«2016 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 4265 кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп бүгінгі таңда олар 7169 адамды жұмыспен қамтып отыр. Соңғы екі жылда аудандағы кәсіпкерлердің саны 2,5 пайызға өскен. Биылдың өзінде 153 кәсіпкер субъектісі тіркеліп, аталған салада ілгерілеушілік байқалып отыр» деп хабарлаған аудан әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов Көкшоқыдағы баспасөз орталығында журналистермен кездесіп, брифинг өткізді. В текущем году зарегистрированы 153 субъектов предпринимательства, наблюдается значительный прогресс в данной сфере.

Брифингте бүгінде өзекті мәселелердің біріне айналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мен аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі сөз болды. Сонымен қатар, салық түсімі, аграрлық сала, құрылыс, несие, көркейту-көгалдандыру жұмыстары бойынша кеңінен түсіндіріліп, атқарылған жұмыстардың есебі берілді.

Әңгіме барысында Б.Ысмағұлов ағымда­ғы жылы іске қосылатын цемент зауыты жайында сөз етті. Оның айтуынша, зауыт жұмысын бастаған сәтте 400-ге жуық адам жұмысқа қамтылады. Ал, зауыт толық іске қосылған жағдайда аудан бойынша 1200 адам толық жұмыспен қамтылады екен. Брифингте сұралған тағы бір мәселе өткен жылы облыс әкімінің өзі келіп арнайы ашып берген мия зауытының бүгінде неліктен жұмысы тоқтап тұрғандығы болды. Қойылған сұраққа аудан әкімінің орынбасары былайша жауап берді:\

– «Мия-Шиелі» серіктестігіне қарасты мия өсімдігі тамырын өңдейтін зауыт былтыр ашылып, 20 тоннаның үстінде өнім өндіріп оны сатылымға шығарды. Бірақ, мияның нарықтағы бағасының төмен болуына байланысты оны шет мемлекеттерге шығарып сату едәуір қиыншылықтар туғызды. Соған қарамастан өндірілген өнім толығымен сатылды. Ал, зауыттың тоқтап тұру себебіне келетін болсақ, ол өнімнің не болмаса оған қажетті шикізаттың жетіспеушілігінен емес, сатылымдағы бағасының төмендеуіне байланысты әзірге тоқтап тұр деді. Бұдан бөлек мемлекет тарапынан берілетін 16 миллион теңгеге дейінгі жеңілдетілген несиені алу үшін неліктен кооператив құрамында болу керек. Оны әр азамат жеке кәсіпкер болып тіркеліп өзі алса болмай ма? деген сауалға:
– Мемлекет ұжымдастыруға баса назар аударып отыр. Осы кезге дейін ауданда 18 кооператив құрылып үлгерді. Ал, жоғарыдағы сауалға келер болсақ, жеке адам шығарған өнімін өткізуде қиыншылықтар көп кездеседі. Бұл жердегі басты мәселе өнімді тез өткізіп, сату болып отыр. Мұның барлығы айналып келгенде мемлекеттің жеке кәсіпкерлікті дамытуға, оның жұмысының жеңіл әрі жылдам жүруіне жасаған дүниесі деді Б.Әбдулхайысұлы.


Басқа да жаңалықтар:

Пікір қалдыру


Security code
Жаңарту

ПАЙДАЛЫ СІЛТЕМЕЛЕР

 

120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі №6.

  • Қабылдау бөлмесінің тел: 8 (72432) 4-22-00
  • Хаттар қабылдайтын бөлімнің телефоны:         8 (72432) 4-30-74
  • Факс: 4-28-00
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.                                   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КІРУШІЛЕР ЕСЕБІ

БүгінБүгін1584
КешеКеше2102
Осы аптадаОсы аптада7219
Осы айдаОсы айда61737
БарлығыБарлығы568142
Сіздің IP адресіңіз: 54.198.118.197
Курс доллара США к тенге в Республике Казахстан Курс евро к тенге в Республике Казахстан Курс российского рубля к тенге в Республике Казахстан
ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ
Сайтты жасаушы және техникалық қолдау көрсетуші Web Builder интернет-студиясы
Фонның түсі
Тексттің түсі
Қаріптің көлемі
Қаріптің түрі