Ежелден халқының жүрегі мейірімге толы Шиелі жұртшылығы адал еңбегімен талайларға үлгі болып келеді. Қарт Қаратау мен сырлы дарияны пана еткен бұл аудан өнерпаздар мен еңбеккерлер елі атанған. Оған Ыбырай Жақаев бастаған 41 Еңбек Ері және Бұдабай мен Нартай бастаған өнерпаздар дәлел бола алады. Осындай арда туған азаматтардың бүгінгі ұрпақтары 15 сәуір күні Қызылорда қаласындағы Тасбөгет кентінде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізді.

Облыс әкімінің биылғы жылдың 30 науры­зындағы тапсырмасына сәйкес өткізіліп отырған жәрмеңкеге Шиелі ауданы ерекше дайындықпен келген. Азық-түліктерді тие­ген жүк көліктері Тасбөгеттегі орталық алаң жанындағы көшеге ұзыннан-ұзақ етіп, бір қатардың бойымен орналастырылды. Жәрмеңкедегі тауар­лар базар бағасынан әлдеқайда төмен сатылды. Бұл жерден бар­лығын табуға болады.  Сыр салысы-ақ күріштен бастап, картоп, сәбіз, пияз, қызанақ, қияр секілді түрлі бақша өнімдері сатылымға шығарылды. Тіпті, ет пен балық та, араның балы да болды. Сондай-ақ, көпшілікке төрт түліктің айраны мен сүті, қолдың майы мен құрты, Шиелінің шұжығы және де алма мен алмұрт ұсынылды. Облыс орталығында биылғы көктемде ұйымдастырылған алғашқы жәрмеңкені Шиелі ауданының өткізіп отырғандығын айта кеткен жөн.

Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтан­дыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге Қызылорданың халқы көптеп жиылды. Әр келісі 120 теңге тұратын күріштің және 90-100 теңгенің арасында сатылған картоп пен сәбіздің сау­­дасы қызды. Кейбір адамдар 300 теңгенің балығы мен 1200 теңгенің етін көргенде таңғалды. Ендіше, қазір базардағы еттің бір келісі 1400-1500 теңгенің ол жағы мен бұл жағы екенін жұрт жақсы біледі. Сондықтан, шамасы келгендер арқалап тасыса, мүмкіндігі барлары арбаға басты. Қолдарына сөмке ұстап келгендер толтырғанша асықты. Әйтеуір не керек, жәрмеңкеге келгендер бос қайтпады.

Таңғы сағат 8-ден бастау алған шараға аудан әкімдігінен бастап, кент және барлық ауылдық округтер атсалысты. Сондай-ақ, Шиелінің өнерпаздары әннен шашу шашып, жәрмеңкеге келген жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Базар бағасынан әлдеқайда төмен сатылған өнімдерді алған жұртшылық ризашылықтарын білдіріп жатты. Осылайша, Шиелі ауданы өзінің еңбеккерлер елі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.


Басқа да жаңалықтар:

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1660
КешеКеше1823
Осы аптадаОсы аптада2978
Осы айдаОсы айда44263
БарлығыБарлығы492228
Сіздің IP адресіңіз: 54.162.136.26
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі