Ақпараттық хабарлама! -- "  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы «Шиелі ..." -- 18 Сәуір 2018
Қызылорда облысы кәсіпкерлері назарына! -- "2018 жылдың 19 сәуірінде «Бизнестің жол картасы ..." -- 18 Сәуір 2018
АЛТЫН ҚҰРСАҚТЫ АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ -- "Әлемнің жарығын сыйлаған аналарға деген құрмет ..." -- 18 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 328,12 теңге -- "Қазақстан қор биржасының қорытындысы бойынша бір ..." -- 17 Сәуір 2018
Қазақстан Сириядағы жағдайға байланысты бейбітшілік пен тұрақтылықты ... -- "Нью-Йоркте Ресей елінің бастамасымен Сириядағы ..." -- 17 Сәуір 2018
Елбасы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовті қабылдады -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық ..." -- 17 Сәуір 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды ел экономикасына тарту жолдары -- "Өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың мәселесі бүгін ..." -- 17 Сәуір 2018
Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ... -- "Кездесуде Қазақстан Президентіне партияның ..." -- 10 Сәуір 2018
Елбасы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады -- "Келер жылы еліміз бойынша 13 мың 500 мұғалім ..." -- 10 Сәуір 2018
KASE қорытындысы: $1 = 319,66 -- "Қазақстан қор биржасының қорытынды сессиясында 1 ..." -- 06 Сәуір 2018

Шиелі ауданында 2018 жылдың 1сәуіріне тіркелген мүгедектер 2352 болса, оның    ішінде  I топтағы- 168,  ІІ топтағы - 808, III топтағы - 911, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар– 465.

2018 жылдың 01 сәуіріне 279 жеке оңалту бағдарламасы даярланып, оның 123 оңалту бағдарламасы немесе 44 пайызы және 2017 жылдың жеке оңалту бағдарламасы бойынша 780 жеке оңалту бағдарламасы орындалды.

Гигиеналық құралдарды сатып алуға республикалық бюджеттен 229 мүгедекке қосымша  құралдарға 14225,0 мың теңге, 371 мүгедекке  24858,0  мың теңге,  жергілікті бюджеттен  26923,0 мың теңге  қаржы қаралып игерілді. Бүгінгі  күнге 518 мүгедек  міндетті гигиеналық және қосымша құралдармен қамтамасыз етілуде.

Аудандық  жұмыспен  қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша  7 мүгедекке бөлмелік  кресло –арба, 1 мүгедек балаға серуендік арба, 4 мүгедекке балдақ, 7 мүгедекке жетек арба, 1 мүгедекке таяқ берілді. 5 мүгедек сурдотехникалық құралдармен  қамтамасыз етілді. Бүгінгі күнге барлық қызмет  түрлері  бойынша  құжаттар қабылданып, е-собес жүйесіне енгізілуде. 

Есепті кезеңге үйде қызмет көрсетілетін  121 жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге және үйде қызмет көрсетілетін  150 мүмкіндігі шектеулі мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілуде.

Облыс орталығындағы мүгедектерге арналған оңалту орталығына  28 мүгедек жіберілді.

 «Думан-Шиелі» күндізгі болу орталығына 140 ардагерге және  25 мүмкіндігі шектеулі балаларға жолдама берілді. Психоневрологиялық интернатқа жүйке ауруымен ауыратын 1 мүгедек жолданды. Облыстық бюджеттен соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне сауықтыруға біржолғы материалдық көмекке 962,0 мың теңге,  1941-1945 жылдары тылда 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл ардагерлеріне 42280,0 мың теңге қаржы бөлінді.

 Жергілікті бюджеттен соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлеріне коммуналдық  төлемдерге  16071,0 мың теңге қаралып, оның ішінде 41 Ауған соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне  2958,2 мың теңге бір жолғы жәрдемақы төленді.

 Отан, Данқ ордендерімен марапатталған, Халық қаһарманы және ҚР-ның т.б құрметті атағына ие болған 5 азаматқа 277,0 мың теңге қаралып, 3 айға 2 ардагерге 36,6 мың теңге төлем жүргізілді.

 Облыстық бюджеттен сүйемелдеу сатысындағы туберкулезбен ауыратын 82 адамға 24819,0 мың теңге қаралып, өтініштері қабылданып, 6245,0 мың теңге әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Сонымен қатар лейкозбен ауыратын  5 балаларға емделуге 1097,0  мың теңге  қаралып, 3 айға 3 балаға 165,0 мың теңге төлем жүргізілді.

Үйден оқытылатын мүгедек балаларға биылға 123 балаға 8129,0 мың теңге қаралып, 125 балаға 2420,0 мың теңге қаржы тағайындалып, төленді. 

Аудан бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге республикалық бюджеттен 205,1 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 179,3 млн. теңге, барлығы 384,4 млн. теңге қаражат қаралды.

2018 жылдың есепті мерзіміне 339 отбасына 1989 мүшесіне 39983,9 мың теңге тағайындалып төленді.

 Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек 38 отбасының 214 мүшесіне  2532,5 мың теңге тағайындалып, одан 38 отбасының   214 мүшесіне 2532,5 мың теңге төленді.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек 339 отбасына 1989 мүшесіне  33188,3 мың теңге тағайындалып төленді.

Аудан бойынша  шартты атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтардан 171 адам тұрақты жұмысқа, 118 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды, әлеуметтік жұмыс орындарына 15, жастар тәжірибесі 3, қайта даярлау курстарына 1, барлығы 308 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.

Тұрғын үй көмегі. Аудан  бюджетінде аз қамтамасыз етілген отбасыларға  тұрғын үй көмегін көрсетуге 18 142,0  мың теңге қаражат қаралды. 2018 жылдың 01 сәуіріне 140  отбасына  728  мүшесіне 2250,6 мың теңге тұрғын үй көмек тағайындалып,  140 отбасына 728 мүшесіне 2250,6 мың теңге төленді.

Видео ақпараттар

Scroll to top