АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Аудан әкімі Ә.Оразбекұлының

ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық

даму қорытындылары және алдағы атқарылатын

міндеттер жайлы хабарламасының желісі

 Армысыздар, қадірлі жерлестер!

Құрметті аудан тұрғындары!

Еліміз үшін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен татулықтың, жасампаздық пен жарқын жеңістердің тағы бір жылы тарих көшіне ілесіп, елеулі оқиғаларымен есте қалды.

2019 жыл еліміздегі экономикалық даму мен қалыптасқан саяси тұрақтылықтың арқасында аудан халқы үшін ірі серпінді жобалардың жүзеге асуымен табысты жыл болды.

Республикамыз өсіп-өркендеудің инновациялық-индустриялық жаңа дәуіріне қарышты қадам басты.

Аудан дамуының негізгі басымдықтары Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларында және Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында айқындалған мақсаттарға сәйкес атқарылды.

Бүгінгі хабарламаның толық мәтіні аудандық «Өскен өңір» газетінің 2019 жылғы 31 желтоқсаны күнгі №102 (8753) санында толық жарияланған, сондықтан атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтуге рұқсат етіңіздер.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ

(Шиелі ауданының жалпы жер көлемі 3 239 755 га құрайды.Қазіргі таңда аудандағы 40 елді мекенде барлығы 82601 адам, оның ішінде, кент орталығында 32586 адам, ауылдық елді – мекендерде 50015 адам тұрады).

2019 жылы ауданның даму көрсеткіштері статистика органдары мәліметімен жалпы экономикалық тұрғыдан тұрақты жағдай қалыптасқандығын көрсетіп отыр.

Ауданның жылдық бюджеті 21 млрд. 045 млн. теңгені құрады. Жалпы кірістер 21 млрд. 203 млн. теңгеге орындалып, 100,7 пайызды құрады. Оның ішінде жергілікті бюджеттің өз кірістері жоспары 1 млрд. 891,0 млн теңге, орындалуы 2 млрд. 39,7 млн. теңге немесе 107,9 пайыз, трансферттік түсімдер 7 млрд. 601,0 млн. теңге және субвенция 10 млрд.926,9 млн.теңге жоспарланып, толықтай 100 пайызға орындалды, ал жалпы бюджеттік шығыстар бөлігі тиісінше 99,6 пайызға орындалды.

Аудан бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бойынша халық саны 2000-нан асатын кент және ауылдық округтердің 2019 жылға барлығы 1 млрд 548,1 млн теңге жоспарланды. Оның ішінде өз кірістері 195,1 млн. теңгеге жоспарланып, 240,5 млн. теңгеге орындалды, яғни 123,9 пайызды құрады.

Ал трансферттік түсімдер мен субвенциялар толықтай 1 млрд 322 млн теңгеге немесе 100 пайызға орындалды. Шығыстар бөлігі тисінше 99,9 пайызға орындалды.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

2019 жылы тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 4895 субъектіге жетіп, (2999 жеке кәсіпкер) тиісті кезеңмен салыстырғанда 106,2 пайызға жетті. Оның ішіндегі жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 4 488-ні (2764 жеке кәсіпкер) құрап, олардың үлесі 91,7%-ға жетті. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 113,2 пайызды құрады. (жеке кәсіпкер-2999, шаруа қожалық-1355, заңды тұлға-541.)

Ағымдағы жылы мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы 687 жеке кәсіпкер, 36 шаруа қожалық, 33 заңды тұлға тіркеліп, жалпы 756 шағын және орта кәсіпкерлік субектісі ашылды.

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 31,4 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 110,5 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемі (12 млрд. 145 млн. теңге) былтырғы жылмен салыстырғанда 142,3 пайызға орындалып отыр.

Аудан кәсіпкерлерінен мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы бюджетке 8,2 млрд теңгенің түсімі түсті. Оның ішінде Шағын және орта кәсіпкерліктен 2,5 млрд теңге түсім түсіп, жалпы кірістің 30 пайызын құрады.

/«Еңбек» бағдарламасы бойынша 401 жобаға 179,7 млн. теңгеге қайтарымсыз грант берілсе, жобалық құны 716,4 млн. теңгені құрайтын 200 жоба қаржыландырылды.

- АШҚҚҚ-120 жоба 411,9 млн. тг

- Қызылорда ӨИО (Еңбек)-47 жоба-135,3 млн.тг

-«Наурыз-Дем» НС» ЖШС-6 жоба- 31 млн.тг

-«Сырдария-1» НС-8 жоба 58 млн.тг

-Қаржылай қолдау (Финпомощь)-19 жоба-80,2 млн.тг

         «Өңірлік инвестиция орталығы» арқылы «Микро Бизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша жобалық құны (мал шаруашылығынан басқа жобаларға (Наубайхана, Жүк көлігін алу, Кондитер цехы, Автокөлікке қызмет көрсету, Жылыжай құрлысы) 76 млн. теңгегені құрайтын 21 жоба қаржыландырылды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бағыты бойынша ағымдағы жылы жобалық құны 320,3 млн. теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылса, ішінара кепілдендіру бағыты бойынша жобалық құны 108,4 млн. тегені құрайтын 8 жоба қолдау алды.

(«Шиелі Жолшы» ЖШС, «Әбдіманап Базары» ЖШС, «Елемесова К», «Құлтаев Б» ЖК, «Байтуғанова» ЖК, «Қайсар» ЖК, «Нұрасыл» ЖК, «Берекелі Ақ отау» ЖК,)

/«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының жаңа бизнес-идеяларды қолдау бағыты бойынша қайтарымсыз грант қаражатын алуға ауданнан құны 25,5 млн. теңгені құрайтын 31 жоба ұсынылып, құны 2,9 млн теңгені құрайтын 11 жоба қолдау тапты./ (Оның ішінде жас кәсіпкерлердің 6 жобасы 1 млн. 726 мың теңге қаржыландырылды.)

Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан жобалық 1,8 млрд теңгені құрайтын 673 жоба қаржыландырылып, 723 адам жұмыспен қамтылды.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша инвестиция қажет ететін жобалық құны 2,5 млрд теңгенің 22 жобасы іріктеліп, оның ішінде құны 795 млн. теңгені құрайтын 8 жобаның құжаттары қаржы ұйымдарына толықтай ұсынылды, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 5 жоба 57,1 млн. теңгеге қаржыландырылды. («Жанұзақ» шаруа қожалығы 16,7 млн. теңгеге, Саят» шаруа қожалығы -8,7 млн. теңге, «Тұлпар»ШҚ-20 млн. теңге, «Жарас»ШҚ-7 млн. теңге, «Медгат»ШҚ-4,7 млн.) («Аққұм» ШҚ -20млн,тг мал шаруашылығы, «Ержан» ЖК-10 млн тг, мал шаруашылығы, «Шиелі Тас Оңтүстік»ЖШС-650 млн. тг силикат қыш өндіру, АШҚҚҚ-на «Ақарыс» ШҚ-30 млн. тг, «Айдаулет»ШҚ- 50 млн. тг, «Медгат» ШҚ-10 млн. тг, «Саят» ШҚ-8,7 млн. тг, «Жанұзақ» ШҚ-16,7 млн. тг)

Қазіргі таңда, құны 1,6 млрд теңгені құрайтын 14 жоба бойынша құжаттар қаржы ұйымдарына әзірленуде.

Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында өңірлік картаға енгізілген жобалық құны 149,2 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылуда.

/Оның ішінде жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын 1 жоба «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» іске қосылып, жұмыс жасауда. Кәсіпорны бүгінгі күні 380 мың тоннадан аса өнім шығарып, оның ішінде 30 мың тонна цемент өнімін экспортқа (Өзбекстанға) жіберді.

«Фирма Балауса» ЖШС-нің «Бала сауысқандық кешенінде қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Жоба құны - 34,9 млрд. теңге, зауыт толықтай іске қосылғанда 649 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтіліуде.

2019 жылы 1 млрд. 209 млн, теңгеге 164,6 тонна аммоний метаванадаты Ресей мен Ұлыбритания елдеріне экспортталды. Бүгінгі күнге 150 адам тұрақты жұмыспен қамтылған./

«Таң ЛТД» ЖШС-ның жобалық құны 397 млн. теңгені құрайтын «Күріш және құрама жем өндірісі» жобасы бойынша Шиелі кенті орталығынан аумағы 8 гектар болатын өндірістік базаны қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Құрама жем өндірісіне қажетті заманауи жабдықтар сатып алынып, монтаждау жұмыстары толық аяқталып, 1000 га жерге жоңышқа және мақсары дақылдары егілді.

Бұған қоса, жүгеріні терең өңдейтін шағын зауытын іске қосуды жоспарланып отыр. Қажетті құрал-жабдықтарды алуға 40 млн теңгеге тапсырыс берілді.

Қазіргі таңда 1000 га жер дайындалып, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

2020 жылға 500 гектар жер теліміне жүгері дақылын, егу жоспарлануда.

/2019 жылдың сәуір айында жобалық құны 46 млрд. теңгені құрайтын 2 жоба өңірлік картаға енгізілді. Олар «Rіno Asia» ЖШС-нің Керамикалық плиталар өндіру зауыты  және «Сыр Агро и К» ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы./

Анықтама үшін:

1.«Rіno Asia» ЖШС-нің «Керамикалық плиталар өндіру зауытын салу» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Жоба құны-43,5 млрд. теңге. Жоба түрік «Юлдызлар СС» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылу жоспарлануда. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 100 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды.Іске қосылғанда 400 адам жұмыспен қамтылады.

2.«Сыр Агро и К»ЖШС-нің «1200 басқа арналған тауарлы сүтфермасын құру және кеңейту» жобасы Картаға ү.ж. сәуір айында енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде Шиелі ауданынан 500 га жер телімін табыстау шешімі қабылданды. Бүгінгі күні жер телімін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ферма құрылысы 60% -ға аяқталды.

Индустриялды аймақ бойынша

Шиелі кентінің шығыс жағынан индустриялық аймаққа 96 га жер беріліп, 2,8 млрд. теңгеге толықтай инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 487,5 млн. теңге бюджет қаражаты есебінен жүргізілсе (РБ-217,4 млн.тг, ЖБ-270,1 млн.тг газ желісі), қалған 2,4 млрд теңге мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында жүзеге асырылды. (12,5 шақырымы электір желісі, 3,2 км болатын темір жол желісі)

Индустриялды аймаққа тартылған сағатына 20 мың.м3 (куб). газ желісінен 3 мекеме көгілдір отынын пайдаланып отыр («Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Бөпежанов» ЖК, «Әшірбеков» ШҚ).

Бүгінгі күні жобалық құны 66 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға 63 га жер телімі табысталып, 4 жоба іске қосылды. 44,7 млрд. теңге инвестиция тартылып, нәтижесінде бюджеттің 1 теңгесіне шаққанда тартылған инвестиция көлемі 16,6 теңгені құрады. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығында жүзеге асырылған жобалар іске қосылған уақыттан бастап 3,2 млрд. теңге салық түсті.

2019 жылы осы жобалар арқылы 7,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді. 294 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

/Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2020 жылдың басынан бастап арнайы салық режимін қолданатын микро және шағын бизнес субъектілері табысқа салынатын салықтан үш жылға босатылады.

Бұдан бөлек, шағын және орта бизнеске үш жылға тексеріс жүргізуге мораторий жарияланды. Бірақ бұл тексеріс мүлде жүргізілмейді деген сөз емес. Кедендік тексеріс, кезікпе салық тексерісі, қылмыстық іс аясында және салық төлеушінің өтініші бойынша өз қызметіне қатысты жүргізіліп жатқан тексерістер қала береді./

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2019 жылға арналған негізгі индикаторларының іс-шара жоспарына сәйкес, ауданда ауыл шаруашылығы саласы бойынша 25,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 103,4%-ға жетті.

Егін шаруашылығы.

Аудандағы шаруашылық құрылымдары 29 655 гектар жерге егін салып, былтырғы жылмен салыстырғанда 2400 гектарға артық егілді. Өсімге егінді әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді. (оның ішінде дәнді дақылдар 13 882 га, майлы дақылдар 1 896 га, мал азықтық дақылдар 9 213 га, картоп, көкөніс, бақша 4664 га). Негізгі дақыл күріш - 12475 га. жерге егілді, орта өнім гектарына 61,2 цн құрап, жалпы өнім 76347 тн болып отыр. (1332 га жерге егілген күздік бидай дақылы бүгінгі күнге толығымен жиналып, 2664 тонна өнім алынып, орта өнім гектарына 20 цн келді).

Егіннің жаңа сорттарын ғылыми негізде өсіру қарқынды жүргізілуде.

Аудан бойынша тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие «Ақмая» шаруа қожалығы биылғы жылы 332 гектар жерге бидайдың супер элиталық «Стекловидный» сортын орналастырып, егістің әр гектарынан 30 центнерден өнім алуды қамтамасыз етті.

«Төңкеріс-К» шаруа қожалығы 200 гектар жерге мақсарының супер элиталық «Мөлдір-2008» сортын орналастырып, әр гектарынан 15 центнерден өнім жинады.

Бестам ауылдық округіне қарасты «Алтын дән» шаруа қожалығы Ы.Жақаев атындағы «Қазақ күріш өсіру ғылыми зерттеу институтымен» біріге отырып, картоптың және асқабақтың гибридтік жаңа сорттарын егіп, «Ақсор», «Жанайсан», «Үшқоңыр», мол өнім алуға қол жеткізілді.

Ауданда бүгінде тамшылатып суару әдісімен 50 гектар алма бағы өсірілуде (Ақтоған а/о-15 гектар, Тартоғай а/о-10 гектар, Гигант а/о-10 гектар), оның 15 гектары биылғы жылы егілді (Талапан а/о-10 га, Сұлутөбе а/о-5 га). Суды үнемдеп пайдалану бойынша «Байсын» шаруа қожалығы ашық топырақта тамшылатып суару әдісімен 13 гектар жерге, «Заңғар» шаруа қожалығы 17 гектар жерге көкөніс дақылдарын ексе, бұдан бөлек Ақмая, Алмалы, Ақтоған, Талаптан ауылдық округтерінде су үнемдеу мақсатында плёнка қолдану әдісімен 155 гектар жерге көкөніс дақылдарын орналастырып, жоғарғы өнімдерге қол жеткізуде.

Жобалық кеңсе аясында Шиелі кентінің шығыс аймағынан жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Аумағы 2 гектар. Бүгінгі күнге 1,1 гектар жерге 8 жылыжай салынып, алғашқы өнімдері жиналуда.

Ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру бағытында «Ақмая» шаруа қожалығында 800 гектар жерге «Ақылды ферма» жобасы аясында жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы жылдары ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуеті артып келеді. Тек биылғы жылы ғана 780 тонна көкөніс, 835 тонна бақша өнімдері Ресей Федерациясына экспортталды.

Жыл басынан бері азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Қызылорда қаласында бес рет, Шиелі аудан орталығында екі рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтті. Жалпы көлемі 900 тонна, жалпы құны 124,8 млн теңгені құрады.

/Күзгі егін жинау науқанына 116 комбайн, 63 жатка, 51 жүк көлігі, 322 дана трактор толықтай қатысты./

Ауыл шаруашылығы құрылымдары қажетті техникамен және жеңілдетілген дизель отынымен толықтай қамтамасыз етілді.

Шаруашылықтар лизингке және өз қаржысына 751 млн теңгеге жаңа үлгідегі ауылшаруашылығы техникаларын алып, машина-трактор паркі жаңаланды.

Мал шаруашылығы

Аудан бойынша барлық төрт түлікті мал санының 3-6 пайыз көлемінде өсуі қамтамасыз етілді.

/Ірі қара - 60775 (106,1%-ға өсті), қой мен ешкі – 80747 (13,6%-ға өсті), түйе – 1344 (103,6%-ғаөсті), жылқы – 16115 (105,9%-ға өсті), құс – 28055 басты құрады.

Төрт түлік мал басының артуына байланысты өндірілген өнімдерде өсім тиісінше, алынған өнім (тірілей салмақта) 5190,5 тонна ет (103,0%),2024,4 тонна сүт (102,3%), 2644,0 мың дана жұмыртқа өндірілген.

«Етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасының» индикаторлық көрсеткіштері бойынша:

МІҚ аналық малының басын тұқымдық түрлендіруге қатысу жоспары - 14493 басқа немесе 138 пайызға орындалды. Тұқымдық түрлендіру жұмыстары одан әрі жалғасуда.

2019 жылға ауданға «Сыбаға» бағдарламасы аясында 120 бас «Қалмақ» тұқымды МІҚ малы әкелінді.

325 бас асыл тұқымды шет елден МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген. (Ақмая ауылдық округіне қарасты «Әсет» шаруа қожалығы Ресей Федерациясынан «Сыбаға» бағдарламасымен жоспарланған 104 бас қалмақ тұқымды мүйізді ірі қара малын және қосымша өз қаржысынан 16 бас, барлығы 120 бас «Қалмақ» тұқымды МІҚ малын әкелді.)

Бағдарламаның қой малын сатып алу бағыты бойынша 8010 бас қой сатып алу жоспары толығымен орындалды.

1000 бастан жоғары бордақылау алаңына 2565 бас бұқашықтарды өткізу бойынша жоспар бекітілген. Жыл басынан бері бордақылау алаңына 2275 бас бұқашықтар өткізілді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шиелі ауданы 2018 жылы «Үздік аудан» атанып, І дәрежелі дипломмен, ал 2019 жылы егін шаруашылығы саласында үздік жетістіктерге жеткені үшін «Озат аудан» номинациясымен марапатталды.

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ

2019 жылы құрылыс саласы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден барлығы 1,7 млрд теңге қаржы қаралды.

         Атап айтқанда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2018-2019 жылдары 1,2 млрд теңге қаржыға Шиелі кенті Шұғыла-2, Шұғыла-3, Шығыс-4 мөлтек аудандарына жалпы көлемі 217 га. Бидайкөл елді мекеніндегі жаңадан тұрғын үй салынатын 14, 15 және 30 кварталдарға инфрақұрылым жүйелері (электрмен жабдықтау, ауыз-су желілері) толығымен аяқталды.

Былтыр аталған мөлтек аудандарға жалпы ұзындығы 34 км. ішкі «Тас жолдарының құрылысы» жұмысына облыстық бюджеттен 291,8 млн. теңге қаржы қаралып, 55 көшеге тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. (Жобаның жалпы құны 874 359,0 мың теңге) Бұл жұмыстар биыл толық аяқталатын болады.

         Сонымен қатар, «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 5 елді мекенді (Сұлутөбе, Тартоғай, «Жаназар батыр», 1 Май, «Тұрсынбай датқа») ауыз сумен толық қамту үшін 2019-2020 жылдарға 1,5 млрд. теңге қаржы жоспарланған, өткен жылға 806,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. «Жаназар батыр», 1 Май және «Тұрсынбай датқа» елді мекендері ауыз сумен толық қамтылды. Сұлутөбе, Тартоғай, Бала би, Бәйгеқұм елді мекендері биылғы жылы ауыз сумен толық қамтылатын болады. (2020 жылы құрылыс жұмыстары аяқталып, елді-мекендер таза ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі.)

Тартоғай және Ə.Тəжібаев ауылдарында облыстық бюджеттен 26 904 мың теңге қаржыға, «мал қорымы» (биотермиялық шұңқыр) объектісі салынып, пайдалануға берілді.

Мал қорымы жоқ 14 елді мекенге жоба-сметалық құжаттары толықтай дайындалды.

Сонымен қатар, Тартоғай ауылында 150 орындық клуб үйі пайдалануға берілді.

«Акорда» және «Береке» мөлтек аудандарындағы 3 бөлмелі бір пәтерлі 59 тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, жалпы жобалық құны 998 млн теңге 2020 жылға Республикалық және облыстық бюджетке өтінім тапсырылды.

/Шиелі ауданы бойынша 2019 жылы пайдалануға берілген жеке тұрғын үй құрылысының саны 452, жалпы ауданы 48747 м2. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 107,8 пайызға орындалды./

         Шиелі кентіндегі үш қабатты 18-пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 122,8 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, нысан 2020 жылы пайдалануға беріледі.

         Сондай-ақ, 2020 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына сәйкес, Ақмая ауылындағы №49 ал 2021 жылы кент орталығындағы №48 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ

Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық,
80 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде үш қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Аудандық маңыздағы 145,4 шақырым автомобиль жолдарың 124,5 шақырымы, яғни 83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Облыстық және республикалық маңыздағы автомобиль жолдары 100 пайыз асфальтталған.

/Кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 шм жол тораптары бар./

2019 жылы Қодаманов ауылындағы ішкі 3,8 шақырым болатын 3 көшені орташа жөндеуге 47,3 млн тенге бөлініп, толығымен игерілді.

Сондай-ақ, «Самара-Шымкент-Майлытоғай» автомобиль жолын орташа жөндеуге 47,1 млн. теңге қаржы бөлініп,1,7 шақырымы жөнделді. Қалған қаржысы 2020 жылы 50 млн. теңге бөлініп, құрылысы толық аяқталады.

Аудан бойынша барлығы 119 млн теңгеге 8,7 км жол жөндеуден өткізілді.

Сонымен қатар алдағы 2020 жылға көптен бері халықтың назарындағы Шиелі кенті темір жол үстінен өтетін құны 645 млн. теңге болатын көпір құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Қалған қаржысы Республикалық бюджеттен бөлінеді.

Алмалы ауылынан 20-шы темір жол бекеті арқылы «Батыс Европа-Батыс Қытай» автомобиль жолымен қосылатын «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 6,5 шақырымын салуға (ПК 1921-1927,4) облыстық бюджеттен 50,0 млн теңге қаржы бөлініп биылғы жылы құрылыс жұмыстары басталады. 2021 жылы жол құрылысы толығымен аяқталады.

Сондай-ақ, ұзындығы 4 шақырымдық, құны 123,0 млн теңге тұратын «Жиделіарық елді мекеніне кіре беріс» автомобиль жолын орташа жөндеуге барлығы 61,0 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарына сатып алу конкурсы жариялануда.

Аудандық бюджеттен Жөлек ауылына кіре берістегі апаттық жағдайдағы көпірді жөндеуге 16,5 млн теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, облыстық маңыздағы Шиелі-Алғабас-Бестам-Жемісжидек автомобиль жолының 13 шақырымын күрделі жөндеуге республикалық бюджеттен 225,8 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл толық жөндеуден өтетін болады.

Ауданда жасыл экономикаға бағытталған сағатына
50 мегаваттқа дейін күн энергиясынан қуат алатын, құны 26 млрд. теңгені құрайтын «Байқоңыр Солар» электр станциясы 2019 жылы желтоқсан айында іске қосылды. Бұл көрші аудандар мен Қызылорда қаласын электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз етуге арналған.

Ауданымызда осындай 3 ірі мекеме 132 шаруа қожалығы күн электр энергиясын пайдалануда, күн сәулесінен алатын энергия 808 кВт құрап отыр.

Одан бөлек, ауылшаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өнімдерді қайта өңдеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2019 жылы «Әшірбеков» шаруа қожалығы күніне 86 тонна күріш ақтау зауытын салса, Ы.Жақаев, Ақмая ауылдарында дәл осындай 2 зауыт құрылысы жүргізілуде.

Газдандыру жобасына байланысты Шиелі кенті бойынша 5359 үй газ пайдаланып отыр. Кенттегі 24 бюджеттік мекемеге, 56 ірі кәсіпорын мен 115 шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына газ кіргізілген.

2019 жылы кент орталғындағы 8 білім беру мекемесінің жылу қазандықтары ( № 47, 48, 127, 219, 244, 270 мектептер, оқушылар үйі, №47 мектептің ескі ғимараты) газ отынына ауыстырылды.

Сонымен қатар тұрғындардың жеке қаржылары есебінен облыста ең алғаш болып ауылдарға газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге Жақаев, Гигант елді мекендері газбен қамтамасыз етілді. Енді осы ауылдардағы әлеуметтік нысандарды газ отынына қосу жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті бюджеттен 25,0 млн теңге қаржы бөлініп, №45, 46, 252 (2-корпус), 148, 149 шы мектептердің бу қазандықтарын газға ауыстыруға жоба сметалық құжаттарын жасауға қаржы бөлінді.

Алғабас, Бекежанов, Қодаманов, Байсын елді мекендерін газдандыру жобалары бойынша жоба-сметалық құжаттары толық дайындалып, республикалық бюджетке ұсынылды.

БІЛІМ

Аудандық білім бөліміне қарасты 40 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемесімен қоса 17 мемлекеттік және 75 жеке меншіктегі, барлығы 92 балабақша жұмыс жасайды. 1 мен 3 жас аралығындағы балалардың 71%, ал 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

2019-2020 оқу жылында 1-11 сынып аралығында 17897 оқушы білім алуда. Биылғы жылы облыстық білім басқармасының бастамасымен білім саласын цифрландыру мақсатында «mektep.sitсen.kz» ақпараттық жүйесі іске қосылып,«Мектептің 1 сыныбына бала қабылдау», «тегін тамақпен қамтуды ұсыну» және «тегін тасымалдауды қамтамасыз ету» мемлекеттік көрсетілім қызметтері осы жүйе арқылы арқылы жүргізілетін болады

Әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 2019 жылы мектептің міндетті оқу қорына 314,8 млн тг қаржы бөлініп, 2018 жылмен салыстырғанда 68,1 млн. тг өсіп отыр. (Жоспар бойынша 246 млн 839 мың теңге, 3901 оқушы ыстық тамақ, 23 млн 594 мың теңге, 3697 оқушы киім-кешек, 8 млн 923 мың теңге, 2150 оқушы лагерьге). Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге қосымша 40,2 млн теңге бөлініп, бір мезгіл тамақтану құны орташа еспеппен 476 теңгеге дейін көтерілді.

(Сонымен қатар, «Мектепке жол» республикалық акция аясында аудан білім мекемелерінде қайырымдылық шарасы 3 шілде – 18 қыркүйек аралығында тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп формасы және мектеп құрал-жабдықтары 1 181 бала (8 267 000 мың теңге) мектепке қажетті сумка, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.)

Өткен оқу жылында аудан бойынша 1-10 сынып аралығында жазғы демалыспен 15 626 бала қамтылып, қамтылу көрсеткіші 86,7%-ды құрады. Былтырғы жылы мектеп бітірген 592 оқушының  ҰБТ-ге 431-і қатысты немесе 73 пайыз.

Бітірушілердің 98,5 пайызы жоғарғы немесе арнаулы орта білім мекемелеріне оқуға түсті.

Көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары үшін қосымша бөлінген грант есебінен 12 мектеп бітіруші жоғары оқу орындарына түссе, облыс әкімінің грантын 10 бітіруші иеленді. Меморандум аясында 1 бітірушіге Ресей Федерациясының гранты тағайындалды.

Жылу беру маусымына Шиелі аудандық білім бөлімінің ұйымдарына қажетті отын қоры толықтай қамтамасыз етілді.

Сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 186,1 млн теңге бөлініп, оқушылар оқулықтармен толық қамтылды.

Мұғалімдерді жаңа жүйеде аттестаттау бойынша 2018 жылы мамыр-қараша айларында және 2019 жылдың маусым айында Ұлттық біліктілік тестілеу сынақтары болып өтті. Ереже талаптарына сәйкес Ұлттық біліктілік тестілеу сынағына қатысқан 1588 педагогтың 994 педагог өтініш берген санаттары бойынша біліктілігіне ие болды. Сонымен қатар 22 мектеп директорлары аттестат-таудан өтті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы біліммен қамту үшін ауданымызда 3 арнайы білім беру ұйымдары жұмыс жасайды. Ол 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 1 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті мен 1 оңалту орталығы. Инклюзивтік білім алуға 2 балабақша және 10 мектеп жұмыс жасаса, 2019 жылдың желтоқсан айында 11 мектепке дефектолог штаты беріліп, инклюзивтік білім берумен жұмыс жасайтын мектептер саны көбейді.

2019 жылы Шиелі ауданы бойынша әр түрлі сипаттағы зорлық-зомбылық қылмыстар орын алған жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы Тамыз кеңесінде және өз Жолдауында ұстаздардың жалақысын екі есе өсіру, мұғалімдердің жүктемесін азайту, өзіне тән емес жұмыстардан босату мәселелерін қарастыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, «Педагог мәртебесі туралы» заң 11 қаңтардан бастап күшіне енгізілді.

Еліміздегі мұғалімдердің беделін, абыройын арттыруға үлкен мүмкіндік беретін жаңа Заң ұстаздарымыздың мерейін өсіріп, мәртебесін арттыра түседі.

МӘДЕНИЕТ

Ауданда 27 мәдениет үйі мен клуб, 3 музей, 32 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. 2019 жылы ауданда 3 республикалық, 6 облыстық, 1 500 аудандық қоғамдық – саяси, мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Жылбасынан бері  Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы және Жастар жылына орай ауданымызда 5 облыстық, 3 республикалық, 1 Халықаралық шаралар жоғарғы денгейде өткізілді.

Атап айтар болсақ: «Жырласа, жастар жырласын» атты Республикалық дәстүрлі әнші-жыршылардың фестивалі, Н.Бекежанов атындағы «Нартай мұрасы» атты облыстық Нартай оқулары, «Мәдениет. Қызмет. Нәтиже» атты клуб қызметкерлерінің облыстық семинар-кеңесі, Ә.Тәжібаев атындағы «Сырда туған сыршыл ақын» атты облыстық мүшайра, «Парасатты поэзия» атты жыр фестивалі жоғары дәрежеде өтті.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында мәдениет саласы қызметкерлерін қолдау қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай, биылғы жылы мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы 35-50%-ға артатын болады.

ІШКІ САЯСАТ

Шиелі ауданында қоғамдық – саяси және діни ахуал тұрақты.

Аудан бойынша телерадиохабарлары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізуге – 15,5 млн теңге, жалпы әлеуметтік жобаларға барлығы 17,2 млн теңге қаржы бөлінді.

Шиелі ауданы бойынша 12 Үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 9 қоғамдық бірлестік, 3 қоғамдық қор. Діни бірлестіктер саны – 33.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мақалаларының, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылып, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

«Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауына аудан бойынша
47 отбасы қатысып, облыстық кезеңде 20 отбасы, республикалық кезеңде 3 отбасы жүлделі орындарға ие болды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасыаясында «Этноауыл», «Тұлғатану» жобалары жүзеге асырылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аудан бойынша 14 пен
29 жас аралығында жастар саны - 20 129. Жастар аудандағы халықтың 25 пайызын құрайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,7 пайыз болды.

Жыл басынан бері жастар жылы аясында жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 142 шара ұйымдастырылды, 16 398 жас қамтылды.

Аудан бойынша барлық ауылдарда аудан әкімінің көшпелі жастар кеңесі өткізіліп, аудан әкімінің «Серпін» жастар сыйлығы 10 жасқа табысталды.

Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2100 жастың 98,2 пайызы жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды.

/«Еңбек» бағдарламасы аясында тұрақты жұмысқа – 792 жас, техникалық және кәсіптік білім алуға – 199 жас, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарына – 98 жас, мемлекеттік грант – 180 жас, шағын несие – 45 жас, «Бастау Бизнес», «Жас Кәсіпкер» жобалары аясында кәсіпкерлік оқытуға – 410 жас, жастар тәжірибесіне – 376 жас, әлеуметтік жұмыс орындарына – 53 жас, ақылы қоғамдық жұмысқа – 163 жас қамтылды./

2020 жыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен «Волонтер» жылы болып жарияланды. Ауданда волонтер жылына орай жаңа бастамалар, жобалар жүзеге асырылатын болады.

СПОРТ

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спорттың даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезең 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Соңғы 3 жыл көлемінде 5 спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пайдалануға берілсе, биыл тағы 2 спорт кешені пайдалануға берілетін болады.

Шиелі ауданы бойынша 2019 жылы спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 23780 адамға жетіп, шұғылданушылар үлесі 30% пайызды құрап отыр.

Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мақсатында 2019 жыл басынан бері күнтізбелік жоспарға сәйкес 96 аудандық, 6 облыстық, 3 республикалық іс-шара өткізілді.

2019 жылы аудан спортшылары облыстық жарыстардан 87 алтын, 71 күміс, 92 қола алса, республикалық жарыстармен Қазақстан Республикасының чемпионатында 23 алтын, 21 күміс, 23 қола медальдар иеленді. Ұлттық құрама мүшелігіне 3 спортшы енгізілген.

/Қазан айының 2-6 күндері Қармақшы ауданында өткен облыстық ауыл спортшыларының «Алтын – күз 2019» спартакиадасында Шиелі аудан құрама командасы спорттың 16 түрінен қатысып жүлделі екінші орыннан көрінді./

Аудан бойынша 5 жас – Әлем және Азия біріншілігінің жүлдегерлері, 50-ден астам жастар республикалық турнирлердің чемпиондары.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Шиелі ауданы бойынша аудандық аурухана, аудандық емхана, 20 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық бекет, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет қызмет көрсетеді.

Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 161 дәрігер, 742 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды.

Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.

Ауданда медициналық мекемелердің материалдық жағдайлары жақсарып, денсаулық сақтау жүйесі жылдан-жылға дамып келеді. Жоба-сметалық құны 5,5 млрд 41 млн теңгені құрайтын аурухана құрылысы толығымен аяқталып, 14 желтоқсан күні пайдалануға берілді.

Ауруханада науқастардың жатуына ыңғайлы автоматты түрде көтеріліп-түсетін функционалды кереуеттерден бөлек, бұрын-соңды аудан көлемінде пайдалануда болмаған техникалық жабдықтар алынды.

Жалпы 2018-2019 5 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық бекет, 1 ФАП, 1 аурухана пайдалануға берілсе, 2020 жылға тағы да 6 дәрігерлік амбулаторияның құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында басталуда. 2020 жылы толық пайдалануға берілетін болады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап елімізде пациенттерді қабылдау мен емдеу жаңаша жүргізіледі. Оған себеп - Қазақстан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшті. Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі аясында мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды.

1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер мен өзін-өзі жұмыспен қамтушылар медициналық сақтандыру қорына жарна аударуға міндеттеледі:

жұмыс берушілер үшін – жалақы қорының 2%-і;

жұмысшылар үшін – еңбекақының 1%-і;

жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і;

азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер – табысының 1%-і;

өздігінен төлеушілер – 1 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і.

Ал жеңілдікке ие азаматтардың 15 санатына мемлекет жарнаны қорға өзі аударатын болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың маусым айынан бастап дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің жалақысы 30%-ға көтерілсе, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы да дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта буын медицина қызметкерлеріне 20%-ға көтерілгелі отыр.

ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ

2019 жылы барлық сала бойынша тіркелген қылмыстар
333-тен 259-ға яғни, 22,2 пайызға төмендеген. Бөтен мүлік ұрлығы қылмыстары 210-нан 162-ге – 22,9 пайызға, төмендесе мал ұрлығы 52-ден 56-ға - 7,7 пайызға, пәтер ұрлығы 30-да 30-ға тұрақталып, есірткіге байланысты қылмыстар 13-тен 20-ға - 53,8 пайызға, кісі өлтіру 0-ден 2-ге - 100 өсім алды. Қылмыстың кейбір түрлерінен төмендеу көрсеткіштері байқалады.

         2019 жылы аудан көлемінде 37 /2018 жыл 53/ жол көлік оқиғасы орын алып, жол апаттарынан 54 азамат /2018 жылы 68/ әртүрлі дене жарақаттарын алса, 7 азамат /2018 жылы 9/ қайтыс болды.

         (Жол көлік оқиғаларының 12-і кент орталығында (Әлфараби, Жақаев, Абылайхан, Шәкәрім, Дәулеткерей, Әбдікәрімов, Бәкіров  көшелері мен Арай м/а), 11-і Батыс Қытай – Батыс Европа тас жолы бойында, 1-і Қызылорда-Павлодар тас жолында,  1-і Еңбекші, 4-і Сұлутөбе, 2-і Алғабас, 1-і Тәжібаев, 1-і Балаби, 1-і Бидайкөл, 1-і Ақмая, 1-і Алмалы, 1-і Қарғалы ауылдық округінде орын алған).

Аудан көлемінде жол көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау мақсатында 2019 жылы «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Абайлаңыз балалар» секілді жедел профилактикалық іс-шаралары республика, облыс және аудан көлемінде 26 мәрте өткізілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

Өткен 2019 жылы халықты жұмыспен қамту орталығына
3894 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркелді.

Жұмыс іздеуші азаматтардың 2069-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды. Бұл жұмыс іздеушілердің 53,1 пайызын құрайды. 2197 азамат мемлекеттік қолдау шараларымен, яғни, ұзақ, қысқа мерзімді оқыту курстары, мемлекеттік грант, шағын несиелендіру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, әлеуметтік жұмыс орындары, жастар тәжірибесі және ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды.

2017 жылы жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады,
2018 жылы 4,9 пайыз, ал 2019 жылы 4,8 пайызды құрап отыр.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында техникалық және кәсіптік білім даярлау бағытында нысаналы топтағы яғни, көпбалалы отбасынан шыққан, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасы балалары қатарынан199 азамат 3 жылға дейінгі мерзімді құрайтын 14 кәсіптік білім беру оқу орындарына жолданып, оқытылуда.

Қысқа мерзімді оқыту курстарына «Тігінші», «Пішуші», «Аспазшы», «Құс өсіруші», «Шаштараз шебері», «Маникюр шебері» мамандықтары бойынша 198 азамат 6 оқу орындарында оқытылып сертификаттарын алды. Сертификат алған азаматтардың бүгінгі күнге 119-ы тұрақты жұмысқа орналасса, 23-і мемлекеттік грант алды.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау-Бизнес» және «Жас кәсіпкер» жобалары шеңберінде ағымдағы жылы 579 азамат оқуды аяқтап сертификаттарын алса, бизнес жобаларын қорғап шыққан 401 азаматқа мемлекеттік грант,200 азаматқа шағын несие беріліп, өз кәсіптерін ашты. Қосымша 220 жаңа жұмыс орны құрылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыруға жалпы 30,1 млн теңге қаржы бөлініп,137 азамат әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс жасады. Нәтижесімен 85 азамат келісім шарт мерзімі аяқталған кейін тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2019 жылы жұмыссыз жастарды мамандығы бойынша бастапқы тәжірибесін жинақтау мақсатында жастар тәжірибесінен өткізуге жалпы 127,1 млн теңге қаржы бөлініп, 376 азамат жастар практикасынан өтті. Келісім шарт мерзімі аяқталған 130 азамат тәжірибеден өткен мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыруға148,9 млн теңге қаржы бөлініп, 520 азамат әртүрлі құжаттарды түптеу, реттеу және санитарлық тазалық жұмыстарына жолданды. Бүгінгі күнге, ақылы қоғамдық жұмысқа жолданған азаматтардың ішінен 95 азамат тұрақты жұмысқа орналастырылды.

(Аудандық жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 23 мүгедекке бөлмелік кресло–арба, 32 мүгедекке серуендік кресло–арба, 14 мүгедекке жетек арба, 17 мүгедекке балдақ, 121 мүгедекке таяқ берілді. 188 мүгедектен протезді-ортопедиялық құралдар алуға өтініштер қабылданды. Бүгінгі күнге барлық қызмет түрлері бойынша құжаттар қабылданып, орындалуда және е-собес жүйесіне енгізілуде).

Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына 75 мүгедек жіберілді. «Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 260 ардагерге және 40 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді.

Жергілікті бюджеттен Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Семей сынақ полигонында тікелей қатысушыларға, Чернобыль АЭС қатысушылары және Совет армиясының мүгедектеріне 55,7 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Аудан әкімдігінің 2019 жылға арналған «Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы бойынша сотты болғандар үшін
7 орынға және мүгедектер үшін 10 орынға квота бекітіліп, қаулы
100 пайызға орындалды.

Төмен деңгейде жалақы алатын жұмыскерлердің жалақысын көтеру жұмыстары бойынша 2019 жылы аудан бойынша іске асырылып жатқан мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламалар аясында барлығы 407 жаңа жұмыс орны жоспарланып, 410 азамат жұмыспен қамтылған.Сонымен қатар, жеке бастамалар бойынша 122 жаңа жұмыс орны құрылып отыр.

Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен жаңадан енген өзгерістер бойынша, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысы 30-60%-ға өседі деп күтілуде.

/2019 жылы ең төменгі зейнетақының мөлшері 36 108 теңге болса, биылғы жылы 38 636 теңгеге жетеді. 2020 жылдың басынан қазақстандықтардың зейнетақысы инфляция деңгейіне қарай өседі:

ең төменгі күнкөріс деңгейі – 31 183 теңге;

ең төменгі жалақы – 42 500 теңге;

айлық есептік көрсеткіш – 2 651 теңге.

Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты, мемлекеттен балаларға, мүгедектерге, асыраушысынан айырылу бойынша, аса зиянды және ауыр жұмыстарда еңбек ететін адамдарға төленетін әлеуметтік жәрдемақылар да көбейеді./

         МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК.

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 2019 жылдың 25 желтоқсанына 3648 отбасының мүшелеріне қаржылары толықтай төленді.

Жаңадан енгізілетін жәрдемақыға 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған барлық көпбалалы отбасылар табысына қарамастан әлеуметтік көмек алатын болады. Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай сараланады.

КАДР САЯСАТЫ

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің штат саны 213 бірлікті құрайды. Мемлекеттік қызметшілердің нақты саны бүгінгі таңға 210 адамды құрап отыр.

Нақты қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің
93,8% жоғары білімді. Аудандағы мемлекеттік органдарда басшы құрамдағы лауазымдардың штат саны 66 бірлікті құрайды.

/Сынақ мерзімін тағайындау мәселесіне тоқтар болсақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет және оны тоқтатқаннан кейін қайта келген 28 тұлғаға 3 ай сынақ мерзімі белгіленіп, оның ішінде 16 тұлғаға тәлімгерлер бекітілген./

Ағымдағы жылдың басынан бастап барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 36 бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді. 55 конкурсқа хабарландыру жарияланды.

Конкурстарға 57 адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,5 адамнан келді. Нәтижесінде 36 (оның ішінде, І ішкі конкурс – 12, ІІ ішкі конкурс – 6, жалпы конкурс – 12) үміткер бос лауазымдарға қабылданды, барлығына қоғамдық байқаушылар қатыстырылды.

Сонымен қатар, 4 ауылдық округ бойынша оның ішінде Иіркөл, Жаңатұрмыс, Еңбекші және Керделі ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімінің аяқталуына орай сайлау негізінде қайта тағайындалды.

Персоналды басқарудың "Е-қызмет" ақпараттық жүйесіне қосылған мемлекеттік органдарда жүйеге құжаттарды тек автоматты түрде жүргізілуде.

/Бүгінгі күні Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты кент және ауылдық округтар мен дербес бөлімдерге VPN каналы жүргізіліп, қазіргі күні 100% барлық мемлекеттік органның жауапты қызметшілері жүйемен жұмыс жасап отыр./

Құрметті аудан тұрғындары!

Тарихы терең Сыр елінің, көне дария-өзеннің орта ағысынан орын тепкен Шиелі өңірі киелі мекен - талай тарихи оқиғаның куәсі болған байырғы өлке.

Өздеріңіз білетіндей, Сырдың маржанына теңелген киелі Шиелі жері адал еңбек пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен тарлан саясаткер, даңғайыр диқан, зерделі ғалым, жезтаңдай әнші мен арқалы ақын, жүректерге жол тапқан сазгерлер өлкесі.

«Алты Алаштың – анасы» атанған Сыр өңірінің ең шұрайлы, ең көрікті аймағын мекен еткен Шиелі ауданы әрдайым тұрақтылық пен ынтымақтың жоғарғы үлгісін көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалардың өз мерзімінде жоғарғы дәрежеде орындалуына өзіндік үлесін қосып келеді. Елімізде жасалып келе жатқан жұмыстардың барлығы адам үшін, адамның игілігі үшін екендігі айқын. Мемлекеттік органдар тұрғындардың жайлы өмірі мен ауызбірлігін қамтамасыз ете отырып, болашақтың іргесі берік қалануына еңбек етуде. «Мәңгілік Ел» ол қуатты экономиканы дамытудың, білім, мәдениетіміздің өркендеуі мен адамдардың денсаулығын жақсартудың, рухани жаңғырудың негізінде жүзеге асады.

Жаңа 2020 жыл - жаңару мен серпінді жобаларды іске асыру жылы. Атқарылар жұмыс көп, мақсат – міндеттер де жоғары, жоспарланған жұмыстарды жүргізуге барлық мүмкіндіктер бар деп есептеймін! Аудан халқы ауызбірлікпен, ынтымақпен толағай табыстарға жетеді деп сенемін!

 

Назарларыңызға рахмет!

 

Видео ақпараттар

Scroll to top