eGov-тың 30 қызметін ЭЦҚ-сыз алуға болады -- "Электрондық үкімет порталында ұялы телефон ..." -- 20 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің ішкі істер министрімен ... -- "Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд ..." -- 19 Қазан 2017
Үкімет басшысы Б.Сағынтаев Қырғызстан делегациясымен өткен ... -- "ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ..." -- 19 Қазан 2017
Бақытжан Сағынтаев Қырғызстан Премьер-министрі Сапар Исаковпен ... -- "Қырғызстанның Премьер-министрі үлкен делегациямен ..." -- 19 Қазан 2017
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУҒА ЖОЛ АШАДЫ -- "Латын әліпбиіне көшуді қолдау мақсатында ..." -- 16 Қазан 2017
БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға ... -- "  Қазақстандықтардың көпшілігі ..." -- 12 Қазан 2017
Мемлекет басшысы Сочиде ТМД-ға мүше мемлекеттер кеңесінің отырысына ... -- "Сочиде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан ..." -- 11 Қазан 2017
Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мемлекет басшысынан сөгіс алды -- "Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан ..." -- 11 Қазан 2017
Сенаторлар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында ұстап беру туралы заң ... -- "Сенат депутаттары Қазақстан мен Сауд Арабиясы ..." -- 11 Қазан 2017
Елбасы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының ... -- "  Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы ..." -- 09 Қазан 2017

БЖЗҚ-да Ашық есік күні өтті 

Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 29 қыркүйекте, жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалында «Зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі» тақырыбында Ашық есік күні өтті.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында белсенді түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай жұмыстар барысында зейнетақы төлемдеріне қатысты сұрақтардың барлығы да қамтылады. Қазақстандықтар, мұндай шараларға қатыса отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, оларды алуға кімнің құқығы бар екендігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алудың ерекшеліктері, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі туралы және басқа да көптеген сұрақтар бойынша толыққанды мағлұматтар алды.

Ашық есік күні бағдарламасы аясында «Зейнетақы жинақтарын төлеу» тақырыбында таныстырылым өткізілді. Онда елімізде зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға қатысты маңызды мағлұматтар жария етілді. Шараға қатысушыларға ағымдағы жағдайға сәйкес кесте бойынша төлемдер туралы толық ақпарат берілді.   

Шараға қатысушылардың барлығы белгіленген кесте бойынша кімдердің зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар екендігі, зейнетақы төлемдерінің жыл сайынғы сомасы қалай есептелетіндігі, ерікті зейнетақы жарналары есебінен кімдердің зейнетақы төлемдерін ала алатындығы, шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы жинақтарын төлеу тәртібі, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру барысында қандай салық салынатындығы, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару мүмкіндіктері туралы жан-жақты мағлұматтар алды.

БЖЗҚ Қызылорда облысы филиалының қызметкерлері тұрғындарға таяу уақытта енгізілетін жаңа өзгерістер жайында да хабардар етті. Егер қазір зейнетақы төлемдері алушының таңдауы бойынша белгіленген кестеге сәйкес ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын төленетін болса, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері тек ай сайын ғана жүзеге асырылатын болады.  

«Бұл норма зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру, оның ішінде бюджет қаражаты және зейнетақы жинақтары есебінен төленетін жиынтық зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Басқа сөзбен айтқанда құрметті демалысқа шыққан зейнеткер мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебінен төленетін төлемдерді ай сайын алатын болады. Келешекте ортақ зейнетақы біртіндеп азайып, кейін мүлдем тоқтатылатындықтан, мұндай төлемдердің салымшы үшін ай сайынғы табыс көзіне айналатындығы сөзсіз. Ал ай сайынғы төлемдер мөлшерінің қандай болатындығы салымшының өзіне байланысты. Осылайша, бүгінде еңбек етіп жүрген жандар үшін міндетті зейнетақы аударымдары өте маңызды мәселеге айналмақ. Тағы бір айта кететін жәйт, ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерінің мерзімділігі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді», - деді Қызылорда облысы филиалының директордын орынбасары Сарсенбаев Алмас.      

Егер алушылардың зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен (374 940 теңге) аспаған жағдайда, аталған сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет төленетіндігін айта кеткен жөн.

Таныстырылымнан кейін барлық қатысушылар БЖЗҚ мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алу және жеке кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күні шараларын тұрақты негізде өткізіп тұрады. Өйткені бұл күні осы шараға қатысушылар Қордың көрсетілетін қызметтерін алып қана қоймай, зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі туралы қажетті мағлұматтарды да ала алады.    

Тек аталмыш шараға 253 адам қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді: «Мен жеке өзіме қатысты жағдай бойынша толыққанды жауап алдым, - деді ол, - әрине, БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады. Менің зейнеткерлікке шығуыма әлі бірнеше жыл бар. Бірақ зейнетақының қандай болатындығы туралы қазірден ойлау керектігін түсіндім».      

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

                                           

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

                                                                                    

Видео ақпараттар

Scroll to top