Хабарландыру!!!! -- "" -- 17 Қаңтар 2018
АУЫЛ ӘКІМДЕРІ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ -- "Ақмая ауылдық округі: Елбасымыздың биылғы ..." -- 15 Қаңтар 2018
Көрсетілетін қызметтердің проактивті әдісі бойынша пилоттық жоба ... -- "Бүгінгі таңға дейін ата-аналар бала туғаннан ..." -- 15 Қаңтар 2018
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж ... -- "Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтонға ресми сапары ..." -- 10 Қаңтар 2018
Командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді -- "Кеше Шиелі ауданында Қызылорда облысы әкімінің ..." -- 10 Қаңтар 2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің ... -- "«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра ..." -- 08 Қаңтар 2018
СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан ..." -- 08 Қаңтар 2018
ӨЗАРА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ -- "Жалағаш ауданынан Шиелі ауданына бір топ ..." -- 08 Қаңтар 2018
Ауданда индустриялық-инновациялық 3 жоба жүзеге асырылуда -- "Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ..." -- 05 Қаңтар 2018
Саяси кеңес отырысы -- "«Нұр Отан» партия­сы Шиелі аудандық филиалы ..." -- 03 Қаңтар 2018

Мақсаты айқын, болашағы жарқын - Шиелі!

2016 жылы атқарылған жұмыстар туралы Шиелі ауданы әкімінің есебі

Қадірлі жерлестер, өткен 2016 жылы еліміздегі тұрақтылық пен аудан халқының бірлігі арқасында Өздеріңізбен бірлесе отырып киелі Шиелі жерінде толайым тірліктер атқарылды. Тәуелсіздіктің мерейлі мерекесіне Шиелі ауданы мол жетістіктермен жетті деуге толық негіз бар. Аудан экономикасын, елдің әл-ауқатын жақсартуда бірлесіп атқарған жұмыстардың арқасында өзекті мәселелердің түйіні тарқатылып, бірқатар шаруаның шешімі табылды.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ

2016 жылға арналған аудандық бюджет жыл басында 10 млрд. 532 млн. теңге көлемінде бекітіліп, жыл көлемінде бюджетті арттыру бағытындағы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандық бюджет жыл қорытындысымен несиелерді қоса есептегенде 14 млрд. 948 млн. теңгеге немесе 42 пайызға артты.

Аудандық бюджеттің жалпы кірісі болжамдалған 14 млрд. 948 млн. теңгенің орнына 15 млрд. 55 млн. теңгеге немесе 100,7 пайызға, оның ішінде аудандық бюджеттің өз кірісі болжамдалған 2 млрд. 371 млн. теңгенің орнына 2 млрд. 473 млн. теңге болып 104,3 пайызға орындалды.

Ал, аудандық бюджет шығысы 14 млрд. 916 млн. теңгеге немесе 99,8пайызға игерілді.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары 2016 жылдың 11 айында 24млрд. 40 млн. теңгенің өнімін өндірді.

Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 7 млрд. 347 млн. теңгеге жетіп, тиісті кезеңге 114,1 пайызды құрады.

2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда шағын кәсіпкерліктің 4265 субъектісі тіркелді. Оның ішінде 288 заңды тұлға, 3528 жеке кәсіпкер, 449 шаруа қожалығы, оларда 7269 адам жұмыспен қамтылды.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейлі банк филиалдары мен несие ұйымдары арқылы жыл көлемінде 161 кәсіпкерге 736 млн. теңге несие берілді.

2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 15,1 млн. теңге болатын 3 жобаның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды.

Балық шаруашылығын дамыту бағытында "Сүйіндік" шаруа қожалығы Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қазақ балық шаруашылық институты, Халықаралық Арал Құтқару қоры, облыс әкімдігімен бірлескен жоба әзірленіп, шаруашылыққа күн сәулесінен электр энергиясын өндіретін 3 квт күн панелі орнатылып, 168 шаршы метрге инкубациялық цех ғимараты соғылды, 10 млн. шабақ өсіретін Амура аппараты алынып, 3000-ға жуық шабақ(карп )өсірілуде.

Гранттық қаржыландыру бойынша аудан көлемінде 8 жоба ұсынылып, ұлттық тағамдар, құс өсіру, қолөнер бұйымдарын шығару бағытындағы 3 жоба 1 млн. 662мың тенге гранттық қаржыға ие болды.

Құс шаруашылығын дамыту мақсатында жеке кәсіпкер Мырзабеков Насыр жобалық құны 10,0 млн. теңгелік жылдық қуаты 2,5 млн дана жұмыртқа шығаратын 10 мың бас құс фермасының құрылысын аяқтап, қазіргі таңда 11 мың бас балапан өсіруде. 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

Шиелі ауданынан «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығы» жанындағы бақылау кеңесінің қарауына 47 жоба ұсынылып, жалпы құны 130 млн. теңге құрайтын 19 жоба қаржыландырылды. Жобалар аясында 41 жұмыс орнының ашылуы жоспарланып, бүгінгі күнге 37 жаңа жұмыс орны ашылды.

Индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы арқылы «DANAKE» Корпорациясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгенің цемент шығару зауыты құрылысы жобасының алғашқы іргетасы өткен жылдың 20 қазаны күні облыс әкімі Қ. Көшербаевтың қатысуымен қаланды. Тампонажды цемент өндіретін зауыт жылына 1 млн. тонна өнім өндіретін болады. Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыттың іске қосылуы өз кезегінде цементтің өзіндік құны мен сырттан тасымалданатын цемент көлемін едәуір төмендетуге ықпал жасайды.

Өткен жылдың қараша айында Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының отырысында Қызылорда облысындағы «Баласауысқандық» кен орнында «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Нәтижесінде 125 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестормен қаржыландыру туралы шешім қабылданды. Бүгінде кәсіпорын құрылысында 150 адам жұмыс істейді. Ал зауыт пайдалануға берілген кезде 650 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Қазіргі таңда Қазақстандық аммоний метаванадаты, «қызыл сүзінді», феррованадийдің алғашқы тонналары алынды. Аммоний метаванадатының алғашқы партиясы АҚШ, Тайвань және Ресейге жіберілді.

Сонымен қатар, 2016 жылы ауданымыздан аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылған «Шиелі МТС» ЖШС-ның жобалық құны 250 млн. теңге болатын күріш ақтау зауыты құрылысы, «Шиелі-Жолшы» ЖШС-нің жобалық құны 124 млн. теңге «Темір бетон бұйымдарын шығару және пайдалану зауытының құрылысы, «Бек-транс строй» ЖШС-ның жобалық құны 55 млн. теңге «Құрылыс материалдарын (шлакоблок, әк тас, полипропиленді қапшық) өндіру» жобасы, «Сыздықов Бауыржан Қойшыбайұлының» жобалық құны 36 млн. теңге «Көлік және ауыл шаруашылығына арналған жабдықтарды жөндеу мен электр құралдарын жинақтап өңдеу өндірісі» жобасы, барлығы 465 млн теңгенің 4 жобасы қолдау тапты. Жобалар толық іске қосылғанда 88 жаңа жұмыс орыны ашылатын болады.

Есепті мерзімде аудан көлемінде «Бекарыс», «Арзан», «Алтын Плаза», «Қазына», «Береке» сауда үйлері, «Ақсарай» тойханасы, «Айбек» қонақ үйі және «Ай-Ару-жан» шағын маркеті пайдалануға беріліп, 205 адам жұмыспен қамтылды.

Қызылорда қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» облыстық  көрме конкурсында Шиелі ауданынан 2 кәсіпорын қатысып, «Ең үздік өндіріс тауары» номинациясы бойынша «КНК Кемикал» ЖШС 1-ші орын, «Ең үздік халық тұтынатын тағам өндірісі» номинациясы бойынша жеке кәсіпкер С. Ермаханов «Ару Ана» шұбаты 3-ші орынға ие болса, «Сауда үздігі» республикалық байқауында Шиелі ауданынан Ә.Шорабаевтың «Әбдіманап базары» ұсынылып, «Үздік базар» номинациясы бойынша 3-ші орынға ие болды.

Сондай-ақ, «Асылхан» шаруа қожалығының 200 бас ірі қара малына арналған сүтті тауарлы фермасының құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қазіргі таңда сынақ жұмыстары жүргізілуде. Ферма толық іске қосылғаннан кейін күніне 3 тоннаға дейін сүт алынып, сүтті өңдеу цехында сүт, айран, қаймақ, кілегей, сары май өнімдері шығарылатын болады. Сонымен бірге, ферма жанынан мал сою пункті іске қосылады. 28 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

«Батыс Европа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі бойында «Шиелі Сапаржай» ЖШС-ның 400 млн. 200 мың теңге болатын «А» санаты жол бойы қызмет көрсету кешені құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңға, іргетасы құйылып, қабырғалары тұрғызылуда.  Кешен құрылысы 2019 жылы пайдалануға беріліп, 32 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

2016 жылдың 11 айында ауылшаруашылығы саласы бойынша 16 млрд. 11 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1 пайызға артты.

Өткен жылы аудан бойынша 27957 гектарға егін егілді. Оның ішінде күріш 11150 га, күздік бидай 943 га, жаздық бидай 337 га, дәндік жүгері 100 га, тары 100 га, жаңа жоңышқа 3030 га, ескі жоңышқа 6605 га, мал азығындық асқабақ 100 га, мақсары 1202 га, күнбағыс 60 га, картоп 1050 га, көкөніс 1285 га, бақша 1993 га.

Өткен жылмен салыстырғанда егілген егін көлемі 1326 гектарға артты, оның ішінде күріш 458 гектарға, күздік бидай 891 гектарға, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 800 гектарға артық егілді.

2016 жылы негізгі күріш дақылынан 66008 тонна өнім алынып, орташа өнім гектарынан 59,2 цн құрады.

Мемлекет тарапынан егін шаруашылығына барлығы 436,0 млн. теңге, оның ішінде егінге 249 млн. теңге, тыңайтқышқа 122,1 млн. теңге, гербицидке 62,3 млн. теңге, тұқымға 2,0 млн. теңге субсидия төленді.

2016 жылдың көктемгі егін егу науқанына жеңілдетілген 2080 тонна дизель отыны ауыл шаруашылығы құрылымдарының сұраныстарына және егіс көлеміне сәйкес бөлініп берілді.

Сондай-ақ, ауылшаруашылық құрылымдары 14 дана түрлі маркалы тракторлар, 17 дана астық жинаушы оның ішінде соңғы үлгідегі 3 дана «Джон-Дир» және 3 дана «Мак-Дон» комбайндары мен 2 дана жер тегістегіштер алынып, көктемгі, күзгі дала жұмыстарын сапалы аяқтауда өз септігін тигізді.

Аяқ сумен қамтамасыз етуде «Жаңа Сұлутөбе» каналының 24 шақырымы, «Бозарық» каналының 10,2 шақырымы, «Бәйгеқұм» каналының 26 шақырымы, «О-2» каналының 3,6 шақырымы қазылып Бірлестік, 1 Мамыр, Тартоғай, Майлытоғай, Талаптан, Ақмая, Төңкеріс ауылдарының егістік, бау-бақшалық және есік алды жерлеріне аяқ су жеткізілді.

Елді мекендердегі аяқ су мәселесін шешу мақсатында Сұлутөбе, Майлытоғай аумағына 1 трактор, Жөлек, Ортақшыл аумағына 1 трактор, Талаптан, Бәйгеқұм аумағына 1 трактор сатып алуға аудандық бюджеттен 2017 жылға 15 млн. 537 мың теңге қаржы бөлінді.

Шиелі кентінің тұрғындарын аяқ сумен қамтамасыз ету үшін бюджеттен бөлінген 206 млн. теңгеге 2,9 шақырымдық «Базар» арығын бетондау, лоток жүргізу жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы осы бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, Шиелі кентіндегі «Байсары» арығы бетондалып, лоток орнату жұмыстары жүргізілетін болады.

Ауданда жыл қорытындысымен ірі қара 49264, қой-ешкі 83191, түйе 1237, жылқы 11695, құс 18450 басты құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі қара 109,4 пайызға, қой-ешкі 113,9 пайызға, жылқы 115,5 пайызға, түйе 102,9 пайызға, құс 101 пайызға жетті.

Тірілей салмақта 4324 тонна ет (103,4 пайыз), 16991 тонна сүт (100,3 пайыз), 1028 мың дана жұмыртқа (103,6 пайыз) өндірілді.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды 286,2 млн. теңге субсидия берілді.

(Асыл тұқымды МІР сатып алуға - 32 млн. теңге, селекциялық асылдандыру жұмыстарына - 142,6 млн. теңге, жем-шөп шығындарын субсиядиялау бойынша - 111,6 млн. теңге)

«Сыбаға» бағдарламасымен 2016 жылы 850 бас сиыр, 29 бас асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланып, 1174 бас сиыр, 40 бас бұқа сатып алынды, жоспардың орындалуы 138,1 пайыз.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 147 бас аналық қой, 5 қошқар сатып алу жоспарланып, 391 бас қой, 18 бас асыл тұқымды қошқар сатып алынды, жоспардың орындалуы 2,6 есе.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудан жыл қорытындысымен үздік аудан атанды.

ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС, ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Есепті мерзімде ауданға 7451 млн. теңге инвестиция тартылып, өткен жылғы тиісті кезеңге 73,4 пайызды құраса, ауданы 29728 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артты.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кентіндегі мәдениет үйі (47,4млн. теңге), Ақмая ауылының мәдениет үйі (54,8 млн.теңге), Алғабас ауылындағы "Балауса" бала бақшасы (51,1 млн. теңге), Ә.Тәжібаев ауылындағы "Ақбесік" бала бақшаларының (38,4 млн. теңге)ғимараттарына барлығы 192 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық бюджеттің есебінен кітапхана ғимараты 97,8 млн. теңгеге қайта құрылымдаудан өтті және Алғабас ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына 51,8 млн. теңгеге, Шиелі кентіндегі «Жадыра» балабақшасы 133,1 млн. теңгеге, Талаптан ауылындағы ауылдық клубы 43,1 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар, 311 млн. теңгеге Еңбекші, Қодаманов, Ақмая елді мекендерінде жаңа дәрігерлік амбулатория, Ы.Жақаевтың 125 жылдық мерейтойына орай 54 млн. теңгеге Жақаев ауылынан жаңа музей пайдалануға берілді.

Өткен жылы 638 млн. теңгеге Ә.Тәжібаев ауылындағы 300 орындық мектеп ғимаратының берілуімен аудандағы апатты жағдайдағы мектеп ғимараттарының мәселесі толық шешімін тапты.

Ауданда 7 мыңдай адамға тұрғын үй салуға жер беру мәселесі 5-6 жылдан бері шешілмегендіктен өткен жылы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен инженерлік-инфрақұрылым құрылысын салуға ЖСҚ әзірленіп, тиісті министрліктерге бюджеттік өтінімдер тапсырылған болатын. Нәтижесінде ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында 6 елді мекенге 2,9 млрд. теңге бөлініп, Шиелі кентіндегі Ақорда, Бәйтерек, Береке, Шұғыла мөлтек аудандарында, Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Бидайкөл, Ы.Жақаев және Алғабас елді мекендерінде 69 шақырым ауыз су құбыры, 73 шақырым тастақты жол, 141 шақырым электр желісі жүргізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда ауыз суды аудан халқының 64 пайызы Жиделі топтық су құбырынан, 31,8 пайызы жергілікті ұңғымадан, қалған 4,2 пайызы бұлақ көздерінен пайдалануда.

ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің тікелей тапсырысымен 2013 жылдан бастап жобалық құны 4 млрд. 167 млн. теңге болатын (ұзындығы 243,4 км ауыз су құбыры)8 елді мекеннің (Тәжібаев, Досбол би, Алмалы, Бала би, Алғабас, Бидайкөл, Жөлек және Бәйгеқұм) ауыз су жүйесін толықтай жаңғыртып, Жиделі топтық су құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылы Алғабас, Бидайкөл және Тәжібаев елді мекендерінде құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, тұрғындарға ауыз су берілді. Қазіргі таңда жоба бойынша барлығы 1423,9 млн. теңге қаржы игерілді. Жобаны толық аяқтауға 2017 жылға 813 млн. теңге, 2018 жылға 734 млн. теңге қаражат бөлуді жоспарлануда, сонымен қатар, жобаны мерзімінен бұрын аяқтау мақсатында Ислам Даму Банкінен қаржы тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2016 жылы көлік қатынасынан қиындық көріп келе жатқан елді мекен тұрғындарының сұранысына сәйкес Жуантөбе елді мекеніне кіре-беріс 6,5 шақырым жол 16,3 млн. теңгеге, Жақаев елді мекеніне кіре-беріс 2,5 шақырым жол 34,6 млн. теңгеге, 1 Мамыр елді мекеніне кіре-беріс 1 шақырым жол 24 млн. теңгеге орташа жөндеуден өткізілді. Ал жобалық құны 1 млрд. 789 млн. теңге болатын Ботабай елді мекеніне кіре-беріс 28 шақырым жолды жөндеу 3 жылға жоспарланып, жолды жөндеу жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Иіркөл, Жаңатұрмыс, Жиделіарық, Ақмая, Алмалы, Бәйгеқұм, Талаптан, Телкөл ауылдық округтерінің 6,8 шақырым ішкі көшелері 88 млн. 405 мың теңгеге жай және орташа жөндеуге өткізілсе, республикалық бюджеттен Жиделіарық, Ақтоған, Керделі, Гигант, Жуантөбе, Жаңатұрмыс, Ортақшыл, Майлытоғай, Ақмая, Қоғалы, Төнкеріс, Бестам, Жөлек, Сұлутөбе, Телікөл, Талаптан, Тартоғай, Қарғалы, Енбекші, Бәйгеқұм ауылдық округтерінің 20,146 шақырым ішкі көшелері 176 млн. 728 мың тенгеге жай және орташа жөндеуден өткізілді.

Шиелі кентін газдандыру бағытында әлеуметтік көмекке мұқтаж, тұрмысы төмен 40 отбасы анықталып, демеушілердің көмегімен 10 үй газға қосылды, қосымша демеушілер белгіленіп, жұмыстар жалғасуда. Өз қаржылары есебінен 2111 тұрғын үйдің және 32 заңды тұлға ғимараттарының бу қазандықтары газға қосылды.

Кенттегі 2016 жылы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын балабақшалар, әкімшілік ғимараттар, қызметтік тұрғынжай барлығы 23 ғимаратты газдандыруға жоба-сметалық құжаттары негізінде 92 млн. теңге қаржы бөлініп, газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 6,8 млн. теңге бөлініп, 9 мектеп, 3 мектептен тыс мекеменің қазандықтарын газға ауыстыруға жоба-сметалық құжаттарын әзірленуде. Денсаулық сақтау саласы бойынша 4 мекеменің қазандықтарын газға қосу жоспарланып отыр.

Аудан орталығын абаттандыру, көркейту мақсатында Шиелі кентіне кіреберіс қақпа құрылысына 45 млн. теңге, кенттегі 9 көшеге жарық бағаналарын орнатуға 13 млн. теңге, "Өңірлерді дамыту бағдарламасы" бойынша Шиелі кентініңБекежанов, Бәкіров көшелерінің 2,4 шм орташа жөндеу, М.Шоқай атындағы орталық алаңды абаттандыру және заманауи талапқа сай «Құрметті азаматтар» аллеясы құрылысы жұмыстарына 95 млн. 94 мың тенге бөлініп, толық игерілді.

2017 жылы облыстық бюджеттің есебінен Тартоғай елді мекенінен 90 орындық балабақша құрылысы, Еңбекші елді мекенінен 90 орындық балабақша, 150 орындық ауылдық клуб, спорт кешені құрылыстарын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аудандық бюджеттің есебінен Еңбекші елді мекеніндегі клуб 46,7 млн. теңгеге, Жөлек елді мекеніндегі клуб 58,3 млн. теңгеге, Алғабас елді мекеніндегі №157 мектеп 61,1 млн. теңгеге, Алмалы елді мекеніндегі №181 мектеп 55,1 млн. теңгеге, Шиелі кентіндегі №47 мектептің ескі ғимараты 96,6 млн. теңгеге, Бәйгеқұм елді мекеніндегі «Әсем» балабақшасы 105 млн. теңгеге, Майлытоғай ауыл әкімінің ғимараты 7,8 млн. теңгеге, Иіркөл ауыл әкімінің ғимараты 14,2 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілетін болады.

БІЛІМ

Аудандағы 41 мектепте 2721 мұғалім еңбек етеді, оның 2548-і 
(93,6%) жоғары, 173-і (6,4%) арнаулы орта білімді мамандар. 199-ы (7,3%) жоғары, 1056-сы (38,8%) І санатты, 868-і (31,9%) ІІ санатты, 598-і (22%) разрядтағы мамандар.

2016 жылы 689 білім қызметкері біліктілігін көтерсе, 221 педагог көшпелі, 90 мұғалім қысқа мерзімді пәндік курстан өтті. 204 мектеп директоры мен мектеп директорының орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйым педагогтары, қосымша білім беру мамандары, инклюзивті білім беру қызметкерлері оқытылды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламалары бойынша 131 педагог біліктілігін арттырды.

2016 жылы аудан бойынша 813 оқушы мектеп бітірсе, оның 543 оқушысы тест тапсыруға өтініш беріп, ҰБТ-ға 536 оқушы қатысты, барлық бітірушінің 66,1 пайызы. Биылғы орта балл 81,36, өткен жылмен салыстырғанда 1,66 балға артты. Аудан бойынша ең жоғары 121 балды №47 мектеп-лицей түлегі иеленді. Ауданнан 35 оқушы «Алтын белгі» белгісіне ұсынылып, 19 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Мектеп бітіруші түлектердің 731-і жоғары, кәсіптік және техникалық оқу орындарында білімін жалғастыруда, 4-і әскер қатарында, 72-і жұмысқа орналасып, 6-ы жұмыссыз.

2016-2017 оқу жылына 114,5 млн.теңгеге 122630 дана оқулық, 16 млн. теңгеге 117 дана компьютер, 47 млн. 465 мың теңгеге 2372 дана парта алынып, білім мекемелеріне таратылды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің халық алдында есеп беру кезіндегі тұрғындардын ұсыныстарына сәйкес Ақмая елді мекеніндегі №49 мектепке автобус, Сұлутөбе елді мекеніндегі №41 мектепке Газель, Талаптан елді мекеніндегі «Мұрагер» балабақшасына Газель, Шиелі кентіндегі «Шұғыла» балабақшасына Газель автокөліктері сатып алынды.

Тұрмысы төмен отбасы балаларын киіммен, бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 164 млн. теңге бөлініп, 3297 бала тиісті көмектермен қамтамасыз етілді.

Оқушылардың жазғы демалысын тиімді пайдалану мақсатында Қызылорда қаласындағы «Сырдария» лагеріне 150 бала, Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне 750 бала, мектеп жанынан ашылған лагерьлерде 12181 бала, демеушілер мен ата-аналар есебінен 935 бала, барлығы 14016 бала демалды.

МӘДЕНИЕТ

Есепті мерзімде аудан көлемінде 805 мәдени іс шара ұйымдастырылып, оған 133805 адам қатысты. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың 125 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты аудандық іс-шара жоспары бекітіліп, «Алтын күз -2016» мерекесі аясында кең көлемде атап өтілді.

Аудан өнерпаздары республикалық, облыстық байқауларда үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтанда, республикалық «Менің Қазақстаным» атты Ш.Қалдаяқовтың әндерін орындаудан С.Қалдарова бас жүлдені иемденсе, «Жүректегі жауһарлар» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасына 16 жас жазба ақын қатысып, Б.Ержігіт бас жүлдені жеңіп алды.

«Отан деп соқты жүрегі» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасына 15 талапкер қатысып, Б.Жоламанов 2 орынды, «Әлемнің әміршісі - Еңбек» атты облыстық патриоттық әндер байқауында А.Еркінбайқызы 1 орынды жеңіп алды.

Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы.Жақаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналған «Дихан рухы мәңгілік» атты республикалық ақындар айтысында М.Сұлтанхан 1 орынды, Е.Әміров 3 орынды иеленді.

СПОРТ

2016 жылы 132 аудандық, 11 облыстық, 3 республикалық іс-шара өткізіліп, оған 16179 адам қатысты.

2016 жылы аудан бойынша мүгедек спортшылар арасында 11 іс-шара өткізіліп, оған 84 адам қатысты. Облыстық мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиадада аудан спортшылары жүлделі ІІ орыннан көрінді.

Өткен жылы аудан спортшылары облыстық жарыстардан 56 алтын, 45 күміс, 71 қола алса, республикалық жарыстардан 14 алтын, 26 күміс, 43 қола, Азия біріншілігінен 1 қола, 1 күміс, әлем біріншілігінен 1 күміс, 1 қола медалдар иеленді.

Есепті кезеңде 4 спорт шебері, 18 спорт шеберіне үміткер, 11 І раязрядты спортшылар дайындалды.

Ересектер арасында әлем біріншілігінде белбеу күресінен Рантаев Райымбек күміс жүлдегер, гір спортынан Шәріпбекұлы Қуаныш қола жүлдегер атанса,  Азия біріншілігінен Мұхамедиярұлы Бақтияр қола жүлдегер атанды.

Алмалы елді мекеніндегі спорт клуб ғимаратты бюджет қаражаты есебінен 26 млн. теңгеге жөндеуден өткізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Бала би елді мекеніндегі спорт мектебіне аудандық бюджеттің есебінен Газель автокөлігі, күрес, таеквондо кілемдері алынып жас жеткіншектердің жаттығуына жағдай жасалынды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Аудан бойынша денсаулық сақтау саласында 134 дәрігер, 625 орта буынды медицина қызметкер жұмыс жасайды және олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. 10 мың адамға шаққанда дәрігермен қамтылу 15,9.

Өткен жылы бірінші рет тіркелген аурулар бойынша тыныс алу жолдары 2,5 пайызға, ас қорыту ағзалары 6,1 пайызға, сүйек-бұлшық ет аурулары 13,6 пайызға, жұқпалы аурулар 90 пайызға, қатерлі ісік 40 пайызға, эндокриндік аурулар 4,8 пайызға, көз аурулары 43,3 пайызға артса, жүрек-қан айналымы аурулары 14,7 пайызға, жарақат және улану аурулары 4,3 пайызға кеміген.

2016 жылы 439 адам қайтыс болды (2015 жылы 413 адам), оның ішінде суицидпен қайтыс болғандар 8 адам. (2015 жылдың 12 айында 
15 адам)
 Ана өлімі орын алмаған, бала өлімінің 13 жағдайы орын алды.

Есепті мерзімде 1846 бала туылган.

Халыққа дәрігерлік көмекті сапалы, дер кезінде көрсету мақсатында «Медико-санитарлық» бөлімі «Көкшоқы» ауылдық емханасы болып қайта құрылып, Шиелі кентінің шығыс бөлігінің 4 аймағын және Көкшоқы мөлтек ауданының 2 аймағын қамтуда. Айта кету керек,«Көкшоқы» ауылдық емханасы аймақтық дәрігерден бөлек тар буынды мамандармен де (узкие специалисты) қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, рентген, ЭКГ және ФГДС кабинеттері медициналық қызметтер көрсететін болады.

Тұрғындардың «Көкшоқы» емханасына қатынауына қолайлы болу үшін №24, 25 бағыт микроавтобустарының жүру схемасы мен жиілігі қайта жасалды.

Өткен жылы 4 дана электрокардиограф, 12 каналдық 1 дана ЭКГ аппараты, 1 дана УЗИ аппараты сатып алынды.

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ

2016 жылдың 11 айында тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстарғанда 21,2 пайызға (575-тен 453-ке) төмендеген. Оның ішінде зорлау 83,3 пайызға (6-дан 1-ге), бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары 20,0 пайызға (297-ден 236-ға), оның ішінде пәтер ұрлығы 14,5 пайызға (62-ден 53-ке), мал ұрлығы 16,2 пайызға (74-тен 62-ге), бұзақылық 16,0 пайызға (58-ден 49-ға), алаяқтық қылмысы 3,0 пайызға (32-ден 31-ге)төмендеген. Дегенмен, есірткі қылмысы 81,8 пайызға, топтасып жасалған қылмыстар 41,7 пайызға өскен.

Өткен жылдың 11 айында 30 жол көлік оқиғасы орын алып /2015 жылы 29/, жол апаттарынан 43 азамат әртүрлі дене жарақаттарын алса /2015 жылы 43/, 12 азамат қайтыс болды /2015 жылы 11/.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Ауданда экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 36811 болса, оның жұмыспен қамтылғаны 34955 адам, жұмыссыз 1856 адам. Есепті мерзімде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады.

2016 жылға аудан бойынша 800 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1112 жаңа жұмыс орындары ашылып, жылдық жоспар 139 пайызға орындалды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты аясында 2016 жылы 34 жобаға 280 азаматты уақытша жұмыспен қамту жоспарланып, 296 адам жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты бойынша 3 млн. тенгеге дейін 41 адамға 103 млн. теңге, 6 млн. теңге дейін 24 адамға 115 млн. теңге, қайтарылған қаражат есебінен 8 адамға 17 млн. теңге, барлығы 235 млн теңге шағын несие берілді.

Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша оқу курстарын бітірген 212 азаматтың 129 жұмысқа орналастырылып, 72 азамат дәлелді себептермен 5 азамат дәлелсіз себептермен, жұмысқа орналасудан бас тартты. Қалған 6 азаматты жұмысқа орналастыру мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Әлеуметтік жұмыс орындарын 53 адам, жастар практикасына 149 адам жолданды.

Мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 82 тифло техникалық құралдар (сағат, тифломагнитола, диктофон, плеер, зағиптар таяғы), 38 сурдо-техникалық құралдар (есту аппараты, ұялы телефон, саңыраулар сағаты, бейнекомпьютер), 57 жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар), 312 протезді-ортопедиялық құралдар (протездер, таяқ, балдақ, жетек арба), санаториялық курорттық орындарына 123 мүгедекке жолдама таратылды.

1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай 453 қартқа 840 мың теңге көлемінде сый-сыяпат көрсетіліп, 15 қартқа 375 мың теңгеге қыстық мал азығы түсіріліп берілді.

Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне және оларға теңестірілгендерге облыстық бюджеттен 670 адамға 42 млн. 335 мың теңге, аудандық бюджеттен 175 адамға 11 млн. 220 мың теңге бір жолғы әлеуметтік жәрдемақы төленді. Ұлы Отан Соғысының 3 ардагерінің үйіне демеушілердің есебінен 750 мың теңгеге газ құбыры жүргізілді.

Ауданда әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету үшін іс-шаралар жоспары жасалып, оған кент бойынша 46, ауылдық округ бойынша 73 отбасының тұрмыс жағдайы толық зерттеліп, қаржы дағдарыс кезеңінде біржолғы ғана көмек көрсетумен шектелмей, үнемі қамқорлық жасау үшін аудандағы бөлімдер мен кәсіпкерлерге және ауылдық округтеріне қарасты мекеме басшыларына бекітіліп берілді. Бүгінгі күнге кент бойынша қаржылай, азық-түліктей, киім-кешектей, қыстық отынмен барлығы 1570,9 мың теңге көмек көрсетілсе, ауыл округінде тұратын тұрмысы төмен отбасыларына 1445,7 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Барлығы 3016,6 мың теңгеге көмек көрсетілді. Сонымен қатар, бекітіліп берілген мекемелер 9 адамды тұрақты жұмысқа қабылдаса, 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. Нәтижесінде 14 отбасы тұрмыс жағдайы жақсарып, көмек көрсетуден босатылды. Бүгінгі күні барлығы 105 отбасына көмек көрсетілуде.

КАДР САЯСАТЫ

Шиелі ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың штаттық саны  214, оның ішінде аудан әкімі аппараты 23, кент әкімі аппараты 14, ауылдық округ әкімі аппараттарында 105, дербес бөлімдерде 72 адам.

Жалпы мемлекеттік қызмет саласында ең маңызды мәселе – персоналдың жетік білімді, әрі білікті болуы. Осы ретте, Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру бойынша 2016 жылдың қорытындысымен қайта даярлаудан 10, біліктілігін арттырудан  66 қызметкер білімін жетілдірді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуға байланысты 56 бос орындарға өткізілген конкурстар нәтижесімен 40үміткер жұмысқа қабылданып, 3 қызметкер кадр резервінен қабылданды.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарға есеп беру кездесулері 2016 жылдың 14 қаңтары мен 3 ақпан аралығында өткізілді.

2016 жылы аудан әкімінің халық алдындағы есепті кездесулерінің қорытындысымен ұсыныс пікірлер тізбесі жинақталып, 70 тапсырма нақтыланды, орындалғаны 44 тапсырма немесе 62,9 пайыз.

(Оның ішінде: мал ұрлығы-6 (орындалғаны 6), учаскелік полиция инспекторына қызметтік көлік, үй немесе штат бөлу жөнінде-4 (орындалғаны 1), учаскелік полиция инспекторының жұмысына қанағаттанбау-2 (орындалғаны 2), жұмысқа орналастыру мәселесі-4 (орындалғаны 3), шағын несие алу мәселесі-4 (орындалғаны 4), денсаулық сақтау сала қызметкерлеріне шағымы-3 (орындалғаны 1), қала аралық көлік бағытын өзгерту-1 (орындалмаған), мал өткелі жайлы-2 (орындалғаны 1), каналдар мен қашыртқыларды тазалау-6 (орындалғаны 3), ауыз су мен аяқ су мәселесі-6 (орындалғаны 3), жер мәселесі-2 (орындалғаны 2), жолдарды жөндеу және салу-13 (орындалғаны 9), әлеуметтік нысан құрылысы-6 (орындалғаны 2), елді мекендерді электр жарығы және байланыстарымен қамтамасыз ету-4 (орындалғаны 2), ауылдық округ атауын өзгерту немесе ғимаратқа есім беру туралы-3 (орындалғаны 1), басқа да-4 сұрақ (орындалған 4).)

Бірқатар сұрақтар бойынша тиісті түсініктемелер есеп беру кезінде түсіндірілді.

2016 жылы азаматтардан барлығы 380 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 60-ы жер мәселесі, 49-ы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мәселесі, 38-і жұмысқа орналасу, 38-і заңдылық пен құқықтық тәртіп, 37-і білім мәселелері, 33-і материалдық көмек көрсету, 29-ы тұрғын үй бөлу, 24-і мәдениет мәселелері, 17-і ауыл шаруашылық мәселесі, 55-і басқа да мәселелер.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша» Заңы талаптарына сәйкес бекітілген кесте бойынша аудан әкімі, барлығы 102 азаматты әр түрлі мәселелер бойынша қабылдау жүргізген. Оның ішінде 38-і жұмысқа орналасу, 15-і әлеуметтік көмек, 15-і тұрғын үй мәселесі, 9-ы коммуналдық шаруашылық мәселесі, 6-ы жер телімін бөлу, 4-і несие алу туралы, 5-і заңдылық пен құқықтық тәртіп туралы, 3-і мәдениет мәселесі, 7-і басқа мәселелер.

Құрметті жерлестер, 2016 жылы атқарылған жұмыстар аз емес, ал, алдағы міндеттер одан да көп. 2017 жылы ауданымыздың экономикасын нығайтуда, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда бірлесе отырып жұмыстар атқарылатындығына сенімдімін.

Видео ақпараттар

Scroll to top