АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

ЖОБА

ШИЕЛІ   А У Д А Н Ы Н Ы Ң   Ә К І М Д І Г І

Қ А У Л Ы

 

Шиелі кенті                                          №                           «    »            2019 жыл

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 5 қазандағы № 1201-қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Шиелі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы
    5 қазандағы № 1201-қ қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5996 болып тіркелген, 2017 жылғы 3 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Шиелі ауданының әкімі                                                    Ә. Оразбекұлы

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер

министрлігі Қызылорда облысының

полиция департаменті Шиелі ауданының

полиция бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

бастығы

___________ С. Тоқтыбаев

«___» __________ 2019 жыл

Шиелі ауданы әкімдігінің

2019 жылғы «___» _________ №___ қаулысына қосымша

Шиелі ауданы әкімдігінің

2017 жылғы «5» қазандағы

№ 1201-қ қаулысына қосымша

 

 

Шиелі ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

 

  1. Көтермелеудің түрлері

 

  1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) алғыс жариялау;

2) грамотамен марапаттау;

3) ақшалай сыйақы беру.

  1. Көтермелеудің тәртібі

 

  1. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Шиелі ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.
  2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Шиелі ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – Полиция бөлімі) енгiзедi.
  3. Комиссия қабылдайтын шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
  4. Ақшалай сыйақыны төлеу Комиссия қабылдаған шешімге сәйкес, қосымша полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.
  5. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде, ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.
  6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.
  1. Ақшалай сыйақының мөлшері

 

  1. Он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
  2. Полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Видео ақпараттар

Scroll to top