Зейнетақы жүйесіндегі жаңа ... -- "Бірыңғай жинақтаушы ..." -- 16 Тамыз 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының ..." -- 10 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "Қазақстан Республикасы ..." -- 08 Тамыз 2017
Елбасы Түркия Президентімен телефон ... -- "Қазақстан Президенті ..." -- 08 Тамыз 2017
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау ... -- "Бүгін ҚР Премьер-Министрі ..." -- 08 Тамыз 2017
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына 7 айда ... -- "Мемлекет басшысы ..." -- 08 Тамыз 2017
ТЖК жазғы шомылу маусымында ... -- "ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның ..." -- 08 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "2017 жылға мектеп бітірген ..." -- 08 Тамыз 2017
"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта ... -- "Ресейдің "Яндекс.Деньги" ..." -- 17 Маусым 2017
Головкиннің көршісі боксшының ... -- "Жақында Қарағандыда ..." -- 17 Маусым 2017

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

  • Шиелі кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
  • Пошта индексі: 120700;
  • Мекен-жайы:  Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Ы.Жақаев көшесі, №8;
  • Тел/факс: 8 (72432) 4-23-86;
  • Электрондық пошта: shieli.kent@korda.gov.kz
Шиелі кенті әкімі

Аманжолов Ғабит Сейілбекұлы 1967 жылы 24 шілдеде Шиелі ауданы, Иіркөл ауылсоветінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1974-1984 жылдары Октябрьдің ХІV жылдығы атындағы №45 қазақ орта мектебінде оқыған. Білімі жоғары. 1985-1992 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институтына түсіп, ауылшаруашылығы құрылысы инженері мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 1984-1985 жылдар аралығында «ПМК-31» құрылыс бірлестігі, тас қалаушы болып бастаған. 

1985-1992 жылдары Қызылорда агроөнеркәсіп инженерлері институты, студент. 

1986-1988 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. 

1993-1996 жылдары «№45 ПМК» мекемесінде аға мастер. 

1999-2000 жылдары Қызылорда облысының статистикалық есептеу орталығы ЕМК қойма меңгерушісі, маман экспедитор. 

2000-2001 жылдары  статистикалық есептеу орталығы ЕМК директоры. 

2001-2003 Шиелі поселке әкімінің орынбасары. 

2003-2006 жылдары Шиелі ауданы әкімінің орынбасары. 

2008-2016 жылдары Шиелі аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы 2016 жылдың 25 сәуірінен Шиелі кенті әкімі қызметін атқарып келеді. 

Отбасылы.

Негізгі міндеттер:

Қазақстан Республикасының заң актілерінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстан республикасы Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігі қаулыларының, сондай-ақ облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

әкімнің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және келіп түскен хаттарды өңдеу;

әкім өткізетін жиналыстарды ұйымдастыру, жиналыс хаттамаларын рәсімдеу және тарату;

әкімнің өкімдері мен шешімдерінің жобасын дайындау;

аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды ұйымдастыру, оларды аттестациялау;

аудан әкімдігін облыстық және аудандық бағдарламалардың,  аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, тапсырмаларының орындалу барысы туралы хабардар ету;

азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге уақытылы ұсыну;

жеке және заңды тұлғалардың жазбаша жүгінулерін қарау;

азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.

Құрылымы 

Аты-жөні

Қызметі

Жұмыс телефоны

1

Аманжолов Ғабит Сейілбекұлы

Шиелі кенті әкімі

4-23-86

2

Умбетов Абдиманап Мухамедкаримович

Шиелі кенті әкімінің орынбасары

4-22-81

3

Қалиев Қанатбек Өміртайұлы

Шиелі кенті әкімінің көмекшісі

4-16-42

4

Әбілдаева Лира Тұрғанбайқызы

Шиелі кенті әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы

     4-27-30

5

Алдабергенов Әбдіғалым Имантайұлы

Шиелі кенті әкімі аппаратының бас маман- заң    қызметкері

4-27-30

6

Сейтова Камиля Мұхамедиярқызы

Шиелі кенті әкімі аппаратының қаржы саласы (есепші) бас маманы

4-10-28

7

Назарбаева Дәулеткүл Әліпбекқызы

Шиелі кенті әкімі аппаратының  бас маманы

4-16-42

8

Каленова Аселим Исажамаловна

Шиелі кенті әкімі аппаратының бас маманы

4-10-28

9

Абенова Назира Серикқызы

Шиелі кенті әкімі аппаратының бас маманы

4-16-42

10

Мәдиева Камшат Шарипбаевна

Шиелі кенті әкімі аппаратының шаруашылық есебін жүргізу жөніндегі  бас маманы

4-16-42

11

Бейсембаев Ғалымжан Қайырбекұлы

Шиелі кенті әкімі аппаратының жер қатынастары жөніндегі  жетекші маманы

4-16-42

12

Сейдеметов Абзал Асылханұлы

Шиелі кенті әкімі аппаратының кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жетекші маманы

4-10-28

13

Данабеков Жанболат Турсынович

Шиелі кенті әкімі аппаратының әскери есепке алу жөніндегі жетекші маманы

4-22-81

14

Берікқара Заманбек Болатбекұлы

Шиелі кенті әкімі аппаратының жетекші маманы

4-16-42

Ереже

«Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

  1. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  Шиелі кенті әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамассыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
             2. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

1) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Арман мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

2) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жадыра бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

3) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№2 Балбөбек бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

4) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Кәусар бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

5) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жансая бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

6) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№1Аққайың бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.,

7) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Айналайын бала бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

8) «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «№4 Шұғыла санаторлық бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
             4. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Шиелі кенті әкімі аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған  уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі кенті әкімі аппараты»  мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен  және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Жахаев көшесі, №8 үй,  индекс 120700.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты  болып табылады.

12. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру Республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі кенті әкімі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

            14. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  миссиясы атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігін үйлестіре жүргізу.

            15.Негізгі міндеттері:

            1) мемлекеттік егемендікті, конституциалық құрылыммен қорғау және нығайту,   Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамассыз ету бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің саясатын жүргізу; 
            2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру, мемлекеттік, әлеуметтік экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын және елдегі экономикалық үрдістерді басқаруды жүзеге асыру:

3) қоғамдық келісімен саяси тұрақтылықтың конституциалық принцептерін жүзеге асыру, мемлекеттік өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

4) заңдылық пен құқықтылық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын арттыру бойынша шараларды жүзеге асыру;

3

            16. Функциялары:

1)азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының  Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларының орындалуына жәрдемдеседі;

           2) өз құзреті шегіндегі жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

          3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

          4)жергілікті әлеуметтік инфроқұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

          5) өз құзреті шегіндегі елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастырады су пайдалану мәселелерін реттейді;

          6) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

          7)әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді ҚР бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

3

         8)кенттегі коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттегі автомобиль жолдарының салынуын,қайта жаңартылуын, жөнделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

         9) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

        10) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және  еңбекке  жарамсыз азаматтарға үйінде  қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

        11)қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

        12)қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

        13)қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

        17)Құқықтары мен міндеттері;          

         1)заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан,ұйымдардан,олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;

         құзыреті  шегінде құқықтық  және нормативтік құқықтық  актілердің  жобаларын әзірлеуге қатысу;

         2)жеке  және заңды  тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының  заңнамасында  белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;                   

жеке  тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;      

заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;

қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;

қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18.  «Шиелі кенті әкімінің аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне  басшылықты             «Шиелі кенті әкімінің  аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.

21. «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік  мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық әкiмдiктiң лауазымды адамы болып табылады және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенімхатсыз өкілдік етеді;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
            3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4)әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекіту үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізіледі;

4

5)әкім аппараты  әкімшісі  болып табылатын  бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының  талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан бюджетінің  құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

6) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

7) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;
            8)кенттің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ кенттің автомобиль жолдарының салынуын қайта жаңғартылуын жөнделуін  және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;      

9)шара немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;                                                                                  

10) өз құзыреті  шегінде әскери міндеттілік және әскери және әскери қызмет,жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі,  сондай-ақ  азаматтық қорғау саласындагы қорғау саласындағы Қазакстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және  қамтамасыз етеді;                                                                                                                                                                                                                                     

            11) әдiлет органдары жоқ жерлерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

           12) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
           13) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтiк көмек көрсету жөнiнде ұсыныс енгiзедi, жалғызiлiктi қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйiнде қызмет көрсетудi ұйымдастырады;

14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етедi және өзге де әлеуметтiк-құқықтық көмек көрсетедi;

15) мүгедектерге  көмек көрсетуді ұйымдастырады;

16) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

17)дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру  және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

18)мүгедектердің қоғамдық  бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

19)мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;

20)халықтың әлуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

21)кенттің денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

22)жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына жәрдемдеседі;

23)қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

            24)жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
            25) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;
            26) жергiлiктi   бюджеттi   бекiту   (нақтылау)   кезiнде   аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

27) мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

28) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

29) кенттегі  абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;

30) туысы жоқ адамдарды жерлеудi және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиiстi қалпында күтiп-ұстау жөнiндегi қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;
            31) кәсiпқой емес медиаторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;

32) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға  кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беред;

33) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарын(көрсетілген қызметтерінің )міндетті мөлшерін айқындайды;

34)берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

35)берілген аудандық комуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жузеге асырады;

36)жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін,басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

37)басқаруына берілген комуналдық қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарлардың(жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;

38)берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының жеке жоспарларын бекітеді;

39)кіріс көздерін қалыптастырады;

40)бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімнің жергілікті  өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының ашылуын қамтамасыз етеді;

41)шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды  дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

42)бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе)Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

43)жергілікті қоғамдастықтың жиналысында келісілгеннен кейін жергілікті өзін-өзі басқарудың ақша түсімдері  мен шығыстары жоспарын бекітеді;

44)мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

45)Шиелі ауданы әкімдігінің «Шиелі кенті әкімінің аппаратЫ» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

46)гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;

«Шиелі кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды

             

        22 «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада  көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

             «Шиелі кенті әкімі аппараты»коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де  көздер қалыптастырылады.

көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

24.«Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншік жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру  жоспары  бойынша  өзіне  бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

            26.«Шиелі кенті әкімі аппараты» коммуналдық  мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Жалпы мәлімет

Шиелі кентінің тарихы

1919 жылы 10 майда Түркістан Республикасы комиссарлар Кеңесінің №63 бұйрығымен Скоболев ауылы, Скоболев болысы, Перовск уезді-Шиелі ауылы, Шиелі болысы болып өзгертілген. 1921жылдың 1 қаршасына Сырдария облысы Түркістан Республикасының құрамына кірген. Сырдария облысына Аулие Ата, Қазалы, Перовск (Ақ мешіт), Ташкент, Түркістан, Шымкент (Черняевск), Мырзашөл уездері кірген. Перовск уезді 1922 жылы 12 қазанда Ақ мешіт уезді болып өзгертілген, орталығы Ақ мешіт қаласы, құрамында 27 болыс болған. №1-ауыл- Шиелі болысы, орталығы Шиелі станциясы болған. 1925 жылы 19 сәуірде Ақ мешіт уезді Қызылорда уезді болып өзгертіліп, құрамында Ақмешіт, Аламесек, Қара-өзек, Қызылорда, Сұлутөбе, Шиелі болысы болған. Қазіргі Шиелі қаласының негізгі 1900-1905 жылдары темір жолдың келуінен бастау алады. 1917 жылы декабрь айының басында Шиеліде кеңес өкіметі орнады. Қазіргі №252 орта мектептің үйінде Шиелі большевиктерінің алғашқы мәжілісі өтеді. Осы мәжілісте Шиелі Совдепі сайланып, оған Қалжан Қоңыратбаев, С.Ержеповтер мүше болады. 1921 жылға дейін Шиелі Орта Азия әскери ведомствосының жемшөп дайындайтын базасы болып, жоңышқа дайындалады, Сондай-ақ паровоз жүргізу үшін Сыр бойынан сексеуіл дайындауға тар табанды темір жол салынады. Сол жолдың сілемі әлі де бар, жергілікті халық дүрбі жол деп атап кеткен. 1925 жылы Шиеліде 25 аттық күші бар электр стансасы жарық бере бастады. 1928 жылы қыркүйек айында бұрынғы Скоблев болысы Шиелі ауданы болып құрылып, Республикадағы 180 ауданның біріне айналады. Кентте Балалар  және  жасөсiрiмдер  спорт  мектебi (футбол, волейбол, баскетбол, қазақша  күрес,  тоғыз  құмалақ,  еркiн  күрес, шахмат Бұдабай  атындағы  мәдениет  Үйi,  «Ноғайбаевтар» отбасылық ансамблі, Драма үйірмесі, ВИА, домбыра, би үйірмесі, үгіт бригадасы, Ән би ансамбілі Абай  атындағы  аудандық  кiтапхана, Әуез  мектебi-оның ішінде баян үйірмесі, домбыра үйірмесі, фортопиано үйірмесі, би үйірмесі, қобыз үйірмесі, терме үйірмесі, «Көк –Шоқы» елді мекеніндегі спорт компллексі, 1 аудандық мәдениет үйі, 1 кинотеатр, 1 мәдени қызмет көрсету кешені, 6 мемлекеттік жүйедегі кітапханалар қызмет етуде. Кентте 8 мектеп жұмыс істейді, 2 мектептен тыс мекеме (Әуез мектебі және оқушылар үйі) бар.         

Scroll to top