Зейнетақы жүйесіндегі жаңа ... -- "Бірыңғай жинақтаушы ..." -- 16 Тамыз 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының ..." -- 10 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "Қазақстан Республикасы ..." -- 08 Тамыз 2017
Елбасы Түркия Президентімен телефон ... -- "Қазақстан Президенті ..." -- 08 Тамыз 2017
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау ... -- "Бүгін ҚР Премьер-Министрі ..." -- 08 Тамыз 2017
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына 7 айда ... -- "Мемлекет басшысы ..." -- 08 Тамыз 2017
ТЖК жазғы шомылу маусымында ... -- "ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның ..." -- 08 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "2017 жылға мектеп бітірген ..." -- 08 Тамыз 2017
"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта ... -- "Ресейдің "Яндекс.Деньги" ..." -- 17 Маусым 2017
Головкиннің көршісі боксшының ... -- "Жақында Қарағандыда ..." -- 17 Маусым 2017

Өткен аптада Тайландтта өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ауыр атлетикадан жерлесіміз Асылжан Бектай сынға түсіп, қола медальды иеленді. Толағайдың жеңісті сәтін тікелей эфирден тамашалаған жұртшылық қуаныштарын әлеуметтік желілер мен сайттарда бөлісті. 

Бангкоктан ұшып келген Асылжан отбасына бармас бұрын алдымен аудан әкімінің қабылдауында болды. Спортшыны жеңісімен құттықтаған Қайратбек Сәрсенбаев «Қайда жүрсең де шиелілік екеніңді айта жүр. Жұрт Шиеліні сендер арқылы таниды», – деп, ыстық ықыласын білдірді. Содан соң спортшыға сәттілік тілеп, сый-сияпатын ұсынды. Әңгіме барысында аудан әкімі спорт бөлімінің басшысына алдағы уақытта ауыр атлетикадан сайыс өткізуді ұсынды.
77 келі салмақта сынға түскен Асылжан серпе көтеруден 166 келіні, жұлқа көтеруден 140 келіні бағындырды. Осылайша қазақ елінің атын әлемге шығарған спортшы ұлымыз алғашқы үштіктің қатарынан көрінді. Ал, командалық есепте қазақстандық спортшылар 4-ші орынға табан тіреді. Ауыр атлетші Асылжан Бектай енді мамыр айында Шымкент қаласында өтетін республикалық турнирге қатысады. Одан соң жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында бақ сынау үшін Жапонияға жол тартпақ.

Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ

Scroll to top