Ақпараттық хабарлама! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі аудандық ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік -- "2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ ..." -- 07 Желтоқсан 2017
2018 жылы күшіне енетін зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер туралы -- "  Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. ..." -- 07 Желтоқсан 2017
Б.Сағынтаев: Уақытылы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Елжан Біртановтың ... -- "Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстан мен Қырғызстан екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың Жол ... -- "Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері екіжақты ..." -- 04 Желтоқсан 2017
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы аясында жүз екі жеңімпаз анықталды -- "Елбасы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарымен ..." -- 04 Желтоқсан 2017
ҚҰТТЫҚТАУ! -- "Құрметті аудан тұрғындары! Баршаңызды ..." -- 30 Қараша 2017
Тұқым шаруашылығынан күріш және тағы да басқа ауыл шаруашылығы ... -- "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2017 ..." -- 30 Қараша 2017
Баспасөз релизі -- "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика ..." -- 29 Қараша 2017

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –САПАЛЫ ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК!

2018 жылдың 1 қаңтарынан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі енгізіледі.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр-бір азамат сақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті!!!

Қорға жарна аудару үшін әрбір адам қай санатқа жататынын анықтау қажет!

                                                                                                                                                 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТӨМЕНДЕГІ КӨРСЕТІЛГЕН САНАТТАРЫНА ЖАРНАНЫ МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ:

1) балалар;

2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;

4) іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

5) бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;

6) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар;

7) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;

8) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;

9) тергеу изоляторларындағы адамдар;

10) жұмыс істемейтін оралмандар;

11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;

12) мүгедектер;

13) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;

14) оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адам.

ЕГЕР ОТБАСЫ МҮШЕСІ:

• Жұмыс беруші, дара кәсәпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби  медиатор, азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлға болса, Қорға аударымдар мен жарналарды 2017 жылдың 1 шілдеден бастап төлеуге тиіс.

•Жалдамалы қызметкерлердің жарна төлеуді бастау мерзімі - 2019 жылғы 1 қаңтар.

•Белсенді емес халық қатарында болса 2018 жылдың 1 қаңтарынан төлеуі тиіс.

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР жалдамалы қызметкерлері үшін 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жарна төлеуге міндетті.

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

Мемлекет жарналары

-

3,75%

4%

4%

Жұмыскерлер табысынан

-

-

1%

2%

Жұмыс берушілердің аударымдары

1%

1.50%

1.50%

2%

Дара кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларжарналары (2АЖ-дан)

5%

5%

5%

5%

Белсенді емес халық (1 АЖ-дан)

-

5%

5%

5%

* АЖ – ЕҢ ТӨМЕНГІ АЙЛЫҚ ЖАЛАҚЫ:

 

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

1АЖ

24 459 тг.

28 284 тг.

29 698 тг.

30 886 тг.

2АЖ

48 918 тг.

56 568 тг.

59 396 тг.

61 772 тг.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна уақытылы төленген жағдайда жоғарыда көрсетілген медициналық көмек түрлерінің барлығы қолжетімді болады.

Ол үшін:

-           жергілікті емханаға тіркелуге тиіссіз! (05.04.2017 ж.- 30.06.2017ж. аралығында)

-           міндетті жарналарды бекітілген уақытта төлеуге тиіссіз!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпаратты төмендегі байланыс құралдары арқылы Абай даңғылы №27 «Денсаулық үйі» ғимаратынан  жұмыс уақытында ала аласыздар.

Бірыңғай байланыс орталығы – 8 7242 400001

Веб-сайт: http://fms.kz/index.php/ru/

Facebook: https://www.facebook.com/fondosms/

Видео ақпараттар

Scroll to top