемлекеттік және                                    1 ведомстволық, 50 жеке балабақшалар, 37 толық емес, 11 толық, 1 жеке шағын орталықтар) және 3 мектептен тыс мекеме құрайды. 41 жалпы орта білім беретін мектептің 32 типтік, 9 бейімделген жобадағы ғимараттарда орналасқан. Жалпы білім беретін 41 мектептің 38 – де оқу - тәрбие жұмысы қазақ тілінде,          1 мектепте орыс тілінде, 2 мектепте қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектептердің 33 –і орта (80,5 %),  5-і негізгі орта (12,2%), 3-і (7,3%) бастауыш мектептер.   2016-2017 оқу жылында аудан бойынша 16 161 оқушы білім алады. Барлық балалардың 98,1% орта мектептерге, 1,7% негізгі орта, 0,2% бастауыш мектептерде оқиды. Шағын жинақталған мектептер саны – 5 (№84,154, Ақтам, Жуантөбе, Лесхоз)

      Мектепке дейінгі тәрбие

Қазіргі таңда  аудан  бойынша   116 (67   балабақша, 1 ведомостволық балабақша,  48 шағын орталық) мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 7056 бал тәрбиеленуде.Жұмыс  жасап жатқан 17 мемлекеттік, 50 жеке меншік балабақшалар. Аудан бойынша жеке меншік балабақшаның үлесі 75 пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда аудан бойынша 48 шағын орталық жұмыс жасайды, оның 47 мемлекеттік, 1 жеке шағын орталық. 48 шағын орталықтың 12 –і толық күн жұмыс жасайды, яғни шағын орталықтың 25 пайызы толық күндік шағын орталық. 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйыммен қамтылуы - 55 пайызды құраса, 3-6 жастағы балалардың қамтылуы – қазіргі таңда 100 пайызды құрайды. 2017 жылы Тартоғай ауылында  90 орынды балабақша құрылысы басталмақ. 3 мектепке дейінгі білім беру мекемесі күрделі  жөндеуден өткізілді. 3 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі мекемелерге орындарды жетіспеушілігін азайту мақсатында елдімекендер және кент бойынша 2015 жылдың қыркүйек айынан 2016 жылдың қыркүйек айы аралығында 7 жеке балабақша, 3 қосымша топ ашылды. Кезекте 2 жеке балабақша ашу жоспарланған. Қазіргі таңда 657 бала кезекте тұр. Оның 0-3 жас аралығындағы бала саны- 381, 3-6 жас аралығындағы бала саны – 276.

Қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысы туралы

Ағымдағы жылы 11 сыныпты бітіруші 782 оқушының 626-ы жаратылыстану-математикалық, 187-і қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда білім алуда, ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша олардың 97-і (12,4%) «5»-ке, 264-і (33,7%) «4» пен «5»-ке, 421-і (53,9%) «қанағаттанарлық» деңгейде білім дәрежесін көрсетті.

Өткен жылы бітіруші түлектердің 95% ЖОО мен колледждерде  білім алуға қол жеткізсе,  Елбасының 2017 жылдан бастап мектеп бітірушілерді  тегін кәсіптік - техникалық білімге қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес биылғы жылы түлектеріміз 100% университеттер мен колледждерде білім алатын болады. Сонда ЖОО-ына түсуді мақсат еткен әрбір бітіруші 2 рет білім сынағынан өтеді.

       Аудан бойынша осы оқу жылында мектепті 782 оқушы  бітірсе, оның 552-і (70,5%) университеттерде, 230-ы (29,5%) колледждерде білім алады деп күтілуде.ҰТО-ның соңғы мәліметі бойынша талапкерлерден өтініш қабылдау 16 наурыздан басталатын болады. Бүгінгі күні әрбір бітірушіге оның білім деңгейі мен қабілетіне қарай кәсіби бағдар беріліп, қай деңгейде, қандай оқу орнында кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар екендігі жөнінде түсіндіру, талдау жұмыстары жүргізілуде. Бейінді пәндердің математика+физика комбинациясын 185 бітіруші, математика+география 24, тарих+география 11, биология+химия 207, биология+география 27, шет тілі+тарих 32, оқыту тілі және әдебиет+тарих 42, география+шет тілі 8, химия+физика 2, тарих+ Адам. Қоғам. Құқық 3, қосымша мамандықтар комбинациясын 11 бітіруші таңдады.

Бүгінгі күні мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындау бекітілген іс-шара  жоспары бойынша жүргізілуде. Дайындық жұмыстары кент мектептерінің 266 оқушысына ҰБТӨП-те, барлық 782 оқушы мектептегі күндізгі, кешкі дайындық түріндегі қосымша консультациялық сабақтарда, 200 түлек жыл бойы жұмыс жасайтын облыстық сауықтыру және қосымша білім беру орталықтарындағы курстарда, 266 оқушы біліктілігі жоғары деңгейлі мамандармен репетиторлық  сабақтарда, 64-і  түрлі ақылы оқу орталықтарындағы курстарда және 691-і онлайн арқылы өзінше дайындық   жүргізуде. Бітірушілердің ай сайынғы аралық білім деңгейлері мектептерде, тестілеу пункттерінде,  онлайн түріндегі тестілеудің немесе сынама кітапшалар арқылы тестілеудің нәтижелері бойынша сарапталып отырады. Соңғы сынама тестке 463 оқушы (58,9%) қатысып, қорытындысында ауданның орта балы 81,2 балл болды. Оқу сауаттылығы бойынша 14,8 балл, математикалық сауаттылық 11,4, Қазақстан тарихы 14,9,  1-ші бейінді пән 21,6,  2-ші бейінді пән бойынша 18,6 балл нәтиже көрсетті. №47  мектеп-лицей 102,4 балл, №251 орта мектеп 100,4 балл, №244 99,6 балл, №48 мектеп-лицей 96 балл, №40 орта мектеп 95,5 балл нәтиже көрсетіп, дайындық жұмыстарының жүйелі түрде жүргізіліп жатқандығын байқатты.

Мектеп бітірушілермен қатар мемлекеттік сынақ болатын пәндерден дәріс беретін 339 мұғалім пәндері бойынша тест тапсырып 61-і (17,9%) тапсырманы толық орындаса, 30-ы 16-20 балл аралығында, 67-сі 21-25 балл аралығында, 99-ы 26-30 балл аралығында, 82-сі 30-35 балл аралығында кәсіби деңгейлерін көрсетіп, қазіргі кезде өздігінен білім көтерумен шұғылдануда.

Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары жайлы

Өткен жылғы 12 айда Шиелі ауданының мектеп оқушыларының қылмыс жасауға қатысу үлесі +33% болса (6-дан 8-ге өскен), қазіргі уақытта жыл басынан бері қылмыстылық жағдайлар тіркелген жоқ. Дегенмен профилактикалық жұмыстарға бағытталған кешенді жұмыстарды күшейтудеміз. Білім беру ұйымдарында «тәуекел тобындағы» білім алушыларды анықтау түрлі психологиялық әдістер шеңберінде жүзеге асырылып, (баланың әлеуметтік хал-ахуалының жинақталған көрсеткішін анықтау, т.с.с.) олардың осы топқа ену себептерінің диагностикасы жасалып, коррекциялық, түзету бағытындағы жұмыстарға тиісті мамандарды тартып жеке жұмыс атқарылуда. Білім беру ұйымдарындағы ішкі тәртіп ережелерін күшейту, білім алушылардың оқу – тәрбие процесі барысындағы күнделікті іс - әрекеттеріне ұдайы бақылау жасау, білім беру ұйымындағы білім алушылардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету орнатылған бейнебақылау жүйесі арқылы іске асырылуда. Осы мақсатта аудандық бюджеттен 41 мектептің іші-сыртына 172 дана бейнебақылау орнатылып, оған 2 630 000 мың теңге қаралды. Сондай-ақ  білім мекемелерінде «Құқық күндері» «Құқық сабақтары»және құқық қорғау органдары өкілдерімен белгіленген тақырыптар аясында ай сайын әр форматта кездесулер ұйымдастырылуда. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзуының алдын-алу мақсатында әкімдік қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйым өкілдерінен құралған кезекшілік кестесі бекітіліп, рейд жұмыстары мереке және сенбі күндері жүргізіліп, талданып отырады.

Білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі барысындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты қандай да бір келеңсіз оқиғаны болдырмау мақсатында білім алушыларға арнайы лездемелік жиналыстар ұйымдастырылып, мектеп аумағынан ұзап шықпау, қандай да бір оқиға орын алса, (өзге тараптардан бопсалау, ұрып-соғу, т.б құқықбұзушылық сипатындағы іс-әрекеттер) шұғыл мектеп әкімшілігіне, педагог қызметкерлерге жеткізу жөнінде ақпарат беріледі. Мектеп ғимараттарына бөгде адамдардың тек мекеме әкімшілігінің рұқсатымен кіруін қамтамасыз етілуі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұл мәселе бақылауда ұсталуда. Алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы, олардың өмір сүру сапасының жақсартылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында төмендегідей жұмыстар күшейтілуде.

1) Мүдделі мекемелердің қызметі барысында атқарылған жұмыстарының есебін тыңдау арқылы балалар мен жасөспірімдерге байланысты проблемаларды анықтау.

2) Балалар мен олардың ата-аналарына, заңды өкілдеріне жалпы жұртшылыққа ішкі істер бөлімі тарапынан құқықтық көмек көрсету мақсатында қоғамдық қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру.

3) Білім беру ұйымдарындағы мектеп полиция инспекторларының жұмыс орнында тұрақты қызмет атқаруының тиімділігін қарастыру және қиын оқушыларымен жұмыс жасау үшін біліктілік арттыру курстарынан өткізу.

         Жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, қылмыс пен құқық бұзушылық әрекеттердің алдын алу бағытында алдағы уақытта кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталуы, олардың өмір сүру сапасының жақсартылуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жетілдіру, тиімділігін арттыру мақсатында барлық тәрбиеге байланысты мекемелермен бірлесе отырып жұмыс жасалатын болады.

Суицидтің алдын алу шаралары жайлы

Шиелі ауданы бойынша 61 педагог-психолог психологиялық қызметті ұйымдастыруда. 2016 жылы БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) әзірлеген суицидтің алдын алу бойынша сауалнамаға қатыстырылған балалар саны- 3401. (8-10 сыныптар бойынша). 21 мектепте тәуекел топ анықталмаса, сауалнама қорытындысымен 17 мектептен 90 бала «тәуекел тобына» алынған.  Олардың ішінде 34 бала депрессиямен, суицидке  бейімділігі 43, суицидке ұмтылыс 9 бала анықталған. Бұл балалармен арнайы мамандардан кеңес алып, ата-аналарымен, оқушымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, дәрігерден көмек түрін алды. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтер превенциясы жобасы бойынша 2016-2017 оқу жылында 8 сыныптарда 1197 оқушы қатыстырылды. Келісім берген ата-ана саны-1197. Келісім бермеген ата-ана жоқ. Қосымша оқытылған 9-11 класс аралығында «Рефреш» компонентіне қатысқан жасөспірім саны 2965. Жобаға байланысты оқытылған вахтерлер саны-3685.               8 сыныптарда жобаға сәйкес сауалнама  қорытындысымен анықталған балалар саны-56. 18 мектепте (№252, 206, 154, 157, 84, 241, 243, 181, 151, 214, 40, 251, 153, 133, 155, 142, 141, 228) «тәуекел тобы» анықталған жоқ. Бүгінгі таңда «тәуекел тобындағы» 56 баланың 37-і дәрігерге, 19-психиатр дәрігерлерге қаралды. 3 оқушы ата-анасының бас тартуына орай  дәрігер көмегінен бас тартып отыр. Желіде тіркелген, психологиялық күйзеліске түсіретін ойын түрлерінің алдын алу мақсатында 2017 жылдың 8 ақпан күні аудандық салтанат сарайында ауданның мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің төрағалары, сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшілері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, оқушылар парламентінің депутаттары, тәлімгерлер, аудандық ІІБ қызметкерлері, «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасыларының қатысуымен «Ақпараттық кеңістіктегі бала психологиясы» тақырыбында кеңейтілген жиын өткізілді. Онда әлеуметтік желілердегі суицид жағдайларына апаратын ақпараттардың таралуы, алдын алу жолдарын қарастыру талқыланды. 

Last modified on Бейсенбі, 06 Сәуір 2017 04:22

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1587
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7222
Осы айдаОсы айда61740
БарлығыБарлығы568145
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі