ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ -- "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КЕҢЕСІ ӨТКІЗІЛДІ Қызылорда ..." -- 06 Желтоқсан 2019
АУДАН ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ... -- "«Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Ә. ..." -- 05 Желтоқсан 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 10 айы ішінде атқарылған ..." -- 05 Желтоқсан 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ШИЕ АҒАШТАРЫН ОТЫРҒЫЗУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА -- "1 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасының Тұңғыш ..." -- 03 Желтоқсан 2019
АУДАН ПРОКУРОРЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ -- "2019 жылғы 28 қараша күні аудан прокуроры ..." -- 03 Желтоқсан 2019
1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ -- "1 ЖЕЛТОҚСАН – ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІ ӨТКІЗІЛДІ ..." -- 30 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2019 жылғы 29 қараша «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күні – ..." -- 29 Қараша 2019
Құрметті Шиелі ауданының тұрғындары! -- "Сіздерді 2019 жылғы 30 қараша күні ..." -- 28 Қараша 2019
Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және қолдану жөніндегі ... -- "Мемлекеттік рәміздерді зерделеу, насихаттау және ..." -- 27 Қараша 2019
Ақпараттық хабарлама! -- "Ақпараттық хабарлама! Қызылорда облысы, Шиелі ..." -- 26 Қараша 2019

Азаматтардың мемлекеттік қызметке түсу реттілігі

Мемлекеттік қызметке кіру бойынша ақпарат

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы (бұдан әрі – Заң) қолданысқа енгізілді.

Заңның 26-бабына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет түсетін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

3) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа Ереже (бұдан әрі – Ереже), мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерді, мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеуді ұйымдастыру және бағдарламалары бекітілді.

«Б» корпусы мемлекеттік лауазымдарына кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу (заңнаманы білуге арналған тестілеу) Ережесіне  сәйкес тестілеу үш бағдарламадан тұрады.

Бірінші бағдарлама: 9 Заң, 110 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (135 сұрақ) 95 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ),
  3. «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» (15 сұрақ)
  4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  5. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  6. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  7. «Құқықтық актілер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  9. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)

Екінші бағдарлама:  8 Заң, 100 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (120 сұрақ) 72 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (15 сұрақ),
  2. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ)
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  5. «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ),
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ),
  8. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ)

Үшінші бағдарлама: 6 Заң, 80 минут, тестілеуден өту мәні – барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санының (90 сұрақ) 45 – тен кем емес дұрыс жауаптар және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша 5 – тен кем емес дұрыс жауаптар.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут;
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ),
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ),
  4. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ),
  5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ),
  6. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ),
  7. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ)

Заңнаманы білуге арналған тестілеуден өту барысында шекті мәннен жоғары нәтижелер алған кандидат 20 минуттың ішінде автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне жіберіледі.

Автоматтандырылған жеке қасиеттерін бағалау шеңберінде кандидаттардың даму деңгейлері анықталады: жігерлілігі, коммуникативтілігі, талдамалылығы, ұйымдастырушылығы, мінез-құлқы, сапаға бағдарлануы, тұтынушыға бағдарлануы және сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздығы.

Заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша сертификат, жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері бойынша – қорытынды беріледі.

Олар бір жыл ішінде қолданылады және мемлекеттік органдармен әңгімелесу нысанында өткізілетін үшінші сатыға – жалпы конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ажырамас бөлігі болып табылады. 

Бос орындар туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы бөлімінің басшысы Ратова Құттықыз Артыққызына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны +7 (72432) 4-44-74, электрондық ratova_k@shl.orda.gov.kzrka04@mail.ru 

 1111.PNG

2.PNG

3.PNG

4.PNG

5.PNG

6.PNG

7.PNG

8.PNG

 

 

 

Видео ақпараттар

Scroll to top