Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының ..." -- 10 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "Қазақстан Республикасы ..." -- 08 Тамыз 2017
Елбасы Түркия Президентімен телефон ... -- "Қазақстан Президенті ..." -- 08 Тамыз 2017
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау ... -- "Бүгін ҚР Премьер-Министрі ..." -- 08 Тамыз 2017
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына 7 айда ... -- "Мемлекет басшысы ..." -- 08 Тамыз 2017
ТЖК жазғы шомылу маусымында ... -- "ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның ..." -- 08 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "2017 жылға мектеп бітірген ..." -- 08 Тамыз 2017
"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта ... -- "Ресейдің "Яндекс.Деньги" ..." -- 17 Маусым 2017
Головкиннің көршісі боксшының ... -- "Жақында Қарағандыда ..." -- 17 Маусым 2017
Нью-Йорктегі қазақстандық полицей ... -- "АҚШ-та осымен бірнеше жыл ..." -- 17 Маусым 2017

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАН ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

Шиелі аудан әкімдігінің аппарат басшысы 

  • Мекен-жайы:Қызылорда облысы,
  • Шиелі кенті, Т.Рысқұлов көшесі № 6
  • Тел/факс 8-724-4-20-39
  • Электрондық пошта:  E-mail:Shieli@korda.gov.kz 

Өмірбаяны

Күлбаев Ғалымжан Қыдырияұлы  1982 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Алмалы ауылында туылған, білімі жоғары 2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің құжаттану және басқаруды құжатпен қамтамасыз ету мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2003 жылы аудан әкімі аппараты жанындағы «Жастарды қолдау орталығы» директоры болып бастаған.

2005-2008 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы;  

2008-2009 жылдары аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің меңгерушісі;

2009-2010 жылдары аудан әкімі аппаратының талдау және өңірлік бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі; 

2010-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас инспекторы; 

2012-2013 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі; 

2013-2015 жылдары аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмысы бөлімінің басшысы; 

2015 жылдың қыркүйек айынан «Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы  қызметін атқарып келеді.  

Отбасылы.

Негізгі міндеттер: 

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілерін, облыс әкімдігі мен аудан әкімдігі қаулыларын және Облыс, аудан әкімдері Шешімдері мен Өкімдерін орындауда жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және орындамағыны үшін тәртіптік жаза қолдану жөнінде құжаттар әзірлеу.

Аудан әкімдігімен аудан әкімінің нормативтік актілерін дайындау.

Аудан әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбек тәртібінің сақтауын бақылау, аудан әкімі аппаратымен Кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының облыс әкімі аппаратымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Аудан әкімдігімен аудан әкімінің құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуде бөлімдердің жұмысын ұйымдастыру және орындалуына бақылау жасау.

Аудан әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру жұмысын ұйымдастыру, аудан әкімі аппаратының аудандық мәслихат пен кент және ауылдық округ әкімдерімен өзара байланыс іс-қимылын қамтамасыз ету.

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Аудан әкмі аппаратының қаржы-шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру.

Азаматтарды қабылдап олардың ұсыныстары мен арыз-шағымдарын қарап олар бойынша тиісті шешімдер қабылдауды ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратында құпиялылық режимінің, құпия іс құжаттардың жүргізілуіне бақылауды ұйымдастырады. Құпия құжаттардың тиісті талаптарға сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді. 

Құрылымы  

Қызметкердің аты-жөні

Қызметі

Байланыс телефоны

Электрондық адрес

1.

Сәрсенбаев Қайратбек Әубәкірұлы

Аудан әкімі

4-22-00

shieli@korda.gov.kz 

2.

Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы

Аудан әкімінің орынбасары

4-13-72

t.zhagypbarov@korda.gov.kz 

3.

Ысмағұлов Болатбек Әбдулхайысұлы

Аудан әкімінің орынбасары

4-23-54

b.ysmagulov@korda.gov.kz

4.

 Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы

Аудан әкімінің орынбасары

4-15-16

a.esmakhanov@korda.gov.kz

5.

 Күлбаев Ғалымжан Қыдырияұлы

Аппарат басшысы

4-20-39

g.kulbayev@korda.gov.kz

6.

 Абенов Жандос Қажымұханұлы

Аудан әкімінің көмекшісі

4-11-37

zh.abenov@korda.gov.kz

Ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімі

7.

Есенбаев Кенжехан Шахизатұлы

Бөлім басшысы

4-28-32

k.esenbayev@korda.gov.kz

8.

Дүйсенов Бекболат Еламанұлы

Бас инспектор

4-40-60

b.duisenov@korda.gov.kz

9.

Есімов Азамат Ғаниұлы

Бас инспектор

4-40-60

a.yessimov@korda.gov.kz

10.

Сейтхасимов Нұрсұлтан Қайратұлы

Бас маман

4-40-60

Персоналды басқару (кадр қызметі) қызметі бөлімі

11.

Ратова Құттықыз Артыққызы

Бөлім басшысы

4-15-77

k.ratova@korda.gov.kz

12.

Омарханова Әсем Айдарханқызы

Бас инспектор

4-15-77 

a.omarkhanova@korda.gov.kz

13

Абитбаева Мереке Оралқызы

Бас маман

4-15-77 

m.abitbaeva@korda.gov.kz

14

Зайн Жұлдыз Бектайқызы

Бас маман

4-15-77

zh.zain@korda.gov.kz

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі

15.

Мұсабекова Айсұлу Манапқызы

Бөлім басшысы

4-30-74

a.mussabekova@korda.gov.kz

16.

 Ранова Айнұр Сәрсембекқызы

Бас инспектор

4-30-74

a.ranova@korda.gov.kz

Мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімі

17.

Мусаханов Турар Баяналиевич 

Бөлім басшысы

4-25-49

 turar.musakhanov@korda.gov.kz

18.

Нурильдаев Жандос Нұрбайұлы

Бас инспектор

4-27-50

zh.nurildaev@korda.gov.kz

19.

 

Бас инспектор

4-27-50

 

Ақпараттық технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және  есеп бөлімі

20.

Кенжесариев Серик Кадрияевич

Бөлім басшысы

4-40-50

s.kenzhessariyev@korda.gov.kz 

21.

Жұмаділ Маратжан Асқарбекұлы

Бас инспектор

4-15-90

m.zhumadil@korda.gov.kz

Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімі

22

Беркінбаев Нұржан Кенжебекұлы

Бөлім басшысы

n.berkimbayev@korda.gov.kz

23.

Әлиев Олжас Мәделханұлы

Бас маман

o.aliyev@korda.gov.kz

ЕРЕЖЕ

 Шиелі ауданы әкімдігінің

                                                                                                         2015 жылғы «3» қарашадағы

                                                                                                         №646 қаулысымен бекітілген

«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық

мемлекеттiк мекемесiнiң Ережесi

 

  1. Жалпы ережелер
  2. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Шиелі ауданы әкiмiнiң қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  3. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ
  4. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  5. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  6. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  7. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  2. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индекс 120700, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кентi, Т.Рысқұлов көшесi, № 6 үй.

«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін (сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).

  1. Мемлекеттiк органның толық атауы - «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
  2. Осы Ереже «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шиелі ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
  2. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,құқықтары мен міндеттері

  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: 

аудан әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.

  1. Негізгі міндеттері:

1) аудан әкімдігі регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) аудан аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1) аудан әкiмiне және әкiмдiгiне есеп беретiн жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасау;

2) аудан әкiмiне және әкiмдiгі мүшелерiне тиiстi мәселелер бойынша ақпарат дайындау;

3) мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастыру;

4) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегi, әкiмдiктiң құрылымдық бөлiмшелерiндегi орындаушылық тәртiптiң жай-күйiне талдау жүргiзу және әкiмге ақпарат беру;

5) облыс әкiмiне және әкiмдiгiне әкiмдiк қаулыларын, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн өзгерту, тоқтата тұру, тоқтату туралы, әкiм және әкiмдiктiң қолданыстағы заңнамаға қайшы актiлерiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;

6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң, облыс әкiмi мен әкiмдiгiнiң, аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

7) әкiмнiң және әкiмдiк актiлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестiлiгiне заңдық сараптама жүргiзу;

8) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк қызметшiлерi мен атқарушы органдарының басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату кезiнде материалдарды рәсiмдейдi, мемлекеттiк қызметтi өткеру, кадрларды iрiктеуге және орналастыруға байланысты мәселелердi шешу, олардың жеке iстерiн жүргiзу;

9) аудан әкімі және әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, аудан әкімі аппараты жанындағы комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету;

10)  жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн және қызметтiк құжаттарды қарау;

11) басшылықтың жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдауын ұйымдастыру;

12) өз құзіреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;

13) аудан әкiмi мен әкiмдiгiнiң қызметiн материалдық-техникалық қамтамасыз етудегi жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру;

14) мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолдану;
15) мемлекеттiк қызметтер көрсету;

16) жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс жұмыстарын ұйымдастыру;

17)   қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға; құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу; қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

2) жеке және заңды тұлғалардың жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;  жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;  заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;  қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;  қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.

  1. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыр
  2. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық   мемлекеттік мекемесіне   басшылықты «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын  Шиелі ауданы әкiмi аппаратының басшысы жүзеге асырады.
  3. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің басшысын Шиелі ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  4. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысының өкілеттігі:

1) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және оған жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындайды;

2) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiндегі iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;

3) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызметiне жалпы басшылық жасау мен үйлестiрудi жүзеге асырады, олар туралы ережелер әзiрлейдi, аппарат бөлiмдерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi;

4) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің қызметкерлері орындауға мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар бередi;

5) әкiмге әкiмдiктің қаулыларының, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын қол қоюға ұсынады;

6) аудан әкiмдiгi қабылдаған қаулылардың, шешiмдер мен өкiмдердiң орындалуын бақылау жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;

7) өз құзыры шегiнде қызметтiк құжаттамаларға қол қояды;

8) «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің  ақшалай қаражатына иелiк етедi, қаржылық құжаттарға қол қояды;

9) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

10) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

11) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

12) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

13) мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттер үшін дербес жауапкершілікте болады;

14) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асырады;

15) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Шиелі ауданы әкiмi аппаратының басшысы басқарады.

Мемлекеттiк органның мүлкi 

  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік  коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе,«Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату 
  1. «Шиелі ауданы әкiмiнiң аппараты»коммуналдық    мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

«Шиелі ауданы әкімінің аппараты» коммуналды мемлекеттік мекемесінде келесі жұмыс тәртібі орнатылған: 09-00 жұмыс басталу уақыты, аяқталуы сағат 19-00, түскі үзіліс сағат 13-00-ден 15-00-ге дейін.

ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Нормативтік база:


Аудан әкімі аппаратындағы жартыжылдығына  құжат

айналымы жайлы мәлімет

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында аудан әкімі аппаратына 4250 хат кіріске алынған, оның ішінде облыс әкімі аппаратынан 2594 құжат, облыстық басқармалар мен жергілікті бөлімдерден 1656 құжат кіріске алынды. Бақылауға алынған құжаттар саны 1490. Аудан әкімі аппаратында әр аптаның жұма күні «Бақылау» күні болып бекітілуіне орай барлық мекеме басшыларына тиісті жоғарғы органдардан келіп түскен тапсырмалардың, азаматтардан келіп түскен өтініштердің мерзімінде орындалуы жөнінде нақты тапсырмалар жүктелген. Шығыс хаттардың үлестік саны -920.

Есепті мерзім ішінде азаматтардан барлығы 149 өтініштер келіп түскен. Былтырғы жылмен салыстырғанда 47 өтінішке кеміген. Өтініштер жауапты бөлімдерге мерзімінде жолдануда. 149-өтінішке жүргізілген талдау бойынша;

Облыс әкімдігінен-23 өтініш;

Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық қаржы полициясы бөлімінен-3 өтініш;

Аудандық прокуратурадан-24

Жергілікті тұрғындарынан-99 өтініш қабылданған.

Оның ішінде 23-і жұмысқа орналасу, 18-і тұрғын үй бөлу, 20-коммуналдық шаруашылық, 28-і жер туралы /мақсатын өзгерту, жеке меншікке беру, жер телімін бөлу/, 17- әлеуметтік -материалдық көмек беру, 3-і мәдениет мәселесі,9 -білім мәселесі  2- кәсіпкерлік, мекеме басшылары мен қызметкерлеріне наразылық-25, 4-і басқа мәселелер. 149-өтініштің 17 қанағаттандырылса, 111-  өтінішке заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілген,21 - өтініштің орындалу мерзімі бар.

Есепті мерзім аралығында бекітілген кестеге сәйкес 170  азамат аудан әкімі, аудан әкімі орынбасарларында түрлі мәселелері бойынша қабылдауда болған. 170 өтініштің  92-і жұмысқа орналасу, 19-і тұрғын үй,  18-ы жер,4-і білім, әлеуметтік көмек мәселесі-31, 6-і басқа мәселелер бойынша.

Аудан әкімі 36, аудан әкімінің орынбасары  А.Есмаханов -95, Б.Ысмағұлов -25,  Т.Жағыпбаров -12  азаматты, аппарат басшысы-2 азаматты мәселелері бойынша қабылдау жүргізген.

170 азаматтың өтініші бойынша жеке тұлғалардың жұмысқа орналасқаны-8, қоғамдық жұмысқа жолданғаны-15, 6-не қаржылай көмек берілсе, басқа да өтініштердің 5-і  ішінара қанағаттандырылған, 127 өтінішке түсіндірме берілген. 9 - өтініштің орындалу мерзімі бар.

Аудан әкімдігінің порталына 15 өтініш түсіп, өтініш иелерінің барлық электронды пошталарына түсіндірме хаттары жолданды. Азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша жауапты орындаушыларға ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» туралы Заңының 7 бабы 6 тармағына сәйкес 3 күн мерзімде орындау үшін жолданған. Жауапты мекеме басшыларына, тіркеуші мамандарына күнделікті мерзімі келген өтініштердің орындалуы жөнінде мәлімет беру ескертіліп отырылады.

Мәлімет үшін.


Басшылардың жеке қабылдауына алдын ала жазылу аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз 
ету бөлімінде мекеменің жұмыс уақытында жүзеге асырылады.

Байланыс телефоны +7(72432) 4-30-74


Қызылорда облысында NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау және орларды әлеуметтік – құқықтық қолдау мақсатында «Самұрық» инновациялық идеялардыдамыту орталығы» қоғамдық қорында 8(7242) 23-02-59«Сенім телефоны» жұмыс жасап келеді.

Сенім телефоны арқылы облыс жастары өздерін толғандырып жүрген сауалдарына орталықтың заңгер, педагог-психолог мамандарынан құқықтық, психологиялық кеңестер алуына және ұсыныс пікірлерін білдіруне болады

Scroll to top