ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері ..." -- 20 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "2019 жылғы 20 қыркүйекте сағат 10:00-де «БЖЗҚ» АҚ ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Хабарландыру «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күніне» шақырады -- "Тақырып: «Ерікті зейнетақы жарналары – өзіңіздің ..." -- 17 Қыркүйек 2019
БЖЗҚ-дағы Ашық есік күні -- "Халық арасындағы насихаттау жұмысы аясында ..." -- 17 Қыркүйек 2019
Шиелі индустриалды–аграрлық колледжінде өткізілген «Денсаулық ... -- "Шиелі индустриалды – аграрлық колледжінде ..." -- 13 Қыркүйек 2019
ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ -- "Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді ..." -- 13 Қыркүйек 2019
5 сұрақ айдары -- Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» ..." -- 10 Қыркүйек 2019
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ -- "Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы 5 сұрақ ..." -- 29 Тамыз 2019
ОТБАСЫ: ӘЙЕЛ-АНА - НҰРЛЫ БОЛАШАҚТЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ -- "Бүгін "Арман" мәдениет үйінде Шиелі ауданының ..." -- 26 Тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 3 МЛН.ТЕНГЕ МЕН АВТОКӨЛІК ҰТЫП АЛА АЛАДЫ -- "ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ..." -- 26 Тамыз 2019

«Төртінші өнеркәсіптік революция:

өңір тынысына тың серпін»

 

Ардақты ағайын!

 2018 жыл еліміздегі экономикалық даму мен қалыптасқан саяси тұрақтылықтың арқасында аудан халқы үшін ірі серпінді жобалардың жүзеге асуымен табысты жыл болды.

Республикамыз өсіп-өркендеудің инновациялық-индустриялық жаңа дәуіріне, қарышты қадам басты. Сарыарқа төсінен орын тепкен Астана қаласының 20 жылдық мерейлі мерекесі ұлықталды. Сырдың бас қаласы - Қызылорданың 200 жылдығы, шежірелі Шиелі ауданының 90 жылдығы аталып өтілді.

Аудан дамуының негізгі басымдықтары Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл – ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінде және «Ұлы даланың жеті қыры», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаларында айқындалған мақсаттарға сәйкес атқарылды.

Шиелі ауданында жүргізілген жұмыстар әлеуметтік саланы дамытуға, Елбасының индустриаландыру, «Бизнестің жол картасы - 2020», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламаларын орындауға, Облыс әкімі бастамасымен қабылданған кәсіпкерлікті қолдаудың 3 жылдығы аясында аудан экономикасын өркендетуге бағытталды.

Ауданның 2018 жылы атқарылған жұмыстары мен экономикалық көрсеткіштері аудандық «Өскен өңір» газетінің 2019 жылғы 4 қаңтардағы
№1 санына және аудан әкімдігінің ресми сайытына толығымен жарияланды. Мен солардың негізгілеріне тоқталып өтсем.

БЮДЖЕТ ЖӘНЕ САЛЫҚ

2018 жылы аудандық бюджеттің кірісі болжамдалған 15 млрд.419 млн. теңгенің орнына 15 млрд. 573 млн. теңгеге орындалып, 101% құрады. Оның ішінде, аудандық бюджеттің өз кірісі 1 млрд. 790 млн. теңгеге болжамдалса, ол 108,5 пайызға орындалды.

Аудандық бюджет шығысы 99,9 пайызға игерілді.

Халық саны 2 000-нан асатын кент және 13 ауылдық округтерде түсімдер 1 млрд. 392 млн. теңгеге жоспарланып, 101,6 пайызға, оның ішінде, жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері 183 млн. теңгеге немесе 113,6 пайызға орындалды. Ал бюджет шығындары 99,2 пайызы игерілді.

ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК

Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзімде 23 млрд. 268 млн теңгенің өнімін өндіріп, өнім өндіру нақты көлем индексімен 95,6 пайызға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінде 6 млрд. 637 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңге 102,1 пайызды құрады.

2018 жылы ауданда 4 517 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 7 786 адам жұмыспен қамтылды, өткен жылмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілері 6,2 пайызға артты. Ондағы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 3 963-ты (87,7 %) құрады.

Ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінен 1 млрд. 995 млн. теңгенің салықтық түсімдері түсіп, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, 158,5 пайызға артығымен орындалды. (2017 жылы 1 млрд. 258 млн. теңге)

Жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерліктегі жылдық айналым қаражаты 2 млн. теңгеден асатын кәсіпкерлердің саны 620-ға жетіп,
22,7 пайызды құрады.

Индустриаландыру бағдарламасына сәйкес өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру бағытында ауданда 3 жоба жүзеге асырылуда.

Біріншісі, жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты. Зауыт құрылысы кезеңінде 1 200 адам жұмыспен қамтылды. 2018 жылдың 11 желтоқсанында Елбасының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір барысында іске қосылып, 260 тұрақты жаңа жұмыс орны ашылды.

«Фирма Балауса» құны 125 млн. АҚШ долларын құрайтын өңдеу жобасы жүзеге асырылуда. 2018 жылы экспорт көлемі 3,2 есеге ұлғайтылып (2017 ж.-128 тонна) 1,4 млрд. теңгені құрайтын 200 тонна аммоний метаванадатын экспорттады. Қазіргі таңда кәсіпорында 147 адам жұмыс жасайды. Биылғы жылы 5 окисьті ванадий өндіру цехы құрылысы басталуда, жыл ортасына қарай іске қосылатын болады.

Сонымен қатар, жобалық құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын «Сыр Агро и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «1200 бас ірі қара малына арналған тауарлы сүт фермасы» жобасы аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, қолдау тапты. Жоба жүзеге асқан кезеңде тәулігіне 15 тонна сүт өнімі өндірілетін болады.

Жалпы индустриалық аймаққа 96 га. жер телімі бөлінді. Ондағы инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге 233,4 млн. теңге қаржы бөлініп, электр желісі, су құбырлары, автокөлік жолдарын жүргізу жұмыстары толығымен орындалды.

Бүгінгі күнге 66 млрд. теңгені құрайтын 7 жобаға 63 га. жер телімі табысталды. 3 жоба («Шиелі Жолшы» ЖШС, «Мия Шиелі» ЖШС, «Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС) іске қосылды.

2018 жылға арналған «Кәсіпкерлікті дамытудың жол картасына» сәйкес кент және ауылдық округтерден бағдарлама аясында 95 жобаны қаржыландыру жоспарланған болса, бүгінгі күнге 177 жобаға 847,0 млн. теңгеге несие қаражаты берілді. (186,3 пайыз) Жоспарланған 730 кәсіпкерлік субьектілерінің орнына есепті мерзімде мемлекеттік кірістер басқармасына 809 кәсіпкер тіркеліп, жоспар 110,8 пайызға орындалды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялау бағыты бойынша Шиелі ауданында жалпы құны 358 млн. теңгені құрайтын 15 жоба екінші деңгейлі банктер тарапынан қаржыландырылса, ішінара кепілдендіру бағыты бойынша жалпы құны
42,7 млн. теңгеге 6 жоба мақұлданды. Бұл жобалар аясында 62 адам жұмыспен қамтылып отыр.

         «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауданнан
100 жоба ұсынылып, 15 млн 300 мың. теңгені құрайтын 24 жоба қайтарымсыз грант қаражатын алды. (Оның ішінде, 5 жоба – (қаз, үйрек, түйетауық) құс өсіру, 4 жоба – тігін цехын ашуға, 5 жоба - наубайхана ашу, 3 жоба - шаштараз және сүт өнімдерін, пластмасса өнімдерін, жиҺаз жасау, тоқыма, қаптама тас, шлакоблок шығару мақсатында гранттар ұтып алды.)

Жыл басынан бері барлық қаржы көздерінен 1 млрд. 572 млн теңгені құрайтын 283 жоба қаржыландырылды.

Шиелі ауданында «Батыс Европа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойынан сервистік қызмет көрсету кешендерін салу бойынша
2018 жылдың желтоқсан айында, жеке кәсіпкер Б. Жүзкеновтің «С» санаты бойынша жобалық құны 100 млн. теңгені құрайтын сервистік қызмет көрсету орталығы іске қосылып, 10 адам жұмыспен қамтылды.

         АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2018 жылы ауыл шаруашылығы саласы бойынша 21 млрд. 328 млн. теңгенің өнімі өндірілді, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім өндіру 103,3 пайызды құрады (ірі қара 57 283 басты, уақ мал 77 936 басты, жылқы 15 218 басты, түйе 1 297 басты, құс 35 494 бас).

Тиісті кезеңмен салыстырғанда ірі қара 105,3 пайыз, уақ мал
103,0 пайыз, жылқы 116,6 пайыз, түйе 100,7 пайыз, құс 128,5 пайызды құрады. Асыл тұқымды ірі қара 602 бас, асыл тұқымды қой 8 272 бас, жылқы 144 бас, түйе 380 басқа жетті. Ауданда 16 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді. Жыл басынан бері 2 409 бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылды.

2018 жылдың 12 айында тірілей салмақта 5 мың тонна ет, 19,6 мың тонна сүт, 3,7 млн. дана жұмыртқа өндіріліп, тиісті кезеңмен салыстырғанда ет 102 пайыз, сүт 103 пайыз болып, жұмыртқа саны 171 пайызға артты.

Шиелілік диқандар 12 627 гектар күріштің әр гектарынан
57,0 центнерден өнім келтіріп, 71 974 тонна астық қамбаға құйылды. Сондай-ақ, көкөніс, бақша дақылдары да өзінің мол жемісін берді. Картоптың әр гектарынан 250 центнерден, көкөніс пен бақша дақылдарының әр гектарынан 300 центнерден өнім жиналды. Жылдың қорытындысымен Шиелі ауданы Агроөнеркәсіп саласындағы жетістіктері үшін облыста І орынды иеленіп, «Үздік аудан» атанды.

Ауылшаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру бағытында аудан бойынша 2018 жылы Ауғанстан Республикасына 476 тонна күріш, Ресей Федерациясының бірқатар облыс орталықтарына 10 тонна балық, 702 тонна бақша және 95 тонна көкөніс өнімдері экспортталды. Қазақстанның солтүстік, орталық, батыс өңірлеріне 3 500 тонна қауын,
3 150 тонна қарбыз, 456 тонна қызанақ және 580 тонна қияр жөнелтілді.

Ауылшаруашылық құрылымдары лизингке және жеке қаржыларына жалпы құны 1 млрд. 18 млн. теңге тұратын 27 ауылшаруашылық техникаларын сатып алды.

«Әшірбеков» шаруа қожалығы жалпы құны 72 млн. теңгеге күріш ақтау зауытын және 37 млн. теңгені құрайтын құрама жем зауытын іске қосты.

Балық шаруашылығымен айналысатын кооператив құрылып, 80 адам жұмыспен қамтылып отыр. Аудандағы 29 көлден 56 тонна балық ауланып, бюджетке 6 млн. 800 мың теңге салық төленген.

Алдағы уақытта балық аулау және өңдеу үшін кіші цехтар салып, экспорттық әлеуетін арттыру жоспарлануда.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бойынша 412 өтінім түсіп, ауданның тауар өндірушілеріне:

-Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 255 млн. 336 мың теңге;

-Басым дақылдар мен жанар жағар майға 181 млн. 798 мың теңге;

ербицидке 45 млн. теңге;

-Тыңайтқыштарға 298 млн 881 мың теңге;

-Тұқымға 55 млн. 667 мың теңге.

Барлығы 836 млн. 697 мың теңге субсидия төленді.

Ауылшаруашылығын әртараптандыру бағытында 2019 жылы 1 100 га. жерге мақсары, 1 472 га. жерге бидай, 4 585 га. жерге картоп, көкөніс, бақша өнімдерін егу жоспарлануда. 380 гектар жерге егілген көкөніс, бақша дақылдарын күтіп, баптауда тамшылатып суару әдісі қолданылатын болады.

ВЕТЕРИНАРИЯ

2018 жылы аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы аурулардың алдын алуға және жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы егу жұмыстары жүргізілді.

Аудан көлемінде эпизоотиялық тұрақтылық сақталуда.

“Сібір жарасы” аурулары көмінділерінің топографиялық картасы жасалынып, толығымен бетондалып, залалсыздандырылды.

         26 млн. теңгеге биологиялық қалдықтарды жоятын типтік жобадағы 2 мал қорымы (Керделі, Иіркөл) салынды, ал 2019 жылы екі ауылдық округте мал қорымдарын салуға қаржы бөлінді. Қалған 14 елді мекенге жоба сметалық құжат жасауға аудандық бюджеттен 43 млн.теңге бөлінді. Құжаттары дайындалған қорымдарды ауыл әкімдері мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында салуды ұсынамын.

         2018 жылы КГЛ ауруына қарсы қолайсыз 30 елді мекенде тиісті механикалық тазалау және залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.    Ауданда 4 мал сою алаңы тіркелген. Мал сою алаңдарында малдар ветеринариялық талаптарға сәйкес сойылды.

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ

Елбасының Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көзделген тапсырмаларды орындау мақсатында цифрлық технологияларды қолданатын бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. Уран шикізатын өндіруші №6 кен басқармасы мен «Семізбай- U» ЖШС-де технологиялық процестерді басқаратын «Ақылды кеніш» жобасы, «Ақылды қала» жобасы аясында ауданда «Көшені ақылды жарықтандыру» жүйесін енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 19 млн. 200 мың теңге қаржы бөлініп, «Ақмая» шаруа қожалығының егістік алқаптарын (күріш, жоңышқа т.б. дақылдар) «Ақылды ферма» жобасы аясында цифрландыру жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік электрондық картасын қалыптастыру жұмыстары 100-ға жетіп, 29 633 гектар жердің электронды сызбасы жасалды. «Агробиржа» электрондық сауда сайты іске қосылды. Электронды сауда сайтына 37 шаруа қожалық тіркелген.

Медицина саласында науқастардың кезектілігін айқындау, дәрігерге жазылу сынды электронды бағдарламалар сәтті жүзеге асырылуда.

Білім беру ұйымдарын цифрландыру мақсатында барлығы 198 млн. теңге қаралып интерактивті тақта, биология, химия, робототехника кабинеттері жасақталуда. GPS-мониторинг пилоттық жобасына №252 мектеп-гимназиясының 289 оқушысы қосылып, ата-аналарға жоба ережесі таныстырылып, әр оқушыға промокод берілген.

2018 жылы еңбек нарығындағы жұмысқа орналастырудың жаңа механизмі – «Электрондық еңбек биржасы» қалыптастырылды. Бұл дерекқор жұмыс іздеушілерге және жұмыс берушілерге персоналды іріктеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Дерекқор аясында азаматтарды жұмысқа орналастыру үрдісі электронды форматқа көшіріліп, 1 317 бос жұмыс орындарын портал арқылы жариялады. 1 196 бос жұмыс орнына жұмысқа қабылдау жүргізілді.

         ИНВЕСТИЦИЯ, ҚҰРЫЛЫС

2018 жылы негізгі қорға барлығы 43 млрд. 903 млн. теңге инвестициялық қаржы салынды, 1,8 есеге өсті.

Жалпы ауданы 45 216 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, тиісті кезеңмен салыстырғанда 108,1 пайыз орындалды. Ауданда жалпы құны
1 млрд. 237 млн. теңге тұратын 5 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. (Еңбекші тіректі елді мекенінде 150 орындық ауылдық клуб үйі, спорт кешені және Тартоғай, Еңбекші ауылдарында 90 орындық бала бақша пайдалануға берілді. №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясына қосымша құрылыс жүргізілді.) Ақмая, Қарғалы ауылдарын 62,7 млн.теңгеге әкімшілік ғимараттар салынды. Бидайкөл ауылында кәсіпкердің жеке қаражатына жабық жүзу бассейні салынды.

Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 12 млрд. 007 млн. теңгеге жетіп, тиісті кезеңнен 2 есеге өскен.

Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстарына, сумен жабдықтау бойынша республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 608,8 млн. теңге қаржы қаралып, 62,3 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді.

Электрмен жабдықтау бойынша 3 жобаға 231,2 млн. теңге қаржы қаралып, 22,6 шақырым электр желілері жүргізілді. Ағымдағы жылы электр желілері құрылысын жалғастыруға республикалық бюджеттен 716 млн. теңге қаржы бөлінді.

2019 жылға жол құрылысын жүргізуге (43 көше) облыстық бюджеттен 291,7 млн. теңге қаржы бөлінді.

2019 жылы Сұлутөбе, Тартоғай, Ботабай, 1 Май, Бірлестік елді мекендерін сумен қамту жүйелерін құрылысына барлығы 809 млн.теңге қаржы қаралды. Биылғы жылы 3 ауыл таза ауыз су жүйесімен қамтылатын болады.

МЕМЛЕКЕТТІК - ЖЕКЕШЕЛІК ӘРІПТЕСТІК

2018 жылы Шиелі кентінен «Шиелі-Думан» жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қарасты «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» өз жұмысын бастады. Ғимарат 5 жылға жалға беріліп, 54 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Сонымен қатар, Алғабас, Ақмая, Төңкеріс, Бестам елді мекендерінде спорт кешендері пайдалануға берілсе, 2019 жылы Керделі, Жөлек, Жуантөбе ауылдық округтерінен жобалық құны 500 млн. теңгені құрайтын «Дәрігерлік амбулатория», Қоғалы ауылдық округінде фельдшерлік акушерлік бекет ғимараты және Керделіде спорт кешені пайдалануға берілетін болады.

Ал, Досбол би, Ортақшыл, Тартоғай, Тәжібаев елді мекендерінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында «Дәрігерлік амбулатория» салу жоспарлануда.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 8 мектептің бу қазандықтарын көгілдір отынға ауыстыру іске асырылуда (№127, №219, №270, №47 №47, №48, №244 мектептері мен оқушылар үйі, Арман мәдениет үйі).

«Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-нің тампонажды цемент шығару зауытына ішкі инженерлік инфрақұрылым жұмыстарын жүргізуге 2 жоба жүзеге асырылып, 1 млрд. 978 млн. теңгеге 12,5 шақырым электр желісі және 400 млн.теңгеге 3,2 шақырым темір жол желілері тартылды.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік - кәсіпкерлік сектордың дамуына да әсер ететін ауқымды бағыттың бірі. Бұл жұмыстар биылғы жылы да біздің басты назарымызда болады.

ТҰРҒЫН ҮЙ - КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Автомобиль жолдары

Ауданда 145,4 шақырым аудандық, 92 шақырым облыстық,
80 шақырым Республикалық маңыздағы автомобиль жолдары, Сырдария өзенінде үш қалқымалы көпір мен бір қалқымалы өткел бар. Жолдардың
83,7 пайызы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

Кент және ауылдық округ елді мекендерінде 437 шм жол тораптары бар. Олардың тиісінше кентте 51,5 және елді мекендерде 46,5 пайызы асфальтталған. 2018 жылы жергілікті бюджеттен 107,9 мың тенге бөлініп,
11 шм ауыл, 2,4 шм кент жолдары жөнделді.

Облыс әкімінің тікелей қолдауымен облыстық бюджеттен қаржы бөлініп «Самара-Шымкент» автомобиль жолының К-3 қашыртқысы бойындағы көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, Шиелі кенті мен Бекежанов, Төңкеріс елді мекендеріндегі ыза су деңгейінің төмендеуіне қол жеткізілді.

Елбасымыздың болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес «Оқшы Ата» мемориалдық кешеніне кіре беріс 4,8 шақырым автомобиль жол құрылысы екі жылға жоспарланып, биылғы жылы толығымен аяқталатын болады.

Аудандағы Тұрсынбай датқа Шиелі-Қарғалы автомобиль жолдарына барлығы 28 шақырымға 1 млрд. 139 млн. теңге бөлініп қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы ұзындығы 2,5 шақырымдық Самара-Шымкент-Майлытоғай автомобиль жолы 47,0 млн.теңгеге және Шиелі-Қарғалы автомобиль жолының 7 шақырымы 127 млн.теңгеге орташа жөндеуден өтетін болады.

Шиелі кентіне қосымша бес дана бейнебақылау камералары орнатылды.

Сондай ақ, 2019 жылы аудандағы Сырдария өзеніндегі Жөлек қалқымалы көпірін күрделі жөндеуге 120,3 млн.теңге, жобалық құны
673,1 млн теңге тұратын Шиелі кентінен темір жол үстінен аспалы автомобиль жолы көпірінің құрылысына қажетті қаржы бөлу үшін Республикалық Автомобиль жолдары комитетіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Осы жобаларды іске асыруға жұмыс жасайтын боламыз.

Газдандыру

Бүгінгі күнге Шиелі кенті бойынша үйлеріне газ кіргізуге 5158 өтініш тіркеліп, 5104 үй газ пайдаланып отыр.

Кенттегі 26 ірі кәсіпорын мен 110 шағын және орта кәсіпкерлік нысандары газға қосылды.

Аудандағы Бидайкөл, Жақаев елді мекендеріне жеке тұрғындардың есебінен газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. 17 қараша 2018 жылы облыста алғашқы болып Жахаев ауылындағы үйлерге газ кіргізілді. Ал, Бидайкөл ауылына жақын күндері газ беретін боламыз. Тағы 4 ауылдарда газдандыру жұмыстары одан әрі жүргізілетін болады.

БІЛІМ

Аудандық білім бөліміне қарасты 41 мектеп, 4 қосымша білім беру мекемесімен қоса 17 мемлекеттік және 75 жеке меншіктегі балабақшалар жұмыс жасайды. 1 мен 3 жас аралығындағы балалардың 71%, ал 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 100%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.

2017-2018 оқу жылы 16 517 оқушыға 2 708 мұғалім сабақ берсе, олардың 2 556-сы жоғары.

11-сыныпты бітіруші 892 оқушының Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысуға 518-і (55,1%) өтініш берсе, өткен жылы мектеп бітіруші түлектердің 98% арнаулы және жоғарғы оқу орнына қабылданды.

Жазғы каникул күндерінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында аудандық «Сыр ұланы» тынығу лагерінде демалатын
700 балаға 12 млн. 205 мың теңге және 29 мектеп жанынан бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастырылған лагерьлерде 1 750 балаға 9 млн. 870 мың теңге қаралып, балалар демалып, сауықтырылды. 2018 жылы міндетті оқу қоры есебінен 100 балаға Астана қаласына саяхатқа бюджеттен, Арал ауданындағы «Қамбаш» лагеріне 100 балаға, Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагеріне 210 балаға, Түркістан облысындағы «Машат» лагеріне 100 балаға барлығы 18 млн. 250 мың теңге бөлініп, балалардың жазғы демалысы қамтамасыз етілді.

№219, №155, №251, №127 мектептерде жай және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» Акционерлік Қоғамының демеушілігімен №47 мектеп-лицей жанындағы интернат алаңына құны 55 млн 654 мың болатын балаларға арналған ойын кешені, көше тренажерлары мен спорттық алаң пайдалануға берілді.

МӘДЕНИЕТ

Ауданда 27 мәдениет үйі мен клуб, 3 музей, 32 кітапхана халыққа мәдени қызмет көрсетеді. 2018 жылы ауданда 3 республикалық, 6 облыстық, 1 500 аудандық қоғамдық – саяси, мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

2018 жылы тұңғыш рет Елбасының бастамасымен Ұлттық домбыра күні аталып өтілді. Аудан өнерпаздары «Мен қазақпын» атты халықаралық мега жоба байқауына Әділбек Тәшімов (күй), Мұхамедәлі Бекпейісов (дәстүрлі ән) номинациялары бойынша қатысып, Күнсұлу Түрікпен жыр номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, республика бойынша үздік термешілер арасында «ГРАН ПРИ» иегері атанды.

Ауданның көркем-өнерпаздары Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған фестивальде жоғары деңгейде өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленсе, барлық ауыл өнерпаздары Шиелі ауданының 90 жылдығына арналған «Ел іші, өнер кеніші» тақырыбымен аудан орталығында концерттер қойды, «Алтын күз-2018» мерекесі жоғарға деңгейде аталып өтті.

Ауданда облыста бірінші рет орталықтандырылған кітапхана жүйесінде жаңа үлгідегі басқосу алаңы - Коворкинг орталығы ашылса, 2019 жылы бес ғасыр адамының бірі, әдебиет әлемінде қайталанбас қолтаңбасымен танылған дүлдүл ақын Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойы республикалық дәрежеде аталып өтілетін болады.

ІШКІ САЯСАТ

Бүгінгі таңда аудан көлемінде қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.
 2018 жылы Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жариялаған Жолдауларының, бағдарламалық мақалаларының басым бағыттарын түсіндіру мақсатында 197 кездесу ұйымдастырылып, ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді.

Азаматтық қоғам институттарын дамыту мақсатында аудан көлемінде тіркелген 32 Үкіметтік емес ұйымдармен /ақпарат үшін: 19 қоғамдық бірлестік,
13 қоғамдық қор./
бірлескен жоспар аясында жұмыстар атқарылды. Бұл бағытқа аудандық бюджеттен 65 млн. 838 мың теңге қаржы бөлініп, 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылды.

Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 20 082  жас бар. Жастар аудандағы жалпы халықтың 25 пайызын құрайды.

Жыл басынан бері жастар саясатын дамыту бағытында түрлі форматтағы 162 шара ұйымдастырылды.

«Жастар корпусын дамыту» жобасы Қ.Р Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды. Шиелі ауданынан 86 жоба ұсынылып 30 жоба жеңімпаз болып танылды. Әрбір жобаны жүзеге асыруға 1 млн. теңгеден қайтарымсыз қаржы беріліп, 2018 жылдың тамыз айынан бастап, барлық жоба бойынша 121 жұмыссыз жас жұмыспен қамтылды.

2018 жылы ауданда тұңғыш рет аудан әкімінің «Шабыт» жастар сыйлығы табысталды. 2019 жылы Елбасының ұсынысымен жастар жылы болып жарияланғандығын білесіздер. 2019 жылдың 23 қаңтар күні Астана қаласындағы Астана EXPO-2017 көрмесінің ең басты символы «Нұрәлем» павильонында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті.

Ауданда жастар жылына орай жаңа бастамалар, жобалар жүзеге асырылатын болады.

СПОРТ

Шиелі ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 28,1% пайызды құрады. Аудан бойынша
23089 адам спорттың 21 түрімен шұғылданады.Ұлттық және бұқаралық спортты дамыту, насихаттау мақсатында үстіміздегі жыл басынан бері
112 аудандық, 9 облыстық, 6 республикалық іс-шара өткізілді.

2018 жылы аудан спортшылары Әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс,
3 қола алса, Республикалық жарыстармен Қазақстан Республикасының чемпионатында 45 алтын, 29 күміс, 25 қола медальдар иеленді. Ұлттық жекпе-жектен Ғани Адилсерік Сочи қаласында өткен әлем біріліншігінде жеңімпаз атанып, еліміздің көк байрағы көтерілді. Белбеу күресінен Рантаев Райымбек Қазан қаласында өткен әлем біріншілігінде жүлделі үшінші орыннан көрінсе, Тоқбаев Нақберген күміс, Шералиев Мұхит қола жүлдегер атанды. Таеквондодан Қапанова Ботакөз Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанып  Австралияда өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды. Ауыр атлетикадан Айзада Мүфтілда Ашхабад қаласында өткен әлем біріншілігіне қатысып үздік алтылықтан көрінді.

Жылдың басты көрсеткіші облыстық «Алтын күз-2018» ауыл спортшыларының спартакиадасында Шиелі ауданы құрама командасы қатарынан екінші рет облыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ 2018 жылдың қорытындысы бойынша спорттық-бұқаралық жұмыстарды жолға қою және үздік спорт ауданы номинациясы бойынша аудандар арасында Шиелі ауданы 3 орынды иеленді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Шиелі ауданы бойынша аудандық аурухана, аудандық емхана,
20 дәрігерлік амбулатория, 13 медициналық бекет, 3 фельдшерлік - акушерлік бекет қызмет көрсетеді.

Амбулаториялық емханалық мекемелер бойынша барлығы 161 дәрігер, 742 орта буынды медицина қызметкері жұмыс жасайды.

Олар медициналық қызметтің 27 түрі бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді.

Арнайы скрининг тексерулерден 27 мың тұрғын өткізілді. Туылған балалар саны 1816 бала, қайтыс болғандар 427 азаматтарды құрады.

Есепті мерзімде аудандық ауруханаға жалпы құны 77 млн. теңгенің арнайы медициналық құрал жабдықтары (радиохирургиялық дәнекерлеуші-1 дана, автоматтандырылған сыртқы дефрибилятор-2 дана, өкпені жасанды желдету аппараты-1 дана, телевизоры және мини компьютері бар терминал-3 дана, ЭВМ навигациясы-1дана) және 4 жедел жәрдем автокөлігі алынды.

Шиелі кентінде сметалық құны 5 млрд. 511 млн. теңге тұратын
150 орындық аурухананың 2019 жылы құрылыс монтаж жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілетін болады.

ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚ

Ауданда 2018 жылы 368 қылмыс дерегі тіркелді. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда қылмыстың - 13,6 пайызға немесе (426-дан 368-ге) төмендегенін көрсетеді.

Қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауыр дене жарақатын салу-33,3 пайызға, зорлау қылмысы-
50,0 пайызға, Бөтен мүлік ұрлығы-4,1 пайызға, оның ішінде мал ұрлығы-
22,6 пайызға, пәтер ұрлығы-10,0 пайызға, алаяқтық-44,1 пайызға, тонау қылмысы-33,3 пайызға, бұзақылық қылмысы-32,0 пайызға, есірткі қылмысы-48,7 пайызға төмендеуіне қол жеткізілді.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ

2018 жылы экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 38 298-ге, жұмыспен қамтылған халық саны 36 415-ке артып, жұмыссыздық деңгейі
4,9 пайызды құрады. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде тіркелген азаматтардың 59,3 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. 1 489 азамат мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылды. 12 рет «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізіліп, нәтижесінде 368 адам тұрақты жұмысқа, 72 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға және 54 азамат жастар тәжірибесімен орналастырылды. 2018 жылы аудан бойынша 1 005 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, барлығы 1 169 жаңа жұмыс орны құрылды. Жылдық жоспар 116,3 пайызға орындалды.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жалпы 13 түрлі мамандық бойынша 9 оқу орнына 67 азаматқа жолдама берілді. Қысқа мерзімді оқыту курстарын ұйымдастыру жоспарына сәйкес 150 азамат 3 оқу орнында оқу курстарынан өтті. Оқу курстарын бітірген азаматтар қатарынан 112-сі жұмысқа орналастырылды, 75,1 пайызды құрады.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында жоспарға сәйкес 250 азамат кәсіпкерлік негіздері курстарына оқытылып, 220 азамат жобаларын қорғап шықты.

Ағымдағы жыл басынан 165 адамға 506,5 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді. Ашылған кәсіпкерлік нысандарында қосымша 175 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты аясында жыл басынан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырған 79 ұйым, жеке, дара кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарына 182 азамат жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталған
62 азамат тұрақты жұмысқа қабылданды.

Жастар тәжірибесінен өтуге жыл басынан 365 жас 141 мекеме, ұйымдар мен кәсіпорындарға жолданды. Келісім шарт мерзімі аяқталған
78 жас тұрақты жұмыспен қамтылды. Аудан бойынша 2018 жылға 1035 азаматқа 9 млн. 500 мың тегеде қаржылай, азық түлік және заттай қайырымдалық көмектері көрсетілді.

КАДР САЯСАТЫ

Шиелі ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардың (аудан әкімі аппараты, бөлімдер, кент және ауыл округтер аппараттары бойынша) штаттық саны-213, оның ішінде аудан әкімі аппараты-23, кент әкімі аппараты-14, ауылдық округ әкімі аппараттарында-104, дербес бөлімдерде-72 мемлекеттік қызметкерлер жұмыс істейді. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің нақты саны - 205, бүгінгі таңға бос орын саны-8.

2018 жыл басынан бері 50 қызметкер жұмысқа қабылданды. Оның
8-і ауылдық округ әкімі, жаңадан және өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты қайта тағайындалды.
(Төңкеріс, Ақтоған, Алмалы, Қоғалы, Жиделіарық, Гигант, Сұлутөбе, Тартоғай ауылдық округтері), 42 мемлекеттік қызметші меритократия қағидаларына сәйкес конкурс негізінде тағайындалды.

Құрметті аудан тұрғындары!

Атқарылған шаралар ең алдымен, Елбасының сарабдал саясаты негізінде қаланған еліміздегі тұрақтылықтың, ел бірлігінің арқасында, еліміз тәуелсіздік алған аз ғана уақытта жеткен ғасырға бергісіз орасан зор жетістіктердің жемісі. Халықтың тұрмыс сапасының артуы және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы – Тәуелсіз елдің мәңгілік мұраты.

Жаңа 2019 жыл - жаңару мен тың серпінді жобаларды іске асыру жылы. Атқарылар жұмыс көп, мақсат – міндеттер де жоғары, жоспарланған жұмыстарды іске асыруға  барлық мүмкіндіктер бар деп есептеймін! Аудан халқы ауызбірлікпен, ынтымақпен алдағы жылы да толағай табыстарға жетеді деп сенемін! «Алты Алаштың – анасы» атанған Сыр өңірінің ең шұрайлы, ең көрікті аймағын мекен еткен Шиелі ауданы әрдайым тұрақтылық пен ынтымақтың жоғарғы үлгісін көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалардың өз мерзімінде жоғарғы дәрежеде орындалуына өзіндік үлесін қоса береді. «Мәңгілік Ел» ол қуатты экономиканы дамытудың, білім, мәдениетіміздің өркендеуі мен адамдардың денсаулығын жақсартудың, рухани жаңғырудың негізінде жүзеге асады.

 

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Видео ақпараттар

Scroll to top