Зейнетақы жүйесіндегі жаңа ... -- "Бірыңғай жинақтаушы ..." -- 16 Тамыз 2017
Көпшіліктің назарына! -- "Қазақстан Республикасының ..." -- 10 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "Қазақстан Республикасы ..." -- 08 Тамыз 2017
Елбасы Түркия Президентімен телефон ... -- "Қазақстан Президенті ..." -- 08 Тамыз 2017
ҚР Үкіметі биыл бизнесті қолдау ... -- "Бүгін ҚР Премьер-Министрі ..." -- 08 Тамыз 2017
Б.Сағынтаев Мемлекет басшысына 7 айда ... -- "Мемлекет басшысы ..." -- 08 Тамыз 2017
ТЖК жазғы шомылу маусымында ... -- "ҚР ІІМ ТЖ комитеті мен оның ..." -- 08 Тамыз 2017
Хабарландыру -- "2017 жылға мектеп бітірген ..." -- 08 Тамыз 2017
"Яндекс" Назарбаевтың криптовалюта ... -- "Ресейдің "Яндекс.Деньги" ..." -- 17 Маусым 2017
Головкиннің көршісі боксшының ... -- "Жақында Қарағандыда ..." -- 17 Маусым 2017

Бірнеше уақыттан бері орталық базар ішінде «Шиелі жұмыртқасы» деген жазуды көріп жүргенімізге көп болды. Халықты өз өңірімізде өндірілген сапалы, әрі қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуіміз керек, – деген еді Елбасы. Өңірімізде сондай өндірістің жаңа технологиясымен жұмыс жасап тұрған құс фермасы жайында көптен бері айтылып жүрген болатын. Осы орайда, кенде қалған кәсіптің керегесін кеңейтіп, ішкі өнімнің сапасын арттырып, өзгеге тәуелділікті азайтуды мақсат тұтқан мұраты асқақ жергілікті кәсіпкер Насыр Мырзабеков өткен жылы құс шаруашылығын дамыту мақсатында 130 млн. теңге қаражатқа құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жұмыртқа бағытындағы құс фермасын іске қосқан болатын. Іскер азаматтың жұмысын білу мақсатында құс фермасында болдық.

Бұған дейін облыс бойынша құс шаруашылығын қолға алған бірде бір кәсіпкер болмаған. Ауданымыздағы бұл құс фермасы облыстағы тұңғыш өндіріс орны. Соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған құс шаруашылығы негізінен жұмыртқа өндіреді.
2016 жылдың желтоқсан айында 12 мың бас жұмыртқа бағытындағы балапандар әкелінді. Бұйыртса, жылына 3,5 млн. дана жұмыртқа өндірілетін болады деп күтілуде. Қазіргі таңда фермада 5 адам жұмыс жасайды. Таңертеңнен бастап, тауықтардың жем-шөптерін дайындап, оларға қосатын витаминдерін әзірлеп, күнделікті екі мезгіл тамақтандырады. Жалпы, құс шаруашылығы – демалуды, қараусыз қалдыруды кешiрмейтiн сала. Себебi, құстардың жағдайын үзiлiссiз қадағалап, жем-шөптерін уақытында беріп отыр­маса, олардың ауырып қалуы демде.
Негiзiнен тауық жұмыртқасының сапасын анықтайтын ең маңызды шарттардың бiрi – оның құрамы. Жұмыртқаның құрамында тиамин, рибофлавин, пантотен және фолий қышқылы, В12 дәруменi, биотин, Д дәруменi, Е дәруменi және фосфор тәрiздi көптеген қоректiк заттектер бар. Ғалымдардың болжауынша, тауық жұмыртқасы жүрек-қантамырлары жүйесi ауруларының дамуын болдырмайды.
Құс азығында тек табиғи қоректiк заттар пайдаланылуы тиiс, яғни жемге түрлi дәрумендер қосылады. Атап айтар болсақ, бидай, жүгері, соя мен шемішкенің сығындысы, май, ас тұзы, ас содасы, ракушка, лизин, мизин секілді витаминдерді өз мөлшерімен қосып, араластыру керек. Мұның барлығы жұмыртқаның өзiндiк құнына әсер етедi, – дейді кәсіпкер Насыр бізбен әңгімесінде. Сондай-ақ, алдағы уақытта ет бағытындағы құс өсіруді жоспарлап отырған кәсіпкер қандай тауар алсақ та, отандық өндірушілердің өнімдеріне таңдау жасау керектігін халыққа түсіндіруіміз қажет екенін айтып өтті. Себебі жергілікті халық әлі де болса, өз өнімімізді тұтынуды білмейді. Сырттан келген өнімге жүгіреді. Ал, сырттан келетін жұмыртқаға 5-6 теңге қосылады.
Президент «Қазақстанда жасалған» науқанын іске қосуды, сауда желілерінде қазақстандық тауарлардың пайда болуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. «Қазақстанда жасалған» акциясын қолға алу мәселесі көпшілікті елең еткізіп, қызығушылық тудырғаны рас. Ол өз кезегінде отандық кәсіпкерлерді қолдауға, өз өнімдерімізді тұтынуға үндейді. Осыған байланысты біздің де халқымызға өз өніміміз тұрғанда өзгенікін қайтеміз дегенді әлі де нақтылау керек. Жалпы құс өсіру жауапкершілігі көп жұмыс.

– Көп ойландым, жұрт кәсіп бастау, кәсіппен айналысу оңай шаруа деп ойлайды. Шындығында, бұл істің бәрінің артында еңбек тұр. Құстарды күтіп-баптау үшін Оңтүстік Қазақстан, Кентау, Тараз қалаларында болып, сол жақтағы кәсіпкерлермен ақылдастым. Солардың көмегімен арнайы семинарларға қатыстым. Білмегенімді үйретті. Дамыған елдерде әрбір тұрғынға 500-1000 тауықтан келеді екен. Мәселен, біздің ауданымыз үшін халық санына шаққанда күніне 4000 жұмыртқа керек екен. Қазір біз күнделікті 10000-ның үстінде жұмыртқа өндіреміз. Базарға күніне 5000 жұмыртқа сатылуда, – дейді кәсіпкер.
Құс шаруашылығы – мал шаруашылығының ең тез жетілетін, әрі тиімді саласының бірі. Саланың өркендеуіне тиісті жағдайлар жасалса, аса қысқа уақыттың ішінде салынған инвестицияны қайтаруға болады. Бір сөзбен айтқанда, құс өсіру – табыс көзі. Осы орайда, өз өніміміз жайлы халықтың пікірін сұраған едік.

Гүлбану Айдүйсенова, аудан тұрғыны:
– Шиеліден жұмыртқа шығып жатқаны жайлы естігінде қуанғандардың қатарынан мен де табылдым. Өз басым отандық тауар өндірушілерді қолдаймын. Ал бағасы мен сапасына кейде көңілім толады, кейде толмайды. Бірақ бәрі бірден жақсы болып кетпейді ғой. Бірте-бірте отандық өнімдеріміздің сапасы да жақсара түсетініне сенімдімін. Әр азамат патриот болуы керек деп есептеймін. Өз жерімізден өндіріліп жатқан өнімнің өзгенікінен еш кемшілігі жоқ.

Азиз Сейтов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
– Отандық өнімдерге толықтай көңілім толады және оларды тұтынамын. Соның ішінде өзіміздің жергілікті кәсіпкерлердің қолынан шыққан өнімдерге өте мән беремін. Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында кәсіпкерлікті қолдау қажет екендігін баса айтып, осы бағыттағы жұмыстарға аса мән беруде. Біз тек өзіміз ғана емес, айналамыздағы адамдарды да отандық өнімдерді тұтынуға шақыруымыз керек. Тұтынып отырған отандық өнімдердің жоғарғы деңгейде дайындалғанына көзің жеткенде көңіліңе қуаныш ұялайды. Әрине, бұл – біздің жергілікті өнім. Жергілікті сауда орындарындағы отандық өнімдердің артуы бұл қазақстандық өнім өндірушілердің де жоғарғы дәрежеге жеткендігінің белгісі деп білемін.

Түйін: Сөз соңында айтарымыз, мемлекетіміз отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырған болатын. Еліміз өркендесін, тұрмысымыз жақсара түссін десек, жапондар секілді отандық тауарлар өндірісі мен оны тұтынуға мән берейік дегіміз келеді.

Айнұр НАЗАРОВА

Scroll to top