ХАБАРЛАНДЫРУ -- "2019 жылы 22 қарашада Қазақстан Республикасының ..." -- 15 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы бойынша шаруа ..." -- 13 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 12 Қараша 2019
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 11 Қараша 2019
Хабарландыру! -- "Шиелі ауданының тұрғындарының назарына! ..." -- 08 Қараша 2019
«СЕНБІЛІК ТАҢДАР» СЫР ШЕРТЕДІ -- "Күз мезгілі табиғатты тылсым түстерге бояп, өзіне ..." -- 04 Қараша 2019
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "              ..." -- 04 Қараша 2019
Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық ... -- "Шиелі аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» ..." -- 31 Қазан 2019
ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! -- "ЖАРЫС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Шиелі ..." -- 31 Қазан 2019
САПАРБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ -- "Премьер-Министрдің орынбасары Б.Сапарбаев ..." -- 28 Қазан 2019

ЖОБА

«2017-2019 жылдарға арналған

аудандық бюджет туралы»

Шиелі аудандық мәслихатының

2016 жылғы 23 желтоқсандағы

№7/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

        

           «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шиелі аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №7/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда 5687 нөмірімен тіркелген, «Өскен Өңір» газетінде 2017 жылы 10 қаңтарда және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 1 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

         1) кірістер - 12 681 235 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер - 1 628 031 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 17 818 мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 38 460 мың теңге;

         трансферттер түсімі - 10 996 926 мың теңге;

         2) шығындар - 12 815 639,9 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу - 218 366 мың теңге;

         бюджеттік кредиттер - 272 280 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу - 53 914 мың теңге;

         4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0;

         қаржы активтерін сатып алу - 0;

         мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 352 770,9 мың теңге;

         6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 352 770,9 мың теңге;  

         қарыздар түсімі - 272 280 мың теңге;

         қарыздарды өтеу - 53 914 мың теңге;

         бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 134 404,9 мың теңге.»;

         аталған шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 4-қосымшасы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 7-қосымшасы осы шешімнің 3-қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

         аталған шешімнің 8-қосымшасы осы шешімнің 4-қосымшасына сәйкес  жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Аудандық мәслихаттың                                                 Аудандық мәслихаттың

      сессия төрағасы                                                                        хатшысы  

   

        М. Дүйсенов                                                                       Ә. Оразбекұлы

қосымша Жүктеу...

Scroll to top