eGov-тың 30 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады -- "Электрондық үкімет порталында ұялы телефон ..." -- 20 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд ..." -- 19 Қазан 2017
Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Қырғызстан делегациясымен өткен ... -- "ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ..." -- 19 Қазан 2017
Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаковпен ... -- "Қырғызстанның Премьер-министрі үлкен делегациямен ..." -- 19 Қазан 2017
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ -- "Латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында ..." -- 16 Қазан 2017
БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға ... -- "  Қазақстандықтардың көпшілігі ..." -- 12 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына ... -- "Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ..." -- 11 Қазан 2017
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысынан сөгіс алды -- "Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан ..." -- 11 Қазан 2017
Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң ... -- "Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ..." -- 11 Қазан 2017
Елбасы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының ... -- "  Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы ..." -- 09 Қазан 2017

Бизнесті қолдау мақсатында Шиелі кентінің шығыс аймағынан индустриялық аймаққа 50 гектар жер беріліп, жарықпен, сумен, жолмен қамтамасыз етілді.

Өткен жылы аудандық бюджеттен индустриялық аймаққа табиғи газ кіргізу мақсатында жоба сметалық құжаттарын әзірлеуге 2,5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Бүгінгі күні индустриялық аймаққа барлық инфрақұрылым жүйелері толық жеткізіліп, 5 жобаға 16,5 гектар жер телімі табысталды.

Индустриялдық аймақта 1 жоба («Мия Шиелі» ЖШС-ның мия тамырын өңдеу зауыты) орналастырылса, қазіргі таңда Жобалық құны 124 млн. теңгені құрайтын  «Шиелі Жолшы» ЖШС-ның темір-бетон бұйымдарын  өндіру  зауытының құрылыс жұмыстарын басталып, ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда.

Индустриялдық - инновациялық дамыту бағдарламасы бойынша

2017 жылы индустриялды инновациялық даму бағдарламасы 2 жоба жүзеге асырылуда.  

  1. 1. Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның жобалық құны 64 млрд. теңгені құрайтын жылына 1 млн. тонна тампонажды цемент шығару зауыты аудандағы Қытай халық республикасымен бірлескен және индустрияландыру картасына енгізілген ірі жобалардың бірі. Жобаға мемлекеттік қолдау шаралары ретінде индустриялды аймақтың жанынан 50 гектар жер телімі табысталды. Оның 46 гектары зауыт құрылысы үшін, қалған 4 гектары қызметкерлерге жатақхана ғимаратын салу үшін. Зауыт құрылысында жалпы 206 адам жұмыс жасауда. Ондағы 52 адам Қытай халық өкілдері, 154 адам Қазақстан Республикасының азаматтары. Жергілікті жерден 120 адам жұмыспен қамтылған. Зауыттың құрылыс кезеңінде 1200 адам жұмыспен қамтылып, зауыт толық іске қосылған кезде 260 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Зауыттың іске қосылуы өз кезегінде цементтің өзіндік құны мен сырттан тасымалданатын цемент көлемін едәуір төмендетуге ықпал жасайды. Қазіргі таңда, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» зауытының құрылысы жұмыстарына аудан тұрғындарын тарту мақсатында компания басшылығына заң аясында тиісті талаптар қойылып, құрылыс жұмыстарына тартылатын мердігер компаниялармен, қосымша мердігер компанияларға  қажетті жұмысшыларды заңға сәйкес аудандық жұмыспен қамту орталығына сұраныс беру арқылы жұмысқа тартылуды. 
  2. 2. «Фирма Балауса» ЖШС-нің «Балауса Сауысқандық» кен орнындағы кварцитті ванадий өңдеу және өндіру зауыты. Қазіргі таңда кәсіпорында 150 адам жұмыспен қамтылған. Аталған кен орнын «Қара тақтатасты автоклавты қайта өңдеу» жобасына сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін 4,5 млрд. теңгеге қаржыландыру жоспарланып, қосымша 50 адамға жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

 Кәсіпкерлерді қолдау орталығымен Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау құралдары туралы ақпараттандыру, мемлекеттік бағдарламалар туралы, жеңілдетілген несиелер және қаржы институттарымен жұмыс жасау алғышарттарын түсіндіру бойынша  2017 жылыдың 9 айында   907 адамға кеңес берді.

 Сондай-ақ, Сервистік қолдау бойынша есепті кезеңде 180 кәсіпкерге қолдау шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, «Бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізуге, сондай ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты» - 180.

 «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасы 2017 жылдың 9 айында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Біріңғай бағдарламасының аясында мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша ауданнан 5 жобасы облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасына ұсынылды. оның ішінде, жалпы құны 931 мың теңгені құрайтын 2 жоба жеңімпаз атанды. Атап айтсақ:

1) Жетекшісі дара кәсіпкер Қалжанова Майя Қарабатырқызы болып табылатын «Ұлттық қол өнер бұйымдарын тігу шеберханасын ашу» жобасы

2)  Жетекшісі дара кәсіпкер «Нариман» Қалжан Айбибіхан Камалқызы болып табылатын «Бестам ауылынан ұлттық музыка аспаптарын жасау шеберханасын ашу» жобасы;

 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың
2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» екінші бағыты бойынша ағымдағы жылы 202 адамды «Бастау Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жоспарланып, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқу курстарында 4 топта 135 азамат оқытылып,  10 азамат «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 32 800 000 теңге несие алса, Өңірлік инвестиция орталығынан  5 азамат 16 800 000 теңге несие алды. Барлығы 15 азамат 49 600 000 млн теңге несие алды.  2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында 340,6 млн. теңге болатын 10 жобаның пайыздық мөлшерлемесі субсидияланып, 64 адам жұмыспен қамтылуда.

  Сонымен қатар, Ішінара кепілдендіру бағдарламасы бойынша 2  жобаға 7 млн. теңгеге көлемінде  кепілдеме берілді

Анықтама үшін:

1) «BANAS» ЖШС-ның Балаларға арналған ойын кешеніне құрал жабдықтар алу үшін Сбербанктен 200 млн. теңге несие алды. (25 жаңа жұмыс орны)

2) «Елемесова К» жеке кәсіпкерлігі  Құрал жабдықтар алу және құрылыс жұмыстарын аяқтауға БЦК-дан 17,5 млн. теңге несие алды.  (5 жаңа жұмыс орны)    

3) «ӨскенбаевС. Н» жеке кәсіпкерлігі  Көтерме сауда орталығын ұйымдастыру жобасына Евразиялық банктен 5 млн. теңге несие алды.  (3 жаңа жұмыс орны)

4) «Ұста Сәмі»  жеке кәсіпкерлігінің 2 жобасына (несие қаражатын жабуға, айналым қаражатын толықтыруға, автокөлік құралдарын алуға)  БЦК-дан 48,3 млн. теңге несие алды. (10 жаңа жұмыс орны)

5) «Мун Регина»  жеке кәсіпкерлігінің 2 жобасына (несие қаражатын жабуға,  құрал жабдықтар алуға)  Халық банктен 58,6 млн. теңге несие алды. (10 жаңа жұмыс орны)

6) «Баймағанбетова Т.» жеке кәсіпкерлігі  Құрал жабдықтар алу және құрылыс жұмыстарын аяқтауға Халықбанктен 6  млн. теңге несие алды.   (3 жаңа жұмыс орны)  

7) «Құлтаев» жеке кәсіпкерлігі  Наубайханаға құрал жабдықтар алуға БЦК-дан            7  млн. теңге несие алды.   (3 жаңа жұмыс орны)   

 8) «Ешпанов» жеке кәсіпкерлігі  Құрал жабдықтар алуға БЦК-дан 3,1  млн. теңге несие алды.   (5 жаңа жұмыс орны)   

Видео ақпараттар

Scroll to top