АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА БЖЗҚ байланыс орталығының ..." -- 10 Сәуір 2020
Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге қалай өзгерістер ... -- "Үйден шықпай-ақ өзіңіздің жеке мәліметтеріңізге ..." -- 10 Сәуір 2020
ХАБАРЛАНДЫРУ -- "Сілтеме бойынша әкімдіктің интернет-порталында ..." -- 10 Сәуір 2020
ҮІ шақырылған аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясын шақыру ... -- "Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 52 сессиясы ..." -- 30 Наурыз 2020
ХАБАРЛАМА! -- "Қызылорда облысы, Шиелі ауданы бойынша шаруа ..." -- 30 Наурыз 2020
Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн режимінде беру туралы ... -- "Еңбекминінің қызметтеріне өтінімдерді онлайн ..." -- 20 Наурыз 2020
Республикалық «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік кезеңіне қатысуға ... -- "Қазақстан Республикасының дамуы мен нығаюына ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "2020 жылдың ағашқы айында БЖЗҚ салымшыларына 1,5 ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "Ерікті зейнетақы жарналары – төлеу оңай! БЖЗҚ ..." -- 17 Наурыз 2020
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА -- "БЖЗҚ сұраусыз қалған 675 мың шоттың иелерін тапты ..." -- 17 Наурыз 2020

Шиелі ауданы әкімдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстары туралы

 Мемлекет пен қоғамға қызмет ету – әрбір азамат үшін абыройлы іс.

Қоғамымыздың гүлденуі мен экономикамыздың дамуы жолында мемлекеттік қызметтің қосар үлесі ерекше.

Дегенмен, елдің өсіп-өркендеуіне, мемлекетіміздің дамуына бүгінде кері әсерін тигізіп отырған негізгі бір мәселе бар. Ол – Сыбайлас жемқорлық.

Бұл бағытта ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсем.

 «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына» сәйкес, жыл сайын жоспар бекітілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысы тұрақты түрде өткізіліп, тиісті жұмыстар атқарылып келеді.

Бұл мәселе бойынша аудандық комиссияның отырыстары
2017 жылы 4 рет 2018 жылы 4 рет және 2019 жылдың I тоқсанында 1 рет өткізілді.

Одан өзге, аудан әкімдігінде 2017 жыл бойынша 32, 2018 жыл бойынша 42 аппараттық мәжілістер мен жедел жиналыстар өткізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізу аудандағы мекемелер мен дербес бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне үнемі ескертіліп, хаттамалық тапсырмамен таныстырылып келеді.

Бірлескен мәжіліс қорытындысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында өзекті мәселелер қаралып, аудандық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері есеп берді және тиісті шешімдер қабылданып, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын-алу мақсатында яғни, атап айтқанда, 2017 жылы 31 наурызда облыс бойынша «Парасыз болашаққа бірге!» ұранымен қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп, құрылған мобильді топ аудан көлеміндегі елді мекендер мен еңбек ұжымдарында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығы» және Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2017 жылғы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу, мемлекеттік қызмет заңнамаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарының Жадынамасы туралы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы аталған кәсібилендірілген мемлекеттік аппарат құруға бағытталған шараларды жүзеге асыру бағытында жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Одан өзге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында аудандық «Өскен өңір», аймақтық «Шарайна Сейхун» газеттерінде
62 мақала жарық көрді.

Сондай-ақ, аудан бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру, оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті қалыптастыру бағытында, кент және ауылдық округтерде «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Пара алу да, пара беру де қылмыс» және «Пара беру бас бостандығыңнан және болашағынан айырады!» тақырыптарында 40 дана билборд орналастырылып, Шиелі кентіндегі «М.Шоқай» орталық алаңдағы ЛЭД экран арқылы үнемі видеороликтер көрсетілуде.

Аудан жастарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ», «Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы», «Менің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қосқан үлесім» тақырыбында
9 акция мен эстафеталық жарыстар өткізілді.       

Халық арасында індет аталып кеткен осы сыбайластық дертін жою толықтай жүзеге аспағанымен, оны ауыздықтау, тежеу шаралары жүргізіліп келеді.

   Сонымен қатар, облыс бойынша алғашқы болып қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен және аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралары бойынша аудандық қоғамдық кеңес отырысы,  «Адал жол – честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық марафон өткізілді.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізілген белсенді шараларға қарамастан 2018 жылы 3 мемлекеттік қызметкер сыбайластық әрекеттер жасап, сот үкімімен қылмыстық жазаларға тартылды.  

Олар .Аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон қызметі бөлімшесінің бұрынғы бастығы Ғ.Оңғарбаев, Гигант ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қ.Қалиев,  Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бұрынғы басшысы М.Шоханов.

Сондай-ақ 2019 жылдың 1 тоқсаны бойынша «Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маман-есепшісі болған Мықтыбаев Тұрсынбек Тойғанбайұлы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген лауазымды адам бола тұра қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп, жымқыру мақсатында жалпы сомасы 2 млн 912 мың 586 теңгені иемденіп жымқырып, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтіргені үшін Шиелі аудандық сотының Үкімімен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабының
3-бөлігінің 1, 2 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мемлекеттік мекемелерде есепші қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

  Шиелі ауданы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Шиелі аудандық филиалымен және құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, аудан көлеміндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу бағытында жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба беретін болады.

Видео ақпараттар

Scroll to top