ХАБАРЛАНДЫРУ! -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 13 Тамыз 2019
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ -- "ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ Бүгін ..." -- 07 Тамыз 2019
БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ ... -- "БҮГІН ТЕЛІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ШИЕЛІ АУДАНЫ ..." -- 06 Тамыз 2019
ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы дәрігерлік-амбулаториялық емхананың ... -- "ШИЕЛІ АУДАНЫ: Керделі ауылындағы ..." -- 05 Тамыз 2019
ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ ТУРАЛЫ -- "Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жұмыс ..." -- 02 Тамыз 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Шиелі ауданы әкімдігі, аудан бойынша тұрғын үй ..." -- 31 Шілде 2019
«Бес сұрақ» айдары -- " Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек ..." -- 23 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылғы 16 шілде күні сағат 17:00-де Шиелі ..." -- 15 Шілде 2019
ХАБАРЛАНДЫРУ -- ""Сарыарқа "ПЦЮК" ҚБ серіктестердің көмегімен 2019 ..." -- 05 Шілде 2019
«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке шығуға дайынбыз ба? -- "«Қыс шанаңды жаз сайла...» немесе біз зейнетке ..." -- 03 Шілде 2019

Қазақстан делегациясы күн тәртібіндегі «Таяу Шығыстағы жағдай, соның ішінде Палестина мәселесі» тармағына сәйкес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төтенше сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Қазақстан Республикасы Израиль Мемлекеті мен Газа секторы шекарасында палестиналықтардың наразылық шеруін басуға байланысты бейбіт тұрғындар арасындағы құрбандар туралы хабарды терең алаңдаушылықпен қабылдағандығын атап өтті. «Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастықты көптеген құрбандыққа алып келген зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға бағытталған жан-жақты шараларды қабылдауға шақырады», - деп мәлімдеді Қ. Омаров. Қазақстан, сонымен қатар,  екі тарапты бейбітшілік күш-жегерлерді бұзатын және  палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы шиеленісті одан әрі ушықтыруға ықпал етуі мүмкін іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында сабырлық пен ұстамдылыққа шақырды.

Сондай-ақ қол жеткізілген халықаралық келісімдерге сәйкес тараптарға Иерусалимнің тарихи статус-квосын сақтау туралы үндеу айтылды. Тұрақты өкіл өз сөзінде «Қазақстан Республикасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясының шешімдері мен қарарларына қатысты өз айнымастығын растай отырып, бейбіт саяси процестің аясында Таяу Шығыстағы жағдайды толыққанды реттеу үшін дәйекті және жүйелі түрде қолдау көрсетеді» деп атап өтті. Тұрақты өкіл Палестинаның мемлекеттілікке құқығын және Израильдің қауіпсіздікке құқығын саяси, экономикалық және экологиялық өлшемдерде, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлер саласындағы сенім шараларының қолданылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда алдын алу дипломатиясының тиісті құралдарын қолдану арқылы қамтамасыз етуге шақырды.

 

Видео ақпараттар

Scroll to top