Ақпараттық хабарлама! -- "  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі ..." -- 18 Сәуір 2018
Қызылорда облысы кәсіпкерлері назарына! -- "2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы ..." -- 18 Сәуір 2018
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ -- "Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет ..." -- 18 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 328,12 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 17 Сәуір 2018
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты ... -- "Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы ..." -- 17 Сәуір 2018
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ..." -- 17 Сәуір 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары -- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін ..." -- 17 Сәуір 2018
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ... -- "Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның ..." -- 10 Сәуір 2018
Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады -- "Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім ..." -- 10 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,66 -- "Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында 1 ..." -- 06 Сәуір 2018

Мемлекеттік орган туралы жалпы ақпарат

«Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы  
  • Мекен жайы;
  • Инд: 120700; Қызылорда облысы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №42 «а».
  • Тел./факс: 8-724-32-4-45-24;
  • E-mail:shieli-ovp@mail.ru

bagdatӘбдіқадыров Бағдат Нажмедденұлы 1979 жылы 10 қарашада Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі қыстағында дүниеге келген. Ұлты қазақ. №148 Гигант қазақ орта мектебін бітірген.

Білімі жоғары. 1996 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетіне оқуға түсіп, аталған университетті 2000 жылы заңгер мамандығы бойынша бітірген.

2000-2001 жылдары Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарында болған.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласында «АК Игілік» ЖШС-нің атқарушы директоры болып бастаған, 2003-2007 жылдары Алматы облысы, Қарасай ауданында және Қызылорда қаласында мемлекеттік өртке қарсы қызмет саласында, 2007-2013 жылдары «Интер-Спас» ЖШС-нің директорының орынбасары, 2010-2013 жылдары «ГазСпасСервис» ЖШС-нің директоры, 2013-2014 жылдары Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ақпараттық-сараптамалық бөлімі басшысының міндетін атқарушы, 2014 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында аталған басқарманың ақпараттық-сараптамалық бөлімінің басшысы, 2014 жылдың шілде-қыркүйек айлары аралығында аталған басқарманың жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы, 2014 жылдан бастап Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Отбасылы, 2 қыз тәрбиелеуде.

Негізгі міндеттер:

1. Ауданның қоғамдық-саяси жағдайларына сараптама мен мониторинг жүргізу,қоғамдық-саяси және діни бірлестіктермен, кәсіподақ ұйымдарымен, саяси партиялармен бірлесе іс-қимылдар жүргізу, қоғамдық байланыстар, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу. Аудан әкімін және әкімиятын ақпараттық-талдау жұмысымен қамтамасыз ету, аудандық бөлімдер мен мекемелердің, кент, ауылдық округтері әкімдерінің ішкі саясат жөніндегі қызметін үйлестіреді. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының жасалуы мен орындалуын мүдделі органдармен бірлесе ұйымдастыру. Қазақстан – 2030 стратегиясын жергілікті жерлерде жүргізілуін насихаттау іс-шаралары жұмыстарына кететін шығындары жайлы аудандық бюджет құруда ұсыныстар беру. Аудан көлемінде ішкі саясат бағдарламаларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді, жастар саясатын жүзеге асырудағы аумақтық бағдарламаларды қаржыландыруды іске асыру.

2. ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің өкім, шешімдерінің орындалуын бақылау.

3.Бөлімнің жұмысын тиімді әрі нәтижелі ұйымдастыра білу.

Құрылымы

Аты-жөні Қызметі Жұмыс телефоны
1 Әбдіқадыров Бағдат Нәжмедденұлы Бөлім басшысы 4-45-24
2 Мақашев Қуаныш Бас маман 4-18-41
3 Назарбаева Гүлшат Әліпбекқызы Жетекші маман 4-18-41

ЕРЕЖЕ

"Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі, №40.
      “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:
      1) дүйсенбі мен жұма аралығында 5 (бес) күн жұмыс істейді;
      2) жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. 
Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс);
      3) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы: “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы ереже “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудан бюджетінен жүзеге асырылады.
      13. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Коммуналдық мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: 
      Ауданда ішкі саяси тұрақтылықты және азаматтық, қоғам институттарымен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
      15. Міндеттері:
      1) аудандағы қоғамдық-саяси жағдайларға сараптама мен мониторинг жүргізу;
      2) қоғамдық саяси және діни бірлестіктермен, саяси партиялармен 
іс-қимылдар жүргізу;
      3) қоғамдық байланыстар, бұқаралық ақпарат құралдарына жергілікті мемлекеттік тапсырыстарды бөлу;
      4) мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
      5) аудан әкімдігінің және аудан әкімінің актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу.
      16. Функциялары:
      1) әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;
      2) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;
      3) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;
      4) аудандағы діни ахуалды зерделеуді және талдауды жүргізеді;
      5) діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;
      6) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
      құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;
      қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
      2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Коммуналдық мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
      2) бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда білдіреді;
      3) бөлім бұйрықтарына қол қояды;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалау шараларын қабылдайды;
      6) бөлімдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
      7) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
      8) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      9) шарттар жасасады;
      10) сенімхаттар береді;
      11) өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      12) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

4. Коммуналдық мемлекеттік органның мүлкі

      22. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
      25. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын “Шиелі аудандық қаржы бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.

5. Коммуналдық мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. “Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Видео ақпараттар

Scroll to top