Елбасы Финляндияға ресми сапармен барды -- "Қазақстан Президенті «Nokia Corporation» ..." -- 17 Қазан 2018
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «11» қазан ..." -- 12 Қазан 2018
«7-20-25». Мемлекеттік қызметкерлерге баспана алу үшін 1 млн теңгеден ... -- "Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес «7-20-25» ..." -- 11 Қазан 2018
Елбасы Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты туыстарына көңіл ... -- "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазушы ..." -- 11 Қазан 2018
Жазушы Шерхан Мұртаза дүниеден озды -- "Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртаза ..." -- 10 Қазан 2018
Елбасы Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауын жариялайды -- "5 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев Ақорда ..." -- 04 Қазан 2018
БЖЗҚ қауесеттерді жоққа шығарады -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА 2018 жылғы «21» қыркүйек ..." -- 03 Қазан 2018
5 сұрақ -- "Менің әкем – мүгедек. Өздігінен жүріп-тұра ..." -- 03 Қазан 2018
Алдағы тәуліктерде күн суытады -- "Демалыс күндері климаттық нормадан 4…7°С жоғары ..." -- 01 Қазан 2018
«Нұрлы жер» бағдарламасы. Сегіз айда 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй ... -- "  Қазақстанда халықты тұрғын үймен ..." -- 01 Қазан 2018

2018 жылдың I жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
19қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

2018 жылдың I жартыжылдығындағы Шиелі ауданы әкімдігінің ұйымдастырушылық – басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар бойынша жүргізілді.

  • Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Шиелі ауданы әкімдігінде штат бойынша мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің саны - 214.

Оның ішінде аудан әкімі аппаратында - 23, аудан бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдарда - 73, Шиелі кенті, ауылдық округі әкімдері аппараттарында – 104.

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларына сәйкес 2018 жылдың І жартыжылдығында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға барлығы 62 бос мемлекеттік лауазымға конкурс өткізіліп, нәтижесінде 29 қызметкер жұмысқа қабылданды.

2018 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен 9бос орынқалыптасты.

    1) Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;

            2) «Шиелі ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (негізгі қызметкердің жалақысы сақталмайтын еңбек демалысы кезеңіне 2017 жылдың
2017 жылдың 27 қарашасынан бастап 2018 жылдың 29 қарашасына дейін уақытша);

  3) «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

           4)«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі;

           5)«Шиелі аудандық білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы;

           6) «Ортақшыл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маман заң қызметкері (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты ақысыз еңбек демалысы 2018 жылғы 6 маусымнан – 2018 жылғы 6 маусымға  дейін);

           7)  «Шиелі аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы;

           8)  Алмалы ауылдық округінің әкімі;

           9) Жиделіарық ауылдық округінің әкімі.     

2)Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы;

ҚР Үкіметінің 2013  жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес облыстық деңгейде жалпы 190 мемлекеттік қызмет түрі бар,  аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен 99 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. 2018 жылдың 6 айында 36085 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мелекеттік қызметтер саны –4898, барлық көрсетілген қызметтердің 13,6 пайызы.
Көрсетілетін қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -3165, барлық көрсетілген қызметтердің
8,8 пайызы.Электронды түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 8570, барлық көрсетілген қызметтердің 23,7 пайызы.Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген саны –19452, барлық көрсетілген қызметтердің 53,9 пайызы.

2018 жылы мемлекеттік қызмет көрсету барысында мерзімі кешіктіріліп орындалған қызметтүрі жоқ.

2017 жылдың 14 желтоқсанында аудан әкімдігімен 2018 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша
іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-шара жоспарына сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары атқарылатынболады.

2018 жылдың 7 ақпанында аудан әкімдігімен 2018 жылға мемлекеттік қызмет көрсеткіштерін жақсарту жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, іс-шара жоспарына сәйкес жұмыстар атқырылып жатыр.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті  мен аудан әкімдігі бірлесіп ауданда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін2018 жылдың 30 наурыз күні кең көлемде өткізді.

Аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайлы бөлім ашылып барлық мемлекеттік қызметтер жайлы ақпараттар орналастырылып, қажеттілікке қарай жаңаланып отыр.

2018 жылдың 6 айы  бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге байланысты арыз-шағымдар түскен жоқ.

3)  Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша;

Шиелі ауданы әкімінің 2018 жылғы 2шілдедегі «Аудан әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жүргізу кестесін бекіту туралы» №302 өкімімен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін кестесі бекітіліп, (тоқсан сайын бекітіліп, ресми жарияланып тұрады) аудандық «Өскең Өңір» газетіне жарияланған. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсына орналастырылған.

Сондай-ақ, «Шиелі ауданы әкімдігінің» ғимаратының 1 қабатында жеке қабылдау кестесі көпшілікке көрінетін жерге ілінген. Арыз-шағымдарға арналған пошта жәшігі  ғимараттың  кіре берісінде  орналастырылған.

2018 жылдың 6 ай қорытындысымен аудан әкімдігімен 144-қаулы қабылданса, аудан әкімімен 6-шешім, 236-өкім қабылданған.

2018 жылдың 6 айымен аудан әкімдігіне жеке тұлғалардан -  160 және заңды тұлғалардан – 34 өтініштер келіп түскен. Олардан бәрі Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес уақытылы жауап берілді.

4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта атқарылған жұмыстар;

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»аясында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу бойынша іс-қимылдар мен мәселелер Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы комиссия отырыстарында тұрақты түрде қаралып, келеді.
Бұл мәселе бойынша аудандық комиссияның отырысы
2017 жылдың 12 айында - 4 рет, ал 2018 жылы осы кезеңіне дейін – 2 рет өткізілді.

Одан өзге, аудан әкімдігінде жыл басынан бері 17 рет өткізілген аппараттық мәжілістер мен жедел жиналыстарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу аудандағы мекемелер мен дербес бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне үнемі ескертіліп, хаттамалық тапсырмамен таныстырылып келеді.

Аталған мәжіліс қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің есептері 26 рет тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жыл басынан бері аудандық «Өскен өңір», аймақтық «Шарайна Сейхун» газеттерінде
32 мақала жарық көрді.

Бұдан басқа, аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру бағытында, кент және ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Пара алу да, пара беру де қылмыс» және «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағынан айырады!» тақырыптарында 30 дана билборд орналастырылып, Шиелі кентіндегі орталық алаңдағы ЛЭД экран арқылы үнемі видеороликтер көрсетілімі жүргізіліп келеді.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында аудан орталығы мен барлық елді-мекендердегі тұрғындарының қатысуымен аудан әкімінің есеп беру кездесулерінде және аудан әкімінің қатысуымен 2-12 ақпаны күндері аралығында аудан көлеміндегі ірі өндіріс мекемелері №6 кен басқармасы, Семізбай-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Иіркөл» филиалы, «Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясы, аудандық емхана, аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары мен қызметкерлеріне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауының тоғызыншы міндетінде – «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» тармағы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы 16 ақпанда қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен Мемлекеттік қызметті өткеру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша аудан активімен кездесу өткізілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері аудан жастарымен 5 рет кездесулер өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, аудан жастарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосқан үлесім» тақырыбында 9 акция мен эстафеталық жарыстар өткізілді.

Халық арасында індет аталып кеткен осы сыбайластық дертін жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтау, тежеу шаралары жүргізіліп келеді.

Сонымен қатар, облыс бойынша алғашқы болып 2018 жылы
30 наурызда қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралары бойынша аудандық қоғамдық кеңес отырысы өткізілді.

Одан өзге, Елбасының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындау мақсатында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ауданда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі кең көлемде өткізілді. Бұл ретте мемлекеттік қызметке конкурсқа қатысудың және жұмысқа орналасудың ашықтығы халыққа кеңінен түсіндірме жүргізіліп, нәтижесінде 3 азамат бала бақша және өндіріс орындарына жұмысқа қабылданды.

Бұдан бөлек сол күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіжәне аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Ы.Жақаев ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарынакөрсетілетін мемлекеттік қызмет алудың тәртібі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 23-24 сәуірі күндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың қабылданғанына 20 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен аудан әкімдігінің ұйымдастырумен ауданымызда
«Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафон өткізілді.

Сондай-ақ, 2018 жылдың 05 маусымы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өткізіліп сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Шиелі ауданы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалымен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында жұмыстарды алдағы кезеңдерде жалғастыра беретін болады.

5) Мемлекеттік сатып алу;

Шиелі ауданы әкімдігіне қарасты барлық субъектілер бойынша
2018 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық  жоспарына сәйкес, күрделі шығындар бойынша 7 213 200   мың теңгеге 632 сатып алу жоспарланып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алудың веб-порталы  арқылы  5 845 132  мың теңгеге 321 лот жарияланып, оның ішінде 4 134 212 мың теңгеге 245 лот  аяқталып, 5 747 132 мың теңгеге келісім шарт жасалды.

2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434-V Заңының талаптары сақталған. Және де өткізілген сатып алуларда Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» заңының талаптарын бұзылуына ықпал ететін фактілері орын алмаған.

6) Бюджеттік жоспарлау;

Бюджет кодексіне сейкес Шиелі ауданының 2018-2011 жылдарға арналған бюджеті 2017 жылдың 22 желтоқсанында аудандық мәслихаттың 18/3 шешімімен 13 млд 778 мың теңге көлемінде бекітілді.Қазақстан Республикасының бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес бюджетті нақтылау бойынша жергілікті атқарушы органның бастамшылығы бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде тоқсанына бір-ақ рет жергілікті бюджетті нақтылынатынын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат шешімімен
4 рет сессия өткізіліп,бюджеттік комиссия отырысы және қоғамдастық қауымдастық жиналыстарына бөлінетін қаржылырдың талдамалары ұсынылып оң шешімін тауып,аудандық мәслихат шешімдер нақтылауға ұсынылып отырды.Сонымен қатар,Қазақстан Республикасының бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес аудан әкімінің қаулысымен 6 рет аудандық бюджетке түзету енгізіліп бюджеттік комиссия отырысында оң шешімін тапты.Қызылорда облысытық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бөлінген қаржылардың және штат санын,еңбек ақы қорларының есептемелері тоқсан сайын ұсынылып отырады. Бөлімдер, ауылдық округтер,ауылдық клубтардан, балабақшалардан (жеке балабақшалардың) қаржыларына сұраныстарына байлансты бюджеттік өтінімдерін дұрыс дұрыс еместігіне талдау жұмыстары жүргізіліп отырады.Бюджет кодексінің 66 және 67 баптарына сәйкес 2019-2021 жылдарға арналған аудандық бюджетті қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 15  мамырына дейін «Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2014 жылғы 24  қарашадағы №511 бұйрығын басшылыққа ала отырып бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен бюджеттік өтінім қабылданып,қазіргі таңда талдау жұмыстары жүргізілуде, жыл соңына дейін  2019-2021 жылдарға арналған мәслихаттың шешіміне кезекті сессия өткізуге жұмыстар жүргізілуде.

Қорытынды.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Шиелі ауданы әкімдігінің атқарып келген қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің сипаты орын алмаған деп қорытынды жасалынады.

                                                                                               

Видео ақпараттар

Scroll to top