«SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігіне оптикалық- талшықты
байланыс желісін төсеу үшін
қауымдық сервитут белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 17-бабының 5-1 тармақшасына және 69-бабының 4-тармағының 2 тармақшасына сәйкес Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шиелі ауданында талшықты –оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу мақсатында жер учаскесін пайдалану үшін жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай 3 (үш) жыл мерзімге осы қаулының қосымшасына сәйкес қауымдық сервитут белгіленсін.
- «SilkNetCom» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне талшықты-оптикалық байланыс жүйесі желісін жүргізу аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді жаңғырту жүргізу ұсынылсын.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ә.Оразбекұлы
-
Жаңартылған уақыты: 06 Қараша 2018
Кірушілер есебі
Бүгін | 779 |
Кеше | 634 |
Осы аптада | 5060 |
Осы айда | 5341 |
Барлығы | 194174 |