Мемлекет басшысы Қостанай облысының жас спортшыларымен кездесті -- "Елбасы Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ..." -- 09 Қараша 2017
Қызылордалық жол сақшылары әкімшілік хаттаманы енді планшетпен ... -- "Сандық жүйені дамыту аясында облыста әкімшілік ..." -- 09 Қараша 2017
Елімізде «Қыс-2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы ... -- "Еліміздің барлық өңірлерінде «Қыс-2017» ..." -- 09 Қараша 2017
5 сұрақ -- "  Ерікті зейнетақы жарналарын кім және ..." -- 09 Қараша 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Сырдария ауданы «Бірыңғай ..." -- 08 Қараша 2017
МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ ТУРАЛЫ -- "ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ..." -- 08 Қараша 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа ..." -- 07 Қараша 2017
Елбасы: Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің соңғы жобасын ... -- "Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ..." -- 26 Қазан 2017
Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен ... -- "Елбасы Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб ..." -- 26 Қазан 2017
Меморандум талаптары жүзеге асырылып жатыр -- "Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы «Бірыңғай ..." -- 24 Қазан 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

  • Пошта индексі: 120709; Мекен-жайы:  Қызылорда облысы,
  • Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылы, Н. Бекежанов көшесі, № 4
  • Тел/факс: 8 (72432) 31-1-03;
  • Электрондық пошта:  E-mail: nBekejanov@mail.ru
Керделі ауылдық округінің әкімі

Ержан Файзолла  Қалиұлы 12 қаңтар 1968 жылы  Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округі, Н.Бекежанов ауылында  дүниеге келген.

Еңбек жолын 1985 жылы Коммунизм колхозында жұмысшы болып бастаған.

  1986-1988 жылдары әскер қатарында болған.

1988 жылы «Коммунизм» колхозына автослесарь болып жұмыс атқарған.

1989 жылы Шиелі аудандық тұтынушылар одағында жүргізуші болып жұмыс атқарған.

  1990 жылы Жамбыл гидромилиоративті құрылыс  институтын, 1996 жылы инженер механик мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

  1993 жылы Н.Бекежанов ауылы , Н.Бекежанов атындағы  ұжымшарда жүргізуші болып жұмыс атқарған.

1997 жылдан 2013 жылдың шілде айына дейін Шиелі аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып қызметін атқарған.

  1999 жылы Ресей-Қазақстан қазіргі заманғы гуманитарлық университетіне түсіп, 2001 жылы «Заңгер» мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

   2013 жылдың 27 маусым күні Қазақстан Республикасы  Ішкі Істер Министрлігі  Қызылорда облысының  Ішкі Істер департаменті бастығының №109 санды Бұйрығымен зейнеткерлікке шыққан.

2015 жылдың 27 қарашасынан бастап Керделі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.

          Отбасылы.

Негізгі міндеттері:

Қазақстан Республикасы Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен жоғарғы органдардың шешімдерін орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.

Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүргізеді. Тиісті әкімшілік аумақтық елді–мекеннің кірістері мен шығыстары сметасын дайындап, аудандық маслихаттың бекітуіне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етеді.

Заңмен белгіленген құзіретіне сәйкес елді мекен шегінде жер қатынастарын реттейді. 

 Құрылымы

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Ержан Файзолла  Қалиұлы 

Әкім

31-1-03

2

Турсекеева Жұмакүл Асанқызы

қаржы саласы жөніндегі (есепші) бас маман

31-1-03

3

Байжанов Абылай Сәрсенбекұлы

Әскери есепке алу және жастар ісі жөніндегі бас маман

31–1–03

4

Мыханова Ақмарал Жұмабайқызы

Шаруашылық                                                                 есебін жүргізу және әлеуметтік саланы                                                                 дамыту жөніндегі жетекші маман

31–1–03

5

Әбжапбар Мейрамбек Балтабекұлы

Жетекші маман, заң қызметкері

31–1-03

 

Ереже

Жалпы ережелер 

      1. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етіулін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар 

      1) Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының «Н.Бекежанов» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

      3. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

       6. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

       7. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Керделі ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

       8. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
        9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 120709, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Керделі ауылдық округі, Н. Бекежанов ауылы, Н. Бекежанов көшесі     № 4.

      Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

         1) дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді.

         2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден сағат 19.00-ге дейін.            Сағат 13.00-ден сағат 15.00-ге дейін үзіліс;

         3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.

       10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

       11. Осы Ереже «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

       12. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

       Егер «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері 

      14. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттiлiгiмен үйлестiре жүргiзу.

       15. Негізгі міндеттері:
       1) мемлекеттің егемендігін, конституциялық құрылымын қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізу.

       2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру;

       3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін жүзеге асыру, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

       4) заңдықы пен құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру

       16. Функциялары:

     1) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

 2) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

       3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

       4) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

       5) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су

пайдалану мәселелерiн реттейдi;

      6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      7) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;
       8) ауылдық округтегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтегі автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

       9) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi; 
      10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
      11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
      12) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

      13) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

         16-1.  ведомстволардың функциялары:

      1. Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының функциялары:

         1) Білім беру саласында өндірістік – шаруашылық қызметті жүзеге асыру. Кәсіпорынның қызметінің негізгі мәні мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру қызметін көрсету.

         2) Кәсіпорын қызметінің мақсаты бір жастан алты жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, бағуды, күтуді және сауықтыруды қамтамасыз ету болып табылады.

         3) Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;

         4) Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету, олардың ынталарын қанағаттандыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарға бейімдеу негізінде қабілеттерін дамыту.

         5) Мектеп жасына дейінгі балаларда бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту.

         6) Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау.

         7) Бес алты жастағы балаларды мектепалды даярлаумен қамтамасыз ету.

         8) Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара іс-қимыл жасау.

         9) Мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік, диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру;

         2. Керделі ауылдық округі әкімі аппаратының «Н.Бекежанов» ауылдық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының функциялары:

  1. Мәдениет, өнер, тiлдердi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру:
  2. тарихи-мәдени мұраның сақталуын қамтамассыз ету;
  3. тiлдердi қолдану мен оларды дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын орындауды жүзеге асыру.
  4. халық шығармашылығы фестивальдарын, айтыстар, семинарлар және басқада шаралар өткiзу;
  5. мүдделi мемлекеттiк мекемелермен бiрлесiп мәдениет және өнер саласын дамытуға арналған бағдарламаларын жүзеге асыру шараларын қабылдау;
  6. достастық мемлекеттерiнде және шетелдерде өтетiн фестивальдарға, байқауларға және басқа шараларға үздiк шығармашылық ұжымдарды, жеке орындаушыларды ұсыну;

           17. Құқықтары мен міндеттері:

        1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

           2) құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

           3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

           4) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;

           5) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;

           6) заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;

           7) қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

           8) қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру 

      18. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

       19. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тәртiпте Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары жоқ.

      21. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:     

      1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

       2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

   3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

       4) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, тиiстi мәслихаттың бекiтуi үшiн жоғары тұрған әкiмдiктiң қарауына енгiзедi;

       5) әкiм аппараты әкiмшiсi болып табылатын бюджеттiк бағдарламаны әзiрлеу кезiнде жергiлiктi қоғамдастық жиналысының талқылауына жергiлiктi маңызы бар мәселелердi Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетiнiң құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөнiндегi ұсыныстарды шығарады;

       6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

       7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

       8) ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ ауылдық округтiң автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

       9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi.

      10) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

      11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

      12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

      14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

      15) мүгедектерге көмек көрсетудi ұйымдастырады;

      16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      17) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

      18) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

      19) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;

      20) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына қайырымдылық көмек көрсетудi үйлестiредi;

      21) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседi;

      22) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;      

        23) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

        24) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

        25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

        26) жергiлiктi бюджеттi бекiту (нақтылау) кезiнде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

        27) мектепке дейiн тәрбие беретiн және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

        28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

        29) ауылдық округтiң абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

        30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

        31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

        32) басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз мүлiктiк жалға (жалдауға) бередi;

        33) берiлген коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын (көрсетiлетiн қызметтерiнiң) мiндеттi мөлшерiн айқындайды;

        34) берiлген коммуналдық мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етедi;

        35) берiлген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

        36) жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен бекiтiлетiн, басқаруына берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жылдық қаржылық есептiлiгiн келiседi;

        37) басқаруына берiлген комуналдық қазыналық кәсiпорындар өндiретiн және өткiзетiн тауарлардың (жұмыстардың көрсетiлетiн қызметтердiң) бағаларын белгiлейдi;

        38) берiлген аудандық коммуналдық мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекiтедi;

        39) кiрiс көздерiн қалыптастырады;

        40) бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда әкiмнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару функцияларын iске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етедi;

         41) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрiгерлiк көмек көрсететiн таяу жердегi денсаулық сақтау ұйымына дейiн жеткiзiп салуды ұйымдастырады;

         42) бюджет қаражаттарын үнемдеудiң және (немесе) Қазақстан Республикасының жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы заңнамасында көзделген түсiмдердiң есебiнен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

         43) жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында келiсiлгеннен кейiн жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың ақша түсiмдерi мен шығыстары жоспарын бекiтедi;

         44) мемлекеттiк мекемелердiң өздерiнiң иелiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуiнен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекiтедi;

         45) «Керделі ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

         46) гендерлiк теңдiк саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

         «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

       22. Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын ауылдық округ әкімі басқарады.

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

       23. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
     «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

       24. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

        25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату 

        26. «Керделі ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Керделі ауылдық округі Нартай ауылының  тарихы

Керделі ауылдық округінің алғашқы іргетасы 1928 жылы қазіргі  Жиделіарық ауылында Үлгілі ТОЗ – ы  (Жер өңдеу серіктестігі) болып құрылған.

1929 жылы Жиделіарық колхозы құрылды. 1932 жылы Жиделарық, Еңбекші, Ұйымшыл колхоздарын қамтитын Керделі ауылдық кеңесі құрылды. Ең алғаш ауылдық кеңесті Боқаев Сыздық  басқарды. Әр колхозда 25-35-тен  шаңырақ болды, колхоздарға мүше болғандар күш көлік, соқа, саймандар тағы басқа жарна беріп мүшелікке қабылданды.

Үлгілі ауылы осы атпен ұйымдасқан колхоз болып, ауылдық кеңестің тұрағы, кеңсесі осы жерде болды.

Таудағы Сауысқандық жайлауы Арғынның үлкен Сауысқандық өзенінің алдын тосып тоғандаған. Сол жерді «Тоғанның алқымы» дейді. Сол жерде 12 үй бірігіп 20 га. бидай егетін. Ал «Мың бұлақ» деген жерде 7 үй бірігіп 10 га. бидай егетін.  Атбай деген жерде село әкімінің орталығы 15 үй бірігіп 25 га. бидай, қауын, жүгері еккен. Дария бойындағы Арғынның ызасы деген жерде 20 шаңырақ бірігіп бидай, тары, қауын тағы басқа дақылдар егумен айналыса бастаған. Бұл кезде бірлестік топтарының бәріне Маман Қалдыбаев бастық болған. Осы кісінің есімімен Нартай ауылындағы бір көше аталады.

1929 жылы қыста бөлек – бөлек бірлестіктер бірігіп Бестам ауылдық кеңесіне қарасты «Үлгілі» колхозы болып бірікті. Колхоздың жалпы жиналысы шақырылып, ұжымның атын қою мәселесі қаралды. «Үлгілі» колхозы Шиелідегі ең бай, еңбек пен табыстың үлгі өнегесін көрсете білген колхоз болды. 1951 жылы колхоздарды ірілендіргенде Еңбекші мен Жиделіарық колхоздары 32 мың бас қой, 600 сиыр, 26 түйе, 120 жылқымен қосылған. 1931 – 1933 жылдары «Үлгілі» колхозында Мәмбетов Бәкір басқарма төрағасы болды. Ол жылдары ашаршылық басталып кетіп, ашаршылықтан 25-30 үй ғана аман шықты, басқалары жан-жаққа көшіп кетті, яғни байлар мен орта шаруаларды конфискелеген, мал – мүліктерін алған, еріксіз елден қоныс аударып, аман қалу мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларына ауып барған.

Ел арасында жазықсыз халық жауы болып ұсталғандар да болды. Сталиндік қатал саясаттың әсері «Кіші Октябрьдің» салқыны соқпай кеткен отбасы қалмады десек те болады. Қоныс аударып кетуге мүмкіндігі болмағандар аштықтан тасбақа, құрбақа етін, шеңгел, бидайық дәнін жеуге мәжбүр болды. Аштықтан ісіп – кеуіп өлгендер саны қаншама еді, кезінде малымен күн көріп және айналасындағыларын да асырап отырған ауқатты байлардың өзі осындай халге душар болғанын қариялар айтып отырады.

1934 жылдан бастап ұжымдар қайта жөнделе бастады. Мемлекеттен малсыздарға мал, астық беру жұмыстары ұйымдастырыла бастады.

1935 жыл басынан 1937 жылдың күзіне дейін колхоздың басқарма төрағасы болып Жаңақорғандық Қалымбетов Оспан деген кісі болды. Бұл жылдары Шиелі ауданы Жаңақорған ауданына қарайтын. Тек 1939 жылы Қызылорда облысы өз алдына облыс болды. Бұл кезде колхоз, мектеп, клуб үйі, қоймалар, тұрғын үйлер салына бастады. 1937 жылдан бастап әр колхоз өз алдына 70 га. дейін күріш егіп алғаш жылы күріштен өнім ала алмады, себебі оның егу мен суару әдісін білмеген. ХТЗ тракторы келді. Әр ұжымда 6-8 өгіз арбадан болып, ұйымдастыру бағытында жұмыстар қыза түсті.

Алғашқы төрт жылдық мектеп ашылып, оған қыздар мен ұлдар сауатын ашты.  Қазіргі Нартай Бекежанов атындағы орта мектеп 1935 жылы 1 қыркүйекте бастауыш мектеп болып ашылған. 1935-1941 жылдары мектеп меңгерушісі Рысдаулетов Оразбай болды. Ең алғаш бірінші сыныпта 41 оқушы, 2-сыныпта 12 оқушы сауатын ашқан. 1935-1936 оқу жылында 1 мұғалім, ал екінші жылы 2 мұғалім болды. 1935-1959 жылдар арасында бастауыш мектеп болған. 1959-1960 жылдары оқу жеті жылдық мектеп болды. Осы оқу жылдарында мектепте 10 мұғалім дәріс берген, олардың алтауы жоғары білімді маман.

1964-1965 оқу жылында орта мектеп болып, ауылымыздың жезтаңдай әншісі, ақын Нартай Бекежанов есімі берілді. 1966-1967 оқу жылында ауылымыздың 28 ұл-қызы орта мектептің ең алғаш түлектері болды. Сол кезде мектеп директоры  Отарбаев Әмірхан болған. 1990-1991 оқу жылында мектепте 650 оқушы, 56 мұғалімге жетті. Ал Жиделіарық ауылындағы бастауыш мектеп 7 жылдық болған. 1940 жылы Цой деген кәріс қызы, одан кейін Валя есімді еврей қызы келді. Дәрігер фельдшер Айтуғанов Батырхан бірнеше жыл қызмет етті. 1941 жылы елге сыйлы азамат Ермағанбетов Бимағанбет кітапханашы болып, халықтың сауатын ашып, өмірге деген көзқарасының өсуіне ықпал етті. Еңбекші ауылында бастауыш мектеп болған, оны бітірген оқушылар Жиделіарыққа орталау мектепке қатынап оқыған.

1934 жылдың аяғынан бастап, колхозда мал фермасы ұйымдастырылып 1 түйе, 6 өгіз, 27 қой болды.  Алғашқы ферма меңгерушісі Бижанов Әміртай болды. 1935 жылы Жамбыл облысынан 120 бас қой әкелініп, фермадағы қой саны 147 бас болды. Осы қойларды бағып, қойшы болған Өтегенов Әсемқара. 1951 жылы  фермада қой саны 32 мың басқа жеткен.  1937 жылдың басында 1 ат сатып алды. 1 атты колхоз басшысы мініп кеткенде ауылда қалатыны есек мініп жүрген. 1937 жыл ортасында ұжымда 3 түйе, 3  ат қосалқы жегетін жұмыс көлігі болды, 4 бас ірі қара оның бірі бұқа, үшеуі аналық қашар екен. 1938 жылы көктемде 3 қашар аман бұзаулады, ол кезде елде мал аз, жерде шөп көп, малдың семіруіне, өсуіне мүмкіндік көп еді.

Осы Керделі ауылдық округінің – Еңбекші және Жиделіарық, Үлгілі ауылдарының айналасы сірескен сексеуіл болған, тұрғындар отынды жақын жерден  тасып жаққан. 1939 жылы әр бұқа етке өткізілгенде салмағы 895 кг. болыпты. 1937-1938 жылдарда ұжымның ферма бастығы Бекжанов Баукен 1940 жылы 300 бас қойды 500 басқа жеткізгені үшін, 2 түйені түгел аман сақтап боталатқаны үшін, ірі-қараны аман сақтап, әр аналықтан 1 бастан бұзау алғаны үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Бұдан бұрын да Қазақ        ССР-нің 15 жылдық белгісіменде марапатталған.   Бірінші награда егесі Бекжанов Баукен болған. 1949 жылы Қалдыбаев Маман күріштен әр га. 120 цн. өнім алғаны үшін «Еңбек Ері» атағына ие болып, алтын жұлдыз таққан.

Қой шаруашылығында Көкиев Нартай 100 саулықтан 220 дана төл алып «Еңбек Ері» атағына ие болды. 1970 жылы Қазанбаева Шырынкүл әр га. күріштен 129 цн-ден, Оразов Байдүйсен 126 цн-ден, 1972 жылы Алтайбаева Ұлбала 109 цн-ден өнім алып «Еңбек Ері» атанған.

Жансариев Үрпек, Ыбыраев Әлі, Жұмаділдаев Смаділда, Құлтаев Ізбасхан, Бақбердиев Есенқабыл тағы басқалар «Ленин» орденімен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталушы егін өсірудің майталман шеберлері көбейе бастады. Колхозда мал өсірудің білгір шеберлері болды.

Кеңес үкіметі тұсында жаппай елдің сауатын ашу басталды. Колхоз ұйымдастырудың алғашқы жылдары халық шаруашылығын алып жүру қиынға соқты. Себебі жаңадан өмірге ене бастаған техникаларды алып жүретін сауатты адамдар жоқтың қасы болды. 1929 жылы Мыңбұлақтағы серіктестікке 1 соқа, 1 тарма берілген кезде оны қалай пайдалануын білмедік дейді. Сонда Байжан деген кісі - Әй сендер орыстан ақылды емессіңдер, жерге түспейтін болса осыншама көп темірді шығын етіп мұны жасамайды ғой деп, соқаны тоқтатып қойып құлақ сияқты пружинаға байланған темірді басып қалғанда, соқа қисайып жерге қадала түсті. Әрі қарай соқамен жерді айдай бастады. Жаңадан келген техникаларды игере бастады. Байжан әкеміз Мыңбұлақтағы колхоздың бидай егетін жеріне бірінші болып жыртып, арық салған екен.

1930 жылдары колхозға кіруге халықты қызықтыру үшін «Күндік ақы төлеу» тәсілі қолданылған. Еңбек күн аяқталғанда, тапқан табысынан алып отырған. Күндегі тапқан бидайын, түнімен қол диірмен ұн етіп тартып, нан жауып азанда жұмысқа алып кетуші едік – деп әжелеріміз еске алып отырады.

1947-1948 жылдары Бекжанов Нұрман, 1949-1950 жылдары Палымбетов Сақ колхоз төрағасы болды. 1951 жылы колхоздар іріленіп Жиделіарық, Үлгілі, Еңбекші бірктіріліп Молотов атындағы үлкен ұжымшар болды, осы ұжымшардың төрағасы болып Ақпанбетов Оразмахан сайланды.

Парторгтер Арыстанов Сейтқали, Ахметов Раш, мектеп директоры Молдарайымов Тұтқабай, ауылдық кеңестің төрағасы Қонаев Махмут қызмет істеді. Осы азаматтар ел басқарған жылдары колхоз ең алдыңғы шаруашылық қатарында болды. Қой саны 30 мыңға, шаруашылыққа техникалар алына бастады. Алғаш автомашина жүргізген жүргізушілер Ахметов Сәпи, Майкөтов Қасқабайлар болды. 1955 жылы  Молотовтың аты алынып, Коммунизм  ұжымшары болып аталды.

Осы Коммунизм ұжымшарынан 1974 жылы мал шаруашылығын өз алдына дамыту мақсатында Еңбекші кеңшары бөлініп шықты. Коммунизм ұжымшарында күріш, бидай, көкөніс, жоңышқа, бақша дақылдары егілді, ірі-қара іріленген үлкен ферма қалды. Жиделіарықта 2 бригада, ауылдың орталығы Үлгіліде 2 өндіріс бригадасы және 1 көкөніс бақша бригадасы болды.

Керделі ауылдық округіне қарасты елді-мекенде алғашқы жылдары 20-25 қожалық болса бүгінгі күні 475 отбасында 2737 халық тұрады. Өзге ұлттардан 4 беларус, 1 орыс ұлтының өкілі тұрып жатыр.

Бүгінде ауылымызда Нартай Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейі, Н. Бекежанов атындағы ауылдық мәдениет үйі, № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі, Н. Бекежанов жанұялық дәрігерлік емхана, «Қарлығаш» бөбекжайы, «Бал-Шырын» жеке бала бақшасы, пошта бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетеді және ауылдық мешітте намазхандарға шариғат ілімінен уағыз айтылып, жұма намазы оқылып тұрады.

Статистикалық ақпарат

Бүгінгі таңда Керделі ауылдық округі бойынша халық саны – 2737, отбасы   саны – 475.  Халықтың ұлттық құрамы: қазақтар – 2732, орыс – 1, беларус – 4.

Керделі ауылдық округінде Нартай Бекежанов атындағы мемориалдық өнер музейі, Н. Бекежанов ауылдық мәдениет үйі, № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебі,   Н. Бекежанов дәрігерлік амбулаториясы, «Қарлығаш» бөбекжайы, «Бал Шырын» жеке бала бақшасы, пошта байланыс бөлімшесі ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде және «Арғын ата» мешіті ауылдың имандылық ордасы болып отыр.

2012 жылдың  1 қыркүйегінде № 156 Н. Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

2014 жылдың 1 желтоқсанында Н. Бекежанов ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.

2015 жылы «Н. Бекежанов» мемориалдық өнер музейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай «Тағзым алаңы» қрылысы салынып, пайдалануға берілді.

2016 жыл бойынша бюджеттің орындалуы

2016 жылы «Керделі ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 85 401,0 мың теңге бюджет қаржысы бөлінген.

Бюджеттің орындалуы:

  1. -  41437,0 мың теңге мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының жұмысын қамтамасыз ету жұмыстарына.
  2. – 9616,0 мың теңге мәдениет үйі қызметін қамтамасыз ету үшін.

2016 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаржысы 100 % пайызға игерілген.

Видео ақпараттар

Scroll to top